Quantcast
Channel: Тәрбие сағаты - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all 337 articles
Browse latest View live

Желтоқсан шежіресі – елімнің мәртебесі

$
0
0

Жұмағазиева Данасұлу Жүсіпқызы

Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы

№ 2 К.Э.Циолковский атындағы мектеп мұғалімі

 

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Желтоқсан шежіресі – елімнің мәртебесі»

Мақсаты:    білімділігі: оқушыларға 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының болу себептерін және тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсіндіру.
тәрбиелігі: Отан-Ананы құрметтеу, тәуелсіздікті бағалай білуге, ұлтжанды, елжанды болуға, елінің тәуелсіздігі жолында күрескен ерлердің қаһармандығы мен күрескерлік ерліктерін әрдайым есте ұстауға, үлгі ете білуге үйрету.
дамытушылығы: оқушының ойын жеткізе білуі мен тіл байлығын дамыту, өлеңді мәнерлеп оқу, әр сөздің айтылуына көңіл бөлу, дикциясы мен интонациясын дамыту.
Көрнекілігі: Желтоқсан қаһармандарының суреттері (Қайрат, Лаззат, Сәбира, Ербол), интерактивті тақта, тақырып желісі бойынша слайдтар, мазмұеды суреттер, шарлар, нақыл сөздер..

  1. Ұйымдастыру. Кіріспе сөз.

Құрметті ұстаздар, оқушылар!

Біз бүгін дүниені дүр сілкіндіріп, тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсанына арналған «Желтоқсан шежіресі – елімнің мәртебесі» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз. 1986 жылы 16-17 желтоқсанда Алматы қаласы бұрынғы астанамыз қазіргі бас қаламызда мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп, бейбіт шеруге шықты. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақтың ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сабира Мұхаметжанова, Ербол Сыпатаев сынды аға-апаларымыз қатысты. Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы армаандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.  

1-жүргізуші:

Армысыздар, аяулы халқым менің!

Ардақта дәстүріңді салтыңды елім.

Мереке басы болсын берекенің,

Игі еңбек жемісінің бәрін жегін

2-жүргізуші:

Құрметті ұстаздар және Тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпағы. Тарихымызда ерекше орны бар, халқымыздың қасіреті мен ар-намысына, сонымен бірге мақтанышына айналған оқиға – бұл 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы болатын.

1-жүргізуші:

Әр дәуірдің еркіне сай

Нарқы өзгерген алтынның.

Айналайын, алтын әнім,

Жас өркені халқымның.

Желтоқсанда шындық жырын

Шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді,

Ел болсақ деп талпындың.

2-жүргізуші: 1986 жылы 17 – желтоқсанда Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп, шеруге шықты. Олар «қазақ елінің өз көсемі сайлансын» деген тілек білдірді.

1-жүргізуші:

Сол кездегі үкімет басшыларының бұйрығымен оларға күш көрсетілді. Көптеген жастар түрмеге қамалды. Оларға желтоқсанның ызғарлы күнінде зәбір көрсетілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «бұзақылар», «ұлтшылдар», «нашақорлар» деген кінә тағылды.

1-оқушы:

Нашақор деп, ұлтшыл деп,

Қазаққа күйе жаққан күн

Базары кетіп бір күнде

Қайғыға халық батқан күн

Әділдікпен шындықты

Өтірік жала жапқан күн.

2-оқушы:

Желтоқсан-заман толғағы байтақ даланың

Шарпысқан сәтті үміт пен күдік наланың.

Қайрат, Ләззат, Сәбира

Құрбаны болған жаланың.

3-оқушы:

Надан жасаған сұмдықтан

Адамдар азап шекккен күн,

Қасқалдақ  ұшып көлінен

Шүрегей келіп қонған күн.

Қырандар қуып көгінен

Қарғалар билік алған күн.

4-оқушы:

Шектеліп ана тіліміз,

Оқылмай өлең-жырымыз

Жабылып жатса мектептер

Жадырар қалай күніміз?

Тарылып жатса даламыз

Қайтіп біз тыныс аламыз?

Қақымыз да жоқ айтуға

Әділет қайдан табамыз?

5-оқушы:

Бұрқ етті қазақ баласы

Кеудеге өршіп наласы

Алаңға қарай ағылды

Таусылып барлық шарасы

Жанымыз жомарт қазақпыз

Мәңгүрт боп кете жаздаппыз

Қосайық басты, бауырлар,

Жанайық жансақ маздап біз.

6-оқушы:

Желкеге тиді сілтеген күрек, қамшылар,

Соққыға мұндай, қасапқа қандай жан шыдар?

Жастарға шашқан мұз судан мұз шашырап,

Ауылда жатқан маған да тиді тамшылар.

7-оқушы:

Жас арудың жанарында –Желтоқсан,

Қанды ғасыр табанында –Желтоқсан

Қаралы өмір қайыстырған халқымның,

Қара тұман қабағында –Желтоқсан.

Жауыздықты жасаған да-Желтоқсан

Жаңа ғүмыр бастаған да –Желтоқсан

Жазықсыздың көз жасына жуынып,

Абақтыға тастаған да-Желтоқсан

 

8-оқушы:

Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула!Лаула!Желтоқсанның мұзда жанған алауы!

Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің,

Ешқашанда тиісті емес еңкеюге жалауы!            

2-жүргізуші:

 Хор:  «Желтоқсан желі»

  1. Көркемсөз. «Батыр ескерткішінің алдында»

 

1-жүргізуші:

Иә, бұл күнге жету үшін ата-бабамыз қан төкті, жанын берді, бүкіл жеріміздің тұтастығын сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа табыс етті.

2-жүргізуші:

Бірақ қазақтың өр өлдары мен ер қыздары көбеймесе азаймады. Оның айғағы  – 23 жыл бұрынғы ел намысы үшін жанын құрбандыққа қиған желтоқсандықтар болатын.

1-жүргізуші:

Оның айғағы – дүниені дүр сілкіндіріп, әлемге қазақ деген атты паш  еткен Желтоқсан оқиғасы.

 9-оқушы

Қақап күннің ызғары

Сүйектен өтіп кеткен күн.

Қаракөз қазақ қыздарын

ОМОН-дар бастап тепкен күн

Қариялар итке таланып,

Ел басын күрек шапқан күн

Аппақ қар қанға боялып,

Қып-қызыл мұз боп жатқан күн.

10-оқушы:

Желтоқсан – тарихымда әйгілі күн,

Ерттеп мініп ар –ождан сәйгүлігін

Ерлерім елдік үшін атой салып,

Еншілер қайтарған бәйгелі күн.

11-оқушы:

Желтоқсан тағдырларға азалы күн,

Қайраған намыстарын мазалы мұң.

Қыршынынан қиылған боздақтары

Қалар мәңгі есінде Қазағымның.

12-оқушы:

Желтоқсан – қайсар ерлік, қуатты күн,

Жігер оты маздаған тұрақты ұғым.

Тәуелсіздік билігі қолға қонған-

Тәңіріме Желтоқсан шуақты күн.

13-оқушы:

Желтоқсан – жадымызда жаралы күн

Жастарым жапа шеккен жаралы мұң

Еркіндік, егемендік, елдігімді

Емірене аңсады саналы ұғым.

 14-оқушы:

Тарихым жатыр тасымда,

Тіл қатып келер ғасырға.

Азаттық деген ұғымның

Желтоқсан тұрар басында!

 

15-оқушы:

Бақтың құсы әр адамға қонып бір,

О,Тәңірім, бізді баққа жолықтыр!!.....

Бүгін, міне, Тәуелсіздік ағайын,

Әр Қазақтың жүрегі деп соғып тұр!.....

2-жүргізуші:

Хор: «Қазақстаным менің»

Ән   «Алға, қазақ жігіттері»

1-жүргізуші:

Күндік кешпей, мұз кешпей,

Ат артында міңгеспей,

Мұңдық болып мұңаймай.

Тәкапәр нағыз құдайдай

Қасқайып қарап тұратын

Ағасы өлсе іні боп,

Жауына қарсы шығатын,

Арыстандай алысып,

Жолбарыстай жұлысқан

Қыздары көп қазақтың – демекші өзінің жас өмірін қиып кете берген Сабира Мұхаметжанова өмір жолымен танысып өтейік.

16-оқушы:

(Сабираның өмір жолы туралы слайдтар жүріп жатады)

Сабира Мұхаметжанова 1985 жылы сегіз жылдық мектепті үздік бітіріп, бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлайтын оқу орнына студент болып қабылданды. Ол Алматыдағы жастар шеруін жұдырықтай жүрегімен қолдап, Өскемен қаласының көңілі ашық, көкірегі ояу студенттерімен бірге Ушанов алаңына қарай өлең айтып, шеру тартты. Өскемен жиналысында Сабираны айыптап, тәртіпсіз деп бағалаған. Сөйтіп, албырт жас жатақхананың өзі тұратын бөлмесінің терезесінен секіріп қаза тапты.

2-жүргізуші:

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.

Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның

Айналайын, айналайын жас өркені

Желтоқсанның қазаққа

Ызғары көп тастаған

Намыстан өлген ұлтиымның

Қыздары көп, қарағым

Өр намыс иесі, қайсар, жас қыз Лаззат Асанова жайлы айтып өтсек.

17-оқушы:

(Лаззаттың өмір жолы туралы слайдтар жүріп жатады)

Лаззат Асанова Алматы облысы, Панфилов ауданы, Ақжазық ауылында дүниеге келген. Алматының Чайковский атындағы музыкалық учелищесінде қобызшы мамандығы бойынша оқып жүрген Лаззат Асанованың он алты жылдық қысқа ғұмыры арта үзілді. Лаззатты жерлеудің алдында денесін ақ жауып, арулаған кезде оның екі білегіне салынған темір бұғаудың қалдырған көкпеңбек іздерін, бас сүйегінің шүйдесі ойылып кеткені анықталды. Осыған қарағанда ол жазалаушылардың қорлы,ынан қаза тапқан. Лаззат әпкемізді мәңгі есімізде қалдырамыз. Аруағына бас иеміз.

18-жүргізуші:

Еш алаңсыз бейбіт демонстрация күшпен басылып, қанмен тойтарылды, жас өмірлерді қиып кетті.

Тәртіп қорғау санаға екті нені,

Өз халқына ойпырмай кекті ме еді?

Азаматты сойылмен қанға бояп,

Шаштан сүйреп, қыздарды тепкіледі-дей келе қанды Желтоқсан оқиғасының алғашқы құрбаны болған Ербол Сыпатаевқа тоқтала кетейік.

 19-оқушы:

(Ерболдың өмір жолы туралы слайдтар жүріп жатады)

Ербол Сыпатаев Талдықорған облысы, Панфилов ауданының Ленин атындағы совхоздың екінші бөлімшесінде туып өскен. Ол – Энергетика институтының ІІ-ші курс студенті болатын. Ербол бір үйдің жалғыз баласы еді. 1986 жылдың 18-желтоқсанында кешкі сағат 2000-де ауруханаға бас сүйегі мен иығынан ауыр жарақаттанған Ерболды әкелді. Ол есін жимастан қайтыс болды. Біздер Ербол ағамыздың жастық жігері мен ерлігін мәңгі есімізді сақтап, аруағына бас иеміз.

2-жүргізуші:

Тарихта «Құйын» операциясы деген атпен мәңгі қалатын жойқын шабуыл демонстрацияны қуып тарату операциясы жоспардағ,ыдай аяқталды. Қанға бөккен қала көшелері мен алаңдар қаңырап бос қалды. Қазақтың әр үйіне үрей кірді, әр қазаққа «ұлтшыл», «нашақор», «маскүнем» деген айып тағылды. Алаңға жиналған қазақтың, әрбір жас өркенінің артына шам алып түскен қуғындау, қудалау басталды. Оның ішінде ату жазасынан бастап жиырмадан бір жылға бас бостандығынан айырған жазаларды ұлттық қаһармандарымыз арқалап кете барды.

Соның бірі – Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков еді.

20-оқушы:

(Қайраттың өмір жолы туралы слайдтар жүріп жатады)

Қайрат Рысқұлбеков Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданында, Бірлік аулында дүниеге келген. 1982 жылы ол Алматы Сәулет құрылыс институтына түседі. Сол Желтоқсан оқиғасынан кейін оны «Савицкийді өлтірген қылмыскер» деп жала жауып «Аса қауіпті қылмыскерлер изоляторында» ұстады.

1-жүргізуші:   

Әр қазақтың есінде сақталады,

Желтоқсандық өркендер ақталады.

Ер намысын қорғаған сарбаздарым,

Ерліктерің мәңгілік сақталады.

III. Көрініс:      «Қайраттың тұтқындалуы».

2-жүргізуші:

 Кәдімгі миллиондаған түндердің бірі. Бірақ бұл түн өзгеше түн еді. Себебі бұл түнде қаланың кез-келген тұсынан ұсталған жастарды ұрып соғып, өлімші халге жеткізді. Осындай өатыгещдікті көрген оларға араша түсем деп жұргендердің арасында Қайрат Рысқұлбеков те бар еді.

 

Миллиционер: - Ұстаңдар бұзақыны! Әкетіңдер, жауып тастаңдар!

Савицкийді өлтірген сен бе ?

Қайрат:  - Жоқ, мен емес!

 

Миллиционер: - Сен өлтірген мойныңа ал!

Қайрат: - Мен өлтірген жоқпын, өтірік жала жаппаңдар!

 

Күнәдан таза басым бар,

21-де жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар,

Еркек тоқты құрбандық

Атам десең атыңдар!

Миллиционер: Алып кетіңдер! Бәрібір құтылмайсың бұзақы.

                                               (Қайратты алып кетеді)

2-жүргізуші:  Қайрат  ақынның түрмеде жазған өлеңдерінен үзінді тыңдаңыздар. (жай музыка жүріп тұрады)

                                    

21-оқушы:    «Түрме жыры»

Тор темір жамбасыма тақылдайсың,

Өзіммен бірге туған жақындайсың.

Телміріп темір торға қаматқанша

Сұм дүние, бұл жалғаннан неге алмайсың,

Ауылдағы жақсы екен ғой салған әнім

Қу тағдыр татырды ғой  түрме дәмін,

Қайдағы пәлеқорлар жала жауып,

Жазықсыз қылмыскер боп кетті сәнім

Тас төбе, төрт қабырға, темір есік,

Ас берер ортасында жалғыз тесік,

Күніне ұстатады үш тілім нан

Өлмейтін саған ішер осы нәсіп

1-жүргізуші:

Көрініс:     «Қайратты тергеу сәті».

2-жүргізуші:

Тұрыңдар! Сот келеді.

Тергеуші:      Сот процесін бастаймыз!

1-ші куәгерді шақырамыз. Сізге сұрақ: Сіз алаңда Қайрат

Рысқұлбековтің Савицкийді өлтіргеніне куә бола аласыз ба?

1-куәгер: Боламын өз көзіммен көрдім. Керек десеңіз мен де қолында

                 таяғымен түскен суреті бар. Ол – ұлтшыл Қайрат оңбаған!

Тергеуші: 2-ші куәгерді шақырамыз. Сіз Қайрат Рысқұлбековтың

Савицкийді өлтіргенін бейнетаспаға түсіргеніңіз распа?

2-куәгер: Рас – рас ол Савицкийді аяғымен теуіп, таяқпен ұрды. Менің

қолымда түсірген бейнетаспа бар.

Тергеуші:      Енді Қайрат Рысқұлбековке сөз беремін.

Қайрат:  Мен ұлтшыл да, кінәлі де емеспін.

Сот: Барлық куәгерлерді тыңдай отырып Қайрат Рысқұлбековті айыпты деп

табамын.

Қайрат:   Хақ. о халқым!

Өткен заманымызда бас кесер өлім алдында өлім жазасына

кесілгендердің соңғы тілегін орындайды. Менің де соңғы ақтық сөзім

бар.

(Қайғырған музыка журіп түрады)

Ақтық  сөзі:

Жалалы боп, қатты батты жаныма,

Жазалаушы қағаз алдым қолыма

Жігіттер ай, айтып айтпай не керек

Жазған екен маңдайыма сорыма,

Біріншіден мен анамды сағындым,

Екіншіден бұл құдвайға не қылдым

Бостандықта еркін жүрген жан едім

Енді міне абақтыға жабылдым,

Әкетай ау Пайғамбардай жасың бар

Туа бермес сіз секілді  асылдар

Қартайғанда жүрегіңізді жаралап,

Кесір болды ай біз секілді масылдар.

Айналайын, қарындасым, қарағым,

Қолда кісен, мен айдауға барамын.

Қайғы шегіп, азап тартқан ағаңды,

Айтшы жаным, қандай жанға баладың.

Айналайын, інішегім, құлыным,

Сені ойласам үзіледі жұлыным.

Сенің ерке ақ жүзіңді көре алмай,

Кетіп барам мен айдауға құлыным.

Күнәдан таза басым бар,

21-де жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар

Алам десең алыңдар

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар,

Еркек тоқты құрбандық

Атам десең атыңдар!

Мен не етермін, не етермін,

Мен келмеске кетермін.

Көрмеген хош бол, таңдарым,

Көре алмай мен өтермін.

Тергеуші: Сот процесі аяқталды.

1-жүргізуші: Осыдан кейін жастайынан қыршын кеткен Қайрат сияқты ағамызда 21 жасында қаза тапты.

            Желтоқсан жұлдыздары Қайрат Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Сәбира, Ләззаттарға ақтау жөнінде анықтама қағаздары берілді.

            Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,

            Жұртым менің не қиындық көрмеді!?

            Жылап тұрып Аналарым бұл жолда,

            Сан перзентін қара жерге жерледі.

2-жүргізуші:

Болсын осы ар алдында сөз ақтық,

Қан мен намыс болса бойда қазақтық.

Қайтпас қайсар қасиетті күреспен,

Алыппыз біз мәңгі теңдік азаттық.

  1. Тәуелсіз ел туралы даналық сөздер, мақал-мәтелдер.

Би: «Қаражорға»

       1-жүргізуші:     

            Қазақпын еңселі елмін егеменді,

            Кеңейттім кең әлемге керегемді.

            Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар

            Таныды тепе-тең деп тереземді.

            Қазақпын қойнауы- құт, жері дархан,

            Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.

Ән: «Астана»

            (әсем қала Астана туралы слайдтар жүріп жатады)

  1. Қорытынды

2-жүргізуші:

Міне, осы тәуелсіздіктің туын желбіреткен ұлтжанды аға-апаларымыздың арқасында егеменді ел болуға қол жеткіздік.

Осымен Тәуелсіздік мерекесіне арналған

«Желтоқсан шежіресі – елімнің мәртебесі» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көптен-көп рахмет.

 

 


Біз әдепті боламыз!

$
0
0

Жұмағазиева Данасұлу Жүсіпқызы

Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы   

№ 2 К.Э.Циолковский атындағы мектеп мұғалімі

 

Тақырыбы: Біз  әдепті  боламыз!

Мақсаты:

білімділігі: оқушыларды жақсылыққа, жаман әдеттен аулақ болуға,үлкенді  сыйлауға, кішіні ренжітпеуге үйрету.

дамытушылығы: шыншылдыққа,инабаттылыққа, ата-анаға мейірімді болуға, туған  жерге, айналадағы заттарға ұқыпты болуға баулу.

тәрбиелігі: оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке, мейірімділікке   тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  мақал- мәтелдер,нақыл сөздер жазылған плакаттар,кітаптар,

                        суреттер, шарлар.

 

Мақал-мәтелдер: 1. Әдепті бала ата-анасын мақтатар

                                     Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.

  1.  Адамдықтың белгісі-иіліп сәлем бергені

                                     Әдептілік, ар-ұят- адамдықтың белгісі.

 

Нақыл сөздер:  1. «Адамгершілік кімде болса,соны ер деп есепте.»

  1.   «Қыз анадан үйренбей өнеге алмас,ұл атадан үйренбей

                                 сапар шекпес.»

   Барысы

 

І.Ұйымдастыру

 

Кіріспе:

Мұғалім: Армысыздар, ұлағатты ұстаздар! Бармысыздар жадыраған жас достар! «Біз әдепті боламыз!» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

        Қазақ халқы ерте кезден –ақ әдептілікті жоғары  бағалай білген. Отбасында баланы кішіпейілділікке, ізеттілікке, имандылыққа, тәрбиелеуді мақсат етіп қойған. Бүгінгі тәрбие сағаты жақсылыққа  жол бастап, жамандықтан арылуға  бағыттайды. Әдептілік деп-үлкенді сыйлауды, достарды, айналадағы адамдарды құрметтеуді  айтамыз. Әдепті адам басқадан сыйласым күтпей-ақ, алдымен өзі басқаны құрметтеп, ардақтай біледі. Көпшілікке өзінің әдептілігін көрсетеді.

         Халқымыз өз ұрпағын «Әдептілік ар-ұят –адамдықтың  белгісі.

                                              Тұрпайы мінез тағы жат-

                                              Надандықтың белгісі»- деп әр жастың әдепті,сыпайы,  инабатты болуын қадағалаған.

        Ал қазір адам бойындағы жақсы, жаман қасиеттер қандай  болады екен, осы жайлы сынып  оқушыларына сөз берейік.

 

 ІІ. Әдеби монтаж

                   1-оқушы:

                    Етек кетер салақтап,

                    Бос жүріспен далақтап.

                    Ұқыптап  сабақ ұқпайды,

                    Өз бетімен  алақтап.

 

                    2-оқушы:  

                    Ілгек, түйме жұлынып,

                    Кешке дейін алысар.

                    Әркімге бір ұрынып,

                    Құспен, малмен жарысар.

 

                    3-оқушы:  

                    Шашы түсіп көзіне,

                    Түсінбей ақыл сөзіне

                    Мұғаліммен  таласар,

                    Дәлел тауып өзіне.

 

                    4-оқушы:

                    Дәптер ,сөмке –бәрі  де,

                    Дал-дал болып  жыртылған.

                    Сия төгіп бәріне,

                    Шимай салған сыртынан.

 

                    5- оқушы:

                    Кеше  ғана қадалған,

                    Өміртайдың түймесі.

                    Орнында жоқ  япырмай,

                    Қайда кеткен  бұл несі.

 

                    6- оқушы:

                    Тазаланып тұру керек,

                    Ерте мен кеш жас бала.

                    Кір-кір болу елден ерек,

                    Мүлдем  ұят ,мүлдем ұят  масқара.

 

Хор: «Жас дәуірдің түлегіміз»

 

 

 

III. Жыр шумағынан үзінді

 

  « Адам болам  десеңіз»  - Аида 2« А» кл      

 

  1. IV. Мақал-мәтелдер.

 

  1. Сұрақ-жауап. «Ізгілік, әдептілік, адамгершілік»

 

  1. Көрініс. «Көліктегі тәртіп»

     

 Ән  «Бала тілегі » -  Бекзат  2 «А» кл     

               7- оқушы:

                  Қайыр күтпе баладан,

                  Өз мысығын сабаған.

                  Кім алдаса анасын,

                  Оған қалай нанарсың.

 

                  8- оқушы:

                  Екі болса алғаны-

                  Бала ұята  қалғаны,

                 Ойнап жүріп жыласа-

                  Орынды емес бұл аса.

                 Добын қимас ойнауға,

                  Ұят сараң болғанда.

 

                  9- оқушы:  

                  Бәрі жақсы баланың    

                  Беске оқитын сабағын.

                  Азаматтық оны де,

                  Ойнатса кім інісін-

                  Мақұлдайын мұнысын.

 

                10- оқушы: 

                  Өзі түйме қадаса-

                  Мұндай бала тамаша.

                  Барын берсе қолдағы-

                  Бала жомарт болғаны.

               

                  11- оқушы: 

                 Кішілерге қамор бол,

                  Сүйікімді бала атанып.

                  Сүйсінткің келсе кісіні-

                  Жіберме үлкен қателік.

 

                    12- оқушы: 

                    Жәбірлей көрме кішіні

                    Келеді сәби көшеде,

                    Итеріп  оны қалма сен!

                    Кіші де  өсер ер жетіп,

                    Үлкендік оған қылма сен!

 

VII. Қазақтың ырымдары

 

Ән «Ізеттілік әліппесі »

 

Би « Бипыл» Бір топ қыздар.

 

                     13- оқушы:

                     Әдептілік деп – үлкенді сыйлауды, достарды, айналадағы

                     адамдарды құрметтеуді  айтамыз.

 

                     14-оқушы:

                     Инабаттылық- әдептіліктің әсем көрінісі,

                     қарапайымдылық,сыпайылық, тіл алғыштық, адалдық, ұқыптылық,

                     жауапкершілік.

 

                    15- оқушы: 

                     Инабатты, биязы мінезді қарапайым, қаморшы адамдарды  халық  

                     нағыз перзентім деп үлгі тұтады. Сыпайы болу дегеніміз-әдеп

                     сақтау, әдептілік  үлгісін, мәдениеттілігін  көрсету.

 

 

                    16- оқушы: 

                     Әдеп сақтау- әдептілік, яғни мінез-құлық пен адамгершілік

                     қарым-қатынастың қалыптасуын, эстетикалық ережесін

                     бұлжытпай орындау. Әдептілік бұзылса, халық дәстүрі де

                     бұзылады, ұлттық  намысқа нұқсан келеді.

 

                    17- оқушы:  

                     Сонымен әдептілік дегеніміз әдеп, ізет, инабат, сыйласым,

                     құрмет, қаморлық деген сөздерді білдіреді.

 

Хор «Не деу керек?»  

VIII.      Топтық жұмыс

        (проблемалық жағдаяттар)

 

  1. Қорытынды.

Ә.Тәжібаев «Сырдария» өлеңі

$
0
0

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Ғ.Сланов атындағы орта мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жұмағұлова Айсұлу Дәулетбайқызы       

Қазақ тілінен қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Ә.Тәжібаев «Сырдария» өлеңі

Сабақтың тақырыбы:

          Ә.Тәжібаев   «Сырдария» өлеңі

Жалпы мақсаты:

1.Жазушының өмірімен,  шығармашылығымен таныстыру;

2.Өлеңнің идеялық тақырыптық мәнін ашу;

3.Оқушының ауызша және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру, жеке тұлғаны дамыту, ақын тіліне деген көзқарасын білу, шығармашылық қабілетін дамыту арқылы туған жерді және табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу. 

Күтілетін нәтижелер:

1.Оқушылар  бірлесе ынтымақтастықпен жұмыс атқарып, өлеңнің мазмұнын меңгереді,өлеңнің негізгі идеясын анықтайды, біріге қорытынды жасайды.

2.Адам өміріне жарап жатқан өзеннің пайдасын біледі, туған өлкеге деген сүйіспеншілігі артып, оны қорғауға атсалысады; қоршаған ортаны таниды және ойын еркін жеткізеді.

3. Өзгелердің пікірін тыңдай отырып, шығармашылықпен жұмыстанады., тіл байлығын арттырады.

4.Өлеңге композициялық талдау жасайды.

5. Сыни тұрғыдан ойлауға үйренеді.

Негізгі идея

Ауызбіршілік, ынтымақтастық

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Тренинг,топқа бөлу,топтық жұмыс, жеке жұмыс, СТО, Блум таксономиясы, АКТ, «Жұмбақ әуен», «Сөздер банкісі», «Екі жақты күнделік», «Сәйкестендіру кесте», «Оқыту үшін бағалау», «Көршімнің портреті», Сыни ойлау, ой-пікір,сурет, шығармашылық жұмыс.

Оқыту әдісі

Жеке

Жұптық

Топтық

Көрнекілігі

АКТ,оқулық, карта, кеспелер, тәттілер, қорапша,

Жүргізілетін жұмыстар

Сабақтың кезеңі, уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Мотивациялық кезең

1.Ұйымдастыру кезеңі

 

 

 

 

І.Білу

 

 

 

 

 

 

 

2.Топқа бөлу

 

 

 

 

ІI.Түсіну

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III.Қолдану

 

 

 

 

 

 

IY.Талдау

 

                

Y.Жинақтау

 

YІ. Бағалау

 

  Кері байланыс

Оқушы назарын сынып ережесіне аудару

1.Әдепті бол!

2.Белсенді қатыс!

3.Бірлесе жұмыс жаса!

4. «Тыңдай білу де өнер»

 

 Үй тапсырмасын сұрау.

1.Қ.Аманжолов. «Өзім туралы» өлеңіне ұқсастыра отырып өлең шығару.

2.Өлеңнің әуенін үйреніп келу.

 

Фотосуреті жапсырылған тәттілер арқылы  бір-біріне тілек айтып, түсіне қарай топқа бөлінеді.

 

3.АКТ мен жұмыс

1.Сазды әуен.(«Сыр сұлуы» әнінен үзінді)

-Балалар бұл әуеннен не білдіңіздер?

2.Жұмбақ сурет («Толағай» ертегісіндегі батырдың бейнесі)

-Балалар төменгі сыныпта қандай әдеби ертегі өттік, тау көтерген батыр кім? Шығарманың авторы кім?

 

 

4.Диалогтік оқыту, көшбасшылық

                   «Джигсо» әдісі

        Қазақстанның картасынан  Сырдария    

                           өзенін көрсету

 

 

5.Автор туралы мәлімет беру.

Ә.Тәжібаев туралы электронды оқулықтан мәлімет беру

   

Ә.Тәжібаев-ақын және драматург, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның халық жазушысы, Ол 1909 ж Қызылорда қаласында дүниеге келген.

Гейне-

неміс ақыны

Тарас-украйн ақыны

Пушкин-орыс ақыны

Рейн-Германиядағы өзен

Днепр-Украйнадағы өзен

Еділ(Волга)-

Ресейдегі өзен

 

                                                

6.Ой түрткі

 Мақал-мәтел, ырым тиым сөздер айту.   (Су,сүт, ана, туған жер туралы)

 

7. Шығармашылық жұмыс (Ақын өз туған елін,өзенін жырласа, бізге неге жырламасқа Жайықта туған елімді?!)

1-топ  Жайық өзені туралы өлең құрастыру

2-топ   Жайық өзені туралы шығарма жазу

 

8.Өлеңге композициялық талдау жасау.

1-топ  Өлеңді құрлысына талдау.

1. Авторы-         Ә.Тәжібаев

2. Тақырыбы-  Сырдария

3. Идеясы-         Туған жерге деген шексіз         

                       сүйіспеншілікті дәріптеу.

4. Жанр түрі-   Поэзия

5. Лирикасы-   Табиғат

6. Шумақ-         6 шумақ

7. Тармақ-        24 (әр шумағы 4 тармақ)

8. Бунақ-           2 бунақты өлең

9. Буын-            7-8 буынды өлең

10. Ұйқас түрі- қара өлең, кезекті ұйқас.

2-топ     Өлеңге  теориялық талдау жасау.

1.Эпитет-     Сұлу өзен, қарт ана, қадірлі ана.

2.Метафора-  Ел анасы-менің анам.

3.Кейіптеу-     Жасарыпсың қадірлі ана,

                      Ақ түспепті шашыңа

4.Параллелизм-    Неге маған жырламасқа,

                                 Сырда туған елімді.

                               Ел анасы-менің анам,

                                 Сырдың сұлу өзені

5.Аллитерация- 1. Сыр сұлуы қарт анам

                                Сенсің мені әлдилеген

                            2. Сүйсе Гейне, анам десе

                                Сүйген суы Рейнесін

                                Сырдың суы туған ол да

                            3. Жазса Тарас Днепрді

                                Жазса Пушкин Еділді.

   Сергіту сәті  «Көршімнің портреті»

                            (жұптық жұмыс)

    

        9.  «Екі  жақты күнделік» әдісі

     Автордың ойы

      Менің ойым

Ел анасы-менің анам,

Сырдың сұлу өзені.

Қуан,ана! Ақыныңның

Келді жырлар кезегі

 

Келдім бүгін, көрдім сені,

Сүйсең, міне, маңдайым.

Құшағыңда отырмын мен,

Көріп көзбен ел жайын.

 

      

10. «Дыбыстар сөйлейді»  әдісі

     1-топ    Әбділда 

     2-топ    Сырдария 

    

11.  Сәйкестендіру кестесі

               Тарас                 Сырдария

               Пушкин            Днепр

               Әбділда              Рейн       

               Гейне                  Еділ (Волга)

 

    12 «Сөздер банкісі» әдісі.

 

13. Ә. Тәжібаев  ассосиациясын жасату

 

14. «Екі жұлдыз бір тілек»  әдісі

 

 

Сынып ережесіне бағыну.

 

 

 

 

 

Үйден дайындап шығарып келген өлеңдерін оқиды. Өлеңнің әуенін бірлесе орындайды. Сұрақ-жауап алысу арқылы үй тапсырмасын қорытады.

 

 

Әр оқушы өз орнын табады.Топқа бөлініп үйренеді, қалыптасады.

1.Тыңдаған әуен үзіндісі бойынша ойларын айтады.

Әннің Сыр өңіріне арналғандығын тауып айтады.

2. «Толағай» ертегісін еске түсіріп, авторы Ә.Тәжібаев  екендігін айтады.

1. Әр топ  көшбасшысы берілген өлеңнің бөліктері бойынша тақтаға шығып,  өлең мазмұны бойынша түсінгендерін қорғайды.

Картадан Сырдария өзенін тауып көрсетеді

1.Тыңдайды,мағлұмат алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар мақал-мәтел, ырым, тиым сөздер айтады.

 

1-топ оқушылары өлең құрастырады

 

2-топ оқушылары шығарма жазады.

 

 

1-топ оқушылары өлеңді құрлысына талдау жасап шығады

 

 

 

 

 

 

 

 

2-топ оқушылары өлеңге теориялық талдау жасайды.

 

 

 

 

.

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар ақ қағазды төбесіне қоя отырып, қасындағы оқушының портретін бейнелейді.

 

 

Күнделіктің бірінші жағына өлеңнен үзінді келтіру, екінші жағына өз ойын жазады.

 

 

 

 

 

 

 

Берілген әрбір дыбысқа сөздер ойлап табады

 

Қай ақын нені жырлады, сол бойынша сызу арқылы сәйкестендіру

 

Тақырыпқа қатысты сөздерді ажыратып, сөздер банкісіне салады, қатысы жоқ сөздерді қоқыс жәшігіне салады.

Ақын портретінің жан-жағына оның ерекшеліктерін топтастыру

Стикерге бүгінгі сабақтан алған әсерін, ұсынысын жазады.

 

 

 

 

 

         

 ТОЛЫҚ ЖҮКТЕУ

Внимание! У Вас нет прав для просмотра скрытого текста.

 

Ұрпағына ұлы мұра қалдырған

$
0
0

 

Ұрпағына ұлы мұра қалдырған

 

 Мақсаты: 1.Ғабдол Сланов өмір дерегімен таныстыру.

                   2.Оқушыларды ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.

                   3.Сөз өнерінің қадірін білдіру.

 

Көрнекілігі: Ғ.Сланов бейнесі , керекті сөздер , кітаптар көрмесі

 

Жүрісі: 1.Кіріспе сөз.

             2.Мен – Ғабдол Сланов. (таныстыру)

              3.Ғабдол әкесі Сыланның құрбы – қыздармен әзіл айтысы. (көріністен үзінді)

             4.“Оңашадағы ойлар” – Ғабдол Сланұлынан бір үзік сыр.

 

1 жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұзтаздар!

Ғабдол Сланұлының өмірі мен шығармашылығына арналған «Ұрпағына ұлы мұра қалдырған» атты әдеби шарамызға қош келдіңіздер!

 

2 жүргізуші:  Қашанда кең даламның оты жалын,

                        Беу Тайсойған киелі – ау топырағың.

                        Өзіңнен сәл алысқа кетсем болды,

                        Сағынып сап ауаңды отырамын.

 

1 жүргізуші: Жұпар жусан, шөбің шүйгін қызығар,

                       Сені көрген адам көңілі бұзылар.

                       Әр бұтаңның түбі тұнған тарих,

                       Асан  қайғы маясының ізі бар.

 

2 жүргізуші: Қызғалдаққа толар балаң етегі,

                       Айдыныңды аққу – қазың кешеді.

                      Ұлы – ұлан, қызы – қыран өлкемнің,

                      Топырағында туғанға не жетеді.

 

1 жүргізуші: Бұл сырымды айтты деме несіне,

                       Әр қыраттың түбі тұнған шежіре.

                       Мұрат , Ғабдол, Ығылмандар жыр төккен,

                       Өткен күнді көз алдыңа келтіре.

 

2 жүргізуші: Иә, Сыланұлы Ғабдол осы күні Батыс Қазақстан облысының Қызылқоға ауданының Тайсойған өңірінде 1911 жылы 11 қыркүйекте мизам ұшып жатқан қоңыр күзде дүниеге келген.

 

1 жүргізуші: Он екі ата іргелі Байұлының ағасы Шеркеш деген ел болады. Сол шеркеш рулы елден Ғабдол тараған. Заманында атақты болған Бәлекей (Мұса) ақын жырында :

                 Ел едік Байұлында Шеркеш деген,

                 Көрсеткен нарды көркем өркеш деген.

                 Ерегіс екі талай болған жерде,

                 Жүлдеге кім таласқан Шеркешпенен! – деп келетін көтерме сөздің шындығы болса керек.

 

2 жүргізуші: 1970 жылы мектебімізге жазушы , Тайсойғанның төл перзенттерінің бірі – Ғабдол Слановтың есімі берілді. Содан бері мектебіміз осы атпен аталып келеді.

 

1жүргізуші: 1992 жылы Ғабдол Слановтың 80 жылдығы мерейтойында мектеп алдында жазушыға ескерткіш орнатылып, ауданның қорғалатын мәдени мұралары қатарына жатқызылды.

 

2 жүргізуші: Ғабдол әкесі – Сылан өлең айтып, ән салып, атбегілік болуымен қатар аңшылық, күйші, зергер, шежіреші болған адам. Әрине мұндай әкеден туған –Ғабдол қаламынан еңселі шығарма тууы хақ еді.

 

1 жүргізуші: Иә, қаламгердің алғашқы жинағы 1938 жылы «Өмірдің асқақ биігінде» деген атпен шықты. Сонымен қатар 1940 жылы «Арман ағысы» повесі, «Дөң асқан» атты туындылары дүниеге келді. Жазушы ағамыздың осы шығармалары аса бағаланып, «Құрмет ордені» иегері атанды. Бүгінгі таңда жазушы шығармасы қалың оқырман, шәкірт жүрегінен орын алары сөзсіз ақиқат.

 

2 жүргізуші: Ғабдолдың әкесі – Сыланның басынан өткен мына бір оқиғаға көз жіберсек.

 

1 жүргізуші: Бір күні Сылан қасында бір тумасы мен екеуі Тайсойған құмын қақ жарған үлкен жол бойында көп ауылдың тұсына келіпті (Беріш ауылдары болса керек). Қыр басында бір топ қыз – бозбалаға кездеседі. Соның ішінен бір бойжеткен, қасындағы жолдасынан гөрі кербездеу кейінген Сыланға қарап өлеңдетіп қоя беріпті:

    -Басында қара бөркің алшысынан,

     Жаңбырдың ат суарар тамшысынан,

     Сұраймын ат – жөніңді шандоз жігіт

     Байұлы шығып едің қайсысынан?

 

     

 

     Сылан айтыпты?

     Баласы Сансызбайдың атым Сылан,

     Астымда сылаңдаған жирен құнан.

     Сұрасаң ата – тегім арғы жағым

     Ер Қойыс түбі Шеркеш елден шығам.

 

     Қыз : 

     -Ендеше айтулы ата сой екенсің,

     Алтынның сандықтағы сомы екенсің.

     Кетіңіз аулымызға қонақ болып

     Бір өзің жүрген жерің той екенсің.

 

     Сылан:

     -Бойжеткен ернің қайқы долы екенсің

     Құрбың бір сыйлауға мол екенсің.

     Ауылыңа шақырсаң да бара алмаспын,

     Жігіттің шұбырынды жол екенсің.

Қыз мүдіріп қалғанда екі жолаушы аттарын сипай қамшылап жөнеле беріпті.

 

    2 жүргізуші: «Армансыз адам, қанатсыз құспен тең» - дегендей ұрпағына ұлы мұра қалдырған жазушы – Ғабдол ағамыздың арманы көп еді....

«Оңашадағы ойлар» Ғабдол ағамыздан бір үзік сыр.

    Менің дүниеге келген жылымды, тіпті бертінде , Отан соғысынан кейін дүние салған әжем – Кішенай маркұм айтып отырушы еді. Қазақша ол жылдың аты онша қонымды емес. Сондықтан қалжыңбас құрбыларымның құлағына тигізбей – ақ, өз заманымның тілімен айтсам: 1911 жылы Гурьев облысындағы Тайсойған құмында дүние көріппін. Сақып деген бір ағамыз Ғабдолхамит деп атымды қойыпты. Әуелдегі белгі қағаздарымды қос атым жүруші еді, бертін Хамиттай ақындар шыға қалған соң, соңғы қосақты соларға қалдырып, бір жігітке бір жүйрік атта жарайтын шығар – ау деп жалғыз атпен кете бардым. Байдың үш ұлы – Қыдыр сиық, Бақты сиық, Солтан сиық айналасындағы төленгіт есепті қара – құрасы мен қосылғанда 12 рулы ел болып кеткен. Үш Сиықтың үлкені Шеркештен өрбігенбіз. Қысқаша айтсам, қазақша ата жөнінен шыққан жерім олқы емес. Әкемнің азан шақырып қойған аты – Ісләмғали екен. Жігіт кезінде әдемі киініп, таза жүретін, керіліп созылған кербез, сыланып, сипанып асықпай баптанып жүретін болғандықтан Сылан атанып кеткен. Әкем той – топырда ән салып, өлең айтып сері болған екен. Өзіме келер болсам кішкенемнен ашық ауыз аңқау болыппын. Алты жасар кезімде, 17 жылдың күз екенін анық білем: біздің үй құмның бір қабатында отыр еді. Қыстау тұрған «Көк апан» деген жатықта жайылып жүрген бұзауды кешке таман ауылға айдап келуге бардым. Мақпал деген қарындасым (арамыз бір – ақ жас) екеуіміз бірге шыққанбыз. Ол маған әлденеден өкпелеп үйге қайтып бара жатқан. Мен бұзауды қайыра бергенімде атты бір жолаушы тап болды. Мен сәлем бердім.

    -Үйлерің қайда? – деп сұрады.

    -Үйді тасалаған ақ шағыл жаққа жалт қарағанымда , төбеге тырмысқан, жалаң басында жалбыр қара шашы бар, ақ көйлекті Мақпалды көрдім.

    -Анау кетіп бара жатқан ақ қара бас баланың ар жағында , - деппін. Жолаушы күліп жөнеле берді. Үйге барсам, әке – шешеммен қосылып, әлгі қонақ көзінің жасын сүртіп, тағы да күліп отыр екен. Күлкілерінің тақырыбы менің сілтеген сөзім екен. Шынында «ақ қара бас» деп адамға айтпайды ғой. «Ақ қара бас қой» дегенді естіп жүрдім. Сол сипатты мен балаға айтыппын ғой. 19 жылы Кермақас қызыл үйіне оқуға бардым. Бұл бұрын екі кластық училище болған, ертеректе 1890 жылдары қызыл тастан салынған темір шатырлы мектеп еді. («Дөң асқан да» бұл да сипатталған). Мектепте балалар ішінде әнші болып танылдым. Бұл қырым сабақтың алғашқы күндерінде басталды. Яғни сүйікті әнім «Дөң асқан» болды. Туған шешем Еркін деген кісі менің 4 жасымда өліп, Кішенай – кейінгі шешем, бірақ ол кісіні мен ерекше жақсы көретінмін, бәріміз де «Әже» дейтінбіз, он жасымда әкем өліп қалған соң, әсіресе зарлы әнді жаным сүйетін болып кеттім. Кермақаста әкем өлген соң, 1921 жылдан интернатта болдым. Иә тағдырымнан талай кезең өтті ғой. 1925 жылдың бас жағында бір күні Қаби Жанасов (әкеммен бірге болатын атақты Жанас әншінің баласы) мені оңаша шақырып алды.

    -Гурьевке барасың ба? Не дерімді білмедім. Қаби ағай бар жайды түсіндірді. Мені Гурьевке Қожа Нұғыманов шақыртыпты.

    -Ағам жіберсе барар едім, - дегенді айттым. Бұл сөзді бекер айтқаным жоқ. Себебі Сабыр қаттылау, тентектеу еді. Қаби ағайдың Сабыр ағамды сөйлесіп көндіріпті. Сонымен қыс ішінде қалашыларға ілесіп 300 шақырым жердегі «Үйшікке» тарттым. Азыққа әжем дорбаға ақтаған тары салып берді. Үйшікке апару ақысына да екі пұт тары шығын болды – ау деймін. Сөйтіп өшетіл – Қожаның үйіне де жеттім. Ол бірден «Қызыл жұлдыз» атты жетімдер үйіне орналастырылды. Алғаш рет моншаға түсіп, таза киім киіп кереуетке жаттым. Оқуымыз орыс мектебінде болды. 1925 жылы пионер, комсомолға өтіп қызмет атқардым. Яғни комсомол ұйымының жолдауымен уездік страхкассада үйренуші конторщик болып үш ай қызмет жасап, 19 сом 60 тиын жалақы алдым. (ол кезде қой 5 сомнан аспайтын). Өмірде бірінші алып тұрған еңбек ақым еді. 30 жылы Оралда өткізген 5 жылым сәтті өтті. Ғалым ағай (Оралдағы «Қызыл ту» газетінің редакторы, ақын) Қазақстанның 10 жылдығына арнап бірдеңе жазуымды қолқалады. Мен «Тайсойған» атты поэма жаздым. Оны Оралда шығатын жинаққа баспақшы болып алып қалды. Алып қалғанын білем, кейін хабарым жоқ. Ол кезде мен Алматыдамын. 34 жасымда үйлендім. Бұл жылдың аяғында (Маржан, Мәрияш) атты тұңғыш балаларым дүниеге келді. 1936 жылы сары ауру болып емханаға түстім. Анықтай келгенде өттің қабынуы болып шықты. Осы аурумен жүргенде 40 жылдарда жылжып келіп қалды. Комсомолдың 20 жылдығында жасырын «Кержайнақ» деген атпен «Арман ағысы» 39 жылы Лениншіл жаста басылды. «Әдебиет және искусство» журналында қысқартылып басылып тараған, «Дөң асқан» болатын. Шүкір екеуі де жеке – жеке кітап болып басылды. Ауруын дендеп, 42 жылы ауыр 3 операциядан шықтым. Бұл операцияны жасаған профессор – А.Н.Сызғанов еді. «Жанар тауды» Сызғановқа арнаған себебім де осы болатын. «Менің өмірбаяным» дегенде, «пәлен жылы пәлендей қызмет еттім» деуден гөрі творчествомды баяндағанымды дұрыс көрдім. Әкем марқұм 58 жасында дүние салды. Мен қазір жарты ғасырды астыма басып отырмын. Әкем жасыма жетсем жарар еді- ау деген армандамын. 60 – ты алқындырсам әлі көкейде жүрген екі – үш тақырыпты халқыма тастап кетер ме едім, әлде қайтер едім....

 

                                                                                                    Ғабдол Сланов         

                                                                                                 2 февраль 1962 жыл Алматы

      1 жүргізуші : Шешен, әнші, ойшыл кім еді? Бұл «Атадан ұл туса игі, Ата жолын қуса игі» дегендей Атаға тарта туған Ғабдол еді.

     2 жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар !

     1жүргізуші: Бүгінгі қарымды, арынды қаламгер – Ғабдол Сыланұлының шығармашылығына арналған «Ұрпағына ұлы мұра қалдырған» атты тәрбиелік шарамызды жабық деп жариялаймыз.

     2 жүргізуші:  Қош, сау болыңыздар!

 

Тілдер күні мерексі

$
0
0

Мақсаты:Тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған ұлт өкілдері арасындағы 
достық пен бірлікті нығайту барысында мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін қалыптастыру. 

Көрнекіліктер: Тіл туралы нақыл сөздер, тақта, магнитті тақта, шарлар, гүлдер, әріптер, сұрақтар жазылған торкөздер. 

1 вед.

-Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар, ұстаздар, қонақтар! Бүгін біз осы залда Қазақстанда тұратын халықтардың тілдер күнін атап өтуге жиналып отырмыз.

Қош келдіңіздер!

Тіл, сөз дегеніміз – ата-бабамыздан келе жатқан ел дәстүрі. Бұл дипломатиялық құрал халықтың бүкіл сана-парасатын, биіктігі мен тереңдігін паш ететін үлкен өнері.Тіл – адамдар арасындағы қасиетті қатынас құралы. Тілсіз қоғам жоқ. Бұл екі нәрсе бір-бірінсіз өмір сүрмейді. Қай халықтың болса басынан өткендері, қилы кезеңдері, өз ана тілі арқылы бір-біріне жалғасқан. Бүгін тілдер күніне арналған «Үштұғырлы тіл-заман талабы» атты сайысымзға қош келдіңіздер.Бүгінгі осы сайысқа 6-7 сынып оқушылары өз білімдерін сынамақшы келіп отырАл,осы  келіп отырған топтың әділ бағасын беретін,әділқазылар мүшесімен таныс болайық

Әділқазылар мүшесі:

1 вед.

Ана тілім,
Жүрегісің анамның.
Жүрек-ана,
Мен өзіңнен жаралдым.
Сағат сайын саулығыңды тілеймін,
Сенсіз мынау керегі не ғаламның! дей келе топтарымызбен танысып алайық.Бұл кезеңде  әр топ өз командасын ,ұрандарын айтып және өздері жайлы қазақ тілінде айтып таныстыру керек.Сондай-ақ әр топтың эмблемасын бағалауларыңыз керек

1 вед.

Біздің елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Қазақстан экономикасы мықты, тәуелсіз егеменді ел. Қазақстан әр тілде сөйлейтін халықтардың басын біріктіріп отырған мемлекет. Қазақстан біздің достық үйіміз, ал  №7 ЖББ мектеп-интернат - біздің білім  үйіміз.

  • Өз тіліңсіз көрсең де өз күніңді,
    Өз тіліңсіз болсаң да асқан білімді.
    Өз халқыңа бола алмайсың азамат,
    Білмей тұрып туған ана тіліңді-дй отыра екінші кезеңдібастаймыз. Ол «Сөз тапқанға» деп аталады. Қазір сіздерге әріптер таратылады. Әр командаға екі қазақ әрпі, екі орыс әрпі, таратылады. Сіздерге сұрақ қойылады. Сол сұраққа жауап осы әріптен басталуы керек. Алғашқы сұрағымыз қазақ тілінен басталады.

2 вед.

Предлагаем Вам прослушать задание первого тура, который называется «найди нужное слово». Каждой команде дается по две буквы из казахского, русского  алфавита. Мы Вам будем задавать вопросы, а Вы должны ответить на них, но ответ должен начинаться с этой буквы. Начнем с казахского языка. Время одна минута. (Ө, Қ.)

1 вед.

І топ сұрақтары. Ө,Қ, 


  1. Бүгін қандай күн? 
    2.Сен қайда тұрасың? 
    3.Жазда қайда болдың? 
    4.Нені жақсы көресің? 
    5.Сыныбыңда қанша оқушы бар? 
    6.Қай пән ұнайды? 
    7.Досың көп пе? 
    8.Сенің сүйікті түсің? 
    9.Сенің отбасында неше адам бар?? 

    ІІ топ сұрақтары. Ә,Ғ,

1.Сенің калаң қандай? 
2.Кім болғың келеді? 
3.Нені ұнатасың? 
4.Қандай құсты білесің? 
5.Қандай фильм көрдің? 
6.Жақсы көретін апта күнің күнің? 
7.Күз мезгілі ұнай ма? 
8.Сенің сүйікті жазушың? 
9.Саған қандай тағам ұнайды

 (S.A.)

1 команде

 

  1. What season do you like?
  2. What is your favorite sport?
  3. What do you like to eat?
  4. Who is your friend?
  5. What do you do fun?
  6. Who is your favorite actor?
  7. What do you see on the sky?
  8. What kind of transport do you like?
  9. What do you do now?

(Т.М.)

2 команде

  1. Who is your dest friend?
  2. What do you read?
  3. What films do you prefer to watch?
  4. What is your favorite vegetable?
  5. What dances do you like?
  6. What places don t you like?
  7. How old is your village?
  8. What is your favorite flower?
  9. What city would you like to visit?

Пауза – угадай мелодию.

Бұл кезең «Көрермен көрімдігі» деп аталады. Музыка ойналады да көрермендер әннің атын, қай мультфильм немесе фильм және т.б. тауып атаулары керек.

Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!

Үшіншіі кезең  «Күмбірлетіп ән шырқа!» сайысында әр топ ән айтып,өз өнерлерін көрсету керек.Бұл сайыста оқушылар қандай тілде ән айтқысы келсе өз еркіне беріледі.

1 вед.

 Төртінші кезең «Кім жылдам?» Әр топ басшысы берілген сөздерді қимылмен көрсету керек , ал жанкүйерлер бұл сөздерді дұрыс табуы тиіс. 
2 вед.

Следущий тур называется «Кто быстрей!»
І топқа берілген сөздер: үлкен,ата, қайық, аю,ұшақ, айна, қоңырау, мысық, 
доп, сызғыш,гүл. 
ІІ топқа берілген сөздер: кітап, жаңбыр,мұғалім, үзіліс, қоян, сурет,пойыз, 
сабақ, маймыл,қалам

1 вед.

Сөз кезегі қазылар алқасына беріледі.

2 вед. 

Слово предоставляется жюри.

Қорытынды. 
1 вед.

Білімнің мініп алып тұлпарына, 
Қиналмай шықты білім шындарына. 
Бүгінігі сайысымыз аяқталды, 
Сөз кезегі әділқазы алқасына. 

Бүгінгі сайысымызды қорытындылап,жеңімпаз топты анықтау үшін қазылар алқасына сөз берейік.(Жеңімпаздарды марапаттау) 
2 вед.

А теперь мы, по итогам всех туров предоставляем слово жюри и просим назвать победившую команду.


Құрметті ұстаздар,оқушылар! Осымен сайысымыз аяқталды.Жарыс болған соң,жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді.Жарыста жеңілсек те,өмірде жеңіске жете берулеріңе тілектеспін.

 

 

Ұстаз деген ұлағатқа бас иеміз

$
0
0

Тәрбие сағат тақырыбы : «Ұстаз деген ұлағатқа бас иеміз»

 

Жүргізуші: «Ұстаз» сөзі күн нұрына бара-бар,

                      Шәкірті оның әр сөзінен нәр алар.

                      Ізгілік пен мейірімге толы ол,

                      Шуақ болып жүректерге таралар.

      Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде көп мағына жатыр. Өмірдегі қоғам қайраткерлері, небір данышпан адамдар, бәрі-бәрі бір адамға қарыздар. Ол – ұстаз. Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Жан дүниеңді түсінетін, қиындық кезінде сүріндірмей құтқаратын ұстаз екені анық. Ол диқан сияқты адам жанына ақыл, білім дәнін сеуіп, аялап өсіреді. «Ұстаз» ардақты, киелі, үлкен құрметпен айтылатын сөз. Ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын, өнеге үйретіп, тәрбие беретін, «білім» атты кемеге отырғызып, болащаққа жол көрсететін анаңдай әлпештеп, маңдайыңнан сипайтын адам.

      Армысыздар, құрметті ұстаздар және де ата-аналар. Бүгінгі  «Ұстаз деген ұлағатқа бас иеміз» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

                     Сән-салтанат жасайық,

                     Күй сандықты ашайық.

                     Бұл мереке, бұл тойға,

                     Әннен шашу шашайық.

«Жігіттер» квартетінің орындауында «Анашым әні»

      Тәрбие сағаты топтық жұмыс бойынша жүргізіледі. Топтарымызды таныстыра кетейік.

I топ: «Ұлағат» тобы

II  топ: «Ұлан» тобы

    Тәрбие сағатының жүрісі мынадай турлардан тұрады.

  • Ұстазым менің ұстазым (мәнерлеп оқу)
  • Қызықты кезеңдер (сұрақ-жауап)
  • Кім көп ән біледі?
  • Ұстазыма ұқсағым келеді (шығарма)
  • Ұстаздарға мың алғыс.

    Енді осы тәрбие сағатымызға қонақтар шақырған едік. Таныстыра кететін болсам:

  1. Абыроймен өтеп ұстаз парызын,

Ұжымына шашқан жүрек жалынын

Дариға апа йәрбір сөзі тағылым

Маманы ол математика пәнінің.

  1. Биязы мінезі де, қылығы да,

Тәртіпті шәкірттері, сыныбы да.

Марияш апай білімді, іскерлі де,

Сусындатқан білімнің тұнығына.

  1. Таңғы шықтай мөлдіреген тұп-тұнық,

Шәкірт үшін қызмет еткен тік тұрып.

Қансұлу апай мәртебесі биікте,

Ұлт тарихын ұрпақтарға ұқтырып.

  1. Көзіне елестетер таңғы гүлді,

Жарасқан өн бойына әр қылығы.

Баулыған шәкірттерін тәрбиеге,

Алмаш апайға жарасар әр қылығы.

  1. Ұстаз болып енші алған бұл өмірден,

Сабағына әр күн сайын күле кірген.

Орыс тілін үйреткен шәкірттерге,

Зәуреш апайдың іскерлігін білемін мен.

    Жақсы олай болса келген қонақтарымызбен таныс болдық, енді 1-турымызға көшейік. Үш топтан бір-бір оқушыдан «ұстазға» байланысты мәнер сөз оқу.

2-тур. Бұл турда келген қонақтарымызға оқушылар сұрақтарын қояды.

3-тур. Бірінші топ әннің бірінші шумағын бастайды, ал қалған топ сол әннің жалғасын айтады.

4-тур. Әр топтан бір оқушыдан шығып, шығарма оқу.

5-тур. Ұстаздарға мың алғыс. Ұстаздарға арналған өлеңдерін, тақпақтарын айту.

Ән: Анашым,орындайтын Бекенова Дариға

                 Ән әлдилер көңілдерді тасыған,

                 Көңілдерге нұр құяды асыл ән.

                 Ән жолдаймыз ұстаздарға ардақты,

                  Мектептегі шәкірттердің атынан.

Ән: «Ұстазым менің» орындайтын Дариға мен Абзал

Хормен: «Ұстаздарға мың алғыс»

Үйреткен адалдық,

Ұсынғаны адамдық.

Текті мінез даналық,

Бар ұстазға тілейміз.

Бәрі қосылып: Бақыт, табыс, амандық.

Қорытынды: Біліммен жетіледі кісінің лебі,

 Үйренген үйрете алар кісілерді, - деп ақын Мұзафар Әлімбаев жырлағандай, мектептен, ұстаздардан алған  білімімізді іске асыра білуіміз керек. Ендеше, Мектеп білім орласы, Ұстаз – мектеп тұлғасы, - дей отырып кешімізді аяқтаймыз.

                           

                

        

                      

 

 

 

«Біз үшін ортақ тағдыр – бұл біздің мәңгілік ел»

$
0
0

Тақырыбы: «Біз үшін ортақ тағдыр – бұл біздің мәңгілік ел»

Мақсаты: Отан тарихын терең білуге, елін, жерін құрметтеуге, саналы болуға,  ынтымақтастыққа, бірлікке, ел тарихын білуге, елімізді өркендетуге, білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақстан картасықанатты сөздер, суреттер, слайдтар.

Барысы:

Құрметті оқушылар! «Біз үшін ортақ тағдыр – бұл біздің мәңгілік ел» атты пікірлесу сабағымызға қош келдіңіздер. Тақырыпты толық түсіну үшін мына сауалдарға жауап бере отырып, ойымызды жетілдірейік.

  • Біз қай мемлекетте өмір сүреміз?
  • Қазақстан қандай мемлекет?
  • Елімізді кім басқарады?
  • Елімізде қандай ұлт өкілдері тұрады?
  • Жолдау деген сөзді қалай түсінесіңдер?
  • Елбасы жариялаған қандай жолдауларды білесіңдер?

«Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздері 2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат — Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол — «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті», - деп бастады. Бұл орайда елең еткізген жаңалық — тұңғыш мемлекеттік ресми идеология, яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы. Бұл — Қазақстан Республикасының ұлттық идеясынан келген түйін-тұжырым. Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу. «Мәңгілік ел» ұғымын тереңнен түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету мәселелері маңызды болып табылады.

Елбасы өз сөзінде:

«Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер,

«Бір ел», бұл – барлығымыз үшін ортақ Отан.

«Бір тағдыр», бұл – біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!

Міне, қазақстандық қоғамдық келісімді шайқалтпай ұстап тұратын табаны таудай үш таған. Қоғамдық келісімсіз мемлекет бір адым да ілгері жылжи алмайды деді. Елбасы мынаны баса айтты: «Қазақстандағы қоғамдық келісім, ең алдымен, қазақтың келісімі екендігін мықтап есте сақтаған абзал. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес». Ендеше, Ассамблея – барша қазақстандықтың мүддесі! — деген болатын. Біз: «Мен – қазақстандықпын, өз елімде мен үшін барлық есік ашық!» – деп айта алатын әділетті қоғам құрып жатырмыз. Біз көппіз және бәріміз – бір Елміз, бір халықпыз. Өз еліне пайдасын тигізу, өз Отанының тағдырына жауапты болу – әрбір жауапты саясаткер үшін, әрбір қазақстандық үшін парыз және абырой.

Негізгі бөлім. (Бұл бөлімде оқушылар әртүрлі тапсырмаларды орындайды). Оқушыларды әр мамандыққа бөлу. Сол мамандықтың Мәңгілік елге қосар үлесі қандай екендігіне өз пікірлерін айту.

  1. Оразова Дильдана – тарихшы
  2. Қаблахатова Амина – саясаткер
  3. Тоқтархан Ақтаң – журналист
  4. Серікбек Еркемай – мұғалім
  5. Маратқазиева Фариза – дәрігер
  6. Бикенов Дилхат – экономист
  7. Аманжолұлы Әділжан – әкім
  8. Зарипханов Расул – депутат
  9. Сәулетханов Сырым – инженер
  10. Тоқтағанов Ернур – геолог
  11. Сәркенова Іңкәр – биолог
  12. Рахатова Жанна – психолог

 Президент 2014 жылы қаңтар айындағы «Қазақстан – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында Қазақстан халқы үшін үлкен маңызға ие болды. Қазақ халқының мыңдаған жылғы тарихи тәжірибесінен, Тәуелсіз жылдары жүріп өткен қазақстандық жолдан туындаған «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы жария етілді.

Бір мақсат – бұл «Мәңгілік Елді» нығайту, біздің Отанымыз – Қазақстанның Тәуелсіздігін нығайту!

Бір мүдде – бұл біздің ортақ құндылықтарымыз, еркін және өркендеген елде өмір сүруге деген талпынысымыз!

Бір болашақ – бұл Мәңгілік Елдің, біздің ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасының өркендеуі!

Қазақстан халқы Ассамблеясы және біртұтас елдің азаматтары «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін әзірлеу туралы тапсырманы ерекше шабытпен қабылдады.

«Мәңгілік Елдің» жеті қағидасы біздің дамуымыздың арқаулық құндылықтарын, Қазақстан халқына ортақ мүддесі мен тарихи тағдырын айшықтады.

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идея басты жеті құндылықтары:

  1. Қазақстан мен Астананың тәуелсіздігі.
  2. Біздің қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім
  3. Зайырлы қоғам мен жоғары руханилық
  4. Индустрияландыру мен инновациялар негізінде экономикалық өсім
  5. Жалпыға ортақ еңбек қоғамы
  6. Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы
  7. Ұлттық қауіпсіздік және біздің еліміздің жалпыәлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық қатысуы. 

«Сандар сөйлейді» тапсырмасы. Көрермен болып отырған оқушыларға  сандар бойынша еліміздің тарихына көз жүгірту. Көрсетілген даталар бойынша өз ойларын айтады:

1992 жылы Республика алаңында Желтоқсан құрбандарын еске алуға арналған ескерткіш тақта қойылды.
1991 жыл 16 желтоқсан — ел тарихында кейінгі ұрпақ мәңгі қастерлеп, ардақтап өтетін күн.
1991 жыл 1 — желтоқсанда еліміздің тұңғыш президенті Н. Назарбаев сайланды.

1992 жылы 2 наурызда БҰҰ — ға мүше болды.

1992 жыл 4маусымда ҚР — ң Жоғарғы Кеңесінің сессиясында еліміздің мемлекеттік рәміздері қабылданды.
1993 жылы 15 қарашада мемлекетіміздің Ұлттық валютасы «теңге» айналымға енді.

1995 жылы 30 тамыз – Ата заң қабылданды.

1996 жыл 16 желтоқсан – Алматыда тәуелсіздік монументі ашылды

1998 жыл – халықтар бірлігі және ұлттық тарих жылы

1999 жыл – ұлттар бірлігі мен сабақтастығы жылы

2000 жыл – мәдениетті қолдау

2002 жыл – денсаулық жылы

2004 жыл — Қазақстандағы Ресей жылы

2003 жыл ауылды қолдау жылы

2005жыл – қауіпсіздік және еңбекті қорғау жылы

2011 жыл 30 қаңтар – 6 ақпан – Астана және Алматы қалаларында VII қысқы Азиада ойындары өткізілді.

2015 жыл Қазақстан Халқы Ассамблея жылы болып жарияланды

2017 жыл – Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрме өткізу жылы.

 

Барлық оқушыларға мынандай сұрақтар қою:

  1. Елтаңба авторлары кім? ( Жандарбек Мәлібеков, Шота Уәлиханов)
  2. Қазақ хандығының негізін қалаған сұлтандар?(Керей, Жәнібек)
  3. Қазақстанда қанша астана болды? (4, Орынбор, Қызылорда, Алматы, Астана)
  4. Ассамблеяның 20 жылдығына орай өтетін XXII сессияға қатысқан адам саны? (1 500 астам)
  5. Қазақстан неше елмен шектеседі? (5 елмен)
  6. Елімізде ақпан-сәуір айларында өткізілген республикалық акция? («ҚХА – 20 ізгі іс»)
  7. 2015 жылғы 28 ақпанда Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы ҚР Президентінің Жарлығына қол қойылғанына 20 жыл толуына арналған орай өткізілген Қазақстан халқының форум? «Менің Қазақстаным»
  8. Мемлекеттік тудың авторы? (Шәкен Ниязбеков)
  9. Қашан жаңа институт — Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына қол қойылды. )1995 жылғы 1 наурызда)
  10. Астана қаласының орнындағы ежелгі көне қала атауы? (Бозоқ)
  11. Қашан Астана қаласындағыБейбітшілік және келісім сарайында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төрағалығымен «Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр» күн тәртібімен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясы өткізілді? 2015 жылғы 23 сәуірде 
  12. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері? (Тоқтар Әубәкіров)
  13. Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)
  14. 2017 жылғы 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтетін «ЭКСПО-2017» қатысушы мемлекет саны? (100)
  15. 2017 жылғы 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесі қабылдайтын халықаралық ұйым саны: (10)
  16. «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауын жариялаған уақыт. 2014 жыл 17 қаңтар
  17. «Қазақстан жолы – 2050 стратегиясы – Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауын жариялаған жыл: 2012 жыл 14-желтоқсан
  18. Қай уақыттан бастап «Менің Қазақстаным» пойызы» атты әлеуметтік акция басталды? 2015 жылғы 23 наурыздан бастап 

Қорытынды.

Қазақстан  еліміз дамыған өркениетті 50 елдің арасынан орын алуымыз сіздердің ұлттық тәрбие мен тиянақты білімдеріңізге байланысты. Ертеңгі сіздер ұлтымыздың ізгі қасиеттерін, рухани құндылықтарын бойларыңа сіңіріп өз Жері мен Елін қорғай алатын ұлтжанды, мәдениетті болып өсулерің керек.

«Ұлтарақтай болса да ата қоныс жер қымбат,

Ат төбеліндей болса да туып өскен ел қымбат» - демекші, балалар, бүгінгі сабағымызда алған білімізді елді, жерді сүюге, қадірлеуге қолданайық. Бүгінгі сабағымыздан алған әсерлерімізді «Екі жұлдыз, бір тілек» бойынша білдірейік. (оқушыларға стикерлер таратып беру). Таратылған стикерлерге оқушылар өз тілектерін, ұсыныстарын, сабақ бойынша алған әсерлерін жазып, тақтада ілініп тұрған Қазақстан картасына жабыстырады.

«Біз үшін ортақ тағдыр – бұл біздің мәңгілік ел»

$
0
0

Тақырыбы: «Біз үшін ортақ тағдыр – бұл біздің мәңгілік ел»

Мақсаты: Отан тарихын терең білуге, елін, жерін құрметтеуге, саналы болуға,  ынтымақтастыққа, бірлікке, ел тарихын білуге, елімізді өркендетуге, білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақстан картасықанатты сөздер, суреттер, слайдтар.

Барысы:

Құрметті оқушылар! «Біз үшін ортақ тағдыр – бұл біздің мәңгілік ел» атты пікірлесу сабағымызға қош келдіңіздер. Тақырыпты толық түсіну үшін мына сауалдарға жауап бере отырып, ойымызды жетілдірейік.

  • Біз қай мемлекетте өмір сүреміз?
  • Қазақстан қандай мемлекет?
  • Елімізді кім басқарады?
  • Елімізде қандай ұлт өкілдері тұрады?
  • Жолдау деген сөзді қалай түсінесіңдер?
  • Елбасы жариялаған қандай жолдауларды білесіңдер?

«Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздері 2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат — Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол — «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті», - деп бастады. Бұл орайда елең еткізген жаңалық — тұңғыш мемлекеттік ресми идеология, яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы. Бұл — Қазақстан Республикасының ұлттық идеясынан келген түйін-тұжырым. Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу. «Мәңгілік ел» ұғымын тереңнен түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету мәселелері маңызды болып табылады.

Елбасы өз сөзінде:

«Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер,

«Бір ел», бұл – барлығымыз үшін ортақ Отан.

«Бір тағдыр», бұл – біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!

Міне, қазақстандық қоғамдық келісімді шайқалтпай ұстап тұратын табаны таудай үш таған. Қоғамдық келісімсіз мемлекет бір адым да ілгері жылжи алмайды деді. Елбасы мынаны баса айтты: «Қазақстандағы қоғамдық келісім, ең алдымен, қазақтың келісімі екендігін мықтап есте сақтаған абзал. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес». Ендеше, Ассамблея – барша қазақстандықтың мүддесі! — деген болатын. Біз: «Мен – қазақстандықпын, өз елімде мен үшін барлық есік ашық!» – деп айта алатын әділетті қоғам құрып жатырмыз. Біз көппіз және бәріміз – бір Елміз, бір халықпыз. Өз еліне пайдасын тигізу, өз Отанының тағдырына жауапты болу – әрбір жауапты саясаткер үшін, әрбір қазақстандық үшін парыз және абырой.

Негізгі бөлім. (Бұл бөлімде оқушылар әртүрлі тапсырмаларды орындайды). Оқушыларды әр мамандыққа бөлу. Сол мамандықтың Мәңгілік елге қосар үлесі қандай екендігіне өз пікірлерін айту.

  1. Оразова Дильдана – тарихшы
  2. Қаблахатова Амина – саясаткер
  3. Тоқтархан Ақтаң – журналист
  4. Серікбек Еркемай – мұғалім
  5. Маратқазиева Фариза – дәрігер
  6. Бикенов Дилхат – экономист
  7. Аманжолұлы Әділжан – әкім
  8. Зарипханов Расул – депутат
  9. Сәулетханов Сырым – инженер
  10. Тоқтағанов Ернур – геолог
  11. Сәркенова Іңкәр – биолог
  12. Рахатова Жанна – психолог

 Президент 2014 жылы қаңтар айындағы «Қазақстан – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында Қазақстан халқы үшін үлкен маңызға ие болды. Қазақ халқының мыңдаған жылғы тарихи тәжірибесінен, Тәуелсіз жылдары жүріп өткен қазақстандық жолдан туындаған «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы жария етілді.

Бір мақсат – бұл «Мәңгілік Елді» нығайту, біздің Отанымыз – Қазақстанның Тәуелсіздігін нығайту!

Бір мүдде – бұл біздің ортақ құндылықтарымыз, еркін және өркендеген елде өмір сүруге деген талпынысымыз!

Бір болашақ – бұл Мәңгілік Елдің, біздің ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасының өркендеуі!

Қазақстан халқы Ассамблеясы және біртұтас елдің азаматтары «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін әзірлеу туралы тапсырманы ерекше шабытпен қабылдады.

«Мәңгілік Елдің» жеті қағидасы біздің дамуымыздың арқаулық құндылықтарын, Қазақстан халқына ортақ мүддесі мен тарихи тағдырын айшықтады.

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идея басты жеті құндылықтары:

  1. Қазақстан мен Астананың тәуелсіздігі.
  2. Біздің қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім
  3. Зайырлы қоғам мен жоғары руханилық
  4. Индустрияландыру мен инновациялар негізінде экономикалық өсім
  5. Жалпыға ортақ еңбек қоғамы
  6. Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы
  7. Ұлттық қауіпсіздік және біздің еліміздің жалпыәлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық қатысуы. 

«Сандар сөйлейді» тапсырмасы. Көрермен болып отырған оқушыларға  сандар бойынша еліміздің тарихына көз жүгірту. Көрсетілген даталар бойынша өз ойларын айтады:

1992 жылы Республика алаңында Желтоқсан құрбандарын еске алуға арналған ескерткіш тақта қойылды.
1991 жыл 16 желтоқсан — ел тарихында кейінгі ұрпақ мәңгі қастерлеп, ардақтап өтетін күн.
1991 жыл 1 — желтоқсанда еліміздің тұңғыш президенті Н. Назарбаев сайланды.

1992 жылы 2 наурызда БҰҰ — ға мүше болды.

1992 жыл 4маусымда ҚР — ң Жоғарғы Кеңесінің сессиясында еліміздің мемлекеттік рәміздері қабылданды.
1993 жылы 15 қарашада мемлекетіміздің Ұлттық валютасы «теңге» айналымға енді.

1995 жылы 30 тамыз – Ата заң қабылданды.

1996 жыл 16 желтоқсан – Алматыда тәуелсіздік монументі ашылды

1998 жыл – халықтар бірлігі және ұлттық тарих жылы

1999 жыл – ұлттар бірлігі мен сабақтастығы жылы

2000 жыл – мәдениетті қолдау

2002 жыл – денсаулық жылы

2004 жыл — Қазақстандағы Ресей жылы

2003 жыл ауылды қолдау жылы

2005жыл – қауіпсіздік және еңбекті қорғау жылы

2011 жыл 30 қаңтар – 6 ақпан – Астана және Алматы қалаларында VII қысқы Азиада ойындары өткізілді.

2015 жыл Қазақстан Халқы Ассамблея жылы болып жарияланды

2017 жыл – Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрме өткізу жылы.

 

Барлық оқушыларға мынандай сұрақтар қою:

  1. Елтаңба авторлары кім? ( Жандарбек Мәлібеков, Шота Уәлиханов)
  2. Қазақ хандығының негізін қалаған сұлтандар?(Керей, Жәнібек)
  3. Қазақстанда қанша астана болды? (4, Орынбор, Қызылорда, Алматы, Астана)
  4. Ассамблеяның 20 жылдығына орай өтетін XXII сессияға қатысқан адам саны? (1 500 астам)
  5. Қазақстан неше елмен шектеседі? (5 елмен)
  6. Елімізде ақпан-сәуір айларында өткізілген республикалық акция? («ҚХА – 20 ізгі іс»)
  7. 2015 жылғы 28 ақпанда Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы ҚР Президентінің Жарлығына қол қойылғанына 20 жыл толуына арналған орай өткізілген Қазақстан халқының форум? «Менің Қазақстаным»
  8. Мемлекеттік тудың авторы? (Шәкен Ниязбеков)
  9. Қашан жаңа институт — Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына қол қойылды. )1995 жылғы 1 наурызда)
  10. Астана қаласының орнындағы ежелгі көне қала атауы? (Бозоқ)
  11. Қашан Астана қаласындағыБейбітшілік және келісім сарайында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төрағалығымен «Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр» күн тәртібімен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясы өткізілді? 2015 жылғы 23 сәуірде 
  12. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері? (Тоқтар Әубәкіров)
  13. Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев)
  14. 2017 жылғы 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтетін «ЭКСПО-2017» қатысушы мемлекет саны? (100)
  15. 2017 жылғы 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесі қабылдайтын халықаралық ұйым саны: (10)
  16. «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауын жариялаған уақыт. 2014 жыл 17 қаңтар
  17. «Қазақстан жолы – 2050 стратегиясы – Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауын жариялаған жыл: 2012 жыл 14-желтоқсан
  18. Қай уақыттан бастап «Менің Қазақстаным» пойызы» атты әлеуметтік акция басталды? 2015 жылғы 23 наурыздан бастап 

Қорытынды.

Қазақстан  еліміз дамыған өркениетті 50 елдің арасынан орын алуымыз сіздердің ұлттық тәрбие мен тиянақты білімдеріңізге байланысты. Ертеңгі сіздер ұлтымыздың ізгі қасиеттерін, рухани құндылықтарын бойларыңа сіңіріп өз Жері мен Елін қорғай алатын ұлтжанды, мәдениетті болып өсулерің керек.

«Ұлтарақтай болса да ата қоныс жер қымбат,

Ат төбеліндей болса да туып өскен ел қымбат» - демекші, балалар, бүгінгі сабағымызда алған білімізді елді, жерді сүюге, қадірлеуге қолданайық. Бүгінгі сабағымыздан алған әсерлерімізді «Екі жұлдыз, бір тілек» бойынша білдірейік. (оқушыларға стикерлер таратып беру). Таратылған стикерлерге оқушылар өз тілектерін, ұсыныстарын, сабақ бойынша алған әсерлерін жазып, тақтада ілініп тұрған Қазақстан картасына жабыстырады.


Нұрсұлтан –ел тірегі, ел намысы

$
0
0

Нұрсұлтан –ел тірегі, ел намысы
Тақырыбы: « Нұрсұлтан –ел тірегі, ел намысы»
Мақсаты:
1. Оқушыларға Қазақстан Республикасының Пезиденті Нұрсұлтан Назарбаев өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәлімет беру;
2. Тәрбиелік: Оқушыларды өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге,елжандыққа патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Елі сүйген,елін сүйген-Елбасы

$
0
0

Елі сүйген,елін сүйген-Елбасы
Қызылорда облысы
Қазалы қаласындағы Ғ. Мұратбаев атындағы
№17 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі:
Байкөбесова Данагүл


«Елі сүйген, елін сүйген – Елбасы»
Тақырыбы: Елі сүйген,елін сүйген-Елбасы.

Тіл-ұлттың жаны

$
0
0

Тіл - достық құралы

 

Тіл –ұлттың аса ұлы игілігі, әрі оның ажырағысыз белгісі. Ұлттық мәдениеттің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюіне тығыз байланысты. Тіл-ұлттың жаны, тіл –ұлттың асыл қазынасы. Бұл қазынаны жоғалтуға болмайды.

   

Жақында мектебімізде 22-қыркүйек - Қазақстан  Республикасының тілдері мерекесіне орай ұйымдастырылған «Тіл – ұлттың тірегі» тақырыбындағы іс-шара өткізілді.

Іс-шаралар барысында әр сыныпқа өзге  ұлттардың мәдениетін,  салт-дәстүрін, өнерін, тағамдарын, тарихын өз тілінде таныстыру туралы тапсырма берілген болатын. Ондағы негізгі мақсат оқушыларға елімізді мекендейтін жүзден аса ұлттың тілдерінің дамуы мен мемлекеттік тіліміздің өркендеуі мен ұлтаралық достықты дәріптеу.

Осы арқылы оқушылар бойында әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, дінін, тілінің  ерекшеліктерін насихаттау тәуелсіз еліміздегі этносаралық татулық пен бірлікті қалыптастыру мәселесі көзделді.

Аталған іс-шараға барлық сынып жетекшілері түгелдей дерлік өз сыныптарымен өзге тілде сөйлеп,  киімін,  салт-дәстүрі мен ұлттық ойынын, ұлттық тағамын,  өнерін көрсете  білді.

Менің жетекшілік ететін 7 «А» сыныбыма үнді халқының салт-дәстүрін,  өнерін,  мәдениетін таныстыру берілген болатын. Үнді халқының мәдениетінің тарихын Сабидолла Фатима,  Жұмабай  Інжу  таныстырса,  үнді халқының биін Сейітова Аягөз, Сұлтанғалиева Диляра, Болатбекова Асел және Сәдірбек Асел ортада мың бұралып нақышына келтіре биледі, Бағытжанов Мейіржан мен Аманов Ғалымжан салт-дәстүрінен көрініс көрсетті.

Тәрбие сағатын қорытындылай келе,  «Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте», – деп ақын Қадыр Мырза Әли атамыз айтқандай, біздің тәуелсіз елімізде тіл - достық пен татулық құралы екендігіне оқушылардың қойған сахналық көріністері мен орындаған ән-билерінен анық көрініп тұрды.

    

Мадина ЧАБАЕВА

№1 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

 

Тәрбие сағат: 1 Желтоқсан - Тұңғыш президент күні (Біздің елбасымыз)

$
0
0

Тәрбие сағат: 1 Желтоқсан - Тұңғыш президент күні (Біздің елбасымыз) 

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы

Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектеп

География пәні мұғалімі. Нұрмұханова Қарылғаш Бақтиярқызы

 

Тәрбие сағат тақырыбы: Біздің Елбасымыз

Тәрбие сағат мақсаты:

1.Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;

2.Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, ұлттық патриоттық сезімге тәрбиелеу;

3.Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.

Көрнекілігі: слайдтар көрсету, шарлар, суреттер, буклет «Нұрсұлтан Назарбаев – тұңғыш президент» Біздің Елбасымыз - Н.Ә.Назарбаев атты стендтер, Елбасының портреті, оқушылар шығармасы.

 

«Елбасына»

Ауыр күнді артымызға тастауы –

Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.

Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,

Елбасымыз Нұрағаңның бастауы

Туды ұстап тура жолға түсіріп,

Жас Отанның өмірін де түсініп,

«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,

Бір керемет жасады-ау кісілік!

Елбасымыз саған мәңгі разымыз,

Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.

«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,

Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

 

1-жүргізуші:(Қарлығаш) Біздің Президентіміз –Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев .

Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет.

Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.

 

2-жүргізуші:(Дастанбек) Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатымызды әділеттің ақ жолын ту етіп елінің егемендігін, ынтымақты, тұтастық, бірлікті ойлаған, ұрпақтың саналығына мән берген, ар мен намысты биік ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері, тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың құрметіне арнағалы отырмыз!1 желтоқсан – Президент күніне орай өткізіліп отырған «Біздің Елбасымыз» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймын!

 

1-жүргізуші: Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.

 

2-жүргізуші: Бүгінгі күн бізге ОҢАЙЛЫҚПЕН КЕЛГЕН ЖОҚ.Тәуелсіз ел атану үшін, қаншама аға-апаларымыз, ата-бабаларымыз тер төкті. Соның арқасында бүгінде біз, Тәуелсіз, дербес, әлем таныған Қазақстан атанып отырмыз. Қазақ деген атымызды алғанға дейін қазақ халқының басынан не өтпеді, не көрмеді.Тәуелсіз ел Қазақстан атауы қалай келді, қалай туды алдымен экранға назар аударайық. (1-слайд)

Қазақстан дейтін менің бар елім .

Жатыр алып жарты дүние әлемін!

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған,

Бұл далада жылап келіп, уанған

Бұл даланы көріп алғаш қуанған

Бұл далада өскен жанда жоқ арман! (Қ.Аманжолов)

 

1-жүргізуші: Әлем таныған, дарынды тұлға, іскер- саясатшы, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев сол күннен бері 21жыл ел басқарып келеді. Ол Қазақстанды бүгінде әлемге әйгілі мемлекет етіп, атын шығарды. Ел экономикасын түзеп, болашақта көш бастаушы елдердің қатарына қосу үшін аянбай еңбек етуде.

 

2-жүргізуші: Елі құрмет тұтқан, Елағамыз,

Ел үшін еңбек еткен Елбасымыз- Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолына шолу жасайық.

 

1-оқушы:

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды.Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.

 

2-оқушы:

Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.

 

3-оқушы:

Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.

Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.

 

4-оқушы.

1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды.

Республика тарихында халық алғашқы рет саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады.

5-оқушы.

1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.

6-оқушы.

Астана-ҚР-ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы-Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ның Үкіметі және Парламент көшіп келді.Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады.

 

1998 жылы 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды. Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан. Бүгінгі таңда Астана ең әсем, жас, әдемі, көрікті қалаға айналды.

Көтереді шаңырақ Астанам асқақ,

Жаңарып қалам, жасарып далам!

Басыңнан серпі бодандық жүгін,

Кетпейді ойдан Отандық ұғым.

Арыстан жүрек, айбынды елім,

Таниды сені бар әлем бүгін.

 

Ән: “Астана – бас қала”

7-оқушы: 2006 жылы 7-қаңтарда әнұран қабылданды.

Егемен елім әнұраны жанарды,

“Менің Қазақстаным” жер жүзіне таралды.

(Әнұран айтылады)

 

8-оқушы:

Сөйлесіп бір жүрген қай сөзінде де халықты биік қоясың,

Халықпен бір ашығасың да, халықпен бірге тоясың.

Жастықтың жалын шақтарыменен бірге айтып арман әндері,

Қазақстанның бақтарыменен бірге жапырақ жаясың.

Халықтың мұңы мұңдайтынын да, халықтың жыры жырлар жыр,

Көкірегіңде көнермей әлі өткен де кеткен жылдар жыр,

Соңына ердік сол ғана бізді жеткізеді деп бақытқа,

Бақытқа баста байтақ еліңді, бақытсыздықтан құр қалдыр.

 

9-оқушы:

Нұрсұлтан бар деп нұрыңа сенің шомылғандай боп жүрем мен,

Бейнеңді көрсем беймезгіл кезде қабағымды ашам түнерген.

Сүйеміз сені, санамыз, сөніп қалмай тұрғанда сүйеміз,

Алланың бізге бір өзі сеніп өкілісің сен жіберген.

Жесірге пана, қашанда қамқор боп жүрсің жетімге,

Ананың тілі, баланың тілі сөйлей білесің не тілде.

Қалам тербесек жүрек берді есеп басынан өткен жылдарға,

Саған сенбесек, кімге сенеміз осынау жердің бетінде...

Ән: «Жан аға»

 

1-жүргізуші:

Н.Назарбаев - бәрінен бұрын өз міндетін, өз тағайындалуын терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен атқаратын адам. Ол әр қадамын шын мәнісінде өте мұқият есептейді: ол үшін саясатшы болу-бойға біткен дарынмен қатар күн сайынғы аса ауыр жұмыс және өмір дағдысы.

( Экранда 3-слайд «Ұлы достықта» .Онда Қазақстан Республикасының Президентінің шетелге сапарлары, әр түрлі елдердің басшылармен түскен суреттері орын алған. )

 

2-жүргізуші: Әлем елдерінің басшылары мен саясаткерлерінің Президент Н.Ә.Назарбаев туралы айтқан лебіздеріне құлақ түрейік.

«Замандастар көзімен»

Джордж Буш- АҚШ бұрынғы Президенті

-Құрметті Нұрсұлтан Назарбаев. Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан жаппай қырып жоятын қаруды тартпау ісінде әлемнің жетекші елдерінің біріне айналды. АҚШ, сонымен қатар Қазақстанға терроризмге қарсы жаһандық күресте көрсеткен достығы мен ынтымақтастығы үшін ризашылығымды білдіремін!

 

Ким Дэ Чжун- Корея Республикасының Президенті

- Оның демократиялық, саяси және экономикалық өзгерістерді ойдағыдай іске асырып жатуының айғағы оларды әлемдік қоғамдастықтың кеңінен тануы болып отыр. Президент Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан жан-жақты дамып келеді.

 

Кофи Аннан- БҰҰ-ның Бас хатшысы

Қазақстанның ТМД-ның басқа елдерінен айырмасы сонда- бұл елде бейбіт өмір мен тұрақтылық орнап, экономикалық өрлеу байқалады. Қазақстан түрлі ұлттар бейбіт қатар өмір сүріп жатқан, этникалық саналуандық тартыстың емес, қайта татулық нышанына айналған мемлекеттің үлгісі бола алады.

 

11-оқушы: Осы орайда өркендеп өскен Қазақстанның әлемдегі бүгінгі орны мен беделін мақтанышпен атап айтуға болады. «Ел - Елбасына тірек, Елбасы – елге қалқан». Бұл – бүгінгінің шындығы. Н.Назарбаев десе – Қазақстан, ал Қазақстан десе Назарбаев ойға оралады деп, халықаралық қауымдастықтың мойындағанынан толық аңғаруға болады.

 

12-оқушы:

Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,

Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.

Президентім, елбасы, аман болғай,

Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!

Барлығы:

«Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»

Ән: «Елім менің» (сөзі: Н.Назарбаев, әні: Б.Тілеуханов)

 

12-оқушы: Елбасы үлкен саясаткер болумен қатар жан-жақты дамыған тұлға, барлық қазақ азаматтары сияқты жылқыны жақсы көреді.Сондай-ақ өнерге де көп көңіл бөлетін адам. Оған дәлел жаңа ғана өздеріңіз тыңдаған «Елім менің» және «Үш қоңыр» әндері. Бұл әндердің сөзі Нұрсұлтан Әбішұлыныкі екенін біз мақтанышпен айтамыз.

 

1-жүргізуші: Қазақстан Республикасында тұратын әрбір адам, әсіресе жастар ертеңі үшін алаңдамайды. Елбасының «Қазақстан -2030» жолдауында көрсетілген:

«Қорытынды сөзімді жас ұрпаққа, Қазақстан жастарына арнасам деймін. Сіздер егемен Қазақстанда өмір сүріп жатқан азаматтардың бірінші ұрпағысыздар. Сондықтан да сіздердің алдарыңызда іске асырудың біз қол жеткізбек болған болашақты өздеріңіз бен балаларыңыз үшін өз қолдарыңызбен орнатудың шексіз мүмкіндіктері ашылып тұр. Ендеше Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңызда».

2-жүргізуші: «Қазақстан – бақытты ел, Президенті танымды, халқы қарымды, досы көп ел екенін де мақтан тұтамыз. Ел тарихын тұлғалар жасайды. Тұлға – елдің тұғыры, Тұлға – елдің тұтқасы. Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осындай тұлға!

Тәрбие сағат: 1 Желтоқсан - Тұңғыш президент күні

$
0
0

Тәрбие сағат тақырыбы: 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні

Тәрбие сағат мақсаты: Оқушыларға тұңғыш президент туралы мәлімет беру; Н. Ә. Назарбаевқа арналған мұражайға сырттай саяхат жасау; президентті құрметтеуге, оны үлгі тұтуға тәрбиелеу.

 

Ι. Ұйым. кезеңі. Тақырып, мақсат. Сабақтың барысы

1 - ші желтоқсан – Тұңғыш Президент күні. Мереке биыл алғаш рет тойланады. Парламент 1991 жылдың 1 - ші желтоқсанда өткен Тұңғыш Президенттің сайлауына қатысты осындай шешім қабылдаған болатын.

Өмірбаяны

1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қарасай ауданының (Қаскелелең), Шамалған ауылында дүниеге келген.

Нұрсұлтан әкесі Әбіш пен анасы Әлжанның тұңғышы.

1958 жылы Днепродзержинск (Украина) техникалық училищесіне түсіп, 1960 жылы май айында Нұрсұлтан Днепродзержинскіден Теміртауға екінші дәрежелі горновой қара металлургия өндірісінің білікті маманы деген атақпен оралады. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орнын бітірді.

1969 – 1976 жылдары Теміртау қаласындағы партия - комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды. 1977 – 79 жылдары Қарағанды қалалық партия комитетінің хатшысы, 2 - хатшысы, 1979 – 84 жылдары Қазақстан КП ОК хатшысы, 1984 – 89 жылдары Қазақстан Министрлер Кеңесінің төрағасы, 1989 – 91 ж. Қазақстан КП ОК - нің бірінші хатшысы әрі Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің төрағасы (1990 жылдың ақпан – сәуір) болды.

Қазақстанның қайта құрылуы

Мемлекет басшысының алғашқы маңызды заң актілерінің бірі – 1991 жылдың 10 желтоқсанда қол қойылған «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының аталуын өзгерту туралы» заң. Бұл заң бойынша Қазақ КСР - і бұдан былай Қазақстан Республикасы деп аталатын болды.

1991 ж. 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заңға қол қойып, 1991 жылдың 1 желтоқсанында жалпыхалықтық сайлау өтіп, Нұрсұлтан Назарбаев Президент болып сайланысымен 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заңға қол қойып, жаңа тәуелсіз мемлекеттің егемендігін жариялады.

1997 ж. 20 қазанда Н. Назарбаев Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды (қ. Астана).

«Әлем Қазақстан туралы. Әлем Президент туралы» көптомдық кітапта жас мемлекеттің өміріндегі ұлы өзгерістерді, ұлтты қайта өрлетудегі Елбасының ұланғайыр еңбегін, дүниежүзілік қауымдастықтың осыны қалай мойындап отырғанын дәлелдейтін құжаттарға, дерекнамаларға негізделген.

ΙΙ. Өлең оқу «Аман жүрші, атамыз»

ΙΙΙ. Қорытынды.

Тәрбие сағат: 1 Желтоқсан - Тұңғыш президент күні (Елін сүйген, елі сүйген Елбасы)

$
0
0

Мақсаты:

Оқушыларға ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың туып - өскен, оқып білім алған, еңбек жолының басталуы туралы мағлұмат беру, Елбасының еңбек жолынан үлгі алып, еліне деген патриоттық сезімдерін ояту, халқын сүюге, білімділікке тәрбиелеу.

Әдісі: әңгімелеу, сұрақ - жауап

Көрнекілігі: Елбасы суреттері, кітаптары, рәміздер, «Халқым аман, елім бірлікте болсын деп...», т.б.

 

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сынып сағатының өту барысы:

 

ІІ. Сынып сағатын Әнұранмен ашу

«Мәні мен мағынасын түсіндір» сынып сағатының атын шығару

 

Елін сүйген Елбасы(суреті)

 

Сөйлесіп бір жүрген қай сөзіңде де халықты биік қоясын,

Халықпен бір ашығасың да, халықпен бірге тоясың.

Жастықтың жалын шақтарыменен бірге айтып арман әндерін,

Қазақстанның бақтарыменен бірге жапырақ жаясың, - деп Тұманбай Молдағалиев жырлағандай бүгінгі "Елін сүйген Елбасы!" атты сынып сағатымыз Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті

Н. Ә. Назарбаевқа арналады.

Сынып сағатымызда президентіміздің өмір жолымен және тындырған істері, Тұңғыш Президент күні туралы әңгімелейміз.

 

І. Өмір жолы

Тұрмыс құрғанына 3 жыл өтсе де Назарбаевтар шаңырағында іңгәлаған нәресте үні естілмей қапаланады. Қазақ үшін бұдан артық қасірет бар ма? Әбіш пен Әлжан ата - баба аруағына сыйынып, Алладан бала тілеуді қош көреді. Содан екеуі Райымбек бабаның басына барып құрбан шалып, малдың етін жұртқа үлестіріп беріп, моланы 7 рет айналып шығады. Екеуі де Алладан бір ғана ұл тілейді. Құдай шын тілегенге береді деген рас екен. Сол түні Әлжан ана тамаша түс көреді. Түсінде үлкен теңіз көреді. Буырқанып, дөңбекшіп жатқан мұндай теңізді бірінші көруі. Түсуге жүрексінеді, бірақ бір күш суға қарай дедектете сүйрей жөнеледі. Әуелі су тізесінен келеді. Одан кейін беліне, мойнынан асады.

 

Бір кезде басы көрінбей кетеді «Тұншықтым- ау» деп қорқады. Бірақ бір ғажабы еркін тыныстап келе жатады. Аяғы теңіз түбіне бір тиіп, бір тимейді. Өстіп келе жатып, теңіз түбінен мылтық тауып алады. Кәдімгі аңшының ұзын мылтығы. «Жақсы болды ғой, Әбішке апарып беріп, қуантайын» дейді де, мылтықты иығына асынып алады. Сол кезде мылтық иіліп, екі басы да жерге тиеді. Әлжан мылтықты тастамай, аршындай басып теңіздің екінші жағынан бір- ақ шыққан екен. Бұл түсін еті жақын туыстары «алла жар болсын, түсің жақсы екен, Құдай ұл береді сендерге» деп жориды. Қате айтпапты. Құдай жарылқап Назарбаевтар әулетіне Нұрсұлтандай ұл беріпті.

Сөйтіп, 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылы, үшқоңыр жайлауында Н. Ә. Назарбаев дүниеге келген.

 

Балалық шағы таршылық жағдайда өткен. Үлкендердің мал бағуына, бау - бақша өсіруіне көмек көрсетіп, шөпшек теріп, отын жарған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алады.

Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.

1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98, 7 %) жеңіске жетті.

Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялап, егемендік алғалы бері де жиырма жылдан асты. Осы уақыт аралығында Қазақстанды барша әлем таныды, мәдениетіміз, өнеріміз, экономикамыз, білім мен ғылымымызбен өркениетті мемлекет қатарына қосылдық.

 

Бұл- бабаларымыздан келе жатқан ұлы арман - тәуелсіздігімізді орналастыру жолындағы қиын белестерден халқын аман алып өтіп, тарих төрінен өзіндік қолтаңбасымен көрінген елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың салиқалы саясаты мен сауатты басқаруының нәтижесі.

Сондықтан Біздің Елбасымыз - өзінің білім - білігімен, тәжірибесімен парасатты саясатымен түрлі этнос өкілдері кіретін халықты қазақ жерінде бірлік пен ынтымақтықта ұстап, береке тұнған құтты мекенге айналдырып, өз Отанының байлыққа кенеліп, гүлденуі үшін елімізді алға бастаған ұлы көшбасшы.

 

Ел Парламенті қабылдаған заңға сәйкес, 1- желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті Күні - Мемлекеттік мереке ретінде белгіленді. «Қилы кезеңде» осындай көшбасшысы болған қазақ ұлты, Қазақстан халқы шын мәнінде бақытты.

Елбасы күні - елдікті еңселетіп, тәуелсіздікті тұғырлы ететін күн болсын деп сынып сағатымызды аяқтаймыз.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Қазақстан тарихы: әдістемелік журналы, 7.06.2011ж т.б
  2. Сынып жетекші журналы

Менің ауылым

$
0
0

Мақсаты:

- Мектеп оқушыларының бүгінгі заман талабына сай танымы мен біліктілігін,белсенділігі мен тапқырлығын дамыту;

- Ізденіп,оқып білгенін саналы да салиқалы ойлап,оны дәл жеткізе білуге үйрету;

 - жылдар бойы жиналған ауыл тарихымен таныстыру;

- Кемелденген келешекке деген жас ұрпақтың сенімін нығайтуға ат салысу;

- Қажетті деректерді жинауға,оларды өз орнымен қолдануға үйрету;

-Түрлі мәселелерге өз пікірін, көз қарасын жеткізе білуге үйретеді;

Міндеті:

-Демократиялық мәдениетті қалыптастыру;
-Ізденімпаздыққа баулу;

-Өз елінің тарихын құрметтеуге үйрету;

-Оқиғалар, құбылыстармен танысу;

-Мемлкеттік бағдарламалар мен жобаларды іске асыруға ат салысу.

«Менің ауылым» таңдау пәнінің бағдарламасы

Тақырыптық-күнтізбелік жоспары 34сағат (аптасына 1 сағат)

Тақырыптар

Сағат саны

Мерзімі

І модуль. Ауыл тарихы

8 сағат

 

1

Өлкетану – ауыл тарихынан басталады

2

 

2

Өткен ғасыр сырлары

2

 

3

Қандай көркем, туған өлкем

2

 

4

Ел басқарған ағалар

2

 

II модуль. Ауылым алтын бесігім

10 сағат

 

5

Ауылдың мақтанышы

2

 

6

Ауылдың атақты адамдары

2

 

7

Ауылдың ардақты аналары мен ардақты әкелері

2

 

8

Гүлденсе ауыл – гүлденеміз бәріміз

2

 

9

Ауылдың бүгінгі тыныс тіршілігі

2

 

 

ІІІ модуль Туған жер тұғырым

9сағат

 

10

Ауылымды жырлаймын

2

 

11

Ауыл тұрғындары

1

 

12

Құтты қоныс - Қарақұм

2

 

13

Темір жол тынысы – өңірдің өнін күргізді

2

 

14

Отан үшін от кешкендер (ҰОС ардагерлері)

2

 

 

ІV модуль. Ауылым киелі жер, құт мекенім

7сағат

 

15

Ауылдың ардақты ұстаздары

2

 

16

Ардагер ақ халатты абзал жандар

2

 

17

Ердің атын – еңбек шығарады

2

 

18

Қоскөл ауылы – кеше, бүгін, ертең

1

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар №12,2014
  2. Орталық Қазақстан газеті №92, 2016
  3. Ұлытау өңірі газеті №35.2015ж

4.Қазақстан мектебі №11,2015ж

 

 

Бағдарламаны құрастырған:

Ұлытау ауданы

«№11 Қоскөл жалып орта білім беретін мектебі» КММ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Ж.Қ.Әбдіғамит


Бастауышым – бақытты шағым

$
0
0

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Бірлестік ауылы  

№ 142 орта мектеп (бастауыш сынып мұғалімі)

Сатенова Айдана Сейтжанқызы

Тақырыбы: Бастауышым – бақытты шағым

 /бастауышпен қоштасу мерекесі /

 

Мақсаты:

  1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.
  2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстаздарымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу.
  3. Білім берер ордасы - мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Бастауышым – бақытты шағым» тақырып, фотомонтаж, слайдтар.  Оқушылардың қолөнерінен жинақталған көрме. «Бақытты – балалық шағым», «Менің арманым», «Отбасым» тақырыбындағы шығармашылық жұмыстары, шарлар.  

Кіріспе сөз:

Мұғалім:

Қош келіпсіздер, құрметті ата – аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр.

Олай болса, шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған «Бастауышым – бақытты шағым» атты  мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер!

Бесіктегі баланың,

Күлгенін көрген - бір мұрат.

Алдына түсіп ананың.

Жүргенін көрген- бір мұрат – дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық!

  1. Білімді, алғыр, ақылды

    Танитын алыс жақынды,

    Ата-ананың үмітін ақтар болашақта,

    Біздің Данияр салмақты әр уақытта.

  1. Мәншүк – сыныптың жүрегі,

     Сіздің бала Мәншүк.

     Көркіне ақылы сай, дара,

    Жайдарлылық, ізгілік

    Бір өзінде қаншама!

  1. Сері ғой, өжет мінез балаңыз,

    Сыныптағы нағыз жігіт қараңыз!

    Біздің ол әнші Арыстан,

    Жігіт сұлтаны да атанған.

  1. 4. Мен дәрігер боламын,

    Үлкеннің де, кәрінің.

    Деп жүр біздің Сандуғаш

    «Өзім емдеп жазамын.»

  1. Әдепті ғой, тәрбиелі, үлгілі,

    Біздің елдің, болашағы,  ертеңі.

    Болашақта ғалым болар, қараңыз,

    Ғалымжан – біздің үміт артар баламыз.

  1. Сыйлап сәлем береді,

     Сурет салу өнері.

     Құралайды сыныпта

     Ізетті деп біледі.

  1. Нұрдан жаралған Нұрдәулет,

    Сырбаздық сыр мінез қасиет.

    Ананың ақ сүтімен дариды,

    Нұрдәулет біздің қағылез,

    Халқының үмітін ақтайды.

  1. Қыздарымыз ұқыпты,

    Сүйкімді әрі қылықты.

     Нұрай  біздің әрқашан

     Таза ұстайды сыныпты.

  1. Самат біздің Самат – ақ,

    Серілігі дарыған ерекше –ақ

    Спортта алда болатын,

    Ол Чемпион болар –ақ.

  1. Cыныптағы Серікбол,

       Тұнып тұрған футболшы ол.

       Өз үйіңнің қанаты бол,

       Достарыңа адал бол.

Вальс билейді. Вальс соңынан екі жүргізуші (Сандуғаш пен Самат) шығады.

  • жүргізуші: Армысыздар, ардақты ұстаздар, қадірлі қонақтар, оқушылар. Бүгін біз бастауышпен қоштасып, үлкен өмірге аттанғалы отырмыз.

          Көз салып қараңызшы бойымызға,

          Ортақ боп бүгін өскен ойымызға.

                      Қош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар,

                      Бастауышпен қоштасу тойымызға.

2-жүргізуші: Бала шаққа болашақты жырлатып,

                        Шәкірттерге ой түзетін сымбатты.

                         Күн нұрындай сәуле құйған көңілге

                         Армысыздар ұстаздарым, қымбатты.

Мәншүк:  Армысыздар, әжелер мен аналар,

                  Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.

                   Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,

                  Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар.

Арыстанбаб: Армысыздар өр тұлғалы әкелер,

                       Қыран құстай балапанын мәпелер.

                       Бүгін міне бастауышпен қоштасады,

                       Азамат боп, кешегі сәби – еркелер.

Нұрдәулет: Армысыздар, мұғалімдер әз жандар
                     Білім іздеп, инемен құдық қазғандар!
                     Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді
                     Би билейік, ән де бүгін шырқалар!
Данияр:      Армысыздар!
                    Жарық сәуле көбейсін!
                    Армысыздар! Армысыздар!
                    Әсем әуен төгілсін! Орта толсын, жол ашайық!

Серікболсын: Бүгін бізде үлкен қуаныш, үлкен той!
Ғалымжан: Бүгін қызық, бүгін той,
                      Біздер үшін біліп қой.
                      Тойға шашу шашайық
                      Шырқап әнге салайық.
Хор:  «Үйретеді»

 

 

1-жүргізуші: Армысың сен алтын ұя мектебім,

                        Саған айтар жыр алғысым көп менің.

                        Жүректерге жаққан білім шырағын,

                        Мақтан етем сені мәңгі мектебім.

2- жүргізуші: Мектебім, алтын ұям , нұрың жарық,

                         Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.

                         Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,

                         Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.

Данияр: Мектеп – үйім , ұстазым менің – ата- анам,

                Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.

                Саяң ыстық , сен мәуелі бәйтерек.

                Тамырланып , сан тарапқа тараған.

Құралай: Мектебім- сүйікті мектебім,

                   Бауырыңда түлеймін , көктеймін.

                   Сен – бұлақ, мен- қайың бүр ашқан,

                   Өзіңнен нәр алып көктедім.

Серікболсын: Өмірімнің көктемін,
                           Сенде өткізем деп келдім.
                           Алтын - ұя мектебім!
Нұрай:  Армандарым көп менің,
               Атқарамын деп келдім,
               Асыл – анам мектебім!
Нұрдәулет: Өнерпазың көп сенің,
                      Өнер табам деп келдім.
                      Өз бесігім – мектебім!
Хормен: «Мектебім, саған мың алғыс!»

1-жүргізуші: Мектебім- білім берер алтын ұям.

                        Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.

                         Баулыған 4жыл бойы ата- анамдай.

                         Әрқашан қасиетті атың маған.

                         Арада өтсе дағы дүркіреп жыл ,

                         Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.

                         Өзіңе борыштармын өмір бойы

                          Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.

2-жүргізуші:    Армысың сен , алтын ұя мектебім

                          Саған айтар жыр- алғысым көп менің

                          Жүректерге жаққан білім шырағын ,

                          Мектебіме арналады бұл әнім!

Ән: «Мектебім»

1-жүргізуші: Барлық білім бастауыштан басталған

                        Алғыс саған үлкендер мен жастардан

                        Рахмет саған алғаш ұстаз апайларым

                        Бергеніңді ойға тоқып қайтарам.

2-жүргізуші: Риза болшы ұстаз қауым ардақты

                        Шәкірт жүрек сізге арнау арнапты

                        Жылдар жылжып айлар зулап өтсе де

                        Бастауышты орта буын жалғапты.

Мәншүк: /Назым апайға:

 

 

 

 

Нұрай: /Назгүл апайға:

            Қуанышты жүзіңде сағым ойнап,

Еңбек десе кетеді жаны жайнап

Ардақты ұстаз, аяулы Назгүл апай.

Бар шәкірттің қамын ойлап.

Білімді бағындырып тілегімен

Бар шәкіртті сүйеді жүрегімен.

Назгүл апай бізге мәңгі ардақты жан,

Сабырлы да, салмақты мінезімен.

Самат: /Шынар апайға:

             Шынар апай сұлу, көркем

Бізге оқу үйреткен.

Қыздарға би үйретіп,

Ұлдарды алға сүйреткен.

Нұрай: /Айдана апайға:

Айдана апай, дана апай.

Ең жақыным сен ғана.

Бізді ойлап жүресің,

Жүрегің таза, кең дала.

Қателесіп кетсем де,

Кешіріммен қарайсың.

Алсам егер бестікті

Айға, күнге балайсың.

Сандуғаш: /Айдана апайға:

            Айдана апай жайдарлы,

            Үйреткен сөз өнерін.

            Әрқашанда жаныңда

            Тілекшің болып жүремін.

            Ұстазым, сөзіңізден көп сыр ұқтым,

            Шәкірттерің сізді қалай ұмытсын.

            Әрбір сөзің жыр шуағын таратқан,

            Таңғы шықтай мөлдіреген тұнықсың!

1-жүргізуші: Иә, ғұлама білгіш, ғалымнан,

                       Оқушы жас жалыннан

Аса ірі ойшылдан,

Президент, ақыннан,

Ғарышкер, ұлы батырдан

2-жүргізуші: Өнері тасқан актерден

Мың бұралған бишіден

Ой тербеткен күйшіден,

Оқыған жас-кәріден,

Оқушының бәрінен:

Хормен: «Ұстаздарға мың алғыс!»

Ән: «Ұстазға мың тағзым» Орындайтын Мәншүк қыздарыңыз.

Ұстаздарға сөз кезегін беру.

2-жүргізуші: Сөз кезегін мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Күлімсейітова Манат апайға береміз.

1-жүргізуші: Күніндей гүл көктемнің нұрын шашып,

                       Жасқанбай әр қадамын нық-нық басып,

            Қазақ биін көрерменге  көрсетуге  

            Биші қыздар келеді мың бұралып.

Би:  Қазақ биі

1-жүргізуші: Сонымен 4 жыл бойы біз: ана тілі, қазақ тілі, орыс тілі, математика, дүниетану, музыка, технология, дене тәрбиесі, бейнелеу өнері пәндерінен білім нәрімен сусындап келдік.

2-жүргізуші: Иә, бұл бастауыш мектеп патшалығының қиындығы мен қызықты сәттерін апайымызбен бірге өткізіп, біздей бүлдіршіндерді баптап, өз балаларындай қамқорлап жүрген ұстаздарымыз бар. «Мұғалім – мектептің жүрегі» деп Ыбырай Алтынсарин айтқан болатын, мінекей бізде сол апайлар мен ағайларға жүрегіміздің жылуын ұсынбақпыз.

Құралай: /Манат апайға

                  Жасау үшін жас өскіннен шын дарын

                Талай балғын суретшіні шыңдадың

                 Манат апай үйреттіңіз біздерге

                   Әсем етіп сурет салу сырларын.

  Арыстанбаб: / Жанар апайға

                          Баулыған әрбір өнерді,

                          Жанар апай өнерлі

                          Әсем әннің шебері,

                          Қызықтырып ән-күйге,

                          Бізді үйретіп келеді.

  Нұрдәулет: / Талғат ағайға

              Көңілін бар шәкірттің таба алатын

               Кеуделерге намыс отын жаға алатын

              Өзіңдей болса, шіркін, барлық ұстаз

              Қолы шебер, күміс көмей, сөзі алтын.

  Данияр: Санамызда тұрса дағы сан ұғым,

                   Білмеуші едік көп нәрсенің анығын,

                   Тілі менен әдебиетін орыстың

                   Айдана апай өзіңізден таныдым.

Мәншүк:  Білімділік – тіршіліктің тірегі,

                   Индира апай тереңінен түсіндіреді.

                  Сөйлегенде мәдениетті тілменен

                   Барлық жанның елжіреген жүрегі.

Серікболсын:  Гүлзат апай шебер-ақ,

                          Үйреткен ісі жып-жинақ,

                           Шәкірттері молайып,

                            Жемісін ылғи берер-ақ.

Ғалымжан: /Бауыржан ағайға:

        Денемізді шынықтырып ойнатқан,

        Тәртіп бұзсақ бәрімізді ойлатқан.

Көп шәкірттің досындай,

Бауыржан ағай осындай.

Хормен: «Пән мұғалімдеріне мың алғыс!»

  • Мәңгі қартаймай ортамызда мектебіміздің жүректері болып соға беріңіздер.

Ән: «Ұстазым»  Орындайтындар: 4-сынып жігіттері

1-жүргізуші: Өнерліге әсем ән мен сән керек,

                        Өнегені қанжығаға өңгеред.

                         Испан биін билегенде бишілер

                         Бүкіл әлем кетер бір сәт дөңгелеп.

Сахнаға биші қыздарымызды шақырамыз.

Би: испан биі

1-жүргізуші: Үлкенді сыйлау – қазақ халқының ата салты. Үлкенді сыйлау ең алдымен әке мен шешеңді сыйлаудан басталады.

2-жүргізуші: Бала ата - ана ісінен көпті үйреніп қана қоймай, олардың тәрбиесін де бойға сіңіре біледі. Сондықтан 4 жыл бойы оқығанда ата - ананың да еңбегі мол.
Хормен: «Ата – ана, сізге мың алғыс!»
Келесі ән ата - аналардың құрметіне арналады.
Ән: «Асыл әже» Орындайтын: Арайлым Ағыбайқызы

Ән: «Әке туралы жыр» Орындайтындар: Арыстан  мен  Мәншүк

Ойын:  Ата-аналармен ойын

Ата-аналарға сөз кезегі беріледі.

2-жүргізуші: Хурмотли оналар яна устазлар!

                       Биз сизләрди бугинги байрамдарыңызбен тәбәраклаймыз,

                       Шундай-ақ биз сизләргә узбек биі ойнап бәремәз. Хушемет етесизләр!
«Өзбек» биі  Нұрай мен Құралай қыздарыңыз.

1-жүргізуші:  Ұстаздар жаққан шырақты

Өшірмейік, балалар.

Бәрін-бәрін білесің

Оқи берсең кітапты, - дей келе ана тілі пәнінің әр бөлімінен біз бойымызға

тілге деген құрметті, Отанға деген патриоттық ыстық сезімді адамгершілік құнды қасиеттерді бойымызға дарыттық. Сонымен қатар, өлеңді мәнерлеп оқуды,  әңгімелерді түсініп оқуды үйрендік.

2-жүргізуші: Олай болса, мен сіздерге Самат ұлдарыңыз ақиық ақын М. Мақатаевтың «Қазақстан» өлеңін мәнерлеп оқып береді.

Мәнерлеп оқу.

Хор:  «Туған елім менің, Қазақстан»

1-жүргізуші: Сынып суретшілері мен қол өнер шеберлерінің еңбектерімен таныс болыңыздар. Әр оқушы «Бастауышым – бастамам» атты көрмеге дайындаған еңбегін өздері таныстырып өтеді.

Көрініс: «Аурухана»

2-жүргізуші: Бір ұядан түлеп ұшқан құстармыз

                      Жақсылық пен адалдыққа құштармыз.

                      Еңбек пенен тіршілікке сән берсін,

          Достық туын әр кез биік ұстармыз.

Ән: «Туған күнім» Арыстанбаб

1-жүргізуші: Қоштасу кеші қобалжытады,

           Көп күткен едік емес пе?

           Көзінде балалардың жас мөлдірейді

                        Ұмытылмайды бұл есте.

2-жүргізуші: Ұстаз!

                        Бізге еткен еңбегіңді жеткізер,

                        Аузымызға сөз түспейді, ұстазым!

           Сөз де, тіпті, қажет емес атыңды

                       Шығарамыз мына біздер

                       Еңбегіңнің жемісін.

1-жүргізуші: Сондықтан да бұл сәтті қасиеттеп,

Мәңгі сақтап қалармыз жүректе біз.

Қош айтысып соңғы рет осы жерде

«Мың алғыс, бастауышым, саған!» дейміз.

Хормен:        Сенен алған білімге де рахмет!

Сенен тапқан достарға да рахмет!

Бастауышым, қоштасарда тағы да

Жүз қайтара айтарымыз рахмет!

Хор:  «Сыныптастар, құрдастар»

 

1-жүргізуші: Ана жанын ана болсаң ұғарсың,

           Алдыңдағы ол бір биік құз бен шың,

                       Балаң үшін кеуде керіп қуанып,

                        Балаң үшін биіктен де құларсың

Сөз кезегін ата-аналарға береміз.

2-жүргізуші:   Ажырамай мектептен бір елі сіз,

             Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз,

             Сөз берелік құрметпен өзіңізге

              Шәкірттерге арналсын тілегіңіз.

                           Сөз кезеңі алғашқы ұстазымызға беріледі.

 

Мұғалімнің қорытынды сөзі: Алдарыңда ұзақ жолың бар,

       Оқумен өсіп толыңдар.

       Қиындыққа мойымай,

       Аман-есен болыңдар, - деп бастауышпен қоштасу ертеңгілігін аяқтаймыз.

 

Флешмоб

Бәрі бірге:    Ұстаз деген ұлық атты сыйлаймыз,

                        Жақсы әдетті сол жандардан жинаймыз.

                        Болашаққа ұмтыламыз үмітпен,

                        Әйтсе де әлі бастауышты қимаймыз.

 

  • жүргізуші: Білімді жан әрқашан да бағалы,

             Білім бар да ақ шашың да даналы,

             Көрерменім аман –сау бол осымен

                   Ақ көгершін самғап ұшып барады.

 

Математикалық сайыс «Ғажайып жетілік»

$
0
0

Ұйымдастырушы математика пән оқытушысы:                       

Дадахова Асия Қайыржанқызы

 

Мақсаты:

  1. Қазақтың салт - дәстүрін еске түсіріп, студенттердің математикадан алған білімдерін пысықтап, топқа бөліп жарыстыра отырып саралау.
  2. 2. студенттердің ой - өрісін кеңейтіп, жарыса жұмыс істеуге, логикалық ойлауды жеделдетуге баулу, танымдық қабілетін, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
  3. Студенттерді ұлттық рухта тәрбиелеу, халықтың салт - дәстүрін жан - жақты түсіне білуге, білімді азамат болуға тәрбиелеу.

Ұйымдастыру: Амандасу,топтарды және топ мүшелерін таныстыру.

Негізгі кезең :

  1. Амандасыу, топтың атын қорғау. Эмблема,ұран.
  2. 7-Сұрақ- 7жауап
  3. «Мәреге жет» баспалдақпен көтерілу
  4. “Тапқыш болсаң, тауып көр”математикалық жұмбақтар.
  5. Үй тапсырмасы.
  6. Жекпе-жек ойыны
  7. Мақал –мәтелдерді жалғастыр .

Қорытынды:Топтарды бағалап,білімді топты хабарлау.Ойынға белсене қатысқан оқушыларды марапаттау.

Мұғалімнің сөзі :

Қайырлы күн құрметті қонақтар, ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер. “Ғажайып жетілік” атты жарысымызға  хош келдіңіздер.

"Жеті" сөзімен байланысты халқымызда жеті қазына, жеті күн, жеті жұрт, жеті жоқ, жеті жұт, жеті ғалам, жеті қат көк, жеті ғашық сөздері пайда болған. XVI ғасырда өмірге келген "Әз Тәукенің "Жеті жарғысы" да жеті сөзінің қасиетіне, киелі жағына мән беруден туған болу керек.

Өлген адамның жетісін беру, жеті шелпек пісіріп, еске алу және "Жетіге келгенше жерден таяқ жерсің", "Жеті қабат жер астында" сияқты дәстүрлік сөздер мен мақал - мәтелдердің шығуы да жетімен байланысты. Біздің ата-бабаларымыз да жеті санын қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелерін жеті санымен атап, ата заңдарына, салт-дәстүріне арқау етіп келеді. Дінде де жеті санының орны ерекше. Мәселен, Аллаһ Тағаладан пенделеріне түскен қасиетті кітаптардың бірі – Тауратта жеті саны 500 рет қайталанады. Ислам дәстүрінде жұмақтың жеті қақпасы, тозақтың жеті баспалдағы, Қағбаны жеті рет айналу деген ұғымдар бар болса, христиандарда жеті – жаратылыстың нышаны болып саналады Жеті жазба, жеті ашу, жеті шырақ, жеті басты дәу, жеті нота, жеті батыр, аптаның жеті күні, жеті жел, жеті қат жердің асты тағы басқа.

Математика – 1,2,3...натурал саннан тарайды,

Алгебра сырын ашсам деп,

a,b,c,d әріптер жан – жағына қарайды.

Үшбұрыш, төртбұрыш, конус пен цилиндр,

Геометриялық денелер нүкте менен түзуді арғы атасы санайды.

Синус пенен косинус, тангенс пен котангенс

Жүрген жерде паңданып сұлуға өзін балайды.

Үшбұрыштар Бәйтеректе көз ұшында көрінген,

Пирамида орын алған Астананың төрінен.

Математика күллі әлемді өз тілінде сөйлетіп,

Білімнің нұрлы шуағы шар тарапқа тарайды

 

 “Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы-білім”деген екен шығыс ғұламасы Абу Райхан Ал Бируни. Ендеше сайысымызды бастайық.

Жарыс кезеңдері мен таныстырып өтейік:

Жарыс кезеңдері 7 тапсырмадан тұрады :

 

1.Амандасып, топтың атын қорғап шығу.Эмблема ,ұран.

2.7- Сұрақ-7 жауап.

  1. «Мәреге жету» жеті баспалдақ
  2. «Тапқыш болсаң, тауып көр» Жеті жұмбақ
  3. Үй тапсырмасы
  4. Жекпе –жек ойыны

7.Топ басшыларының сайысы

 

  1. «Жеті жұлдыз» және «Жеті қазына»  топтары өздерін таныстырып өтеді.

(екі команда таныстыруларын ертегі желісінде құрады)

  1. Келесі кезекте « Жеті сұрақ-жеті жауап» сайысы,  әр топқа жеті сұрақтан беріледі, әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі

 

«Жеті жұлдыз» командасына:

  1. Отбасында 5 ағайынды бар. Олардың әрбіреуінің 1 апайы бар. Отбасында барлығы неше бала?(6)

 

  1. Әсем поездың басынан есептегенде 7-вагонға отырды. Алия поездың соңынан есептегенде 7-вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды. Поезда неше вагон болған?(13)

 

  1. Қатар тұрған үш санның қосындысы да, көбейтіндісі де 6 –ға тең. Ол қандай сан? (1,2,3)
  2. Қандай санның жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр бар? /10 он, 100 жүз/
  3. Геометрияның жазықтықтағы фигураларды зерттейтін бөлімі қалай аталады?

                Планиметрия

  1. Бұл термин тіл ғылымы саласында, математикада, биологияда кездеседі. (түбір)
  2. Сұқ саусақ пен бармақтың арасындағы қашықтық қалай аталады? (сүйем)

 

«Жеті жұлдыз» командасына:

  1. Математикада бір айнымалының екінші айнымалыға тәуелділігі нені сипаттайды.

                                                                                                                          (Функция)

 

  1. Адамдар сандарды бірінші рет не арқылы бейнелеген және алғашқы санау құралы не? (саусақ)
  2. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?(3 кг)
  3. Қосарланып жегілген үш ат 1 сағат ішінде 14 км жол жүреді.Осы уақыттың ішінде 1 ат қанша жол жүреді?  (14 км)
  4. Атасы немерелеріне сақтап қойған асығын бергісі келді.Оларға жетеуден берсе, асықтың екеуі артық қалады. Ал сегізден берсе, асықтың біреуі жетпей қалады. Атаның неше немересі бар? Асығы нешеу? (23 асық, 3 немере)
  5. Төртбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы (360 градус)
  6. Әрі қилыспайтын, әрі параллель емес түзу (айқас түзу)

 

«Мәреге жету» баспалдақпен жоғары көтерілу керек. Әрбір баспалдақпен көтерілу үшін онда жазылған есепті шығарып, көп нүктенің орнына есептің жауабын жазып есептеу керек.

  1. ( 3)' =
  2. ( )'= 2= 2 + 2= 2
  3. ( 2 + 5)'=
  4. ( 2)'=
  5. ( )' 4

= -

  1. Мәре сызығы

ЖЕТІ ЖҰМБАҚ.

 

  1. Күшіне сенген бір мықты

       Жығып салып сегізді.                 (Шексіздік)

 

  1. Бірдей санды бірнеше рет,

        Көбейтуден тұрады.

        Егер оны ықшамдасаң,

        Қандай атау болады?                    (Дәреже)

 

  1. Егіз туған қос жүйрік,

        Жарыса шауып терлейді.

         Бірін-бірі көрмейді

        Дамылсыз қанша шапсада,

          Бір мәреге келмейді.                      (Параллель түзулер)

 

  1. Айналған шешу құралына,

       Төрт саны араласқан құрамына.

       «Теңдеудің түбірлері нешеу?» - деген

         Қандай сан жауап береді сұрағыма.           (Дискриминант)

 

  1. Оң сандарға қол шатырдай,

              Қалпақ болған беделі

               Квадраттасаң егер оны,

              Жоғалтасын сен оны                                     (Квадрат түбір)

 

  1. Математикалық таңба ол,

              Білімің болса ашарсың.

             Теріс сан болса астында,

             Мағынасы жоқ де қашасың.

                                                (Квадрат теңдеу)

 

7.Нәрселерді санағанда,                  

Керек ол бізге ауадай.                                                                                                                   

Айтыңдаршы бұл қандай сан                                                                                                                  

 Жан – жағыңа қарамай   (натурал сандар 

 

        1 .  Атадан он баламыз,

            Бір-бір жастан арамыз,

            Қосылып кейде басымыз,

            Азайып кейде қаламыз.

            Бөлініп кейде арамыз,

            Көбейіп те аламыз. Ол не?                          (0 мен 9 арасындағы сандар)

 

  1. Санға қосып , алсаң

            Сол санның өзі шығады.

            Санды оған бөлуге болмайтынын

            Математиктер ұғады.

             Көп адамдар сол санға

           Шекесінен қараған

          Сан осіне қақ бөлуді

            Сол саныңыз жараған.   ( нөл )

 

  1. Өмірің сенің қызық,

            Жолында жоқ түзу сызық,

            Басы да жоқ аяғы.

            Бір айналым баяғы. (дөңгелек)

 

  1. Шекер жейтін ақ құтан

            Бір қазыққа байланды

            Аузына тістеп шекерін

            Оң қазықты айналды.     ( циркуль ).

 

5          Алды - артымыз шексіз де

            Жете алмайсың біздерге

            Сәуле мен кесінді

            Шыққан тегін білсін де (түзу)

 

6.Үлкен, кіші сандар арасына 

             Таңбаларды қойған кезде

            Алынады қандай өрнек

             Білейікші оны бізде   (теңсіздік)

 

  1. Екі бұрыш ежелден

             Тату көрші болған екен

             Бірін – бірі толықтырып

             Бір түзуде жатады екен(сыбайлас бұрыш)

 

Келесі бөлімімізде «Үй тапсырмасы» .Әр топ өздерінің дайындаған тапсырмасын қарсылас командаларына береді.

(Екі командаға математикалық сөзжұмбақ, ребус т.б жасау тапсырмасы берілген)

 

Сонымен сайысымыздың  ең шешуші  кезеңі  «Жекпе жек»  бөліміне көшейік. 

Кестенің ішіндегі сандарды қалай қоссаңда көлденеңінен, тігінен, көлбеу қоссаңда 15 шығу керек. . Бұл маги квадрат деп аталады.

 

  1

2

3

4

5

6

7

8

9

  

4

9

2

3

5

7

8

1

6

 

Теңдіктің сол жағындағы сандардың арасына теңдік орындалатындай етіп қосу таңбасын қой

                             44444444 = 500    (444+44+4+4+4 = 500)

Теңдіктің сол жағындағы сандардың арасына теңдік орындалатындай етіп, амал таңбаларын  қой?

 

           333333 = 1000    (333*3+3/3 = 1000)

 

Сайысымыздың келесі бөлімі «Мақал-мәтелдерді жалғастыру»

  1. Жұт жеті ағайынды, жиенім сегіз.
  1. жеті атасын білмеген ұл жетесіз.
  1. Жеті атасын білген ұл жеті жұрттың қамын жер.
  1. Жеті кедей жиналғанмен ортасынан бір бай шықпас.
  1. Жетім бала жеті күлшеге тоймас
  1. Жетімге жеті бидай да тамақ,
  1. Жеті қарақшыны таныған, жеті күнде адаспас.

 

  1. Айла алтау, ақыл жетеу.
  1. Қыстың соңы жеті тоғыс, көктем басы бес тоғыс.
  1. Жігіт бір сырлы, сегіз қырлы болсын.
  1. Алты аға бірігіп әке болмас, жеті жеңге бірігіп ана болмас.
  1. Алты жастан жинасам асырам, жеті жастан жинасам жеткізем.
  1. Жақсыны жеті жыл жетелесең, адам болады,

Жаманды жеті жыл жетелесең, надан болады.

  1. Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.

Сайысты қорытындылау үшін әділқазы мүшелеріне сөз беріледі.

Анықтама

Математика үйірмесіне қатынасатын 1 курс студенттері арасында  «Ғажайып жетілік» тақырыбында сайыс өткізілді.

Мақсаты:

  1. Қазақтың салт - дәстүрін еске түсіріп, студенттердің математикадан алған білімдерін пысықтап, топқа бөліп жарыстыра отырып саралау.
  2. студенттердің ой - өрісін кеңейтіп, жарыса жұмыс істеуге, логикалық ойлауды жеделдетуге баулу, танымдық қабілетін, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
  3. Студенттерді ұлттық рухта тәрбиелеу, халықтың салт - дәстүрін жан - жақты түсіне білуге, білімді азамат болуға тәрбиелеу.

 

Бағдарламасы :

  1. Амандасыу, топтың атын қорғау. Эмблема,ұран.
  2. 7-Сұрақ- 7жауап
  3. «Мәреге жет» баспалдақпен көтерілу
  4. “Тапқыш болсаң, тауып көр”математикалық жұмбақтар.
  5. Үй тапсырмасы.
  6. Жекпе-жек ойыны
  7. Мақал –мәтелдерді жалғастыр .

 Осы бағдарлама бойынша өткізілген сайысқа екі топ қатынасты.

І топ   «Жеті қазына»        ІІ топ  «Жеті жұлдыз» әр топтың құрамында 7 оқушыдан құралған. 

Сайысты бағалау мақсатында әділқазы мүшелері тағайындалды.

  1. Мукашева Ш- математика пән мұғалімі;
  2. Әлімбаева М-психолог;
  3. Бажбенова Н-әдіскер.

Сайыс барысында оқушылар өз білімдерін көрсете білді. Өздерінің тапқырлығы мен білімділігінің  арқасында «Жеті қазына» тобы жеңіске жетті. Жеңіске жеткен топ мүшелері «Дипломмен» марапатталды.

 

 ТОЛЫҚ КӨШІРУ 

ЖҮКТЕУ

Ұмытпаймыз ешқашанда ерлікті

$
0
0

 Сынып жетекші: Бабаджанова  Ақжарқын

 

Ұмытпаймыз ешқашанда ерлікті

(ҰОС батыры Әнуар Әбутәліпов жайлы деректер)

 

                                                                     Біздің жүрегіміз темір емес.
                                                                      Бірақ біздің кек отымыз қандай     
                                                                      темірді болса да ерітіп, күйдіріп
                                                                      жібере алады...  біздің үрейді 
                                                                      жеңетін ең күшті қаруымыз бар, 
                                                                      ол – Отанға деген

                                                                      сүйіспеншілік.
                                                                                        Б.Момышұлы

Сыныбы: 7 «а»      

Пәні:  Тәрбие сағаты

1.Сабақтың тақырыбы: Ұмытпаймыз ешқашанда ерлікті

                        (ҰОС батыры Әнуар Әбутәліпов жайлы деректер) 

 2.Сабақтың түйінді мақсаттары: Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағұлмат беру. Отан үшін жан қиған ардагер, батыр атамыз  Әнуар Әбутәліповтің  ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.

3.Белсенді сабақ беру тәсілдері мен сабақтағы жұмыс түрі: жеке жұмыс,топтық жұмыс.

 4.Сабақтың нәтижесі:                                                                                                                          Білу: Ұлы Отан соғысы туралы және  Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен Әнуар Әбутәліповтің  батырлық жолын білетін болады.

Түсіну: Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата - бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтереді, үлгі - өнеге тұтады.

Қолдану: АКТ ны  пайдаланып Ұлы Отан соғысына қатысқан батырымыз туралы мәліметтерін қолданады.  

5.Реурстар мен жабдықтар: оқулық, карта, постер,суреттер.

Сабақ барысы  

Уа-қыт

Бөлім

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушылар іс-әрекеті

5  мин

 

1.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Психологиялық ахуал қалыптастыру үшін мұғалім оқушылармен амандасады, сергіту сәтін жасайды

2. Мұғалім оқушыларды бүгінгі сабақтың тақырыбына байланысты суреттер бойынша топтарға бөледі

1.Оқушылар сергіту сәтін жасайды,топтарға бөлінеді.

 

2. Оқушылар топқа бөлінеді

 

 

 

10 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

15

Мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7

мин

 

Кіріспе

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім

Мұғалім: Бәрімізге белгілі ,әрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат мереке 9-мамыр  Жеңіс күні.  Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан бұл күннің маңызы өте жоғары. Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды.

1.Бейнеролик.

«Ұлы отан соғысының батырлары»

2.Мұғалім оқушылармен бірге жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындайды, тақырыппен танысуға тапсырма береді. Тақырыппен танысып болған соң топтық жұмыс.   

2..Топпен жұмыс. «Мағынаны тану»

I топ Соғыс»дегенді қалай түсінеміз?
Қандай ірі соғыстарды білесіңдер? Ұлы Отан соғысы қашан,қай елдердің арасында болды?
Ұлы отан соғысы кімдерге қарсы болды?

II топ Ұлы Отан соғысына кімдер қатысты? Соғыс кезіндегі қазақтан шыққан қандай батырлардың ерліктерін білесіңдер?

III топ  Ұлы Отан соғысының аяқталғанына биыл қанша жыл? Өзіміздің ауданымызда қанша жауынгер ҰОС-на қатысты? Олар жайлы не білесің?

IV топ . ҰОС батыры Әнуар Әбутәліпов не білесіңдер, ерлігі жайлы деректер 

3.Жеке жұмыс. «Сіздің жеңісіңіз- біздің мақтанышымыз» тақырыбында шығармашылық жұмыс.

 Эссе жазу, сурет салу, өлең шығару, арнау оқу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып айқындағаннан кейін осы тақырып туралы не білетінін топпен анықтайды.

 

 

1.Постерге қысқаша мәліметтерді жазып алып, қорғайды.

 

2. Оқушылар берілген тапсырманы орындап, өз ойларын ашық айтып, сыни тұрғыдан ойлана отырып жауап беруге тырысады.

 

 

 

 

Оқушылар шығармашылықпен айналысады

 

5

 мин

Қорытынды

4. «Эстафета таяқшасы»  әдісімен оқушылар шеңбер  құрып  бүгінгі  сабақтан  алған білімдерін сұрақ қою арқылы қорытындылайды.

Үй тапсырмасы: «Ардагер атаға хат» Оқушылар өздері білетін соғыс ардагерлеріне (аталары болуы мүмкін) хат жазады.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, бүгінгі сабақтың негізгі түйінді идеясын айтып қорытындылайды

 

3

мин

Бағалау

Суммативті

1.Оқушылар  бірін-бірі бағалайды.

2.Оқушылар кері байланыс жасайды

Не ұнады:............................................

Не қиын болды: ................................

Тілегім: ...............................................

 

«Ана тілі аруы-2018» байқауы

$
0
0

                          «Ана тілі аруы-2018» байқауы

Мақсаты: Ата-бабамыздың ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа сақтап келген асыл қазынасы – туған тілімізді қастерлеу, мәртебесін көтеру.       Көрнекілігі: «Ана тілі аруы-2014» жазылған плакат, тіл туралы ақын-жазушыларымыздың қанатты сөздері, мақал-мәтелдер, шарлар, мультимедия.              Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ұстаздар, оқушылар және көрермен қауым! Баршаңызды келе жатқан тіл мерекесімен құттықтаймын! Мектебімізде «22 қыркүйек Қазақстанда тұратын халықтардың тілдері» мерекесіне орай  «Мемлекеттік тіл-ортақ қазына» атты апталық өтуде. Осы апталықта белгіленген іс-шараның бірі «Ана тілі аруы-2014» байқауы болатын .                                                                                                                     -Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың…
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың! -деп Мағжан ақын жырлағандай,  құрметті ұстаздар мен оқушылар апталығымыздың бүгінгі күні 6,7,8 сыныптың қыз оқушыларымен өткізілетін «Ана тілі аруы-2014» байқауына қош келдіңіздер!

— Сайысымызды бастамас бұрын осы сайысты сарапқа салып, төрелік айту үшін қазылар алқасын сайлап алайық.

Әділқазылар алқасы:  (қазылар алқасын сайлап таныстыру)

  1. Есқұлова Жаңыл- оқу ісінің меңгерушісі

2.Нәсіпқали Айнагүл- тәрбие ісінің ұйымдастырушысы

3.Айтжанова Гүлмерек- кітапханашы
                     — Ана тілі  қазағымның қаймағы,
                     Тілің сенің өміріңнің айғағы.
                     Бүгін міне, тіл туралы сайысқа,
                     Әр сыныптың білгірлері шығады-дей келе сайысқа қатысушы аруларымызды қошеметпен  ортаға  шақырамыз.

  1. Түзгенбай Аққу 6-сынып оқушысы
  2. Абзал Райхан 6-сынып оқушысы
  3. Кенжеғұлқызы Дәнекер 7«а» сынып оқушысы
  4. Бекетқызы Мөлдір 7«а» сынып оқушысы
  5. Нұрнияз Жайна 7«б» сынып оқушысы
  6. Сәрсенбайқызы Самал 7«б» сынып оқушысы
  7. Кенжеғұлқызы Құралай 8- сынып оқушысы
  8. Сәрсенбайқызы Әсел 8-сынып оқушысы

Сайысқа қатысушы аруларымызға сәттілік тілейміз!

-Бүгінгі біздің сайысымыз 6 турдан тұрады:

  1. Таныстыру.
  2. Мәнерлеп оқу (өлең, поэма немесе көркем шығармадан үзіндіні нақышына келтіре оқу)
  3. Сөз тапқанға қолқа жоқ...(берілген үзіндіні жалғастыра отырып ой өрбіту)
  4. Менің шеберлігім өнермен астасқанда...(Үй тапсырмасы. Ас мәзірі)
  5. Білімді мыңды жығады...(сұрақ-жауап)
  6. Өнерліге өріс кең.

1.Таныстыру .

Тілді, тарихты, салт-дәстүрді ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып, сақтау - қасиетті борышымыз. Олай болса, әрдайым тілімізді аялап жүрейік деген тілекпен бүгінгі байқауымыздың 1-бөлімін  таныстыру бөліміне кезек береміз.

Беташарын сайысымыздың бастайық,
Көрерменді бір серпілтіп тастайық.
Таныстырсын аруларың  өздерін,
Өнеріне ду қол соғып қостайық.   Бұл бөлімде әрбір қатысушы ару өзін өлеңмен, қарасөзбен немесе әнмен көркемдеп таныстырады.

  1. Мәнерлеп оқу. (Өлең, поэма немесе көркем шығармадан үзіндіні нақышына келтіре оқу.Мәнеріне, оқу дикциясына, образға ене білуімен бағаланады)
  2. Сөз тапқанға қолқа жоқ...

Бұл сайыста берілген үзіндіні жалғастыра отырып ой өрбіту. Сайыскердің сөзді шебер қолдана білуіне, ой жүйелілігіне, сыни  тұрғыдан ойлауымен бағаланады.

            Үнтаспадан мәтін оқылады...

  1. Менің шеберлігім өнермен астасқанда...

Сайыскерлеріміз үйден ас мәзірін дайындап әкеледі. Оның құрамы мен жасалу жолын көркемдеп жеткізіп айтудағы тіл байлығымен, сөйлеу мәнеріндегі ерекшелігімен, тілді шұбарламауымен сипатталады

  1. Білімді мыңды жығады...

Қазақтың түрлі - түрлі дәстүрі бар,
Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.
Жауабын таба ма екен аруларымыз
Сол себептен қоятын сұрақтар бар.
Келесі кезең «Білімді мыңды жығар» деп аталады. Бұл бөлімде арулар 1 минут ішінде қойылған сұрақтарға нақты әрі тез жауап беруі тиіс.

Бұл бөлімде әрбір ұяшықта тіл мен әдебиеттен және мақал-мәтел бойынша 3сұрақтан берілген. Қатысушы ұяшық таңдау арқылы сұраққа жауап береді. Әрбір сұраққа 10 ұпайдан беріледі. Жауап толық әрі нақты болуы керек.

  1. Өнерліге өріс кең...

Өнерлінің өнерін
Тағы да байқап көрейік.
Жүйрік аттай желейік
Ән мен жырға кезек берейік.

Сайыскер өз өнерін көрсетеді. Ендеше кезекті өнерге берейік

Қорытынды

Қазылар  орнықтырар  әділдікті,
Кімдердің  жауаптары  кәміл шықты?
Білім мен тапқырлықтың сайысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.- дегендей байқауды қорытындылап, жеңімпазды анықтау үшін әділ қазыларға сөз береміз.

                         Ана тілсіз тарих та жасалмайды,
                           Ана тілсіз іс өрге аса алмайды
                           Желмаяның үстінде желіп тұрып;
                           Күңіренбеген тектен-тек Асан Қайғы –дей отырып бүгінгі   сайымызды аяқтаймыз.

  Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Туған тіліміздің мәртебесі биік, тұғыры мықты болсын! Алтын уақыттарыңызды бөліп келіп, тамашалағандарыңызға үлкен рахмет!

 

           Бағдарлама:

1.Таныстыру. (өлеңмен,қарасөзбен,әнмен)

 

  1. Мәнерлеп оқу (өлең, поэма немесе көркем шығармадан үзіндіні нақышына келтіре оқу)

 

  1. Сөз тапқанға қолқа жоқ...(берілген үзіндіні жалғастыра отырып ой өрбіту)

 

  1. Менің шеберлігім өнермен астасқанда...

Үй тапсырмасы: Ас мәзірі (Тағамды таныстырудағы тіл байлығы, сөйлеу мәнері, сөз қолданысына баса назар аударылады)

 

  1. Білімді мыңды жығады...сұрақ-жауап)

 

  1. Өнерліге өріс кең.

 

 ТОЛЫҚ ЖҮТЕУ

КӨШІРУ

Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы

$
0
0

Тәрбие сағаты

Тақырыбы: Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы.

Мақсаты: Ата – аналардың үлгісі негізінде балаларды ата-аналарын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.  Ата- ана , тәрбиеші, бала арасындағы ынтымақтастықты нығайту, халқымыздың әдет-ғұрпын, салт- дәстүр арқылы бала бойынада асыл да адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру

Міндеті: салт – дәстүрімізді ұрпақ бойына сіңіріп, ұлттық тәрбие беру.

Көрнекіліктер мен қажетті құрал - жабдықтар: отбасы туралы суреттер, ұлттық салт- дәстүрге қатысты суреттер мен заттар.

Барысы: ата-аналармен бірге ойындар, сұрақ жауаптар т.б

1  Сан сұраққа саяхат

2 Сыңарын тап

3 Ұрпақ үшін тыйым сөздердің пайдасы барма?

4 Сіздің пікіріңіз

                               

                                          Кіріспе бөлім

Сәлеметсіздерме ата-аналар, бүлдіршіндер біз бүгін Отбасындағы тәрбие бала өміріндегі маңызды роль атқаратынын сөз ете отырып сіздермен бірге қызықты тәрбие сағатын өткелі отырмыз.

                                        Шаттық шеңбері

Мына сұлу әлемде

Адам өмір сүреді

Үлкен менен кішіге

Күн сәулесін төгеді

                                         Негізгі бөлім

«Әке - асқар тау, ана - баурайындағы бұлақ, бала - жағасындағы құрақ» деген . Сәби үшін ең жылы ұя ата – ананың аялы алақаны, мейрімі. Адам баласының ажары да, бақыты да отбасынан басталады. Бала тәрбиесіне арналған асыл сөздерге тоқталу.

1  Сан сұраққа саяхат

1 Жеті ата деген не?,  өз жеті атаңды білесіңбе?

2 Төрт түліктің пірлерін ата?

(Ата – аналармен бірге)

2 Сыңарын тап

1 Әдепті бала ата- анасын мақтатар----------------------------------------

(әдепсіз бала ата-анасын қақсатар)

2Ана сүтін ақтамағанды   ---------------------------------

(ешкім жақтамайды)

 

3Әке тұрып ұл сөйлегеннен без, --------------------------------------------

(шеше тұрып қыз сөйлегеннен без)

4 Қарағайға қарап тал өсер----------------------------------------

(қатарына қарап бала өсер)

 

5 Үйінде  ұл- қызы бардың  ------------------------------------------

(көгінде сөнбес жұлдызы бар)

Ұрпақ тәрбиесі ұлт болашағы сондықтан да болашақ ұрпақты ұлтжанды, рухани, Отанын , жерін сүйе білетін азамат етіп тәрбиелеуіміз қажет.

Ол үшін бала бойына ұлттық тәрбиені сіңіріп өсіргеніміз абзал.

Кім біледі ұлттық салт- дәстүр дегеніміз не ?

Қыз ұзату, тұсау кесу, той малы, сәукеле кейгізу, есік ашар, құйрық бауыр, бесікке салу т.б.

Ендеше осы айтылғандардың кез келгенін алып балаларға көрсетіп азда болса ой салып тәрбие берейік.

Тұсау кесу дәстүрі

Ата –бабаларымыз жас нәресте алғаш қадам басып жүре салысымен оның тұсауын кесіп болашақ жолын ашып беретін болған. Тұсауды өнегелі елге сыйлы жасы үлкен қарияларға кестіретін болған себебі жас нәресте сол кісіге ұқсасын деген ырыммен.

Тұсауды ала жіппен

Тоқ ішекпен

Көк  шөппен кесетін болған олардың да өзіндік мән- мағынасы бар,

Ала жіп -кісінің ала жібін аттамайтын адал болуға

Тоқ ішек- келешекте сол баланың айналасы Отбасы туған туысы тоқ болып жүруіне

Көк  шөп- осы бала көгеріп көктесін жайқалып өссін, мал жаны көп болсын деген ниеттермен осылай жасайтын болған екен біз де осы салт- дәстүрді берік ұстанып ұрпақ тәрбиесінде кеңнен насихаттауымыз керек

 

                                        Сергіту сәті

Ал балалар тұрайық

Алақанды ұрайық

Оңға қарай бұрылып

Солға қарай бұрылып

Бой  сергітіп алайық

 

 

Жығылып  жатып сүрінгенге күлме

Күлме досыңа келер басыңа

Ауру қалса да әдет қалмайды

Ұяда не көрсе ұшқанда соны іледі  деген сияқты нақыл  сөздерді бала бойына сіңіріп күнделікті айтып құлағына сіңіріп отырсақ біздің келешек ұрпақ  тәрбиелі болары сөзсіз .

                                                 Қорытынды бөлім

Ұлт тірегі білімді ұрпақ қолында

Ізденіңдер білім алу жолында

Еліңді сүй жеріңді сүй құрметте

Бүлдіршіндер алау оттай жалында

Құрметті ата-аналар  келіп ой пікір бөлісіп балаларыңызбен бірге тәрбие сағатына қатысып  ұрпақ тәрбиесі үшін аз да болса ой түйіп, атсалысқандарыңыз үшін  көп-көп рахмет.

                                                  Күтілетін нәтиже

Түсінеді:  ұрпақ тәрбиесі  үшін нақыл сөздер мен салт- дәстүрдің маңыздылығын.

Қолданады : нақыл сөздерді, салт –дәстүрге қажетті заттарды.

Меңгереді: сахналық қойылым көрсетуді, тәрбиелі сөздер айтуды

Viewing all 337 articles
Browse latest View live