Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік туралы жырлар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Өлеңдерді түсініп, мәнерлетіп оқыту арқылы оқушыларға өлеңдер идеясын ұғындыру. Теңеу, сипаттау туралы білімдерін пысықтай отырып, ауыз әдебиетіндегі жылқының алатын орнына тоқталу. Өмірмен байланыста тақырыпты түсіндіру.
Дамытушылық : Деңгейлік тапсырмалар беру арқылы оқушылардың жеке қабілеттерін дамыту, танымдық ойындар арқылы дүниетанымын кеңейту.
Тәрбиелік: Төрт түлік туралы жырлар арқылы пайдасын ұғындыру. Төрт түлікті күтіп, баптау арқылы қадірлей білуге, төзімділікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі : Деңгейлік оқыту әдісі, түсіндіру, сұрақ жауап әдісі, Ой қозғау, Қызығушылықты ояту, Мағынаны тану.
Сабақтың көрнекіліктері: Интерактивті тақта, буклет,көген, «Төрт түлігім қазынам» көрмесі
Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру бөлімі
а) Психологиялық дайындық.
б) Деңгейлік тапсырмалар беру үшін оқушыларды топтау.
- Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз ерекше. Бізге бүгін қонақтар келіп отыр. Көктемнің шуақты күні күн сәулесі бізге нұрын шашты. Мен сендерді күнге теңеймін.
Сұлу Табанды Еңбекқор
|
Батыл Әдемі Білімді
Олай болса біз бүгінгі сабақта еңбекқорлығымызды, білімділігімізді, табандылығымызды көрсетуге тырысайық.
Күндей күліп,
Гүлдей жайнап өсейік.
ІІ. Үй тапсырмасы
4-5 оқушыдан сұраймын.
-Балалар бесік жыры халық шығармаларының қай түріне жатады?
-Жырға.
жыр |
Ертегілер |
Жұмбақтар |
Мақал- мәтелдер |
Халықтық шығарма |
жаңылтпаш |
аңыз |
Шешендік сөздер |
- Біз бүгін бесік жырымен ғана емес, халқымыздың төрт түлік малдарға арнап та жырлаған жырларымен танысамыз.
ІІІ. Жаңа сабақ
- Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз 3 бөлімнен тұрады.
І- бөлім. Білім -өмір қазығы. Ой қозғау.
Торы құлын өлеңін мәнерлеп оқып беремін де, түсіндіремін.
І деңгей тапсыпмасы
Өлеңдерді мәнерлеп оқыту. ( Сиыр өлеңі)
ІІ деңгей тапсырмасы
Қой , Ешкі өлеңдерін оқып, ішіндегі түсініксіз сөздерді түртіп алу.
ІІІ деңгей тапсырмасы
Теңеу сөздерді тауып жазыңдар.
Мойны- садақтай
Жүні- құндыздай
Саны- білектей.
(оқушылар тақтаға орындайды.)
Сөздік жұмыс.
Сәйгел- Сиырдың омыртқа жотасына түсетін құрт атауы.
Оқыра- Күн ысыған кезде құрттының жыбырлауынан сиырдың құйрығын жоғары көтеріп жүгіруі. Бұлар тек салқын жер іздеп, бір бағытқа жөңкіледі.
Қой малының сипаттары қалай суреттелген.
Заттың белгілерін белгілі бір мақсатқа қарай ашып көрсетуді сипаттау дейміз.
Белгісіздеу нәрсені көрнектеп, ашығырақ көрсету үшін қолданылатын бейнелі сөз теңеу деп аталады.
Кубизм әдісі арқылы І бөлімді бекіту.
ІІ бөлім. Өнер алды- қызыл тіл. Қызығушылықты ояту.
Сергіту сәті.
Мал өсірсең қой өсір,
Өнімі , өнімі көл- көсір.
Ешкі қылы, түбіті де бағалы,
Қойды бастап отарға айдап барады.
Көшпелі емес отырықшы ел ұстайтын,
Қазақтың төрт түлігі сиыры.
Сиыр- қазына, сиыр- қанағат дегені,
Төрт түлікке әділ баға бергені.
Елімнің төрт түлігі- ырысы,
Мал өсіру тіршіліктің бір ісі.
Түйе өмірдің, қазынаның негізі,
Сүті, жүні, еті өнімі.
ІІІ бөлім. Еңбек- ер атандырады. Мағынаны тану.
І деңгей. Қой , ешкі малының пайдасы туралы айту. Тыйым сөздер.
ІІ деңгей. Сөзжұмбақ шешу.
ІІІ деңгей. Мағынаны ашу. Ер қанаты - ат.
ІҮ.Сабақты бекіту.
Жақсы балалар бүгінгі сабағымызда біз төлдер туралы таныстық. Енесі өрістен келгенде төлдері жамырап кетпеу үшін, қозы мен лақты көгендеп қояды. Сөйтіп олардың енелерін сауып алады. Қазір мына көгендеулі тұрған төлдердің артында сұрақтар жасырылған. Сол сұраққа жауап беру арқылы біз төлдерді жамыратамыз.
- Түйенің тоын қалай атайды? ( Тобыр)
- Қой, ешкінің тобы қалай аталады? (Отар)
- Сиырдың тобы қалай аталады? (Табын)
Олай болса балалар біз бүгінгі сабағымыздан көптеген мағлұматтар алдық. Олардың қасиеттерімен адамға берер пайдасымен, өнімдерімен таныстық. Мына тұрған шұбат, құрт- ірімшік, балғаймақ осы үй жануарларынан алынады. Олардың жүндерінен киіз, текемет басып, сүтін ішеміз. Олардың барлығы біздің алдымызға көп еңбек арқылы келеді. Сабағымыздың ІІІ бөлімінің Еңбек- ер атандырады деп аталуы да сондықтан. Олардан біз көп өнім алу үшін оларды баптауымыз керек.
К ө р м е г е шолу.
Ү. Бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма. Ұнатқан өлеңді жаттап келу. Әр оқушы өз қалауы бойынша төрт- түлік байланысты шығарма жазу.