Quantcast
Channel: Тәрбие сағаты - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all 337 articles
Browse latest View live

ЖЕЛТОҚСАН – ТӘУЕЛСІЗДІК БАСТАУЫ

$
0
0

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  Желтоқсан оқиғасы кезіндегі кеңестік тоталитарлық жүйенің саясатына қарсы халық наразылығын,оқиға кезіндегі тағдырлары тәлкекке түскен қазақ жастарының ерлігін, қаһармандықтарын түсіндіру.

Тәрбиелік:   Отанына,еліне, жеріне деген сүйіспеншілікті арттыру.

Дамытушылық: Қосымша тарихи материалдарды пайдалану  арқылы оқушыларды өздігінен іздендіруге, білімін шыңдауға үйрету.

Сабақ түрі:  Ізденіс

Әдісі:  Ұжыммен жұмыс

Көрнектілігі:  Қазақстан картасы, схема,плакат.

Сабақтың барысы:                 

      I Ұйымдастыру,оқушымен сәлемдесу,тексеру.

      II  Үй жұмысын пысықтау.

      III  Жаңа сабақ.жоспары

                   1.Ізденіс

  1. Ой-толғау
  2. Зерттеу
  3. Пікірталас
  4. Дәптермен жұмыс
  5. Венн диограммасы
  6. Үйге тапсырма

I.Ізденіс:  Желтоқсан оқиғасына қатысқан Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты.Н.Сабиляновтың мына өлеңіне назар аударсаңдар.

           Көкке шапшып көңілдің арғымағы,

           Көкжал толқын көпіршіп жарға ұрады.

           Көкала мұз Алаңды көрген сайын,

           Көз алдымда желтоқсан жаңғырады.

 

Желтоқсан оқиғасы туралы өз пікірлерін топ басшылары ортаға салады /2 оқушы\

     Мұғалімнің сөзі.                   Иә, балалар, қызыл империяның түндігін түріп, азаттықты аңсаған желтоқсан оқиғасына биыл 28 жыл толғалы отыр. Сонда ұлт болашағы үшін жанын пида еткен, қажыр-қайрат көрсеткен қазақтың өрімдей жастары еді. Сол кездегі қазақ жастарының армандаған қалай түсіндірер едіңдер?

ІІ. Ой толғау                                                                                                                                                               

                   
   

Тәуелсіздік

 
 

Еркіндік

 
 

Азат болу, құл болу 

 
 

Бостандық

 
 

Жеке ел болу

 
 
 


ІІІ.
Зерттеу схема

 

1991 жыл

 

1986 жыл

23 жыл

 1916 жыл

28 жыл

 

98 жыл

 


Түсіндірер едіңдер.

2 топқа тапсырма. Ұлт-азаттықты аңсаған қандай көтерілістерді білесіңдер ?

3-топқа тапсырма. Тәуелсіздік туралы не айтар едіңдер?

ІҮ. Пікірталас.

  1. Желтоқсан оқиға ма, әлде көтерліспе?
  2. Көтерілістің шғуына елді басқаруға басқа елден келген адам себеп болдыма
  3. Көтерліске қатысқандарды « ұлтшыл» қайтар ма едің? Өз пікіріңді дәлелде?

Ү. Дәптермен жұмыс.

  1. 17 желтоқсан « демократиялық жаңару күні» деп жарияланды.
  2. 1996 жылы 9 желтоқсанда желтоқсан құрбаны Қ.Рысқұлбеков «Халық қаһарманы » атағы берілді.
  3. 1990 жылы желтоқсанда Республика алаңында желтоқсан оқиғасы қатысқандарды еске алу мақатында ескерткіш ашылды .
  4. «Тәуелсіздік таңы» монументі Ананаың бейнесі қойылды. Сәулетші Тимур Сүлейменов жасаған.
  5. Желтоқсан оқиғасына арналған «Аллажар» киносы шықты 

 

ҮІ. Білімдерін бағалау

ҮІІ. Үйге тапсырма Желтоқсан туралы мәліметтер жинау.

 


Бағасы құнды асыл сөз

$
0
0

 

Ауданова Жадыра Төленбайқызы

қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі

№18 орта мектеп

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы

Сыныбы: 5

Тәрбие сағатының тақырыбы:    Бағасы құнды асыл сөз.

Тәрбие сағатының мақсаты:Кешегі өткен қариялардан, ғұлама ойшылдар мен сал-                 серілерден мұра, мирас болып қалған ғибрат, олардың  даналық сөздерді оқушыларға ұғындыру, сол сөздерден өнеге алуға баулу.

Тәрбие сағатының көрнекілігі:  Ұлы ғұламалардың суреттері арқылы жасалған буклет, би-шешендердің суреттері, плакаттар, қазақы бұйымдар.

Тәрбие сағатының жоспары: 

1.Ата тәлімі

2.Ескірмейтін есті сөз

3.Сен білесің бе?

4.Қорытынды

Мұғалім сөзі: Жұмыр жерді мекендеген халықтардың, ел жұрттардың қай-қайсысының да ғасырлар бойы сұрыпталып, інжу-маржандай асыл, ұлағатты, шешендік, даналық сөздері болады. Тіл байлығының алтын қоры саналатын осынау ғибратты сөздер өмір шындығын, халықтың тұрмыс салты мен тіршілігін, психологиясын тайға таңба басқандай дәл шебер етіп бейнелейді. Біз үлкен болайық, кіші болайық, бәріміз талай-талай тәлімнің төліміз. Бағзы заманда көз жұмған арғы бабаларымыз, үлкен әкелеріміз мәңгі өшпес ізгі дәстүрдің өнегесімен бізді баулып жатыр, баули да береді.

  Тіршілік етуші әрбір жан тәжірибе жинайды, оны топтап, саралап түйіндейді, осы қазынаны өзгелерге таратады, игілігіне асырады.

  Ең берекелі, ең парасатты тәжірибе тәжірибе-әрине, халық түйген тұжырымдар, шешендік сөздер, дамыған даналық дәстүрлер, ұстаздық ойлар.

Қазақ жұрты жаратылысынан шешендік өнерге бейім халық. Халық арасында от ауызды, орақ тілді, қара қылды қақ жара әділ билік айтатын Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Едіге би, Тайкелтір би, Сырым, Малайсары сияқты беделді би-шешендеріміз болған. Би-шешендерді халық ханнан бетер қадірлеп сыйлаған. Ендігі кезекте бірінші бөліміміз Ата тәліміне тоқталамыз.

1-бөлім.    Ата тәлімі

Билер ауылынан көрініс:   «Бірлігі кеткен ел жаман».

Шешендік сөздер:   «Дүниеде не өлмейді?»

                                  «Жерден ауыр не?»

                                   Бала би туралы.

                                   Төле бидің шешендік сөздері.

Дәулеткерейдің күйі. Орындайтын Бишенов Қайсар.

2-бөлім.  Ескірмейтін есті сөз.

Бұл бөлімде даналардан шыққан небір нақыл өсиет сөздер айтылады. Адамзат тарихының түрлі кезеңдерінде әр өлке, әр елде өмір сүрген атақты білімпаз, ақылгөй даналар, ғұламалар айтып, жазып қалдырған, уақыт елегінен өтіп, ұрпақтар зердесіне ұялаған ұлағатты нақылдар ұшан-теңіз. Нақыл сөздер атадан балаға сонау ерте замандардан бері айтылып, ұрпақтан-ұрпаққа сұрыпталып, беріліп келеді. Құмнан шайып алған алтын түйіріндей тарих сүзгісінен шыққан сол асыл ойлы, айшықты сөздерді әрқайсымыз білуіміз керек.

Енді сол даналарымыз қалдырған нақыл сөздерді айтып көрсек.

1-оқушы:  Адамда жақсы қасиет болмаса оған бақ та, бақыт та қонбайды.

                                                                            (Жүсіп Баласағұни)

2-оқушы:  Бас аман болса, бөрік табылады.  (Қорқыт Ата)

3-оқушы:   Жігіттің дені сау болса, сол дәулет.(Құтып)

4-оқушы:   Сау адам біреудің жарасы ауырып отырғанын білмейді.(Сан Саран)

5-оқушы:  Түсіне қарама ісіне қара.  (Махмуд Қашғари)

6-оқушы:  Шешен кісі – сөз бастар,

                   Адал кісі-ел бастар.          (Жамбыл Жабаев)

7-оқушы:     Өмірде құны ескірмес,

                     Бағасы құнды асыл сөз. (Сүйінбай Аронұлы)

8-оқушы:     Адамды дәреже жеткізбейді, білім жеткізеді.( Әбдірахман Жәми)

3-бөлім:        Сен білесің бе?

   Бұл бөлімге дайындалу балалардың өздеріне тапсырылған еді. Күнделікті өмірде ата-әжелерінің айтып отыратын ырым-тыйым сөздер, ненің жаман, ненің жақсы екенін білдіретін сөздерді, мақал-мәтелдерді кім көп біледі екен.

       Ырым-тыйым сөздер:

Үйге қарай жүгірме.

Айға қарап, қолыңды шошайтпа.

Күлді баспа.

Тізеңді құшақтама.

Итті теппе.

Жұма күні кір жума.

Кемтар адамға күлме.

Дастарханды баспа.

Бос бесікті тербетпе.

Үйді айналып жүгірме.

1.Үш жұрт, үш даусыз, үш арсыз, үш қуат, үш жүз, үш көз.

2.Төрт қылыш, төрт кітап.

3.Бес асыл, бес дұшпан, бес парыз, бес қару.

4.Жеті жоқ, жеті жұт, жеті қазына, жеті ата.

Қандай мақал-мәтелдер білеміз?

Қорытынды.

Мұғалім сөзі.         Көп жасаған қария

                                Ақылы теңіз дария

                                Көп өнеге сөзі бар

                                Сөзі соқпақ, өзі нәр.

    Міне, оқушылар сендер тәлім-тәрбие аларлықтай даналық сөздер, шешендік сөздер өте көп екен. Бүгінгі тәрбие сағатымызда қамтылған шешендік сөздер, даналарымыз, бабаларымыз айтқан нақыл сөздерді, осындай мол мұраны өзімізге байлық етіп, қолымызға құрал етіп, ұлттық қасиеттерін дәріптеп, тіліміздің ту болып көтерілуіне қолдан келгенше үлес қосуымыз керек. Осымен бүгінгі болып отырған тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

 

 

Менің денсаулығым-менің байлығым!

$
0
0

Тақырыбы: Менің денсаулығым, менің байлығым
Мақсаты: жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру, денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза да әдемі болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, суреттер, слайд тар т. б.
Барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі                                                                                            1 - бөлім
– Мұғалімнің кіріспе сөзі.
2 - бөлім – Тақпақтар (оқушылар денсаулыққа байланысты тақпақтар айтады)                                                                                                                                         3 - бөлім. .  Психологиялық ахуал
Денсаулықты күтемін десеңдер- қолдарыңды жоғары көтеріңдер

Тазалықты сақтаймын десеңдер- бес саусақтарыңды алға созыңдар

Күн тәртібін  орындаймын десеңдер- орындарыңнан секіріңдер

Салауатты өмір салтын сақтаймын десеңдер—үш рет қол соғыңдар

4 – бөлім.  Бейнефильм                                                                                                                   

5- бөлім. « Денсаулық зор байлық»- сұрақ жауап                                                                                                           6- бөлім. Мақал мәтелдер ( денсаулыққа байланысты)
7-бөлім. Сергіту сәті. Қара жорға                                                                                         8-бөлім. Жағдаяттар                                                                                                                                                                                                           8 - бөлім. «Өмір театр» көрініс»                                                                                                                                             9-бөлім. Жүректен жүрекке ( Оқушылар бір біріне тілектер айтады)

10-бөлім. Қорытынды

Мұғалімнің кіріспе сөзі                                                                                       Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш – жігерді, не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек. Денсаулық үшін өмірдің бір бөлімінде қиюға болады.

Денсаулық – адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние болғандықтан, әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөле қарау қажет, оны орынсыз ысырап етпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек .Біз денсаулығымызға немқұрайлы қарап, оған үлкен зиян келтіреміз. Әркім өзінің денсаулығының нашарлануына өзі кінәлі. Ауруды ағзаларға жолатпау, адамдардың өз қолында. Сол себепті, әр адам салауатты өмір салтын қалыптастыру керек. Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, зиянды әрекеттерден аулақ болып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымыз қажет.

Балалар, сендер қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан – жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойлайсыңдар?

 Балалар: Денсаулық.

 

 

Өтілу барысымен таныс болыңыздар: 2 топқа бөлініп отырамыз

2 - бөлімТақпақтар (оқушылар денсаулыққа байланысты тақпақтар айтады)                                                                                                                                        

Ақнар: 

Денсаулық ол – шыныққан

Барлық денең мүшесі.

Денсаулық ол – тыныққан

Жүйке тамыр жүйесі.

 

Әлиат: 

Денсаулық ол – күлуің

Көңіл – күйің жадырай,

Денсаулық ол – жүруің,

Ешбір жерің ауырмай.

 

Айбын: 

Қара айнаға, көресің

Өзіңді – адам денесін.

Қол – аяғың, басың бар,

Бұған кеуде қосылар –

Құрылысың бұл сыртқы.

Көрінбейді жүрегің,

Өкпе, миың, бүйрегің –

Құрылысың бұл ішкі.

 

Эльвира:

 Сымбат – мүсін дегенің

Бітім – көркі денеңнің.

Сымбат – жүру әдемі,

Дене қалпын тік ұстап:

Көтеріп сәл кеудені,

Иық жазып дұрыстап.

Түзу отыр, қисаймай,

Бүкіреймей, жантаймай.

Күш сап бас пен арқаға,

Жатып алма партаға.      

 

  3 - бөлім. Психологиялық ахуал
Денсаулықты күтемін десеңдер- қолдарыңды жоғары көтеріңдер

Тазалықты сақтаймын десеңдер- бес саусақтарыңды алға созыңдар

Күн тәртібін  орындаймын десеңдер- орындарыңнан секіріңдер

Салауатты өмір салтын сақтаймын десеңдер—үш рет қол соғыңдар

 

4 – бөлім.  Бейнефильм                                                                                                                                                                                                         

Оқушыларға денсаулыққа байланысты бейнефильм корсетіледі.

5 - бөлім. « Денсаулық зор байлық»- сұрақ жауап

Бейнефильм бойынша не көргендерін қорытындылайды.                                                                                                          
1.Денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер?

Денсаулық дегеніміз- адам өміріндегі ең үлкен байлықтың бірі, денсаулықтың арқасында адам еңбек етіп,жетістікке жетеді және жақсы өмір сүреді.Денсаулықты сақтап, оны нығайтуға әрбір адамның өзіңе ғана байланысты. Денсулық салауатты өмір салты туралы ғылым.

3.Денсаулықты сақтау үшін қандай ережелерді орындау керек?

Жеке бас гигенасын сақтау күн тәртібін орындау. Дене шынықтырумен шұғылдану, дұрыс тамақтану, организмді шыңдау, белсенді, қайырымды және ақжарқын болу.

4.Таңертеңгілік жаттығу жасау не үшін қажет?

  1. Денсаулыққа не зиян? Күн тәртібін бұзу, жеке бас гигенасын сақтамау, аз қозғалу, жағымсыз әдеттерге әуес болу /

Салауатты өмір сүру дегеніміз не? Ол әлуметтік тұрмысты жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу.

6.Біз не үшін тамақтанамыз? Адам үнемі күш қуатты жұмсайды, соны қалпына келтіру үшін дұрыс тамақтана білу тиіс.Дұрыс тамақтану-денсаулық негізі.Өмір сүру үшін тамақтанамыз.

6- бөлім. Мақал мәтелдер ( денсаулыққа байланысты)

  • Денсаулық – зор байлық
  • Шынықсаң –шымыр боларсың.
  • Денсаулықтың қадірін,

     Ауырғанда білерсің.

  • Тәні саудың-жаны сау
  • Денің сау болса, жарлымын деме,

     Жолдасың көп болса, жалғызбын  деме.

  • Демі бардың – емі бар.
  • Ауруын жасырған өледі.

7-бөлім. Сергіту сәті. Қара жорға биі                                                                                    

   8-бөлім. Жағдаяттар

1-жағдаят

Бір күні сені жан досын бір отырысқа ертіп баратындығын айтты. Онда барғаныңда үлкен жиынның үстіне түстің. Сен бейтаныс адамдар ішімдік ішуге, шылым шегуге шақырады. Досың да солар жағында. Бұған дейін досыңның мұндай әдеттерін байқамапсын.

Осы жағдайда не істер едін. Қандай да бір шұғыл шешім қабылдайсын ба? Өз шешімінмен бөліс.  

2 жағдаят: Сыныпқа жаңадан оқушы келді. Барлық сынып оқушылары онымен жақын араласып кетті. Сіз онымен дос та болып алдыңыз. Кейін сіз оның жұқпалы аурумен ауратының білдіңіз.

Бұл жағдайдағы сіздің іс - әрекетіңіз қандай?

3 жағдаят: Сенің өте жақсы көретін ағаңның аузынан ептеп сыраның иісі шығатынын бір – екі рет байқадың. Ағаңды қалай құтқарар едің?

4 жағдаят: Мектептен шығып үйге келе жатқаныңда темекі шегіп отырған бір баланы көрдің. Сен не істер едің?

5 жағдаят: Саған 11 - сынып оқушысы: «Маған күнде бір қорап темекі алып бер. Екеуіміз бірлесіп шегеміз. Мұны тек сен екеуіміз ғана білетін болайық. Әйтпесе......» деп жұдырығын көрсетіп, шарт қойды. Не істейсің?

  8 - бөлім. «Өмір театр» көрініс»                                                                    9-бөлім. Жүректен жүрекке ( Оқушылар бір біріне тілектер айтады)

10-бөлім. Қорытынды:

Ұлы ойшыл Сократқа кезіңде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ байлық па, әлде атақ па?» депті. Сонда Сократ «Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ» деп жауап беріпті. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі салауаттылық. «Тіршіліктің негізі – салауатты болашақ» деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.                                                                                                                                                                                           

Жақсылық жасау да - бақыт

$
0
0

Каражигитова Орын

Жамбыл  облысы Талас ауданы Қаратау қаласы

"Үміт" мектеп - интернаты Тәрбиеші.

Сабақтың тақырыбы:

                      Жақсылық жасау да- бақыт.

Сабақтың мақсаты:

1.Жақсылықтың адам  өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.

2.Ақыл – ойын шыңдау,жақсылық жасай білу,іскерліктерін дамыту.

3.Жақсылық жасай білуге,қайырымдылыққа,қамқор болуға тәрбиелеу.

Сабақтың  көрнекілігі:     тақырыпқа сай суреттер,журекшелер,мақал-мәтелдер.

Сабақтың әдісі:   түсіндіру,мәтінмен жұмыс жүргізу,сұрақ-жауап алу.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Қазақстан Республикасының Гимнін  орындау.

2.Психологиялық дайындық.

                       Үлгі аламыз жаңадан

                       Жақсылықтан үйреніп

                        Боламыз біз жақсы адам

                        Жамандықтан жиреніп.

            Бүгінгі тәрбие  сағатымыздың тақырыбы:  «Жақсылық жасай білу де- бақыт».

 

ІІ.Негізгі бөлім.

           1.Кіріспе.

           Жақсылық – ол адамдарға,айналаға,табиғатқа қайырымдылық пен қамқорлық жасауды,көмек көрсетуді білдіреді.Адамдардың бір-біріне жақсылық жасауы,оларды жақындастырады,достастырады.

          Жақсылық жасау- адам бойындағы асыл  қасиеттердің бірі. Жақсы қасиеті бар  адам қол ұшын беруге,жанашырлық  танытуға, кішіге қамқор болуға дайын  тұрады.

             Адамның ішкі сұлулығы – адамның  жүрегі,жүрек жылуы,ар- ұят , мейірімділік , жақсылық,адамшылық осы жүректен туындайды.

             Жақсы адам әрқашан сөзінен ,ісінен көрінетін кісі.Жақсылық жасау – әр адамның қолынан келеді.Жылы жүрек,ақниет,сезім адамды жақсылыққа бастайды.Жақсылықтан жақсылыққа ұмтылу адамды бақытта,игілікке жеткізеді.

 2.Суретпен жұмыс.

3.Мәтінмен жұмыс.

                                    Жақсылық пен жамандық.

            Ертеде Адам ата өз ұрпағын сынау үшін  адамның оң иығына жақсылықты,сол иығына  жамандықты отырғызып қойыпты.Адам бір іс жасарда жақсылық жаса десе,жамандық жасама деп сыбырлайды екен .Сөйтіп адамның  бойында қай қасиет басым екенін байқамаққа оны сапарға аттандырыпты.Адам біраз жол жүріп,өзен жағасымен шаршап келе жатса,судың жағасына шығып қалған балықты көреді.

          Балық  секіріп  суға жете алмай жатыр екен.Жақсылық жаны ашып:

         -Адам ,ана балыққа көмектесіп жібер;- десе,Жамандық:

         -Қой  жөніңе жүре бер,уақытыңды алма дейді.

           Адам балықтан әрірек асып барып,мойнын бұрып қарайды.Балық шарасыздан көзі жәутеңдеп,көмек  сұрағандай болады.Адам шыдай алмай кері бұрылып барып,балықты суға жіберді.Балық ризашылығын білдіріп,суға ойнақшып,секіріп,құйрығын бұлғақтатып суға секіріп кетеді.

           Адам одан әрі жүре береді.Бір теректің қасынан өтіп бара жатып,шыр-шыр еткен дауысты естіп тұра қалады.Қараса кішкене ғана торғайдың балапаны ұясынан құлап қалған екен.Еңкейіп енді көтерейін деп жатса,Жамандық:

            -Осы торғайдың балапанына бола жолдан қалмақпысың? Оны көтеріп ұясына салу үшін теректің басына шығу керек.Мерт болсаң қайтесің ? Өзің далада,ит-құсқа жем боласың ғой,-дейді.

           Адам ойланып тұрып қалады.Осы сәтте Жақсылық:

            -Ей , адамзаттың баласы,сен әлсіздерге қорған болып,қол ұшыңды беру үшін жаратылғансың.Мына бишара балапанды ұясына сала кет.Шарапаты тиеді,- дейді.

           Адам тағы да да шыдай  алмай балапанды алып,теректің басына өрмелеп шығып, ұясына салып кетеді.Балапан  шиқ-шиқ етіп,қанатын қағып разы болады.

           Сосын  адам демалып алмақшы болып  отырғанда    Жақсылық:

         

 

 

             -Әй, адам-ау,сен неге адалдығыңнан айнуға дайын тұрасың.Сен   осы лардан жақсылық жасауды үйрен дейді.Сол кезде адам өз ойынан ұялып,райынан қайтады.

Сөйтіп Адам ата ұрпағын алдына шақырып алып:

          -Міне,балам жамандыққа ерсең жаман боласың,жақсылыққа ерсең жақсы боласың. Мен саған  бірнеше мүмкіндік бердім,сен бәрінен  мүдірмей өттің,разымын.Енді  осылай  адамдығыңнан айнымай,айналаңа қамқор болып,жамандыққа жоламай,жақсылыққа жолдас бол,- деп батасын береді.

            Содан бері адам баласы жақсылықпен мұратына жетіп келеді екен.

Сұрақ :

-Неліктен адам жақсылықтың айтқандарын орындады деп ойлайсыңдар ?

-Жақсылық жасау үшін адамның  бойында қандай қасиеттер болу керек?

 

 4.Тірек – сызбамен жұмыс.

 

 

                                                адамгершілік

             мейірімділік                                                       жаңашырлық

                                                                                                                                                                                         

 
   

 

 

рақымшылық                                                                                          кішіпейілділік

                                                                                                            

                                                                                      

               қамқорлық                      жылы жүректі                      бауырмалдық

 

          -Егер адам бойында  осындай жақсы қасиетер көп болса  жамандықтан жиреніп,жақсы әдетке үйренеді.

           -Әлемдегі барлық адамдар жақсылық туралы ойлап,жақсылық жасауға  ұмтылатын болса,онда әлемде тыныштық,ынтымақ орнайды,адамдар бақытты өмір сүреді.

5.Дәптермен жұмыс.

Дәйексөз:

Жақсының жақсылығын айт,нұры тасысын.

6.Сергіту сәті...

7.Сөздің көркі- мақал.

Жақсылық суға батпас

Бір шығар тегін жатпас.

 

Жамандық пайда етпейді

Жақсылық зая кетпейді.

 

Жақсылық жан жадыратар.

 

Жақсы адам- елдің ырысы

Жақсы сөз – жанның тынысы.

 

ІІІ.Қорытынды.

             «Біреуге жақсылық етсең,ол жақсылығыңды міндет етпе» деп Ы.Алтынсарин ағамыз айтқандай, жақсылық жасау – адамгершіліктің белгісі. 

            Мен тілеймін,жарқыным, сен де тіле

           Орнасын дер жақсылық жер бетінде

           Мен сағынсам,сен-дағы  сағын, жаным

          Тек жақсылық адамнан табылғанын.

                                  Жүректен-жүрекке

(жүрекшелерге  тілектерін жазып,бір-біріне сыйлайды)

 

 

Туған жер

$
0
0

Атырау облысы   Жылыой ауданы

Қосшағыл селосы

жалпы орта білім  №2 мектеп

еңбек өтілі – 22жыл

санаты- 1(бірінші))

деңгей – 2(негізгі)

 

 

Пәні: ана тілі

 

Күні: 

Сыныбы: 4 «а»       

 

Сілтеме: нұсқаулық 41-49 бет; Блум 43-44 бет;  оқулық  210- бет

Сабақтың тақырыбы:

Туған жер

Сабақтың мақсаты:

«Сын тұрғысынан ойлау»модулін пайдалана отырып,туған жер туралы түсініктерін қалыптастыру.

Негізгі мақсаттар:

-оқушыны өз бетімен ізденуге бағыттау;

-білім беруде АКТ-ны пайдалану;

-топтық жұмысқа  жұмылдыру;

-өзін-өзі бағалауға немесе өзара бағалауға ынталандыру

Оқыту нәтижелері:

-оқушылардың ой-өрісі кеңейіп,таным қабілеті артады;

-топпен жұмыс істеуге дағдыланады;

-сыни ойлауға талпынады;

 

Сабақтың әдіс-тәсілі:

Топтық жұмыс, Блум таксономиясы, «Ой шақыру, мағынаны  ажырату, ойтолғаныс», деңгейлік тапсырмалар, шығармашылық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі

Интерактивті тақта, маркер, оқулық, флипчарт, парақтар, бейне роликтер

Модульді кіріктіру

 

Сыни  тұрғысынан ойлау, АКТ,  диалогті оқыту, бағалау.

 

Кезең

 

Мұғалімнің іс-әрекеті

 

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру. Шаттық шеңбері

1,5 мин.

 

1,5 мин.

 

 

Білу

5 мин.

 

 

    

1.Шаттық шеңберін құруды сұрап, бір-біріне тілек тілеуін өтінеді

 

 

2. Талда өсетін жеміс-жидектерді таңдау арқылы топқа бөлуді сұрайды, әр топтан бір бағалаушы таңдайды.

 

3.Үй тапсырмасын тексеру

«Тыңдаушы үштік»

Топтағы оқушыларды үш –үштен бөледі, әр үштікке сұрақ парақшаларын таратады: бірінші оқушыға сұрақ қоюды, екінші оқушыға сұраққа  жауап беруді, үшінші оқушыға екінші оқушының жауабын жазып отыруды сұрайды. Содан парақшаларды ауыстырып, алмастыруын сұрайды. Дұрыс жауабын слайдта көрсетіп, әр дұрыс жауапқа 1 баллдан қоюды өтінеді.

 Шаттық шеңберін құрып,бүгінгі күн бір-біріне жақсы тілек айтады.

    Талдан теріп алған жеміс түрлеріне  қарай топқа бөлінеді. (алма,алмұрт,өрік т.б.)

Бірінші бала сұрақ қойды, екінші бала жауап берді,үшінші бала жазды.

  Дұрыс жауапқа бір баллдан береді.

 

Бағалаушы бағалау  парақшасын толтырып отырады.

Түсіну

1-тапсырма. «Жұмбақ адам»

7 мин.

 

Оқулықпен жұмыс. Мәнерлеп оқу

5 мин.

 

Оқушыларға Қасым  Аманжоловтың портретін көрсетеді, әр топқа ақын туралы үш сұрақтан дайындауын сұрайды.

Топтарды ауызша мадақтайды.

 

 

Әр топқа  екі шумақтан мәнерлеп оқуды тапсырады..

Үш рет қол шапалақтау арқылы қошемет көрсете отырып бірін- бірі бағалауды сұрайды.

Оқушылар топ болып тапсырманы орындайды, ойын еркін жеткізеді, тақырыпты түсінеді.

 Мәнерлеп оқиды.

Қошемет арқылы бірін- бірі бағалай-

ды.

Қолдану

 

«Постер  құру»

10 мин.

 

 

 

Туған жер тақырыбын қағаз бетіне түсіруді, болған соң бірін-бірі әртүрлі стикермен бағалауды сұрайды.

Оқушылар туған жер өлеңіне сүйене отырып,мазмұнын қағаз бетіне түсіреді.

Сергіту сәті

2мин.

Видеоролик арқылы сергіту жаттығуын жасату.

 

 

Талдау

 Ойтолғаныс

5мин

 

 

сұра Үш топқа сұрақ таратады

1. Ақынның көңіл күйі, туған жерге деген ризашылық сезімі өлеңнің қай жолдарында берілген?.

2. Өлеңнің соңғы жолдарынан автордың қандай ой - пікірін анықтауға болады?

3. Осы оқулықта ақынның тағы қандай өлеңімен таныстың?

Смайлик арқылы бағалауды сұрайды.

 Үш топ сұраққа жауап береді, смайлик арқылы бағаланады.

Жинақтау

Топпен жұмыс

3мин.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өлеңнің үшінші шумағы арқылы мына сөзжұмбақта жасырынған сөзді тауып жазуды тапсырады.

 

Неткен байтақ, неткен 1...3... едің,

Нендей 5... жүрегімді бөледің?

Сенде тудым, сенде өстім мен,сенде өлсем,

6... жоқ бұл 2... 4...дер едім.

 

 Лирика дегеніміз көркем әдебиет жанрының бірі. Лириканың басты ерекшелігі - адамның көңіл күйін, сезімін, ішкі сырын сөзбен бейнелеп көрсетеді.

Үш топ  үш жолын тауып жазады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Лирика сөзінің мағынасын түсіндіреді

Орындауға берілген тапсырма

1мин.

Эссе

Туған жер туралы эссе жазуды тапсырады.

Туған жер туралы эссе жазады.

    Бағалау

Жиынтық баға

2мин.

 

 

«Тың-даушы үштік»

«Жұмбақ адам»

Постер қорғау

Сұраққа жауап

Жиын-тық баға

1-топ

 

 

 

 

 

2-топ

 

 

 

 

 

3-топ

 

 

 

 

 

Оқушылар бағаланады

Рефлексия

2 мин

Бүгінгі сабақ несімен  ерекшеленді?

Оқушыларға стикерлер таратып, бүгінгі сабақ бойынша ойларын жазып, тақтаға ілуін сұрайды.

Стикерге өз ойларын жазып, плакатқа іледі

       

Алматы- бас қалам Жас қала- Астана

$
0
0

Атырау облысы   Жылыой ауданы

Қосшағыл селосы

жалпы орта білім  №2 мектеп

еңбек өтілі – 22жыл

санаты- 1(бірінші))

деңгей – 2(негізгі)

 

Бастауыш сынып  мұғалімі  Қазақбаева  Айгуль  Сарсенбаевна                                                                                                                             

                Пәні:

 ана тілі

Күні:  

Класы: 4 «а»       

Сілтеме: нұсқаулық 41-49 бет; Блум 43-44 бет;  оқулық  34-36  бет

Сабақтың тақырыбы:

Алматы- бас қалам

Жас қала- Астана

Сабақтың мақсаты:

«Сын тұрғысынан ойлау»модулін пайдалана отырып,

Негізгі мақсаттар:

-оқушыны өз бетімен ізденуге бағыттау;

-білім беруде АКТ-ны пайдалану;

-топтық жұмысқа  жұмылдыру;

-өзін-өзі бағалауға немесе өзара бағалауға ынталандыру

Оқыту нәтижелері:

-оқушылардың ой-өрісі кеңейіп,таным қабілеті артады;

-топпен жұмыс істеуге дағдыланады;

-сыни ойлауға талпынады;

-жай шырай мен салыстырмалы шырай түрлерін ажыратады.

Сабақтың әдіс-тәсілі:

Топтық жұмыс,Блум таксономиясы, «Ой шақыру,мағынаны  ажырату, ойтолғаныс», деңгейлік тапсырмалар, шығармашылық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі

Интерактивті тақта,маркер,оқулық,флипчарт,парақтар,бейне роликтер

Модульді кіріктіру

Сыни  тұрғысынан ойлау, АКТ,  диалогті оқыту, бағалау.

Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Білу

    

 

 

  

1. Оқушыларға бүгінгі көңіл – күйін анықтау үшін смайлик көрсетуін сұрайды.

2. Гүлдермен оқушыларды топқа бөлінуін сұрайды.

3.Үй тапсырмасын тексеру.

Әр топқа барып өлеңнің шумағын жалғастыруын сұрайды. Күн, бұлттар арқылы бағалау. Егерде бір шумақты толық айтса, күнмен, ал толық айтпаса бұлтпен бағалауды сұрайды.

(күн- 7 балл, бұлт – 6 балл)

Көңіл – күйлерін смайликпен көрсетеді, топқа бөлінеді.

   

 

 

 

 

Өлеңнің шумағын жалғастырады.

Түсіну

«Миға шабыул»

 

 

 

 

«Сиқырлы ұяшықтар»

 

 

 Оқушыларға сұрақ қояды:

1.      Біздің Отанымыз.

2.      Елбасымыз кім?

3.      Біз қай облыста тұрамыз?

4.      Елордамыз қай қала?

5.      Бұрынғы астанамызды білесіздер ме?

6.      Қай қала жас қала?

7.       Қай қаламыз бас қала?

Ендеше бүгінгі өлеңіміздің тақырыбы

«Алматы – бас қалам,

Жас қала – Астанам»

Оның авторы Жарасқан Әбдірашев. Сол туралы қазір кітабымызды ашып, оқып, білейік.

Ұяшықтарды таңдау арқылы сұрақтарға жауап беруін сұрайды.

Жарасқан Әбдірашев кім?

1.      Оның алғашқы жыр жинағы не деп аталады екен?

2.      Ол жинақ қашан жарық көрді?

3.      Жарасқан Әбдірашевтің өлеңдері қай тілге аударылған?

Бір- бірін гүлдермен бағалауын сұрайды.

Сұраққа жауап береді. Топ басшылары бағалау парақшаларын толтырып отырады.

Қолдану

Джиксо

5 мин

Үш топқа бір шумақтан мәнерлеп оқу арқылы мазмұнын түсінуді сұрайды. Содан соң әр топтан жиналғандар өз шумағын түсіндіреді.  Болғасын өз орындарына келіп, өлеңнің толық мазмұнын талқылайды.

Рольгі бөлініп, тапсырманы орындайды.

Топ басшылары бағалау парағын толтырып отырады.

Талдау Айналған станциялар

 

10 мин

Үш топқа үш қала туралы 2 сөйлемнен ойларын қағаз бетіне жазуды сұрайды. Әрі қарай басқа топтар жалғастырады. (Астана, Алматы, Атырау)

Мағынасына қарай жұлдызшалармен бағалайды.

Әр топ 2 сөйлемнен жазады. Топ басшылары бағалау парағын толтырып отырады

Жинақтау

Венн диаграммасы

 

5 мин

      Алматы       Астана

 

 

 

 

 

 


Жас қала мен бас қала туралы диаграмма толтыруды сұрап, болған соң қорғап, мадақтайды. («Тамаша» - 7 балл, «Жарайды» - 6 балл, «Ойлан» - 5 балл)

Диаграмма толтырады. Топ басшылары бағалау парағын толтырып отырады

Орындауға берілген тапсырма

«Алматы- бас қалам

Жас қала- Астана» өлеңін жаттап, Алматы, Астананың тарихын жазып келуді тапсырады.

Тапсырманы түртіп алады.

Бағалау

Сөзжұмбақ. «Ыстық орындық»

1.      Қарт Алатауды автор кім дейді?

2.      Ақын Алматыны қандай қала деп атайды?

3.      Елге несі бар қала жарасады дейді?

4.      Алашаны еске түсіретін қай өлке?

5.      Астана қандай даланың сәні?

6.      Сарыарқада қазақтың несі бар дейді?

Әр топқа екі сұраққа жауап беру арқылы, сөзжұмбақты шешуге бір адамнан келуін сұрайды. Күн мен бұлттармен бағалайды.

Сөзжұмбақты шешеді. Топ басшылары бағалау парағын толтырып отырады. Жиынтық бағаны шығарады.

Рефлексия

2 мин

Тақтаға гүлдің суреті бар және оюдың суреті бар екі кілем іледі. Егерде бүгінгі сабақ ұнаса, стикерді оюы бар кілемге жапсыруын  сұрайды. Ал егерде ұнамаса, гүлі бар кілемге жапсыруын сұрайды.

Сабақты бағалайды.

       

                                                       

Алматы- бас қалам Жас қала- Астана

$
0
0

Атырау облысы   Жылыой ауданы

Қосшағыл селосы

жалпы орта білім  №2 мектеп

еңбек өтілі – 22жыл

санаты- 1(бірінші))

деңгей – 2(негізгі)

 

Бастауыш сынып  мұғалімі  Қазақбаева  Айгуль  Сарсенбаевна                                                                                                                             

                Пәні:

 ана тілі

Күні:  

Класы: 4 «а»       

Сілтеме: нұсқаулық 41-49 бет; Блум 43-44 бет;  оқулық  34-36  бет

Сабақтың тақырыбы:

Алматы- бас қалам

Жас қала- Астана

Сабақтың мақсаты:

«Сын тұрғысынан ойлау»модулін пайдалана отырып,

Негізгі мақсаттар:

-оқушыны өз бетімен ізденуге бағыттау;

-білім беруде АКТ-ны пайдалану;

-топтық жұмысқа  жұмылдыру;

-өзін-өзі бағалауға немесе өзара бағалауға ынталандыру

Оқыту нәтижелері:

-оқушылардың ой-өрісі кеңейіп,таным қабілеті артады;

-топпен жұмыс істеуге дағдыланады;

-сыни ойлауға талпынады;

-жай шырай мен салыстырмалы шырай түрлерін ажыратады.

Сабақтың әдіс-тәсілі:

Топтық жұмыс,Блум таксономиясы, «Ой шақыру,мағынаны  ажырату, ойтолғаныс», деңгейлік тапсырмалар, шығармашылық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі

Интерактивті тақта,маркер,оқулық,флипчарт,парақтар,бейне роликтер

Модульді кіріктіру

Сыни  тұрғысынан ойлау, АКТ,  диалогті оқыту, бағалау.

Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Білу

    

 

 

  

1. Оқушыларға бүгінгі көңіл – күйін анықтау үшін смайлик көрсетуін сұрайды.

2. Гүлдермен оқушыларды топқа бөлінуін сұрайды.

3.Үй тапсырмасын тексеру.

Әр топқа барып өлеңнің шумағын жалғастыруын сұрайды. Күн, бұлттар арқылы бағалау. Егерде бір шумақты толық айтса, күнмен, ал толық айтпаса бұлтпен бағалауды сұрайды.

(күн- 7 балл, бұлт – 6 балл)

Көңіл – күйлерін смайликпен көрсетеді, топқа бөлінеді.

   

 

 

 

 

Өлеңнің шумағын жалғастырады.

Түсіну

«Миға шабыул»

 

 

 

 

«Сиқырлы ұяшықтар»

 

 

 Оқушыларға сұрақ қояды:

1.      Біздің Отанымыз.

2.      Елбасымыз кім?

3.      Біз қай облыста тұрамыз?

4.      Елордамыз қай қала?

5.      Бұрынғы астанамызды білесіздер ме?

6.      Қай қала жас қала?

7.       Қай қаламыз бас қала?

Ендеше бүгінгі өлеңіміздің тақырыбы

«Алматы – бас қалам,

Жас қала – Астанам»

Оның авторы Жарасқан Әбдірашев. Сол туралы қазір кітабымызды ашып, оқып, білейік.

Ұяшықтарды таңдау арқылы сұрақтарға жауап беруін сұрайды.

Жарасқан Әбдірашев кім?

1.      Оның алғашқы жыр жинағы не деп аталады екен?

2.      Ол жинақ қашан жарық көрді?

3.      Жарасқан Әбдірашевтің өлеңдері қай тілге аударылған?

Бір- бірін гүлдермен бағалауын сұрайды.

Сұраққа жауап береді. Топ басшылары бағалау парақшаларын толтырып отырады.

Қолдану

Джиксо

5 мин

Үш топқа бір шумақтан мәнерлеп оқу арқылы мазмұнын түсінуді сұрайды. Содан соң әр топтан жиналғандар өз шумағын түсіндіреді.  Болғасын өз орындарына келіп, өлеңнің толық мазмұнын талқылайды.

Рольгі бөлініп, тапсырманы орындайды.

Топ басшылары бағалау парағын толтырып отырады.

Талдау Айналған станциялар

 

10 мин

Үш топқа үш қала туралы 2 сөйлемнен ойларын қағаз бетіне жазуды сұрайды. Әрі қарай басқа топтар жалғастырады. (Астана, Алматы, Атырау)

Мағынасына қарай жұлдызшалармен бағалайды.

Әр топ 2 сөйлемнен жазады. Топ басшылары бағалау парағын толтырып отырады

Жинақтау

Венн диаграммасы

 

5 мин

      Алматы       Астана

 

 

 

 

 

 


Жас қала мен бас қала туралы диаграмма толтыруды сұрап, болған соң қорғап, мадақтайды. («Тамаша» - 7 балл, «Жарайды» - 6 балл, «Ойлан» - 5 балл)

Диаграмма толтырады. Топ басшылары бағалау парағын толтырып отырады

Орындауға берілген тапсырма

«Алматы- бас қалам

Жас қала- Астана» өлеңін жаттап, Алматы, Астананың тарихын жазып келуді тапсырады.

Тапсырманы түртіп алады.

Бағалау

Сөзжұмбақ. «Ыстық орындық»

1.      Қарт Алатауды автор кім дейді?

2.      Ақын Алматыны қандай қала деп атайды?

3.      Елге несі бар қала жарасады дейді?

4.      Алашаны еске түсіретін қай өлке?

5.      Астана қандай даланың сәні?

6.      Сарыарқада қазақтың несі бар дейді?

Әр топқа екі сұраққа жауап беру арқылы, сөзжұмбақты шешуге бір адамнан келуін сұрайды. Күн мен бұлттармен бағалайды.

Сөзжұмбақты шешеді. Топ басшылары бағалау парағын толтырып отырады. Жиынтық бағаны шығарады.

Рефлексия

2 мин

Тақтаға гүлдің суреті бар және оюдың суреті бар екі кілем іледі. Егерде бүгінгі сабақ ұнаса, стикерді оюы бар кілемге жапсыруын  сұрайды. Ал егерде ұнамаса, гүлі бар кілемге жапсыруын сұрайды.

Сабақты бағалайды.

       

                                                       

Сценарий праздника: «Прощание с начальной школой»

$
0
0

Северо-Казахстанская область, Уалихановский район,

Кишкенекольская средняя школа №1,

Абилина Акмарал Жумабековна

Сценарий праздника: «Прощание с начальной школой»       

Цели:

  1. Подвести итоги работы с классом за 4 года
  2. Познакомить учителей предметников с учащимся представить                         возможности , способности, таланты , учеников.
  3. Воспитывать уважительное отношение учащихся друг к другу, радость творчества, совместного дела.

 

Учитель: Добрый день дорогие учителя, уважаемые родители! Мы очень рады видеть вас сегодня в нашем зале на празднике «Прощание с начальной школой». Как сказал великий русский педагог К.Ушинский: «Учебный труд должен быть радостным, должен быть источником счастья для детей».

Встречайте!

Вот они те, кто сидел вечерами над книжками

Вот они те, кто учился писать и считать

За терпение, настойчивость и прилежание

Будут вас сегодня поздравлять

Звучит песня: « Маленькая страна»             

  Стихи:

1.Все начинается со школьного звонка

  В далекий путь отчаливают парты

 Там, впереди, покруче будут старты

 И посерьезней будут, а пока…

    2.Диктовки, задачи

      Удачи, неудачи

     И древние века

     То слово начинается

То Волга не склоняется

      Все начинается со школьного звонка

3.Ах, тот день волнующий

И  май в цветах бушующий

      Мы в памяти оставим на всегда

      И каждый бантик в локоне

И каждый рубчик трогает           

И почему-то трогает слеза.

Мечтою устремляюсь ввысь

Как быстро годы пронеслись

От первого  к последнему звонку

Но в памяти от первых идей

Все ярче образ и нежней

Доверчивых и милых малышей 

Прива

Слово директору школы Балтабаеву М.Ж.

Есть в году различные праздники

И сегодня праздник  у нас

В первый раз идут первоклассники

В свой приветливый школьный класс.

 

Танец: «Флешмоб»

Учитель: Дорогие, уважаемые родители, бабушки! Эти слова благодарности вам! Вместе со своими детьми вы учили таблицу умножения, решали примеры, изучали звезды и природные явления.

Все эти годы и дни из урока в урок, из четверти в четверть вместе с вами ребята заново постигали школьную науку, вами родные и близкие люди. Вам, дорогие, наше огромное спасибо!  

    Всем хором: Спасибо!             

 

Стихи:

            Сегодня мы спасибо говорим

            Конечно и родителям своим

            Забота ваша и внимание, и терпение

            Так помогают нам всегда!

            Вот они те, кто сидел вечерами за книжками

            За терпение, настойчивость и прилежание

            Будут вас сегодня поздравлять

     Вручение номинаций!

Учитель:  Школа! Школа!

                   Ты начало

                         Всех профессий и дорог

                         Ты нам другом верным стала

                         Что бы по сердцу занятие

                         В жизни выбрать каждый смог.

Звучит песня: « Чему учат в школе»

 

Учитель всюду вместе с нами

Учитель учит нас добру

Учит чтенью и письму

Рисованью пенью

А еще терпению

Учит родину любить!

Вы с нами на празднике и в походе

Расскажите все о природе, о погоде

      Вы знаете столько чудесных песен!

       Как хорошо, когда все мы вместе

       У каждого в жизни единственный раз

       Бывает свой приветливый первый класс

       И первый наставник

       Наш первый учитель

       Кто дверь распахнул

       На дорогу открытую

       Сегодня день у нас с тобой

       И грустный и веселый

       Ведь мы прощаемся  с родной

                          Своей начальной школой   

 

                           Мы поступили в первый класс

Когда учитель встретил нас

Открылся мир большой и чудный

Теперь мы, покидая вас,

Грусти… И это очень трудно

Ведь вы учили нас, как жить

Мы вас хотим благодарить

Вы нас простите за ошибки

Вас будем помнить и любить

Начальная школа, где же ты?

Где наши детские мечты?

И первые учителя?

Мы расстаемся, вас любя

Последний прозвенит звонок

НЕ позовет к вам на урок

И слезы капают из глаз

Мы смотрим, смотрим все на вас.

 Звучит песня: «То ли еще будет»

Учитель: Верно сказано. Время летит неумолимо быстро. Еще вчера вы были просто малышами, а завтра отправитесь в самостоятельное плавание. И поэтому наше громкое ура нашим учителям!

Дети кричат: Ура! Ура! Ура!

За эти годы наши дети многому научились. Кто то смог показать себя в учебе, кто-то  в творчестве , кто-то в спорте.

Вальс детей.

Учитель: А сейчас не будем о грустном, так как сейчас наступает самый торжественный момент- вручение дипломов об окончании начальной школы . (Вручение дипломов)


Алмас қылышты ардагер (Ел аузынан)

$
0
0

Жанында интернаты бар А.Үкібаев атындағы орта

мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Сатанова Эльвира Шәріпқызының әдебиеттік оқудан ашық сабақтың жоспары.

Ашық сабақтың  тақырыбы

 Алмас қылышты ардагер (Ел аузынан)

 

Жалпы мақсаты

Мәтіннің негізгі идеясын аша отырып,батырды сипаттауға; Топта бірлесіп жұмыс жасай білуге; Ұйымшылдыққа,мәдениеттілікке,ынтымақтастыққа

тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

Мәтіннің мазмұнын өздігінен меңгерді.Батырды сипаттап үйренді.Топ ішінде бірлесе жұмыс жасады.Ынтымақтастық орнады.

Түйінді идеялар

Сыни ойлауға бағыт беру.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Көрнекіліктер

Тапсырма жазылған үлестірмелі қағаздар,слайд,А-3 парағы,маркер,оқулық,дәптер, видео фильм,стикер,т.б.

Тапсырмалар

Жеке,жұппен,топпен

Сабақтың барысы

 

Мұғалімнің   әрекеті

Оқушының әрекеті

Ойсергек  (2мин)

1.Проблеманы айқындау кезеңі (4мин)

Топқа бөлу

Топ атын қорғау.Постер қорғау.

1.     Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу.Шаттық шеңбері.

2.     Батырлар атымен үш топқа бөлінеді.

Қабанбай батыр-азан шақырып қойған аты Ерасыл.Қазақ батыры.

Бөгенбай батыр- әрі шешен,әрі батыр,қолбасшы,қалмақтарға қарсы шабуылға шықты.

Наурызбай батыр- Наурызбайдың жауырыны қақпақтай,бойы биік,денесі тік,белі жіңішке.өзі ақын,әнші күйші де болған.

Өткен сабақты пысықтау. (5мин)

 

 

 

 

 

 

2.Проблеманы шешу кезеңі (15 мин)

Интербелсенді тақтадан фильмнен үзінді көрсету. (2мин)

-Қандай фильмнен үзінді деп ойлайсыңдар?

-Олай болса,бүгінгі жаңа сабағымыз сендердің топтарыңның аттарындағыдай батырлар жайында болмақ.

Оқулықпен жұмыс

-Енді біз топ болып жұмыс жасаймыз.

 

 

 

 

«Мен саған,сен маған»әдісі.

Сұрақ-жауап

 

 

 

3.Проблема шешімін қолдану.

Сергіту сәті

 

Дарындымен жұмыс.

 

Ойтолғаныс (5мин)

Топтарға тапсырма беру.

 

Қорытынды  (3 мин)

 

 

 

2 мин

I.Үй тапсырмасын пысықтау.

-Халықты жаудан қорғаған батырдың есімі кім?

-Бұқар жырауҚабанбай батырды нелерге теңеп суреттейді?

-Мәтінде қазақ халқының басынан өткен қандай кезең деп ойлайсыңдар?

 

 

-«Батырлар» фильмі

 

«Батырлар» туралы ақпараттарын айтады.

 

 

 

 

 

 

1-топ.Мәтіннің бірінші бөлімін оқып,қорғайды.

 2-топ.Мәтіннің екінші бөлімін оқып,қорғайды.

3-топ.Осы топтарға алып қосарларың бар ма? (Оқушылар өз пікірлерін айтады)Енді осы топтарға баға берейік.

Топтар бір-бірін бағалайды (смайликтер арқылы)

 

Үш топ бір-бірлеріне сұрақ қояды.

1-топ.Сөздік жұмысын түсіндіріп бер.

2-топ.Егер сен жас батыр болсаң?

3-топ.Мәтін немен аяқталды деп ойлайсың?

 

Интербелсенді тақтадан «Көңілді күн»биін музыка ырғағымен билету.

 

«Бөгенбай батыр» туралы шағын өлең құрау.

 

1-топ: «Батырлар» туралы мақал-мәтелдер айту.

 2-топ:Венн диаграммасын құру.

Екі мәтінді салыстырыңдар.

 

 

 


3-топ. Өз ойыңнан батырлар туралы әңгіме жазу.

Үй жұмысы 2 мин

Мәтінді түсініп оқу. Бұқар жыраудың жырын жаттап келу.

Кері байланыс 1 мин

-Сабақта не ұнады?

-Бір-бірлеріңе қарқынды көмек бере алдыңдар ма?

Оқушылар ойын стикерге жазып жабыстырады.

Бір-біріне рақмет айтып қол шапалақтайды.

 Бағалау (5 мин)

 

Әр топ сабақтан алған әсерлерін «Екі жұлдыз,бір тілек»арқылы бағалайды.

Топ басшысының бағалауы (критерий б/ша)

                                  7-9 ұпай  «5»

                                   4-6 ұпай  «4»

                                    2-3 ұпай  «3»

                                    1- ұпай   «2»

Жиынтық баға

 Алмас қылышты ардагер (Ел аузынан)


  1. Алмас қылышты ардагер (Әдебиеттік оқу 3сынып)

 

 

 Отан өз батырларымен бай.Батыр болып дүниеге келмейді,батыр болып      қалыптасады.

   Біздің уақытымыздың батырлары дәрігерлер,құтқарушылар,май қызметкерлері,мұғалімдер.

   Өйткені дәрігерлер мен күнбе күн адамдардың өмірлерін сақтап қалады.Мұғалімдер    балаларды оқытады,тәрбиелейді.Біздің әжелеріміз бен аталарымызды да батырлар     деуге болады.Олар бізге ашық аспан сыйлады,еңбектенді,олар жауға қарсы шықты.Елімізді,жерімізді қорғады.Міне осыларды батырлар деп айтуға болады.

    Қарудың аттары. Қылыш,найза,садақ,шоқпар,қалқан,мылтық.

  Батырдың киімдері:

   Қиядан жау шықса одан қорықпаған,тайсалмай жауға қарсы шапқан.Олар елі    үшін,Отан үшін елінің абройын,бірлігін,татулығын сақтаған.Намысын бермеген.

Елінің,халқының кегін жібермеген,намысын таптатпаған,халқы үшін.елі үшін,Отаны үшін күрескен.Бөгенбай батыр қазақтың қалың қолына 30 жасында қолбасшы болған екен. Бір басқосуда қазақ ортақ мәмілеге келе алмай,тоқырай бастайды. Бірі жоңғарлармен соғыспайық,бас аманда үдере көшейік десе,екіншісі басқа уәж айтады.Сонда Бөгенбай суырылып шыққан ғой.Ата-баба даңқын,бұрынғылардан қалған ерлік салтын айтып,ірігенді ширатып,елді жауға қайрап салған.Сөйтіп жоңғарларға қарсы күш жинаған.Тізе қосып соғысуға көндірген.Қазақ түгел болып біріксе,жеңілмейтіндіктеріне сендірген.

Бұл –қазақтың тағдырын шешкен іс еді.Егер сол сәтте батырлар буырқанып қайрат қылмаса,тағдырға мойынсұнған халық жойылып кетуі де мүмкін еді.Бөгенбай бабамыздың ұлылығы да осында,бойына біткен көсемдігінде.    

Қиядан қиқу төгілсе,

Аттың басын тарпаған,

Қисапсыз қол көрінсе,

Қорқып жаудан қайтпаған.

Қазақ деген халқының

Батыр шыққан даңқынан

  • *   *   *   *

Қарсыласқан асылдар

Қорғасындай балқыған...

Еңбек қылған ел үшін,

Жауда кеткен кек үшін,

Қазақтың абырой,арына

Сарп қылған бар күшін...-деп ,Бұқар жырау Бөгенбай батырды әділ суреттеп жырлаған.

Сөздік жұмысын түсіндіріп бер.

 2.Егер сен жас батыр болсаң?

  3.Мәтін немен аяқталды деп ойлайсың?

1-топ  Батырлар туралы мақал-мәтелдер айт.

2-топ  Венн диаграммасын құру.

3-топ Өз ойыңнан батырлар туралы әңгіме жазу

И.Крылов «Шегіртке мен құмырсқа »

$
0
0

Жамбыл облысы Шу ауданы Шу қаласы Антон Семенович

 Макаренко атындағы орта мектебінде бастауыш сынып

мұғалімі Кусабаева Айнур Сейлхановна

 

Пәні:әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: И.Крылов «Шегіртке мен құмырсқа »

Мақсаты: Тақырыптың мазмұнын оқып үйренеді. Авторлардың өмірімен танысады.

Міндеттері:

1.Білімділігі: Шегіртке мен құмырсқаның іс - әрекетіне  баға бере алады. Негізгі ойды ажыратады.Сөздік қоры дамиды.Талдау жасауға үйренеді.

2.Дамытушылығы: Сөздік қоры дамиды.Талдау жасауға үйренеді.

3.Тәрбиелігі: қоршаған ортаны аялауға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі : ойын сабағы

Сабақтың әдісі:«Венн»диограммасы,тірек плакат

Көрнекі-құралдар және дерек  көздері: Интербелсенді тақта,электронды оқулық, слаидтар, плакат,маркер

Күтілетін нәтиже:

- Мысалды түсініп оқиды, мысалға сүйеніп, шегіртке мен құмырсқаны салыстыра сипаттай алады.

- Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

- Сыни тұрғыдан ойлануға үйрету.

- Оқыту мен оқуда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолданады

- Талантты және дарынды балаларды оқыту.

 -Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

-Топта жұмыс жасайды.

Сабақтың  барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. (5 мин.)

Амандасу, түгендеу.

Релаксация: «Жаңбыр».

Топқа  бөлу.Партаға жануарлардың суреттерін (аю, арыстан,қасқыр, түлкі)  алты бөлікке қиып тастаймын. Оқушылар бір – бір қиындыдан алады.Сол қиынды бойынша суретті құрастырып, төрт топқа бөлініп отырады.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй жұмысын сұрау.  (5 мин.)

«Еңбек» туралы  мақал-мәтел жаттап келу.

ІІІ. Үй жұмысын пысықтау:

  • Күз айларын ата?
  • Әңгімеде не туралы айтылған?
  • Осы әңгімеден өзіңе қандай әсер алдың?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі. (1 мин.)

1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2.Жаңа сабаққа даярлық.

Ү.Жаңа сабақ. (20 мин.)

 Автор туралы мәлімет  (1 мин.)

Түсіну. Суретпен жұмыс.

  • Суреттен нелерді көріп тұрсыңдар?
  • Қандай жыл мезгілі бейнеленген?
  • Құмырсқаның киімі қандай?Шегірткенікі ше?

Шегртке  не үшін жылып тұр деп ойлайсыңдар?

Сергіту сәті.  (3 мин.)

Тапсырмаларды орындау (7 мин.)

Қолдану .Мысалды рөлге бөліп оқу.

Мысалдағы жасыл бояумен жазылған сөздерді дауыстап оқыңдар.Бұл сөздер қай кейіпкерге қатысты?

Неге жасыл бояумен жазылған деп ойлайсыңдар?

Жасылмен жазылған сөздерді екі топқа бөліңдер.

а)жаз мезгіліндегі шегіртке;

ә)қыс мезгіліндегі шегіртке

Мысалға сүйеніп, шегіртке мен құмырсқаны салыстыра сипаттаңдар

Талдау. Сен құмырсқаның орнында болсаң не істер едің?

ҮІІ. Қорыту.(5 мин.)

«Вен» диограммасы

Топтық жұмыс.  Тақырыпқа байланысты постер жасау

Кері байланыс. 

ҮІІІ. Бағалау. (5 мин.)

Үйге тапсырма: Мысалды түсініп оқу.

                              Шегіртке мен құмырсқаның іс – әрекетін  сипаттайтындай 

                               мақал  - мәтел жинас

Жақсылардың жақсысы Р. Босилек (болгар жазушысы)

$
0
0

Жамбыл облысы Шу ауданы Шу қаласы Антон Семенович

 Макаренко атындағы орта мектебінде бастауыш сынып

мұғалімі Кусабаева Айнур Сейлхановна

 

Тақырыбы: Жақсылардың жақсысы Р. Босилек (болгар жазушысы)

Мақсаты: 1. Халық ауыз әдебиетінің бір үлгісі-ертегілерді таныстыра

отырып, еңбек пен білім ұғымдарын терең меңгерту.

2.Ертегілер арқылы көркем тіл шұрайлығын, сөздік қорын дамыту,

өз ойын тез,әрі жүйелі жеткізе білуге дағдыландыру.

  1. Оқушыларды еңбек сүйгіштіккетәрбиелеу. Қасиетті нәрселерді

                        қадір тұтуға және қастерлеп сақтауға тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі:түсіндіру,сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: суреттер, сызба, интербелсенді тақта.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды сабаққа әзірлеу.

                 Бес болсын алар бағамыз,

                 Білімнен бақыт табамыз.

                 Мақсатымыз – білім алу,

                 Міндетіміз еңбектену.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Жатқа айту. Қ.Аманжолов. «Ұшқышболғым келеді» (Қалаған шумақтарын жаттап келу)

2.Ұшақтың қандай түрлерін білесің? (сладтан көрсету)

3.Сен үлкейгенде кім болғың келеді?

4.Ұшаққа мінгендерің бар ма?

Мұғалім

       Ертеде адамдар құсқа ұқсап ұшуды, отынсыз тамақ пісіруді, теңіздердің үстімен жүруді қиялдапты. Сол қиялдар бүгінгі таңда адамның білімі, еңбегі арқылы шындыққа айналып отырғанын біз білеміз.

*Өздеріңіздің армандарың туралы ұшақ жасап соған жазайық.

ІІІ.Сергіту сәті

 

ІҮ.Жұмбақ шешкілерің келе ме?

Әжемнің қолында шыр айналар,

Шыр айналса, өзіне шыр байланар.

                                         (Ұршық)

Сөзі –дана, үні жоқ,

Сөйлемейді тілі жоқ.

Қолыңа алсаң –шешен,

Ақылы асқан көсем.

                        (Кітап).

Қылмаң –қылмаң етеді,

Қаға берсең жарасар.

Екі жағын жапырып,

Ұра берсең жарасар.

                                         (Өрмек)  

Ү. Жаңа сабақ: Өрмек, ұршық және кітап жайлы болмақ.

  - Ендеше, балалар, мұқият көңіл бөліп «Жақсылардың жақсысы» деген ертегіні тыңдап көрейік.

Сұрақ-жауап арқылы

  • Балалар сендерге ертегі ұнады ма?
  • Ертегі кімдер туралы екен?
  • Қызы әкесінен не туралы сұрапты?
  • Қыз үнемі жабық тұрған бөлмені ашқанда нелерді көреді?
  • Көрген заттары қызға ұнады ма?
  • Тақырып неге «Жақсылардың жақсысы»деп аталған?

ҮІ. Оқулықпен жұмыс

Ендеше осы ертегіні оқып көрейік

Оқулығымыздың бетін ашайық.

Мәтінді оқимыз. (оқушылар іштей оқып шығады) Жалғастырып оқу.

Ертегіні жақсы оқып шықтыңдар.

Енді мәтін соңындағысуреттерге қарайық. Бұл суреттер ненің белгісі ретінде алынған деп ойлайсыңдар?(Еңбек пен білім)

-Ендеше еңбек пен білім сызбасына көңіл бөлейік.

Білім

Еңбек

-Еңбек дегенді қалай түсінесіңдер?

Еңбектену,іздену,жұмыс жасау,ерінбеу т.б.

-Білім деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Оқу, үйрену, іздену т.б.

  • Осы күн көздерін қандай түспен бояр едіңдер?

-Неліктен?

Қызу еңбек арқасында еңбек етіледі.

Сары жылылық, жан-жаққа шуағын шашады.

«Еңбек пен білім егіз» демекші еңбек арқылы білімге жетуге болады, білімді болсаң еңбегіңде өнімді болады.

Ойын: Кім шапшаң?

1-қатар                                                        2-қатар

Еңбек туралы мақал-мәтел                    Білім туралы мақал-мәтел

ҮІІ. Дәптермен жұмыс

Ойымызды қорыта келе мына кестені толтырып көрейік.

Мәтінде жақсылардың жақсысы ретінде нелераталған?

Өзің тағы не қосар едің?

1.Ұршық

2.Өрмек

3.Кітап

1.Ара

2.Күрек

3.Қалам

ҮІІІ.  Сабақты қорыту.

-Бұл заттар туралы неге айтып жатырмыз?

-Өйткені бұлар «жақсылардың жақсысы»

    Адам өмірінден өз орнын табу үшінбілімді, еңбекқор,ізденгіш болу керек,Еңбекқорлық адамдышыдамдылыққа, төзімділікке әкеледі,қуанышқа бөлейді.Ал білім адамды жоғарғы жетістіктерге жетуге жетелейді.

Балалар, әр нәрсенің қадір қасиетін біліп қастерлеп сақтауға үйренейік.Болашақта сендерден де еңбекқор, білімді азамат шығады деп сенемін

ІХ.  Үйге тапсырма:

  1. 1. Түсініп оқу, құмырсқа сызбасын толтыр.

2.Бағалау.

Ғ. Қайырбеков. “Комбайншы”

$
0
0

Жамбыл облысы Шу ауданыШу қаласы Антон Семенович

Макаренко атындағы орта мектебінде бастауыш сынып

мұғалімі Кусабаева Айнур Сейлхановна

Сабақтың тақырыбы: Ғ. Қайырбеков. “Комбайншы”

Сабақтың мақсаты:

  • 1. Оқушыларға жаңа тақырыпты түсіндіру. Комбайншы еңбегі жайлы әңгімелеу. Жер – Ананың адамға берер пайдасы туралы айту.
  • 2. Оқушыларды еңбек сүйгіштікке, топпен жұмыс жасауға, бір – бірін тыңдай білуге баулу. Нан қадірін білуге баулу.
  • 3. Сөздік қорларын, мәнерлеп оқу шеберліктерін арттыру. Есте сақтау қабілеттерін арттыру.

     Психологиялық ахуал:

Ризамын бүгінге,
Ризамын бүгінге,
Ризамын бүгінге,
Ризамын қазірге!
Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге,
Ризамын, ризамын, ризамын қазірге.

ТОЛЫҚ ЖҮКТЕУ

Внимание! У Вас нет прав для просмотра скрытого текста.

Тәуелсіздік мерейім

$
0
0

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Қаракеткен ауылы

№114 орта мектеп жанындағы шағын орталық

тәрбиешісі Бескулакова Ақтоты

 

Тақырыбы:«Тәуелсіздік мерейім»                                                                                                                                     

Мақсаты:Балаларға тәуелсіздік туралы түсінік беру. Оларды Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.                                                       

Көрнекілік: суреттер, шарлар

Зал іші шар мен жалаушамен безендірілген.                                                                                                                                     

Балалар музыка әуенімен залға кіреді.                                                                                                                                                      

Тәрбиеші: Құрметті ұстаздар,ата-аналар,кішкентай бүлдіршіндер! Бүгінгі дүниені дүр сілкіндірген,тәуелсіздік туын көтерген желтоқсандағы мерекеміз құтты болсын.Бүгінгі кішкентайлар тобының  «Тәуелсіздік мерейім»атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

 

Құттықтау сөз мектеп директоры М. Жусупова ханымға беріледі.

 

Тәрбиеші: Өз жеріме өзім ие болған күн                                                                                                                                                                                               

Тілім таза бостандығын алған күн,

Елтаңбам мен көк байрағым желбіреп ,

Тарихыма өшпес белгі салған күн.                                                                                                                                                                  

Гимн орындалады.

Тәрбиеші: Тәуелсіздік таңнан түскен ақ сәуле,

                   Тәуелсіздік бақыт сенде бақ сенде.

Қарқындайды қариялар қашанда,

Жарқылдайды жарық  шашып жас кеуде.                                                                                                              Құттықтау сөз: Кішкентайлар тобының тәрбиеленуші Сәрсенбай Өркен

 

Тақпақтар:

Айбану Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн

Ерекше боп мәңгілік

Ел жадында қалған күн

 

Айару Он алтыншы желтоқсан

Ел мерейі тасыған

Қазақ деген қалың жұрт                                                                                                  

                     Бәрін кешті басынан                                                                                                                                                                

 

Хор: «Ел қорғауға әзірміз»

 

Өркен    Әділеттің ұраны

Ақиқаттың шырағы                                                                                                                                          

                    Тыныштықтың туы боп                                                                                                                                                    

                    Зор салтанат құрады

 

Тәрбиеші:  -Біз қай елде тұрамыз?                                                                                                                                                       

                   –Біз қай тілде сөйлейміз?

- Қандай рәміздеріміз бар?                                                                                                         

                     -Біздің ел басымыз кім?                                                                                                                      

                    -Туымыздың түсі қандай?                                                                                                                                        

Нұрдидар:   Айнымайды аспаннан                                                                                                                                                  

                      Біздің тудың бояуы                                                                                                                                               

                      Оны халық   қашанда                                                                                                                                                                              

                      Биікке іліп қояды

 

Толқын:Қатар шапқан қос тұлпар,                                                                                                                                    

Ай астында қазақ үй .                                                                                                                                              

Қалықтаған жас сұңқар,

Шарықтаған таза күй .                                                                                                                                   

Елтаңбасы елімнің ,                                                                                                                                              

Елдігімнің белгісі.                                                                                                                  

Би: «Көк тудың желбірегені»

Тәрбиеші:  

                       Тегеурінді соққыларды жайратқан                                                                                                                                 

                      Ақша қарда судай ақты қайнап қан                                                                                                                 

                      Қайдан білсін қызбаланған ерлерім,                                                                                                        

                      Айырларын Ләззат, Ербол, Қайраттан                                                                                                                            

 

Толқын:Желтоқсанда құрбан болған Ләззат,Қайрат,Сабира сияқты аға-апаларымызды ешқашан

ұмытпауымыз керек.Олар қазақ жері,елі үшін жас өмірлерін қиған.

 

Би: «Ладушки»                                                                                                                                                                                          

Барлығы: Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесі құтты болсын!

Тәрбиеші: Қазақстанымыздың көкбайрағы желбіреп,еліміз тыныш,елбасымыз аман,

аспанымыз ашық болсын!

«Жыл оқушысы» сайысы

$
0
0

Катонқарғай ауданы Катон ауылы Шығыс Қазақстан облысы

«Ленин атындағы орта мектебі»КММ

жаратылыстану пәндер бірлестігінің жетекшісі

Тарих және география  пәнінің мұғалімі,

Мергазина Анар Ерлановна

 

 

«Жыл оқушысы» сайысы

Жүргізуші: - Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! «Жыл оқушысы» сайысына қатысушы жас қырандар!
«Асыл тастан, өнер жастан» деп дана халқымыз айтқандай бүгінгі дәстүрлі «Жыл оқушысы» сайысына қатысатын оқушылар өз білімдерімен ой ұшқырлығын сараптау мақсатымен білім сайысына түспекші. Орта сайыскерлерімізді шақырайық!
Музыка ойналып, ортаға оқушылар шығады.

Мақсаты:

  • сыныптардан белсенді, лидерлік қабілеті мен қоса білім де жетістіктері бар оқушыларды анықтау;
  • шығармашылық қабілеттерін дамыту;
  • ұжымның намысын қорғай білетін және еңбексүйгіш азаматтарды тәрбиелеу;
    Көрнекілік:

Плакаттар: "Өнерлі бала - сүйкімді", "Өнерлі өрге жүзер", "Білімді мыңды жығар".
2. Залдың іші шарлар мен гүлдермен безендірілген
3. Әділқазылар бағалайтын көрсеткіш сандар
4. Проектор, компьютер

Жүргізуші:

 Әділдікпен бұл сайысты байқайтын,
Туралықтан ешқашан да қайтпайтын, - деп әділқазылар мүшелерін таныстыруға рұқсат етіңіздер.

Мектебіміздің аға-тәлімгері Бағдат Жақысылыққызы.


Жүргізуші: Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты
Білім мен тапқырлықтың жарысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты, - деп

1 кезең  «Таныстыру» бөлімін бастайық. Шарты «Мен қандаймын?» деген сұраққа жауап айтып, өзін таныстыру.

Жүргізуші:

 Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда- деп

 2 кезең  «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» - бастайық.

 ( логикалық - сұрақтар)19 оқушыға түгел қойылады.

Әр сұрақ 1 ұпай.

Осы кезеңнен аз ұпай жинаған 10 оқушы қалады, келесі  кезеңге ұпай саны көп 9 оқушы өтеді.

  1. Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын? Шешімі: Жанат - ұзын
  2. Менің атым Медет Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім? Жауабы: Медет
  3. Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді? Жауабы: үш
  4. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан жәнеоған қарама-қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар? Жауабы: 4 мысық
  5. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? Жауабы: үш стакан
  6. Жүгіру жарысынан Асет, Марат, Талғат үш орынды алды, егер: Марат екінші орын алмаса, ал Талғат –үшінші орын алмаса, кім қандай орын алды? Жауабы: 1-Марат, 2-Асет, 3-Талғат
  7. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр? Жауабы: үшеу
  8. Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойлады? Жауабы: екі сағат
  9. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? Жауабы: жоғары
  10. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? Жауабы: шырпы
  11. Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады? Жауабы: егер оны мұз етіп қатырса
  12. Үш гном бар. Сол үш гномға үш қызыл және үш көк капюшонды көрсетеді. Қараңғыда үшеуіне екі қызыл және бір көк капюшонды кигізіп, қалғандарын жасырады. Гномдардың қайсысы өз басындағы капюшоның түсін таба алады? Жауабы: ешқайсысы
  13. Сөйлеу тілінде дыбыстау мүшелері арқылы айтылып, естілетін тілдік құбылысты не деп атаймыз? (дыбыс)
  14. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (түркі)
  15. . Қазақ дәстүрі бойынша тура айтуға тыйым салынғандықтан, бұрмалап аталған сөздерді не дейміз ? (табу)
  16. Ең тәтті, ең ащы не? (тіл)
  17. Жуан және жіңішке сөздерге жалғана беретін қай жұрнақ? (хана)
  18. “Әдебиет” сөзі қай тілден енген? (араб)
  19. Құранда неше сүре бар? (114)
  20. Қай шығармадан, кім? “Бірақ амал нешік, сен қызылшақа болып, жөргекте жатқанда сондағы ақымақтығыңды пайдаланып, әке-шешең немесе шілдеханаға келіп, дуылдап отырған басқа біреу солай атап жіберген. ” («Менің атым Қожа», Қожа)
  21. Шоқан Уәлихановтың шын аты кім? (Мұхамедқанафия)
  22. Отырарға опасыздық жасаған кім? (Қарашоқы)
  23. “Селт еткізер ” дегеніміз не? (Наурыз мейрамында жастардың бір-біріне сыйлайтын тосын сыйлары)
  24. Бал да, у да таматын не? (тіл)
  25. “Шалға” қарағанда “балада” не көп? (буын, әріп)
  26. Кім қартаймайды? (анасы бар адамдар)
  27. Кімнің аяғына су жұқпас? (Суаяққа)

3 кезең. «Зымыран сұрақтар». 9 оқушыға.

 Бұл бөлімде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен және логикалық сұрақтар берілген. Осы сұрақтарға тез, әрі шапшаң жауап беру керек. Барлығы -15 сұрақ
1. Сөйлеу тілінде дыбыстау мүшелері арқылы айтылып, естілетін тілдік құбылысты не деп атаймыз? (дыбыс)
2. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (түркі)
3. Қазақ дәстүрі бойынша тура айтуға тыйым салынғандықтан, бұрмалап аталған сөздерді не дейміз ? (табу)
4. Ең тәтті, ең ащы не? (тіл)
5. Жуан және жіңішке сөздерге жалғана беретін қай жұрнақ? (хана)
6. “Әдебиет” сөзі қай тілден енген? (араб)
7. Құранда неше сүре бар? (114)
8. Қай шығармадан, кім? “Бірақ амал нешік, сен қызылшақа болып, жөргекте жатқанда сондағы ақымақтығыңды пайдаланып, әке-шешең немесе шілдеханаға келіп, дуылдап отырған басқа біреу солай атап жіберген. ” («Менің атым Қожа», Қожа)
9. Шоқан Уәлихановтың шын аты кім? (Мұхамедқанафия)
10. Отырарға опасыздық жасаған кім? (Қарашоқы)
11. “Селт еткізер ” дегеніміз не? (Наурыз мейрамында жастардың бір-біріне сыйлайтын тосын сыйлары)
12. Бал да, у да таматын не? (тіл)
13. “Шалға” қарағанда “балада” не көп? (буын, әріп)
14. Кім қартаймайды? (анасы бар адамдар)
15. Кімнің аяғына су жұқпас? (Суаяққа)
Кезең қорытындысы бойынша аз ұпай жинаған 5 оқушымен қоштасамыз, келесі кезеңге 4 оқушы шығады.

ІV.  кезең– «Кім жүйрік? »
Шарты: Жұмбақтың жауабын тауып, орыс және ағылшын тілдеріне аудару қажет.
1. Көзге көрінбейді, жұтсаң білінбейді. (Ауа – воздух)
2. Бір үйге көзсіз боп кіресің,
Бұл үйден көреген боп шығасың (мектеп – школа - )
3. Көтеріліп теңізден
Аспанға биік барамын.
Биіктеп қайта түскенде
Өңі кірер даланың (Жаңбыр – дождь - )
4. Көк көйлекті жеңешем көлбең-көлбең етеді, Жер түбіне жетеді. (түтін-дым- )
5. Бір зат бар дүниеде құшағы кең,
Ұшқан құс, жүгірген аң бәріне тең.
Адамзат, жан-жануар арасында
Мәңгілік өсіп-өніп өмір сүрген.
(жер-земля- )
6. Балдан тәтті не?
(тіл-язык - )
7. Бір арба келіншек,
Әрбір келіншектің басында бір-бір түйіншек
(сіріңке – спички - )

V кезең – «Сөз ойла, тез ойла»

 Шарты: Ұяшықтарды таңдап, шыққан сөздерден мақал-мәтел құраңдар. Әр мақалға 1 ұпайдан.

1 ұяшық «білім»
2 ұяшық «кітап»
3 ұяшық «сөз»
4 ұяшық «жер, ел»
5 ұяшық «дос»
6 ұяшық «тосын сый», яғни сайыскерге 10 ұпай сыйға тартылады.
Әділқазылар қорытынды шығарғанша музыкалық сәлем жолдау.
                                   «                       » әнімен, қарсы аламыз.
Жүргізуші:

Ұлылардың ізін басар
Бізде жоқ па талапкерлер?
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар
Біреуінің күмбірлеген күйі бар
Енді біреуінің қатты істейтін миы бар, - демекші бүгінгі сайыскерлеріміздің жан - жақты екенін көрдік. Ойының аты ойын. Ойын болған соң жеңімпаз болады. Сайыскерлеріміздің еңбегін бағалау үшін сөз әділқазыларға беріледі.
Марапаттау. «Жыл оқушысы» жеңімпазын анықтау.
Жүргізуші: - Құрметті оқушылар! Сыныптың  «Жыл оқушысы» сайысы өз мәресіне жетті. Анықталған   оқушы мектеп оқушыларының арасындағы  сайысқа жолдама алды.

Ертеңгі күнге ескерткіш болсын деп барлығыңызды суретке түсуге шақырамыз.

Төрлет, құтты Жаңа жыл!!!

$
0
0

Төрлет, құтты Жаңа жыл!!!

Мұғалімнің құттықтау сөзі:

         Құрметті ата - аналар, қонақтар және оқушылар. Жаңа 2014 жыл - "Жылқы жылы" бәрімізге құтты болсын. Жаңа жыл тек қана  денсаулық,  отбасымызға бақыт, жұмыста жаңа жетістіктер мен табыс  әкелсін. Елбасымыз аман болып, елімізде тыныштық болсын. Бүгінгі жаңа жылдық кештен жақсы әсер алыңыздар. "Төрлет, құтты Жаңа жыл" атты мерекелік іс - шараны бастауға рұқсат етіңіздер.  

Екі жүргізуші ортаға шығады.

1 - жүргізуші:

Армысыздар, ардақты ағайын, ұлағатты ұстаздар!

2-жүргізуші:

Бармысыздар, замандас бауырлар, шабытты шәкірттер!

1 - жүргізуші:

Айнала қоршап шыршаны,

Шашылар шашу жыр әні.

Мынау әсем шыршаға,

Қош, келдіңдер, балалар! - дей отырып ортаға жаңа жылдық шыршаға келіп отырған бүлдіршіндерді шақырайық.

2 - жүргізуші:

Төрлетіңдер, төрлетіңдер,

Шырша сәнін көріңдер.

Әсем ән мен би билеп

Күй - жырларын төгіңдер.

2 - жүргізуші: - Жаңа жылдық шырша мерекесіне қош келдіңдер, балалар!

1 - жүргізуші: - Жасыл шырша мерекесі сендер үшін, балалар!

1- жүргізуші: Балалар, бүгін сендерді жаңа жылмен құттықтау үшін мектеп басшысы келіп отыр.

2 - жүргізуші:

Армысыз мектебіміздің басшы ағасы,

Жайнасын көңіліңіздің жасыл бағы.

Тамаша жаңалықтың бастауы боп

Мол болсын жаңалықтар тағы, тағы.

1 - жүргізуші:

Армысыз балалардың жақсы ағасы,

Қамқоршы жүргінің ер панасы

Біздер үшін бүгінгі ән менен күй,

біздер үшін бүгінгі сән менен сый, - дей отырып ортаға мектеп басшысын қол соғып, қошеметтеп шақырайық.

2 - жүргізуші:

Балалар, директор ағайдан шырша шамын жағуды сұрасақ қайтеді?

Барлығы: Шырша шамы жағылсын! 3 - рет

Қуант бізді таңырқат,

Шамдарыңды жарқырат!

2- жүргізуші:

Құрметті халайық бүгінгі жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата келе жатыр деген хабар алып тұрмыз. Балалар жаңа жыл мерекесінің көркі Аяз ата емес пе! Аяз ата мен Ақшақарсыз жаңа жыл бола ма?

1 - жүргізуші:

Дұрыс айтасың ендеше балалармен қосылып Аяз ата мен Ақшақарды ортаға шақырайық.

Барлығы: Аяз ата, Ақшақар! 3 - рет

1 - жүргізуші:

Қуаныңдар ағайын, тамсаныңдар,

Сүйінішпен маңайға жар салыңдар

Аяз ата келеді Ақшақармен

Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!

2- жүргізуші:

Айтыспай - ақ ән орындап, әнмен шақырайық.

Ән. Аяз ата (оқушылар бәрі айтады)

Аяз ата:

Амансыңдар ма, балалар!

Сәлеметсіздер ме қадірлі қонақтар!

Жаңа жылдарың құтты болсын

Денсаулықтарың мықты болсын

Аспандарың ашық, жұлдықдарың жарық болсын

Егеменді еліміз көркейе берсін

Жаңа жылда жаңа табысқа жетіңдер!

Аталарың сендерге

Асау желмен алысып

Шаршап келді алыстан

Ақша қар мен Ескі жыл

Олар да жүр қасымда

Өздеріңдей балалармен

Сағынысып табысқан.

Балалар: Сәлеметсіздер ме, Аяз ата, Ақша қар!

Аяз ата: Ал, балаларым біз Ақша қар екеуіміз алыс жолдан шаршап келдік. Сендер ән айтып, би билеңдер, бізмалайық.

1 - жүргізуші:

Аяз ата қаншама жол жүріп келдіңіз. Мына орындыққа отырып дем алыңыз.

Ақша қар: Ән айтып, би билеген балаларға беретін тәтті кәмпитіміз бар. Ал, босқа тұрмайық, көрсетіңдер өнерді, мен өзім бастап берейін.

(Ақша қар билейді. Меруерт - Жаңа жыл келе жатыр. Би)

Аяз ата: Балалар, осы Жаңа жылымыз қайда? Неге шақырмаймыз?

Ақша қар: Барлығымыз қосылып Жаңа жылды ортаға шақырайық.

Барлығы: Жаңа жыл! 3 - рет. Музыка ойнайды. Атқа мініп билеп келеді.

1 - жүргізші:

Асыға күткен Жаңа жыл!

Кел, Жаңа жыл, жаңа жыл!

Жаңа заман, жаңа ойлар

Кел, Жаңа жыл, Жаңа жыл!

Аяз ата: Амансың ба, Жаңа жыл! Балалар биылғы келген жыл  - Жылқы жылы.

Ал, Жаңа жыл!

Келген қадамың құтты болсын!

Сән әкелген жыл бақыт жылы болсын!

Береке, бірлік, татулық, ырыс жылы болсын!

Жалықтар достығы нығая берсін!

Елбасымыз салған сара жолмен үнемі алға дами берейік!

Темірлан:

Жылқы жылы жақсылыққа бағыттаған

Жылқымын мен жаңа жыл

Жаңа жылда барлығыңыз

Жаңа үміт таба біл!

Жылан жылының мерекесән

Мерекеге жалғаймын

Елде, жерде, табиғатта,

Бейбіт жолды қолдаймын.

Арым - ұят, жаным - халық

Қызметім де соларға.

Лаура:

келеді жылдар, келеді айлар ауысып,

Жылан жылы мен жылқы жылы да ауысып,

Береке бірлік бейбітшіліктің төрінде,

Тұрайық әр кез татулықпенен қауышып.

Ақша қар:

- Аяз ата, Ескі жылды шығарып салайық.

Аяз ата:

- Дұрыс айтасың, Ақша қар! Ал, Ескі жыл сен құтты жыл болдың. біз ризамыз саған, Ескі жыл! Ал, сау бол, Ескі жыл!

Темірлан:

Ал, Ескі жыл, аман бол

Ізбасарың мен болам

Аман болсын деп тіле

Елім, жерім, кең далам.

Лаура:

Біздің елде өткен жылы

Жылан жылы тыныштық

Ал ұмтылдық біз есейдік

Жақсылыққа тырыстық

Ескі жылым жылан жылы

Қош аман бол көргенше.

2 - жүргізуші:

Ал, достар бізге реніш жоқ шығар. Құрметпен жылан жылын шығарып салайық.

Барлығы: Сау бол, Ескі жыл! 3-рет.

1 - жүргізуші:

Бүгін сізге жырдан алға тағайын,

Шат күлкіге толы болсын маңайың,

Көргендер де, көрмегенде арманда

Қуанышпен келді той боп жаңа жыл

Жаңа жылың құтты болсын ағайын!

Ән: Жаңа жыл. Лаураның орындауында.

2 - жүргізуші:

Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,

Ай жүзіндей айшқтанып арайың

Жанға шуақ, бойға қуат әкелген,

Жаңа жылың құтты болсың ағайың.

Ән: Шырша жыры. 2 - сынып.

Лаура:

Ей, Жаңа жыл, жаңа бақыт ырысым,

Жақсылықтың жаршысы да нұрысың

Адамдардың асқақтаған арманы

Ақындардың таусылмайтын жырысың.

Би қазақша: "Ұлдар" тобы 2 - 4 сынып.

2 - жүргізуші:

Армысың, аманбысың жаңа жылым

Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!

Жылқы жылы келгенде сый ғып тартып

Ақтарайық әнменен көңіл сырын.

Ән. 3 - сынып "Шырша жыры".

Лаура:

Жаңа жыл - жаңа әннің тербелуі,

Жаңа жыл ақ арманның өрленуі,

Жаңа жыл партадағы лүпілдеген,

Кішкентай шәкірттердің ержетуі.

1 - сынып оқушылар өнерін тамашалау.

Ән. "Жасыл шырша жанында"

3 - сынып оқушылар өнерін тамашалау.

Елжан:

Жаңа жылда жаңа белден асамыз,

Жаңа жылға жырмен шашу шашамыз.

Бейбітшілік ұранымен, жеңіспен,

Жаңа жылда тағы да алға басамыз!

Би.

Лаура:

Бүгін бәріміз де өз өнерімізді ортаға саламыз деп келіскенбіз. Олай болса жаңа жылды қарсы алып өз туындысынан шығарған ақын жігіттерімізді шақырайық.

2 - сынып:

Думан:

Тоғай да,баулар да

Ақ күміс жамылды.

Дала да, таулар да,

Өзіңді сағыңды.

Асылан:

Жаңа жылым жол болсын,

Басқан қадам оң болсын,

Төрлет, төрлет Жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын!

Сырым:

Ақ қар жапты даланы,

Ақ жамылды айнала.

Жарқыратып шамдарын,

Шырша келді ортаға.

Думан:

Жаңа жылға арналады жаңа жыр,

Жаңа жылда шақырады бар өмір

Баөт болып жаңа жылым келді ғой,

Құтты болсын, құтты болсын жаңа жыл!

Асылан:

Кел, жаңа жыл, жаңа жыл,

Қарсы аламыз біз сені.

Ақ көңілмен, ақ пейілмен

Баршамыздың төрінде.

Сырым:

Сәлем беріп сіздерге,

Бар өнерді саламыз.

Өнерлі бала бар деп,

Әлемге жар саламыз.

1 - жүргізуші:

Келесі кезекте 1 - 3- сынып оқушылары өлеңдерін оқиды.

Ән. "Жас дәуірдің түлегіміз" Орындайтын: Нұрлан.

Елжан:

Мың бұралған ақ қайыңдай,

Қыздар шықсың ортаға.

Ал, ендеше қол соғайық,

Қошеметпен қарсы алайық.

Би: Ажар, Үміт, Лаура.

Лаура:

Жаңа жыл - туындаған жаңа армандар,

Жаңа жыл - шуылдаған жаңа ормандар.

Ал, мынау - мәңгібақи жаңа дүние,

О, сәлем, жаңа жылда жаңарғандар, - дей отырып, ортаға Алдар көсені, сиқыршыны шақырайық.

Алдар - Темірлан:

Мен, Алдармын, Алдармын,

Шайтанды да алдармын.

Алдау деген түк емес,

Сиқыршыны да алдаймын, - деп екі қайтара әндетіп, сахнада жүреді.

(сол кезде сахнаға Сиқыршы шығады)

Сиқыршы - Асар - О, Алдеке көңілдісің ғой өзің?!

Темірлан: Неге көңілді болмасқа, бүгін бізде жаңа жылдың шырша мерекесі өтіп жатыр. Сен қайдан жүрсің?

Асар: Мен бүгін өз сиқырымды бүлдіршіндерге көрсетіп, көңілдерін көтеруге келдім.

Темірлан: Қандай сиқыр көрсетесің? Не арқылы?

Асар: Менде сиқырлы айна бар. Қарашы қандай әдемі! Айнаға қарап тұрып, сиқырлы сөзді айтсаң бодды, не көргің келсе соны көруге болады.

Темірлан: Өзің білесің Қазақстан - көп ұлтты мемлекет. Әр ұлт өкілдерінің достығы мен ынтымақтастығын жарастырып отырған - өзіміздің Елбасымыз. Сол ұлттар достығының белгісі ретінде әр ұлт өнерін көрсете аласың ба?

Асар: Қай елді көргің келеді?

Темірлан: (ойланып тұрып) Үнділерді көрсете аласың ба?

Асар: Бәлі, сол да сөз болып па? Қазір (айнаға қарап)

Айнам, менің айнам,

Жаң - жағыңды жайнат.

Үнділердің өнерін

Осында әкеп сайрат

Суф, суф, суф.

Музыка қосылады. Ажар үнді биін билейді.

Темірлан: Тамаша, тамаша. Сенің айнаң шыныңда да сииқырлы екен. Енді түріктің өнерін көрсетші.

Асар: Сөз боп па? Қазір (айнаға қарап)

Айнам, менің айнам,

Жаң - жағыңды жайнат.

Түрік халқының өнерін

Осында әкеп сайрат

Суф, суф, суф.

2 - сынып ұлдары түрік биін билейді.

Темірлан: Ой, ғажап екен. Енді қай халықтың өнерін көрсем болады? Өзіміздің қазақ биін көрсетші.

Асар:

Айнам, менің айнам,

Жаң - жағыңды жайнат.

Қазақ халқының өнерін

Осында әкеп сайрат

Суф, суф, суф.

Лаура, Ажар билейді (қазақша)

Темірлан: Ой, ризамын, саған рахмет. Осы сиқырлы айнаңды маған сыйлап кетші.

Асар: Жарайды, сыйладым саған айнамды. Қазақстандағы ұлттар достығы нығая берсін. Мені басқа елдің балалары шырша маңында тосып отыр соларға барайын.

Темірлан: Рахмет, саған, сиқыршым. Алыс жолға аттанып барасың, жолың болсын. Шығарып салайын.(екеуі сахнадан шығып кетеді)

1 - жүргізуші: Ал, балалар, сиқыршы мен Алдардың өнеріне ризасыңдар ма?

Бәрі: Ризамыз,ризамыз! Рахмет, рахмет.

Келесі көрініс: "Айлакер мысық"

ойын ойнау.

2 - жүргізуші:

Ендігі кезекте кішкентай бүлдіршіндердің өнерін көрсетеді. Аяз атаның балаларға беретін базарлығы бар екен.

Аяз ата: Ал, балалар, біз Ақша қар екеуіміз тамаша дем алдық, ойнадық, би биледік. Біздің баратын жерлеріміз көп. Сендер сияқты талай бүлдіршіндер тағатсыздана тосып отыр.

Елжан: Иә, Аяз ата халқымызға бата бере кез келді ғой деймін.

Аяз ата: бата береді.

Жаңа жылдарың құтты болсын!

Денсаулықтарың мықты болсын!

Аспандарың ашық, жұлдыздарың жарық болсын!

Егеменді еліміз көркейе берсін!

Жаңа жылда жаңа табысқа жетіңдер! Әумин!

Ал, балалар біз Ақша қар екеуіміз аттанайық. Сау болыңыздар балалар!

Ақша қар: Сау болыңдар, балалар! Келесі жаңа жылда кездескенше.

Барлығы: Сау болыңыздар, Аяз ата, Ақша қар!

Елжан:

Бітуге қалды таяп - ай,

Не қыласың аяп - ай.

Қане, халқым, қол соқшы,

Жаңа жылда аямай.

Лаура: Жаңа жыл - жылқы жылы әрбіріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ,табыс пен берекеғ қуаныш пен мереке алып келсін. Әрдайым жылы жүздеріңізден нұр кетпесін. Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын!

Барлығы: Жаңа жыл құтты болсын!

Лаура: Құттықтау сөз ата - аналарға беріледі.

Сау болыңыздар.

 

   


Ойлы болсаң, озып көр!

$
0
0

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Қаракеткен ауылындағы

№114 орта мектептің ІІ санатты бастауыш сынып мұғалімі

Меңбаева Гүлшат Мақсұтқызы

 

Пәндік шара

Бекітемін:_____________     

 Оқу ісінің меңгерушісі А.Жаңабергенова

Күні:

Сыныбы: 2 «б»

Тақырыбы: Ойлы болсаң, озып көр!

Мақсаты:  Оқушылардың негізгі пәндер бойынша алған білімдерін сынау, еске түсіру арқылы пысықтау. Оқушылардың логикалық ойлауын, есте сақтау, ойлау қабілеттерінің артуына ықпал жасау. Шапшаңдық пен дәлдікке тәрбиелеу.

Түрі: сайыс

Көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

                     Армысыздар құрметті ұстаздар, ата-аналар!
2 «б»-сыныбы оқушылары арасында өткелі отырған «Ойлы болсаң, озып көр!» топтық сайысына  қош келдіңіздер!
Сәлемдесу – игі дәстүр киелі,
Сөзбен қарап, кейде шешер шиені.
Жақсы сөзге жан семірер қашанда
Жолданады сайыскерлер сәлемі.
«Сәлем – сөздің атасы» демекші, алдымен сайысымызды сәлемдесуден бастайық!

«Алғырлар» тобы

 Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар,
  Білімді санасына тоқушылар.
  Білімімен, өнерлерін ортаға сап,
 Шықты міне, «Алғырлар» атты сайысшылар.
Ұраны:  «Болашақтың ұрпағымыз білімді,

Көрсетпекпіз сабақта алған білімді.»

«Тапқырлар» тобы

Топ атауы- ойы жүйрік «Тапқырлар»,
Жарыс көрсе күш - қуаты жалындар.
Сан мың түрлі тапсырмалар шешуде,
Алдыңғы топ қатарынан табылар.

Ұраны: «Тапқырлық таныту-мақсатымыз,
 Біліммен шықсын тек жақсы атымыз»

«Зеректер» тобы

  Құлақ  түріп тыңдаңыздар  жарандар,

   Кеудемізде  толқындаған  қуат бар.

   Біз  ешкімге қолдан  жеңіс бермейміз

   Тобымыздың бәрі  зерек  ұландар

Ұраны:   Қандай  сынақ  болса да  беріспе,

               Әрқашан  үміткерміз   жеңіске.

Әділ-қазылармен таныстыру.

Сайыс кезеңдерімен таныстыру.

1.«Білгенге маржан». Әр топқа  әдебиеттік оқу пәнінен сұрақтар беріледі. Дұрыс жауапқа 5 ұпайдан.

  1. «Тіл өнері». Қойылған сұрақтарға мақалмен жауап беру.
  2. «Сын сағаты». Жағдаяттарынан шығу жолдарын қарастыру.
  3. «Елім менің» . Ел тарихынан сұрақтар қойылады. Лототронды айналдыру арқылы әр топ 4 сұраққа жауап беруі тиіс.
  4. «Қызықты математика». Математикадан логикалық тапсырмаларды орындау.
  5. «Егер де мен...» әр топқа бір сөзден беріледі. Оқушылар тақырыпқа сай өз армандары мен ойларын білдіреді.

ІІ. Негізгі бөлім

     Қазір біз, балалар, осы уақытқа дейін алған білімімізді саралап, санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молайғанын көрсетейік.
Сайыскерлерге сәттілік тілей отырып, 1-кезеңімізді бастаймыз.

1-кезең. «Білгенге маржан»

«Алғырлар» тобына:

1.«Қарттарды сүйем» өлеңінің авторы кім? (Мұқағали Мақатаев)

  1. «Атаңа не қылсаң ,алдыңа сол келер» деген нақыл сөзге құрылған әңгімені ата. (Атасы мен немересі)
  2. Қазақ даласына алғаш білім жарығын алып келген адам кім? (Ы.Алтынсарин)
  3. «Түйе мен тышқан» қай халықтың ертегісі? (Монғол)
  4. Аңыз дегеніміз не? (Өмірде болған адамның басынан өткен әңгіме)
  5. Тұңғыш «Әліппе» оқулығының авторы кім? (Ахмет Байтұрсынов)
  6. «Тұлып» сөзінің мағынасы (малдың немесе аңның терісінен тігілген тон)

«Тапқырлар» тобына:

  1. «Шибұт, Қылмойын, Қарынбас» ертегісі ертегінің қай түріне жатады?

                                                                                    (қиял-ғажайып)

  1. Әңгіме жазатын адамды қалай атайды? (жазушы)
  2. «Аласың білім кітаптан» деген сөз кімнің шығармасында келтірілген? (І.Жансүгіров. «Күн шыққанда»)
  3. «Үлгілі бала» кітабын жазған балалар жазушысы кім?

                                                                (Спандияр Көбеев)

  1. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің авторы? (Абай)
  2. «Құлақ пен Тымақ» мысалындағы негізгі ой?

                                                             (кешірімді болу, ешкімді кемсітпеу)

  1. «Күн әбден қысқарған. Күннің көзі көрінсе де, жылынбайды» деген жолдарда жылдың қай мезгілі сипатталған? (Қыс)

 «Зеректер» тобына:

  1. «Зеректік» әңгімесінің авторы кім? (Сапарғали Бегалин)
  2. Жеті атаңды білу қажеттілігі қай шығармада айтылған? (Ұшқан ұя)
  3. «Шөрке» сөзінің мағынасы. (кесілген ағаш)
  4. Мысал дегеніміз не? (Адамның бойындағы жағымсыз қылықтарды жан-жануарлар мен өсімдіктердің әңгімелесуі арқылы бейнелеу.)
  5. Асқар Тоқмағамбетовтың туған жері?

                                     (Қызылорда облысы, Сырдария ауданы)

  1. Спандияр Көбеев кім? (жазушы, ұстаз)
  2. «Мысық пен тышқандар» ертегісіндегі нақыл сөзді ата.

                                            (Бәрі таппаған ақылды кәрі табады.)

Әділ-қазылар 1-кезең қорытындысы бойынша ұпай сандарын берсеңіздер.

Білімнің  ұшқырлығын танытып сен,
Асыл тасып, асықпа,қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,
Шапшаңдық бұл сайыста керек екен-

дей отырып, «Тіл өнері» кезеңін бастаймыз.

2- кезең. «Тіл өнері»

(Әзіл-сұрақтар)

Шарты: Қойылған сұраққа мақалмен жауап береді.

Мысалы: Жыланды інінен қалай шығарады?

                               Жылы-жылы сөйлесе, жылан інінен шығады.

«Алғырлар» тобына:

  1. Қар жана ма? (Қалауын тапса,қар жанады).
  2. Инемен құдық қазуға бола ма? ( Оқу-инемен құдық қазғандай).
  3. Аппақ қарға бола ма? (Қарға баласын аппағым дейді).
  4. Тастың жеңілі бола ма? (Керек тастың ауырлығы жоқ).
  5. Елу құлағы бар кім? ( Ел құлағы-елу).
  6. Тауық түс көре ме? (Тауықтың түсіне тары кіреді).

«Тапқырлар» тобына:

1.Білетінің қанша,білмейтінің қанша?

                             (Білетінің бір тоғыз,білмейтінің тоқсан тоғыз).

  1. Оттан да ыстық болып тұрған не? (Отан оттан да ыстық).
  2. Адам денесіндегі қорқақ,батыр мүшелер.

                                                                 (Көз қорқақ, қол батыр).

  1. Көрдім, көрмедім дегендер неше сөз бола алады?

                                           (Көрдім деген көп сөз, көрмедім деген бір сөз).

  1. Шашу мен жинаудың қайсысы оңай?(Шашу оңай,жинау қиын.)
  2. Бір рет өлуге де болады,немесе мың рет өлуге де болады.

                                           (Батыр бір рет өледі,қорқақ мың рет өледі).

«Зеректер» тобына:

  1. Балға тең тәттілер не екенін білесің бе?

        (Ананың сүті – бал, баланың тілі-бал).           

  1. Отқа түсіп, күймеуге бола ма? (Отан үшін отқа түс-күймейсің).
  2. Қарныңды қалай тойғызар едің?

(Еңбек етсең ерінбей, тояды  қарның тіленбей).

  1. Өрге шыға алмайтын қандай сөз?

                                                   (Өтірік сөз өрге баспас).

  1. Ақыл мен қынаның мекен-жайы.

                                                    (Ақыл басқа бітеді, қына тасқа бітеді). 

  1. Жалқаудың ісі нешеу? (Жалқаудың ісі-екі.)

 2-кезеңді қорытындылау.

 

 Бұл бәйге ойдың бәйгесі,

 Кім жүйрік ойға сол алда.

 Біліммен ісі сәйкессе,

 Тапқыр болар қашанда

3-кезең. «Сын сағаты»

Әр топқа жағдаят беріледі. Оқушылар одан шығу жолдарын ұсынады.

Кезең қорытындысын жариялау.

4-кезең.

«Елім менің»

«Алғырлар» тобына:

1.ҚР мемлекеттік тілі? (Қазақ тілі)

  1. Қазақстан жер көлемі жөнінен дүние жүзінде нешінші орында? (9)
  2. Мемлекеттік Гимннің сөзін жазғандар? (Н.Назарбаев, Ж.Нәжімеденов)
  3. Желтоқсан көтерілісі болған қала? (Алматы)

«Тапқырлар» тобына:

  1. 9-мамыр қандай мереке? (Жеңіс күні)
  2. Наурыз көжеге неше түрлі тағам қосылады? (7)
  3. Роза Рымбаева кім? (Әнші)
  4. Тұңғыш президент күні қашан? (1-желтоқсан)

«Зеректер» тобына:

  1. «Бәйтерек» кешені орналасқан қала? (Астана)
  2. Қызылорда қаласы қай өзеннің жағасында орналасқан? (Сырдария)
  3. ҚР тәуелсіздігін қай жылы жариялады? (1991 жылы 16 желтоқсанда)
  4. Биыл Ұлы жеңіске неше жыл толады? (70)

 «Қызықты математика»

Жібермейміз есе біз,
Ғалым болып өсеміз.
Көзді ашып, жұмғанша,
Есепті де шешеміз.
«Алғырлар» тобына:

  1. Ертегі-есеп.

       Ертеде байлардың есігінде жүріп күн кешкен, панасы жоқ жалғыз кемпір болыпты. Жаз шығып ел жайлауға көшкенде,сүйенері жоқ кемпір жалғыз сиырын ұрламақ болып ұрылар келеді. Кемпір:-«Бұлар менің жалғыз сиырымды нысанаға алмақ болған екен, мен де бұларды алдайын»-деп ойлайды. Сөйтіп жалма –жан бір шелек суды сапырып отырып, мынадай өлең айтыпты:

Сапырып-сапырып Арманға бер,

Құйып-құйып Алмасқа бер,

 Есіктегі екеуге бер,

 Төрдегі төртеуге бер,

 Өзің іште маған бер»-деген екен.

 Мұны естіген ұрылар: -«Қой мұнымыз болмас. Үй толы кісі, әрі бізден екі есе көп, кетейік»-деп кетіп қалыпты. Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты.Сонда үйде адам нешеу?    (10 адам.)

  1. Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны-он. Аулада

   неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін?

                             (2 бұзау, 1 тауық немесе 1 бұзау, 3 тауық)

«Тапқырлар» тобына:

  1. Пойыздың 8 вагоны бар. Бауыржан басынан санағанда төртінші вагонға отырды, ал Саят аяғынан санағанда төртінші вагонға отырды. Екеуі бір вагонда отыруы мүмкін бе? (Жоқ, Бауыржан 4 вагонда, ал Саят 5 вагонда отырады.)
  2. Бір парақ қағазды екіге бүктеп, содан соң тағы да екіге бүктеу керек. Бүктелген жерлерді қиғанда қағаз неше бөлікке бөлінді? (4 бөлікке бөлінеді.)

«Зеректер» тобына:

  1. Бір топ қаздар ұшып келе жатты. Оларға бір аталық қаз кездесті.
    - Сәлеметсіңдер ме, он қаз!
    - Жоқ, біз он емеспіз. Егер сен бізбен бірге болсаң және тағы екі қаз болса ғана он боламыз.
    Қаздар әуелде қанша болған? (7 қаз)
  2. Отбасында алты бала бар: қыздар қанша болса, ұлдар да сонша. Отбасында қыздар қанша, ұлдар қанша?(3 қыз, 3 ұл)

Кезеңді қорытындылау.

Мәңгі бақи есте қалар,
Ғажайып бір кеш болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
Қиынырақ сұрақ болсын!

Сайысымыздың соңғы кезеңі -  «Егер де мен...»деп аталады.  Әр топқа бір сөзден беріледі. Оқушылар тақырыпқа сай өз армандары мен ойларын білдіреді.

Қорытынды.

Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектену жалықпау  - деп сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.

Жеңімпаз топты анықтау, марапаттау.
      Алдағы уақытта да тек қана биіктерден көріне беріңіздер деген ізгі ниетпен біз сайысымызды аяқтаймыз. Назарларыңызға рахмет!

С.Мұқанов «Лашын» әңгімесі

$
0
0

Қарағанды облысы Шет ауданы Ақжал негізгі орта мектебі

қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Оспанова М.М.

 

Сабақтың тақырыбы: С.Мұқанов «Лашын» әңгімесі

Мақсаты:

Білімділік: С.Мұқановтың өмірі мен шығармашылығын таныту. «Өмір мектебі» романынан алынған үзіндіні, яғни «Лашын» шығармасынан алынған үзіндідегі қазақтың саятшылық жайлы ой-пікірін,  ұлттық дәстүрді насихаттау;

тәрбиелік: оқушының бойына ұлттық сана-сезім, ұлттық тәрбиені қалыптастыру, елін, жерін сүюге баулу;

дамытушылық: жеке тұлғаны  шығармашылықпен  жұмыс жасауға өз ойын еркін жеткізе білуге ,ерік –сезімін дамытуға,тіл тазалығын сақтауға тәрбиелеп , дамыту

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, талдау

Көрнекілік: жазушы портреті, суреттер, слайд.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

- оқушыларды топқа бөлу;

-психологиялық дайындық;

«Мен саған сенемін» әдісі бойынша  топ оқушылары шеңбер құру арқылы бір-біріне деген сенімдерін айту.

ІІ.Үй тапсырмасы.

ІІІ.Жаңа сабақ.

С.Мұқановтың «Өмір мектебі» романынан алынған үзінді «Лашын» әңгімесі.

- Сабақтың мақсатын айту. (дәптерлеріне күнді,тақырыпты жазғызу)

- ІІ топқа да постер таратылады.

І топ -  жазушының өмірбаяны және шығармашылығы туралы мәлімет.

ІІ топ – «Лашын» әңгімесі. Әңгіме желісі бойынша сұрақ-жауап.

- Біз лашын туралы бұрыннан білеміз бе?
- Әңгіме қалай басталған еді?
- Балғабай ауылындағы Сәбит Мұқановтың ерекше жақсы көретін адамы кім? Ол немен  айналысты?

- Лашынды аңға қай мезгілде салады?
- Лашын қандай құстарды алады?
- Лашынға алдырмайтын құсты ата.
- Құстың отқа шығатын мезгілі қай кез?
- Құстың қандай сезім мүшесі ерекше дамыған?

  1. Сөздікпен жұмыс.

 Қадім – араб оқуы мен жазуы.

Атбелгілік – ат жаратып , баптауды кәсіп етушілік.

 Лашын – жыртқыш құстар тұқымдасына жататын саят құсы

 Дуадақ – қанаты үлкен , мойыны ұзын дала құсы .

Дабылдау - Қаңғыр-күңгір дыбыс шығару.

Түлек – құстың тілеуіне байланысты жас мөлшері .

Саят – құс салып , аң аулаушылық .

Тақыстанып - әккіленіп, қуланып.

V.Мәтінмен жұмыс.

І топ – Ахметтің портреті және жазушының лашын құсты суреттеген жерін тауып жазу және оқу.

ІІ топ – Дабыл аспабы жайлы деректі тауып жазужәне оқу.

  1. Топтық тапсырма.

 І топӘңгімеде қандай кәсіп туралы айтылады? Құсбегілікке қатысты қандай кәсіби сөздер бар?

ІІ топ – Шығармадан тұрақты тіркестерді тауып, мағынасын айту.

VII. Топтық жұмыс.

І топ - Бос орынға қажетті сөзді қой.

Лашынның маңдайы     ......     келген, тұмсығы жолбарыстың ........иілген, сарғылттау қияғының өткірлігі ....................., мөлдіреген ..............көздері томпайып, сыртына қарай тепкен.
 

Қажетті сөздер:

бүлдіргендей,ұстарадай,жайпақтау,қарақаттай,тырнағындай,тұмсығындай,шашақтау,біздей

 

ІІ топ - Сәйкестендір

денесінің көлемі                                      жүйрік аттай төстектеу

 

құйрықтары                                             сауысқандай ұзынша

 

бөтегесі                                                    жіңішке

 

сирақтары                                               жұдырықтай ғана

 VIII. Ой тастау.

 1.Ойларыңда мәтін желісі бойынша не сақталып қалды?

 2.Автор оқырманды қалай қызықтырады?

 ІХ. Тест жұмысы.

1.Лашын қандай құстарды ілетінін тап.

А) бөктергі, шүрегей

Ә) бидайық, тазтырна

Б) қараторғай, сауысқан

В) үйрек, қаз

2.«Құстың отқа шығар кезеңі» деген сөздің мағынасын анықта.

А) ұя басуға шығатын мезгіл

Ә) қайтар мезгіл

Б) жем іздеуге, жайылымға шығатын мезгіл

В) құс серігін іздейтін мезгіл

  1. Құсты үркіту үшін қолданылатын аспапты ата.

А) даңғара

Ә) дауылпаз

Б)  дабыл

В) домбыра

  1. Құс салудың ең қызықты айлары –

А) шілде, тамыз

Ә) мамыр, маусым

Б) наурыз, сәуір

В) қыркүйек, қазан

  1. Әңгімеде «Қыран құс қисық ұшып, түзу ілер» деген нақыл сөз қай құстың әрекетіне қатысты қолданылғанын көрсет.

А) үйректің әрекетіне қатысты

Ә)лашынның құс ілуәрекетіне

Б) қаздыңқорғану әрекетіне

В)бидайықтың құс ілу әрекетіне

  1. Лашынға қарсы дуадақтың көрсететін қайраты қандай екенін белгіле.

А) айбат шегу

Ә)тығылып қалу

Б)көзіне саңғу

В) жаман иіс шығару

  1. Ахмет лашынын салуға қай мезгілде шығатынын анықта.

А)  күннің еңкеюі мен батуының арасы

Ә) таңның сібірлеуі

Б) таң қараңғысы

В) шілде, тамыз

8.Лашынның қазды алудағы қорғаныс әрекетін анықта.

А) қаздың қанатының астына тығылу

Ә) қазға жеткізбей кету

Б) қазды қанатымен сабалау

В) қаздың көзін шоқу

  1. Лашынға алдырмайтын құсты көрсет.

А) қырғауыл

Ә) үйрек

Б) дуадақ

В)қаз

  1. Құстың ерекше жетілген сезім мүшесі –

А) мұрнының сақтығы өткір

Ә) құлағының сақтығы өткір

Б)көзінің сақтығы өткір

В) қанатының сезгіштігі өткір

                       1      2     3     4     5     6     7     8    9     10           

 

 

               А                           *                   *      *           *

               Ә                                  *                                                               

               Б             *      *                  *                   *

               В     *

     

Х. Бағалау.

ХІ. Үйге тапсырма.

     Құс салу өнері туралы мәліметтер жазып келу.

Аяулы менің анашым

$
0
0

Қазақ тілін оқытудың ұтымды жолдарын іздеп, жаңа технологияларды қолдана отырып, шығармашыл, құзіретті тұлғаны қалыптастыру негізінде өткізілген

«Аяулы менің анашым»

атты әдістемелік шебер-класс жоспарын ұсынамын.

(Тәрбиелік- мерекелік ашық сабақ)

Автор: Тажина Маржан Қалмұханқызы, Рудный қалалық әкімдігінің «№ 21 Гимназиясы» КММ , қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі.

    Бүгінгі таңда білім беру жүйесі  жасалып, қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне ену қажеттілігіне көтеріліп, түрлі әдіс- тәсілдерді қолданып, білім сапасын арттыру көзделген. Осыған орай әр мұғалім озық технологияларды пайдалана отырып, өзіне ең тиімдісін таңдап алуы қажет. Білім беру саласында жаңа технологияларды дұрыс меңгермейінше, жан- жақты маман болу мүмкін емес.

    Біздің алдымызға қойылған басты міндет-шығармашыл, құзіретті тұлғаны қалыптастыру. Алайда тіл байлығы төмен, ойлау қабілеті дамымаған оқушылардан шығармашыл тұлғаны қалай қалыптастырамыз? Осы мақсатта біз, ең бастысы әрбір сабағымызды шығармашылық негізде құрып, тіл дамыту жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра білуіміз керек. Сонда ғана оқушының күнделікті өмірдегі құбылысты жан-жақты түсіне білуіне ,үйренуіне, білген нәрселерін ауызекі сөздерінде қолдануға жағдай жасай аламыз.

  Мен өзімнің  сабақтарымда  оқушыларға шығармашылық жұмыстарды көбірек беремін және сол арқылы сабаққа деген қызығушылық ,ынталарын арттырамын. Мысалы: өлең құрастыру, шағын шығарма жазу, сурет бойынша әңгіме құру, мәтін бойынша сұрақтар  мен тест сауалдарын құру, презентациялар жасау, сөзжұмбақ құрастыру т.б. Үздіксіз, тиянақты жаңа әдіс-тәсілдерді қолданып отырғанда ғана мынадай нәтижелерге қол жеткізуге болады.

  • Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады.
  • Оқушы тілдің әр саласы бойынша қажетті білімді жан-жақты меңгереді.
  • Ауызша және жазба жұмыстарын сауатты орындап,өз бетінше жұмыс істеуге қалыптасады.

 

 

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік:оқушыларға «ана» тұлғасының ұлылығын кеңінен түсіндіру, ана жайлы тамаша сөздер, әндер, тақпақтар айтқызу арқылы аналарды құттықтауға үйрету.

Б) Дамытушылық: Оқушыларға білім бере отырып, ата-анаға деген құрмет сиын арттыру. Ана еңбегін қадірлей білуге үйрету, оқушылардың сенімдері мен ой- өрістерін дамыту.

В) Тәрбиелік: Оқушылардың бойында адамгершілік қасиеттерін қалыптастыра отырып, аналарға құрметпен қарауға, сыйлауларына тәрбиелеу.

Сабақтың міндеттері:

Оқушыларға сабақтың тақырыбы бойынша нақты түсінік беру ;

Қарапайым сұрақтарға жауап беруге үйрету;

Берілген тапсырмаларды түсініп, өз беттерінше орындауға бағыт беру;

Шығармашылыққа баулу;.

Сабақтың өткізілу мақсаты:8- наурыз мерекесі қарсаңында әже, аналарды құттықтап, оқушылар аналардың құрметіне өз білімдерін көрсету.

 Тәрбиелік- мерекелік ашық сабақтың ұйымдастырылуы:

1.Сабақ 45 минут болуы ;

  1. Оқушылардың саны- 12 және олар топқа бөлініп отыруы;

3.Сыныптың іші жарық, таза, санитарлық нормаға сай болуы керек.

Сабақтың жабдықтарының материалдық жағдайы: компьютер, ашық хаттар, газет, интерактивті тақта, домбыра, баян, шарлар, гүлдер.

Сабаққа қатысушылар: оқушылар, әжелер, аналар, мұғалімдер, мектеп әкімшілігі

 

ТОЛЫҚ ЖҮКТЕУ

Внимание! У Вас нет прав для просмотра скрытого текста.

Алтынымсың , ақ анам!

$
0
0

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қосалқы мектеп – интернатының

бастауыш сынып мұғалімі Қулмрадова Санегуль

 

Тақырыбы: Алтынымсың , ақ  анам!

Мақсаты: 

1.Нәзік жанды аруларымызға қуаныш сыйлау, мерекемен құттықтау.

2.Ұстазға, ата-анаға деген ізгі ниеттерін көрсету.  

3.Оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.

( А.Еңсеповтың «Детство» күйі қосылып тұрады. Сахнаның  сыртынан  Мұқағали  Мақатаевтың  «Ана» атты  өлеңі оқылады)

Ана

Сен бақыттысың,

Жыламағын!

Жай түсіп жатқанда  да құламадың

Тәңіріңнен  мен едім ғой сұрағаның

Сондықтан жыламағын, жыламағын!

Бармын ғой

Тірімін ғой.

Қасыңдамын.

Өлмеймін, мен өзіңдей  асылданмын

Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,

Байырғы берекеңді қашырмағын.

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа

Өзім кепіл тот басып, тозбасыма

Екі жыр жазсам саған бірін арнап

«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына

Тәңірім кеше  көрсін кесірімді

Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!

Ана,

Сен бақыттысың, тербете бер

Құба талдан иілген бесігімді...

 

1 Жүргізуші: Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар,  аналар,  арулар!                     

                        Көңілдеріңізге  көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, асыға

                        күткен 8 Наурыз  – халықаралық  әйелдер  күні  де келді.    

                        Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.   Олай

                        болатыны,  аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет

                        ешқашан сөнбек емес.

 

2 Жүргізуші: Аналар - өмірдің гүлі,  көңілдің жыры, әр отбасының  алтын   діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі  «Алтынымсың , ақ  анам!» атты  мерекелік  бағдарламамыз  өздеріңізге арналады!

 

1 Жүргізуші:  8 НАУРЫЗ – халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты

                          болсын!  Сіздерге әрқашан  сыр бермес денсаулық, өмірдің          

                          шапағатын тілейміз!

                          Әрдәйым мейрім шуағын шашып жүре беріңіздер!

 

1 Жүргізуші:  Мерекелік құттықтау сөзі мектеп директоры –

                          Сайлаукүл Секерқызына беріледі.

 

(Ән  «Алтын анам»  Тауасаров Айдын)

 

2 Жүргізуші:   Әйел, қыздар сендер көктем гүлісің,
                          Ақындардың өлең арнар жырысың.
                          Ұрпақ жалғап, өмір сыйлап адамға,
                                      Ғасырларға жалғасады бұл ісің.
                         

(ән «Мама»  Құланшиев Нұрсұлтан)

 

1 Жүргізуші:  Сұлусыңдар  күн нұрынан жаралған
                          Шапағаттарың бар әлемге таралған,
                          Гүлдеріне жаз күнінің ұқсайсың,
                          Орындалсын жүректегі бар арман!
               

               (Ән «Сұлу қыз» Тауасаров Айдын  мен Туребаева Рахима)

2 Жүргізуші:   Ана десем,  шешек  ашып жанары

                          Өмірімнің бастау алар ажары

                          Шәкірттері  шын жүректен тебіреніп

                          Өнерлерін аналарға арнайды!

                                       (Оқушылардың тақпақтары)

 

ТОЛЫҚ ЖҮКТЕУ

Внимание! У Вас нет прав для просмотра скрытого текста.

М. Әлімбаев «Көктем келді» - 2 сынып А. Құнанбаев «Жазғытұры», І. Жансүгіров «Жазғытұрым» - 3 сынып

$
0
0
Сабақтың тақырыбы:
М. Әлімбаев «Көктем келді» - 2 сынып
А. Құнанбаев «Жазғытұры», І. Жансүгіров «Жазғытұрым» - 3 сынып

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға көктем мезгілі, оның өзіндік ерекшелігі туралы тереңірек білім беру.
Дамытушылық: Шығармашылықпен жұмыс жасай отырып, оқушылардың дүниетанымын кеңейту, өз пікірін ашық, еркін айта білу дағдысын дамыту
Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты қорғауға және оған құрметпен қарауға тәрбиелеу
Көрнекілік: тақырыптық суреттер, суретті жұмбақ, қима қағаздар
Қолданылатын әдістер: СТО

Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Балалардың көздерін жұмып, «Елес жетелеу» стратегиясы бойынша ғарышқа ұшып, күнге баруы.
Жылулық шеңбері «Жылы сөз»
Шашы алтын, көзі от,
Шыға ғой, Күн тезірек
Жылу берші, шуақ берші
Маған, ата - анама, апайыма, бауырыма
Тағы, тағы, тағы - да!

І. Қызығушылықты ояту
Жұмбақ шешу
Қар кетіп,
Қыр көгерді,
Құс қиқуы көбейді.
Жерге диқан дән сеуіп,
Қорадан жас төл өрді. /көктем/

- Жұмбақтың көктем туралы екенін қай сөздерден байқадыңдар? /балалар жауабы/

Проблемалық сұрақ
- Көктем деген сөз қандай мағына береді? Ойланып көріңдерші.
- Көктем – көк шығады, көктейді.
- Көктемді басқаша қалай атайды?
- Жазғытұрым
- Бұлай аталуы неліктен?
- Көктемнен кейін жаз мезгілі келеді. Жазға салым, жаз жақындады деген сөз.
Суретпен жұмыс
Оқушыларға көктем көрінісін бейнелейтін бірнеше сурет ұсынылады:
- Суретке назар салыңдар. Суреттерге қарап, Көктем келді деген тақырыпқа әр оқушы бір - бірден мағынасы өзара байланысқан сөйлем құрулары керек.
- Олай болса, бүгінгі сабағымызда көктем мезгілі туралы өлеңдермен танысамыз. Әуелі авторлар туралы айтсақ,
- Берілген сызбаға сүйеніп, ақын туралы әңгімеле

ІІ Мағынаны тану

2 сынып 3 сынып
Мұғалім басшылығымен
1 – тапсырма
1. Оқулықтағы М. Жаманбалиновтың өлеңін түсініп оқу.
2. Өлеңге ат қою. Өзіндік жұмыс
1 – тапсырма
Абайдың «Жазғытұры» өлеңіне сүйеніп, көктем белгілерін табу.

Өзіндік жұмыс
2 – тапсырма
Өлеңге сүйеніп көктем белгілерін атау

Мұғалім басшылығымен
2 - тапсырма
І. Жансүгіровтің «Жазғытұрым» өлеңін сипаттау
Көктем шықты Жайлаудағы ауыл
Жылы жел соқты...
Қыстаудан көшті

Сергіту сәті

Қане, қанат жазайық,
Қарлығашқа ұқсайық
Ұшып, ұшып алайық
Орнымызды табайық
Қарлығаш боп ұшайық
Торғай болып қонайық
Сауысқан боп секіріп
Тоқылдақ боп ұшайық
Мұғалім басшылығымен
3 – тапсырма
Мәтіннен сұрақтарға жауап іздеп, кестені толтыр
Сұрақ жауап
Ненің?
Қандай?
Не?
Не істеді?
Қайтіп? көлдің

Өзіндік жұмыс
3 – тапсырма
Мәтіннен алынған сөздердің мағынасын тауып, сызбаны толтыр.
Берілген сөз мағынасы
Қыстың сызы
Масатыдай
Ата - анадай елжірер
Көк майса
Желіндейді
Тайды күзеді Ызғары салқыны

ІІІ Ой толғаныс

2 сынып 3 сынып
Екі өлеңді салыстыру
А. Құнанбаев І. Жансүгіров
Шығармашылық тапсырма

І нұсқа ІІ нұсқа
«Көктем сөзіне 5 жолды өлең құрастыру»
Не?
Қандай?
Не істейді?
Мағыналас сөз
Сөйлем
Өлең ұйқасын табу
...................... көктемде, /көктем, көктем, көктемде,/
..................... жеткенде. /құстар келіп жеткенде/
........................... еріп, /күн ұзарып, қар еріп/
....................... толады. /су сайларға толады./

Бағалау
Сабаққа жақсы, белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау.
Үй тапсырма
Өлеңді жаттау
Өлең мазмұнына сәйкес сурет сал
Viewing all 337 articles
Browse latest View live


<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>