Quantcast
Channel: Тәрбие сағаты - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all 337 articles
Browse latest View live

Келіңдер, кітап оқиық!

$
0
0

 Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы

О.Шораяқұлы атындағы № 30 орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі  Токшылыкова Замзагул

Тәрбие сағаты

 

Тақырыбы: Келіңдер, кітап оқиық!

 Мақсаты: оқушыларды оқулықты құрметтей білуге, кітапты ұқыпты  ұстауға баулу, оқушылардың кітапқа деген   сүйіспеншілігін арттыру.

Көрнекіліг суреттер, кітаптар, нақыл сөздер,кітапшалар

Барысы:

І. Кіріспе.

Көрініс.

«Әжесі мен немересі.»Немересінің әжесіне оқыған жұмбағы.

1.«Жұмбақ шешу.

Тілі бар да, үні жоқ,                           Жүрегі бар, қаны жоқ,

Өзін адам түсінген.                            Сөйлей туған ішінен.          (Кітап)

ІІ. Негізгі бөлім.

Тәрбие сағатының тақырыбы: Келіңдер, кітап оқиық!

  1. Ассосиация әдісі. «Кітап» сөзіне.

3.Көрініс. «Бала мен жолбарыс. »

Бала қозы,лақтарын бағып жүреді. Төлдерін жайып жіберіп, қойнынан кітабын алып, оқи бастайды.Бір бөлтірік келіп, баланың қолындағы кітапқа көзі түседі.

 Жолбарыс:Алдыңдағы не?

Бала: Кітап.

Жолбарыс: Қайдан алдың?Қайдан пайда болған нәрсе?

Бала: Бұл ағаштан істеледі.

Жолбарыс: Е, оңай нәрсе екен. Мен қазір орманнан ағаш алып келейін.

Міне ,ағаш әкелдім, енді бұл қалай кітап болады?

Бала: Алдымен адам орманнан ағаш кеседі. Оны фабрикаға апарады.

Жолбарыс: Сонда кітап бола ма?

Бала: Фабрика ол ағаштан қағаз жасап шығарады.

Жолбарыс. Сосын дайын бола ма?

Бала: Содан соң оған авторлар жазады, суреттер салады.

Жолбарыс: Кітап дайын бола ма?

Бала: Баспаханаға жазулар мен суреттерді басып, кітап етіп шығарады.

Жолбарыс: Енді дайын бола ма?

Бала: Иә, кітап дайын болады. Оны жұмысшылар машина, пойызға тиеп, керекті жерлерге таратады. Сонда оқуға болады.

Жолбарыс: Қой, менің қолымнан келмейді екен. Одан да өз жолымммен кетейін.

  1. Кітап қалай жасалады? Оқушылар таратылып берген суреттерді ретімен орналастырукерек.Суретпен жұмыс.Әңгімелеу.

5.Ән: Кітап туралы ән.

6.Кітап туралы өлеңдер оқиық.

1-оқушы.                                                                    2-оқушы

Оқулықты мектебің,                                Оқулығың құралың,

Берер саған теп-тегін.                               Жағар білім шырағын.

Білмейсің-ау сен бірақ,                             Баса алмайсың ешқашан,

 Қаншама еңбек кеткенін.                          Онсыз алға бір адым.

3-оқушы                                                                      4-оқушы

Оқулықты құрметте,                                Адамның досы-кітап,өмір кілті.

Күтіп ұста кірлетпе.                                Тең келмес оған жиған дүние-мүлкі

Кішілерге табыс ет,                                  Ақылшы,жанға серік жол бастаушы,

Дақ түсірмей бір бетке.                          Асыл ой, қазынасы, өмір көркі

5-оқушы                                                                 6-оқушы

Тұрады басын құрап әріп неден,            Кітапты оқымайды сыйламаған,

Басталған білім басы әліппеден.            Білімге жанан жанып қинамаған.

Қарасақ шалқар теңіз, түпсіз мұхит,      Өсірген кімнің болсын ой-өрісін,

Оқысақ кітап сырын ашып неден.           Сол кітап бек ақылшы күнде маған.

 7-оқушы                                                                        8-оқушы

Түлекті тәрбиелер кітап-мектеп,              Кітаптар- бейне  жапырақ,

Өседі сол кітаптан бұтақ көктеп.              Жырлайтын сырын өмірдің.

Молайтып ақылыңды сан еселеп,             Оқисың кейден жаттап,

Береді білім нәрін кітап көптеп.               Көтеріп күйін көңілдің.

9-оқушы                                                                  10-оқушы

Айдын шалқар кейде бір,                        Кетпейді ешбір жадымнан,

Кітапты тұнған көл дерсің.                     Мектепке бардық күз айы.

Ауадай қажет бейне бір,                          Тастамай сені жанымнан,

Таппасаң нәрін шөлдерсің.                     Қолтықтап жүрдім ұдайы.

11-оқушы                                                                    12-оқушы.

Досарға толы маңайым,                              Ұсынған қойнынан,

Татулық тәтті бәрінен.                                 Білімнің үлесін.

Ерекше сені санаймын,                                Шықпайды ойыңнан,

Құшақтап жүрмін әлі мен.                           Досың ғой білесің.

                                                                         Бұл не? Бұл-кітап.

13-оқушы

Еліміз де атақты,

Ғалым ата не тапты?

Бәрін, бәрін білесің,

Оқи берсең кітапты.                                      

7.Көрініс. «Оқулықтар мұңы»

(Оқушыға қашқан екі оқулық кездеседі)

Оқушы: Оқулықтар неге осыншама түрлерің жаман, өздерің қашып келе жатқанға ұқсайсыңдар ғой?

Оқулық: - Ия, ауырып тұрмыз, жараланбаған жеріміз қалған жоқ. Әрең қашып құтылдық.

Оқушы:  - Ия, жағдайларың белгілі болып тұр. Сендер салақ, ұқыпсыз оқушыға түскенсіңдер, содан ол қалай болса солай ұстаған.

Оқулық: - Ия, сол оқушыдан қашып келе жатырмыз.Енді бізді отқа салғаны ғана қалды.

Оқушы: -Жүріңдер, мен сендерді «Кітап емханасына» апарайын.(Кітап дәрігеріне келеді.)

Оқушы:- Мен сізге оқушыдан қашып келе жатқан оқулықтарды алып келдім.Екеуі де қатты ауырып тұр.

Дәрігер: -Кел, «Ана тілі» тыңдап көрейін. Сенің бірінші диагнозың:Су тиген, су тиген соң кітаптардың беттері қобырайып тез сынғыш болып келеді.Екін-

ші диагнозың: Кір қолмен ұстаған.Кір, майдың іздері түскен,беттерді бүкте-

ген. «Математика» оқулығы, кел, сені де көрейін.Сенің 1-диагнозың: Сенімен қолшоқпарға ұқсатып,қатты заттарды ұрған, содан кітаптың сыртқы мұқабасы сынып кеткен де, түбі түсіп, беттері бөлек шашылып қалған.

2-диагнозың: Беттерді шимайлаған, белгі соққан, содан кітаптың ұсқыны кеткен.

  Енді мен сендерді иелеріңе жібермеймін, емханада жатып емделесіңдер.

8.Оқушылармен пікірталас.Кітапты қалай ұстау керек деп ойлайсыңдар?

  1. Кітап ұстау ережесін құрастырайық.

Кітап ұстау ережесі

Кітапты жатпай оқы

Көп оқысаң сөзбайлығың көбейеді

Түсініксіз жерді бірнеше рет оқы

Кітапты таза   

      ұста

Кітап сыртын  

       қапта

Кітаппен қоса газет-журналға жазыл.

Ас ішіп оты- рып оқыма

Керекті сөз –дерді жазып,

пайдалан

Кітапты күнде оқуға дағдылан

Кітап шетін бүктеме

Кітапқа жазба

Кітап бетін жыртпа


10.Кітап туралы нақыл сөздер, пікірлер.

  1. Кітап-ең әділ,ең шыншыл, ең сенімді досың.
  2. Кітап-асып-таспайтын адал досымыз.
  3. Жақсы кітапты алғаш оқығанда жаңа дос тапқандай боласың.
  4. Кітап оқудан тыйылған адам ойлаудан да тыйылады.
  5. Білім біздің шамшырағымыз, кітап біздің ұстазымыз.
  6. Кітап-ақылды қуаттандыратын құрал.
  7. Өмірде ең жақсы кеңесші – кітап.
  8. Кітап-ғылым, тілсіз мұғалім.
  9. Жақсы кітап – жан азығы.
  10. Оқу жабдығы- кітап.
  11. Білім сандығы - кітап.
  12. Кітаптың бағасы арзан,

Іші толған маржан.                   

  1. Кітапханашы апайға сөз беру.

Кітапханашы Мира апайға сөз беріледі.

Қойылатын сұрақтар.

1.Не себепті кітапханашы болдыңыз?

2.Кітапханашы болған ұнай ма?

3.Балалар қандай кітапты көп оқиды?

4.Кітапханаға кітапты кім береді?

5.Нешінші сынып оқушылары көп келеді?

ІІІ.Қорытынды.

12.Көрініс.»Жақсылардың жақсысы.»

 13.Оқушыларды кітап бұрышымен таныстыру.

1.Оқымай білім жұқпас,

Білімсізден өнер шықпас.

2.Кітапты жастан оқы.

3.Бөбектерім, оқы, ойна,                         Кітабыңның шетін жыртып,

  Оқу-білім саған пайда.                         Сияменен бояп қойма.

Оқы талмай,түй санаңа, жас бөбек,

Сыр құямын, жыр құямын бойыңа.

Таза ұстап, оқы мені қастерле,

 Бар білімді мен егемін санаңа.

  1. Хор: «Кітап туралы ән.»

Жай бөлшектер АШЫҚ САБАҚ

$
0
0

Сабақ тақырыбы: Жай бөлшектер

Сабақ мақсаты:

Білімділік:    Оқушыларға жай бөлшек,үлес.алымы,бөлімі туралы түсінік беру,оларды  

                      оқи және жаза білуге үйрету;

Дамытушылық:Сабақты өмірмен  байланыстыра отырыпоқушылардың танымдық

                       қызығушылығын арттыру;

Тәрбиелік:     Сабақта алған білімдерін есеп шығаруда пайдалана білуге, нақты жауап             

                       беруге тәрбиелеу , оқушылардың бойында өзіндік әрекет ету мәдениетін   

                       қалыптастыру.

Сабақ көрнекілігі:презентация «Жай бөлшектер»,плакаттар .

Сабақ әдісі: түсіндіру,жұптық ж\е жеке жұмыс.

Сабақ түрі:жаңа сабақ

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру

      Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру,бүгінгі сабақтың тақырыбымен таныстыру.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

   Өтілген  «ЕҮОБ және ЕКОЕ» тақырыбы бойынша оқушылардың алған білімде-рін,дайындықтарын тексеру.

ІІІ.Жаңа сабақ

(Дайындық тапсырмасы.Оқушыларға сұрақ қою.)

                 

ТОЛЫҚ ЖҮКТЕУ

Внимание! У Вас нет прав для просмотра скрытого текста.

Жай бөлшектер АШЫҚ САБАҚ

$
0
0

Сабақ тақырыбы: Жай бөлшектер

Сабақ мақсаты:

Білімділік:    Оқушыларға жай бөлшек,үлес.алымы,бөлімі туралы түсінік беру,оларды  

                      оқи және жаза білуге үйрету;

Дамытушылық:Сабақты өмірмен  байланыстыра отырыпоқушылардың танымдық

                       қызығушылығын арттыру;

Тәрбиелік:     Сабақта алған білімдерін есеп шығаруда пайдалана білуге, нақты жауап             

                       беруге тәрбиелеу , оқушылардың бойында өзіндік әрекет ету мәдениетін   

                       қалыптастыру.

Сабақ көрнекілігі:презентация «Жай бөлшектер»,плакаттар .

Сабақ әдісі: түсіндіру,жұптық ж\е жеке жұмыс.

Сабақ түрі:жаңа сабақ

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру

      Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру,бүгінгі сабақтың тақырыбымен таныстыру.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

   Өтілген  «ЕҮОБ және ЕКОЕ» тақырыбы бойынша оқушылардың алған білімде-рін,дайындықтарын тексеру.

ІІІ.Жаңа сабақ

(Дайындық тапсырмасы.Оқушыларға сұрақ қою.)

                 

ТОЛЫҚ ЖҮКТЕУ

Внимание! У Вас нет прав для просмотра скрытого текста.

« Жеке бас гигиенасы , қызым саған айтам» , «Қатыгездік пен зорлық зомбылықсыз балалық шақ» сырласу сынып сағаты

$
0
0

« Жеке бас гигиенасы , қызым саған айтам» , «Қатыгездік пен зорлық зомбылықсыз балалық шақ» сырласу   сынып сағаты

Мақсаты: Қыз балалар   бойында  әдеп  пен сыйластық, тазалық  пен адамгершілік мәдениетін қалыптастыру.Оқушыларға зорлық зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның ең жаман қасиеті екенін айту. Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса оқушыларға адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы үйрету. Зорлық –зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін түсіндіру. Жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бамауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау.

Жоспар

1.Қазіргі қыздар

2.Жас кыз болашақ ана .

3.Жас қыздар тәрбиесі.

4.Жеке бас гигиенасы

5.Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы.

 

« ҰЛТЫҢДЫ  САҚТАЙМЫН  ДЕСЕҢ – ҚЫЗЫҢДЫ ТӘРБИЕЛЕ,
РУЫҢДЫ  САҚТАЙМЫН  ДЕСЕҢ – ҰЛЫҢДЫ  ТӘРБИЕЛЕ »  осы бір нақыл сөзде  қаншама  мағана  бар  десеңші.
Ия,  ертеде  ата-бабаларымыз  әлемдегі  сұлулықтың  көркем  үлгісін  ару  қыздың  тал бойынан  көруді  көксеген. Қазақ  қауымында  қыз  баланың орны  айрықша болған. Ата-бабаларымыз  қызды  қонақ  деп есептеп, барған  жерде  бағының ашылуына  үйде  отырып  қамдаған. Барынша  ізетті, сыпайы,  мейірімді  де  ісмер, қылықты  да  қырмызы  болуын  үнемі  қадағалап  отырған және еркін  ұстаған, бірақ  тым  еркінсітпеген. 
«Қыз  мінезді  келсін,  ұл өнерлі келсін» деген оймен, қыз тәрбиесіне  аса  көңіл бөлген.

Сіздердің ойларынша қазақ  қыздары  қандай  болу керек ?  

Қазіргі  қыздардың  тәрбиесіне  көңіліңіз  тола  ма?
Алайда бүгінгі таңда  көптеген  ата-аналарға  қарап  отырып,  жағаңды  ұстайсың. 
Қыздарының  белі  бесіктен шықтай  жатып, ашық-шашық  киіндіріп  сән қудырып, мектеп табалдырығын  аттағаннан-ақ  сәнқой  болып  шыға келеді. 
-Осылай  өсірген  қыздарымыз, ертеңгі  күні  қандай  ана болмақ? Дегенмен көптеген  қыздар   өздеріне  сән  етіп, осы  кіндік  тұсын  ашып  жүруді  сәнге айналдырған. Сонымен  қатар  арақ  ішіп, темекі тартуы- бұл  үлкен   қасірет. 
-Қазақ  қыздарының  ішкі  жан дүниесінің  сұлулығына,  мәдениеттілігіне әдептілігіне  өзге жұрттар  таңдай  қағып  қарап  өздеріне  үлгі  етер  күн  қашан туады екен? 
Сонымен  қатар, бүгінгі  таңда   заман  өзгерді ме, әлде адам  өзгерді  ме? 
Ағамыздың  алдында  мазақ, жұрттың  алдында  күлкі,  ана  мен  әкені  жерге қаратқаннан  басқа  қайраны  болмады. 
- Жалаңаш  денемен  біз кімді  таңғалдырмақпыз ? 
-Ашық  жеңсіз  жейделер мен қысқа  юбкалар  қыздардың  абыройын  қалай сақтамақ? 
Қазіргі қыздар, бұрымды  шашын  жұлынды шашқа  айналдырған. 
Қиылған  қара  қастары  көріксіз  күйге  енген. 

-Ал  жігіттерге  сондай  қыздар  ұнайды  ма?                                                              
Бүгінгі  таңда  заман  өзгеріп,  өркениетке  қадам  бассақ  та, ұлттық   қасиетімізді 

жоғалтпаған   қыздарымызда    көп. Ия,  көпке  топырақ  шашудан  аулақпыз. Дүниедегі асыл атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен жаралады емес пе?! Ал  бүгінгі  қыз ертең  сүйікті жар, аяулы ана  екенін  естен шығармағанымыз  абзал.

 

Жеке бас гигиенасын және қоғамдық гигиенаны сақтау

      Гигиена грек сөзі - Gugieinos – емдеу, денсаулық әкеледі деген мағына береді, профилактика деген ұғым. Адам ағзасына айналаны қоршаған сыртқы орта факторлары мен әлеуметтік жағдайларының тигізетін әсерін зерттейтін медициналық ғылым. Медицина ғылымдарының өте көрнекті салаларының бірі.
Гигиена - аурулардың алдын алуға және денсаулық сақтауды қорғайды. Денсаулыққа зиян келтіретін азық түрлерін жойып жіберуге гигиенистер ат салысады. Денсаулыққа зиян келтіретін факторлардың болмауын гигиена ғылымы қатаң бақылау жасап отырады. Практикада қолданатын нақтылы тәсілдері болады. Осының бәрі адамның денсаулығын арттыруға қолданылады. 
Сонымен гигиена ғылымының негізгі көздеген мақсаты - адамдардың айналасын қоршаған сыртқы орта факторларын сауықтыру арқылы бірінші денсаулық сақтаудың профилактикасын өткізу. Бір сөзбен айтқанда адамзат баласына залал келтіретін факторлардан адамзат баласын қорғау. Жалпы гигиена, еңбек гигиенасы, оқушы жастар гигиенасы, тағам гигиенасы, әйелдер гигиенасы болып бірнешеге бөлінеді. Әркімнің өздерінің алдына қойған мақсаттары бар. . Жұқпалы ауруларды таратпай алдын алу мақсаттарымен қаптап кететін жұқпалы дерттерге қарсы медициналық әдістер мен шараларды кең көлемде қолданады. Алдыңғы қатардағы шараларды іс жүзіне асырып эпидемияға қарсы күресті үдете түседі.. Арақ - шарап ішу, темекі шегу, наркотикалық заттар мен әурелену, токсикоманиямен айналысу ерекше етек алады. 
      Дене тазалығы дегеніміз – алдымен тері күтімі. Терінің дұрыс күтімі ағзаның қалыпты қызмет атқаруына әсер етеді. Тері алуан түрлі физиологиялық - биологиялық функцияны орындайды. Терінің құрылысы өте күрделі. 
Жұмыс жасап, күнделікті тұрмысты шаруамен айналысқан шақта адам терісін кір шалады. Адам терлесе кір теріге жабысып қалып, терінің тыныс алуын қиындатады. Өйткені тері бездері бітеліп қалады. Осыдан барып теріде өтетін физиологиялық - биохимиялық үрдістердің қызметі мүлдем бұзылады. Бітелген май бездеріне жұқпалы ауру тарататын микробтардың енуі фолликулитті туындатады. Микробтар әсерінен терінің бетіндегі органикалық заттар ыдырап, жағымсыз иісті май қышқылы бөлінеді және тері қабынуы – дерматит дерті дамиды. Басқадай іріңді тері аурулары пайда болады. Тәуліктік тері гигиенасы үшін неше түрлі тәсілдер қолданады. Олардың ішінде теріні тазалықта ұстау үшін денені иісі жақсы сабынмен сабындап жуу керек. Оны дағдыға айналдырған жөн. Аптасына бір рет моншаға барып жуыну, душқа шайыну керек. Ал, жиірек кір шалатын бет, қол, мойын қосымша күтім жасауды қажет етеді. Қол кірлегенде оның терісінде неше түрлі жұқпалы ауру тарататын микробтар көбейедіты жағдайда тұрады. Аяқты аптасына кемінде бір рет, әсіресе жаз айларында күнде жуып тұруды дәрігерлер ұсынады. Аяқ терлейтін болса, түнге қарай терден құтылу үшін суық сумен аяқты жуып, табанды, саусақ арасын аптасына екі рет 5% формалин ерітіндісі сіңген мақтамен сүрту керек. Қол, қолтық асты және дененің басқа бір бөліктері терлесе, дезодарант қолдану керек. Орыс буламысы, фин саунасы, жапон офуросы, сэнтосы ағзаға өте пайдалы. Моншаға түскеннен кейін адам өте жақсы дем алып сергіп қалады, жақсы ұйықтайды. Жұмысқа деген ынта жігері арта түседі. Монша гигиенаны жақсы өткізеді. Денені сауықтырады. Сібірде тұратын орыс халқы моншаға түсіп, ал буда отырғанда қайың, емен жапырақтарынан жасалған сыпыртқылармен сабаланып, содан кейін моншадан жүгіріп шығып қалың қарға аунайды. Сонда дене жақсы шынығып, денсаулық артады. 
          Шаш күтімі. Адамның шашы ерекше жаралған табиғат көрінісі. Адамның сұлулығы шашқа байланысты. Әсіресе әйел адамдардың байлығы мен сұлулығы, олардың шашы. Ешқандай зергерлік заттар адам шашын айырбастай алмайды. Сондықтан да шаш өте ұқыпты түрде күтуді қажет етеді. Шаш қорғаныс рөлін атқарады. 
Адам шашы бірнеше жыл бойы өсуін тоқтатпайды. Әйел адамдардың күніне 50 тал шашы түсіп, 50 тал шашы өсіп шығып отырады. Адам басындағы шаштың саны әр адамда әр қилы болады. Орта есеппен алғанда адам басында 140 000 тал шаш болады. Қара түсті шаш баста 100 000-дай. Шаштың жақсы өсуі үшін оны үнемі жақсы күтіп, май жағып отыру қажет. Крем жағып қойғанда дұрыс. Ол шашты қоректік затпен қамтамасыз етеді. Шашты жиі-жиі жуып отырудың қажеті жоқ. Шашқа ауру пайда болады. Ұзын құрғақ шашты 3 апта сайын жуған дұрыс. Ұзын майлы шашты 7-14 күн өткеннен кейін жуған жөн.

           Тырнақтың күтімі. Аяқ және қол саусақтарының тырнақтарын өсірмей үнемі алып тастаған жөн. Кейбір кездерде газет-журналдарда жасанды тырнақ өсіреміз деген хабарландыру жүреді. Тырнақ қандай жағдайда болмасын күтімді қажет етеді. Тырнақ алу гигиенаның ең бір басты міндеті. Бір аптада тырнақ 0,5 мм өседі. Жаз айларында тырнақ қыс айларына қарағанда тез өседі. Сондықтан да апта сайын тырнақты алып отыру керек. Ұзын болып өскен тырнақтың астына ауру тарататын микробтар көп шоғырланады. Ондай тырнақ денсаулықты нығайтпайды. Тіпті микроскопиялық саңырауқұлақтар өсуі сөзсіз. Үлкен тырнақ өте сынғыш келеді. 
          Тіс және ауыз гигиенасы. Адамның тісі оның негізгі мәшинесі. Өйткені қандай тамақ болсын тіспен шайнап жейді. Тісі жоқ адамның сөзі дұрыс болмайды. Тіс адамның бет әлпетінің сұлулығын қамтамасыз етеді. Тісі түсіп қалу, тісті ауыз қуысының гигиенасын сақтамағандықтан болады. Сондықтан да тіс пен ауыз қуысын ерекше күтімге алған жөн. Тіс және ауыз қуысы күтіміне мына төмендегілер жатады: 
1. Белгілі бір дағды бойынша тіс ысқышты пайдаланып, тісті үнемі тазартып отырған жөн. Тіс щеткасының пайдалануға қолайлы болғаны дұрыс. Синтетикалық материалдардан жасалған щеткаларды 3-4 айда ауыстырып отырыңдар; 
2. Қызыл иікті де қолмен ысқылап, ерінбей массажды үнемі жасап отырған дұрыс; 
3. Тісті төменнен жоғары немесе керісінше тіс тазалаған жөн. Тіс тазалау мерзімі 3-4 минуттан аспауы керек. 
4. Тіс тәулігіне екі рет тазартылуы тиіс (таңертең және ұйықтар алдында). Ауыздан жағымсыз иістер шығып тұруы мүмкін. Оны кетіру үшін марганцовканың оның әлсіз ерітіндісімен шайған жақсы нәтиже береді; 
5. Тіс щеткаларын сабындап таза сумен мұқият түрде жуып, спиртпен дезинфекциялаған жаман болмайды. . 
6. Тісті тазартқаннан кейін ауызды эликсирмен шайыңдар. Міне тіс күтімі осындай деңгейде жүру керек. 
             Киім – кешек және аяқ киім тазалығы. Адамның барлық денесі, киім – кешегі, аяқ киімі өте келісімді болуы тиіс. Алдымен аяқ киімге көңіл бөлу қажет. Аяқ киімнің әдемі жаңа, киюге өте қолайлы болып, аяқты қыспау керек. Биік өкшелі аяқ киімді киюдің қажеті жоқ. Сол сияқты кроссовкаларды жалпы киюге болмайды. Ол аяқты бұзады, бірнеше аяқ дерттерін аяққа туғызады. Өйткені барлық кроссовкалар синтетикалық материалдан жасалады. Киім жыл мезгіліне және ауа райына сай киілуі керек. Әсіресе балалардың киіміне ерекше көңіл аударған жөн. Тар киім киген қыздардың денесінде «Джинсовый дерматит» деген дерт үнемі тар джинсы киіп жүргендіктен пайда болады. Жұмыс киімдері өте кең болуы керек..

« Анаға  қарап  қыз  өсер »                                                                    

    Әрбір адам - өмірге келген қонақ. Өмір өте мәнді мағыналы, мазмұнды  өту үшін “қамшының  сабындай  ғана  қысқа  өмірде ” адамдардың  бір-бірімен сыйластықта  болғанына  не  жетсін

“Қазір және осы жерде ”;  Теңдік және  ынтымақтастық;                                                                           Топта болған жағдай, дәл осы жерде қалу керек,сыртқа айтпау.Тренингке қатысушы белсенді болу керек;Серіктестігіңіздің  жеке тұлғасын емес  іс-әрекетін сынға алыңыз;Пікірлер нақты, қозғалып отырған мәселеге байланысты болу керек.

Қызға 40 үйден тыйым

Қаракөздеріміз   бұрымды   шашымен, инабатты  мінезімен, ақылдығымен, кіршіксіз  арымен  әрқашан  басқалардан  ерекшелене  білсе  екен  деймін. Заманның   талабы  өзгерсе де,  бойындағы   ұяндық    нұрын   сөндірмей,  қазақ  қызына  тән  болмысын  бұзбайтын  қыз  бала  тәрбиелеуде  кеш  қалмайық! 

«Қатыгездік пен зорлық зомбылықсыз балалық шақ»

Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы» делінген. Ол тән азабын шектірген зорлық және жан азабын шектірген зорлық болып екіге бөлінеді.
Тән азабын шектірген зорлық – адамның ағзасына тікелей әсер ету, ұрып-соғу, денесіне зақым келтіру т.б.
Жан азабын шектірген зорлық – жәбірленушінің қарсылық көрсетуіне, өз құқықтары мен мүдделерін қорғауына деген ерік-жігерін жасыту үшін қорқыту, адамның психикасына әсер ету.

   Қорытынды: Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. (Н.Ә.Назарбаев) - деп елбасымыздың сөзімен қорытындылай келе Сөз соңында мынандай тілекпен аяқтағым келеді. Қыздарымыз мінсіз , асыл ана ,адал жар болса екен

«ХХІ ғасыр нақты- ғылымдар ғасыры»

$
0
0

          «ХХІ ғасыр нақты- ғылымдар ғасыры»

МИФ апталығының ашылу салтанаты.

Тақырыбы: ХХІ ғасыр нақты- ғылымдар ғасыры 
Мақсаты: 

  • Математика, информатика және физика сабақтарында және сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру;

Апталықтың міндеттері:

  • Оқушылардың нақты ғылымдардың XXI- ғасырда алатын орынын бағалауына, білімге деген қажеттілікті саналы түрде түсінуіне  жол ашу;
  • Әр баланың өз қабілетін таныта біліп,одан әрі дамуына жағдай туғызу;
  • Пән мұғалімдерінің шығармашылығын шыңдау және озат тәжірибені тарату;

Алибаева Роза апай сөзі. (теледидарды қосады)

Жүргізуші:  Азамат

Бүгінгі ғылым мен техниканың қарқынды дамып, еліміздің экономикасы өсіп, үкімет үдемелі индустрияландырудың керемет жобаларын жүзеге асырып отырған кезеңде оқушылардың математика мен физика пәндерінен  біліміне, компьютерлік сауаттылық деңгейіне  қойылатын талап та жоғары.

Жүргізуші: Эльвира

Болашақта білімді ұрпақ керек, ал білім кілті – барлық нақты ғылымдардың негізін меңгеруде . Себебі математикалық білімі мықты, компьютерлік сауаттылығы жоғары әрі ойлау қабілеті дамыған бала ғана ғылым мен техника тілін табысты меңгере алады.

Жүргізуші:  Азамат

         Осыған байланысты Алматы қаласы Жетісу ауданы Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейінде 26 қаңтардан 31 қаңтар аралығында математика, физика, информатика апталығы өткелі жатыр.

Жүргізуші: Эльвира

Олай болса сөз кезегін осы мекемедегі өтетін апталықтың жайын білуге кеткен тілшіміз Ерсұлтанға береміз. Ерсұлтан сөз кезегі өзінде.

Тілші: Ерсұлтан

         Рахмет Эльвира!

Армысыздар құрметті көрермендер. Міне өздеріңіз көріп тұрғандай Сүйінбай атындағы №143 мектеп-лицейіне келіп те қалдым. Апталықтың болғалы жатқан жаңалықтарымен таныс болайық. (мектепке кіреді)

Мектепте апталыққа дайындық қызу жүргізіліп жатыр екен. (дайындықты түсіру). Апталықтың тақырыбы қабырғаға ілулі тұр екен «ХХІ ғасыр нақты-ғылымдар ғасыры». Оның астында математика, физика, информатика пәндеріне байланысты қабырға газеттері ілініп жатыр. Енді осыған байланысты мұғалімдерден сөз алайық.

Қапсаланова Ш.

Омарова Б (тілек айтады)

Тілші: Ерсұлтан

Рахмет! Мында да бір қызығатын жұмыстар  жасалынып жатқан секілді. Барып көрейік. Керемет, мында оқушы бұрышы ұйымдастырылыпты. Соны сұрастырып білейік. Кешіріңіздер, бұл бұрыштың ұйымдастырудағы мақсаттарыңыз қандай? Өзіңізді таныстырып жіберсеңіз?

Райхан апай сөйлейді.

Тілші: Ерсұлтан

Айта берсек қызық дүниелер көп екен. Осы апталықтың жақсы да қызықты өтетініне сеніміміз мол. Тұрлығазин Ерсұлтан КТК арнасы үшін.

 Жүргізуші:  Азамат

Рахмет Ерсұлтан. Енді осы апталықтың жоспары да қолымызға келіп түсті таныс болайық.

Жүргізуші: Эльвира

Дүйсенбі: 5-6 сыныптар арасында «Ұшқыр ойлы топ»  Математикадан топтық  жарыс сабақ өтеді.

Жүргізуші:  Азамат

Сейсенбі 9,10 сыныптар «ХХІ ғасыр көшбасшысы»  интеллектуалдық ойын ұйымдастырылады.

Жүргізуші: Эльвира

Бейсенбі: 8 сыныптар аралығында  «Миллион кімге бұйырады?» информатика пәні бойынша сайыс өтпекші.

Жүргізуші:  Азамат

Жұма: 7 сыныптар арасында  «Қызықты физика» жарысы өтеді.

Жүргізуші: Эльвира

Сонымен қатар әр мұғалімнің ашық сабақтар, семинарлар өтіледі.

Жүргізуші:  Азамат

Сенбі күні апталықтың жабылу салтанаты өткізіледі. Сол кезде кездескенше сау саламатта болыңыздар.

Роза апай пультпен теледидарды өшіреді.

Ал енді оқушылардың шағын ғана өнерін тамашалайық!

Математика:

Мектепке келдім, ұстазды көрдім,
Жазу, сызу мен санау үйрендім.
Сан менен өрнек,  теңдеу  мен бөлшек,
Сырына оның, үңіліп көрсек.
Сенсіз дүкенге бара алмаймыз,
Сенсіз үйлерді сала алмаймыз.
Сенсіз уақытты біле алмаймыз.
Сенсіз тарихты жаза алмаймыз

Информатика:

Ұстаз да, шәкірт те бас иетін,
Компьютер, бар сенің қасиетің.
Бір емес бірнеше іс атқарасың,
Жалғыз өзің, мыңның ісін атқарасың.
Ақпарат, ақпараттық әрекетті.
Жүзеге асырасың, бас ұрасың
Интернет желісін жүктейсің де,
Әлемдік жүйеге сен енесің
Өмірдің тулап жатқан толқынында.
Өзіңді өзгелермен бір көресің
Ақапарт, ақпараттық әрекетті.
Жүзеге асырасың, бас ұрасың.

 

  Физика:

Әлемдік тартылыс,
Күшін сен сыйладың
Ауырлық, үйкеліс,
Күшін сен сыйладың
Сыйладың сен маған,
Тұрақты сандарды.
Ом менен Ньютонның
Әр түрлі заңдарын
Электр қуатын сыйладың сен маған,
Жасанды көз нұрын сыйладың сен маған.
Сенсіз бұл өмірде жүру де жоқ маған.
Сенсіз бұл өмірді сүру де жоқ маған

Бірлестік жетекшісі: Капсаланова Шолпан сөйлейді.

 

Дайындаған:

Бірлестік жетекшісі: Капсаланова Шолпан

№143 Сүйінбай Аронұлы атындағы мектеп-лицей

ӨМІРДЕГІ КЕРЕМЕТТІҢ БӘРІ ҰСТАЗДАН

$
0
0

Павлодар облысы Ақсу қаласы

Жаяу Мұса колледжі

Арнайы пәндер оқытушысы

Кожанова Жазира Ерсайынқызы

Колледж директоры

Хайргельдин Зада Асқарұлы

 

ТАҚЫРЫБЫ: «ӨМІРДЕГІ КЕРЕМЕТТІҢ БӘРІ ҰСТАЗДАН»                                        

«Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы – мұғалім.

Еліміздің азғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін

 алты алаштың баласы бас қосса,

қадірлі орын - мұғалімдердікі»,- деген

 қазақтың кемеңгер ақыны  М. Жұмабаев.

 

                  Ертеңгі күннің бүгінгіден гөрі жарқынырақ болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге  ғана тән. Демек, қай елдің болсын өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы білім саласының даму бағытына  тікелей байланысты.

         Елбасымыз  Н.Ә. Назарбаев: «Еліміздің  ертеңі бүгінгі  жас ұрпақтың  қолында, ал   жас ұрпақтың  тағдыры  ұстаздардың  қолында»,- дегені бәрімізге мәлім. Еліміз өркениетті  елдер  қатарынан  орын алып, ұрпағымыз  қоғам  қажеттілігіне  сай   болып  жатса, бұл -  ұстаздар еңбегінің  жемісі. Олай  дейтінім,  ақын  мен батырды да, алып пен дананы да ұстаздар  тәрбиелейді.  Мұғалімі  қандай  болса, қоғамы да  сондай  болмақ  делінген  бұлжымас  заңдылық  ерте  уақыттардың  өзінде–ақ  белгілі  болды.  Адамзат өркениетінің  даму  тарихында  жақсы  мектебі мен  мұғалімдері  бар  мемлекет  ғана  алға  озып  шыққан.                                       Мектептегі білім мен тәрбие оқушыларды халқымыздың бай мәдениеті  негізінде  тәрбиелеп,  ғылым  негіздерін  игертіп,  ой - өрісі кең, шығармашыл,іске  әрқашан  әзір,  салауатты  азамат  қалыптастыруды  қажет  етеді.  Жедел жаңару немесе халықаралық тілмен айтқанда, модернизация – мемлекеттің жаңа жағдайға сай дамуы мен өркендеуіне себепші кешенді іс-шаралардың жүйесі.

         Бүгінгі оқушылар –  еліміздің ертеңгі болашағы. Қырандар түлегін қияға самғатып баулитыны белгілі. Мен  еңбек ететін  «Руыңды қорғаймын десең, ұлыңды тәрбиеле, ұлтыңды қорғаймын десең, қызыңды тәрбиеле» деген даналықты ту етіп ұстап, ақыл-парасатқа ие қазақ қыздарын шаңырағына  шоғырландырған  қаламыздағы       қазақ қыздар гимназиясы – киелі білім ордасы. Жиырма жылдық тарихы бар білім мен тәрбие ұясынан қаншама талапты шәкірт қияға қанат қақты?! 

          Білім мен тәрбиенің бұтақ жайған бәйтерегіндей болған қазақ қыздар гимназиясында жеке тұлғаның қалыптасуына, оның жан-жақты үйлесімді дамуына, салауаттылық,  құзіреттілік деген адами құндылықтарды оқушы бойына сіңіруге ат салысудамыз.                                                                                                                       Ж. Аймауытов: «Мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен, ашылған саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне, білімділердің көздейтін түпкі мақсаты – осы. Мектеп осы бағытта баланың келешекте жетілуіне мықты негіз салуы керек»,- деген.

          Бүгінгі күні бүкіл дүние жүзілік білім беру тәжірибесіне жүгінетін болсақ, жылдам қарқынмен оқыту үрдісінің сапалы да жемісті жолы аудиториялық сабақтардың көлемін тиімді қысқарту арқылы студенттердің өздік жұмыстарына уақытты көбірек беріп, олардың шығармашылық қабілетінің өсуіне әсері жоқ оқу пәндерін барынша азайту. Және де оқу жылының барысындағы студенттердің еңбек санының дұрыс бөлінуіне ерекше көңіл бөлу, себебі семестрдегі жүйесіз берілген өзіндік жұмыстар сессия кезіндегі «үлгермеушілікке» және білім сапасының төмендеуіне әкеліп соғады. Жоғары оқу орындарында студенттердің өздік жұмыстарының қарапайым және қолайлы түрі – коллоквиумдар болып саналады, ол белгілі бір тақырыптағы баяндама немесе деректі мәселені талқыға салатын ғылыми жиналыс түрінде ұйымдастырылуы мүмкін. Бұған мұғалімдердің де шығармашылық әдіс-амалдары қажет. Мысалы, студенттердің жазған «мазмұндамасын», жасаған «семестрлік, курстық жұмыстарын» әдеттегідей қабылдай салмай, әр-түрлі ғылыми пікірталас ұйымдастыру арқылы қабылдаған әлдеқайда тиімді. Ынтымақтастық жайында, адамгершілік қарым-қатынасын тәрбиелеу туралы, әрқайсысын белсенді іс-әрекетке тарту жөнінде сөз қозғау бекер. Тек адамгершілік, тілектестік өзара көмек пен ынталандырушылық жағдайында студенттер өздерін іштей еркін сезінеді, педагогикалық ықпалына қарай белсенділік танытады, батылырақ сөйлейді. Студенттер бәрінен бұрын талап қойғыш және әділетті педагогтарды ұнатады және бағалайды. Алайда бәрін бірдей емес, өзінің қаталдығын, талап ете білетіндігін адамгершілік, жаны ашығандық, жігерлендіргіштік және көмек берушілік жағдайында танытатын ұстаздарды сыйлайды
         Ұлағатты ұлылықты бала жүрегіне сіңіріп, дарындылықты дамытатын ұстазға тән қасиет: іскерлік, жаңашылдық, келешекті болжай білуге ұмтылу.

Қазіргі таңда әрбір мұғалім дана халқымыздың: «Ең жоғарғы сый – көңілмен сыйлау, ең жоғарғы тәрбие – сөзбен тәрбиелеу, ең жоғарғы қуаныш – рухани қуаныш. Әлемде оны ештеңемен ауыстыруға болмайды»,- деген  ұлы сөзін   өмірлік ұстаным ету қажет тәрізді. Өйткені, мектеп – білім ордасы болса, ұстаз – оның тұлғасы, ал шәкірт - өмір жалғасы.

         Қанаттанып жатқан қазағымның жарқын болашағын болжап, намыс оты шоқ болып жүрегіңе түскенде рухты сезімнің құшағында қалады екенсің. Бүгінгі таңда алтын шырақ – білімдінің қолында. Өшпейтін өмірдің өзегі іспетті ұрпақ тәрбиешісі – Ұстаз жаққан от ешқашан сөнбейді.

Музыка барлық дертке ем

$
0
0

Павлодар облысы Ақсу қаласы

Жаяу Мұса колледжі

Арнайы пәндер оқытушысы

Кожанова Жазира Ерсайынқызы

Колледж директоры

Хайргельдин Зада Асқарұлы

 

Музыка барлық дертке ем


         Музыканың адам өміріндегі мәні ерекше. ”Ән жоқ жерде адам тірлігі де жоқ” деп Ю. Фучек өте тауып айтқан. Музыка адамды шаттыққа бөлеп, мұң - зарын сейілткен. Музыканың әсер - ықпалының күштілігі соншалық, ол адамдардың мінез - құлқы мен салт - дәстүрін де өзгерте алады екен. Сөзіміз дәлелді болу үшін қытайлық музыка зерттеушісі Сыма Цяньның мына пікірін еске алайық: ”Дүниеге келген адам баласы өміршең рухты, жүрек пен сананы еншілей туады. Ал, қайғы мен шаттық, ашу мен қуаныш болса, туа бітетін қасиеттер емес, мұның бәрі де сыртқы әсерге деген адам сезімінің өзгеруі ғана, әрі - беріден соң сезімді қалыптастыратын да сол сыртқы әсерлер. Содан да болар, баяу да бойлауық, зарлы да сарнауық әуен бел алған ортада халықтың санамен сарғайып, мұңға батқаны; егер ерке де еркін, жайдары да жеңіл, иірім - қайырымы алабұрта елпілдеген әуен бел алса, онда халықтың шат - шадыман ғұмыр кешкені; егер қатқыл да қаһарлы, бастауы жігерлі, қоштауы асқақ, қайырмасы кең орамды әуен бел алса, онда халықтың өзіне - өзі сенімді де табанды болғаны; егер қоңыржай да ашық, орнықты да қалыпты, байсалды да шыншыл әуен бел алса, онда халықтың сыпайы да ізетшіл болғаны; егер шалқар да шалқымалы, жүрекке жылы, жанға жайлы әуен бел алса, онда халықтың мейірім мен махаббатқа бөленгені; ал егер жабайылардың әндері сияқты шегіне жете бүлініп - бұрмаланған, жанығып – жан ұшырған, ырду - дырду әуен бел алса, онда халықтың бұзылғандық пен бейбастақтыққа белшесінен батқаны”. Сөйтіп, Сыма Цянь халықтың музыкасы арқылы олардың ішкі және сыртқы тіршіліктерін аңғарып, анықтауға болатынын айтады.

         Музыка дегеніміз — сырлы да сиқырлы дыбыс. Ал, дыбыс – табиғат. Табиғатсыз тіршілік жоқ болса, дыбыссыз музыка жоқ. Әуен көптеген сансыз дыбыстан құралады. Табиғаттан пайда болған жаңбыр, дауыл, жел үні, су сылдыры, құстардың әні, аңдардың үні мен қимылы, жан - жануарлардың боздауы, кісінеуі т. б. дыбыстарға еліктеуден әуен құралады. Мысалы, талантты сазгер Нұрғиса Тілендиевтің ”Құстар қайтып барады” әнінің ырғағына бір сәт құлақ түріп, зейін қоя тыңдаңызшы. Құлаққа құстардың қиқуы келіп, ол үн жүрегіңді баурап, көңілді мұң шалмай ма?!

         Халқымыздың білгір сазгері, академик Ахмет Жұбанов музыка жайлы: «Қазақ халқының талантты күйшілерінің күйлерінде құлаққа әрең естілетін шөптің сыбдыры, кең далада келе жатқан жалғыз жолаушының әні, аспанда қалықтап жүрген қайсар бүркіттің қанатының суылы бар......» - деп ерекше тебірене жазыпты.

         Жақсы ән мен сазды музыка – жан азығы. Әсем ырғақты, жан тербетер ән, сазды музыка тыңдаған адамның жүрегі жай тауып, рахат сезімге, ерекше қуанышты күйге бөленеді. Солардың арқасында қан айналу, зат алмасу процесі жақсарады. Музыка көңілді көтереді, қайғыны жеңілдетеді, бойды сергітеді, жанға жайлы эмоция тудырады.
Ежелгі гректер музыка мен медицинаны қосып, оған қамқоршы етіп бір Құдайды — Аполлонды беріпті. Музыканың адам денсаулығына, көңіл - күйіне әсер ететіні жайлы мәліметтерді ұлы дәрігер Эскулаптың, ежелгі грек математигі‚ философы Пифагордың, философтар Аристотель мен Платонның еңбектерінен табуға болады. Музыка ырғағы күш - қуат беріп, көңіл - күйді көтеретінін әскери мамандар да ертеден мойындаған.

         «Музыка армияның жігерін екі – үш еселендіреді» деп орыс армиясының белгілі қолбасшысы А. В. Суворов дәл айтқан.

Қытай мен Грекияда музыканың емдік қасиеті жайлы ертеде ақ белгілі болып, ол біздің дәуірімізге музыкатерапия немесе вакалотерапия ретінде жетіп отыр. Музыканың дыбысына, ырғағына байланысты адам организмі әрқалай әсер алады. Сондықтан, оны кейбір жүйке ауруларын емдеуге, олардың алдын алу мақсатында пайдаланатыны белгілі. Мысалы, әсерлі музыка эндокринді бездер қызметін едәуір жақсартады да, гормондар бөліну күшейе түседі. Музыка ас қорыту тізбегіне де жағымды әсер етеді. Музыканың адамға әсері оның қандай аспапта орындалуына байланысты. Мысалы, сыбызғы үні қан айналымына, жүрек тамырларына пайдалы әсер етсе, скрипка мен фортепиано адамның жанын жай таптырып, жүйкесін тынықтырады екен.

         Ал, қазақтың екі шекті музыкалық аспабы қоңыр домбыраның күмбірлеген үні, киелі қылқобыздың жүрек елжіретер сырлы сазы қалай сізді бей - жай қалдыра алады?
Музыкатерапия қазіргі кездері невроздар мен неврастения секілді ауруларды емдеу мақсатында, шаршап, ұйқы қашқан кезде жүйкені тыныштандыратын ем ретінде пайдаланылып жүр. Музыкатерапия гипертониялық, жүректің ишемиялық аурулары мен нейроциркуляторлық дистония сырқатын емдеуде де қолдау тапты. Ғалымдар музыканың тіршілікке қандай пайдасы барын анықтау үшін бірде мынадай тәжірибе жасаған. Гүл өсірілген плантацияның бірінде үнемі жанға жайлы сазды музыка ойнап тұрған да, ал екінші бір плантациядағы гүлдер музыкасыз жай тәсілмен өсірілген. Тәжірибенің қорытындысында ғалымдар музыка ырғағымен өскен гүлдердің жақсы да әсем болып өскенін анықтаған.
Тағы бір тәжірибе музыка сазымен сауылған сиыр сүтті әдеттегіден көбірек бере бастайтынын дәлелдеді. Өз ұлтымыздың да музыка мен сазды әуенге байланысты неше бір аңыздары бар. Солардың бірі — ботасынан айырылып, көздерінен жас сорғалап боздап тұрған аруанаға сырлы сыбызғымен ән ойнағанда жаңағы түйе боздағанын тыйып, бойы босаңсып, иіген екен. Міне, әннің құдіреті! Осы келтірілген мысалдардан - ақ музыканы тек адам ғана емес, бүкіл табиғат ұнатады екен, ол бәріне қажет екен. Зейін қойып, зер салсаңыз, табиғаттың әрбір құбылысы, әрбір суреті таңғажайып саз, музыка емес пе? Мәселен, ағаш жапырағының сыбдыры, бұлақ суының сылдырай аққаны, құстардың үні, шегірткенің шырылы, араның ызыңы, көбелектің көлбей ұшуы… Сезіне, түсіне білген адамға бәрі әуен, бәрі музыка.
Табиғат аясында бірер сағат болудың өзі адамға бір аптаға қуат, күш - жігер беретіні сондықтан. Мысалы, жұмыстан шаршап келгенде 15 - 20 минут жанға жайлы жеңіл музыка тыңдасаңыз, жаныңыз сергіп сала беретінін, күш - қуат аз уақыттың өзінде қалпына оралатынын байқайсыз. Жігерлі, екпінді де шабытты музыка адамдарға жігер қосып, ерлікке бастайтыны белгілі. Мысал үшін өзіміздің елдің әнұранын (мемлекеттік гимнді) алайық. Ол ойнағанда бойыңда елге деген, халқыңа деген ерекше ұлттық сезім пайда болып, сол елдің азаматы екеніңді ерекше мақтаныш тұтатындай күш пайда болмайды емес пе?
Сазды да сырлы музыка, әсіресе, жасөспірімдер мен жас балалар үшін қажет - ақ. Музыка олардың орталық нерв жүйесіне, яғни, жүйкесіне әсер етіп, ой - өрісін жетілдіреді, рухани дүниелерін байытады, сезімталдыққа, нәзіктікке, қайырымдылыққа тәрбиелейді.
Расында да, музыка – адамды ерекше рахатқа бөлейтін ұлы күш. Ән - әуен адам сезімін баурап алып, жанға жайлы, мол эмоциялық сәттер туғызады. Тартымды да мәнді музыка – дертке де шипа.

 

Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл

$
0
0

Павлодар облысы Ақсу қаласы

Жаяу Мұса колледжі

Арнайы пәндер оқытушысы

Кожанова Жазира Ерсайынқызы

Колледж директоры

Хайргельдин Зада Асқарұлы

 

 

Сынып сағатының тақырыбы: «Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл»

Өткізілетін күні:

Уақыты:

Мақсаты: Қазақ хандығының дербес мемлекет ретінде құрылуына негіз болған хандар мен тарихи оқиғалар туралы нақты түсінік беру. Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру, Отаншылдық, бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу.

 

1 жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар! Бүгінгі «Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл» атты сынып сағатымызды бастаймыз.

2 жүргізуші: Здраствуйте уважаемые преподаватели, студенты а также гости. Сегодняшний классный час посвященный «550 летию образования казахского ханства» считается открытым.

                                                  (ҚР Гимні орындалады.)

(Қазақ биі хореорафиялық номер )

 1 жүргізуші: Биылғы жылдың еліміздің тарихындағы, халқымыздың тағдырындағы алатын орны ерекше. Биыл біздің мемлекетіміздің, яғни Қазақ хандығының құрылғанына  550 жыл толып отыр.

2 жүргізуші: 2015 году будет отмечаться 550-летие образования Казахского ханства. Об исторически важном моменте - возникновении Казахского ханства и первых ханах Жанибеке и Керее.

1 жүргізуші: Қазақ халқының түрлі мемлекеттік бірлестіктерге бытырап, саяси бөлшектенуін жоюға әрекет жасау Жошы ұрпақтары Керей мен Жәнібектің үлесіне тиді.

2 жүргізуші: В 1459 г. султаны Керей и Жанибек откочевали с подчиненными им племенами из государства кочевых узбеков хана Абулхаира и обосновались на территории нынешнего Западного Семиречья, открыв тем самым первую страницу истории Казахстана как государства. 
Благодаря откочевке ханов Жанибека и Керея сформировалось современное название казахской народности, с конца XV века появился термин «қазақ» (казах).

(видеоролик)

1 жүргізуші: Рухы мен тілін жанындай сүйген,

Адамдар неге санаулы?

Ұлт үшін дәуір отына күйген,

Аталар болды алаулы.

Армандай асқар,

Жолдарға бастар,

Ісіңнен ұрпақ от алар.

Қалмайсың көштен,

Шықпайсың естен,

Тағдыры шыншыл аталар.

Қазақ жеріндегі саяси бытыраңқылық әсіресе Әбілқайырдың билігі тұсында өзінің шарықтау шегіне жетті.

Көрініс: (Сұлтандар кеңесі)

(Керей сұлтан мен Жәнібек сұлтан сұхбат құруда, үйге бір топ ақсүйектер кіреді)

  • Ассалаумағалейкум, ағалар.
  • Уағалейкумсалам, төрлетіңіздер.

Ақсүйектер басшысы: Біз бір маңызды мәселемен келіп тұрмыз. Елді бей берекетсіздік басып алды. Хан екем соғыстарды үдетіп, салықты көбейтті. Әскери дайындықсыз, батырларды құдалау негізінде ойраттардан жеңілгені өздеріңізге мәлім. Бөлінетін кез келмеді ме екен?

Жәнібек: Ия,сөздеріңіз рас, ханның қаһарына жергілікті сұлтандар мен қарапайым халық та ілігіп отыр. Өз алдымызға ел болатын күн келді.

Керей: Бар қазақты біріктіретін уақыт келгенін халық та түсінді, соңымыздан ереді деп сенемін.

Жәнібек: Елімізді сақтау үшін туған жерден жырақтауымызға тура келеді. Моғол ханы Есен Бұға туысымыз дулаттардың көмегімен хан тағына отырды. Бірақ бауыры Жүніс Темір әулетімен одақтасып, ағасына қарсы шығуда. Есен Бұға інісіне қарсы одақтас іздеуде. Сонда жол тартсақ қайтеді.?

Керей: Ия, көшсек көшейік. Сол жаққа көшіп барып, Ұлы жүзбен бірігейік.

Сұлтандар: Біз дайынбыз бастаңыздар көшті. Біз сіздермен біргеміз.

Жәнібек: Кереке, ұзақ жолға шыққалы тұрмыз. Өзінің бір бата беріңіз.

Керей: Жолыңды Алла қолдасын,

Жаманшылық болмасын.

Кетілмесін тұлпарыңның тұяғы,

Қайырылмасын сұңқарыңның қияғы.

Барған жерде құшақ жая қарсы алсын,

Жақсы адамдар, жайсаң жандар зиялы.

Жалпақ емес, жақсы жермен танысқын

Алла жебеп ұшқан құспен жарысқын.

Көңілің шат, ат көлігің арымай,

Отбасыңнан аман есен табысқан. Әумин.

1 жүргізуші: Ия, сонымен Керей мен Жәнібек бастаған 200 мың адам Жетісуға бет алды. 1465 – 1466 жылдары Керей мен Жәнібектің Батыс Жетісуды құтты мекен етіп, Шудағы Қозыбасыдағы қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, Орда құруы ең алдымен, көшпелі қазақтардың ел болып, еңсе көтерсек деген ынта үмітін жүзеге асырды.  

2 жүргізуші.  Формирование Казахского ханства происходило в период правления ханов Жанибека и Керея, укрепление - во время Касым хана, «собирателя казахских земель» Для любого казаха государство является символом независимости. На данный момент Казахстан получил признание во всем мире. Понятие независимости и государственности находятся в одном ряду. Каждый казахстанец должен гордиться тем, что у нас многовековая история.
2 жүргізуші.  Екіншіден, суы мол, топырағы құнарлы, жер жаннаты Жетісу жері қалың қазақтың мақтанышына айналды.

Ғасырдың құрдасы,

Ақындар жырлаған,

Көненің сырласы

Тарихты тыңдаған.

Шежіре шертеді,

Көшесі, әр тасы,

Ғажайып ертеңі,

Жетісу алқасы.  

     (Ансамбль «Көш керуен»)

1 жүргізуші: Осымен біздің «Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл» атты сынып сағатымызды соңына жетті, назар аударғаныңыздарға көптен көп рахмет.

2 жүргізуші: На этом наш классный час посвященный «550 летию образования казахского ханства» подошел к концу. Спасибо за внимания.


«Күйшілер сайысы» байқауының сценариі.

$
0
0

Павлодар облысы Ақсу қаласы

Жаяу Мұса колледжі

Арнайы пәндер оқытушысы

Абдраманов Серік Мэлсұлы

Колледж директоры

Хайргельдин Зада Асқарұлы

 

 

«Күйшілер сайысы» байқауының сценариі.

 

Жүргізуші: К – 22 тобының оқушысы Мукажанов Аблай

Қатысушылар: К- 31, К – 32, К-41, К- 42 топтары.

 

Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ұстаздар мен оқушылар! Және де әділ қазылар алқасы. Бүгін сіздердің алдарыңызға «Күйшілер сайысы» байқауын өткізгелі жатырмыз. Ата бабаларымыздан келе жатқан атақты күйшілеріміз өз өнерлерін ортаға салады. Күй әлемі – адамзат мәдениетінің байлығы ішіндегі мұхиттай шексіз, ғажайып дүние. Күй адамның асқақ, асыл ойлары, арман мақсаты, ізгі тілектері, қуанышы, қайғы қасіреті мен әр түрлі сезім иірімдері бейнеленеді. Күй адамның  жан дүниесіне тигізетін әсері орасан, сондықтан оны шынайы ықыласпен қабылдау арқылы ғана түсінуге болады.

Жүргізуші: Бүгінгі күй сайысын бастамас бұрын әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

  1. Домбыра пәнінің оқытушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген күйшісі Жакипова Бағира Мұсабекқызы.
  2. Пән комиссиясының төрайымы Никишина Людмила Валентиновна
  3. Домбыра пәнінің оқытушысы Куспанова Айнур Ержановна

 

Бірінші болып байқауымызды ашатын, күй атасы –  Құрманғазы.   

       Дүние астаң – кестең айран бәрі:

       әлі де шабақтаймыз қайрандағы.

       Намысқа жеке шауып Домбыра жүр –

       Қазақтың көзі тірі Пайғамбары.

       Жан – жақтан құрсағанда белес бөгет,

       Еңсеңді көтересің, елес жебеп:

       Ойлайсың осы жігіт – күн құдайы

       Кәдімгі Құрманғазы емес пе еді!

Құрманғазы Сағырбайұлы – 1818 жылы қазіргі Атырау облысы, Құрманғазы ауданы 1818 ж.(құлпы тасында 1806-1879) 1889ж) қазақтың күйші - композиторы, домбырашы, халық музыкасындағы аспаптық музыканың (күйдің) классигі. Қазіргі Орал облысы, жаңа қала ауданындағы Жиделіде туып, Астрахань облысындағы «Шайтани батаға» деген жерде қайтыс болды.

Кедей шаруаның баласы. Жасынан ән - күйге әуестігімен көзге түсті. Алғашқы ұстазы Хан Базар, күйшісі Ұзақ. Бөкей ордасындағы атақты халық күйшілері Байбақты, Байжұма, Баламайсан, Соқыр Есжан күйлерін үйреніп, орындаушылық шеберлігін шыңдады. Есейе келе домбырашылық - күйшілікті профессионал өнерге айналдырды. Сағырбайұлы Құрманғазының күйлері «Адай» (үш нұсқасы бар), «Айда бұлбұл Айтжан-ай», «Ақбай», «Амандасар», « Аман бол, шешем, аман бол», «Перовский марш», «Көбік шашқан», «Серпер», «Балбырауын»,  «Қайран шешем», «Сарыарқа», «Не кричи, не шуми», «Кісен ашқан», «Қызыл қайың» т.б                                                                                                        

 Құрманғазы – 19 ғасырдағы қазақ халқының ұлы сазгері. Бұрынғы күйшілік дәстүрді жалғастырушы. Қазақ күйінің мазмұныны байытып, тақырыбын кеңейтті. Күй қалпын, күйдің құрылысын, оның құрамдарын жетілдірді. Күй сазы жаңа көркемдік сапаға көтерілді. Ұлы күйші мұрасы ұлтымыздың рухани байлығы, күй сазының алтын қазығы. (Женисов Т, шығып «Адай» күйін орындайды)

Сіздердің алдарыңызда  «Адай» күйін орындап, Құрманғазы Сағырбайұлы рөлін ойнаған К-32 тобының оқушысы Женисов Таскайрат.

Келесі байқауымыздың сайыскері Құрманғазы атамыздың шәкірті Дина Нүрпейісова.

Нұрпейіс келіні Дина Батыс Қазақстан облысының Жаңа қала ауданына қарасты Бекетай құмы деген жерде дүниеге келген. Ол тоғыз жасының өзінде-ақ Дәулеткерей, Мүсірәлі, Әлікей, Түркеш, Ұзақ, Есжан, Байжұма, Баламайсан сияқты күйшілердің күйін нәшіне келтіре тартып, Төңітегі күйші «домбырашы қыз» деп атаған. Әйгілі Құрманғазы Динаны арнайы іздеп келіп, батасын берген. Дина тоғыз жасынан он тоғыз жасына дейін, қашан ұзатылғанша Құрманғазының баулуында болады. Сол Дина тоқсан жасында Құрманғазының күйін шабыттана тартып, дүйім жұртты таң қалдырған.

 1937 жылы жетпіс бес жастағы Дина Алматыға тұңғыш келіп, құдірет өнерімен бүкіл республикаға ден қойғызады. Ол осы сапарында халық өнерпаздарының Бүкіл Қазақстандық байқауында бірінші орынға ие болады. 1944 сексен үш жасында Орта Азия республикаларының өнерпаздары қатысқан жарыста да жеңімпаз атанады.

Дина қазақтың күйшілік өнеріне өшпес із салған біртуар дарын. Егер оның күйшілігінің бастау алған тегін іздену керек болса, ат басын Құрманғазы мен Дәулеткерейге қарай бұру керек. Ұлы екі күйшінің өнерінен тел сусындаған Дина өзіндік өрнегін тапқан. Дәулеткерейдің ойға шомған сыршылдығы мен Құрманғазының өршіл рухы Дина шабытының қос қанаты сияқты.

            Динаның күйлері: «Ана бұйрығы», «Әсем қоңыр», «Байжұма», «Бозшолақ», «Бұлбұл», «Делегат», «Домалатпай», «Еңбек ері», «Жеңіс», «Жігер», «Кербез», «Көкөніс», «Қарақасқа ат», «Қос алқа», «Меңдіқара», «Науысқы», «Тойбастар» т.б

(Манаева А, шығып «Тойбастар» күйін орындайды)

Сіздердің алдарыңызда  «Балбырауын» күйін орындап, Құрманғазы Дина Нүрпейісованың «Тойбастар» күйін орындап, рөлін ойнаған К-32 тобының оқушысы Манаева Әсемгүл.

Келесі алдарыңызға келіп тұрған Дәулеткерей атамыз.

 

Шығайұлы Дәулеткерей бұрынғы Бөкей ордасында, қазіргі Орал облысының Орда ауданына қарасты Қарамола деген жерде дүниеге келіп, сол ата қонысында дүние салған.

Егер, дүние шіркіннің дидарында осынау фәни жалғанға жылап келіп, жылап кететін адам құдіреттің көңілін жұбататын, жүрегін жылытатын, санасын сергітетін бір құбылыс болса, ол - Дәулеткерейдің күйлеріндей-ақ болар. Оның кез келген күйі табиғаттың өзіндей табиғи қалпымен, әсем сазымен, ойлы да сыршыл сезімімен, кірпияз сырбаздығымен қайран қалдырады. Осының бәріне қоса Дәулеткерейдің күйлеріндегі ұлттық дыбыс тілінің айқындығын айтуға болар еді.

Шығайұлы Дәулеткерейдің күйлері «Ақбала қыз», «Ат қалған», «Қыз Ақжелең», «Қос алқа», «Желдірме», «Жігер», «Көрұғлы», «Салық өлген», «Мұңды қыз», «Бұлбұл»,  «Құдаша» т.б.(Сейтенова Г, шығып «Қыз ақжелең» күйін орындайды)

Сіздердің алдарыңызда  «Қыз Ақжелең» күйін орындап, Дәулеткерей Шығайұлы рөлін тәмамдаған К- 31 тобының оқушысы Сейтенова Гүлнұр.

Келесі сайыскеріміз Нұрғиса Тілендиев.

 

Тәттімбет – халқымыздың мақтанышына айналған ұлы күйші, дарынды композитор. Оның күйлері Арқаның кең даласындай халықтың ыстық сезіміне, туған жердің табиғат сұлулығына, терең мағыналы философиялық толғанысқа толы. Өнер десе ішкен асын жерге қоятын халқы Тәттімбеттің өнерін аса жоғары бағалап, талантына бас иді. «Бір әнді сатып алдым құнан нарға», - деп халық арасында айтылатындай, Тәтімбеттің бір күйін тыңдап, үйрену үшін ат беріп, «сатып алып»  та жүрген.

Тәттімбет күйлері шертпе дәстүрінің ең озық үлгілеріне жатады. Оның күйлерінің желісі Орталық Қазақстанның ән сарындарымен тамырласып, көбінесе бір дауысты болып келеді де, ырғақтық өлшемдері әуеннің өзіндей шалықтап, еркін жүреді. Ал күй дамуы тақырып қайырымының бірнешеуін түрлендіріп, қайталап орындалуынан құралған. Тәттімбет күйлерінің шерту тәсілдері әр түрлі, құбылмалы, ал композициялық қайталаулары заңды симметриялы болып келсе де, олар импровизациялық өзгерістерге толы.

Тәттімбет күйлерінің көпшілігі халық орындаушылары қалыптастырған дәстүрлі тақырыпта туған. Күйшінің белгілі «Қосбасар», «Терісқақпай», «Балбырауын», «Сылқылдақ», «Былқылдақ» күйлері – дәстүрлі жанрдағы шығармалар. Соңғы екі күйдің халық арасына кеңінен таралуы осы аттас күйлердің шығуына жанрлық негіз болған тәрізді. Сонымен қатар, күйшінің табиғат пен жан – жануарлардың образын суреттейтін «Сарыжайлау», «Сары өзен», «Сары қамыс», «Қара жорға», «Бозайғыр», «Бозторғай» атты шығармалары да халық дәстүрімен үндесіп жатыр.

Күйшінің шығармашылық мұрасы жақсы сақталған. Тәттімбеттің бізге жеткен 30 – дан астам күйлері музыкалық мұрамыздың асыл қазынасына айналып отыр.

«Қосбасар» күйін орындап, Тәттімбет рөлін ойнаған К- 41 тобының оқушысы Айбатыров Кумахан.

 

Келесі сайыскеріміз Нұрғиса Тілендиев.

            Нұрғиса Тілендиев 1925 жылы 1 сәуірде Алматы облысы, Іле ауданында дүниеге келген. Музыкамен жастайынан айналысқан. Оның әндерін бөбектер де, мектеп оқушылары да қызыға орындайды. Әндері түрлі тақырыпта жазылған. Н. Тілендиев – туған жер табиғатының көоркем көрінісін, елдің шат көңілін бақытты балалық шақты өте әсем суреттей білген композитор. Композитордың «Бозторғай», «Бейбітшілік жыры», «Әке туралы жыр», «Құттықтаймын мама, туған күніңмен» шығармалары – балалардың ең сүйікті әндері. «Ата толғауы», «Мұрагер»,  «Көш керуен»,

            Н. Тілендиев – композитор, дирижер, домбырашы. Қазақ КСР – нің және КСРО – ның халық әртісі, Қазақстанның Халық Қаһарманы.

            1949 – 1950 жылдары Құрманғазы атындағы консерваториясында, 1950 – 1952 жылдары Мәскеу мемелекеттік консерваториясында оқиды.

 1952 – 1961 жылдары Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында дирижер, 1960 – 1964 жылдары Қазақтың мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің бас дирижері болып қызмет атқарды.

1981 - 1998 жылдары өзі ұйымдастырған «Отырар сазы» фольклорлық этнографиялық ансамблінің көркемдік  жағын басқарды. «Ата толғауы» күйімен    К- 42 тобының оқушысы Рамазанов Бауырбек.

 

            Дәстүрлі шертпе күй өнерінің бүгінгі көрнекті өкілдерінің бірі, есімі елге кең тараған күйші – композитор Секен Тұрысбеков 1960 жылы дүниеге келген.

            Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі. Ұрпақтан – ұрпаққа ауысып, сонау Байжігіт, Тәттімбет, Тоқа, Сүгір, Қыздарбек, Дайрабай, Әбди сынды т.б ұлы күйшілерден келе жатқан рухани ұлы үрдісті қазіргі кезеңде жаңғырта – жаңартып, түрлендіре – түлетіп отырған санаулы күйшілердің бірі.

            С. Тұрысбектің «Әлия», «Балауса», «Боздақ», «Дарабоз», «Мәлгаждар», «Күлтегін», «Өкініш», «Көңіл толқыны» атты туындылары Алтай – Тарбағатай, Арқа өңірінің күйшілік мектебін тұғыр тұтқан, өзіндік өрнегі, дара қолтаңбасымен танылған, күй сүйер қауымға етене таныс күйлер. Секеннің өзіндік өрнекті күй орындау мәнері де зерттеушілер ден қоярлық кәсіби өнер

Секен Тұрысбековтың «Көңіл толқыны» күйін тыңдамаған жан кемде-кем. Кез келген адам шығарманың алғашқы әуенін естіген бойда толқындай тербеліп, тұла бойының еріксіз ырғалып кететінін сезбей де қалады.

«Көңіл толқыны» - нағыз шедевр шығарма. Секен ағаның айтуы бойынша, бұл күй тағдыр тәлкегіне түскен кезде дүниеге келген. «Көңіл толқыны» 1985-87 жылдары туған. Секен аға екі жасар Жанар және Анар атты қыздарынан табан асты айырылып қалған. Бірін көлік қағып кетсе, екіншісіне көз тиіп қайтыс болған. Қос бірдей баласын жер астына тапсырған Секен аға ауыр күйге түсіп, қатты тұйықталып кеткен. Жер бетіне сыймай, қайғы жамылған сәтте, «Көңіл толқыны» күйін өмірге әкеледі. Күй бірден көпшіліктің ыстық ықыласына бөленіп, кеңінен таралады. Тіпті, алыс-жақын шетелдегі жұртшылық күйді тыңдаған бойда оның авторын іздестіріп, күйдің шығу тарихына білгілері келеді. Жапондық тыңдармандар күй аннотациясын сұраған кезде, автор іштегі орны толмас, өкінішті сыртқа шығармас үшін «Бұл күй «Невада-Семей» қайғысына арналған еді» деп қоя берген.

Секен Тұрысбеков «Көңіл толқыны» кітабында былай деп жазады: «Күйдің өзегінде әкенің орны толмас өкініші мен өксігі жатыр. «Көңіл толқыны» - өзіне дейінгі ұлы күйші-сазгерлердің рухани жалғасы болғанымен, ішкі табиғаты мүлде бөлек, жүрек қылын дірілдете шертер күші бар, тыңдаушысын ой мен сезім тұңғиығына тартатын туынды».   

С. Тұрысбеков рөлінде К- 31тобының оқушысы Сауырбаев Дидар, орындағаны «Көңіл толқыны» күйі.

Желдібаев күйшімізді қарсы алайық. Желдібаев рөлінде Тлеубердинов Аскар орындауында «Ерке сылқым».                                                                                             

Осымен күй сайысы соңына жетті , ал біз әділ қазылар алқасынан сайысымыздың қорытындысын шығаруын сұраймыз. Әділ қазылар сайысымызды сараптағанша сіздердің алдарыңызда мәдениет бөлімі оқушыларының орындауларында музыкалық сәлемдеме қабыл алыңыздар. (музыкалық екі номер)

 

Жүргізуші: Сайысымызды бағалауға да уақыт жетті, сайыскерлерімізді қарсы алайық. Енді сахна төріне әділ қазылар алқасын шақырамыз, келесі сөз өздеріңіздерде.

Осымен сайысымыз аяқталды, біз тағы да жеңімпазды осы атымен құттықтаймыз. Ал біз сіздермен қоштасамыз, келесі кездескенше қош сау болыңыздар.  

 

Әжесін қайсысы жақсы көреді?

$
0
0

Сабақтың тақырыбы:Әжесін қайсысы жақсы көреді?

Сілтеме: «Әдебиттік оқу» Алматыкітап баспасы 2013   2- сынып

Жалпы мақсаты:Мәтіннің мазмұнын түсіну,әңгімелеп айтып беру шеберлігін,сөздік

байыту,адамгершілік,бір – бірін сыйлауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:Мәтіннің идеялық  ойын ашу,өз беттерінше іздену,жұмыс жасауға  дағдыландыру.

Сабақ түрі:Жаңа сабақ.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: «әңгімелер кестесі»   Ақылдың алты қалпағы,Қарлы кесек, екі жұлдыз бір тілек.

Сабақ кезеңдері

уақыт

Мұғалімнің әрекеті

Оқушы әрекеті

Модульдік көрініс

Психологиялық ахуал

 

 

 

 

3мин

-          Амандасу

«Екі шындық,бір өтірік әдіс »пайдалану

Кезгелген әңгімеде,мәтінде не болады?

-оқиға,адамдар,оқиғаның басы,аяғы болады.

-Мәтіндегі   адамдарды кім дейміз?

-Өткен мәтіндегі кейіпкерлерді атаңдар.

Оқушылар жауап беру

 

 

 

 

Өткен сабақтардағы кейіпкерлерді атау

 

Үй тапсырмасын тексеру

 

 

4 мин

110 бет    «Анамның қолдары» түсінгендерін айту және  «менің анам» шығарма жазуға тапсырма берілген.

  Оқушылар өздері жазып келген шығармаларын оқу

 

 Білу

 

 

 

 

 

15

 

мин

Балалар үйлеріңде  «әже,апаларың» бар ма?

Иә балалар бүгін біз    «Әжесін қайсысы жақсы көреді?»  деген әңгімені оқимыз .

Әңгімелер кестесі.

 

 

Әжесін қайсысы жақсы көреді?

Алтай ақша сұрамайды

Авторлары

 

 

Кейіпкерлер

 

 

Жағымды

 

 

Жағымсыз

 

 

 

 

 

 

  Оқушылардың жауабын тыңдау.

Әңгімені тізбектей дауыстап оқу.

 

 

 

Оқушылар таратылған кестені толтырады

 

Түсіну

3 мин

  Сөздік жұмысын жүргізу.

Мәтіндегі түсініксіз сөздерді талдау

 

 

Қолдану

 

 

 

5мин

Қай кейіпкер жақсы жағынан өзгерді?

-          Мәтіндерге ортақ әңгіме болған мәселе  не?

Балалардың қайсысы әжелерін жақсы көретіндері анық.

 

Ақ қалпақ – Мысалдан қандай ақпарат алдың

Қара қалпақ- Мысалдың жағымсыз жақтары

 

Талдау

 

 

3 мин

«Қарлы кесек» мысалдың желісі бойынша сұрақтар қойыу

Бір – бірлеріне мысалдар джелісі бойынша сұрақтар қояды

 

Жинақтау

7 мин

Берілген әңгіменің мазмұнын мимикамен  көрсету

 

 

Бағалау

 

3мин

Екі жұлдыз,бір тілек

Өз өздерін, бір бірін бағалау

 

Үйге тапсырма

2мин

101 бет мазмұндап келу

 

 

 

Бастауыш сынап мұғалімі:Халым Сымбат

Қыран қазақ

$
0
0

Жаңақала аудандық білім беру бөлімі

М.Жүнісов атындағы ЖОББМ

Қыран қазақ Тәрбие сағаты

Бақыт Тоғжан Салауатқызы

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға Ұлы Отан соғысы жылдарындағы өшпес ерліктер туралы мағлұмат бере отырып, Отанын сүюге, елжандылыққа тәрбиелеу;

Дұрыс сөйлеуге, жауапкершілікке, ойын ашық, еркін жеткізуге, ұжымшылдыққа баулу;

ТОЛЫҚ ЖҮКТЕУ

Внимание! У Вас нет прав для просмотра скрытого текста.

 

Құмырсқаның қанағаты.

$
0
0

Сабақ 1- сабақ

Сабақ өтілетін уақыт: 29.04.2013

Орны:42-дәрісхана

Барлық оқушы саны:24

Қатысқаны:23

Сілтеме

Оқу жоспары,  күнтізбелік жоспар, оқулық

Сабақ тақырыбы

Құмырсқаның қанағаты.

Жалпы мақсаттар

Оқушылар ертегіні түсіне оқи отырып,негізгі идеясын ашады.

Түйінді идеялар

Ертегіні пайдалана отырып аузбірлікке, ұйымшылдыққа, қанағатшыл болуға, жақсы қасиеттерді үйренеді

Оқыту нәтижелері

Оқушылар өз қөзқарастарын дәлелдеуге, шығармашылық тапсырмаларды орындауға, белсенді жұмыс істеуге дағдыланады. Құмырсқаның іс-әрекетіне талдау жасап, үлгі алады.

Көрнекіліктер

Тұсаукесер, сюжетті суреттер

Дереккөздер

Оқулық, интернет желісі

Сабақ барысы

Уақыты

Әдіс-тәсілдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау(формативті, суммативті)

Сабақ кезеңдері

1-кезең: Қызығушылықты ояту:

- үй тапсырмасын тексеру;

- ұйымдастыру

 -қарастырылған тақырып бойынша бұрынғы білім еске түсіріледі;

- белсенді әрекетке жұмылдырылады;

- ойлау жұмысына ынталандырылады

 

 

Оқушыларды түгендеу

Сергіту сәті: «Оқушы» биі

 

Топқа бөлу: Түсті шаршылар арқылы

Әр топқа топ басшысын сайлап алып, бағалаудың критерилерін ұсыну.

-балалар ,қазір жылдың қай мезгілі?

-ендеше көктемде даламызға қандай өзгерістер келеді?

-біз үй тапсырмасын мына гүл жапырақтарындағы тапсырмалар бойынша сұрайық, әр топқа тапсырма беру

1-топ: ертегідегі кедейге,оның іс-әрекетіне баға бер.

2-топ:

Ертегідегі байға,  оның іс-әрекетіне баға бер.

3-топ: ертегідегі диірменшіге, оның іс-әрекетіне баға бер.

4-топ: ертегінің негізгі идеясы не?

5-топ: осы ертегі бойынша қай кейіпкердің қасиеттері ұнады? Жұмыстарын қорғау

-сөйтіп, біз үй тапсырмасын жақсы орындап келіп едік, тақтада мынандай әсем гүл ашылды

Оқушылар оқушылардың биіне қарап билейді, ұяңдықтары басылып, орта мәдениетін ұстануға үйренеді.

 

Түсті шаршылар түсін таңдайды, әр топқа барып отырады.

 

Оқушылар өзара ақылдаса отырып,топ басшысын сайлады.

-көктем

-көктемде күн жылынады, құстар ұшып келеді, гүлдер өседі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар кедейге ақылдаса отырып мінез-құлқына,адамгершілігіне сипаттама береді, іс-әрекетін бағалайды.

 

Оқушылар байдың арам ойын түсініп, іс-әрекетіне баға беріп, ондай дүниеқоңыз болмауға бекінеді.

Оқушылар диірменшінің адамды танығыштығына, ақылдылығына қайран қалып, оған ұқсауға тырысады.

Оқушылар ертегінің негізгі идеясын айтады.

Оқушылар әр кейіпкердің  бойындағы қасиеттерін саралай отырып, жақсысын алып, жаманан жиіркенуге тырысады.

 

 

Оқушылармен бағалау критерилерін қарастыру (айқындау)

Әр топтан бағалаушы даярлау.Ол топтың шешімімен бағалап отырады. Бағалаудың критерийлерін ұсынды.

5-балл толық жауапқа (қызыл гүл), 4 балл толық емес жауапқа, 3 балл шала жауапқа қойылады делінді.

 

ТОЛЫҚ ЖҮКТЕУ

Внимание! У Вас нет прав для просмотра скрытого текста.

Тамақтың иісі мен ақшаның сылдыры

$
0
0

Сабақ 4- сабақ

Сабақ өтілетін уақыт: 

Орны: 42-дәрісхана

Барлық оқушы саны: 24

Қатысқаны: 24

Сілтеме

Оқу жоспары, күнтізбелік жоспар, оқулық

Сабақ тақырыбы

Тамақтың иісі мен ақшаның сылдыры

Жалпы мақсаттар

Аңызды оқыта отырып оқушыларды әділдік,адалдыұ,мейірімділікке үйрету.

Түйінді идеялар

Оқушылар кейіпкерлердің іс-әрекетіне баға бере отырып, адаргершілік қасиеттерге үйрету.

Оқыту нәтижелері

Оқушылар адалдық пен арамдық,мейірімділік пен қайырымдылық , әділдік туралы біледі,Адамгершілікке үйренеді.

Көрнекіліктер

Тұсаукесер

Дереккөздер

Оқулық

Сабақ барысы

Уақыты

Әдіс-тәсілдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау(формативті, суммативті)

Сабақ кезеңдері

1-кезең: Қызығушылықты ояту:

- үй тапсырмасын тексеру;

- ұйымдастыру

 -қарастырылған тақырып бойынша бұрынғы білім еске түсіріледі;

- белсенді әрекетке жұмылдырылады;

- ойлау жұмысына ынталандырылады

 

Үш қадамды әрекет

Оқушыларды түгендеу

Сергіту сәті:

Топқа бөлу: Жемістер арқылы.

Үй тапсырмасын сұрау.

Мәтінді рөлге бөліп оқу.

Шөже мен қарлығашқа сипаттама беру.

Құстардың пайдасы әңгімелерін оқыту.

Қорытындылау сқрақтары: Мәтіңннің негізгі идеясы не? Мәтінді оқи отырып біз нені түсіндік?

Оқушылар сабаққа қатысу барысын саралайды

Қызығушылықпен сергиді.

Жемістер бойынша топқа бөлінеді.

 

Мәтінді рөлге бөліп оқиды. Адамдар сияқты құстарда да мінез-құлық бар екенін түсініп, дауысын салып оқиды.

Құстардың табиғатқа әкелетін пайдасы жайлы мағлұмат жазып,оны  қорғау туралы ой қорытады.

Қорытындылау сұрақтары арқылы тірбиелі болуға ұмтылады.

Оқушылармен бағалау критерилерін қарастыру (айқындау)

Әр топтан бағалаушы даярлау.Ол топтың шешімімен бағалап отырады.

 

2-кезең: Мағынаны ажырату:

- оқушылар өз тәжірибелері арқылы жаңа білім туралы өзіндік түсінік пен пікір қалыптастырады;

- жаңа білім жайлы өзіндік түсінік қалыптастырады;

 

 

«Ой қозғау»

 

Болжам кестесі

 

 

 

 

 

«Инцидент» әдісі

 

ДЖИКСО

6 неліктен

Аңыздар дегеніміз не? Біз бүгін кім туралы аңыз өтеміз деп ойлайсыңдар? Аңыздардың негізгі идеясы қалай болушы еді?

Сергіту сәті:
Топқа бөлу:

Сыныпқа дауласқан үш адам енеді.Қожанасыр,бай және кедей.

Мәтінді кесіп ұсыну.

Сұрақ қоя отырып оқушылардың қызығушылығын арттыру.

 

Өткен сыныптарда алған білімдерін еске түсіреді.

 

Алдын ала болжайды.

 

 

Оқушылар сергиді.

Жылдам топқа бөлінеді.

Таңырқап қарайды.

 

 

 

Қызығушылықтары артады.

Сұрақ төңірегінде ойланып, пікірлерін айтады.

 

Бағалаудың критерийлерін ұсынды.

5-балл толық жауапқа (қызыл үйрек), 4 балл толық емес жауапқа, 3 балл шала жауапқа қойылады делінді

ТОЛЫҚ ЖҮКТЕУ

Внимание! У Вас нет прав для просмотра скрытого текста.

«Ей, Астана!» Нұрперзент Домбай

$
0
0

Сабақтың тақырыбы: «Ей, Астана!» Нұрперзент Домбай

Сабақтың мақсаты:

  1. Отанымыздың белгілі жерлері туралы мағлұматтар беруді жалғастыру. Бас қаламыздың мән – мағынасын түсінуге жол салу. Өлеңдегі сөздерге мән бере отырып, қаланың сипаты арқылыоның идеялық маңызын ашу.
  2. Оқушының таным көк жиегін кеңейту, айтылған мәселе төңірегінде қызығушылығын тудыру арқылы өз бетімен жұмыс жасау дағдысын дамыту.
  3. Отанын, туған жерін сүюге, оны тани білуге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ – жауап, ұжымдық, жеке, топтық жұмыс, өздік жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Слайд, бейнетаспа.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық

Күлімде, күн, күлімде.

Күлсін барлық бала шат

Берекелі бүгіндей

Бейбіт болсын болашақ.

  1. Өтілген сабақты бекіту.
  • Біз қандай тараулармен таныстық?
  • Қандай тарауды бастадық?
  • Неткен сұлу, неткен көркем

Осы менің туған өлкем!

  • Бұл тарау қандай өлеңмен басталған?
  • Отан дегеніміз не екен?

Слайд «Отан»

  • Туған жер туралы кімнің әңгімесін оқыдық?
  • Бұл әңгімедегі негізгі ой?
  • Қандай аяулы мекендермен таныстық?

1 – топ Аңырақай

2 – топ Алтынемел

3 – топ Түркістан өлкесі

  • Қазіргі кезде аяулы мекенге Отанымыздың қай жерін жатқызуға болады? Отанымыздың жүрегі деп те айтуға болады?

Ойын! Кім тапқыр!

Бәріңде Астана қаласында болған шығарсыңдар.

Мына ғимараттардың қалай аталатынын табасыңдар.

Слайдтан көрсету.

  1. Хан шатыр
  2. Ақорда
  3. Нұр – Астана мешіті
  4. «Думан» орталығы
  5. Бәйтерек
  • «Бәйтерек» - Есілдің оң жағында бой көтерген ең алғаш сәулет туындысы. Еңсесі биік, көркем «Бәйтерек» бас қаламыздың символы. Еліміздің бойтұмары. Авторы ағылшын архитекторы Нормен Фостер. Биіктігі алтын шарымен бірге есептегенде 105 м. «Бәйтерек» - өсуін тоқтатпаған жас, мықты ағаш деген сөз. Ол тарихи мықты тамырын жоғалтпаған, мықты тірегі бар және гүлденген болашаққа бой созған мемлекеттің символы. Осындай әсем ертедегідей сәулетті ғимараттары бар бас қалаға арнап кинолар шығарған, суретшілер сурет салған, ақындар өлен жазған. Солардың бірі Нұрперзент Домбайдың «Ей, Астана!» өлеңімен танысамыз.

Жаңа сабақ.

Слайд Сөздік

  1. Өлеңді мәнерлеп мақтаныш сезіммен оқу.
  2. Оқушыларға оқыту.
  3. Өлеңнің мазмұны бойынша жұмыс.

Слайд. Өлеңдегі ақынның мына сезімдері қай шумақтарда байқалады?

  1. Мақтаныш
  2. Қуаныш
  3. Арман, тілек
  4. Сенім
  • Ақын өлеңді неге қаратып айтқан?
  • Астанаға қаратып айтқанынг дәлелде, шумақтан ізде.
  • Қаладағы ең биік ғимарат қайсысы? Ақын «Биік» деген сөзді басқа қандай сөздермен берген? Дәптермен жұмыс.

(Биік, зәулім, асқақ, асқар)

  • Өлең шумағындағы ақынның тілек сөзін тауып оқыңдар.

Сендерде бас қаламызға кішкентай жүректеріңнен шыққан тілектеріңді жазыңдар.

Сабақты бекіту:

Қандай өлеңмен таныстық? Кімнің өлеңі?

«Астана - туған жердің жүрегі» деп неге айтамыз?

Бейнебаян: Болашақтың қаласы – Астанаға саяхат.

Астана ақ қала

Ақ мәрмәр пәк қала

Шарықтап, қарыштап

Шалқи бер шаттана!

Бағалау.

Үйге тапсырма: Өлеңді мәнерлеп оқу, альбом Астана.

Әсемпаз болма әрнеге

$
0
0

Қарағанды облысы  Қаражал қаласы

Жәйрем №10 жалпы білім беретін орта мектебі

1 сынып    Кошжанова Әлия Жунусовна

 

Сабақтың тақырыбы:  Әсемпаз болма әрнеге

Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының ұлы ақын Абай Құнанбаевтың өмірімен және шығармасын таныстыру.Өлеңнің мәнін ашып меңгерту.

Оқушылардың сөйлеу тілін,сөздік қорын молайту.

Адамгершілікк тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: жинақтау,сұрақ-жауап,түсіндіру,талдау.

Көрнекілігі: кеспе әріптер,Абайдың суреті,слайд.

Жабдығы:интерактивті тақта.

                                           Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық ахуал.Ынталандыру.

Жадырап күндей,

Жайнаған гүлдей,

Жалықпай оқып

Көңілге тоқып,

Білімді адам боламыз!

-Білімді адам болу үшін не істеу керек?

ІІ.Өтілген сабақты бекіту.

Бүгінгі сабақта алған білімдеріңді көрсетіңдер.

-Әліппе пәнінен не үйренесіңдер?

-Дыбыс дегеніміз не?

-Әріп дегеніміз не?

-Дыбыс дыбысталуына қарай нешеге бөлінеді?

-Дауысты дыбыс айтылуына қарай нешеге бөлінеді?

-Жуан дауысты дыбыстарды көрсет?

-Жіңішке дауысты дыбыстарды көрсет?

-Қандай дауысты дыбыстар айтылмай кетті?

-Олар қалай айтылады?

-Дыбыстардан не құраймыз?

-Буындардан не құраймыз

 Дыбыс

 

             Дауысты                                                             Дауыссыз

 

А,о,ұ,ы                        ә,ө,ү,і,е

2 «Қатесін тап»ойыны

Қоиан,айу,ойу,шахтиор.

1сөз айту.

Тақтаға сөз жазу,кеспе әріптермен жазу.

Дыбыстық талдау жасау.

ІІІ.Өткен сабақта не жаттадық?

-Санамақ.

                Отан біздің екінші үйіміз.Отан үшін ата-бабаларымыз жауға қарсы тұрып,жерімізді қорғаған.Ақылды адамдар осы күнге жеткізген.Сондай адамдардың бірі дана,данышпан,әлем таныған адам –ол Абай атамыз.

ІV.Жаңа сабақ

1.Абай Құнанбаев –қазақ халқының ұлы ақыны.Абайдың шын аты-Ибрахим.

Абай Құнанбаев Семей облысы Абай ауданында дүниеге келген.Абайдың әкесі Құнанбай ел басқарған.Абайдың анасы Ұлжан-ақылды кісі болған.Абайды әжесі Зере тәрбиелеген.Әжесі Ибрахимді еркелетіп «Абай» деп атаған.Абайдың ұлы ақын болуына Зере әжесінің еңбегі зор.Абайды үнемі өлеңмен уатып,аңыз-ертегілер айтудан жалықпаған.

 

                                                 Құнанбай

Ибрахим                               Абай                 Ұлжан

                 Ақын                                           Зере

 

2.Абай 12 жасынан бастап өлең жаза бастайды.

  Абай тұңғыш өлеңін әжесіне арнаған.

Сонымен,бүгін біз Абай атамыздың  «Әсемпазболма әрнеге»өлеңімен танысамыз.

3.Оқулықпен жұмыс

а ) «Әсемпаз болма әрнеге»өлеңін мәнерлеп оқу.

ә)  Хормен оқу.

б) Тізбектеп оқу.

4.Өлеңнін мазмұнын ашу.

                      Әр нәрсеге қызықпа                             ұйқы

 

Әсемпаз

                                                  Болма әрнеге

            Сәнқой болма                                           тәттіге құмар болма

 

 

                      Күйші                  Өнерпаз                    зергер

                                Биші            болсаң                спортшы

                           Суретші           әрқалан                әнші

Сен де бір  кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та,бар қалан!

Сендер уақыттарыңды бос өткізбей қалаған өнерлерінді үйреніңдер.Сонда болашақта өз орныңды таба білесіңдер.Яғни,Абай атамыз айтуынша өмірде өз орындарыңды тауып,кірпіш болып қаланасыңдар.

Абай атамыз жастарды өнер-білімге шақырады.

5.Сергіту сәті:

   «Желсіз түнде жарық ай»

Абай атамыз өз өлеңдеріне 20-дан астам әндер шығарған.

6.Дәптермен жұмыс.

 Әсемпаз болма-------------,

Өнерпаз болсаң-------------.

Сен де бір кірпіш------------,

Кетігін тап та,----------------.

V.Сабақты бекіту:

-Біз кім туралы білдік?

-Абай атамыздың қандай өлеңімен таныстық?

                                 Құнанбай

Ұлжан                     Абай                   ұлы ақын

     Зере                  Әсемпаз болма әрнеге

VІ.Бағалау; мақтау-мадақтау әдісі бойынша.

VІІ.Үйге тапсырма: « Әсемпаз болма әрнеге» өлеңін жаттау.


«Тапқыр достар»

$
0
0

«Тапқыр достар»

атты  интелектуалдық сайыс

Мақсаты:  Оқушыларды жан-жақты ақпараттандыруға, ойлау, сөйлеу қабілеттерін арттыруға, шешендік өнерге қызығушылығын  дамыта отырып, ой-өрісінің артуына ықпал ету, теориялық білім негіздерін қалыптастыру.

Көрнекілік: жазбаша конверттер,  интерактивті тақта, слайд-шоу.

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

оқушыларды  2 топқа бөлу:1.Зейінділер     2.Зерделілер

Топтарға  сайыс шартын түсіндіру:

Жүргізуші:

Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары кәміл ш ық ты.

Білім мен тапқырлықтың сайысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

Қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

________________________________________________________

Сайыс 6 кезеңнен тұрады, әділ-қазылар алқасы ұпай сандары бойынша  бағалап, жауапқа ұпай сандарын қосып, сайыс қорытындысын шығаруға көмектеседі.

Сайыс кезеңдері:

 

  1. «Таныстыру»
  2. «Кім білгір?»
  3. «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
  4. «Білімді достар»
  5. «Кім тапқыр?»
  6. «Өнерпаз болсаң...»

 

Қорытынды: Әділ-қазылар алқасына сөз.

Жүргізуші:

Сонымен  сайысымыздың 1 кезеңіне  кезек берейік.

-Сайыскер топтар өз топтарын таныстыра отырып,  топ басшыларын сайлап, ұрандарын айтып өтсін.

-Топтар өздерін таныстырады.

Жүргізуші:

Түсесіңдер білімнің жарысына,

Жеңсеңдер қол соғамыз табысыңа.

Талапкердің талабы таудай болар,

Сыныбының қорғай алар намысын да,дей отырып

2 кезеңімізге аяқ басалық. Кім білгір?

Бұл кезеңде  2  топқа да бірдей сұрақтар қойылады, қай топтың оқушысы бірінші қолын көтеріп жауап береді ,ұпай саны сол топ еншісіне беріледі.

Олай болса, бастаймыз.

  1. Бір температурада қайнаған су мен шикі судың қайсысы тез қайнайды?/шикі су/
  2. Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың нешеуі қалды? /тұйеқұс ұшпайды/
  3. Алманың жартысы неге ұқсайды? /өзінің жартысына/
  4. Неге су отты өшіреді? /су буға айналып, оттың көп жылуын алады. Бу отқа а у а жібермейді.Ал ауасыз от жанбайды./
  5. Қардан жасалған ақ қалаға тон кигізсе ол еріп кете ме?/ерімейді, себебі тон кигізсе ол еріп кете алмайды/
  6. Жапырағы түгел тікенекке айналып кеткен жеміс?/кактус/
  7. Ең тез өсетін өсімдік? /бамбук, сағатына 2 см өседі/
  8. Сабағы ең жуан ағаш?/баобаб/
  9. Батпақты құрғату үшін қай өсімдікті пайдалануға болады?/эвкалипт ағашы. Ол денесіне суды көп сіңіреді/
  10. Теріс зарядты атом?/анион/
  11. Алғашқы көмекке пайдаланылатын бейметалл?/йод/
  12. Ең биік тау шыңы?/Джомолунгма/
  13. 1 дж соғысқа қатысқан екі одақ?/Антанта, Үштік/
  14. Неліктен ағаштың жоғарғы жағындағы жапырақтар кешірек түседі?/олар жасырақ/
  15. Суда ерігенде немесе балқығанда иондарға ы дырайтын зат?/электролид/

Жүргізуші: Рахмет ,достар! Әділ-қазылар алқасы өз бағаларын бере жатар.

Ән- Мейіржанның орындауында.

-Ал, келіңдер, келіңдер!

Біріңе бірің еріңдер.

Өз ойыңды жеткізіп,

Сұраққа жауап беріңдер!

3 кезең. «Сөз тапқанға қолқа жоқ»

Әр топ берілген әріптерден басталатын сөзбен жауап қайтарады. Әріптер экранда:

1 топқа- А, Ш, Қ /толық жауап 10 ұпай/

Сұрақтар:

  1. Қар қашан жауады?
  2. Қоян неліктен қыста ақ болады?
  3. Ет жемесең түсіңе кіре ме?
  4. Бүгін кімнің туған күні?
  5. Сағызды мысық кімге берді?
  6. Қарға неге жем жерде қаңқылдайды?
  7. Туымыздың түсі неге көк?
  8. Әнші болғың келе ме?
  9. «Дарын» деген сөзде неше дыбыс бар?
  10. «Шық Бермес Шығайбасың»ғой?
  11. И ы қ селкілдесе не болғаны?
  12. Қар жана ма?
  13. Тауық таң атпай шақырады неге?
  14. Көп ойнаған жылайтыны несі?
  15. Қыстың соңғы айы?

2 топқа:   Е, С, Н

Сұрақтар:

  1. Жаздың келетіні неден белгілі?
  2. Бүгінгі сайысқа дайындығың қандай?
  3. Алдар Көсені үйге кіргізесің бе?
  4. Атам мен әжем әңгімешіл ме, ертегішіл ме?
  5. Нағыз қазақ қазақ емес...
  6. Қоян қорқақ ,кім батыр?
  7. Сот жүйесінде әділдік бар деп ойлайсың ба?
  8. Сыбырлағаныңды құдай ести ме?
  9. Жарасымды жұп деп кімді айтамыз ?
  10. Оқи берсең кім боласың?
  11. Қорадағы тауықты кім әкетті?
  12. Көрмес кімді көрмейді?
  13. «Жарайсыңдар ,азаматтар» деп кімге айтсам екен?
  14. Түнгі 12-де кім екен есік қаққан?
  15. Барар жеріңе қалай жетесің?

Жүргізуші:

Әрқашанда білім көптік етпеген,

Талапсыз жан мұратына жетпеген.

Кезек бердік өрендерге талапкер,

Дос көңілден, адал, аппақ ниетпен.

                     4 кезең «Білімді достар» Сұрақтар тек жекелеген топтарға арналады, назар аударайық.

1 топқа сұрақтар:

  1. Күн сайын бес рет оқылады?/намаз/
  2. Зекет дегенді қалай түсінесің?/садақа/
  3. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?/түрік тіл тобына/
  4. Қазақстандағы ең үлкен көл?
  5. Ең кішкентай құс?/колибри/
  6. Адамның ш ығу тегін зерттейтін ғылым?/анторопология/
  7. Өлі денелермен қоректенетін ағзалар?/сапрофиттер/
  8. Арғы тегін қайталау?/атавизм/

2 топқа сұрақтар:

  1. Адам баласы қандай отрядқа жатады?/приматтар/
  2. Тірі ағзалар қазба қалодықтарын зерттейтін ғылым?/палеонтология/
  3. Дж жануарлардың саны?/1.5 млн/
  4. Мешітте азан шақыратын діни адам?/молда/
  5. Астананың ескі атаулары?/Ақмола, Целиноград/
  6. Абылай хан тұсында өмір сүрген жырау?/Бұқар/
  7. Ертедегі тіршілік қай заманға жатады?/палеозой/
  8. Эволюцияның қарапайымнан күрделіге қарай дамуы? /биологиялық прогресс/

Кезеңнің қорытынды ұпайларын шығарғанша мың бұралған бишілерге кезек берелік.

Жүргізуші:

Білім аққан сел дей-ді,

Бірақ оңай келмейді.

Ала білсең білім көп,

Ақыл-ойға кен дейді.

5 кезең  «Кім тапқыр?»

1 топқа:

ЕКОНЮС/ЮНЕСКО/-Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәденеит жөніндегі ұйым

АТКРЕДИЯМО/демократия/-халық еркі немесе  билігі/

ЕНТЕЗПРИДЕ/ПРЕЗИДЕНТ/-мемлекет басшысы

2 топқа:

УАТРА/ТАУАР/-айырбас үшін аранйы өндірілетін өнім

АТТӨЛЖҰҚ/Төлқұжат/-азаматтықты  куәландыратын құжат

РПАЕЛМАНТ/ПАРЛАМЕНТ/-заң шығарушы орган

Жүргізуші:

«Оқу-білім қазығы,

Адамның азығы.

Оқу-өмірдің сәні,

Тіршіліктің шамы» деп ақын С.Сейфуллин  де білім шамы қолымызда болса өміріміздің сәні де мәні болатынын білген.

Демек,

6 кезең «Өнерпаз болсаң...»

Шарты: Тірек сөз беріледі, сол сөзден басталатын немесе ішінде сол сөз бар ән айту.


1 топқа:

  1. Қайда жүрсем...
  2. Құста болғым...
  3. Дариға...
  4. Сонда сен мені...

2 топқа:

  1. Сағындым....
  2. Жасыл жайлау....
  3. Айналайын....
  4. Қуанышым...


Қорытынды:

Әділ қазылар алқасы өз шешіміні шығарып, тапқыр достарды атағанша , кезекті  Ұлпан  мен Еркежанға берелік. Ән-Қара жорға

Білімің болса дағы ұшан-теңіз,      Пайдасы жоқ халқыңа қызмет етпей.

Сондықтан да білім алуға талпынайық,   Елімізді өркендетуге ат салысатын азамат болайық.

Алып бала

$
0
0

 

Пәні: Ана тілі

Сабақтың тақырыбы: «Алып бала»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  Қазақтың атақты балуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлы туралы білімдерін жаңа мағлұматтарын кеңейте түсу.

Дамытушылық: Көркем шығарманы мәнерлеп оқуға,түсінгенін баяндай білуге машықтандыру.

Тәрбиелік: Адамгершілікке,шыншылдыққа,спортпен шұғылдануға,жолдастыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білім беру.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, балуанның суреті,спортшылар суреті.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

- оқушы назарын сабаққа аудару.

-психологиялық дайындық.

 

«Сәттілік тілеймін,достым,санаң жаңғырып,білімің толсын!»

 

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

«Батылдық» мәтінінің мазмұнын әңгімелету.

Құрық-басына ілмек арқаны бар асауды ұстайтын,ұзын сырық ағаш.

Жәукемдеп – жайратып,құртып.

 

ІІІ.Жаңа сабақ.

Алып деген мағынаны қалай түсінесіңдер?

Алып  қандай адам?

Балалар, биыл олимпиада қайда өтті?

Қазақстан Республикасының  чемпиондарын білесіңдер ме?

 

Өз жерлесімізден  күрестен қола жүлдеге ие болған  кім?

                                                                                                       (Ақжүрек Таңтаров)

Бүгінгі тақырыбымыздың аты «Алып бала »

1.Мәнерлеп оқып мазмұнын түсіндіру.

2.Жартылай дауыспен оқыту.

3.Тізбектей оқыту.

4.Сөздік жұмысын жүргізу.

Оқыра тиіп-бұл жерде сона тәрізді жәндік шағып.

 

Құзар жар-биік жар.

 

Торығып-түңіліп,ренжіп.

 Мәтінде кім туралы айтылыпты?

Енді Мұқанның қандай адам болғанын айта кетейік.

Қажымұқан 1871 жылы дүниеге келген.Шыққан тегі,орта жүздің қыпшақ тайпасының алтыбас руынан. Ол қазақтың әлемге әйгілі балуаны, классикалық күресінің асқан шебері. Түрік елінде күрестен бәрін жеңген Мұқанға «Қажы»

деген атақ берілді. 1913 жылы Троицк қаласында халықаралық ең ірі чемпионат өтті. Осы жерде ол 18 балуанмен күресіп,соның бәрінде жығады.

 

Сергіту  сәті:

Бір,екі,үш

Бойға жинап күш.

Жалқаулықты тастаймыз,

Сабақты тез бастаймыз.

 Дәптермен жұмыс. Сөздікті жазу.

  Оқыра тиіп-бұл жерде сона тәрізді жәндік шағып.

  Құзар жар-биік жар.

  Торығып-түңіліп,ренжіп.                          

«Ой қозғау» -мақалды тап.

Бағыт бойынша бір әріп тастай отырып,бір мақал құрастыр.

 «Сабыр түбі сары алтын»                              «Күш атасын танымас»

 

«Кім мықты»  Бұлардың ішінде қайсы адамның денсаулығы мықты,алып болады,деп ойлайсыңдар?   (спортшы)

Рефлекциялық бағдарлау.

                                         Қажымұқан

ең алғашқы чемпион                                                              алып

 

адал  дос                                   Қажымұқан                               шыншыл

                    сабырлы                                                                                     балуан               

 Сабақты қорыту: сұрақ  жауап, спортшылар туралы мақал-мәтелдер айтқызу.

  1. Мұқан қозы бағып жүргенде,оның серігі қандай жағдайға душар болды?
  2. Бала жігіт неге тарығып жылады?
  3. Әңгіме неліктен «Алып бала» деп аталған?

Үйге: 169-171 бетті оқу, түсінік айту,суретін салу. Қ.Мұңайтпасов туралы басқа әңгімелер тауып оқы.

Оқушыларды бағалау.

 

Махаббат –өмір нәрі

$
0
0

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы

И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық

техникалық коллледж оқытушысы

Сәтбаева Света Сәтбайқызы

 

Сабақтың тақырыбы: Махаббат –өмір нәрі

Сабақтың мақсаты: «Махаббат»құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Адам бойындағы махаббат сезімін, сүйіспеншілікті танып, оны құрмет тұтуға баулу.

Міндеттері:

-Махаббаттың бар адамға ортақ көп қырлы  сезім екенін, ал сүю мен ғашық болу жаратылыстың адамға берген ерекше нұрлы, іңкәрлігі екенін білдіру;

-Адамды, өмірді, табиғатты сүйе білуге, оны құрметтеп, қадір тұтуға баулу; өз сезімін дамытуына, сезім шуағынан ләззат алуға жетелеу;

- Сүйіспеншілікке, сезімталдыққа, нәзіктікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: білім, білік дағдыларын қалыптастыру;

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ

Сабақтың әдісі: СТО технологиясының стратегиялары;

Сабақтың көрнекілігі: аудио-видео материалдар, флипчарт, слайд;

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, музыка, психология, мәдениеттану, философия.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды шаттық шеңберіне шақырып, «Гүлімсің» атты әсем әнді орындату. Әннің сөзі мен сазынан алған ерекше сезіммен сабаққа сәттілік тілейді.

ІІ. Жаңа сабақ .

Оқушыларды жаңа сабақтың  тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

Флипчарт №1

  1. Дәйексөз. Абай «Махаббатсыз дүние бос, айуанға оны қосыңдар».

Адамның күллі тіршілігі махаббатпен байланысты. Ол - адамның ішкі әлеміндегі рухани сезімдерінің көрінісі ретіндегі жан күйі. Барлық әдемі, сүйкімді, шарапатты, ұлы істерге, ерліктерге  адамды сүйіспеншілік сезімдер жігерлендіріп , дем беріп отырады. Адам біреуді сүйгендіктен я біреудің өзін сүйетінін сезгендіктен немесе біреудің сүйіспеншілігінен үметтенгендіктен оның бойын күш-жігер кернеп, биік мақсаттарға ұмтылады, жайшылықта қолдан келмейтін үлкен істер тындырады.

     Махаббат-өзі үшін ғана емес, екінші адам үшін өмір сүре білу. Сол екінші адамның қайғысына да, қуанышына да ортақ болу, айналаға соның көзімен қарау, оны ардақтау деген сөз. Адам сезімінің көрінісі ретінде тамаша әндер мен өлеңдер ғаламат шығармалар дүниеге келеді.

  1. Ой шақыру. Флипчарт № 2

Махаббат

  Сабақтың тақырыбына сай махаббат ұғымын терең түсіндіру үшін саяхатқа шығу.

 Флипчарт №3. Махаббат әлемінің картасы.

  • Бекет. Үйде. Мәтінмен жұмыс .  
  • Бекет. Аудитория. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.
  • Бекет. Кітапхана. Жорға сұрақтар.
  • Бекет. Саябақта. Жағдаяттан шығу.
  • Бекет. Кинотеатрда. Кино-жұмбақ.
  • Бекет. Мәжіліс залы. Пікірталас.
  • Бекет. Театрда. Поэзия минуты.
  • Бекет. «Махаббат бекетінде». Айна.
  • Бекет. Үйде. Мәтінмен жұмыс .   54 бет оқулықта. Флипчарт №4
  • Бекет. Аудитория. Шығармашылық жұмыс. Топпен жұмыс.

Топ оқушыларына жүрек пішінді түрлі-түсті қағаздар тақырыбы мен алғашқы сөйлемі жазылып таратылады.Оқытушының белгі беруі арқылы шығарма мәтіні жазылып, белгі берілгенде  келесі оқушыға ауыстырылып отырады. Оқушыға өзі бастаған шығарма қайта келгенде жұмыс аяқталады.

         Флипчарт №5.  Шығарма  тақырыптары:

  • Ана мен бала махаббаты
  • Адам мен Алла махаббаты
  • Отан, туған жерге махаббаты
  • Қыз бен жігіт махаббаты

 

3.Бекет. Кітапхана. Жорға сұрақтар. Флипчарт №6

1.Махаббат ұғымын қалай түсінесің?

2.Ұл мен қыз арасында қандай сезім болады?

3.Бір көргеннен ғашық болу мүмкін бе?

  1. Махаббат ұғымына антоним сөздер.

5.Махаббатта кемшіліктер бола ма?

6.Махаббат әрқашан да жақсылық әкеле ме?

7.Адам өз махаббатынан қорлық көре ме?

8.Махаббат қай уақытта жағымсыз қасиетке айналады?

9.Махаббаттың сыйластықпен, достықпен қандай байланысы бар?

 

5-Бекет. Саябақта. Жағдаяттан шығу. Флипчарт №7

1.Мұрат көптен бері қалада тұрады. Анасы «Шаңырақтың отын өшірмеймін» деп, жалғыз баласы Мұраттың айтқанына көнбей ауылда қалған. Мұрат жұмыста да, отбасында да біршама жетістіктерге жетті. Дос-жарандарының да, әріптестерінің де оның болашағынан үміті зор. Кенет ол қатты сырқаттанып жатқан анасы ауруханадан шығатындығы және оған үйде ұзақ күтім жасау қажет екендігі  туралы емделуші дәрігерден хат алды. Мұраттан басқа қол ұшын беретін ешкім жоқ. Шешімді тез арада қабылдау керек. Мұраттың таңдауы қандай болады деп ойлайсыз?

  1. Марат пен Айсәуле мектептен бастап бір-біріне ғашық болатын . Екеуіне бүкіл ел қызығып, қараушы еді. Университет бітіргеннен кейін үйленбекші болып серттесіп қойған. Екеуінің де ата-анасы қарсы болмады. Міне, көптен күткен күн де алыс емес. Марат Айсәуленің кезекті хатын оқи бастады. «Марат, жаным? Хатты қалай бастарымды білмей отырмын.... Өткенде сәл қызуым көтеріліп дәрігерге бардым. Есіңде ме, 5 – сыныпта ұзақ ауруханада жатқаным. Сол сырқатым ушыққан екен. Дәрігер: «Ауруыңыз асқынып кеткен, дер кезінде дұрыс емделмегенсіз. Енді ешқашан нәресте сүйе алмайсыз» деп шешім шығарды. Бармаған емханам жоқ, зерттеу институтына да бардым. Бәрінің айтатыны сол. Міне, жағдай осы.  Туһһ.... Үстімнен ауыр жүк түскендей болды ғой. Ендігі сөз өзіңде. Жауабыңды асыға күтемін.» Мараттың жауабы қандай болады деп ойлайсыз?

6-Бекет. Кинотеатрда. Кино-жұмбақ. Флипчарт №8

  1. «Титаник»киносы
  2. «Қыз Жібек» киносы
  3. «Жаралы жүрек» киносы

Оқушылардың  «махаббат», «сүйіспеншілік» ұғымдары туралы ойларын тыңдап, адам өміріндегі мәнін қандай дәрежеде түсінгенін анықтау мақсатында пікірталас өткізу.

Пікірлесуге арналған сұрақтар: Флипчарт №9

  • Аталған шығармалардың сюжетіндегі ұқсас жақтары мен айырмашылықтарын айта аласыз ба?
  • Осы шығармалардың басты тақырыбы не?
  • Фильмдерде қарама-қарсы екі жақтың қарым-қатынасын сипаттайтын өшпенділік сезімінені тудырады?
  • Фильмдердегі оқиғаларды трагедия деп санайсыз ба?
  • Егер Сізге осыфильмдерді аяқтау құқығы берілсе бастапқыдай қалдырар ма едіңіз?
  1. Бекет. Театрда. Поэзия минуты. Флипчарт №10

М.Мақатаев

Ғашықпын!

Шын ғашықпын сол адамға!

Мен болмасам, болмайын. Сол аман ба?!

О, тәңірім! Неткен жан қайырылмайтын!

Жүрегі еттен бе, әлде қоладан ба?!

 

Ғашықпын.

Қайтіп оны жасыра алам,

Бір алтын оның әр тал шашы маған.

Сағынайын, таусыла сағынайын,

Сағынышқа жаралған ғашық адам.

 Ұнаттым мен...

Қалқаман Сарин

 

Кірпігіңді кіршіксіз шылап мұңмен,

Күн-түніңді өткіздің жылап-күлген.

Мүмкін... «Әлсіздігің» деп кінәларсың,

Сенің жалғыздығыңды ұнаттым мен.

Ұнаттым мен...

Құлазып, көп күрсініп,

Кейде қанат біткендей көкке ұмсынып.

Жалғыздықтан жаныңды құтқара алмай,

Тұңғиыққа өзім де кеттім сіңіп...

Дауа болмай дертіңе даңғаза түн,

Ауыр мұңнан арылып таңға жақын,

Айдай сұлу кейпіңде көз ілуші ең.

Жырға айналып бір сәтте мен жазатын.

 

Сен әлемді ұмытып, әлем – сені,

Көңіліңнің тарқайтын әрең шері.

Терезеңді түн қақса, беймаза мұң,

Үнсіздікпен басатын тағы еңсені.

 

Күздей болып күңіреніп, жазың жүдеп,

Кінәлама, айттың деп, назыңды көп.

Менің жалғыздығымның жалғыз ғана,

Жұбанышы – сендегі нәзік жүрек!..

Кетердей-ақ құрдымға құлап мүлдем,

Түседі еске кей күндер жылап-күлген.

Менің әлсіздігім бе, кім біледі?!

Сенің жалғыздығыңды ұнаттым мен..

 

Аяймын махаббатты жетім қалған

 Исраил Сапарбай

Өкінбеймін біреуді өпсең де өліп,
Өкінбеймін біреуге кетсең де еріп.
Жазмыштың маған жазған пендесіне
Мен-дағы кезігермін көп сенделіп.

Мұң ба екен,
Мұның бәрі уайым ба екен?!
Бүгінде ойым бөтен, жайым бөтен.
Қойнына қона алмаған қос аққуға
Қол бұлғап қала берер – қайың мекен…

Жабықпа,
жарылқасын бетіңді алдан.
Өткен күн өшкен, көшкен секілді арман…
Болар-ау бәрі де ұмыт,
Амалым не,
Аяймын махаббатты жетім қалған.

 

 Мұқағали Мақатаев

 

Алдыңнан терезеңнің жүріп өттім,
Сен мені байқадың ба, құдіреттім?
Тұрдың ба терезеңнің ар жағында
Теңселіп, тұтқан пердең діріл етті.

Неге өртенді?
Жүрегім неге өртенді?
Нелер келіп, басыма нелер төнді?
Балконыңнан қол бұлғап қарсы алушы ең
Неге менен жасырдың көлеңкеңді?

Көзің қайда көшеден мені іздеген,
Сөзің қайда жанымыз егіз деген?
…Терезеңнің алдына келіп тұрмын,
Көгершіндей…
Қысты күн… Жем іздеген… 

 Фариза Оңғарсынова

 Сен менің жанарыма жас тұндырып,
Өзгеге көңіл кілтін аштың күліп.
Ошаққа отырғызып кетті мені
Әне бір ұзын бойлы ақ сұр жігіт.

Мен қалдым шыр айналып қу далада,
Жете алмай арман болған ну жағаға.
Сезгендей сүлдерімнен бір сұмдықты,
Көз алмай көп қарады туған ана.

Жаншылдым, жанартаудай биік едім,
Жоқ енді сүйенерім, сүйінерім.
Мен үшін қызығы да, қайғысы да – 
бәрі бірдей секілді бұл дүниенің.

 Төлеген Айбергенов

Махаббат! Неткен алып, қайратты едің,
Мен сені мұншалық деп ойлап па едім.
Тұсаулап, табандатып тағдырымды,
Қолына қара көздің байлап бердің.

Көп екен өмір сыры білгізбеген,
Жаны пәк таныстым да бір қызбенен,
Түріліп шаттығымның томағасы,
Сырласа бастадым ай, жұлдызбенен.

Көз алмай қарай бердім кіл шыңдардан,
Қиялдан қолын созып құлшынды арман.
Әйтеуір, сол бір қызға кездестім де,
Тап болдым қуанышқа тыншымды алған.

Қорытынды.

Оқушылардан «махаббат» сөзінің мағынасын қалай түсінгендіктері сұралады. Олар өз ойларын ортаға салады. Оқытушы оқушылардың жауаптарын қорытындылайды.

Махаббат дегеніміз – шын жүректен жақсы көру сезімі. Махаббат – бақыт, шаттық, қуаныш, сүйіспеншілік, елігу, жақсы көру, құштарлық, сезім, түсінісу, өзара сыйластық, ізгілік, адамгершілік, жаны ашу, қайырымдылық, нәзіктік, шыдамдылық, төзімділік және т.б. түсініктерге тән адамның барлық сезімдері мен іс-әрекеттерін, қасиеттері мен сапаларын қамтиды. Ол анаға деген сүйіспеншіліктен басталып, бүкіл адамзатқа, елге, жұртқа, туған жерге, Отанға, әлемге деген махаббатқа ұласады. Сол махаббат адам баласының бақытты да бейбіт өмір кешуінің негізі болады. Өйткені, өмірдің бар жақсылығы жақсы көруден жаралған. Ал, солардың арасынан ғашықтық сезім арқылы білдіріледі. Бұл сезім отбасын құруға ұласып, оны мықты ұстап тұруға тікелей ықпал етеді.

8.Бекет. «Махаббат бекетінде». Айна.

Жүректен жүрекке

Оқушылар бір-біріне тілек шамы арқылы сезім шуағын тілеп, ән салады.

Ән. «Елім менің»

 

Олар Отанымызды қорғады.Брейн-ринг (интеллектуалдық ойыны)

$
0
0

Тақырыбы:   Олар Отанымызды қорғады.Брейн-ринг (интеллектуалдық ойыны)Т

Мақсаты:  брейн-ринг тәсілі арқылы оқушылардың  танымдық қабілетін арттыру, дүниетанымын кеңейту.

Міндеттері  1. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.  

  1. Елін, жерін, халқын сүюге.
  2. Отанын қорғауға тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі:   интерактивті тақтамен жұмыс.

Әдіс-тәсілдері:   Сұрақ-жауап,  түсіндіру, әңгімелеу.

 

Барысы:

Армысыздар,  құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер! «Халық кемеліне келіп өкендеуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» деп Ш. Уалиханов. «Ғылыми майданның жауынгері тек үнемі іздену, талпыну, тану, өмір мектебінен өту арқылы ғана оның қайраткері дәрежесіне дейін көтеріледі» деп Қаныш Сәтпаев атамыз айтқандай, еліміздің болашағы тек білімді жастар екені даусыз. 

Менің Елім! Гимнін орындау.

 

Ендеше осы мақсатта өткізгелі отырған брейн-ринг сайысымызға қош келдіңіздер!

Кешті ұйымдастару кезеңі мынадай ретпен жүргізіледі. 

1.Оқушылар екі топқа бөлініп отырады.

2.Топ мүшелері өздерін таныстырады.

  1. Әділқазы мүшелерін таныстыру.

            Бойыңда қайрат, тұрғанда сенім,

            Құрбаның болам, жолыңда сенің!

            Құлпырып мәңгі жасай бер, жаса,

            Сүйікті Отан, сүйікті елім.

           Құлпырып мәңгі жасай бер, жаса! деп бүгінгі сайсымызды бастаймыз. Сыныптағы оқушыларды

2 топқа бөліп, аттарымен таныс болыңыздар.

І топ  Жасұлан

ІІ топ  Айбын

 

Брейн-ринг  шарттары:

  1. Топпен таныстыру. Екі топ өз командасын таныстырып шығады.
  2. Блиц-турнир (сұрақ- жауап) Отан туралы сұрақтарға жауап береді.
  3. Брейн-ринг ойыны (полиглот ойыны) мұнда әр оқушы жұмбақ шешеді, орысшаға аударады.
  4. Көрнекі- бейнелеу (постер қорғау)
  5. Бәйге (Кім жылдам?) екі топқа 10-10 нан сұрақ қойылады, соған тез жауап беру.
  6. Мақал-мәтел жарысы (Отан туралы)

І. Таныстыру топ өз аттарымен таныстыру.

           І топ  Жасұлан

           ІІ топ  Айбын

 ІІ. Блиц-турнир (сұрақ-жауап)

  1. Қазақстан Республикасының Қазақстан Конституциясы қай жылы құрылды? (1992ж 7 мамыр)
  2. ҚР Қазақстан Конституциясының бас қолбасшысы кім? (Президент Н.Ә.Назарбаев)
  3. Б. Момышұлының әскери атағы кім? (гвардия полковнигі)
  4. Бірінші дүние жүзілік соғысы қай жылы басталды?    (1914 ж)
  5. ҚР Төтенше жағдайлар Министрі кім?       (Владимр Вашков)
  6. ҚР ҚК әскери жарғыларын  ата?   (саптық, тәртіп, ішкі қызмет, гарнизондық және қаруылдық жарғы)
  7. ҚР Президенті Әскери антты қай жылы бекітті? (1992 ж 25 тамыз)
  8. Бұл қазақ қаһарманы украйнада «Вася» деп атаған. Ол кім?   (Қ. Қайсенов)
  9. Офицердің табльдік қаруы? (тапанша)
  10. «Дарабоз» атанған батыр кім? (Қабанбай)
  11. Абылай ханның ту ұстаушы үш батыры кімдер? (Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай)
  12. Табиғи төтенше жағдайларға нелер жатады? (жер сілкінісі, қар көшкіні, су тасқыны, ормандағы өрттер).
  13. Мерзімді әскери қызметке шақыру жасы?    (18-27 жас)
  14. «ҚР Қорғау- оның әрбір азаматының қасетті парызы мен міндеті» деп қандай құжатта атап көрсетілген. (Еліміздің ата заңы- Конституцияда)
  15. Қазақтарда офицерді қалай атаған? (Сардар)
  16. Ұлы Отан соғысының басталған күні (22 маусым 1941 жыл)
  17. ҚР Мемлекеттік туының өлшемін ата? (ұзындығы- 2,1  ені-1м)
  18. Суық қару түрлерін атаңыз?  (Қылыш, семсер, найза, пышақ, айбалта, қанжар)
  19. Тәуліктік кезекші кімдерден тағайындалады? (қатардағы сарбаздардан)
  20. Қазақстан республикасының қорғаныс министірі (Серік Ахметов)

 

ІІІ. Брейн-ринг ойыны (полиглот ойыны) мұнда әр оқушы жұмбақ шешеді, орысшаға аударады.

  1. Қос құлақты, жүз тісті.

Жүзінен бір- ақ із түсті.      (ара-пила)

  1. Құс сияқты, құс емес,

самғап ұшқан биікке.

Қанаты бар қақпайды,

жүрсе де сондай биікте.                 (Ұшақ- самолет)

  1. Болса да көкте мекені,

Кездеспейді екеуі                   (Ай мен күн- солнце, луна)

2 аяқпен кезек-кезек тебеді,

Ол тынымсыз домалап, зыр жүгіре береді.    (доп- мяч)

  1. Тілден ұшып, құлаққа қонады. (Сөз- слова)

 

ІҮ. Көрнекі- бейнелеу (постер қорғау)

2 топқа екі түрлі тақырып беріледі, сол тақырыпты постер арқылы қорғайды.

1 топ   «Отан үшін от кешкендер»  тақырыбын

  • топ «Қазақстанның – мәңгілік ел» жолдауын кірістіріп елін қорғау туралы.

 

Ү. Бәйге (кім жылдам) екі топқа 10-10 нан сұрақ қойылады, соған тез жауап беру. 

І топқа

  1. Қазақ тілі қандай тілдер тобына жатады? (Қазақ тілі түркі тілдер тобына жатады)
  2. Сөздерді қазақ тіліне аударыңыз: Родина, право  (Отан, құқық)
  3. «Үш дана» кімдер? (Абай, Ыбырай, Шоқан)
  4. ҚР-сы тәуелсіздігін қашан жарияланды?  (1991ж. 16 желтоқсан)
  5. Ата заң қай жылы қабылданды? (1995ж. 30 тамыз)
  6. Не артық? (коньки, шаңғы, кітап, шана)
  7. Алғашқы спорт қай елде пайда болған? (Грекия)
  8. Қазақтың тұңғыш суретшісі кім? (Ә. Қастеев)
  9. Қазақша жыл басы? (тышқан)
  10. Ән ұранның сөзін жазған авторлары кім?  (Жұмекен Нәжмеденов, Н. Назарбаев)

ІІ топқа

  1. Қазақ тілінде қанша әріп, дыбыс бар?  (42 әріп, 38 дыбыс)
  2. Ханның кеңесшісі кім болған? (би болған Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)
  3. 1991 жылы ғарышқа ұшқан ғарышкер? (Т. Әубәкіров)
  4. Балуан Шолақ кім? (күрескер, палуан)
  5. Әшекей бұйымдарды кім жасайды? (Зергер)
  6. ҚР ақшасы (теңге)
  7. Не артық? (Шаңырақ, терезе, кереге, уық)
  8. 22 наурыз қандай мереке? (Қазақша жаңа жыл)
  9. Күндіз көрмейтін құс (жапалақ)
  10. Ту, Елтаңбаның авторлары кімдер? (Ш. Ниязбеков, Ж. Мәлібеков, Ш. Уалиханов)

 

ҮІ. Мақал-мәтел жарысы (Отан туралы)

Екі топ бір бірінің мақалдарын қайталамай айтуы керек. 5-5 мақалдан айтуы керек.

 

Қорытынды:  Бір ата, бір ананың түлегіміз,

                        Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.

                       «Бірлік барда тірлік бар» деген бабам,

                        Бірлікпен бірге соқсын жүрегіміз.    Дей отырып осымен брейн-ринг ойыны аяқталды.

Ғарышқа ұшу. Ғарышты игеру.

$
0
0

Тақырыбы: Ғарышқа ұшу. Ғарышты игеру.

Мақсаты: Тұнғыш ғарышкер, қазақ ғарышкерлерімен таныстырып, олардың ғылыми  жұмыстары туралы айтып, оқушы бойына зерттеушілік жұмыстарға деген қызығушылықты ояту. Танымдық қызығушылықтарын, бақылай білу, талдау, қорытынды жасй білу дағдыларын дамыту. Ғарыштық әлемге қызығушылықтарын ояту.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымд. кезеңі. Балалар, біз бірін ғарыш әлеміне саяхатқа шығамыз.
  2. Үй жұмысын тексеру

Білімін тексеру.

 

Тест.

  1. Күн жүйес. ғаламш-ын кімдер зерттейді?

а)

ә) Астрономдар

б)

  1. Күнді неше ғаламшар айналып жүр?

а)7

ә)8

б)11

  1. Юпитер- бұл

а) Күн жүйес. ең үлкен ғаламшар?

ә)

4.Күн жүйес. ғаламш-р қандай ретпен орналасқан?

а)

ә)

б)

  1. Жердің серігі бар ма?

а)бар, біреу Ай

ә)

б)

Тесті тексеру.

  • Жаңа сабақ

Ғарышкер туралы өлеңді бірге айтамыз.

Ғарышкер болу үшін не істеу қажет? Ғарыш деген не?  Ғалым

 

Оқулықпен жұмыс.

Іштеу оқу. Кезекпен оқу.

Ұжымдық жұмыс. Түнгі аспан.

Әрбір жұлдызда сұрақ бар. Егер сол сұраққа жауап берсең, сенің жұлдызың жанады.

Сұрақтар:

  • Жердің жасанды серігі қашан ұшырылды? (1957 ж. 4 қазанда)
  • Алғашқы ғарышқа ұшқан адам кім? (Ю.Гагарин 1961ж. 12 сәуірде)
  • Ю.Гагарин ғарыштан Жерді неше минут бойы бақылады? (108 минут)
  • Қазақтын тұнғыш ғарышкерлерін ата. ( Т. Әубәкіров, Т. Мұсабаев)
  • Ғарыштық денелерге нелер жатады? (Жер, ай, күн)
  • 12 сәуір күні қандай күн? (Ғарышкерлер күні)
  • Күн дегеніміз не? (Жұлдыз)
  • Жер дегеніміз не? ( Ғаламшар)
  • Күннің пішіні қандай? (Шар тәрізді)
  • Барлығы неше шоқжұлдыз бар? (88)
  • Күн жүйесіне нелер кіреді (Ғаламшарлар)

 

Өте жақсы балалар. Тапсырманы орындадық. мен ойлаймын сендердің болашақта жұлдыздарын жанып, әркім әрқашан биіктен көрінуге талпынады.

 

  1. Ал, балалар күн жүйесіне нелер кіреді?

Ғаламшарлар.

Бүгін бізге қонаққа бірнеше ғаламшар келіп, өздерімен бірге тапсырма әкеліпті. Балалар , біз қай ғаламшарда өмір сүріп жатырмыз? Жер ғаламшарында тұрамыз.

  • Жер-Фархат (мәлімет)
  • Меркурий- Б.Малика жұмбақ жасырады.
  • Досы робот Питбуль ----- ал, енді сөзді досыма берейін.
  • Астрономия деген не?

3) Шолпан- Анеля

4)Юпитер-Мадина

5)Нептун- Данияр

6)Уран- Камила

7) Сатурн- Шадияр

8)Марс- А.Малика (Сергіту сәті)

 

  1. Ғарыш сөзіне топтау жасау.

 

Ғарыш

 

 

12 сәуір бүкіл адамзат ғарышкерлер күні ретінде атап өтеді.

Жер бетіндегі барлық тіршілік атаулының тағдырына жауапты адам. Біз өзіміздің жер ғаламшарымызды қорғаумыз керек!

 

  1. Бағалау.

Үйге тапсырма. Мәтінді түсініп оқып келу.

Viewing all 337 articles
Browse latest View live


<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>