Сабақтың тақырыбы: Туған өлкем қандай көркем!
Сабақтың мақсаты:
а) оқушыларға туған өлке, оның байлығы,алуан түрлі табиғаты туралы түсінік беру;
ә) туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыра отырып,мемлекетіміздегі табиғи ұлттық қорықтар мен Асанқайғының жерге айтқан сындарымен таныстыру;
б) табиғатты қорғай білуге, аялауға үйрету.
Көрнекілігі: Қазақстанның табиғат көріністерінен слайдтар, күй табақ, буклеттер, сахнаны безендіру.
С а б а қ т ы ң б а р ы с ы :
1-жүргізуші:
Құрметті ұстаздар,оқушылар! «Туған өлкем қандай көркем!»атты ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз.
2-жүргізуші:
Табиғат адамды әлдилеген ана ғой.Оның таң ала көлеңкедегі тамылжытатын әнші құстарының үні,салқын соққан самалының қоңыр лебі ,жұпар аңқыған жусаны адамды ләззәтқа бөлейді.
1-жүргізуші:
Балалар, сендер ұйықтап оянғанда терезеден нені көресіңдер?
Окушылар: Күнді,күннің жарқыраған нұрын көреміз.
2-жүргізуші:
Далаға шыққанда жоғарыдан нені ,төменнен нені көреміз?
Оқушылар: Жоғарыдан аспанды,күнді,бұлтты төменнен жерді,щөпті көреміз!
1-жүргізуші:
Ендеше біз аспанға,күнге,жерге және келген қонақтарымызға сәлем берейік Оқушылар: Қуан,шаттан алақай,
Қуанатын күн келді.
Келіп шықты күн бүгін.
Қайырлы таң,қайырлы түн!
Сәлеметсіз бе! Амансыз ба!
Бәріміз күндей жарқырайық
Бәріміз дос болайық.
Бәріміз тату болайық!
ХОР: «Атамекен»
1-жүр:Қайталанбас табиғатқа ие,пәк дала,момын тірлік,айна көлдер,мұз дәуірінен қалған қарағайлы орман,қайың,көк теректер,ақ сорлар,сақа табаны түсіп көрмеген жондар, жер шарының еш жерінде кездеспейтін сирек құбылыстар. Бұл теңдесі жоқ таңғажайып көрініс.
2-жүр:Табиғат байлығына,таңғажайып сұлу көрінісіне қалам тартпаған ақын-жазушыларымыз кемде-кем!
Қамар: Сұлу дала!Менің сүйген еркемсің,
Жаны жайсаң жаратылған өлкемсің.
Қандай жақсы қазақ болып туғаным
О,туған жер,тамашасың,көркемсің.
Нұрбек: Табиғат,сен тіршілік,тұнып тұрған,
Сен күнсің көтерілген күліп қырдан.
Сен-көлің,сен ормансың,сен бұлақсың
Адамға сұлулықты шын ұқтырған.
Жанболат: Арқаның кербез сұлу Көкшетауы,
Дамылсыз сұлу бетін жауған жауын.
Жан-жақтан ертелі-кеш бұлттар келіп,
Жүреді біліп кетіп есен-сауын.
Сексен көл Көкшетаудың саясында,
Әрқайсы алтын кесе аясында,
Ауасы дертке дауа,жұпар иісі,
Көкірек қанша жұтса,тоясың ба?
Бибісара:О,табиғат қандайсың,
Тіл жете ме сыйыңа.
Қыр гүліндей жайнайсың
Ақыл беріп миыма.
Азаматтың керегін
өзің беріп тұрасың.
Жұтсаң ауа,ішсең су,
Табиғатым тумасың.
Анара:Бабалар табиғатты аялаған,
Малын бағып бауырын саялаған.
Табиғатты ана деп ардақ тұтып,
Қамқорлығын ешқашан аямаған.
Ей табиғат,шеберсің ау,шеберсің.
Көрмегенді көрсетерсің,берерсің.
Ұлан ғасыр байлығыңды місе ептей,
Ашкөздеген адамдарға не дерсің.
Айың анау,күшің мынау,жер мынау,
Ей адамдар,жетпей жатыр енді не?
Табиғатқа таласпаңдар,ағайын.
Асырайды ол сені де,мені,елді де.
Клара:
Табиғат егіз адаммен,
Ұқсастың табам содан мен.
Мәңгілік болсын егіздер,
Жер-Ана,көл,теңіздер.
Жансая:
Қазақстан-туған өлкем,
Жер көп пе сендей көркем.
Көрсін деп күллі әлемге,
Жалауыңды желге желпем.
Азат:
Көз алдымда көгілдір тау мұнартып,
Аспанымда аққудың әні қалқып,
Құшақтап бір өзіңді туған далам,
Жатамын көк шалғында жаным балқып.
Аяна:
Кең дала көремісің сонау жатқан,
Жібектей жасыл шөппен бетін жапқан,
Асқар тау, айдын шалқар көл мен өзен,
Әне, сол анам еді мені тапқан.
Оразғали:
Қасиетті, қайырымды Жер-ананың
Мейірінен өмірге нәр аламын,
Аялы алақанман аялауда,
Азаматтың борышы әр адамның!
Атамекен жанға жайлы сая, бау,
Ар алдында күнә болар табиғатты аямау,
Қанымызға сінген екен,
Ақ сүтімен ананың
Туған жердің табиғатын аялау!
Махсуда:
Ауылым, ырысым, мал құт мекенім,
Мәңгіге ақ бесігің тербетілген.
Құмыңда жалаң аяқ асыр салып,
Ер жетіп үмітіңді біз ақтармыз,
Жеріңді ұлтарақтай біз сақтармыз.
Қасиетті Жер-Ана, ауыл, елді,
Көркейтетін болашақ – біз жастармыз.
- жүргізуші: 2-жүргізуші:
Туған жерді сүю- парыз, Биге кезек береміз,
Сүю үшін білу- парыз, Бишілер мың бұралсын,
Табиғатты ұғу парыз, Дөңгеленіп билегенде
Күзетінде тұру парыз. Сұлулықты, ұға алсын.
(слайдтан орман, тоғай, шал, теңіз көрсетіліп тұрады.)
Адина: Туған жер, өскен ел, жүрекке жылы сөздердің бәрі де табиғат деген .
ұғыммен бірігіп жатады. Қазақстан- көз тартар аса көркем, бар сұлулықты өз бойына жинап алған өлке.
Бибісара:Табиғат- адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Табиғат- адам денсаулығының сақшысы, жанға дауа, шипагер.
Анар: Табиғаттың басты байлығы- жер. Қазақстан 272 мың км² гектар жерді алып жатыр. Табиғат байлығының бір тобы жер бетінің сәулеті, еліміздің дәулеті- жасыл әлем. Орман-тоғай, жасыл шөп, түкті кілемдей көмкерген даласы бар, жайлауы бар біздің ел.
Айгерім: Тіршілік атауының өмірлік өзегі, аңсар арманы- таза ауа
Тіршілікте не ғой дейсің ең қымбат,
Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат,
Ал адамға ауа қымбат бәрінен,
Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат.
Махсуда: Туған өлкеміздің, тамаша табиғаттың бір байлығы – «Көгілдір қазына» деп аталатын өзендер мен көлдер. Олар адамның жүрегіне жыр,көңіліне нұр, сезіміне гүл сыйлаған бастауы болып саналады.
Азат: Табиғаттың туындыларының бірі- хайуанаттар. Халқымыз ежелден-ақ көптеген жануарларды қамқорлығына алған. Оларды жақсылықтың жаршысы, бақыттың бастамасы деп дәріптеген.
Нұрбек:
Табиғаттың көркін ажарландырып жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі- су.
Халқымыздың суға байланысты айтылған қаншама даналық нақыл сөздері бар десеңші ...
- Су бар жерде өмір бар.
- Сусыз өмір, тұзсыз аспен тең.
– Су-атасы, жер-анасы,
- Өзен жағалағанның өзегі талмас,
- Өрісіне қарай мал өсір,
Өзеніне қарай тал өсір.
- Сулы жер – нулы жер.
- Судың да, сұруы бар.
- Жеті күн жауған жаңбырдан, желіп өткен су артық.
- Жылап жүріп арық тазаласаң,
күліп жүріп су ішесің.
1 жүргізуші: Табиғат! Осынау сөз біздің жүрегіміздегі шоқтай ыстық, мәңгілік алау. Ол Жер-Анаға, туып өскен өлкеңе деген сүйіспеншілік пен махаббат оты. Кең байтақ Қазақстанның тамаша табиғатын тілмен айтып жеткізу мүмкін емес.
2 жүгізуші: Екінші Швецария атанған Көкше мен Аспантау атанған Хан Тәңіріне аяқ жетпегенмен көз жетеді.Сөзіміздің дәлелі ретінде Қазақстанның інжу-маржаны саналатын табиғи ұлттық қорықтарымызбен таныс болыңыздар.
( слайдтан 10 қорықтың суреті көрсетіліп тұрады)
- Жансая: Қорықтың атасы Ақсу-Жабағылы, қолдайтын ЮНЕСКО- да санап ірі
Қорғаштап жарты ғасыр келе жатыр,
Табиғат дейтін аса бағалыны.
Орта Азия мен Қазақстандағы ең байырғы қорық Ақсу-Жабағылы 1927ж ашылған. Жер бетінен жоғалып бара жатқан немесе өте сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар дүниесі топтастырылған қорық. Бүгінгі таңда 75043 гектар аймақты алып жатыр. Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас, Төле би аудандары жерінде орналасқан. Ақсу-Жабағылыны «Қызғалдақтар патшалығы деп те атайды.
- Қамарсұлу: Алматы мемлекеттік қорығы,
Көбейіп арқар, құлжа жетілді елік,
Шетелдік таңданады шетін көріп,
Қорық тұр іргесінде Алматының,
Табиғи зоопаркі секілденіп.
Ұлттық мақтанышымызға айналып отырған 13000 км² жерді алып жатқан қорықтың Талғар бойында ірге тепкен кезі 1931 жыл. Алматы қорығының өсімдіктер дүниесі мейлінше бай және олар алуан түрлі. Дәрі-дәрмек алатын өсімдіктер саны 70-тен асады. Қызыл кітапқа енген өсімдіктердің 28 түрі бар.
- Айнұр: Барсакелмес қорығы. Арал жоқ көп теңізде оған теңдес
Алуан гүл көз тартады адам сенбес.
Атының енді ұққандай шын мәнісін,
Аралай түскен сайын, қайтқың келмес.
Барсакелмес қорығы- Арал теңізінің Барсакелмес қорығында 1939 жылы ұйымдастырылған мемлекеттік қорық. Жерінің аумағы 20мың гектар. Қорықтың мақсаты жануарлардың кейбір түрлерін сақтау және олардың өзін қоршаған ортаға бейімділігін зерттеп, саны азайып бара жатқан ақбөкен мен қарақұйрықты қорғау болды.
- Нұрбек: Наурызым- қорықтардың ормандысы,
Ішінде алуан аң мен толған құсы.
Халыққа атын жыр ғып айтып жүрер,
Бір рет ну төрінде болған кісі
Наурызым қарайлы орманы мұз дәуірінен қалған жұрнақ. Қостанай облысының оңтүстігінде орналасқан Наурызым қорығы 1959 жылы ұйымдастырылған. Онда 687 өсімдік түрі, сүтқоректілердің 44, құстардың 262 түрі кездеседі.
- Динара: Қорғалжын мемлекеттік қорығы.
Құс базарын қиыр шеттен іздеме,
Қорғай білсек жетіп жатыр бізде де,
Кей көлдердің өз құстарын еселеп.
Құс қонды көктемде де, күзде де.
Көлдер көп қой, көлінде құс аз әлі.
Мұнша жанды жадыратпас наз әні
Қояндының жәрмеңкесі секілді
Тарқамасын тамаша құс базары. Астана қаласынан 180 шақырым жердегі қорық 1868 жылы ұйымдастырылған. Көлді-батпақта жердегі қоқиқоздардың мекені, құстардың 39 түрі Қызыл кітапқа енгізілген.
- Ділбар. Марқакөл қорығы
Асқар тау көтерген төбесіне,
Қайда жүрсем түседі көл есіме,
Күн мен айға қол созып толқындары
Көл бетінің ұқсаған төресіне,
Шөбі- женьшень, ағашы- балқарағай
Бала да ұстап балығын алған оңай
Айдынында мамырлап аққу жүзіп
Күн батса да бетінде қалған арай.
Табиғаты көркем Марқакөл қорығы облыс орталығы Өскеменнен 500 шақырым қашықтықта жатыр. 1976 жылы құрылған қорықта дүние жүзінде бес түрі бар. Қорық 75 мың гектар алқапта орналасқан.
- Әсемай. Үстірт қорығы Маңғыстау облысында 1984 жылы құрылды. Ауданы 223,3 мың га Республикадағы ең үлкен қорық. Қорықта сүтқоректінің 227, құстың 11 түрі,
өсімдіктің 261 түрі кездеседі.
8.Мырзакәрім: Батыс алтай қорығы 1992 жылы құрылған. Ауданы 56 мың га. Қорық Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында орналасқан.
9.Азат. Алакөл қорығы 1998 жылы құрылған. Ауданы 197,1 мың га. Қорық Алматы облысындағы Алакөл ауданында орналасқан.
- Оразғали: Қаратау қорығы 2004 жылы құрылған. Ауданы 34,3 мың га. Қорық шөлді ландшафты зонаның қоңыржай белдеуіндегі таулы жерде орналасқан.
Қобыздан күй орындалып тұрады:
1 жүргізуші: Асанқайғы бүкіл алты алаштың жер-суын, қонысын көріп, бұларға жағдай туғызамын деп, көп заман өмірін далада өткізіпті. Жүрген жеріне жақсы қонысқа да, жаман қонысқа да баға беріпті.
2 жүргізуші: Асанқайғы желмаяға мініп желдірдіп, Сарыарқаны аралап жүргенде, әр жерге айтқан сындары мынау екен:
-Қамар: - Ертіс
-Махсуда: -Түндік
-Анар: - Қызылтау
-Динара: - Баянауыл
-Әсемай: - А Баянауыл
-Жанна: - Шідерті
-Анар: - Өлеңті
-Медет: - Сілеті
-Мырзакәрім: - Есіл, Терісаққан, Жетіқоңыр
-Мейіржан: -Сыр бойы, Келес
- Клара: - Яссы
-Айгерім: - Нұра
-Ділбар: - Шыңғырлау
1 жүргізуші: Табиғатты сүю – Отанды сүю. Білімнің көзі, ата-бабаларымыздан айтып кеткен дана сөздер.
Көрініс: «Нағашы мен жиеннің шешендік жарыс сөзі»
( Мейіржан, Айбек)
2 жүргізуші: Қыздардың орындауында би тамашалаңыздар.
1 жүргізуші: Мен үшін Сарыағашым , жер жәннәты
Жантақ басқан жері де, суы да оның.
Шөбі шүйгін, жері бай, әлемге аян.
Салыстыруға жетпейді бүкіл әлем.
Бал құрағы сыбырлап, Шымыр бұлақ,шым бұлақ,
Балбыраған жайлауыай! Мөлдірейсің айнадай.
Шығып жатқан шымырлап, Шыға берші бұрқырап,
Сарыағаштың қайнарыай! Сарыағаштың қайнарыайІ
Зәмзәм суға адамның Ардагердің білегі
Зәрулігін ұқтың ба! Сыздағанын ұқтың ба!
Мейірімін солардың Емдесін деп жүрегін
Қандыруға шықтың ба! Еміреніп шықтың ба!
Суыңды ішіп жастары
Сұлулансын дедің бе!
Дәру алған адамның
Әні қалсын дедің бе!
1 жүргізуші: Сарыағаш, әрине курортымен мақтанады. Осында дем алып, ем алып, курорт әсерлерінен туындаған ақын-жазушыларыңыздың жыр топтамасына кезек берміз.
- Бекболсын, Айбек: «Сарыағаш саздары» Тұманбай Молдағалиев
- С.Айгерім: «Тоғайында толқыдым Сарыағаштың» Күләш Ахметова
- Қ.Адина: «Сарыағаш- кәусәрлі мекен» Кәрім Айнабеков
- Аяна: А.Толмағамбетовтың «Аңыз ағаш» поэмасынан үзінді
1 жүргізуші: Ділбардың орындауында «Ауылым» әні.
---1---- Табиғаттың тамаша тартуы мынау гүлді біздің сыныптың атынан мұғалімдер бөлмесіне сыйлаймыз.
2 жүргізуші: Құрметті көрермендер! Осымен ашық тәрбие сағатымызда аяқталды. Келіп тамашалағандарыңызға рахмет. Сөз кезегін мектеп директоры Ләзиза апайға береміз.