Quantcast
Channel: Тәрбие сағаты - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all 337 articles
Browse latest View live

Наурыз көже

$
0
0

Сабақтың тақырыбы:  Наурыз  көже

Сабақтың мақсаты:

      1.Оқушыларды   ұлттық  мейрамдарының   бірі  - Наурыз  мейрамы туралы білетіндерін жаңа мағлұматтармен  толықтыру. әңгімені  дұрыс оқып мазмұнын ашу.
      2.  Оқушылардың ұлттық мейрам  мен салт дәстүрге деген  рухани қызығушылықтарын  арттыру, жүйелі баяндауға үйрету.
     3. Оқушыларды әдет – ғұрпты  сақтауға тәрбиелеу.

Барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық
Мақсатымыз – білім алу
Міндетіміз – еңбектену
5-ке қолды жеткізу

Топқа бөлу

ІІ. Логикалық ойлауға жетілдіру

Қайталау сұрақтары

ІІІ. Қызығушылығын ояту

( Наурыз  көктем туралы) суреттер

 

ІІІ. Сөзжұмбақ шешу
Шешуіндегі бастапқы әріптерін тақтаға жазып отырамын.
1. Мұсылман халықтарында жаңа жыл тойланатын ай? (Наурыз)
2. Ат байлау үшін орнатылған түбірік (Атағаш)
3. Жаңа туған малдың сүтінен жасалатын тағам (Уыз)
4. Қасиетті ай (Рамазан)
5. Ас үйде қолданылатын жиһаз (Ыдыс)

6. Наурыз көжені қандай ыдысқа құяды? (Зерен)
7. Ұлттық сусын (Көже)
8. Қазақстанның қаласы (Өскемен)
9. Қасиетті сан (Жеті)
10.Мал өнімінің негізгі түрі (Ет)
Балалар, қараңдаршы қандай сөз шықты? - Наурыз көже
Олай болса, балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы

Наурыз көже деп аталады.
ІV. Жаңа сабақ
Автор туралы түсінік беріледі. Авторы: Нұрқасым Қазыбеков.
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Қазір көктем мезгілі
- Көктем айларын атаңдаршы?
- Көктемде қандай өзгерістер болады?
- Қазір көктемнің қай айы?
- Көктем мезгілінде қандай мерекелер аталып өтіледі?

V. Суретпен жұмыс
Көктемнің алғашқы айы мен бірге келетін ұлттық мейрам – Наурыз мерекесі 22- наурызда күн мен түн теңеледі. Күн жылына бастайды, жан –жануарлар ұйқысынан оянады. Наурыз күні адамдар татуласып, достасады. Бұл күні әрбір үйде қазан асылып, наурыз көже пісіріледі. Бір-біріне жақсы тілектер айтылады. Наурыз көженің құрамына жеті түрлі дәм қосылады: айран, ет, сүт, құрт, тұз, май, тары.

VІ. Сергіту сәті

VІІ. Оқулықпен жұмыс
Оқушылар мәтінді тізбектей оқып талдайды.
Көрініс көрсету
1) Ақ тілектер
2) Көрісу
3)Наурыз көжеден дәм тату

VІІІ. Тігілген киіз үйлерге кіріп, тілек айту, дәм тату
Сүрақ-жауап
ІХ. Топтастыру

 І топ:  Наурыз көже. (Наурыз көжеге кандай дәмдер салынатынын жазу).

ІІ топ: Наурыз туралы (Түсінгендерін жазу).

ІІІ топ: Көктем (көктем айындағы мерекелер туралы жазу).

Бағалау:

Үйге тапсырма: Мазмұндау

 

 

 

 

 


 


Әже.Фариза Оңғарсынова

$
0
0

С.Тақырыбы:Әже.Фариза Оңғарсынова

С.Мақсаты:Әженің айтқанын тыңдауға,құрметтеуге,сыйлауға үйрету.

Ресурстары:АКТ,суреттер,сөзжұмбақ т.б.

Міндеті:Берілген өлең бойынша түсінік беру.

Тапсырмалар:1.Оқытудағы және оқудағы жаңа тәсілдер

2.Топтық жұмыс

3.Сөзжұмбақ,тақырыпқа қатысты тапсырма

С.Этаптары

Мұғалімнің іс әрәкеті

1.Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасу,түгендеу

2.Топқа бөлу

Оқушыларды әр түрлі суреттерді талдау арқылы топқа бөлу.Топ басшы

3.Өткенді еске түсіру

«Жылу»өлеңін жатқа айту.Қосымша сұрақ қою.

4.Логикалық ойлауға жетелеу

Тірек сызбамен жұмыс

Сұрақтар

Берілген сөз

Жауабы

Қандай?

Анам

 

Кімнің?

Құшағы

 

Қандай?

Жанары

 

Кімнің?

Сүті

 

Ненің?

Нұры

 

 

5.Қызығушылығын  ояту

Кино фильм көрсету(аналар,әжелер туралы)

6.Қайталау оқу анасы

Қатар тұрған екі суреттің артында сұрақтар бар 1суретте 5 сұрақ;2суретте 5 сұрақ.Балалар мына екі суреттің артында сұрақтар бар осы сұрақтарға жауап берсеңдер суретті көре аласындар.

1.Кел балалар өлеңінің авторы кім?

2.Оқулық өлеңінің авторы кім? Несіпбек Айтов

3.Ертегілер нешеге бөлінеді?

4.Абай өлеңіндегі 5 асыл істі ата

5.Үш бибі ата

1 сурет ашылады             күн

1.Аңыз деген не?

2.Мағжан Жұмабаев кім? Ақын,жазушы педагог

3.Шынықсын денеміз өлеңінің авторы кім?

4.Мысық пен тышқан өлеңіндегі нақыл сөзді кім айтады?

5.Айтиіп,әжетай өлеңіндегі  мамандық түрлерін ата 2 сурет ашылады        ана суреті

7.Негізгі бөлім

Екі суретті пайдаланып мақал-мәтел шығару.Күнмен анада қандай ұқсастық бар?Екеуіндеде не бар?Жылылық.

Күннің несі жылы?(шуағы)

Ананың құшығы қандай?(жылы)

Балалар сонымен қандай мақал-мәтел шығады.

Күннің шуағы жылы

Ананың құшағы жылы

Жақсы балалар анадан басқа балаға жақын тағы кім бар екен мына сөз жұмбақты шешу арқылы табамыз.

 

н

ә

р

л

І

 

ж

ы

л

Ы

ә

к

Е

 

               

Қандай сөз шықты «Әже».Ендеше бүгін Ф.Оңғарсынованың «Әже» өлеңімен танысамыз

«Әже»кім балалар?

Әже әкемнің шешесі

Бұл өлеңнің авторы

5.12.1939        Білім керек бәріне

              Фариза

Атырау обл     жылу       2014ж

8.Оқулықпен жұмыс

Өз бетімен танысу

Оөушы дауыстап оқиды

Балалар әжеміз қандай?

Өлеңнің мазмұнын оқушылар айтады.

9.Сергіту

«Әже өлеңін әуенмен айту

10.Топтық жұмыс

1-топ Өлең құрстырады

2-топ Әже туралы шағын шығарма жазады.

3-топ Әжеге қатысты сөздер жазу(Қорғау)

11.Өлеңді әнімен айту

Хормен айту

12.Венн диаграммасы

Ана                                         Әже

 
   

 

 

 

 

 


13.Бағалау

Әр топ басшы оқушыны бағалайды.Мұғалім бағасы

14.Кері байланыс

Бүгінгі сабақта нені үйрендік?Нені білдік?

Стикерге жазып білім ағашын қысқарту.

 

 

Әже.Фариза Оңғарсынова

$
0
0

С.Тақырыбы:Әже.Фариза Оңғарсынова

С.Мақсаты:Әженің айтқанын тыңдауға,құрметтеуге,сыйлауға үйрету.

Ресурстары:АКТ,суреттер,сөзжұмбақ т.б.

Міндеті:Берілген өлең бойынша түсінік беру.

Тапсырмалар:1.Оқытудағы және оқудағы жаңа тәсілдер

2.Топтық жұмыс

3.Сөзжұмбақ,тақырыпқа қатысты тапсырма

С.Этаптары

Мұғалімнің іс әрәкеті

1.Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасу,түгендеу

2.Топқа бөлу

Оқушыларды әр түрлі суреттерді талдау арқылы топқа бөлу.Топ басшы

3.Өткенді еске түсіру

«Жылу»өлеңін жатқа айту.Қосымша сұрақ қою.

4.Логикалық ойлауға жетелеу

Тірек сызбамен жұмыс

Сұрақтар

Берілген сөз

Жауабы

Қандай?

Анам

 

Кімнің?

Құшағы

 

Қандай?

Жанары

 

Кімнің?

Сүті

 

Ненің?

Нұры

 

 

5.Қызығушылығын  ояту

Кино фильм көрсету(аналар,әжелер туралы)

6.Қайталау оқу анасы

Қатар тұрған екі суреттің артында сұрақтар бар 1суретте 5 сұрақ;2суретте 5 сұрақ.Балалар мына екі суреттің артында сұрақтар бар осы сұрақтарға жауап берсеңдер суретті көре аласындар.

1.Кел балалар өлеңінің авторы кім?

2.Оқулық өлеңінің авторы кім? Несіпбек Айтов

3.Ертегілер нешеге бөлінеді?

4.Абай өлеңіндегі 5 асыл істі ата

5.Үш бибі ата

1 сурет ашылады             күн

1.Аңыз деген не?

2.Мағжан Жұмабаев кім? Ақын,жазушы педагог

3.Шынықсын денеміз өлеңінің авторы кім?

4.Мысық пен тышқан өлеңіндегі нақыл сөзді кім айтады?

5.Айтиіп,әжетай өлеңіндегі  мамандық түрлерін ата 2 сурет ашылады        ана суреті

7.Негізгі бөлім

Екі суретті пайдаланып мақал-мәтел шығару.Күнмен анада қандай ұқсастық бар?Екеуіндеде не бар?Жылылық.

Күннің несі жылы?(шуағы)

Ананың құшығы қандай?(жылы)

Балалар сонымен қандай мақал-мәтел шығады.

Күннің шуағы жылы

Ананың құшағы жылы

Жақсы балалар анадан басқа балаға жақын тағы кім бар екен мына сөз жұмбақты шешу арқылы табамыз.

 

н

ә

р

л

І

 

ж

ы

л

Ы

ә

к

Е

 

               

Қандай сөз шықты «Әже».Ендеше бүгін Ф.Оңғарсынованың «Әже» өлеңімен танысамыз

«Әже»кім балалар?

Әже әкемнің шешесі

Бұл өлеңнің авторы

5.12.1939        Білім керек бәріне

              Фариза

Атырау обл     жылу       2014ж

8.Оқулықпен жұмыс

Өз бетімен танысу

Оөушы дауыстап оқиды

Балалар әжеміз қандай?

Өлеңнің мазмұнын оқушылар айтады.

9.Сергіту

«Әже өлеңін әуенмен айту

10.Топтық жұмыс

1-топ Өлең құрстырады

2-топ Әже туралы шағын шығарма жазады.

3-топ Әжеге қатысты сөздер жазу(Қорғау)

11.Өлеңді әнімен айту

Хормен айту

12.Венн диаграммасы

Ана                                         Әже

 
   

 

 

 

 

 


13.Бағалау

Әр топ басшы оқушыны бағалайды.Мұғалім бағасы

14.Кері байланыс

Бүгінгі сабақта нені үйрендік?Нені білдік?

Стикерге жазып білім ағашын қысқарту.

 

 

Салт - дәстүр - асыл қазынам.

$
0
0

I.Сабақтың тақырыбы: Салт - дәстүр - асыл қазынам.

II.Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға қазақ халқының салт -    

                                           дәстүрлері мен әдет - ғұрпының тәрбиесіне

                                            мәнін ұғындыру.

  1.   Білім мен білік дағдыларын дамыту.

                                         3.Оқушының бойына адамгершілік

                                           қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін

                                            дәріптеу.

III.Сабақтың көрнекілігі: Салт - дәстүр. слайд

IV.Сабақтың әдісі - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап.

V.Сабақтың барысы:         І. Ұйымдастыру.

ІІ.Үнтаспадан:   "Тойбастар күйі" ойналып тұрады.

1.Кіріспе:

  Мұғалім: Құрметті қонақтар, оқушылар!

Бүгінгі  тәрбие  сағатымыз "Қазақтың салт - дәстүрлері - асыл қазыналары" асыл мұраларын оқушылардың бойларына сіңіру болып табылады.

Бала тәрбиесіне жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп, оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі - өзіміздің қазақ халқы.

Салт әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс - тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшілігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізі. Қазақтың бірнеше салт - дәстүрлерін атап өтсек.

1.Жүргізуші:

Өнерлі халық - өміршең халық,

 Қазахтың әдет - ғұрпына, салт - дәстүрлеріне бағытталған. "Салт - дәстүр - асыл қазына" атты ашық сабақ тәрбие сағатын бастаймыз.

 

2.Жүргізуші:

Ата салтым - асыл мұрам ардағым,

Бабалардың жалғастырар арманын.

Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірлі,

Өткенімді бүгініммен жалғадым.

1.Жүргізуші:

Қазағымның салт - дәстүрі жаңғырған,

Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырғын.

Салт - дәстүрді ардақтайтын ағайын,

Қазақ атты үлкен, кіші балдырған.

2.Жүргізуші:

Жиналыппыз, сәтті күні бәріміз де,

Үлкен, кіші, жасымыз,кәріміз де.

Төрлетіңіз, қадірменді қонақтар,

Гүл-гүл жайнап мына біздің төрімізге.

 1.Жүргізуші:

Жақсы дәстүрді сақтаған жарар

Болмаңдар ескі үрдіс деп қарап

Салт-дәстүр ішіндегі бала тәрбиесіне

Байланысты тәрбие дәстүріне тоқтамақ.

 

І. бөлім: Қазағымның дәстүрлері-ай

Ән. Қазағымның дәстүрі.

1.оқушы: Шашу, шашу, шашайық,

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке, бұл тойда

Керемет рәсім жасайық!

2.Оқушы: Сүйінші, сүйінші дүниеге сәби келді!

3.оқушы: Әже

Ой айналайын балам, бұл қуанышты хабар ғой. Сүйінші сұрау-шын қуаныштың белгісі. Қазақ сүйіншіден нені аяған.Мінеки сүйіншіңді ала ғой.

1.Жүргізуші:

Сәби дүниеге келгенде, кіндік кесу (салты).

                   Кіндік кесер:

4.Оқушы: Нәресте туған сәтте оның кіндігін әйелдер (кіндік шешесі) дайын тұрады.Кіндік кесу мәртебелі, абыройлы іс.

2.Жүргізуші:

Қазақтың ғұрыптарының бірі  "Ат қою" рәсімі. (көрініс).

5.Оқушы: Балаға ат қоюды ауылдың беделді азаматы азан шақырып, баланың құлағына үш рет естіріп айқайлап қайталаған.

  Ата: Сенің атың Мырзабек.

 Бата: Әнет бидей елінің ағасы бол,

            Халқыңның Қазбектей данасы бол.

            Жер, суды жау қалмақтан қорғап қалған.

            Бөгенбайдай жұртыңның панасы бол.

            Ер сырымдай халқыңның көсемі бол.

            Тоқсан бидей үш жүздің шешені бол.

                            Әумин!

1.Жүргізуші: Қазақтың әдет-ғұрыптарының бірі-Қалжа.

6.Оқушы:Қалжа. Жас босанған әйелге арнаулы мал сойылып беріледі.

                    Бұл сыйластықтың құрмет әрі босанған әйел белін тез бекітіп, 

                    сауығып кетсін дегені.

7.Оқушы: Шілдехана.

Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын-сауық той.

2.Жүргізуші:

Халқымыздың сан ғасырлық тыныс-тіршілігіне байланысты ұлттық тәлім-тәрбиеге қатысты салт-дәстүр, әдеп-ғұрыптары бар. Соның бірі - бала туылғаннан кейін баланы бесікке бөлеу дәстүрі

1.Жүргізуші:

Бесік, қасиетті, киелі құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі.

"Ел іші - алтын бесік" - деген сөз бесіктің құдіретін көрсетеді.

Бесік түгел ағаштан жасалады.

Бесікті қазақ құрмет тұтуы соншалық кейде атасы жатқан бесікке немерелері жатқан.

       Бесікке салу рәсімі:

Әже: Тыштырма үлестіреді.

          Түбегіңді, шүмегіңді салайын.

          Денең таза болсын деп

          Бас жастықша салайын

          Басың жұмсақ болсын деп,

          Екі бел жастаншы

          Бел көрпені салайын.

          Сымбатты, сұлу өссін деп,

          Тартпа бауды тартайын

          Сымға тартқан сүйектей.

          Денең сұлу болсын деп

          Жабуыңды жабайын.

          Жел, суық тимей қалсын деп.

Бесік жыры:

         Әлди,әлди,  ақ  бөпем,

         Ақ  бесікке жат, бөпем.

        Жылама, бөпем,жылама,

        Жілік  шағып  берейін,

        Байқұтанның  құйрығын

       Жіпке  тағып берейін.

       Әлди,әлди,  аппағым,

       Қойдың  жүні  -қалпағың.

       Жұртқа  жаман болса  да,

       Өзім  сүйген  аппағым.

       Әлди ,әлди, шырағым,

       Көлге біткен  құрағым.

       Жапанға  біткен  терегім,

       Жаным  менің, жүрегім.

2.Жүргізуші: Жас нәресте туылғаннан қырық күн толғаннан кейін қырқынан шығару салт-дәстүрі жасалады.       

     Қырқынан шығару (салт)

9.Оқушы:Баланың туғанына қырық күн толған соң, ыдысқа қырық қасық сы құйып шомылдырады. Ол сәбидің жан-жүйесінің қалыптасып дені сау болып өсуіне деген ақ тлектен шыққан.

2.Жүргізуші:Баланың қырқынан шыққыннан кейін алғашқы көйлегін...

10.Оқушы: Иткөйлек.

Жаңа туған нәрестенің алғашқы көйлегін иткөйлек деп атайды. Өйткені ол кәдімгідей көйлек сияқты тігілмейді, жөрмелеп, іліп қана тігеді. Бала қырқынын шығарылғаннан кейін әлгі көйлекке тәтті түйіп оны иттің мойнына байлап жібереді. Итті балалар жетіп, немесе шақырып, ұстап тәттісін бөліседі. Иткөйлекті баласы жоқ келіншектер ырым қылып алады.

1.Жүргізуші:Әдетте сәби аяғынан тәй-тәй басып жүре бастағанда оның тұсауын кеседі.

11.Оқушы: Тұсау кесу салт-дәстүрі (көрініс)

Сәбиді қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен.

Тұсау кесердің жібін дайындаудың бірнеше түрлері, жолдары,сенімдері де бар. Көбейіп көгере берсін деп көк шөптен есіп жасайды.Бай болсын деп малдың тоқ ішегінен де жасайды. Адал болсын деп ала жіптен де жасайды.

Ән: Тұсау кесу

        Жолың болсын деселік,

        Жолыңа нұр төсейік.

        Жарылқасын алдыңнан.

        Тұсауыңды кесейік!

        Тұсауыңды кесейік!

        Күрмеуіңді шешейік.

Әже:

        Қаз, қаз балам, қаз балам,

        Қадам бассаң мәз болам

        Тағы, таңы баса ғой,

       Тақымыңды жаза ғой.

       Қаз баса ғой қарағым,

       Құтты болсын қадамың!

Бата.

Тұсауың  кесілді , құлама,

Тізеңді  жаралап жылама.

Құлындай  құлдырап  жүгірші,

Қәнеки,өзіңді  сына да.

Секірсең  құздардан сүрінбе,

Шыңдарға  шыққанда бүгілме.

Болаттай  қабырғаң  қатайып,

От  ұшқын ойнасын түрінде.

Ұзақ  боп Инша  Аллах өмірің,

Тасысын  шаттықтан көңілің.

Жарқырап  күн санап өсе бер

Әумин.

2-жүргізуші: Қыз балаға құлақ тесу рәсімі жасалады.

 12.Оқушы: Құлақ тесу.

Қыз баланың құлағын тесу үшін қыздың шешесі, жеңгелері, апалары жиналады.Құлақты уқалап, жанын кетіріп қыздырылған жуан инемен немесе кәдімгі тарымен теседі.

1-жүргізуші: Ер баланы сүндеттейді.

13.Оқушы: Сүндет той.

Ер баланы 3,5,7, тақ жасында сүндетке отырғызылады. Себебі сүндеттеу денсаулыққа, тазалыққа да пайдасы бар.Баланы сүндеттеу үлкен рәсім ол ата-ананың борышы сүндет той деген сияқты жөн жоралғылар жасалады.

2-жүргізуші: Мектеп жасына толған баланың мектепке баруын не дейміз?

14.Оқушы: Тіл ашар.(дәстүр)

Бала 7-жасқа толғанда әке-шешесі, не ата-ажесі қолынан жетектеп мектепке оқуға апарады. Баланың мектепке баруына ауыл-аймақ болып қуаныштап Тіл ашар тойына арнап шашу шашады.

Қариялар жас балаға "хатты тез танып, кітапты көп оқып, Лұқман Хакім, Атымтай Жомарт, 12 ғалымның тілін білсін деп" бата беріп тілек тілейді.

1-жүргізуші: Жас баланың алғашқы атқа мінуін...

15.Оқушы: Тоқымқағар.(дәстүр)

Тоқымқағар - жас бала алғаш атқа қонып, алыс сапарға алғанда үлкендер жолаушы жүргенде үйдегілер ақ сарбас қой атап сойып, кәделі дастархан жайып көрші-қолаң, туыс-туғандарына той жасап береді. Осы тойды  тоқымқағар деп атайды.

2-жүргізуші:   Алыстағы  ағайынан,жақындағы көршің  артық .

16.Оқушы. Ерулік

Бір  ауылға басқа жақтан  көшіп  келіп  қоныстанған  жанұяны көршілері

шақырып ,үй -жайын көрсетіп,елге келдің жатырқамай аралас-құралас

болайық  деген  ниетпен  дастархан  жайып  ас  беретін  болған.

Осы  қарым -қатынасты  ерулік  беру  деп  атаған.

1-жүргізуші:   

17.Оқушы.   Байғазы.

Балалардың, жастардың жаңа киімі үшін берілетін ақшалай, заттай берілетін сый. Байғазы сұраудың еш артықтығы жоқ.

2-жүргізуші:   Малды  ен  салып  атауды бәсіре дейді.

18.Оқушы.  Бәсіре

Бәсіре - қазақ шаңырағында дүниеге ұл бала келгенде, сол күндері туған құлынды немесе ботаны атайды. Қыз ұзатылғанда немесе жиен алғаш келгенде меншіктеп аталатын ен салынған мал.

1-жүргізуші:    

19.Оқушы. Босаға майлау.

Жастар шаңырақ құрғанда немесе біреу жаңа үй алғанда жақын туған-туыстары келіп жаңа үйдің босағасына май жағу салтын жасайды. Ол осы үй берекелі майдай жұғымды, көптің үйі болсын деген ниетпен босаға майлаған адамға кәде берілуі тиіс.

20.Оқушы. Енші

Қазақтың  ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасып келе  жатқан дәстүрі  ер балалар

жеке үй болып бөлек  шыққанда  ата-анасының  бөліп  беретін  мал мүлкін

енші   деп  атайды.

Еншісіз  ұл , кәдесіз қыз болмайды   деген қазақ  мәтелі осы дәстүрден  айтылған.

21.Оқушы.  Асату.

Ет желініп  болған соң төрде отырған ақсақал  табақта  қалған етті жас 

балалар  мен жас жігіттерге таратады.

22.Оқушы.    Аманат.

Бір  адамның  екінші  біреуге  беріп жіберген заттарын  аманат  деп  атаған.

Аманатқа  қиянат  жасауға  болмайды.

23.Оқушы.    Сыбаға.

Құрметті  қонаққа немесе өздерінің  жақын -жуығына сақтаған кәделі  ет  мүшелері.

Ән.Қазақы  дәстүрлері-ай.

2.Жүргізуші.

Бауырласқан  тәніміз ,

Бұзылмаған  антымыз.

Кең  далалы  ежелгі,

Қазақ  дейтін халқымыз.

Өзге  ұлттай  біздің де,

Бас  дәстүр  мен  салтымыз.

ІІ. Бөлім. 

Ой  танымдық  сұрақ -жауап.

1.Жүргізуші.

Мына қоржында асықтар  салынған .Ол  асықтардың бетінде  сан  жазылған  қорржыннан  кез  келген  бір  асықты  аласыңда.  Шыққан  санға  байланысты сұрақ   қоямыз.

Үш  саны.

Үш  арсыз.

Ұйқы  арсыз,  күлкі  арсыз ,тамақ  арсыз.

Үш  сауап.

Шөлге  құдық  қазған, өзенге  көпір  салған,жолға  ағаш  екен.

Үш  биді  атаңыз.

Төле  би,Қазбек  би, Әйтеке  би.

Үш   тоқтам.

Ой,ақыл,шешім.

Үш  жүзді атаңыз.

Ұлы  жүз ,орта  жүз, кіші  жүз.

Үш  қасиет.

Өліде аруақ,малда  кие, аста  кепиет.

Үш  қадірсіз.

Жастық ,денсаулық ,жақсы  жар.

Үш  арыс.

Сәкен  Сейфуллин,Бейімбет  Майлин, Ілияс  Жансүгіров.

Үш  қадірлі.

Ырыс, бақ, дәулет.

 2.Жүргізуші.

Төрт  саны.

Төрт  қымбат.

Алтын ұя Отан  қымбат ,

Құт-береке  атаң қымбат.

Мейірімді анаң қымбат,

Бәрінен де ұят пенен  ар қымбат.

Әлемннің  төрт  негізі.

От, су, ауа, топырақ.

Төрт  құбыла.

Батыс,шығыс,солтүстік, оңтүстік.

Төрт  мұхит.

Үнді, Атлант, Тынық, Мұзды  мұхит.

  1. Жүргізуші.

Бес    саны.

Бес  асыл.

Талап  еңбек, терең  ой, қанағат, рақым.

Бес  дұшпан.

Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ.

Бес  қару.

Садақ, найза, қылыш, айбалта, шоқпар.

Бес  жақын  кімдер.

Тату  болса  ағайын жақын.

Ақылшы  болса  апайың  жақын.

Бауырмал  болса -інің  жақын.

Инабатты  болса -келінің  жақын.

Алдыңа тартқан адал  асын,

Қимас  жақын  қарындасың.

2.Жүргізуші.

Жеті  саны.

    Жеті қазынаны атаңыз.

Ер жігіт, сұлу әйел, ілім-білім, жүйрік ат, құмай тазы, қыран бүркіт, берен мылтық.

     Жеті атаны атаңыз.

Әке, бала, немре, шөбере, щөпшек, немене, туажат.

      Жеті жұт.

Құрғақшылық, мал жұтау, оба, өрт, соғыс, жер сілкіну, сел (тасқын).

     Жеті жетімге нелер жатады?

Халқына сенімсіз хан жетім.

Суы жоқ құдық жетім.

Тыңдаусыз қалған сөз жетім.

Иесіз қалған жер жетім.

Басшысы жоқ - ел жетім.

Аққу - қазсыз көл - жетім.

Шәкіртсіз ұстаз жетім.

    Жеті күнді атаңдар?

Бүгін - дүйсенбі.

Ертең - сейсенбі.

Бүрсігүні - сәрсенбі.

Арғы күні - бейсенбі.

Ауыр - күні жұма.

Соңғы күні - сенбі.

Азына - жексенбі.

     Ән: Дастархан

1.Жүргізуші:

Ата дәстүр абырой көтергенде,

О, бұл сөздер сүйектен өтер демде!

Тоқталамыз енді біз, ал халайық,

Қанатты сөз, мақал мен мәтелдерге.

"Сөздің көркі - мақал" деген ұғым бар. Мақалдап сөйлеу жарысы.

Оқушы.

-Ассалаумағалейкум ата.

Ата:  Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал сәлем береді.

Амансың ба балам! "Қуыс үйден құр шықпа" деген,кел отыр тізеңді бүк.

Оқушы: "Сыйлап берген су, сатып алған балдан артық"дегендей жайғассақ жайғасайық.

Ата: "Сыйға сый, сыраға бал" демекші   өзің  тәуір -ақ бала  екенсің  мен бірнеше сөз  жасырайын  мақал  құрастыршы.

1.Ата: Аз ... бітер, көп бітер.

Оқушы."Аз да бітер, көпте бітер, татулыққа жетер" демекші татулықпен ауызбіршілікке не жетсін.

2.Ата: Алтау ... , төртеу ...

Оқушы:"Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді"

3.Ата:  Бірлік ...

Оқушы:Бірлік түбі - тірлік" деген ғой бабаларымыз, бірлік болсын.

 4.А    Ұяда... ұшқанда ...

О (Ұяда не көрсең, ұшқанда соны көресің)

5.А    Ата... бала ...

О  (Ата - бәйтерек, бала жапырақ)

6.А    Ер... ез ...

О (Ер бір өледі, ез мың өледі)

7.А    Өле... бөле ...

О (Өле жегенше, бөле же)

8.А    Таяқ... сөз ...

О (Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді)

9.А    Мал... жер ...

О (Мал баққандікі, жер жыртқандікі)

10.А    Тентек... ақыл ...

О (Тентектің ақылы түстен кейін кіреді)

11.А    Сүйіндіреді... күйіндіреді ...

О (Жақсы сөз сүйіндіреді, жаман сөз күйіндіреді)

12.А    Мысық... тышқан ...

О (Мысыққа ойын керек, тышқанға өлім керек)

13.А   Мектеп... білім ...

О (Мектеп - кеме, білім - теңіз).

14.А Жақсы... орман

О (Жақсы аға орман, жақсы іні қорған).

15.А  Атың ... қанатың

О (Атың жақсы болса қанатың, ағайын жақсы болса санатың).

16.А   Жақсыны ... жат

О (Жақсыны жат етсен, жатқа күлкі боларсың).

17.А   Анадан ... артық

О (Анадан артық дос бар ма? , ашудан артық қас бар ма?).

Ата: Биік төбеге шықсаң көзің ашылады, жақсымен сөйлессең көңілің ашылады дегендей көңіліміз марқайып қалды ғой. Бәрекелді балам, жарайсың.

2-жүргізуші:

Әдеп-ғұрып, салт-дәстүрі қазақтың,

Жарасымды, ұнасымды ғажап шың.

Ұмыт болған дәстүрлерін сақтайық,

Насихаттап жаңғыртудан қашпайық.

1.Жүргізуші

Жылдар,жылдар   тарихтың   мол  беттері,

Сен  әкелген  жақсылықтар   көп  тегі.

Көңіліңді  алат  сезімге  баурайды,

Халқымыздың   бүгіні   мен  ертеңі.

2.Жүргізуші

Мәнге толы қазағымның ғұмыры,

Сан асылдан  ашылып тұр тұғыры.

Кеше ғана керексіз деп тастаған,

Ғажап екен әдебі мен ғұрыпы.

1.Жүргізуші

Қазақ  биі.С

ІІІ.Бөлім. Ой, түю, оз ойын білдіру.

Қортындылау.

 

ТОЛЫҚ ЖҮКТЕУ

Внимание! У Вас нет прав для просмотра скрытого текста.

Бор – жұмбақ элемент

$
0
0

Жаксыбаева Меруерт Бауыржановна Сәтбаев қаласы әкімдігінің

«№10 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ химия пәнінің мұғалімі

 

Бор – жұмбақ элемент

 

 Қазіргі белгілі химиялық элементтер арасында бор элементінің алар орны ерекше. «Бор» атауы өте ертеден бар. Ертедегі алхимиктер көптеген кристалдық ақ тұздарды және бор минералы –буранды «борақ» деп атаған. Бор қосылысттарын олар осыдан 1000-1200 жыл бұрын әр түрлі мақсатта пайдалана бастаған.

          Дегенмен минералдың құрамындағы элемент –бордың ашылуы 1808 жыл деп есептелінеді. Оны алғаш ашқан авторлар саны  бірнешеу, солардың бірі –француздың атақты ғалымдары Ж.Гей-Люссак пен Л.Тенар. Олар бор қышқылын  қыздырып, одан кейін (бор ангидридін) металлл калиймен тотықсыздандыру арқылы онша таза болмаса джа бор алған, оны мына үлгімен көрсетуге болады:H3BO3-XB2O3 –X-B. Сол жылы ағылшын химигі Гемфри Дэви де балқыған бор оксидін электролиздеу әдісімен онша таза емес бор алды. Таза бор бұлардан 100 жыл кейін ғана алынды. Ілгерідегі ғалымдар борды өзінің ертеден белгілі қосылысы – бура, бор немесе «бораций», арабша «бурақ» деген сөзіне сәйкес атаған.

            Бордың латынша атауы-Borum, реттік нөмірі -5, салыстырмалы атомдық массасы -100,811; ол-қара сұр түсті кристалды әрі аморфты қатты зат құрылымы ромбаға ұқсас, тетрагоналды болып келеді. Алайда күні бүгінге дейін оның кристалдарының құрылысы мен модификация санының өте көп болу сыры жұмбақ болып қалуда.

        Германия, Америка, Тибет т.б. жерлерде  өндіріске қажетті бр кендері бар. Қазақстанда бор кендері ашарит, борацит, гидроборацит, пандермит т.б. миералдар түрінде кездеседі. Таза кристалды бордың тығыздығы -2340 кг/м3, балқу температурасы -20750С, қайнау температурасы-38500С. Бор қаттылығы жағынан алмаздан кейінгі периодтық жүйедегі металдық және бейметалдық элемент. Оның қаттылығы 9,3-ке тең.Бор қосылыстарда үш валентті болып келеді. Оны 7000С-ге дейін қыздырғанда бор оксиді  В2О3, ал суға еріткенде бор қышқыы Н3ВО3 түзіледі. Бор қышқылының тұздары бораттар деп аталады. Кристалды бор –шала өткізгіш, ал қалыпты жағдайда электр тоғын нашар өтізеді. 8000С-ге дейін қыздырғанда оның электр өткізгіштігі артады, әрине бұл қызық та құпия жай.

           Жоғары температурада азотпен әректтескенде бор нитридін ВN, көмірмен –бор карбидін В4С, металдармен –боридтер түзеді. Таза аморфты борды Анри Муассан магниетермиялық немесе натритермиялық әдіспен алады.

           Бор қосылыстары адамға ертеден белгілі болғанымен тек кейінгі кезде ғана халық шаруашылығының көптеген саласында  бор элементі және оның қосылыстары кеңінен қолданыла бастады. Бордың сутекті түзілісі борандар деп аталады. Бор нитриді, карбиді, фосфориді диэлектриктер мен шала өткізгіш заттар ретінде ядролық реакторларда, ал бор қышқылы Н3ВО3, бура Na2B4O7  т.б. бор қосылыстары медийинада кең қолданылады. Құрамында 0,001-0,1 пайызға дейін боры бар металдардың беріктігі артады. Олар жоғарғы жылуға агрессивті сұйық заттарға да төзімді болады. Гафний, цирконий сияқты металл құймалары 3000 градуста а өз сақтай алады. Бор сондай-ақ реактор көрсеткіштерін және басқа да маңызды бөлшектерді әзірлеуге қолданылады. Қазір өршіткілер даярлауға, полимер өнімдерін алуға да бор элементі қолданыла бастады. Егер суткті бор өндірудің қолайлы әдісі табылса, оны реакторларға отын ретінде пайдалануға болады. Бордың өсімдік үшін де маңызы зор Қазір көптеген техникалық дақылдардан мол өнім алу үшін бор микротыңайтқыштары беріледі. Демек, бор көптеген өсімдіктердің  гүлдеп жеміс беруіне тікелей әсер етеді. Бұл бордың ашылмаған сыры әлі де мол деген сөз. Бор- құпиясы мол, жұмбақ элемент.

 ТОЛЫҚ ЖҮКТЕУ

Внимание! У Вас нет прав для просмотра скрытого текста.
                                     

                                          

Білімді мыңды жығар.

$
0
0

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы №21 орта мектептің

Бастауыш сынып мұғалімі Эменова Ұлжан

 

Сабақтың тақырыбы: Білімді мыңды жығар.

Сабақтың мақсаты: 1. 3-сыныпта ана тілі, математика, қазақ тілі, дүниетану пәндері бойынша өтілген материялдың мазмұнын, оқыған білімдерін тексеру, бағалау.

  1. Тілдік, сөздік қорларын молайту және өздерінің ой пікірін жеткізе білуге машақтандыру, ой өрісін дамыту.
  2. Оқушыларды мақсатқа жетуге умтылдыру, ізденімпаздыққа, тапқырлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Қима қағаздар, есептер мен талдауға берілген сөйлемдер.

Сабақтың жүрісі: 1. Ұйымдастыру

 Мұғалім – балалар біз бүгін ата-аналарымызға арнап 3-сыныпта негізгі пәндерден алған білімдерімізді көрсетеміз. Бүгінгі сабақтың бұрынғы сабақтарымыздан өзгешелігі, сөздерді ата аналар бағалайды.

  1. Психологиялық дайындық

Топқа бөлу «Білгірлер тобы» «тапқыштар тобы» Әрбір топқа негізгі 4 пәннен сұрақтармен тапсырмаларберіледі, жауап берген топқа 1 ұпай қосылады.

1-айналым. «Кім тапқыр» ойын.

  • Ақыл тозбайтын тон, Білім .....................
  • Білім қымбат, ..................
  • Күш білімде, .....................
  • Өнерлінің қолы алтын, Өлеңшінің ..................
  • Көп жасаған білмейді, Көп ...............

Әдебиеттен өлең, таппақ және әңгімелеу.

Жұмбақшылар сайысы

Екі топ жұмбақ жасырудан жарысады

Сурет бойынша мәтін, сөйлем құрау және әңгімелеу.

2-айналым.

  • Орын ауысқан сөздерден сөйлем құрау
  • Қазақ тілінен ережелерді сұрау қою арқылы білімдерін анықтау.
  1. Қазақ тілінде қанша дыбыс бар? Олар нешеге бөлінеді? Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
  2. Мәтін дегеніміз не? Мәтіннің қандай түрлері бар?Олардың сұрақтары қандай?
  3. Сөйлем дегеніміз не? Сөйлемнің қандай түрлері бар? Сөйлем мүшелері ата. Бастауыш дегеніміз не? Баяндауыш дегеніміз не?
  4. Тұрлаулы мүшелер нелерден тұрады?
  5. Сөз дегеніміз не? Сөздің қандай түрлері бар? Сөз құрамы нелнрден тұрады? Түбір дегеніміз не?
  6. Қосымшаның түрлерін айт.
  7. Қосымшаның екеуіде қатар жалғанатын болса бірінші қайсысы жалғанады?
  8. Сөз таптарын ата. Ережелерін айт.
  9. Сурет бойынша сөйлем құрату.

3-айналым. Математика бойынша

  1. Шамаларға қатысты сұрақтар

1.Уақыт бірліктерін ата

2.Масса бірліктерін ата

3.Ұзындық бірліктерін ата

4.Қосымша сұрақтар және есептер шығару

  1. Геометриялық фигураларды атайық

1.Тіктөртбұрышпен шаршының айырмашылығы қандай?

2.Ауданды қалай табамыз?

3.Периметрді қалай табамыз, Және оны табудың қандай тәсілдері бар?

4.Салыстырудың қандай түрлерін білеміз?

5.Шамаларды атайық, оларды рет-ретімен атайық.

  1. 1а неге тең? 1тәулік - ? сағат бар?
  2. 1ц - ?кг 1кг - ? гр 1т - ?кг       1км -?м        1ғ - ?жыл бар    т.б
  3. Теңдеудің қандай түрлері бар?
  4. Мәтін есеп неше бөліктен тұрады?
  5. Өрнектің қандай түрлері бар?
  6. Санның жартысын табу үшін нешеге бөлеміз?
  7. Санның 2/1 бөлігін қалай табамыз?
  8. Санның ширегін табу үшін нешеге бөлеміз?
  9. Санның 4/1 бөлігін табу үшін не істейміз?
  10. Бір таңбалы сандар қатары қанша?
  11. Осылардың ішінде натурал емес сан қай сан?

4-айналым. Дүниетану

Табиғатқа байланысты суреттер бойынша сөйлету

1.Табиғат нешеге бөлінеді?

2.Қаңқа ненің көмегімен қимылдайды?

3.Қан айналым мүшесіне не жатады?

4.Қандай қан тамырларын білеміз?

5.Тыныс алу мүшелеріне не жатады?

6.Сезім мүшелерін ата.

7.Табиғатты қалай зерттейді?(Бақылау және тәжірибе арқылы)

8.Жүйке жүйесіне не жатады?

9.Су жер бетінің неше пайызын құрайды?

Тесттік тапсырмаларды қайталаймыз.

 

Қорытынды

Екі топтың жинаған ұпайларын ата-аналар санау арқылы бағалайды.

Кітап- білім кілті

$
0
0

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы №21 орта мектептің

Бастауыш сынып мұғалімі Абилбаева Фатима Эрмекбаевна

 

Сабақтың тақырыбы: Кітап- білім кілті

Сабақтың мақсаты:Оқушылардың жыл бойы алған білімдерін пысықтау.

                                      Ой-өрісін, есте сақтау қабілеттерін, тіл байлығын дамыту. 

                                      Оқушыларды оқулықты құрметтеуге, кітапты ұқыпты    

                                       ұстауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: қима қағаздар,суреттер.

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі:ойын сабақ

Оқушыларды   топқа бөлу

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру

Ақыл-ойын дананың

                    Ана тілден аламын

                    Ана тілім ардақты

                    Ақ сүтіндей анамның-дей келе,әдебиеттік оқудан не үйрендік, не білдік, соған тоқталайық.

А.Мәнерлеп оқу

Ә.Мақал-мәтел айту

1-топ достық туралы   3- топ еңбек туралы

2-топ кітап,білім туралы             4- топ ынтымақ,бірлік туралы

Б.Сұрақ-жауап

1 Оқуға шақыру өлеңінің авторы кім? А. Байтұрсынұлы

2Жақсылардың жақсысы ертегісінде әкесі кызына нелерді көрсетті?

3  Қатқан нан мәтінінде баланың есімі кім?  Сережа

  4 Малта өлеңінің авторы кім?

5   Еліміздің мемлекеттік рәміздерін ата?

6Дихан Әбілев Туған тілім өлеңін жатқа айт?

7   М.Шаханов Төрт ана өлеңін жатқа айт?

8  Күлпәш әңгімесінде Қали мен Күлпәш Мақтымның келгенін неге асыға

   күтеді?

9  Абайдың Қыс өлеңін жатқа айт?

10  Ы. Алтынсарин Баланың айласы мәтінінде бала қандай айла ойлап айтты?

11   В.Сухомлинский Ақ шаш мәтініндегі баланың есімі? Миша

12   Абай Жазғытұры өлеңінайт

13   Арқарға үлкен мүйіз неге керек?

     Кім тапқыр ойыны

 

    ТОЛЫҚ ЖҮКТЕУ

Внимание! У Вас нет прав для просмотра скрытого текста.

Отан сүйер, ұлан бол!

$
0
0

                  Жамбыл облысы Талас ауданы

                  Қаратау қаласы "Үмт" мектеп - интарнаты

                   Тәрбиеші Курманалиева Г

 

Сабақтың тақырыбы:               Отан  сүйер,  ұлан  бол!
Сабақтың мақсаты:

                Білімділік:   Оқушыларға  туған ел, туған жердің адам өміріндегі        

                                       маңыздылығын түсіндіру.
     Дамытушылық:   Оқушылардың туған жерге қамқорлық жасай білу

                                      іскерліктерін дамыту.
                Тәрбиелік:   Оқушыларды туған жерін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:  Елбасы суреті, рәміздер, авторларының суреттері, қанатты сөздер, Астана  қаласына байланысты суреттер.

Сабақтың әдісі:   Сұрақ - жауап, әңгімелеу.

Сабақтың  түрі:  Аралас  сабақ.
Сабақтың барысы:

                             І. Ұйымдастыру  кезеңі.

       Оқушылармен  амандасып,назарларын  сабаққа  аудару.

      Қ.Р.Гимн  орындату.

      Шаттық  шеңбері.

-Сәлеметсіңдер ме,балалар!
  -Балалар,сабағымызды бастамас бұрын шаттық шеңберін құрып,бір-бірімізге мейіріммен қарап,амандасайық (оқушылар хормен).
Аспаны ашық еліміздің,
Көркі сұлу жеріміздің,
Біз-бақытты баламыз!
Ақпыз,қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз!
-Орындарына отыра қойыңдар.
                        ІІ.Негізгі бөлім.

1.Кіріспе.

  Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!-деп Қасым Аманжолов  ақын  ағамыз жырлағандай,  бүгінгі сабағымыздың  тақырыбы:
«Отан сүйер  ұлан  бол! » деп аталады.
Біздің Отанымыз-Қазақстан Республикасы.Сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз жерін жаудан қорғап,бүгінгі ұрпақ, бізге жеткізді.
Қазақстан-тәуелсіз,егеменді,көп ұлтты мемлекет.Онда қазақтар ,орыстар, ұйғырлар, өзбектер,  корейлер,украйндар және тағы басқа ұлттардың өкілдері тұрады.Олар тату-тәтті,бірлікте өмір сүріп жатыр.  1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер - Елтаңба, Ту бекітілді. Міне, бүгінгі таңда Қазақстан өз алдына Тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстанбыз.
Мемлекеттік тіл-қазақ тілі.Қазақ тілін білу-әрбір қазақстандық азаматтың борышы.Елбасы - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Қазақстанда үлкен қалалар көп.  Олар:Алматы,Астана,Қарағанды,Шымкент,
Көкшетау,Қостанай,Ақтау,Павлодар,Ақтөбе,Тараз,Қызылорда,Өскемен,  Семей, Талдықорған.Бұлар-әдемі қалалар.
Астана-Отанымыздың бас қаласы,астанасы.Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астана қаласын қазір бүкіл ел біледі.

  1. Суретпен жұмыс.

Балаларға  суретпен  жұмыс  жүргізу. 

  1. Дәйексөз
    Оқушыларға дәйексөздің мағынасын ашып және  түсіндіру.

 Алтын ұяң - отан қымбат.
Туып - өскен елің қымбат,
Кіндік  кескен жерің қымбат.
                                                     Қазыбек би.

  1. Ойын: Дауыстап санау.

5.Сұрақ – жауап.

Ақ сандығым ашылды,  Ішінен сұрақ шашылды. (оқушыларға жоғарыда айтылған  материалдар бойынша сұрақтар қойылады).
1.Қазақстан қандай мемлекет?
2.Елбасы кім?
3.Қазақстанның астанасы қай қала?
4.Астана қандай қала?
5.Мемлекеттік тіл қай тіл?
6.Мемлекеттік рәміздерді ата.
8.Елтаңбада не бейнеленген?
5.  Сергіту сәті:
Күн нұрыңды төге бер!
Жерге дәнін себеді ел,
Өскін жайып жапырақ,
Құлпырады атырап

5 . Дәйексөз.  «Туған жердей жер болмас,  Туған елдей ел болмас.»
Түсіндіру: «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.» деген даналығында үлкен мән бар. Туған жер - әрбір адамның жарық дүниеге шыр етіп келген киелі мекені, ең алғаш жұтқан ауасы, табанының бастапқы ізі түскен жері, аялап өсірген алтын бесігі. Адам тағдыры да туған жерімен байланысты. Сондықтан, әрбір адам өзі туып өскен мекенін құрметтеп, оған қамқоршы бола білуі керек. Өз туған жерінің әр тасын, әр құсын қызғыштай қорып, оған деген асқақ сезімін өз қамқорлығы арқылы көрсетіп отырған адамды ғана туған жерін құрметтейтін адам деуге болады.

  1. Дидактикалық ойын « Байқағыш»

Қорытынды:

       Отан дегеніміз-адамның туып-өскен жері. Отан - әр адам үшін оттан да ыстық.Сабағымызды жақсы оқып,еліміздің адал,еңбекқор азаматы болайық.Ер жетіп
еліміздің одан әрі көркеюіне ,гүлденуіне өз үлесімізді қосайық. Халқымыздың  отан сүйгіш  ұланы  болайық.


Балаңызға бата үйретіңіз

$
0
0

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Қаракеткен ауылы

№114 орта мектеп жанындағы шағын орталық

тәрбиешісі Қалмаханова Роза

                                       

Балаңызға  бата   үйретіңіз

Бата - қазақ халқының  көнеден                                                           Жас   ұрпаққа берілетін бата:

келе  жатқан дәстүрдің  бірі. Қазақ                                                         Ел сүйетін  бала бол,

Халқы   ізгі   тілек, ақ  бата   арқылы   мақсат-мұратқа                         Ержеткенде  дана  бол,

жетуге   болатынына, бата  беру-сөздің  күш-құдіреті                          Туып  өскен  еліңнің

екендігіне сенген. Батаның  қазақ  халқының  тәрбие-                           Жел жағына пана бол.

сінде алатын орнын біз балабақшадан бастап сәбидің                          Ас ішіп болған соң жас балаға

жүрегіне ұялата білуіміз керек. Біздің  қазақи  тәрбие-                       жасына лайық ас қайтарып үйретуіміз қажет

мізде тілі шыққан жас балаға “Қане қолыңды жай, кел, 

үлкеннен бата ал!” деп тәрбиелейміз. Балаға берілген                          Асың, асың асыңа,

батаның  өмірінде  алатын  орнын   түсіндіруіміз қажет.                       Бақыт қонсын басыңа!                                                                                                                                                                              

Мектеп жасына дейінгі балаларға бата үйретіп, бата ар-                       Денсаулығың зор болсын!

қылы балалардың сөздік қорын молайтып, тілінің, ойлау                      Дастарханың мол болсын!

қабілетінің   дамуына  әсер  етеміз,  оларға тілек тілеуді                      Уайым-қайғың жоқ болсын!

үйретеміз және жас ұрпақты ізгілікке тәрбиелейміз.                             Жортқанда жолың болсын!

      Бата алған және бата беруді жаттап өскен жас ұрпа-                        Қыдыр ата досың болсын!

ғымыз ертеңгі келешегіне сенімді болады, жауапкершілік-                  Не тілесең тілегің қабыл болсын!

пен қарайды, алдына мақсат қоя білетін азамат болып өседі.                    Аумин!

                                                                                                                  

  Қорыта айтқанда, батаны жатау, әрбір сөзінің мағынасын түсіндіру  бала үшін маңызды.

                                                      

 

Тәуелсіздік мерейім

$
0
0

Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Қаракеткен ауылы

№114 орта мектеп жанындағы шағын орталық

тәрбиешісі Бескулакова Ақтоты

Тақырыбы:«Тәуелсіздік мерейім»                                                                                                                                     

Мақсаты:Балаларға тәуелсіздік туралы түсінік беру. Оларды Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.                                                       

Көрнекілік: суреттер, шарлар

Зал іші шар мен жалаушамен безендірілген.                                                                                                                                     

Балалар музыка әуенімен залға кіреді.                                                                                                                                                      

Тәрбиеші: Құрметті ұстаздар,ата-аналар,кішкентай бүлдіршіндер! Бүгінгі дүниені дүр сілкіндірген,тәуелсіздік туын көтерген желтоқсандағы мерекеміз құтты болсын.Бүгінгі кішкентайлар тобының  «Тәуелсіздік мерейім»атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

 

Құттықтау сөз мектеп директоры М. Жусупова ханымға беріледі.

 

Тәрбиеші: Өз жеріме өзім ие болған күн                                                                                                                                                                                               

Тілім таза бостандығын алған күн,

Елтаңбам мен көк байрағым желбіреп ,

Тарихыма өшпес белгі салған күн.                                                                                                                                                                  

Гимн орындалады.

Тәрбиеші: Тәуелсіздік таңнан түскен ақ сәуле,

                   Тәуелсіздік бақыт сенде бақ сенде.

Қарқындайды қариялар қашанда,

Жарқылдайды жарық  шашып жас кеуде.                                                                                                             

Құттықтау сөз: Кішкентайлар тобының тәрбиеленуші Сәрсенбай Өркен

Тақпақтар:

Айбану Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн

Ерекше боп мәңгілік

Ел жадында қалған күн

 

Айару Он алтыншы желтоқсан

Ел мерейі тасыған

Қазақ деген қалың жұрт                                                                                                  

                     Бәрін кешті басынан                                                                                                                                                                

 

Хор: «Ел қорғауға әзірміз»

 

Өркен         Әділеттің ұраны

Ақиқаттың шырағы                                                                                                                                          

                    Тыныштықтың туы боп                                                                                                                                                    

                    Зор салтанат құрады

 

 

Тәрбиеші:  -Біз қай елде тұрамыз?                                                                                                                                                       

                   –Біз қай тілде сөйлейміз?

- Қандай рәміздеріміз бар?                                                                                                         

                     -Біздің ел басымыз кім?                                                                                                                      

                    -Туымыздың түсі қандай?                                                                                                                                        

Нұрдидар:   Айнымайды аспаннан                                                                                                                                                  

                      Біздің тудың бояуы                                                                                                                                               

                      Оны халық   қашанда                                                                                                                                                                              

                      Биікке іліп қояды

 

Толқын:Қатар шапқан қос тұлпар,                                                                                                                                    

Ай астында қазақ үй .                                                                                                                                              

Қалықтаған жас сұңқар,

Шарықтаған таза күй .                                                                                                                                   

Елтаңбасы елімнің ,                                                                                                                                              

Елдігімнің белгісі.                                                                                                                                                                

 

 

Би: «Көк тудың желбірегені»

Тәрбиеші:  

                       Тегеурінді соққыларды жайратқан                                                                                                                                 

                      Ақша қарда судай ақты қайнап қан                                                                                                                 

                      Қайдан білсін қызбаланған ерлерім,                                                                                                        

                      Айырларын Ләззат, Ербол, Қайраттан                                                                                                                            

 

Толқын:Желтоқсанда құрбан болған Ләззат,Қайрат,Сабира сияқты аға-апаларымызды ешқашан

ұмытпауымыз керек.Олар қазақ жері,елі үшін жас өмірлерін қиған.

 

Би: «Ладушки»                                                                                                                                                                                          

 

Барлығы: Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесі құтты болсын!

Тәрбиеші: Қазақстанымыздың көкбайрағы желбіреп,еліміз тыныш,елбасымыз аман,

аспанымыз ашық болсын!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыйынар ем, ана деген тәңірге!

$
0
0

Маңғыстау облысы. Жаңаөзен қаласы. №21 орта мектептің

Физика пәнінің мұғалімі. Исабекова Бибинур

 Тақырыбы:  Сыйынар ем, ана деген тәңірге!

 

Мақсаты:

Білімділігі:  Ең қасиетті бұл өмірде ана екенін сездіріп, әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі туралы түсіру.

Дамытушылық:  Ел тарихында бүкіл бір халықтың анасына айналған қасиетті аналарыңыздың ұлағатты сөздерінен тәлім алып, еліміздің елдігін сақтайтын силанатын орындарға баулу

Тәрбиелік: жастардың анаға деген махаббатын ояту,рухани дүниелеріне эстетикалық адамгершілік қасиет дарыту

Көрнекілік: Сынып бөлмесі мерекеге лайық безендіру, интерактивті тақта, ана туралы даналық сөздер, мақал мател

Сабақтың түрі:  Кездесу сабағы.

                          

Жүру барысы:

 

1-жүргізуші: Армысыздар, аналар, ұстаздар, қыздар! Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі бұл.

2-жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті аналар, біздің мектептің ұстаздар, қыздары! Келе жатқан 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз. Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.

1-жүргізуші: Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды
Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды
Қуандым ба, өзің бар деп қуандым,
Жыладым ба, өзің жоқ деп жас тамды.
Бәрі де, ана бір өзіңнен басталды.
Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды
Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,
Жасқандым ба, тек өзіңнен жасқандым.

2-жүргізуші: Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағың аясындай гүл бақтың.
Ер жеткізіп елге берген баласын,
Ақылдысың, ардақтысың, данасың!
Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,
Қайратыңнан қайта көрме, анашым,

1-жүргізуші: Анам менің, асылым, лағыл әнім,
Кең кеудеңе гүл болып тағыламын,
Жұлдызындай көгінде жағыламын.
Алыс кетсем аңсаймын сағынамын, 
Анам менің, асылым, лағыл әнім. 
Алдарыңызға әнші қыздарыңыз Айдананың орындауындағы «Аналар алтын» атты әнін қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар.

2-жүргізуші: Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналардың,
Ән жолдайтын апалардың баласы бар.
Ән: «Мама» орындайтын Қыдырбай Жамбыл

1-жүргізуші: Десек те уақытпен жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,
Өнерін аналарға бағыштайды,-дей отырып Динараның орындауындағы «Анашым қартаймашы» әнін қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші:  Кедеймін деп қысылма,
Өнерің болса қолыңда.
Өнерлінің ырысы,
Жарқырап жатар жолында,- деп кезекті 7-сыныптың байсалды да байыпты ұлдары өз өнерлерін көрсетеді.

1-жүргізуші: Қазірет пайғамбарға бір адам келіп:
-Мен бір зор күнә істедім. Енді мен үшін тәубе ету мүмкін бе?-деп сұрайды. 
Сонда пайғамбар:
-Анаң бар ма? -деп сұрайды.
-Бар,-дейді әлгі адам.
-Онда анаңа қызмет көрсет,-деген екен пайғамбар. Олай болса шәкірттеріңіздің аналар жайлы құттықтау шумақтарын тыңдайық.
8 Наурыз 2015 жыл көктемі, 
Қыстың кетті аязының өктемі. 
Мерекеңіз құтты болсын ханымдар, 
Күндей болып жарқыраңдар көктегі!

 

Әйел, қыздар сендер көктем гүлісің, 
Ақындардың өлең арнар жырысың. 
Ұрпақ жалғап, өмір сыйлап адамға, 
Ғасырларға жалғасады бұл ісің.

 

Сұлусыңдар күн нұрынан жаралған 
Шапақтарың бар әлемге таралған, 
Гүлдеріне жаз күнінің ұқсайсың, 
Орындалсын жүректегі бар арман!

 

Құтты болсын аналардың мейрамы! 
Жарқыраңдар, жаз күніндей жайдары! 
Мерекесі бұл көктемнің алғашқы, 
Бақыт берсін әр көктемнің айлары!

 

8 Наурыз қуанышқа бөлесін! 
Әкелсінші жаздың жылы елесін! 
Барлық халық аман болып елімде 
8 Наурызға жете беріңіздер келесі!

1-жүргізуші: «Әйелдер адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады» деген екен орыс жазушысы Пирагов.

2-жүргізуші: Орыс жазушысы Максим Горкий: «Адамдар-әрқашанда өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды»,- деген.

1-жүргізуші: Хадис: Мұхаммед айтқан:
«Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп. Ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі дейді.

2-жүргізуші: Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры арқылы аңыз ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналардың құдіретті сезімдеріне арналған әсем әнді қабыл алыңыздар. Назерке мен Айдананың орындауында «Кешір ана» әні.

2-жүргізуші: Дүниедегі ең кемеңгер дананы
Ана табады, аялайды, бағады.
Сол үшін де құдіретіне бас иіп,
Құрметтейік қасиетті ананы,-деп ақынағаларымыз жырлағандай келесі кезекті мың бұралған бишілерге береміз.

Көрініс «Қарттар үйі»

1-жүргізуші: Құрметтейік,о адамдар,аналарды,

Бізді өмірге әкелген даналарды

Себебі ана деген асыл жан ғой

Ойлауменен істейік әр қадамды

«Балам – бақытым, болашағым» мерекелік ойын. Бұл ойынға оқушылардың ата-аналары қатысады. 10 сұрақ қойылады кезек – кезек жауап береді.

  1. Балаңыздың атының қойылу себебін түсіндіріңіз?
  2. Балаңыз қандай ойынды жақсы көреді?
  3. Балаңыздың ең алғаш айтқан сөзін еске түсіріңіз?
  4. Балаңыздың сізге ең алғаш берген көмегі қандай?
  5. Өз балаңызды қалай мақтайсыз немесе қандай жетістіктерімен мақтана аласыз?
  6. Балаңызды алғаш мектепке кім әкелді?
  7. Балаңыздың парталасы көршісі кім?
  8. Балаңыздың сүйікті асы не?
  9. Сынып жетекшісінің толық аты кім?
  10. Балаңыздың болашақта кім болғанын қалайсыз?

2-жүргізуші:  Аяулысың, ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,
Сендер үшін мереке шашулары,-деп алдарыңызға «Анашым» атты әнімен   Айдана мен Назеркені ортаға шақырамыз.

1-жүргізуші: Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне Қолқанат пен Асқардың орындауындағы «Мама» атты әнін қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші: «Отбасы-шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші. 
Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде,- алдарыңызда мың бұралған бишілеріңіз.
1-жүргізуші: 
Әлемнің жарығын,
Сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін, 
Жинадың сен маған.
Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті.

1-жүргізуші: Алдарыңызда әнші қыздарыңыз Динара мен Гаухардың орындауындағы «Асыл әжем» атты әнін қабыл алыңыздар. 

2-жүргізуші: Өмірде анаңнан артық адам жоқ, өйткені ол сені мәпелеп өсіреді, барын аузыңа тосады, дүниенің жақсысын саған сыйлайды, бар өмірін балаға арнайды.Түн ұйқысын төрт бөліп ақ сүтін береді. Сондықтанда еш бала өз анасын ренжітпеуі тиіс. Анасы бар адам бақытты. Ортаға ананы шақырамыз.Көздерін шарфымен байлап, топ баланың ішінен өз баласын тауып алуды ұсынамыз.

1-жүргізуші:  Не деген құдірет едіңіздер, аналарым!
Сыйынатын болса өмірде құдірет,
Сыйынар ем ана деген тәңірге!
Анады да, мені де әлпештеген,
Қайтпас қайрат, дариядай ақыл берген.
Ниетің қабыл болсын, аналарым,
Өркендеп өсе берсін, бала-шаға, немерелер.
Барша ана құтты болсын мерекеңіз,
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз,-

2-жүргізуші: Бізде қонақта болған аналар ұл - қыздарыңыз бен немерелеріңіздің қызығына тоймай мейрамнан мейрамға аман - есен, дендеріңіз сау болып жете беріңіздер! Алдарыңызда Айдананың орндауында «Жібектің елі» әнін қарсы алыңыздар.

1-жүргізуші: Жанұяның тірегі әке болсын,

Шаңырақтың шуағы ана болсын,

Бар тілекті арнайтын балаңызға

Көңіліңіз ғажайып нұрға толсын.

Әлеуметіміз аман, еліміз тыныш болсын!

Келесі сөзді ата-аналарымызға   береміз.

2-жүргізуші: Асыл сөзбен ата-анаға ой салайық,

Екі ортаға алтыннан жол салайық.

Құрмет тұтып келген ата-ана, қонақтармен

Рахмет айтып біздер де қоштасайық!

Аналарды құрметтейміз,елейміз,

Аспандағы ай мен күнге теңейміз

О,аналар,сіздерді үлгі тұтып

Бақытпенен денсаулықты тілейміз.
1-жүргізуші:  Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше
Осымен тәрбие сағаты аяқталды.

Жас жол инспекторларының үгіт-насихат сценарийі

$
0
0

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы №21 орта мектептің

Бастауыш сынып мұғалімі Атантаева Назымхан Мурзабековна

  

Оқушылар музыка ырғағымен ортаға билеп шығады.

      -Жас өрен үгіт-насихат тобынан

       Жалынды сәлем!

Назарларыңыз экранға

Видиоролик:( оқушы бағдаршамның қасындағы ақ  жолақты жолмен  жүрмей басқа жолмен жүріп бара жатады.Сол кезде көлік бүлдіргенді қағып кете жаздайды.Оны көрген Жолдос Бүлдіргенді құтқарады.Салем Бүлдірген менің атым Жолдос сен жол ережесін бұздың мен ереже бұзған балаларға көмектесемін.Сен жолда абайлап жүруің керек.Жолды бұлай кесіп өтуге болмайды. Мен саған жол белгілерін үйретейін жүр деп сахнаға шығады.)

Жолдос  пен  Бүлдірген сахнаға шығады.

-Бүлдірген, бұл жас жол қозғалыс  инспекторлары, олар саған жол ережелерін үйретеді.

       Сөз кезегі сендерде

       Жұмбақ сыр бар сөздерде.

       Мәнін ашып олардың,

       Сырын үйрет біздерге.

 

Тротуар—Тротуар жүрер жері жаяудың

                   Желаяқтың,жайбасардың,баяудың.

                   Машинаның жолы көше ортасы

                   Мұны ұмытып кете көрме,аяулым

 

Зебра-     Қара жолда ақ жолақ

                Зебраның түрі көп-ақ.

                Реттелген,реттелмеген

                Жатыр жолда сені қорғап.

                Алдымен қара сол жаққа

                Таяу жерде көлік жоқта,

                Өтіп ал арғы жаққа.

 

Жолдос:     Жол  белегілері- Жол белгілері көп әртүрлі,

                                                 Бәрін де оның білген жөн.

                                                 Жол жүргенде бұзбай  оны,

                                                 Аман-сау боп жүрген жөн-деп

                                                 олармен таныс      болайық.

Қызылмен боялған шеңберім аумақты

Тыйымшыл белгімен,қаталмен,салмақты.

                       

                      

                        Мен тұрған жерлерде  хақың жоқ жүруге

                        Шектеу бар бағдарла,көз салып жан-жақты.

                        Қып-қызыл үшбұрыш ескерту белгісі мен болам.

                        Қауіптен сақ бол деп,сәт-сапар жолдаған.

  Төртбұрышты көк түстер

   Айтып тұрар біздерге

   Аялдама қай жерде

   Елді мекен бар жерлер.

   Бұл ақпараттық-көрсеткіштік белгілер.

 

 Жолдың жіңішкерген учаскелерін,көше қиылыстарын кесіп өту кезегін,басты жол,басты жолдың аяқталғанын  білдіретін басымдылық белгілері мен боламын

 

Дөңгелек белгілер,көрсетер бағытты,

Міндетті бұрылыс,әйтпесе қауіпті.

Барлығын анықтап тұратын жолыңда

Алдан-ала жазылатын белгілер  мен боламын

                           

Басты жолдың бағыты,зағиптер,мүгедектер,қолданылу уақытын нақтылайтын немесе шектейтін қосымша ақпарат белгілері мен боламын.

           Аурухана,телефон

           Керек болар ауыз су.

           Демалыс орын,бекетті

           Көрсетер сервис белгісі.

 

Жүргізуші: Жол ережелерін тағы түсіндіреміз бе?

Жолдос: Жоқ,одан да көрсетейік,

                 Өткенге көз жүгіртейік!

(музыка ырғағы, авария)

-Бұл Арман-.Ол қатты жылдамдықпен мопед айдап келе жатып,рөлге ие бола алмай жол апатына түсіпмиы шайқалды.Егер ол шлем кигенде мұндай өкінішке тап болмас еді.

-Бұл Марат.Ол сабаққа кешігіп жүргін бөлікті дұрыс емес жерден қиып өтті.Қатты жылдамдықпен келе жатқан көлік тоқтап үлгермеді .Марат жол ережесін  білгенде мұндай өкінішке тап болмас еді.

-Бұл Асел.Оны жол апатынан тоқтатып үлгердік.Асел жүргін бөлікке доп ойнауға болады деп ойлады.

 

Тақпақатар:

Жолда жүргенде  қиындық болмас

Абайлап жүріп нық бассаң.

Асығып саспай,мақтанып таспай,

Жолыңды біліп тоқтасаң.

 

Жолдос:

Ей,  Бүлдірген,Бүлдірген!

Үстіңнен бір күлдім мен,

Ақымақ десем ренжисің

Білместікпен күлдірген

Мұның енді ұятқой!

Сенен де кіші жол білген

 

 

Бүлдірген:

Кешірші Жолдос білмедім

Неге басқаға күлмедің.

Мұның бәрі күндіз ғой,

Түнде қайтіп жүремін,

Сол кезде жолды қалай білемін?

 

Жолдос:

Түсінбедің бе достым!

Ал енді маған ақыл қосқын.

Күн бар жерде,түн де бар

Түндегі жарық шағылыстырғыш белгіге

Көңіліңді аударып,үлесіңді қосқын.

 

Бүлдірген:

А,түнгі жарық шағылыстырғыш белгі дейсің бе!

Ал ендеше сөйле ,құлағымды тостым.

 

 

 

 

 

 

 

Жолдос:

Дұрыс айтасың  егер түн болған жағдайда біз бүкіл Қазақстан балаларына арнап жарық шағылыстырғыш киім үлгісін ұсынамыз. (музыка,оқушылар киініп шығады)

-Назарларыңыз экранға!

(видео)

 

Бұл киім үлгісі жүргізушіге балаларды алыстан көруге көмектеседі.Жол көлік оқиғаларының алдын алады.Жарық шағылыстырғыш жол белгілерінде,МАИ қызметкері киімінде, реттеуші таяғында жұмысшы киімінде болады. «Алыстан көрінген - қауіптен құтылар» деп бұл киімнің пайдасы өте көп.Болашақта бүкіл балаларға да осы киімді ұсынамыз.

Жолдос:Бүлдірген, енді бәрін түсінген боларсың, саған да арнап жалық шағылыстырғышы бар киім дайындадық.

Бүлдірген:                       Көп-көп рахмет, Жолдосым.

                                          Ылғи менің бол досым,

                                          Енді бәрін білемін

                                          Жолда сақ боп жүремін.

Ән: (Жаяу минус)        Бағдаршам

Қалада көлік көп,

 Қалада апат көп

Сақтайтын апатттан

Тек қана бағдаршам.

Ереже білеміз,

Сақтанып жүреміз.

Егер сау жүрем десең, бәрі қолыңда

Жаяу, бағдаршаммен жүрем

Баяу, сергек өмір сүреміз.

          Қ-сы

Қала-да-да-да бағдаршамдар өте көп

Бәрін-де-де-де бәрінде көреді

Адам-да көлікте сол шаммен жүріп келеді

Тамаша бағдаршам .

      Бәрін де біледі .

Үлкен біздің қаламыз

Есте сақтап аламыз.

Қызыл сары, жасыл шам

Көшеде тұр бағдаршам.

Бағдаршам, бағдаршам.

Бабалар ерлігін үлгі етейік

$
0
0

Маңғыстау облысы. Жаңаөзен қаласы. №21 орта мектептің

Физика пәнінің мұғалімі. Исабекова Бибинур

 

Тақырыбы: «Бабалар ерлігін үлгі етейік»

Мақсаты: оқушыларға ұлттық қадір-қасиеттер, имандылық, үлкенді қадірлеу, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету керектігін түсіндіру. Оқушыларға еңбекті сүюге, Отанымыздың білікті де білімді адал азаматы болуға тәрбиелеу.

Қарттарым жүректерің неткен дархан,

Көтерген тұрмыс жүгін сенің арқаң.

Жолыңды жүріп өткен қарасам мен

Оқитын келешекте бір-бір дастан.

Таң атып күн де шыққан өздеріңмен,

Жалындап жұлдыз жанған көздеріңнен.

Тербедің көктем бағын самал болып

Өсиет жастарға айтқан сөздеріңмен,- деп асыл қазына, арқа сүйер тірегіміз болып аман-есен жүре беріңіздер.

алқымыздың тәлім – тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен берісіп, өзіндік қасиетімізді қалыптастыру көзделген. Ендеше тақпақтар  бөліміне құлақ түрелік.

1-оқушы. Көп жасаған қария-

Ақылы теңіз дария.

Көп өнеге сөзі бар,

Сөзі – соқпақ, сөзі – нәр.

Ата салты ардақты,

Әрбір сөзі салмақты.

Сол сөздерді ұқпасаң,

Тістерсің бір күн бармақты.

2-оқушы. Кім де кімнің үйінде қартайып отырған әке-шешесі немесе атасы мен әжесі секілді қымбатты «қонағы» болса,  егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық  жасаса, қартайған ата-анасы оның отбасының құты болып табылады.

Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты.

3-оқушы:  Сәл еңкейген нұр жүзінен әл тайып,

Қуат кетіп бара жатыр қартайып.

Отбасында, бала – шаға қасында

Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.

4-оқушы. Көңіл жетім болмаған соң сыңары,

Жас баладай жаутаңдаған жанары,

Қайта – қайта қарағың кеп тұрады,

Қағыс естіп қалбақтайды баладай

5-оқушы. Атам менің әманда,

Әдепті жан бол деген

Атам сөзі санамда,

Жасы үлкенге жол берем.

6-оқушы. Алдын орап кісінің,

Кесіп өтпе көлденең

Ізетімен кішінің

Сәлемдесіп қол берем

7-оқушы. Атам менің әманда,

Кішіпейіл бол деген

Ата сөзі санамда

Мақтанбауды жөн көрем.

8-оқушы. Атам менің әманда

Әділетті бол деген,

Ата сөзі санамда

Жүрмін тура жолменен

9-оқушы: Қазақтар – « Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз.
Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз.

10-оқушы.

Қазақ ғұрпындағы ата-ананың алған ерекше биік орны, қадір – қасиеті мол! Ананың ақ сүтін, әкенің адал күшін ақтау – өз болашағыңды сақтау.
11-оқушы.Аталар – асқар таудай қорғанымыз,

Аналар – саясы мол орманымыз.

Қызығын ұрпағыңның көре берші

Жортқанда бола берсін жолдарыңыз.

12-оқушы.Ақылгөйім, асқар тауым ғұлама,

Аспанымдай мәңгі жаса құлама.

Ер жетсем де еркелігім қалмайды

Көз алдымда сен тұрғанда ұлы Ана.

13-оқушы.

Тербетіп ақ бесікте аяладың,

Бойдағы ізгілікті аямадың.

Анашым өзіңсің ғой сүйенерім,

Анашым өзіңсің ғой сая бағым.

14-оқушы. 

Өмір оты ерте өшірілмесе, адам баласының қартаюы табиғи заңдылық. Қарттардың тілегі – ел амандығы, жұрт тыныштығы. Олар бүгінгісін ғана ойламайды, өткен өмір жолын зерделеп, алдын болжауға тырысады.Қарттар – кісіліктің төресі.

15-оқушы. «Бала өсіргің келсе, дана жүректі қатты ұста, үйрет білім, ізетті»,- деп Әбу Насыр әл-Фараби айтпақшы, аталардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді баларларға халықтың асыл қазынасы саналатын қарттарымыз жас ұрпақтарға үйретіп, айтып, санасына сіңірейік.

16-оқушы. Мейірімі мол ананың

Жүрегі жылы қолы кең.

Кең пейілді атаның

Жүзі жылы жолы кең.

Көрініс «карт пен немере»

Орыс жазушысы Лев Толстойдың «Қарт пен немере» мысалы естеріңде ме? Бір үйде төрт адам. Ата, бала, келін, немере. Кәрі кісі тәрелкені сындырып алады деп, келіні атасына тамақты темір табақпен береді. Бір күні шалдың немересі ағаш жоныпты.

Әке-шешесі:
-Балам, не істеп отырсың?- деп сұрайды.
- Ертең сендер қартайып, атам сияқты болғанда тамақ ішетін ағаш астау жасап отырмын, – депті баласы.

 «Атаңа не қылсаң,  алдыңа сол келеді» деген сөз бар. Жастарымыз ата-анасының қадірін кеш болмай түсінсе екен.     Қарттары бар ел-бақытты ел.

Әкелер!

Мәңгі өшпейтін атақ-даңқың,

Жүрегімнің лаулатып отын жақты.

Ерлігіңді жалғастырам, бақыттымын,

Сендер ғой маған берген осы бақты.

Аналар!

Қарыздармын өзіңе мен,

Қайыспай қиындыққа төзе білген.

Жүздеріңді әжімдер басқанымен

Баяғы бәз жүзіңдерің өзгермеген.

Үлкендіктен ешкім құтыла алмаған. Бірақ кәріліктің өзінің сәні – мәні бар.

Ұлықпан  Хакім мың   жасаған   дейді,  ешкім   мың  жасамайды, тек өсіп-өнген,

тәрбиелі   ұрпағымен   мың   жасайды. Ия, ұрпағының  өсіп,  жетіліп, айналасына

үйіріп отырған көреген қарияда не арман бар?

Қазақтың  басқа  халықтардан  айырмашылығы – “Ұрпағым”  деп  шыр-пыр

болатыны. Ол   үшін   көзсіз   көбелектей   отқа   түсетіні. Бұл- біздің ең   ұлы

ұлттық қасиеттеріміздің    бірі. Ал   ұрпақтың  ата-ана   алдындағы  борышын

өтеу үшін жасап жатқан  ынта-жігері мемлекеттік деңгейде қолдау тауып,

зейнеткерлерге жағдай  жасау.  Президентіміздің  жыл   сайынғы  халыққа

жолдауында   арнайы қаралып, оларға қамкорлық ел эканомикасының өсімімен

қатар өсіп келеді.

       Баталы құл – арымас,

Аталар – асқар таудай қорғанымыз,

Аналар – саясы мол орманымыз.

Қызығын ұрпағыңның көре берші

Жортқанда бола берсін жолдарыңыз. 

Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!

Әр күлгенің бізге бақыт саналар

Еңбегіңді еш етпейтін өмірде

Елің, жұртың, ұл мен қызың бағалар

Ана мейір күн көзімен пара-пар

Тұла бойға қуат болып таралар

Өміріме шуақ шашып әрқашан

Көп жасаңдар аталар мен аналар!

Ата-анаға не істесең, алдыңа сол қайтады. Дүние кезек. Сен өмір бойы жас болып тұрмайсың. Сен ата-анаңды сыйласаң, сенің балаларың да қартайғанда өзіңді аялап күтіп, бағып-қағатын болады.

Бүгінгі жас ұрпақты сонау замандардан жинақталған ата – бабаларымыздың мол мұрасы мен сусындату біздің міндетіміз. Ұлдың батыр, қыздың әдепті болып қалыптасуы, бабалар мұрасына байланысты. Демек, бабаларымыздың өнеге өсиетін пайдалана отырып тәрбиелеу ұлттық тұлғаны қалыптастырады.

 

 

41-жылдың балалары

$
0
0

Сәтбаев қаласы әкімдігінің «№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

бастауыш сынып мұғалімі Альжанова Сауле Гайнетденовна

Тақырыбы «41-жылдың балалары»

Мақсаты:  1941- 1945 жылғы  Ұлы Отан  соғысында неміс басқыншыларын  талқандауда Қазақстан халқының майданда және тылда көрсеткен   ерен ерлігін паш ету, жас ұрпақты отан сүйгіштікке,  елжандылыққа тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлікпен рухани бас иіп, ардагерге құрмет көрсету.                                                                                        

  Соғыс жылдары тылда еңбек еткен қарттар, аналар, балалар жайлы естелікті ардагерлердің өз аузынан тыңдау.

Көрнекіліктер: слайд, фотоальбомдар, буклеттер.

   Барысы:

Слайд қойылып тұрады.

І. Қырық бірінші жылдың июні,

    Күндердің  қауырт қиыны,

    Тарықты елдің базары,

    Соқты да соғыс құйыны.

ІІ.Орман да көкпен таласқан,

    Өксіді өмір, ақ аспан.

    Қан жоса боп қара жер,

    Қақырап түсті қара аспан.

      І. Айнала шапқын жер мен көк,

    Теңселіп кетті төңірек.

    Жанданды құдай жердегі,

    Жалмауыз жуан зеңбірек.

 ІІ.Ауылға жетті атқан оқ,

    Жаныштап ажал ызғары,

    Қайғыдан жүрек мұздады.

 

І. Армысыздар,  құрметті бүгінгі кешіміздің қонақтары - ардагер ата-әжелер, қымбатты ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «41-жылдың балалары» атты кездесу кешімізге қош келіпсіздер!

 

ІІ. Осыдан 74 жыл бұрын бүкіл әлемді дүр сілкіндірген соғыс атты сойқан басталды. Неміс фашистері КСРО-ға басқыншылық шабуылын жасады.

 І. Ұлы Отан соғысының алдында Қазақстанда 6,2 млн. Адам тұратын еді. Соғыс жылдары Республикада 1196164 адам қару асынып майданға аттанды. 700 мың адам еңбек армиясына жіберілді.  Олардың басым көпшілігі ұрыс даласында қаза тауып, хабар-ошарсыз кетті.

ІІ. Соғыста көрсеткен ерліктері үшін 96638 қазақстандық жауынгерлер Кеңес Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталды. 497 қазақстандыққа Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Олардың 98-і қазақ. Бұлардың қатарында қазақ қыздары – пулеметші М.Ж.Мәметова, мерген Ә.Молдағұлова болды. Қазақстандық ұшқыштар Т.Бигелдинов, И.Павлов, С. Луганский Кеңес Одағының Батыры атағын екі мәрте алды.

 

І. Қару ұстауға жарайтын ерлер қатардан қалмай майданға аттанғанда, елде қалған қарт аталар мен әжелер, аналар мен балалар қару орнына еңбек құралын алды. Жауынгерлер қан майданда жаумен арпалысып жатқанда, тылдағы халық күндіз-түні тыным тапқан жоқ. Ойын баласы соқаның өгізін мінді. Жер жыртты, масақ терді. Аналар мен қыз-келіншектер киім тігіп, шұлық тоқып майданға жіберді.

 

ІІ. Бүгінгі Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «41-жылдың балалары» атты тәрбие сағатымызда 41-жылдың балалары, яғни қазіргі Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Жеңіс сағатын жақындатуға үлкен көмектерін тигізген, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қиындықтар мен ауыртпалықтарды басынан өткерген ардагер ата-әжелеріміз отыр. (таныстыру).

 

І. Биыл Ұлы Жеңіске 70 жыл. 70 жыл бұрын Жеңіс  туын желбіреткен аталарымыз бен әжелеріміздің қатары сиреп барады. Олардың алдында бәріміз қарыздармыз. Фашизм құлдығынан азат етілген күллі әлем қарыздар. Ендеше Ұлы  Жеңіс мерекесі қарсаңында ардагер ата-әжелерді құттықтай отырып, «Мың тағзым, сіздерге!» дейміз.

ІІ. Жеңістің 70 жылдығына арналған алғашқы құттықтау сөзді мектебіміздің басшысы Адамьянова Шолпан Советқызына береміз.

 

      Сахнада дала қосының макеттері. Егін даласында жұмыс істеп жатқан кәрі адамдар, жас аналар, балалар. Қариялар орақтарын қайрап жатса, балалар егінге су тасып жүр.

      Егін даласындағы жұмыс көрсетіліп жатқанда, сахнаның арғы жағында жүргізуші өлең оқып тұрады.

 

І. Ашу мен кек оятты ел намысын,

Отан үшін жан пида болды үлкен сын.

Ер азамат жауменен арпалыста,

Әйелдер терін төкті майдан үшін.

 

ІІ. Аналар қоштасқанда асылымен,

Арулар қош айтысты ғашығымен.

Балалықтың базарын ерте жауып,

Талай жұмыс істеді бала-өркен.

 

І. Үдетіп соғыс оты қайғы-мұңды,

Төрт жыл өтті, соғыс әлі бітпей қойды.

Кемпір-шал, әйел-бала ауылдағы

Сеніммен күтуші еді Жеңіс тойды.

 

Егін даласындағы әйелдердің бірі: Мына сұрапыл пәле, соғыста бітпейді-ау... Азаматтарымыздың хабары да жоқ, ошары да жоқ.

  1-әйел: Қайта соған қуансайшы. Өткен жолы білесің бе, анау көрші кемпірдің баласынан хабар келеді деп жүргенде, қара қағаз келгенін. Қазір хабар жоғына қуану керек. Әйтеуір, тірі дағы. (Осы кезде сахнаға бригадир келеді).

 -Ә, Әбеке, амансыңдар ма? Балалар да шаршаған болар? Мен сендерге демалыс бере келдім. Дамылдап алыңдар кішкене. Демалындар.

 

(Арнайы дайындаған орынға отырған, бір-екі қарт майдан жаңалығы  туралы әңгіме-дүкен құрады. Қастарында екі-үш бала тыңдап отыр).

     1-қарт: Әбеке-ау! Біздің армия жайлы, майдан жайлы қандай хабарың бар, айта отыр. Бізге қарағанда сауаттысың ғой.

   

2-қарт: Ой, құдайға шүкір, біздікілер герман жеріне басыбайлы кіріп фашист жауызыңды ойсырата жеңіп жатқанға ұқсайды.

1-қарт: Әп, бәрекелді. Арам қатқырларға, иттерге де керегі сол.

   Ей балам, су әперіп жіберші. Тамағы құрғыр кепті-ау.

    

Отырған балалардың бірі су әперіп сұрақ қояды.

  • Ата, осы фашист деген ит қандай екен?

 

1-қарт: Әбеке, мына баланың сауалына жауапты өзің берерсің.

2-қарт: Балам-ау, «фашист» деген кәззап қой. Басына кішкене қазанды төңкере киген, үстіне бүкіл жер бетіндегі темір-терсек атаулыны,мата біткенді жамыла салған. Қолына қайқиған шолақ мылтық ұстаған сайтанның сапалағы секілді. Өздері адам да емес, жануар да емес аяғы қисық бірдеңе. Әркімнің жерін жаулап аламыз деп еді, енді ауыздарына құм құйылыпты ғой.

    Осы кезде бір бала жүгіріп келеді.

  -Пошташы Наурызбай атам келе жатыр.

Дауыстар: Мына пошташы Наурызбай ақсақалдың жүрісі өзгеріп кетті.

  • Ей, мына кісіге не болған?
  • Бұл кісіге не болған, бұлай қатты жүрмеуші еді ғой.

Наурызбай: Сүйінші! Халқым, жұртым, сүйінші! Неміс фашистері кеше тізе бүгіп, жеңілгендерін майындапты. Жеңіс! Жеңіс! Біз жендік!

  Әйел: О, жасаған! Аузыңа май, шыныменен қарғыс атқан соғыстың біткені ме?

 Дауыстар: Ақсарбас! Ақсарбас! Шынымен тәңірім, көз жасымызды көргені ме?

 

Жұрт біткен пошташыны қаумалап, сүйіп, сүйінші сұрап жатады.

  Іле-шала көңілді сазбен бірге бастаушының сөзі оқылуы керек.

 

  1. Күткен жеңіс жарқ етті сәуле шашып,

Жеңіс келді, қуандық көңіл тасып.

Жауды жойды батырлар елге оралды,

Ата-анамен қауышты құшақ ашып.

 

ІІ. Мамыр келді ағаштар бүрін жарып,

Бейбіт өмір оралды күні жарық.

«Шүкір» деп әжелер жүр ақ жаулықтың

Ұшымен көздің жасын сығып алып.

 

І. Аспанда күн жарқырап күліп тұрды,

Бейбіт өмір шаттығы тұнып тұрды.

Соғыстан соңғы сәби күлкісімен

Қара күндер қайғысын ұмыттырды.                                                      

Ән. «Соғыстан қайтқан солдаттар»

Ән айтылып жатқанда қолдарында гүлдері бар балалар, ақ жаулықты аналар жауды жеңген солдаттармен қауышып өтіп жатады. Өлеңнің аяқталар тұсында көкесін таба алмаған қыз бала ортаға шығып, майданнан оралмаған әкесімен қиялдап сөйлесіп монолог айтады.

-Әке! Әке!

Тілдесші менімен, әкешім!

Әлде хат жазуға уақытың жоқ па?Хат неге жазбайсың, әке?Тым болмаса аманмын,жапондармен мына жерде шайқасып жатырмын деп бір хабарласшы,әке? Сағындым сені, әке!

   Сендер соғысқа кеткелі ауыл тіпті өзгеріп кетті ғой. Бұрын ерлер тындыратын жұмысты қазір біздер де істеп жүрміз.

   «бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін» деп ұрандаған бір адам. «Жеңіс!» деген сөз бізге үлкен күш берді. Сенің Шығыстағы Жапонияда шайқасып жүргенің алаңдатады. Бір жағынан қорқамыз да, апамның да сені талмай күтіп жүргенін ішіміз сезеді. Мүмкін ерлігіңіз үшін медаль алып та қойған шығарсыз, әке? Құттықтауыма болатын шығар, бәлкім?

      Сіздермен бірге кеткен ағалардан қара қағаздар келуде.

     Оңалбай ағам дәл 9-мамыр күні Берлинді азат ету шайқасында мерт болыпты. Әйелі жынданып кете жаздады. Менімен оқитын Әсемгүл деген қызы үн-түнсіз жылаумен отырады. Бізбен көрші тұратын Орынгүл әжені білесің ғой, әке? Соның төрт бірдей баласынан қара қағаз келді. Байғұстың көзі жастан бір құрғамайды. Біздер барып жұбатқан боламыз. Осы жауластық кімге керек болды екен, әке?

Бала болсам да соғыс мені есейтіп жіберген сияқты. Фашистер неге сонша соғысқа құмар болды екен? Сендер Отан үшін, біздер үшін, арттағы ұрпақ үшін майданның нақ ортасында жүрсіңдер ғой. Ал, олар, сұмырай фашистер не үшін совет азаматын, әкесін баласынан, жарын күйеуінен айырады, әке? Аянып қалма, әке!.. Мен үшін, болашақ ұрпақтың бақыты үшін кездескен жаудың көзін жоя бер. Үйге жеңіспен қайт, әке! Мен сені қатты сағындым! Тезірек аман-сау оралшы, әке!

 (М.Мақатаевтің «Аманат» өлеңі)

Міне, өздеріңіз көргендей соғыс жылдары балалардың басынан көптеген қиыншылықтар өтті. Майдандағы әке, ағаларының аман-сау оралғанын тіледі. Майдан үшін, жеңіс үшін өз көмектерін көрсетті.

  Ардагерлерге сұрақ қойылады.

  «Армандар-ай, армандар» өлеңі. Ж.Ахметов.

 Ардагерлерге сұрақ қойылады.

 

 І. 70жыл бейбіт көктем таң атқалы,

 70 жыл шуақты күн таратты әнін.

 70 рет көктемде содан бері,

 Ашылды жеңіс күннің парақтары.

 ІІ. Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,

Жігер менен құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

 Қуаныш пен мерекенің ұраны.

І. Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңісіміз достықты шыңдаған, бірлікті жырлаған, ер намысы болып аталған, ел дауысы болып шақырған жеңіс. Халқы үшін құрбан болған қаһармандарымыздың асқақ рухы есімізде мәңгі сақталады. 

ІІ. Арын жалау етіп, жанын алау етіп, жауға аттанған ел ұландары Отанымыздың байтақ жерін қорғады, айдын көлін қорғады.

І. Солардың қасиетті рухы бүгінгі бейбіт тіршілігіміздің  нұрындай мәңгі, шуағын шашпақ .

Осымен бүгінгі Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған кездесу кешіміз өз мәресіне жетті. Жеңісті күндерде кездескенше хош сау болыңыздар! (от шашу, құттықтаулар)

 

Мектеп оқушыларының қалалық «Жеңіс жырлары» мәнерлеп оқу сайысының әзірлемесі

$
0
0

Сәтбаев қаласы әкімдігінің «№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

бастауыш сынып мұғалімі Альжанова Сауле Гайнетденовна

 

 Мектеп оқушыларының  қалалық

 «Жеңіс жырлары» мәнерлеп оқу сайысының әзірлемесі

 

Мақсаты: Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай және жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу, өскелең ұрпақтың бойына Отанға, халқына деген мақтаныш сезімдерін қалыптастыру, республикада өтіп жатқан маңызды тарихи уақиғаға қатыстылықтарын сезіндіру.

Қатысушылар: №1, 2, 3, 4, 5, 7, 10, 19, 15, 16, 27, С.Сейфуллин атындағы мектептердегі қазақ сыныптардың 3-4 сынып оқушылары.

Шарты: Әр мектептен 2 оқушы, яғни 3-ші сыныптан 1оқушы, 4-ші сыныптан 1 оқушы қатыса алады.  Әр оқушы жеңіс, соғыс тақырыбына арналған өлеңдерін жатқа оқу керек. Жүлделі 1-ші, 2-ші, 3-ші орын алған оқушылар «Сәтбаев қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ грамотасымен марапатталады.

Өтілетін орны: «№3 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

Уақыты: 2015 жыл 4-мамыр, сағат 11:00

    Барысы:

Слайд қойылып тұрады.

І.  Қырық бірінші жылдың июні,

    Күндердің  қауырт қиыны,

    Тарықты елдің базары,

    Соқты да соғыс құйыны.

ІІ.Орман да көкпен таласқан,

    Өксіді өмір, ақ аспан.

    Қан жоса боп қара жер,

    Қақырап түсті қара аспан.

      І. Айнала шапқын жер мен көк,

    Теңселіп кетті төңірек.

    Жанданды құдай жердегі,

    Жалмауыз жуан зеңбірек.

 ІІ.Ауылға жетті атқан оқ,

    Жаныштап ажал ызғары,

    Қайғыдан жүрек мұздады.

 

І. Армысыздар,  құрметті қонақтар, қымбатты ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі Жеңістің 70 жылдығына арналған «Жеңіс жырлары» атты қалалық мәнерлеп оқу сайысына қош келіпсіздер!

     ІІ. Осыдан 74 жыл бұрын бүкіл әлемді дүр сілкіндірген соғыс атты сойқан басталды. Неміс фашистері КСРО-ға басқыншылық шабуылын жасады.

 І. Ұлы Отан соғысының алдында Қазақстанда 6,2 млн. адам тұратын еді. Соғыс жылдары Республикада 1196164 адам қару асынып майданға аттанды. 700 мың адам еңбек армиясына жіберілді.  Олардың басым көпшілігі ұрыс даласында қаза тауып, хабар-ошарсыз кетті.

ІІ. Соғыста көрсеткен ерліктері үшін 96638 қазақстандық жауынгерлер Кеңес Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталды. 497 қазақстандыққа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Олардың 98-і қазақ. Бұлардың қатарында қазақ қыздары – пулеметші М.Ж.Мәметова, мерген Ә.Молдағұлова болды. Қазақстандық ұшқыштар Т.Бигельдинов, И.Павлов, С. Луганский Кеңес Одағының Батыры атағын екі мәрте алды.

    І. Қару ұстауға жарайтын ерлер қатардан қалмай майданға аттанғанда, елде қалған қарт аталар мен әжелер, аналар мен балалар қару орнына еңбек құралын алды. Жауынгерлер қан майданда жаумен арпалысып жатқанда, тылдағы халық күндіз-түні тыным тапқан жоқ. Ойын баласы соқаның өгізін мінді. Жер жыртты, масақ терді. Аналар мен қыз-келіншектер киім тігіп, шұлық тоқып майданға жіберді.

      Сахнада дала қосының макеттері. Егін даласында жұмыс істеп жатқан кәрі адамдар, жас аналар, балалар. Қариялар орақтарын қайрап жатса, балалар егінге су тасып жүр.

      Егін даласындағы жұмыс көрсетіліп жатқанда, сахнаның арғы жағында жүргізуші өлең оқып тұрады.

 

І. Ашу мен кек оятты ел намысын,

Отан үшін жан пида болды үлкен сын.

Ер азамат жауменен арпалыста,

Әйелдер терін төкті майдан үшін.

 

ІІ. Аналар қоштасқанда асылымен,

Арулар қош айтысты ғашығымен.

Балалықтың базарын ерте жауып,

Талай жұмыс істеді бала-өркен.

 

І. Үдетіп соғыс оты қайғы-мұңды,

Төрт жыл өтті, соғыс әлі бітпей қойды.

Кемпір-шал, әйел-бала ауылдағы

Сеніммен күтуші еді Жеңіс тойды.

 

Егін даласындағы әйелдердің бірі: Мына сұрапыл пәле, соғыста бітпейді-ау... Азаматтарымыздың хабары да жоқ, ошары да жоқ.

  1-әйел: Қайта соған қуансайшы. Өткен жолы білесің бе, анау көрші кемпірдің баласынан хабар келеді деп жүргенде, қара қағаз келгенін. Қазір хабар жоғына қуану керек. Әйтеуір, тірі дағы. (Осы кезде сахнаға бригадир келеді).

 -Ә, Әбеке, амансыңдар ма? Балалар да шаршаған болар? Мен сендерге демалыс бере келдім. Дамылдап алыңдар кішкене. Демалындар.

(Арнайы дайындаған орынға отырған, бір-екі қарт майдан жаңалығы  туралы әңгіме-дүкен құрады. Қастарында екі-үш бала тыңдап отыр).

         1-қарт: Әбеке-ау! Біздің армия жайлы, майдан жайлы қандай хабарың бар, айта отыр. Бізге қарағанда сауаттысың ғой.

 2-қарт: Ой, құдайға шүкір, біздікілер герман жеріне басыбайлы кіріп фашист жауызыңды ойсырата жеңіп жатқанға ұқсайды.

1-қарт: Әп, бәрекелді. Арам қатқырларға, иттерге де керегі сол.

   Ей балам, су әперіп жіберші. Тамағы құрғыр кепті-ау.

    

Отырған балалардың бірі су әперіп сұрақ қояды.

  • Ата, осы фашист деген ит қандай екен?

 

1-қарт: Әбеке, мына баланың сауалына жауапты өзің берерсің.

2-қарт: Балам-ау, «фашист» деген кәззап қой. Басына кішкене қазанды төңкере киген, үстіне бүкіл жер бетіндегі темір-терсек атаулыны,мата біткенді жамыла салған. Қолына қайқиған шолақ мылтық ұстаған сайтанның сапалағы секілді. Өздері адам да емес, жануар да емес аяғы қисық бірдеңе. Әркімнің жерін жаулап аламыз деп еді, енді ауыздарына құм құйылыпты ғой.

    Осы кезде бір бала жүгіріп келеді.

  -Пошташы Наурызбай атам келе жатыр.

Дауыстар: Мына пошташы Наурызбай ақсақалдың жүрісі өзгеріп кетті.

  • Ей, мына кісіге не болған?
  • Бұл кісіге не болған, бұлай қатты жүрмеуші еді ғой.

Наурызбай: Сүйінші! Халқым, жұртым, сүйінші! Неміс фашистері кеше тізе бүгіп, жеңілгендерін майындапты. Жеңіс! Жеңіс! Біз жендік!

  Әйел: О, жасаған! Аузыңа май, шыныменен қарғыс атқан соғыстың біткені ме?

 Дауыстар: Ақсарбас! Ақсарбас! Шынымен тәңірім, көз жасымызды көргені ме?

 

Жұрт біткен пошташыны қаумалап, сүйіп, сүйінші сұрап жатады.

  Іле-шала көңілді сазбен бірге бастаушының сөзі оқылуы керек.

 

  1. Күткен жеңіс жарқ етті сәуле шашып,

Жеңіс келді, қуандық көңіл тасып.

Жауды жойды батырлар елге оралды,

Ата-анамен қауышты құшақ ашып.

 

ІІ. Мамыр келді ағаштар бүрін жарып,

Бейбіт өмір оралды күні жарық.

«Шүкір» деп әжелер жүр ақ жаулықтың

Ұшымен көздің жасын сығып алып.

 

І. Аспанда күн жарқырап күліп тұрды,

Бейбіт өмір шаттығы тұнып тұрды.

Соғыстан соңғы сәби күлкісімен

Қара күндер қайғысын ұмыттырды.    

 

ІІ. «Күркіреп күндей, өтті ғой соғыс»-деп қайсар ақын Қасым айтқандай, адамзат баласының басына нәубет болып келген сұм соғысқа нүкте қойған 9-мамыр  Ұлы Жеңіс күніне биыл 70 жыл толады.

                                               

 І. 70 жыл бейбіт көктем таң атқалы,

 70 жыл шуақты күн таратты әнін.

 70 рет көктемде содан бері,

 Ашылды жеңіс күннің парақтары.

 

І. Бүгінгі күннің ұрпақтары бейбіт өмір мен бақытты күндер сыйлаған соғыс ардагерлеріне басын иіп, ерен ерліктері мен еңбектерін мақтан тұтады

 

ІІ. Қаламызда жыл сайын жеңіс күні тойланып, соғыс ардагерлеріне үлкен сый-құрметтер көрсетіледі, жеңіске арналған әр түрлі тәрбиелік маңызы бар іс-шаралар өткізіледі.   

 

І. Атамекен жері үшін, қасиетті елі үшін

Болмай қалар кім батыр?!-деп қазақ қаһарманы Бауыржан Момышұлы айтқандай, бүгінгі күнгі патриоттық рухы мықты, отансүйгіш балаларымыз Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай жаттаған өздерінің жеңіс туралы жырларымен сайысқа түсуге келіп отыр. «Ел басына бұл күн енді қайта тумасын» деп тілек тілей отыра, жас бүлдіршіндерге сөз кезегін берейік.

 

ІІ. Сайысымызды бастамас бұрын бүгінгі сайысымызға қатысушыларға әділ баға берер қазылар алқасымен таныстырып өтейік:

  1. ________________________________________________________________

2.________________________________________________________________

3.________________________________________________________________

4.________________________________________________________________

5.________________________________________________________________

 

Жоғалтты біреу панасын

Жоғалтты  біреу анасын

Жоғалтты біреу баласын,

Жоғалтты біреу інісін,

Жоғалтты біреу ағасын.

Жоғалтқандардан сұрағын,

Ұлы Жеңіс бағасын!

 

Соғыстың құны – кесілген білек,

Соғыстың құны – тесілген жүрек,

Соғыстың құны – лаулаған орман,

Соғыстың құны – уланған арман

Соғыстың құны – өртенген аспан,

Соғыстың құны – төгілген жас қан.

 

І. Ортаға алғашқы сайыскерлеріміз №  жалпы орта білім беретін мектебінің оқушыларын шақырамыз.

Сайысқа қатысушыларға ескерту: оқитын мектебі аталған оқушылар кезек-кезек ортаға шығып, өздерін таныстырып, содан соң оқитын өлеңінің авторын, өлеңнің атын айтады.

 І. Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,

Жігер менен құштарлықтың құралы.

Күрескердің арманы мен ұраны,

 Қуаныш пен мерекенің ұраны.

 

ІІ. Ұлы Жеңіс оңайлықпен келмеген

Ешкім оны сыйлап, бізге бермеген

Жеңіс деген сәбилердің күлкісі ол

Зеңбіректің үнін естіп көрмеген.

 

І. Сіздердің алдарыңызға  өз  өнерлерін көрсету үшін   №  жалпы орта білім беретін мектебінің оқушыларын шақырамыз

 

І. Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңісіміз достықты шыңдаған, бірлікті жырлаған, ер намысы болып аталған, ел дауысы болып шақырған жеңіс. Халқы үшін құрбан болған қаһармандарымыздың асқақ рухы есімізде мәңгі сақталады.

 

ІІ. Арын жалау етіп, жанын алау етіп жауға аттанған ел ұландары жерін қорғады, халқының өмірін қорғады, өзі туған өңірін қорғады, ақ сүт берген анасын қорғады, ақ самал ескен даласын қорғады.

І. Осы соғыста қасық қанын қиып ұрыс даласынан қайтпай қалған қаһармандар қаншама! Солардың қасиетті рухы бүгінгі бейбіт тірлігіміздің нұрындай мәңгі шуағын шашпақ! 

 

ІІ. Ортаға  №  жалпы орта білім беретін мектебінің оқушыларын шақырамыз.

 

І. Жеңіс деген дара батыр қол бастар

Жеңіс деген керзі етікті солдаттар

Жеңіс деген майданда өлген жастық

Жеңіс деген оралмаған боздақтар

 

ІІ. Бойға жиып рух пенен намысты,

Отан үшін отқа түсті қанша жан?!

Қанша азап тартты, қанша алысты,

Тікті ақыры жеңіс туын аңсаған...

 

І. Сіздердің алдарыңызда өз өнерлерін көрсететін  №  жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары.

 

І.   Жеңіс деген өтеуі жас ғұмырдың,

      Жеңіс деген бейбіт күнім, бүгінім.

      Жеңіс тойын, жақындатып әкелген,

       Төккен қаны, әке, ағаның інінің.

 

  ІІ. Жеңіс деген шат күлкісі баланың,

       Тыныштығы жер мен жаһан даланың.

       Жеңіс деген сылдыр күлкі, асқақ ән,

       Тыныштығың сол Жеңістен басталған.

 

І. Ортаға №  жалпы орта білім беретін мектебінен келген сайыскерлерімізді шақырамыз.

 

І. Неменеңе жетістің бала батыр,

Қариялар азайып бара жатыр.

Бірі мініп келместің кемесіне,

Бірі күтіп, әнекей, жағада тұр,-деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жырлағандай бүгінде Ұлы Отан соғысына қатысып, еліне аман оралған ардагерлердің қатары сиреп қалды. Бұл – өмір заңдылығы. ІІ. Алайда, кейбір елдердегі қақтығыстар мен айқастарды көріп отырған тәуелсіз Қазақ елі бүгінгі достығы мен сыйласымы жарасқан өміріне тәубе дейді.

 

І. Алдарыңызда №  жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары.

 

І. Жылжып уақыт жылдар өтсе де, қазақ халқының тарихында Ұлы Отан соғысының ізі мәңгі өшпейді.

 

ІІ. Қазақ халқы ата-бабасы қорғап, келер ұрпағына мұра ретінде қалдырған дархан даласында қанат жайып, өркендеп, өсіп келеді. Бабалар ерлігі мәңгі ұмытылмайды.

 

 

І. Сіздердің назарларыңызға сол бабаларымыздың мәңгілік ұмытылмас ерлігін жырлау үшін  №  жалпы орта білім беретін мектебінің мәнерлеп оқу шеберлерін шақырамыз.

 

Қанша жыл  өмір сүрсек те,

Бақыттың дәмін білсек те,

Жемісті қауырт істермен

Рахатқа батып жүрсек те –

Біздің бұл ғажап заманда

Тыныштық керек адамға!

 

І. Сіздердің назарларыңызға  №  жалпы орта білім беретін мектебінің мәнерлеп оқу шеберлерінің өнерін ұсынамыз.

 

І. Бүгінгі сайыстың қорытындысын шығару үшін әділ қазылар алқасына кеңесуге уақыт беріледі.

 

      (Қорытынды шығарылғанша үн таспадан ән-жырлар тыңдалады).

 

ІІ. Байқаудың қорытындысын шығару үшін әділ қазылар алқасына сөз береміз.

 

Әділқазылар жеңімпаздарды марапаттайды.

 

І.  От кешіп, қан жұтқан сол бір жылдар барған сайын бізден алыстауда. Бірақ майдан мен тылдың аты аңызға айналған ерлер жасаған Ұлы ерліктері ешқашан ұмытылмақ емес. Зұлым жаумен шайқаста әке, аға, бауырларымыз қанын төгіп, қолымыз жеткен Жеңіс шапағы кейінгі ұрпақтарға жетпек.


Ана-біздің күніміз

$
0
0

Атырау облысы Атырау қаласы 

№24 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Аты жөні: Жаңбырбай Гүлмерей Жалғасқызы

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ана-біздің күніміз»

 

 

8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне арналған тәрбие сағаты

                                                                                                                                                 

Тақырыбы: «Ана-біздің күніміз»

                                                                                                                              

Мақсаты:1.Жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту.                                        

2.Оқушының бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту.                                                                                                                   

3.Адамгершілікке тәрбиелеу.                                                                                                                             

Көрнекілігі: «Көктем-ана,қыздар-гүл»қабырға газеті,нақыл сөздер,балалардың шығармашылық жұмыстары.Сынып шарлармен,гүлдермен безендірілді.                                                                     

Бастаушы:Аналар көктемгі күндей жарқырап,гүлдей құлпырған гүл мерекелеріңіз құтты болсын! «Ана-біздің күніміз»атты мерекелік тәрбие сағатымызды бастаймыз.                               

Хормен:                                                                                                                                                                           

Сендерден өскен балалар,                                                                                                                                                  

Батырлар мен даналар.                                                                                                                                                   

Құттықтаймыз мейраммен,                                                                                                                                                           

Құрметті абзал аналар.                                                                                                                                                                                                                                                    

1-оқушы:                                                                                                                                                                                                    

Әлпештеген,аялаған                                                                                                                                       

Ақ сүт берген апатайым.                                                                                                                                      

Сәлем жазып бүгін саған,                                                                                                                                                    

Мерамыңмен құттықтаймын.                                                                                                                                                                                      Хор: «Туған күніңмен».                                                                                                                                                                                  2-оқушы:                                                                                                                                                             

Кім сендерді,балалар,сүйетұғын,                                                                                                                                  Қуанышыңа қуанып,қайғыңа күйетұғын.                                                                                                                    

Түн ұйқысын төрт бөліп,кірпік қақпай,                                                                                                                      

Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.                                                                                                       

3-оқушы:                                                                                                                                                                       

Кім сендерді,балалар,тербететін,                                                                                                                     Еркелетіп,ойнатып,сергітетін.                                                                                                                       

Жалқау болсаң,балалар,жаман болсаң,                                                                                                          

 

Қамқор анаң көз жасын көлдететін.                                                                                        

4-оқушы:                                                                                                                                                                                       

Жүзімізге қараңыз,                                                                                                                                                                                       

Бал күлкілі баламыз.                                                                                                                                                  

Бізге қымбат күн-шуақ,                                                                                                                                                

Бізге қымбат анамыз.                                                                                                                                                    

5-оқушы:                                                                                                                                                                           Әлпештеген баласын,                                                                                                                                                                                                          

Ана-бақыт,ана-күн.                                                                                                                                                            

Әркім сүйіп өзінің,                                                                                                                                                            

Мақтан етер анасын.                                                                                                                                                    

Қыздар тобы:би «Қамажай».                                                                                                                                            

6-оқушы:                                                                                                                                                                                 Бойға қуат береді,                                                                                                                                                 Әй,жарайсың дегені.                                                                                                                                                  

Мен анамнан әр кезде,                                                                                                                                                       Соны естігім келеді.                                                                                                                                              

7-оқушы:                                                                                                                                                                                                                                                                               Ойнаймыз,күлеміз,                                                                                                                                                                

Жарқылдап,жүреміз.                                                                                                                                                

Ананы сыйлаймыз,                                                                                                                                            

Айтқанын тыңдаймыз.

Вальс: «Шақырады көктем»                                                                                                                                                                               

8-оқушы:                                                                                                                                                                                                 

Қамқорсың ана өмірде,                                                                                                                                                        

Қуатым сенсің көңілге.                                                                                                                                               

Әлпештеп мені өсірдің,                                                                                                                                  

Ұшармын ертең көгінде.                                                                                                                                     

9-оқушы:

Бал – бөбегін мақтаған,

Мамам үшін мақтанам.

Аялайтын біздерді –

Көп жасасын жақсы адам.

10 – оқушы:

Ерлік, еңбек атқарған,

Еңбегімен мақтаған.

Ел сенімін ақтаған,

Айналайын ақ мамам.

Хор: «Ақ мамам»

 11 – оқушы:

Шуақ төгіп, күлімдейтін қарасам,

Анашымды күнге ғана баласам.

Жер бетінде ең жақыным өзіңсің,

Мәпелейсің, аялайсың әр қашан.

12 – оқушы:

Ардақты ана,Аяулы ана,қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.

Өміріме нәрін берді ақ сүтін,

Кең құшағың – аясындай гүл бақтың.

13 – оқушы:

Әже маған үлгі сөзіңіз,

Өнегесіз өзіңіз.

Жақсылыққа талпынар,

Біздің нағыз кезіміз.

Жақсы деген немене,

Жаман деген немене,

Осындайда әжетай

Айтыңызшы өнеге.

14 – оқушы:

Құртпен майын жинаған,

Балаларға сыйлаған.

Бұл әжемнің өмірі,

Таусылмайтын жыр маған.

Хормен:

Аналарды сүйеміз,

Ақылын ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

Ән: «Ақ әжем»

Хор: «Ана туралы жыр»

Құттықтау сөз аналарға, ұстаздарға беріледі.

 

Бала – басты байлығымыз, Ал ең асылымыз – оның тәрбиесі» «Сонымен солай дейік..» бағдарламасының негізінде дайындалған іс-шара сценарийі

$
0
0

Жезқазған қаласындағы №10 жалпы орта білім беретін

мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

ДОСМАГАНБЕТОВА ЖУМАКУЛ АБСАМАТОВНА             

 

 

Тақырыбы:  «Бала – басты байлығымыз, Ал ең асылымыз – оның тәрбиесі»

«Сонымен   солай дейік..» бағдарламасының негізінде дайындалған іс-шара сценарийі

 

1-жүргізуші:

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар! Армысыздар , қонақтар! «Бала – басты байлығымыз, Ал ең асылымыз – оның тәрбиесі» тақырыбындағы бағдарламамызға  қош келдіңіздер!

      Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікке тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқаратыны белгілі.

2-жүргізуші:

           Баланы бастан бақпасаң,

           Жамандықтан қақпасаң,

         Қадірден жұрдай қасқа боп,

          Кешкенің өмір босқа тек, - дегендей, баланың ыстық-суығына күймейтін,жақсылығына сүйінбейтін ата –ана жоқ шығар.

Бүгінгі  ұл –ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі.Бүгінгі қыз –ертеңгі ана,ол шешеге қарап  өсіп, бой түзейді. Балаға білім,тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата –ана және қоғам.

 1-жүргізуші:

Ендеше  бүгінгі бағдарламамызда қозғалатын мәселелер жайын сараптайтын сарапшы мамандарды ортаға шақырайық.

Ортада :  

2-жүргізуші:

«Қатты тәртiп көрсе бала күнiнде,

Өнерiмен қуантады түбiнде.

Бала ненi бiлсе жастан, ұядан–

Өле-өлгенше соны таныр қиядан.

 

Өнер — бiлiм берем десең басынан,

Бер оқуға балаларды жасынан,

Ата — анадан өсiп ұрпақ тараған,

Жақсы-жаман болса, бала – солардан», - деп, ХI ғасырда Жүсiп Баласағұн айтқандай, балаларының жеке ерекшелiктерiн жас күннен танып, соған қарай бағыт — бағдар, тәрбие беретін   ата-аналары.

Бала тәрбиесi – игiлiктi iс. Берерi де, сұрауы да, жемiсi де мол тәрбие саласының ең өзектiсi. Ал қазіргі кезде жұмысбастылыққа салынған  кейбір ата-аналардың бала тәрбиесіне немқұрайлы қарайтын  кездері де болып жатады.

Қаз қанаты ақ болады.

        Ер қанаты ақ болады.

       Балалардың қанатты кезі,

        Мектептегі шақ болады, – дегендей баланың жүрегінен бірлесе отырып  жол табу – нәтижелі істің жемісі.  Осы тұрғыда ой салар көрініске,экранға  назар аударайық:

1-жағдаят

Сенбі күнгі көрініс.

Мұғалім: - Сәлеметсіз бе? Бұл мектептен гой, баланыздың сынып жетекшісі. Балаңыз сабаққа неге келмей жатыр?

Ата-ана: - Ой-бой, не дейді?! Мен оны оятып едім ғой. Қазір бөлмесінен қарап келейін.

Кеше  қонаққа барып едік. Ұйқысы қанбаған ғой. Бармай-ақ қойса қайтеді –а?

Мұғалім: - Ой, қызық екенсіз. Балаңыз сабақты меңгермей қалады ғой.

Ата-ана: - Жолдас мұғалім! Мен сізге себебін айтып тұрсам, тіптен түсінбейсіз ғой, - деді де мұғалімнің сөзін тыңдамай трубканы тастай салды.

          Осындай жайттар мектеп өмірінде кездесіп жатады. Осы мәселе жөнінде  қамқоршылық кеңестің мүшесі ретінде не айтар едіңіз?

- Бала тәрбиесі – баршамызға ортақ. Баланың бүгінгі іс-әрекетіне, тәртібіне бүгін назар салмасақ, ертең кеш болады. Олай болса, бір сәт уақыт бөліп, мектеппен хабарласу ата-ананың бірден-бір міндеті екенін ұмытпағанымыз жөн.

2-жүргізуші:

Ата-ана тәрбие беруде, ата-бабамыздың салт-санасы, әдет-ғұрпында жүргiзiлген үлгi-өнегесiнiң мәнi зор. Сөз қадiрiн бiлетiн заманда бiр ауыз сөздiң iшкi мағынасын жете түсiнiп, содан өзiне тәлiм алған бабаларымыздың қасиетiне не жетсiн. Сондай -ақ, атамыз Жүсiп Баласағұн өзiнiң «Құтты бiлiк» еңбегiнде:

Ақ сүтпен бiрге сiңген жақсылық

Айнымайды еш, алғанша ажал қапсырып.

Ет сүйекпен бiрге бiткен қылығың,

өзгермейдi салғанша ажал құрығын, -дейді. Ендігі кезекте 2-жағдаятқа назар аударайық:

2-жағдаят

Екі оқушы мектептен шығады. Бірінші оқушы:

Жүр, компьютерлік клубқа барайық, - дейді.

Екінші оқушы:

Жоқ, мен бара алмаймын, ақшам жоқ. Кеше анам ұрысты, неге сабақтан кеш келесің деп.

Бірінші оқушы:

  • Менде тиын бар. Асханаға жұмсамай, ойынға сақтап қойғанмын. Жүр, кеттік!
  • Екінші оқушы:
  • Қойшы, сен үшін тағы да ұрыс еститін жағдайым жоқ. (Екі бала екі жаққа кетеді)

1-жүргізуші:

«Ата – ананың ақылы – қазулы қара жолмен тең» деп Дулат Бабатайұлы айтпақшы ата – ана баласының түйсігіне қандай іс салса, бала сол жолмен жүре беретіні белгілі. Ортаға жұмбақ кейіпкерді шақырамыз.

 

Жұмбақ кейіпкер: Мен 15 жастамын. Мен өзімді мазалаған ойларымды сіздермен бөліскелі келіп отырмын. Мен үйде жалғыз баламын. Ата – анам жұмыс басты адамдар. Жұмыс істеп жүріп, маған көңіл бөлуге, менімен әңгімелесуге де уақыт жоқ. Үнемі жалғызсырап жүремін. Сұраған ақшамды береді, барам деген жеріме жібереді. Маған ақшаның , байлықтың еш керегі жоқ. Маған тек ата – анамның аялы алақаны, мені еркелетіп бауырына басқаны керек. Ал менің ата – анам маған еш алаңдамайды. Өйткені, олар жұмыстан басқа еш нәрсені ойламайды. Бірде мынадай жағдай болды. Мен досымның үйіне барып, түнгі  сағат  10 – ға дейін отырып қалдым. Үйге келсем ата – анам алаңдап отыр екен. Мен ата – анамның өзіме назар аударғанына іштей қуанып, осы жағдайды тағы қайталадым. Сондағы ойым ата – анамның көңілін, өзіме осы тәсілмен аудару, бірақ бұл жолы ата – анам маған дауыс көтеріп айқайлады. Мен мұнда ата – анамды жамандайын деп келгенім жоқ. Ата – анасына кім жамандық ойласын? Мен ата – анамның өзіме деген жылы сезімдерін қалай оята аламын? Маған осы жағынан көмек берсеңіздер екен. Менің орнымда болсаңыздар, сіздер не істер едіңіздер, достар?

 

 

Психолог:

Сөз жоқ, бала үшін адамгершілік талғамдар мен әдет-дағдылар, яғни жеке бастың қалыптасуының барлық әлеуметтік-психологиялық негіздері отбасында қалыптасады.

Демек, отбасылық тәрбиелеу шарттарын, мүмкіндіктерін зерттемей тәрбие үрдісінде оң нәтижелерге жету мүмкін емес. Кей ата-аналардың бала тәрбиесі жайлы көзқарастарында елеулі кемшіліктердің барлығын байқауға болады. «Міндетім киім мен тамақ табу ғана» деген оймен мектепке орынсыз талаптар қояды. өзінің жауапкершілігін сезе білмейді, баласын тәрбиелеуден қол үзеді. Оның зардабы баланың сабақ үлгеріміне, мінез-құлқының өзгеруіне әкеліп соғады.Бала әр нәрсеге сенгiш, тез қабылдағыш, елiктегiш келедi. Әр бала сипағанды, жылы сөйлегендi, аялағанды, еркелеткендi, ертегi әңгiме тыңдағанды, ойын ойнағанды ұнатады. Бұл– баланың бойындағы үлкендерден ерекшеленiп тұратын негiзгi қасиетi. Бұл қасиеттер тек балаға ғана тән. Өйткенi бала сезiмi– пәк. Баланы перiштеге теңеу осыдан шыққан ба деген ой келедi. «Бала тiлi– бал», «Балалы үй– базар» деген мақалды халқымыз өте орынды айтқан. Баланы сипау, аялау, жылы сөйлеу– баланың ақылды, ұстамды, мейiрiмдi азамат болып өсуiне көп ықпал етедi. Ал балаға ұрсу және оны балағаттау баланың бойында кек алу, өшпендiлiк қасиеттердi оятады.

           Мектеп өмірі, оқушы тұлғасын әлеуметтендіру проблемасы әріптестік педагогиканы талап етеді. Және мектеп пен ата-ана, қоғам бірлескен кезде ғана тәрбие процесі өз жемісін нәтижелі бере бастайды.

 

Инспектор:

       -  Ынтымақ бар жерде тәрбие де бар. Ынтымақ бар жерде береке, бірлік те бар. Қоғамдық тәрбие жанұядан басталады. Ел болашағы жастар қолында. Ал сол жастар «рухани» байлықпен қылаптасады. Қандай бағытпен жүреді, қандай ізгі сітер жасайды, қандай қоғам келешекті қалыптастырады? Ол жалғыз мектеп проблемасы болмауы керек. Оған ата-аналар бірігіп атсалысуы қажет.

 

 

 

Балам адам болсын дейтін ата-ана тәрбиені дұрыс беруі керек. Осы ретте Мағжанның мына сөзін айта кеткенді жөн көремін: «Бала тар ойлы, ақымақ болса, бала кінәлі емес, тәрбиеші кінәлі; бала сұлулықтан ләззат ала білмейтін мылқау жанды болса, айыпты емес, тәрбиеші жазалы. Бала істеген жауыздықтың жазасын тәрбиеші көтерсін» деген нақыл сөзді естен шығармайық! Баланың жақсысы – әке мен шешенің ары, ата-ананың абыройы, жаманы – қайғысы, «азап-соры» деген жастарды тәрбиелеу ісінде табысқа жету үшін әрбір ата-ананың өзі де тәрбиелі болу керек. Қоғамның болашағы мен беделіне айқын жол ашар өскелең ұрпақ. Тал бесіктен басталар тәрбиенің тереңді меңзейтіні осында. Ең алдымен ата-ананың ролі, онан кейін ұлағат сыйлаған ұстаз.

 

         Ата-ана: Ата-ана өз баласын өз махаббатының нұрына бөлеп, қуанышына, бақытына балайды, бала үшін күш-жігерін жұмсайды. Әке мен ана баласының келешегін ойлап, отбасында сабырлы мінездің үлгісін, еңбекетіг үлгілі табысын көрсете отырып адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелейді. Еңбекқор, ілтипатты ата-ананы, ұстазды бала жанындай жақсы көреді, сыйлайды. Олардың бойындағы адамгершілік қасиетті жоғары бағалайды.

жүргізуші:

     Сонымен, жоғарыда айтылған ой-пікірлерді қорыта келе айтарымыз, мектеп пен жанұя арасында  тығыз қарым-қатынасты орнатып, тәрбиеші ұстаз бен тәрбиеші ата-ана арасындағы ынтымақтастықты қолға алып бірлесе жұмыс жасайық дейміз...   Бүгінгі ұрпақтың  ертеңгі елдің болашағы екендігін естен шығармайық.

 

        

Мемлекеттік рәміздер тарихы

$
0
0

Жезқазған қаласындағы №10 жалпы орта білім

беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

ДОСМАГАНБЕТОВА ЖУМАКУЛ АБСАМАТОВНА

Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттік рәміздер тарихы
Жай сөйлемнің түрлері (8- сынып)
Сабақтың мақсаты: Мемлекеттік рәміздер жайлы мәлімет
бере отырып, тілдік құзіреттілігін дамытуға жағдай
жасау, жай сөйлемнің түрлеріне шолу жасау.
Сабақтың міндеттері:
• Мемлекеттік рәміздер тарихынан мағлұмат алады.
• Тақырып бойынша топпен, жұппен, жеке жұмыс жасай алады.
• Ойларын жеткізе біледі.
• Жай сөйлем түрлерін ажырата алады.

І. Қызығушылықты ояту. «Ой қозғау» стратегиясы

• Қазақстан қандай мемлекет?
• Қазақстан Республикасының Президенті кім?
• Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін білесің бе?

ІІ. Мағынаны тану сатысы

«Түртіп алу» стратегиясы
1. Сөздерді оқып жаттығыңдар
Рәміз – символ
қолдану – пременять
мән – значение
ең алғаш – впервые
пайда болу – появиться
адалдық – справедливость
тазалық – честность
билік – власть
шекара – граница
шексіз – бескрайний
Мәтінмен жұмыс
«Мемлекеттік рәміздер тарихынан» тақырыбындағы мәтінді оқи отырып, белгімен жұмыс жасайды, орыс тіліне аударады.
«V» - білемін «-» білмеймін «+» жаңа мәлімет «?» тереңірек білгім келеді

Оқушы жұмысы тыңдалады.
«Жұптасыңыз, талқылаңыз, ортаға салыңыз» стратегиясы
Оқушылар жұптаса отырып (121 - тапсырманы орындайды) берілген сөз тіркестерін орыс тіліне аударады, сөз тіркестерін қатыстыра отырып сөйлем құрайды немесе сурет салады.
• Ең алғаш, көне ту, латын тілі, гералдина ілімі зерттейді, туымыздың түсі, көк түсті, жоғары баға берген, күн бейнесі, ұшқан қыран, ою өрнек.

Жұп пікірі тыңдалады.
2.«ДЖИКСО-1» стратегиясы
1-топ
1. Сөйлемдерді дұрыстап құрастырыңыздар
Міндеті /сыйлау-/ әрбір адамның /мемлекеттік рәміздерді.
2. Құрастырылған сөйлем айтылу мақсатына қарай қандай сөйлем?
Сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдырыңыздар.

2-топ
1. Тудың пайда болу тарихын айтыңдар?
2. Көп нүктенің орнына бастауышты қойып жазыңдар
... ертеден келе жатқан мемлекет белгісі.
3-топ
1. Геральдика деген не? Оның негізін салушы кім?
2.Төбемізде желбірей бер, туымыз!
Берілген лепті сөйлемді хабарлы сөйлемге айналдырыңыздар.

4-топ
1. Біздің туымызда не бейнеленген?
2. Мемлекеттік рәміздерге нелер жатады? сөйлемді хабарлы,
бұйрықты сөйлемге айналдырыңдар.

Топ пікілері тыңдалады.

ІІІ. Ойтолғаныс сатысы
«Ойтолғау»
1. «Мемлекеттік рәміздер – еліміздің қасиетті белгісі»

2. Тест сұрақтарына жауап беріңіздер
• Ұлттық ою-өрнек қайда бейнеленген?
а) Әнұран ә) Елтаңба б) Ту
• Шұғылалы күн қайда орналысқан?
а) тудың ортасында ә) Елтаңбада б) тудың сабында
• Шәкен Ниязбеков қай рәміздің авторы?
а) ту ә) Елтаңба б) Әнұран

Кері байланыс парағы толтырылады.

Үйге тапсырма: Мемлекеттік рәміздер тарихы. (іздену)
«Қазақстан» өлеңін жаттау, 1.2.5 тапсырма: сөйлем түрін
анықтау, салыстыру.

 

Шәкірттерім – ең қымбатты адамым,
Тілін тауып, жанын ұқтым баланың.
Мейірімге шөліркеген кездерде
Мөлдіреген пәк жанарға қарадым.

 

Көздерінен көрдім бақыт ұланның,
Мұрагері мынау байтақ даланың
Халық атты ұлы мұхит тамшысы
Әр шәкіртім – ең қымбатты адамым

 
Өзіндік сараптама

«Мемлекеттік рәміздер тарихы» тақырыбындағы сабағымның
мақсаты: Мемлекеттік рәміздер жайлы мәлімет
бере отырып, тілдік құзіреттілігін дамытуға жағдай
жасау, жай сөйлемнің түрлеріне шолу жасау.
Сабақтың міндеттері:
• Мемлекеттік рәміздер тарихынан мағлұмат алады.
• Тақырып бойынша топпен, жұппен, жеке жұмыс жасай алады.
• Ойларын жеткізе біледі.
• Жай сөйлем түрлерін ажырата алады.
Сабақтың түрі: «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасы
Сабақтың әдісі: «Түртіп алу», «Жұптасыңыз, талқылаңыз, ортаға салыңыз», «Еркін жазу» стратегиялары
Сабақтың техникалық құралдары: мультимедиялық кабинеттің қондырғылары.
Жалпы сабақ өту барысында алдыма қойған мақсатыма жеттім.
Сабақты бастамас бұрын оқушылардың қызығушылықтарын ояту мақсатында
«ой қозғау» стратегиясы қолданылды. Оқушылар
• Қазақстан қандай мемлекет?
• Қазақстан Республикасының Президенті кім?
• Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін білесің бе?
сұрақтарының төңірегінде жеке, жұптық, топтық жұмыстар жасады.
«Мағынаны тану» сатысында «Түртіп алу» стратегиясы қолданылды. Оқушылар
«Мемлекеттік рәміздер тарихынан» тақырыбындағы мәтінді оқи отырып, белгімен жұмыс жасады, орыс тіліне аударды.
«Жұптасыңыз, талқылаңыз, ортаға салыңыз» стратегиясы бойынша оқушылар жұптаса отырып ( тапсырманы орындайды) берілген сөз тіркестерін орыс тіліне аударды, сөз тіркестерін қатыстыра отырып сөйлем құрады, сурет салды.
• Ең алғаш, көне ту, латын тілі, гералдина ілімі зерттейді, туымыздың түсі, көк түсті, жоғары баға берген, күн бейнесі, ұшқан қыран, ою өрнек.
Жұп пікірі тыңдалды.
«Жигсо-1» стратегиясын қолдандым. Оқушылар төмендегі топтарға бөлініп, жұмыстар жасады: 1-топ
1. Сөйлемдер құрастырып, құрастырылған сөйлем айтылу мақсатына қарай қандай сөйлем екендігін түсіндірді, сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдырды.
2-топ
3. Тудың пайда болу тарихын айтты.
3-топ
1. Геральдика деген не? Оның негізін салушы кім? Сұрақтарына жауап беріп,
Төбемізде желбірей бер, туымыз! сөйлемін хабарлы сөйлемге айналдырды.
4-топ
1. Біздің туымызда не бейнеленген? Сұрағына жауап беріп, Мемлекеттік рәміздерге нелер жатады? сөйлемін бұйрықты сөйлемге айналдырды.
Ойтолғаныс сатысында
«Мемлекеттік рәміздер – еліміздің қасиетті белгісі» тақырыбында ойтолғау жазды.
• Бұл сабақтың ерекшелігі – оқушылар жеке, жұппен, топпен жұмыс жасады;
o Ойларын жеткізе білуге тырысты;
o Мемлекеттік рәміздер тарихы жайлы мәлімет алды;
o Оқушылар сабақта қызығушылық білдіріп, белсенділік танытып отырды.
o Жай сөйлем түрлерін ажырата алады.
Оқыту үрдісіндегі тиімді технологиялардың бірі - «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасы. Осы жобамен өткізілген «Мемлекеттік рәміздер тарихы» тақырыбындағы сабағым сәтті өтті деп ойлаймын.

 

Ана-біздің күніміз

$
0
0

Атырау облысы Атырау қаласы №24 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Аты жөні: Жанбырбай Гүлмерей Жалғасқызы

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ана-біздің күніміз»

 

 

8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне арналған тәрбие сағаты

                                                                                                                                                 

Тақырыбы: «Ана-біздің күніміз»

                                                                                                                               

Мақсаты:1.Жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту.                                        

2.Оқушының бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту.                                                                                                                    

3.Адамгершілікке тәрбиелеу.                                                                                                                            

Көрнекілігі: «Көктем-ана,қыздар-гүл»қабырға газеті,нақыл сөздер,балалардың шығармашылық жұмыстары.Сынып шарлармен,гүлдермен безендірілді.                                                                     

Бастаушы:Аналар көктемгі күндей жарқырап,гүлдей құлпырған гүл мерекелеріңіз құтты болсын! «Ана-біздің күніміз»атты мерекелік тәрбие сағатымызды бастаймыз.                                Хормен:                                                                                                                                                                           Сендерден өскен балалар,                                                                                                                                                  

Батырлар мен даналар.                                                                                                                                                    

Құттықтаймыз мейраммен,                                                                                                                                                           Құрметті абзал аналар.                                                                                                                                                                                                                                                    

1-оқушы:                                                                                                                                                                                                    Әлпештеген,аялаған                                                                                                                                        

Ақ сүт берген апатайым.                                                                                                                                     

Сәлем жазып бүгін саған,                                                                                                                                                   

Мерамыңмен құттықтаймын.                                                                                                                                                                                      

Хор: «Туған күніңмен».                                                                                                                                                                                  

2-оқушы:                                                                                                                                                            

Кім сендерді,балалар,сүйетұғын,                                                                                                                                  

Қуанышыңа қуанып,қайғыңа күйетұғын.                                                                                                                     

Түн ұйқысын төрт бөліп,кірпік қақпай,                                                                                                                     

Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.                                                                                                        

3-оқушы:                                                                                                                                                                       Кім сендерді,балалар,тербететін,                                                                                                                     Еркелетіп,ойнатып,сергітетін.                                                                                                                        

Жалқау болсаң,балалар,жаман болсаң,                                                                                                         

Қамқор анаң көз жасын көлдететін.                                                                                         

4оқушы:                                                                                                                                                                        

 Жүзімізге қараңыз,                                                                                                                                                                                       

Бал күлкілі баламыз.                                                                                                                                                   

Бізге қымбат күн-шуақ,                                                                                                                                               

Бізге қымбат анамыз.                                                                                                                                                    

5-оқушы:                                                                                                                                                                           

Әлпештеген баласын,                                                                                                                                                                                                          

Ана-бақыт,ана-күн.                                                                                                                                                           

Әркім сүйіп өзінің,                                                                                                                                                            

Мақтан етер анасын.                                                                                                                                                     

Қыздар тобы:би «Қамажай».                                                                                                                                           

6-оқушы:                                                                                                                                                                                 

Бойға қуат береді,                                                                                                                                                 

Әй,жарайсың дегені.                                                                                                                                                 

Мен анамнан әр кезде,                                                                                                                                                       

Соны естігім келеді.                                                                                                                                               

7-оқушы:                                                                                                                                                                                                                                                                               

Ойнаймыз,күлеміз,                                                                                                                                                               

Жарқылдап,жүреміз.                                                                                                                                                

Ананы сыйлаймыз,                                                                                                                                             

Айтқанын тыңдаймыз.

Вальс: «Шақырады көктем»                                                                                                                                                                               8-оқушы:                                                                                                                                                                                                 Қамқорсың ана өмірде,                                                                                                                                                         Қуатым сенсің көңілге.                                                                                                                                                Әлпештеп мені өсірдің,                                                                                                                                  Ұшармын ертең көгінде.                                                                                                                                      9-оқушы:

Бал – бөбегін мақтаған,

Мамам үшін мақтанам.

Аялайтын біздерді –

Көп жасасын жақсы адам.

10 – оқушы:

Ерлік, еңбек атқарған,

Еңбегімен мақтаған.

Ел сенімін ақтаған,

Айналайын ақ мамам.

Хор: «Ақ мамам»

 11 – оқушы:

Шуақ төгіп, күлімдейтін қарасам,

Анашымды күнге ғана баласам.

Жер бетінде ең жақыным өзіңсің,

Мәпелейсің, аялайсың әр қашан.

12 – оқушы:

Ардақты ана,Аяулы ана,қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.

Өміріме нәрін берді ақ сүтін,

Кең құшағың – аясындай гүл бақтың.

13 – оқушы:

Әже маған үлгі сөзіңіз,

Өнегесіз өзіңіз.

Жақсылыққа талпынар,

Біздің нағыз кезіміз.

Жақсы деген немене,

Жаман деген немене,

Осындайда әжетай

Айтыңызшы өнеге.

14 – оқушы:

Құртпен майын жинаған,

Балаларға сыйлаған.

Бұл әжемнің өмірі,

Таусылмайтын жыр маған.

Хормен:

Аналарды сүйеміз,

Ақылын ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

Ән: «Ақ әжем»

Хор: «Ана туралы жыр»

Құттықтау сөз аналарға, ұстаздарға беріледі.

 

«Ана тілі аруы» байқауы

$
0
0

                          «Ана тілі аруы» байқауы

Мақсаты: Ата-бабамыздың ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа сақтап келген асыл қазынасы – туған тілімізді қастерлеу, мәртебесін көтеру.       Көрнекілігі: «Ана тілі аруы-2014» жазылған плакат, тіл туралы ақын-жазушыларымыздың қанатты сөздері, мақал-мәтелдер, шарлар, мультимедия.              Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ұстаздар, оқушылар және көрермен қауым! Баршаңызды келе жатқан тіл мерекесімен құттықтаймын! Мектебімізде «22 қыркүйек Қазақстанда тұратын халықтардың тілдері» мерекесіне орай  «Мемлекеттік тіл-ортақ қазына» атты апталық өтуде. Осы апталықта белгіленген іс-шараның бірі «Ана тілі аруы-2014» байқауы болатын .                                                                                                                     -Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың…
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың! -деп Мағжан ақын жырлағандай,  құрметті ұстаздар мен оқушылар апталығымыздың бүгінгі күні 6,7,8 сыныптың қыз оқушыларымен өткізілетін «Ана тілі аруы-2014» байқауына қош келдіңіздер!

— Сайысымызды бастамас бұрын осы сайысты сарапқа салып, төрелік айту үшін қазылар алқасын сайлап алайық.

Әділқазылар алқасы:  (қазылар алқасын сайлап таныстыру)

  1. Есқұлова Жаңыл- оқу ісінің меңгерушісі

2.Нәсіпқали Айнагүл- тәрбие ісінің ұйымдастырушысы

3.Айтжанова Гүлмерек- кітапханашы
                     — Ана тілі  қазағымның қаймағы,
                     Тілің сенің өміріңнің айғағы.
                     Бүгін міне, тіл туралы сайысқа,
                     Әр сыныптың білгірлері шығады-дей келе сайысқа қатысушы аруларымызды қошеметпен  ортаға  шақырамыз.

  1. Түзгенбай Аққу 6-сынып оқушысы
  2. Абзал Райхан 6-сынып оқушысы
  3. Кенжеғұлқызы Дәнекер 7«а» сынып оқушысы
  4. Бекетқызы Мөлдір 7«а» сынып оқушысы
  5. Нұрнияз Жайна 7«б» сынып оқушысы
  6. Сәрсенбайқызы Самал 7«б» сынып оқушысы
  7. Кенжеғұлқызы Құралай 8- сынып оқушысы
  8. Сәрсенбайқызы Әсел 8-сынып оқушысы

Сайысқа қатысушы аруларымызға сәттілік тілейміз!

-Бүгінгі біздің сайысымыз 6 турдан тұрады:

  1. Таныстыру.
  2. Мәнерлеп оқу (өлең, поэма немесе көркем шығармадан үзіндіні нақышына келтіре оқу)
  3. Сөз тапқанға қолқа жоқ...(берілген үзіндіні жалғастыра отырып ой өрбіту)
  4. Менің шеберлігім өнермен астасқанда...(Үй тапсырмасы. Ас мәзірі)
  5. Білімді мыңды жығады...(сұрақ-жауап)
  6. Өнерліге өріс кең.

1.Таныстыру .

Тілді, тарихты, салт-дәстүрді ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып, сақтау - қасиетті борышымыз. Олай болса, әрдайым тілімізді аялап жүрейік деген тілекпен бүгінгі байқауымыздың 1-бөлімін  таныстыру бөліміне кезек береміз.

Беташарын сайысымыздың бастайық,
Көрерменді бір серпілтіп тастайық.
Таныстырсын аруларың  өздерін,
Өнеріне ду қол соғып қостайық.   Бұл бөлімде әрбір қатысушы ару өзін өлеңмен, қарасөзбен немесе әнмен көркемдеп таныстырады.

  1. Мәнерлеп оқу. (Өлең, поэма немесе көркем шығармадан үзіндіні нақышына келтіре оқу.Мәнеріне, оқу дикциясына, образға ене білуімен бағаланады)
  2. Сөз тапқанға қолқа жоқ...

Бұл сайыста берілген үзіндіні жалғастыра отырып ой өрбіту. Сайыскердің сөзді шебер қолдана білуіне, ой жүйелілігіне, сыни  тұрғыдан ойлауымен бағаланады.

            Үнтаспадан мәтін оқылады...

  1. Менің шеберлігім өнермен астасқанда...

Сайыскерлеріміз үйден ас мәзірін дайындап әкеледі. Оның құрамы мен жасалу жолын көркемдеп жеткізіп айтудағы тіл байлығымен, сөйлеу мәнеріндегі ерекшелігімен, тілді шұбарламауымен сипатталады

  1. Білімді мыңды жығады...

Қазақтың түрлі - түрлі дәстүрі бар,
Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.
Жауабын таба ма екен аруларымыз
Сол себептен қоятын сұрақтар бар.
Келесі кезең «Білімді мыңды жығар» деп аталады. Бұл бөлімде арулар 1 минут ішінде қойылған сұрақтарға нақты әрі тез жауап беруі тиіс.

Бұл бөлімде әрбір ұяшықта тіл мен әдебиеттен және мақал-мәтел бойынша 3сұрақтан берілген. Қатысушы ұяшық таңдау арқылы сұраққа жауап береді. Әрбір сұраққа 10 ұпайдан беріледі. Жауап толық әрі нақты болуы керек.

  1. Өнерліге өріс кең...

Өнерлінің өнерін
Тағы да байқап көрейік.
Жүйрік аттай желейік
Ән мен жырға кезек берейік.

Сайыскер өз өнерін көрсетеді. Ендеше кезекті өнерге берейік

Қорытынды

Қазылар  орнықтырар  әділдікті,
Кімдердің  жауаптары  кәміл шықты?
Білім мен тапқырлықтың сайысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.- дегендей байқауды қорытындылап, жеңімпазды анықтау үшін әділ қазыларға сөз береміз.

                         Ана тілсіз тарих та жасалмайды,
                           Ана тілсіз іс өрге аса алмайды
                           Желмаяның үстінде желіп тұрып;
                           Күңіренбеген тектен-тек Асан Қайғы –дей отырып бүгінгі   сайымызды аяқтаймыз.

  Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Туған тіліміздің мәртебесі биік, тұғыры мықты болсын! Алтын уақыттарыңызды бөліп келіп, тамашалағандарыңызға үлкен рахмет!

 

 

 

 

           Бағдарлама:

1.Таныстыру. (өлеңмен,қарасөзбен,әнмен)

 

  1. Мәнерлеп оқу (өлең, поэма немесе көркем шығармадан үзіндіні нақышына келтіре оқу)

 

  1. Сөз тапқанға қолқа жоқ...(берілген үзіндіні жалғастыра отырып ой өрбіту)

 

  1. Менің шеберлігім өнермен астасқанда...

Үй тапсырмасы: Ас мәзірі (Тағамды таныстырудағы тіл байлығы, сөйлеу мәнері, сөз қолданысына баса назар аударылады)

 

  1. Білімді мыңды жығады...сұрақ-жауап)

 

  1. Өнерліге өріс кең.

 

Viewing all 337 articles
Browse latest View live


<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>