Сабақтың тақырыбы : Жаңа сөздер
Сабақтың мақсаты :
Білімділік: Жаңа сөздерді игерту,көнерген сөздерден білімдерін тиянақтау.
Дамытушылық: Баланың шығармашылық қабілетін дамыту. Сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту
Тәрбиелік: Баланы халық ауыз әдебиетін білуге, тәрбиелеуге, сауатты жазуға үйрету
Типі : Жаңа материалды меңгерту
Әдісі : Сұрақ – жауап, түсіндіру
Көрнекілігі : Интертақта, үлестірмелі кеспелер
- Негізгі бөлім : Ұйымдастыру. Сәлемдесу.
- Оқушыларды түгелдеу.
Оқушының сабаққа дайындығын тексеру.
Оқушы назарын сабаққа аудару.
- Үй тапсырмасын тексеру, баға беру.
Ассалаума ғалейкум , алдияр хан Молдалар хат жазатын сауыт қалам Кешегі ел ұстаған ханзаданың Сізді де ұрпағы деп бердім сәлем Шыдамай Шерің қозғап , шынын айтса Қылышпен алтын сапты басты аларсың. Екі тарлан бөрі едім Ерегіскен дұшпанға Қызыл сырлы жебе едім. Ереуіл атқа ер салмай Егеулі найза қолға алмай Тебінгі терге шірімей Терлігі майдай ерімей Ерлердің ісі бітер ме ?
|
Историзм |
Архаизм |
Уәзірлерім! Сендер қырқың да асып туған ақылды, данышпан едіңдер. Мен сендерді бір жұмысқа жұмсаймын. Он бір ай уақыт беремін.
Кендебай қолына жүз батпан шоқпарын алып , Керқұла аттың барлық шабысымен дәуге қарсы шаба жөнеледі.
Хан разы болып ,зынданда жатқан Мергенбай батырды, оның әйелін азат етеді .
Қаһан шың еткізіп қынабынан қысқа, қайқы наркескенін суырып алды.Қаһанның қолындағы алмас қылыш алтын балдағы жарқ етіп кілемнің үстіне сылқ түсті.
Ұлыс күні кәрі -жас ,
Құшақтасып көріскен .
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып өріскен .
Шалдар бата беріскен,
“Сақтай гөр ” деп терістен,
“Дәулет пен бақ кел” десіп,
“Кем тілек бер ”десіп,
“Көш, қайрақан , көш ”десіп,
“Көз көрместей өш ” десіп,
Құл құтылар құрықтан ,
Күн тұтылар сырықтан.....
Тақырыбы: Жаңа сабақ
«Жаңа сөздер»
- Оқушыларға жаңа сөздер туралы түсінік беру
- Олардың өмірдегі қолдану аясын түсіндіру
Кейбір сарапшылар денсаулық , бой, салмақ туралы мәліметтерді жазудың қажеті жоқ деп есептейді.
Қазіргі заман талабы күнделікті болып жатқан өзгерістер, нарықтық экономика, әрбір минутты тиімді пайдалану - қызметкерлерді жұмысқа қабылдауда да көптеген өзгерістерді енгізуде. Сондай өзгерістердің бірі – түйіндеме
Үнтаспа , жеделхат, саяжай, ермексаз ,кеден , нарық, зейнеткер , кәсіпкер , жылыжай , желім , жолсерік , жер серік, несие , аудит, дизайнер, сәулет т.б осы секілді сөздерді - жаңа сөздер дейміз
Неологизм - деген “жаңа сөз” деген ұғымды білдіреді .
« Кім жылдам ?» ойыны
Екі қатардағы ойыншылар шығып өздерінің білетін жаңа сөздерді жазамыз .
Сергіту сәті
Логикалық сергіту сәті
А) “артық” сөзді тап
Шортан, сазан, жайын, кесіртке
Ә) жүн қайдан алынады?
а) Австралиядан б) дүкеннен в) қойдан
Б)омоним бола алатын сөзді тап
а)әркімнің ә) өз б)мал в)қара
В) көнерген сөзді табыңдар
а) ауру, балгер ә)емхана, сұлтан
б)келбет, көрік в)көнек ,қауға
Г) синоним сөзді көрсет
а)көз,қас,бақ ә)ол,сіз, біз
Б)алыс, қашық, шалғай в)он, бір , үш.
Түсіндірмелі сөздікпен жұмыс
- Жасампаздық ,құжат, маркетинг ,
- Саф, тілмаш , үлескі
- Қаудан , баялды
- Қожалық , салық
ІІІ. Қорытынды
Пысықтау
- Жаңа сөздерді қатыстырып сөйлем құрау
Үй жұмысы. 168 - 169 жаттығу . Ережені жатқа айту
Бағалау.