Quantcast
Channel: Тәрбие сағаты - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all 337 articles
Browse latest View live

Қош бол, сүйікті Әліппе

$
0
0

Қарағанды облысы

Шахтинск қаласы

Әлихан Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі

Бастауыш сынып мұғалімі:

Калаубаева  Диана Мараловна

 

Тәрбие сағаты

Сыныбы: 1

Тақырыбы: «Қош бол, сүйікті Әліппе».

Мұғалім: Армысыздар құрметті қонақтар, ата-аналар! Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе». Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі- әліппені бітіру тойына хош келіпсіздер дей отырып, ертеңгілігімізді бастайық.
Жүру барысы:
Автор-Сымбат: Ерте, ерте, ертеде  ханшайымдар мен ханзадалар елі өмір сүріп жатыпты. Екі елдің балаларына ортақ екі оқымысты білім береді екен.  Екеуінің ойы тек біреу болыпты. Екі елді біріктіру.
Ханшайымдар мен ханзадалар елінің балалары білімді, өнерлі, талантты болып өседі екен.
Екі оқымысты ол балалардың білімдерінің, өнерлерінің бастауы «Әліппе» екенін жақсы біледі. Бір күні олар әрі ойлап, бері ойлап мынадай шешімге келеді.
Назерке (1 - оқымысты): - Е, достым бұл екі елді тек білім мен өнер ғана қоса алады. Соны ескеріп бір нәрсе ойлап табайық.
Наз (2 - оқымысты): - Оның дұрыс - ақ, әріптес. Олардың балалары жақында білім бастауы «Әліппемен» қоштасу кешін өткізеді.
Назерке: - Олай болса, сол кешті екі ел бірге өткізсін деп ұсыныс айтайық. Олардың жаңалыққа әрқашан жаны жақын.
Наз: - Жарайды, қоштасу кешін «бірге» өткізетінін айтып хабарлайық.
Назерке: - Уа, «Ханшайымдар» елі біз бір жаңалық айтқалы отырмыз. Биыл білім бастауы «Әліппемен қоштасу» кеші бірге  өтеді.
Наз: - Уа, «Ханзадалар» елі білім бастауы «Әліппемен қоштасу» кеші
бірге өтеді.
Автор-Сымбат: Міне сөйтіп екі елді көндіріп, үлкен тойды бірге  өткізбекші болады. Екі елдің балалары бұл тойға ұзақ дайындалды.
Сөйтіп той болар күнде жетті. Балалардың қуанышында шек жоқ.  Бұл тойдың аяғы немен аяқталатыны белгісіз. Оны алдын - ала болжамайық, одан да тойды бастайық.

Флешмоб

Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар, 
Әліппемен қоштасу тойымызға.

-Балалар, сендер 4 ай ішінде көп нәрсені үйрендіңдер 
-Осының бәрін үйреткен бізге? 
Оқушылар (хормен): 
-МЕКТЕП! 
- ӘЛІППЕ! 
- МҰҒАЛІМ! 
- АТА-АНА! 
Мұғалім: 
-Рахмет, шәкірттерім! 
1. Ақбота: 
Мектеп деген білім кені , жыр кені, 
Мектеп деген ғылымның ең үлкені. 
Мектеп деген тәрбиеші адамға. 
Мектеп деген даналардың мекені. 

2.Азат :
Мектебім- білім берер алтын ұям. 
Ер жетіп сенде сөзім, артты санам. 
Баулисын 4жыл бойы ата- анамдай. 
Әрқашан қасиетті атың маған. 

3.Дана: 
Армысың сен алтын ұя мектебім, 
Саған айтар жыр алғысым көп менің. 
Жүректерге жаққан білім шырағын, 
Мақтан етем сені мәңгі мектебім. 
4.Әнуар: 
Ұлылықты ардақ тұтар үнемі, 
Алтын ұя, ақ босаға киелі. 
Қанат қаққан білім алып өзіңнен, 
Күллі шәкірт саған басын иеді. 
5.Нуржан: 
Мектебім , алтын ұям , нұрың жарық, 
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып. 
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың, 
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып. 
6.Нурлан 
Мектеп – үйім , ұстазым менің – ата- анам, 
Сеннен өсіп, сеннен ғана нәр алам. 
Саяң ыстық , сен мәуелі бәйтерек. 
Тамырланып , сан тарапқа тараған  

Ортаға әліппені шақыру. Қош келдіңіз әліппе.

Әліппе:

Менің атым –Әліппе,

Мені анандай дәріпте.

Мені оқып ер жеткең,

Ағаң мемен әпкең де.

Армысыздар жас достар!

Армысыздар, ата-ана!

Болашаққа жол бастар,

Әліппең келді ортаға.

Мерекеңмен құттықтаймын

Бүлдіршіндер, балғындар!

Не үйреніп, не білдік

Кәне ортаға салайық

 Төрге шығыңыз балалардың сізге арналған ән, тақпақтарын қабыл алыңыз.

  1. Б.Қайрат:

Ең алғаш алғанымда «Әліппені» 

Қызығып қарай бердім әріптерді.

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,

Ұстазым оның кілтін алып берді.

2.Камила:

Әліппе-білім анасы,

Әліппе –кітап данасы.

Әліппе бетін ашпаған,

Адамның бар ма баласы?!

3.Мирас:

«Әліппем», менің «Әліппем»

Сені қолға алып мен.  

Есігін аштым мектептің,

Ертеңгі сәуле жарықпен.

4.Аселя:

 Ашыла берді алдымнан

Кең дүние есігі.

Соғылған сандар алтыннан,

«Әліппе»-білім бесігі.

5.Саян:

 «Әліппе»деген -алтын жол,

Апарар сені алысқа.

Жеңіл емес, ауыр жол,

Тырмысып бақ намысқа.

6.Аружан:

Оқуды көп ойладық,

Қызығына тоймадық.

Әріптерді үйреніп,

Сауат аштық, тойладық.

7.Ерназ:

Қош бол, құтты «Әліппем»           

Көп нәрсені үйреттің,

Таныстырып әріппен,                              

Тақылдатып сөйлеттің.

8.Карина:

Ізгілікті ойға тоқитын, 
Шәкірт боп үздік оқитын. 
Әліппе атты кемемен, 
Кеземін Білім мұхитын. 
-Қане, балалар әліппеге  «Әліппе» әнін орындап берейік.

-Ал, достар, бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар.

Мұғалім:

Балалар, енді біз ана тілі кітабын жалғастырамыз! Кәне, онымен жақынырақ танысайық!Ана тілін ортаға шақырайық.(Ана тілі келеді) 

Ана тілі:

Сәлеметсіңдер ме, менің жас достарым?

Туған тілдің тілімін,

Ақылымен танымал.

Түсіндірер бәріне

Ана тілі мен болам.

Мен сендермен танысқаныма өте қуаныштымын. Енді сендер бұрынғыдан да көп оқисыңдар. Әліппе саған балаларға

 Әріпті танытып, жазуды, оқуды үйреткенің үшін айтар алғысым шексіз.

Әліппе: Иә, Ана тілі, оқушылар тек менің арқамда ғана емес, өздерінің білімге деген құштарлықтарының арқасында осындай дәрежеге жетті деп ойлаймын. Солай гой балалар?

Балалар, мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарыңа сенемін.

-Міне, білімнің кілті - Әліппемен қоштасар уақыт та жақындады. 

Балалар хормен: 
-Жақсы кітап - ӘЛІППЕ! 
-Қош бол құтты ӘЛІППЕ! (Әліппе кетеді)

1.Р.Дильназ:

Ақыл-ойын адамның

Ана тілден аламын.

Ана тілім ардақты,

Ақ сүтіндей анамның.

 2.Жанэль:

Өсірген ой білімді,

Сүйем туған тілімді.

Мақсат етем әр сөздің

Мәнін  терең білуді.

3.Жанерке:

Ана тілім – ұраным,

Ана тілім – құралым,

Ана тілім – болмаса

Мықты болмас тұрағым.

 4.Т.Қайрат

Ана тілім – елдігім,

Ана тілім – ерлігім.

Ана тілім – болмаса

Бүтінделмес кемдігім.

1.Алдияр:

Білімнің кілтіндей

Әліппе ұстатқан

Оқуға іркілмей

Тоқуға ұстартқан

Қамқоршы ұл қыздың

Мұғалім-ол біздің

2.Акмаржан:

Қиынға төзуге

Үйреткен қашанда

Жаманнан безуге

Жақсылық жасауға

Қамқоры ұл, қыздың

Мұғалім-ол біздің

-Балалар, сендер үшін түн ұйқысын төрт бөліп, қуансаң-қуанып, ренжісең-жұбататын асыл адам–Ана!  -Ана- біз үшін ең ардақты адам. Ананы сыйлау-біздің парызымыз. 

3.Мадениет:

Дүниеге әкелген, ол да сенің анашың, 
Ақ сүт беріп өсірген , ол да сенің анашың. 
Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың, 
Мәпелеген баласын, аман болсын анашым! 

4.Молдир:

Ата-анаға еркелеп, 
Ортасында өстік біз. 
Жақсы оқып, қуантып, 
Бестік күнде алдық біз.... 

1.Манас:
 Атам, әжем, әкем, анам

 Төртеуі де Отан маған

Төртеуі де ботам дейді

Мақтанамын Отаныммен

Отаныма ботамын мен.

  1. С.Дильназ:
    Отан – анам

Отан – әкем

Осы сөзім қате ме екен,

Қате болса неге біздер

Дейміз оны Атамекен.

3.Нұрболат:

Отан менің ата-анам

Отан досым, бауырым

Отан өлкем Астанам

Отан туған ауылым

Отан демекші отанымызға отан әнін тарту етейік.

Ән: «Отан»

Мұғалім:

-Қымбатты оқушылар, сендерді  мектептегі алғашқы жетістіктеріңмен құттықтаймын! Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын дей отырып, келесі сөз кезегін  мектебіміздің  директоры Есмаганбетов А.М. беріледі.

Ал осымен ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Келіп қуанышымызбен бөліскендеріңізге көп рахмет!

 

 


Тіршілік үшін күрес, оның себептері мен түрлері.

$
0
0

 

 

Қарағанды облысы

Шахтинск қаласы

Ә.Бөкейханов атындағы

мектеп-лицей

биология пәнінің мұғалімі:

К.А.Нурпеисова

 

Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні

Нурпеисова К.А

9 «А»  сыныбы

 
   

       №24 кабинет

Сабақтың тақырыбы

Тіршілік үшін күрес,  оның себептері мен түрлері.

Сілтеме

Биология 9 сынып оқулығы. Алматы. «Атамұра» 2013. М.Қ.Гильманов, А.Р.Соловьева

Жалпы мақсаты

Оқушыларға тіршілік үшін күрес түрлері, себептері, ерекшеліктері, өміріндегі және қоршаған ортадағы  маңыздары  туралы өзбеттерінше білім алуларына жағдай жасау.

 Міндеттер:

 

- оқушылардың  сұрыптау түрлерін  және  тіршілік  үшін  күрес  туралы  алған  білімдерін  жетілдіру; күрестің  рөлі  мен оның  себептерін анықтау  арқылы  талдап  түсіндіру; 

дамытушылық: шығармашылық ізденістерін арттыру,бірлесіп жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру;өзінің және жолдастарының білімін бағалай алу.

тәрбиелік:  түсініктер бойынша жергілікті  жануарларды  мысалға  ала  отырып,қазақ халқының салт-дәстүрін,ұлттық өнерін насихаттау.

Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері

1.Оқушылардың бірін-бірі оқытуы арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығу;

2.Мұғалім оқуға бағыттап отыру;

3.Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау;

4. Тіршілік үшін күрес  жайлы түсініктердің пайда болуы.

Сабақта туындаған негізгі идеялар

1. Тіршілік үшін күрес түрлерін анықтау.

2. Жаңа  теориялық ақпаратты  беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау.

Тақырыбы:  Тіршілік үшін күрес және оның түрлері.

Табиғи сұрыпталу  түрлерімен, ерекшеліктерімен танысу

 

Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалімдер мен оқушылар іс-әрекеті.

Оқушыларды ұйымдастыру, сәлемдесу  /1-2 мин/

СТО сұрақтары

Сабақ барысында жасаған мұғалім мен оқушының іс-әрекеті

Сабақтың маңыздылығы не?

-оқушылар не алады?

-бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?

-өмірден алған тәжірибесінің әсері?

-сабақтың болашақта  оқушыға қандай пайдасы бар?

Оқушылар өтілетін тақырыпты келтіріп шығарады

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды топқа бөлу. Оқушыларды 3-топқа бөлу:

1 топ- «Табиғи сұрыпталу

2-топ- «Қолдан сұрыптау»

3-топ-«Тіршілік  үшін күрес» . /2 мин/

 

 

Сын тұрғысынан  ойлау үшін мүмкіндіктер

-еркін ойлауға қандай мүмкіндіктер жасалды?

-өздігінен ізденуге қандай мүмкіндіктер жасалады?

І. Қызығушылығын ояту Слайд1,2

 Мұғалім: ІІ. Өткен сабақтарды қайталау «Бинго ойыны»

Әрбір топтан бір оқушы шығып бір ұяшықты тандап ұпай сандарын жинап сұрақтарға жауап береді.

(5 минут)

Қызығушылығын ояту мақсатында жылдам сұрақтар:

1. Эволюциядағы табиғи сұрыпталудың рөлі неде?

2. Тұқым қуалау мен модификациялық өзгергіштіктер арасында қандай айырмашылық бар?

3. Зоология философиясы еңбегінің авторы?

4. Түрлердің шығу тегі еңбегінің авторы?

5. Табиғи сұрыпталу теориясының авторы?

6. Эволюцияның негізгі қозғаушы күші?

Мағынаны ажырату сатысы (жаңа ақпарат)

-оқушыларды белсене қатыстыру

-стратегияларды жүйелі қолдану   арқылы оқушылардың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жа-сай білу, баяндау және қызу ой талқысын жасай білу қабілеттерін жетілдіру жолдарын беру)

-оқушылармен бірлесіп жұмыс жасау, қарым-қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білу

-оқулықтан басқа ақпараттар көзін ашу

- оқушыларды белсенділігін арттыру

ІІ. Мағынаны тану

ІІІ.Жаңа сабақ

1. -«Тіршілік  үшін  күрес» - тірек сызбасымен жұмыс

                                       Тіршілік  үшін  күре

Түраралық                   Түрішілік               Сыртқы  ортамен

 

(Мысалдар келтіру)

2. 1Жабайы табиғат» Суреттермен жұмыс.Күрес түрлері бойынша анықтау,түсіндіру.

 Топ оқушылары постер қорғап, бірін-бірі бағалайды.

 

                                                       А) Блиц турнир

Сұрақтарға  тез жауап алу.Жасырылған сұрақтарды әр топ түстер бойынша таңдайды.

Қызыл түс:

1.Топтағы  біріншілікке жататын тіршілік үшін күрес.

2.Алғашқы эволюциялық теорияның авторы

3.Жыртқыш пен құрбандық арасындағы күрес түрі.

4. Бір түр дарақтарын алуан түрлі етіп өзгертуі. 

Көк түс

1.Тірі ағзалардың өлі табиғатпен күрес түрі.

2.Эволюция себептерін дұрыс көрсеткен ғалым.

3.Ұзақ уақыт бойы тірі ағзалардың біртіндеп жетілу үдерісі.

4.Дарақтар,түрлер санының кемуі,таралу аймағының тарылуы. 

Жасыл түс

1.Тірі ағзалардың өлі табиғатпен күрес түрі.

2.Эволюция себептерін дұрыс көрсеткен ғалым.

3.Ұзақ уақыт бойы тірі ағзалардың біртіндеп жетілу үдерісі.

4.Дарақтар,түрлер санының кемуі,таралу аймағының тарылуы. 

1-топ 1-Түрішілік 2-Ламарк 3-Түраралық 4-Өзгергіштік

2-топ 1-Линней 2-Сұрыптау 3-Түрішілік  4-Биологиялық өркендеу

3-топ 1-Абиоздық 2-Дарвин 3-Эволюция 4- Биологиялық кері кету

Толғаныс (рефлексия)

-сабақта үйренгендерін бекіту, қолдану жолдарын беру

-жаңадан үйренгенін пайдалана отырып, білімін жүйелеу

жауап шешімі осыған байланысты жұмыстар беру арқылы түсінік деңгейін тексеру

ІІІ. Ой қорытынды

Тестілеуді дайын кілті арқылы тексеріледі.Өзара тексеріп, дұрыстайды.

1.Алғашқы эволюционист   А) Ж.Б.Ламарк  В)И.Дарвин  Д)К.Линней 

2.Жаңа қолтұқымдар,іріктемелер жасайтын шығармашылық үрдіс. 

А) әдістемелік В) санасыз  С) табиғи

3.Күтімнің ауысуына байланысты өзгеретін өзгергіштік

А) Жеке   В) Топтық  С) Комбинациялық 

4.Эволюцияның  атасы

А) Ж.Б.Ламарк  В)И.Дарвин Д)К.Линней

5.Малдың еттілігін,сүттілігін арттыру

А)Табиғи сұрыпталу    В)Қолдан сұрыптау   С)Санасыз сұрыптау

6.Тұқым қуалайтын өзгергіштік

А)Жеке   В) Топтық  С) Комбинациялық 

7.Жаңа формалардың түзілу процесінің негізгі принципі

А)Тұқым қуалау  В) Сұрыптау С) өзгергіштік

8.Раушангүлдің жабайы тегі

А) Раушан  В) Жүзім С) Итмұрын

9.Үздіксіз жүре беретін сұрыптау түрі

А) Қолдан  В)Жеке  С) Табиғи

10.Бұғылардың негізгі азығы:

А)Арктикалық қына В)Кладония С)киіз қына 

 

Бүгінгі сабаққа сараптама

Биология пәнін таңдамаған оқушыларға тіршілік үшін күрес түрлерін анықтау үшін 10 сұрақ.

1.Жануарлар арасындағы мекенжай үшін талас.

2.Араластырып еккен әртүрлі өсімдік дақылдарының бірі жақсы,екіншісі нашар дамуы.

3.Бунақденеліліер мен құстардың өзара қатынасы.

4.Шөл жерде өсетін өсімдік жапырағының тікенекке айналуы.

5.Құстрдың ұя салатын орны үшін таласуы.

6.Өсімдік жапырақтарының өте шырынды болуы.

7.Шалғынды жердің өсімдіктерінің біркелкі дамымауы.

8.Сыртқы орта жағдайы біркелкі блсада ағаштардың біркелі болып өспеуі.

9.Өсімдіктің айналаға жағымсыз иісті бөліп шығаруы.

10.Жыртқыштар мен жемтіктерінің өзара қатынасы.

Бағалау түрлері

-      оқушының өзін-өзі бағалауы;

-      топтық өзін-өзі бағалауы;

-      мұғалімнің бағалауы;

-      жалпы бағалау;

-      критерийлер арқылы бағалау

VIII.Оқушылардың білімдерін бағалау.

Бағалау: /4мин/ Өзін-өзі және достарын бағалау парағы

Оқушының аты-жөні____________________________________

Оқушының аты-жөні

Сыныптасыңды бағалау

Мұғалімнің бағалауы

1

 

 

 

2

 

 

 

3

 

 

 

4

 

 

 

-сабақты қалай аяқтауды жоспарлау

Тапсырмалар орындау арқылы аяқтау

Сабақты аяқтау түрлері

-бір пікірге келу...

-өз пікірін дәлелдеу...

-үйде жалғастыру...

 

Үй тапсырмасы: Үйге тапсырма:пар. 40  оқу, сұрақтарға жуап беру. Эссе жазу «Жануарлардың маңызы»

                                  /1,5 мин/

45 мин. Сабақтың соңы

Сабақ барысын ұйымдастырудағы қосымша іс-әрекеттер немесе сабақ бойынша өзгертулер

-оқушы алған білімінің  деңгейін  қандай дәлел арқылы білуге болады?

- оқушының білмегенін жеткізе аламыз ба?

-мүкіндіктер мен уақыт жеткілікті болды ма?  

оқушының белсенділігі, оған деген сенім, бірігіп жұмыс жасау ынтымақтастық арқылы  дәлелдей аламын. Мысалы: топтардың суреттерді талқылап, салыстыра алуы, жұмбақтар шешу, мәтіндегі анықтамаларды түсініп нәтижесін флипчартта салу, жазу арқылы ғана түсіндіруге болады. Мұнда  оқушылар ынтымақтаса отырып білім беру үдерісіне белсенді араласуы, жеке тұлға ретінде өз-өзіне сеніммен қарап жұмыс жасауы(өзін-өзі бағалауы), білім берудегі жаңа мүмкіндіктерді (достарымен бірге жұмыс жасау) пайдана алды. Бұл жердегі ең негізгі принцип сенім білдіру мен ынтымақтастық болды.

 

-қандай әдіспен олардан топ құрамын? (білім деңгейі, өз қалаулары, өзара үйрету топтары)

1.Топтарды құрастыру кезінде алдын ала іріктеу және саралау жүргізілген жоқ. Топтар сол сабақ үстінде ойындар арқылы топқа бөлінді.

2. Барлық оқушылар үшін тапсырмалар бірдей деңгейлі қиындықтары бар.

3. Бұл арада мұғалім балаларға сеніп, олардың білімін арттыру, кеңейту жайлы ғана іс-әрекеттер жасады. Мұғалімнің мақсаты мен міндеті әр бала- ның өзінің қабілет  қарымын аша түсуге күш салдым.

             

                                      

Оқушының аты-жөні____________________________________

Оқушының аты-жөні

Сыныптасыңды бағалау

Мұғалімнің                                          бағалауы

Үй    жұмысы

Деңгейлік тапсырмар

Тест

1

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

4

 

 

 

 

 

5

 

 

 

 

 

6

 

 

 

 

 

7

 

 

 

 

 

8

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Отбасым - бақыт мекенім.

$
0
0

 

Шығыс Қазақстан облысы

Семей қаласы Мұқыр ауылы

Түрксіб жалпы орта білім беретін мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Қасымова Нагима Ыбыжановна

 

 

Тақырыбы: Отбасым - бақыт мекенім.
Мақсаты:оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу.

Әдісі:әңгімелеу, сұрақ-жауап .

Көрнекі құралдар: отбасы туралы мақал-мәтелдер, нақыл сөздер.

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу назарын аудару. Психологиялық ахуал туғызу(психолог)

Қане, қане, тұрайық,    Үлкен шеңбер құрайық.

 Тұрсақ үлкен шеңберге,    Алақанға ұрайық.

-Армысыздар құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар. Әкең-қазақ, шешең-қазақ, қарағым,  Сен де ұлысың мынау дархан даланың  Әр халықта ұлттық намыс деген бар,
Оны биік қасиет деп санағын, дей отырып бүгінгі біздің «Отбасы-бақыт мекені » салтанатты жиынға қош келіпсіздер.
Салтанатты жиынды ашып беру үшін сөз кезегін мектеп директоры............беріледі.
Тарқалмасын қызықтың шағы қызған
Жана берсін бақ артып бағыңыздан
Құрметпен ұсындық сізге сөзді
Ақтарылып көріңіз ағыңыздан дей келе
Отбасы-мемлекеттің негізгі буыны.
Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген
сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалымен қалыптасады.
«Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен,
тәрбие бесігі отбасынан бастау алады.
Отбасының тірегі әлпештеген әке мен аялаған ана.
Ата - анаға, үлкенге қызмет етіп, әкенің еңбегін, ананың ақ сүтін өтеу – біздің борышымыз. Ата - ана - отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады.
Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы
шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық-суығына
бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді.

 

Ана есіміне қатыссыз дүниеде қаситетті ештеңе жоқ.Сондықтан ананы ардақтаимайтын халық та жоқ.Халықтың халықтығының басты нышаны-туған елінің тілін үйретіп, сазына қандыратын да ана.Өмір есігін жаңа ашқан нәрестенің бойына туған елінің рухын сіңіретін, балбыратып уататын тұңғыш тәтті сазы, жылауын қойғызатын ән өлеңі де сол ана бесікке сүйеніп отырып емірене айтатын бесік жыры дей келе ортаға отбасыларды шақырамыз.
Мерейлі отбасы ........Ахмадиевтер . (қошемет).Енді назарымызды Гүлназ Жолдыбаевна дайындаған бейнебаянға  аударамыз......

«Басқаның жұмағының қайда екенің білмеймін, өз жұмағым үйімде.» деген отбасы

1.Отбасыңызда бала тәрбиесімен кім айналысады?

  1. Баланың теледидар мен қарым-қатынасы қалай?
  2. Бала тәрбиесі жөніндегі көтерілген мәселені кім шешеді?

Берекелі отбасы .......    Дәулетхановтар. «Үйге балаларым келсе, барлық дүнием түгел» Садиканованың видеобаяны.

Сұрақтар:

1.Тәрбие ісінде отбасының рөлі қандай деп ойлайсыз?

  1. Сіз мерекелерде балаңыздың дайын сыйлық бергенін қалайсыз ба? Әлде өз қолымен жасаған бір затын сыйлағанды жөн көресіз бе? Неліктен?
  2. Балаңыздың қандай да бір жат қылықтарын көрсеңіз, қалай тәрбиелер едіңіз?

Жас отбасы ......Шынболат. Жұмабаева монтажы.«Келешек көзі – балада» деп өсіріп келеміз.

           Ең алдымен қандай тәрбиеге ерекше көңіл бөлер едіңіз?

Баланы сенің қолыңнан келмейді, кедергі жасама, теледидар көр, демал деп шеттететін ата- аналарға не айтар едіңіз?
Отбасында баланың бос уақыты қалай өтеді?

Ата –аналар және балаларымен ойын ұйымдастыру

Мақал – мәтелді жалғастыр.

1.Әдепті бала ата – анасын мақтатар,… ( әдепсіз бала ата –анасын қақсатар).

2.Ана сүтін ақтамағанды ,…  ( ешкім мақтамайды)

3.Әке тұрып ұл сөйлегеннен без,… (шеше тұрып қыз сөйлегеннен без)

4.Қарағайға қарап тал өсер,… (қатарына қарап бала өсер)

5.Үйінде ұл – қыз бардың,… (көгінде сөнбес жұлдыз бар)

6.Атаңа не қылсаң ,… (алдыңа сол келер)

7.Ұяда не көрсең ,… (ұшқанда соны іленсің)

8.Әдепті бала — арлы бала,… (әдепсіз бала – сорлы бала)

«Тығырықтан шығу» тақырыбында жағдаяттық сұрақтар.

  1. Саған мұғалімің сеніп, жауапкершілігіңді бағалап ертеңге жұмыс тапсырды. Бір себептермен сен ол жұмысты орындап бола алмадың. Не істейсің?
  2. Сыныпта тәртібі нашар, сабақ үлгерімі төмен оқушы бар. Ол оқушыға көз қарасың қандай. Сыныптас досың ретінде не айтар едің?
  3. Сенің адал досың бар. Оның көңіл-күйі болмай бір жағдаятқа өте алаңдауда. Сенің досыңа көмектесіп көңілін көтергің келеді. Сенің әрекетің, не істейсің?

   Тәрбие — отбасынан басталады, сондықтан болашақ ел ертеңі жас ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен жанұяда, ата-ананың ықпалымен қалыптасады. Отбасындағы әрбір адамның туыстық қатынасқа байланысты міндеттері, парыздары бар. Отбасының, жанұяның екі тірегі- әлпештеген әке мен аялаған ана.

     Қорытындылай келгенде, отбасының қоғам мен мемлекет тіпті күллі адамзат алдындағы атқаратын қажеті сан қырлы. «Отан отбасынан басталады» десек, адам тәрбиесі – Отанды сүю, өмірге құштарлық, сұлулықты тану бала кезден жанұяда басталатыны баршаға аян.«Дәстүрге арқа сүйемегеннің көсегесі көгермейді» деген атамыз. Жанұя- адам баласының өсіп өнер, қаз тұрар, қанат жаяр алтын бесігі. Өз жанұяларыңды құрметтеп, сыйлаңдар.

 

 

Есімде Ауған соғысы

$
0
0

 

                         «Есімде Ауған соғысы»

Мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу
Тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды
Отансүйгіштікке, ерлікке баулу, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету
Көрнекілігі: Проектор, экран, компьютер,слайдтар
Жоспары:
І. Ерлік сабағының ашылуы
ІІ. Қонақтарды таныстыру
ІІІ. «Ауған ақиқаты». Ауғанстан соғысы тарихына
қысқаша мәлімет
ІҮ. «Ардагермен сұхбат»
Ү. Қорытынды.

Барысы:
1 – жүргізуші
Құрметті қонақтар, Ұстаздар мен студенттер! Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 25 жыл толуына орай және Интернациолист жауынгер ағаларымыздың құрметіне арналған «Есімде Ауған соғысы» атты кездесу кешімізге қош келдіңіздер!

1 – жүргізуші:
Жаулардан қарсы келген жасқанбаған
Жасаған ерлігіне мастанбаған.
Ұрпаққа өмір жолың өнеге боп,
Тарихта ардагерлер асқан бағаң – деп батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз біздің ортамызда. Бүгінгі кешке қатысушы қонақтарымызбен таныстырайық._______________________________________________________________________________________________________________________________________________________

І. Еске алайық, құрметтейік құрбандардың рухын,

Қабірлері нұрға орансын, суық көрде жылынсын

Есіл ерлер ескерткішке айналсаңда біз үшін

Мәңгі бақи тірісіңдер, тірісіңдер, тірісіңдер!

  Ауған соғысында қаза тапқан батыр ағаларымызды орнымыздан тұрып 1 минут  үнсіздікпен еске алуыңызды сұраймыз. 

Рахмет отырыңыздар! 



ІІ. «Ауған ақиқаты». Ауғанстан соғысы тарихына қысқаша мәлімет
1 – жүргізуші
Ауғанстан жеріндегі соғыс тарих беттерінде өзіндік із қалдырды. Тарих бетінен сызып алып тасталмайтын бұл соғыстың қысқаша тарихын сөз етейік.
Студент:___________________________________________________________________
Алдымыздағы ақпанның 14 - інде КСРО әскерлерінің Ауғанстан жерінен шыққанына 25 жыл болады. Ауғанстанға армияны енгізу туралы шешім 1979 жылдың 12 желтоқсанында Кеңестер Одағының Коммунистік партиясының Орталық Комитетінің Саяси бюросының отырысында қабылданып, аса құпия қаулымен бекітілді. Қызыл Армияның шектеулі континенті он жыл бойы ауған халқымен бірге соғыс әрекеттерін жүргізді. Ауғанстан жерінде интернационалдық борышын атқарған Қызыл Армия жауынгерлерінен басқа да, көптеген қауіпсіздік қызметінің және ішкі істер органдарының қызметкерлері де болды.
1986 жылдың ақпанында болған КОКП ХХҮІІ съезінде М. Горбачев әскерді кезең - кезеңге бөліп, ауған жерінен шығару керектігін мәлімдеді. 1989 жылы ақпанның 14 күні КСРО – ның соңғы әскери бөлімі Кабулдан шықты.
«Ауған соғысының табиғаты да тарихы да өзгеше. Ол уақытта 18 бен 20 – ның арасындағы өрімдей жастар, бас - аяғы 22 мың қазақстандық өзге азаматтар мамыражай тіршілік етіп жатқан кезде бөтен елде өздерінің ел алдындағы борышын өтеді. Соғыс деген қаралы ұғым. Ауған соғысында мерт болғандар мен ардагерлердің алдында қашанда бас иеміз»,- Ауған соғысына КСРО құрамына 22 000 қазақстандық қатысты. 2 238 күнге созылған соғыста 924 қазақстандық мерт болып, 1015 жауынгер мүгедек болып қайтты. 21 адам хабар – ошарсыз кетті. Он жылға тарта созылған бұл соғыстың аяқталуы да ауыр болды. Біздің білетініміз 15 ақпан 1989 жылы 40- армияның Ауған жерінен генерал Борис Громовтың шығуы еді. Шын мәнінде оқиға басқаша болған. Соғыс бітсе де шекаралар мен негізгі құрамалар қалдырылған. Соңғы шығушы қазақстандық офицер Виктор Харичев басқарған шекарашылар. Олар ешқандай сән – салтанатсыз. Құшаққа алған гүлдерсіз Ауған жеріндегі соғыстың ақырғы нүктесін қойды. Өкінішке орай бұны әркім біле бермейді.
 

2 – оқушы:
КСРО әскерлерінің Ауғаныстан жерінен шыққанына 25 жыл толуын атап өту қарсаңында «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»  атты Жолдауында  Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің мақсат-мүддесіне, болашақ ұрпақтарға зор көңіл бөледі.  Ең алдымен айтарым, адам баласын жақсылыққа үміттендіріп, жақсылыққа жетелеген лазым. Жамандықтың бір кілті ашылса, адамның да, қоғамның да қалған өмірі күреспен өтеді. Елбасының биылғы Жолдауы Қазақстанның әлемдік деңгейдегі беталысы мен бағытын айқындап берді. Президентіміз Жолдауын жастарға арнады. Шын мәнінде, бүгінгі жастар өзгеше. Тәуелсіз елдің төл перзенттері, санасы тәуелсіз, ойы озық, білімі асқақ азаматтар. Жастар жауапкершілікпен қатар, ауыртпашылықты да сезінуі керек.

1 – жүргізуші:
- Осыған байланысты қазіргі жастарға қойылатын талап өте жоғары деңгейде екенін біле отыра жастардың білім алуға, еңбекке деген, Отан қорғауға деген жауапкершілігі қаншалықты деңгейде екені жайлы ой бөлісе отырсаңыздар

ІІІ. «Ауған соғысы» бейнефильм көрсетіледі.

1 – жүргізуші:
«Ерлік - жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жауызымен елге аман – сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымызбен кездесіп, бүгінгідей сұхбат жүргізу – біз үшін бір ғанибет.

ІҮ. Ардагерлерге оқушылар сұрақтар қояды.
- Қазіргі бейбіт заман сарбаздарынан қандай батырлық, ерлік қасиеттерін көріп жүрсіз?
- Өз тәжірибеңізден қазіргі жастар өз елінің патриоты ретінде қандай болу керек деп ойлайсыз?
- «Ерлік, батырлық, жауынгерлік» ұғымдарын жастар арасында қалай насихаттаған дұрыс деп ойлайсыз?
1 – жүргізуші:
Ауғанстаннан кеңес әскерлерінің шығарылғанына 25 жыл өтсе де, сол кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыс жарасынан айыға алмай келеді. Бүгін өзімізбен бірге Қызылжар елінің көсегесін көгертуге атсалысып жүрген ауғандық ардагер жауынгерлерді қадірлеп – құрметтеу – біздің борышымыз.

 - Жүргізуші:
- Өтер жылдар, айлар тағы алыстап
Тағдыр талай тауқыметін табыстар.
Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың
Ауғандағы азап шеккен арыстар - деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, замандарға жалғаса береді. Бұған дәлел бүгінгі ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлеріміз, бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстарға белсенділіктері, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектері ұмтылмақ емес.
Сонау Ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған сын сағаттарда бірін - бірі бауыр дескен азаматтар бүгінгі таңда еліміздің түкпір - түкпірінде еңбек етуде. Аяулы ағалар уақыт тауып келгендеріңізге рахмет! Сіздерге ұзақ ғұмыр, денсаулық, жанұяларыңызға бақыт тілейміз! Аспанымыз ашық болсын, бейбіт өмір жасай берсін

 

Есімде Ауған соғысы

$
0
0

ШҚО Семей қаласы Мұқыр ауылы

«Түрксіб жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

бастауыш сынып мұғалімі

Мукатова Айжан Муратовна

 

 

Тақырыбы: «Есімде Ауған соғысы»

Мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру. Ауғанстанға қатысқан батырлардың ерлігімен, қаза болған батырлардың ерлігімен таныстыру. “Ауған соғысы” – жайлы тереңірек біліп тану, соғыс ардагерлерінен мәлімет алу. Арамыздан азайып бара жатқан ауған соғысының ардагерлерін ардақтап, үлгі-өнеге алуға тәрбиелеу.

Тәуелсіздік жолында күрескен аға-апаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, өз елін, туған жерін қадірлеуге, аға-апаларымыздың ерліктерін қадір тұтуға тәрбиелеу.

Әдісі: түсіндіру, әңгіме-сұхбат жүргізу, ой бөлісу.

Көрнекілігі:  Тақырыпқа сай слайд. Интерактивтік тақта, «Ауған соғысы» жайлы видеофильм,

 Барысы:

  1-жүргізуші:

  • Армысыздар қымбатты ұстаздар, оқушылар және бүгінгі кездесуіміздің  аса құрметті қонақтары!

         Құрметті қонақтар, сол кезде қатерге бел буып, батырлықпен, қайсарлықтың үлгісін көрсетіп, қаһармандық танытқан, өздерінің Отан алдындағы парызына адал болған Ауған соғысының ардагерлеріне арналған «Есімде Ауған соғысы» атты сыныптан тыс тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

 Бүгін бізге Ауған соғысының ардагері Дауленов Рымхан Қыйбадатович кездесуге келіп отыр.

  Ауған соғысында қаза тапқан батыр ағаларымызды орнымыздан тұрып  1 минут үнсіздікпен еске алайық.

Рахмет отырыңыздар.

Рината

Жаулардан қарсы келген жасқанбаған

Жасаған ерлігіне мастанбаған,

Ұрпаққа өмір жолың өнеге боп,

Тарихта ардагерлер асқаң бағаң.

Жақсылық

Қызығы балалықтың тарқамаған,

Кезінде-ақ әр ауылдан, әр қаладан

Аттанып қан майданға сендерсің ғой

Соғыстың бар азабын арқалаған.

Шындыққа сендердің де бар таласың

жалтақ ақын болмайды, арқалы ақын.

Басылмай Отанға деген махаббтың,

Ел жүгін азамат боп арқалайтын.

Сұлтанбек

Армысыңдар, ауғандық жауынгерлер?

Жырым бар жараланған жаныңды емдер

Өлгендердің жәннатта болсын жаны,

Тірілерің мың жаса, дәуірлеңдер,

Ерлік қылған аталарым аспан асты, ер үсті,

біз сәндікке кимейміз деп- шалбар менен бөрікті.

Отан ана-алдындағы өтейміз деп, - борышты

Аттандыңдар, атқардыңдар соғысты.

Тарих куә өткенменен ,кеткенге

Қан майданда қара қанды төккенге,

Ұлтым деген ұлдарымның еңбегі.

Көркеюмен осы күнге жеткенге

Айжан

Тым ертерек көшті, ағалар арманың,

Бейбіт елді сырт жаудан қорғадыңыз.

Ерлік ісің ұрпаққа үлгі болыпты,

Қыран құстай биікке самғадыңыз.

Мөлдір

Жақын еді елге қайтар күніңіз,

Қуаныштан күлімдеді-ау жүзіңіз,

Сұм дұшпанның атқан оғы дәл тиіп,

Түге айналды-ау жарқыраған күніңіз

Амина

Еске алып құрметтейміз,

Құрбандардың рухын

Қабірлері нұрға толсын.

Суық көрде жылынсын.

Есіл ерлер ескерткішке.

Айналсаң да біз үшін

Мәңгі бақи тірісіңдер, тірісің!

Өтер жылдар уақыт тағы алыстап

Тағдыр талай тауқіметін табыстар.

Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың,

Ауғандағы азап шеккенг арыстар- деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамады, ерлік өлмеді, замандар жалғаса берді. Оған дәлел дәл бүгін ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлеріміз, бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстарға  белсенділікпен ат салысуда.

1-жүргізуші:

  • 1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғанстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс – зұлымдық, Жазықсыз төгілген қан, Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі – Ауған соғысы.

  2-жүргізуші:

-10 жыл бойы байтақ елдің тыныштығын бұзып, бұл дүниеден бейхабар періштедей жаны пәк сәбилердің шырылын щыңыруға шым батырған Ауғанстандағы сұрапыл соғыс 9 жыл 10 айға созылды.

Қазақстаннан  Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 761-і қаза тауып, 21 адам хабарсыз кетіпті. Бүгінгі таңда елімізде 10000 - ға жуық ауған ардагерлері бар. Олардың 3000 - дайы мүгедектер қатарында екен.

  • Міне, Ауған соғысының аяқталғанына 26 жыл өтті. Сол кездегі әскерге алынған жас жігіттері бірталайы соғыс зардабын тартып, қазіргі уақытта Ауған соғысының ардагері атанып отыр.

(Видеоролик көрсетіліп тұрады)

1-жүргізуші:

Еске алайық, құрметтейік құрбандардың рухын,

Қабірлері нұрға орансын, суық көрде жылынсын

Есіл ерлер ескерткішке айналсаңда бүгінде

Мәңгі бақи тірісіңдер, тірісіңдер, біз үшін!

2-жүргізуші:          

Ардагерлер

Айтса ертек көгендері

Табандары таймаған өрден кері

Сыңғырлап сыр шертеді жиындарда,

Кеуде толы жарқырап ордендері.

     Оқушылардың сұрақтары қойылады:

-Ауған соғысына қай жылы аттандыңыз?

-Сіз қандай соғысқа бара жатқаныңызды білдіңіз бе?

-Сіз әскерде кім болдыңыз? Қандай қызмет атқардыңыз?

-Өзіңіздің әскердегі өміріңізден қысқаша мәлімет бере кетіңізші?

-Әскерге неше азамат болып бардыңыз? Барлығы тірі қайтты ма?

-Ауған жерінде болғанда сіз адам өлтірдіңіз бе?

-Балалық шағыныздағы бір қызықты сәттерді айтып беріңші?

1-жүргізуші:

Сол Ауғанда талай досты жерледік

Қарлы шыңға күн түн демей өрледік

Сұрапылда ерледік те шерледік

Намыс туын қолдан бірақ бермедік – деп Ауған соғысына қатысқан Ауған соғысының ардагері Рымхын Қыйбадатұлына сөз беріледі. Сіз қай жылы және қай жерде дүниеге келдіңіз. Өзіңіздің өмірбаяныңыз бен Ауған соғысындағы оқиғаларыңызды айтып берсеңіз.

2-жүргізуші: Назарларыңызға рахмет. Алдарыңызда 2-сынып оқушысы Жунусова Еркежанның орындауында   ән « Отаным » қабыл алыңыздар!

1-жүргізуші: Құрметті қонақтар ендігі кезекте келешегіміз бен жарқын болашағымыздың жасаушысы, жалындаған жас ұрпаққа жауынгер ағалардың аманаты ретінде   3-сынып оқушысы  Дәулетханова Еркенжанның « Туған жер »  әнін назарларыңызға ұсынамыз.

2-жүргізуші:

 Мен қазақпын, көк байрағын желбіреткен,

Жүрегіңді жылы сөзбен елжіреткен,

Думанды ауыл, саялы қалаларда

Сыйласып, бір-бірімен күні өткен.

1-жүргізуші:

Досы келсе бәрін де қонақ еткен.

Жауы шапса, бас игізіп тізерлеткен.

Бабасына сиынып тағзым еткен.

Жаны – таза, қаны – таза, қазақ екен,           

2-жүргізуші: Қорытынды сөз директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бекетова Зайра  Тұрдыбековнаға сөз кезегі беріледі.

1-жүргізуші:

Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 27 жыл өтсе де, сол кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыс жарасынан айыға алмай келеді. Бүгін өзімізбен бірге сыр елінің көсегесін көтеруге атсалысып жүрген ауғандық ардагерлер жауынгерлерді қадірлеп, құрметтеу – біздің борышымыз дей отыра бүгінгі тәрбие сағатымыздың қонағы ауған соғысының ардагері   Дауленов Рымхан мырзаға ой бөлісіп, сыр-сұхбат бергені үшін алғысымызды айтамыз.

1-жүргізуші:

Өтер жылдар, айлар тағы алыстап

Тағдыр талай тауқыметін табыстар.

Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың

Ауғандағы азап шеккен арыстар - деп ақын жырлағандай, өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, замандарға жалғаса береді. Бұған дәлел бүгінгі ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлеріміз, бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмытарға белсенділіктері, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектері ұмтылмақ емес.

Сонау Ауған жерінде қару асынып мұң арқалаған сын сағаттарда бірін - бірі бауыр дескен азаматтар бүгінгі таңда еліміздің түкпір - түкпірінде еңбек етуде. Аяулы ағалар уақыт тауып келгендеріңізге рахмет! Сіздерге ұзақ ғұмыр, денсаулық, жанұяларыңызға бақыт тілейміз! Аспанымыз ашық болсын, бейбіт өмір жасай берсін

           Құрметті қонақтар! Бейбіт өмірдің баға жетпес бақытты күндерінде амандықпен кездесейік. Осымен біздің сынып сағатымыз аяқталды. Барлықтарыңызға белсене қатысқандарыңыз үшін алғысымызды айтамыз.

         

     

 

Әліппе

$
0
0

Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы,

Махамбет жалпы орта білім беретін мектеп-

балабақшасының бастауыш сынып мұғалімі

Кадырбекова Жазира Кураковна.

 

 

Пәні:Әліппе

Сабақтың тақырыбы:  Қазақ әліпбиі.

Сабақтың мақсаты: а\Білімділігі: Оқушылардың әліпби туралы түсініктерінің қалыптасуына мүмкіндік жасай отырып,

әріптердің ретімен дұрыс оқылуын меңгерту.

ә) тәрбиелік.Оқушыларды ұйымшылдыққа, достыққа,  тазалыққа, шапшаңдыққа  тәрбиелеу.

б) Дамытушылығы:Балалардың оқу және жазу дағдыларын жетілдіру, сөйлеу тілін дамыту.

Пәнаралық байланыс: дүниетану.

Әдісі: сұрақ-жауап, сөздік, көрнекілік, талдау-жинақтау, мадақтау, тексеру

Түрі: аралас сабақ, сыни тұрғысынан ойлау технологиясының әдістері

Көрнекілігі: «Әліпби» бейнеленген плакат, қосымша дидактикалық материалдар

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Психологиялық дайындық.   Қуанамын мен де,

                                                  Қуанасың сен де.

                                                  Қуанайық достарым,

                                                  Арайлап атқан күнге.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау. Балаларыма . Бауыржан Момышұлы.(1-2 оқушыдан сұрау)

-Балалар сіздер теледидардан балаларға арналған қандай бағдарламаларды көресіздер?

-Балапан арнасын қарайсыздар ма?

-Балапанның қандай айдарларын қарайсыз?

- Жүзден жүйрік, Айгөлек,Зерде, Ойлан тап т.б.

- Олай болса бүгін бізде балапан арнасы қонақта.Бізге түрлі тапсырмалар беріп жіберіпті.

1-тапсырма. Мың түрлі сұрақ.

Өткенді қайталау. Ережелерді еске түсіру.

ІІІ.Негізгі бөлім.

2-тапсырма.  Ойлан тап. Жұмбақтар.

Жаңа сабақ:

  • Сауатымызды ашқан қай кітап? (Әліппе)
  • Ешкінің төлі? (Лақ)
  • Қармен жүргенде соңымызда не қалады? (Із)
  • Алып жануар (Піл)
  • Жаза-жаза арықтаған не? (Бор)
  • Адамның сенімді серігі? (Ит)

Жұмбақ шешулерінің алғашқы әріптерін қосу арқылы, жаңа тақырыпты шығару.

                                  Ә Л І П Б И

-Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы  «Қазақ әліпбиі» Ермек Өтетілеуұлы.

Әліпби туралы қысқаша түсінік. (Электронды оқулық)

-Кітаппен жұмыс.  Өлеңді мәнерлеп оқу. Мазмұнын ашу.Автор туралы қысқаша.

Ермек Өтетілеуов 1938 жылы Ақмола қаласында дүниеге келген. Балалар жазушысы Абай атындағы Қаз. Пед.Инст. бітірген.Балдырған журн.Жалын,Жазушы баспасында қызмет атқарған.Мектеп Тілашар,Балақай Өсіп келе жатырмын т.б. балаларға арналған шығармалары бар.

Сен білесің бе? айдарының тапсырмасы.

106-жаттығу ауызша.

1.Ақындардың аты- жөнін әліпби ретімен жаз.

2.Сен қай ақынның өлеңін жатқа білесің?

(балалар жаттаған өлеңдерін айтады)

Сергіту сәті «Айголектің тапсырмасы.»  Әліппе әнін орындайды.

 

Данышпан қарға тапсырмалары. Дәптермен жұмыс.

1)Құстардың ұясын әліпби ретімен жазу.

2.Ұлы адамдардың аты-жөндерін жазу.

 

Али мен Аяға көмектес. Топтық жұмыс

І топ.Мына сөздерді буынға бөл.

Қоңырау, ойыншық, тауық, теңізші.(Ережесін айту)

ІІ топ. Артық сөзді тап.

  • Кеш, егіз,білім, жапырақ.
  • Жолдас, жарық, ағаштар, бүлдірген.
  • Азамат, керемет, қағаз, батыр. (Ережесін айту)

ІІІ топ. Сөздің соңғы дыбысын өзгертіп сөз жаса.

Кел, кек ,кем ,кен ,кең, кер, кес,кет,кем.

 

Білгіштер бекетінің тапсырмалары.    Шығармашылық тапсырма

 

 

Білімпаз ата сұрағы. «Қандай әріп мақал білесіңдер?»

«А»1.Ана сүтін ақтамағанды, ешкім мақтамайды.

        2.Ақыл бастан, асыл  тастан.

 

«Ә» 1.Әдепті бала-арлы бала,

           Әдепсіз бала-сорлы бала.

        2.Әке-асқар тау.

 

«Б»  1.Балалы үй- базар,

          Баласыз үй –қу мазар.

  1. Білекті бірді жығады,

         Білімді мыңды жығады.

 

«Д» 1.Досы көпті жау алмас.

       2.Дос жылатып айтар,

         Дұшпан күлдіріп айтар.

 

«Ж» 1.Жалқауға жан жуымас.

         2.Жаман шайқап сөйлер,

          Жақсы байқап сөйлер.

 

«Е»  1.Еңбек етсең ерінбей,

        Тояды қарының тіленбей.

      2.Еріншектің ертеңі бітпес.

 

«Н» 1.Нан болса ән де болады.

 

«Ы» 1. Ырыс алды –ынтымақ.

 

«О»  1. Отан-оттан да ыстық.

  1. Отансыз адам –ормансыз бұлбұл.

 

 

«Т»  1.Туған жерге туыңды тік.

  1. Туған жердей жер болмас,

             Туған елдей ел болмас.

 

VІ. Үйге тапсырма беру.«Әліпби» өлеңін жаттау. Алфавитті жаттау.106-жаттығу.

VІІ. Қорытынды.VIІІ. Бағалау.Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.

 

 

 

Шылауды қайталау

$
0
0

Сабақтың тақырыбы: Шылауды қайталау

Сабақтың мақсаты: 

 

1) білімділік: оқушыларға шылауды және оның түрлерін түсіндіріп, қайталап өтіп, өткен сабақпен бүгінгі сабақты байланыстырып түсіндіре кету. Түсіндіре отырып оқушылардың сабаққа деген ынтасын, сонымен қатар оқуға деген құштарлығын. Білімге деген қызығушылығын ояту;

 

2) дамытушылық: оқушылармен жаттығу жұмыстарын жасап, үй тапсырмасын сұрап, оларды топқа бөле отырып, топтастыру әдісін қолданып, СКТ технологиясы бойынша жұмыстар жасай отырып, балалардың сана-сезімін, ой-өрісін және ойлау қабілеттерін дамыту;

 

3) оқушыларды ең алдымен тыныш отыруға, сұрақтарға нақты жауап беруге, ойын толық, ашық, еркін түрде жеткізуге, дәптерге ұқыпты, берілген үй тапсырмасын күнделікті орындап жүруге, әрбір сабаққа мұқият қарап, тыңдай білуге тәрбиелеу;

 

Сабақтың түрі: қайталау, бекіту сабағы

 

Сабақтың әдіс-тәсілі: топқа бөлу, топтастыру әдісі, СКТ технологиясы

 

Сабақтың көрнекілігі: оқулықтар, плакат, жұмыс дәптерлері, қима қағаздар, кубик және т.б.

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

-амандасу

-оқушыларды түгелдеу

-оқу-құралдарын түгелдеу

-сабаққа назар аударту

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасын сұрамас бұрын, оқушыларды үш топқа бөлемін:

 1-інші топ: септеулік шылаулар

2-інші топ: жалғаулық шылаулар

3-інші топ: демеулік шылаулар

Сосын топ басшыларын таныстырып, оларға бағалау парағын беремін. Онда әр топтың басшылары өз тобындағы жақсы қатысқан адамдарды бағалайды. Енді үйге берген жаттығуды тексеремін де, 1-топтың 1 оқушысын шығарып, қалған екі топқа  сұрақ қойып олардың не түсінгендерін бақылаймын. Үй тапсырмасын толық тексеріп болғаннан кейін, бүгінгі сабағымды өтуге кірісемін.

Септеулік шылау

Жалғаулық шылау

Демеулік шылау

ІІІ. Негізгі бөлім. Әр топқа топтастыру әдісін беремін. Сендер топтарыңмен ақылдаса отырып, жазасыңдар. Сосын әр  топтың топ басшылары тақтаға шығып, қалай топтастырып жасағандарын дәлелдеп, мысал келтіреді.

Осылай топтастыру әдісін өткіземін. Келесі кезекте СКТ технологиясы бойынша фонологиялық және математикалық талдау өткіземін. Талдауға артта отырған мұғалімдер сөз айтсын, соны 2-топтан бір-бір оқушы шығып талдайды. 3-топтағы оқушылар кубиктің көмегімен, бәрі топпен отырып, талдау жасайды. Талдап, тексеріп болғаннан кейін олармен ВЕНН-диограмма бойынша жұмыс жасаймыз. Бұған 2-топтың бір-бір оқушысы шығып ережесін және қандай түрі бар екенін жазып, айтып береді. Ал 3-топтың  оқушысы шығып, ол екеуінің айрмашылығын табады.

Одағай



Енді оқушыларға сұрақтар қойып сабақты бекітуге кірісемін.

ІV. Сабақты бекіту. Бүгін сабаққа жақсы атсалысқандарды және әр топтың басшысына берілген бағалау парағына қарап, тыңдап отырып бағалаймын. Уақыт аяқтала келе үйге тапсырма беремін.

  1. Үйге тапсырма: әр топқа өз топтарының атын байланысты он сөйлем құрап келуге беремін.
  2. Қорытынды: осымен бүгінгі ашық сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар.

 

Ежелгі Египет

$
0
0

Қарабұтақ орта мектебі

Ашық сабақ

 

Тарауы бойынша қайталау

 

Тарих пәнінің мұғалімі:Қараулбекова Г.

 

«Ежелгі Египет » тарауы бойынша қайталау

 

Білімділік мақсаты:Ежелгі Египет тақырыбы негізінде алған білімдерін еске түсіріп пысықтау, жинақтау.

Дамытушылық мақсаты:Әр түрлі әдістерді пайдалана отырып тапқырлық,ізденімпаздылық қасиеттерге жетелеу.

Тәрбиелік мақсаты:Балаларды белсенділікке,жылдамдыққа,зеректікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Білімді бекіту,пысықтау.

Сабақтың әдісі:Интерактивті тақта,топпен жұмыс,сұрақ-жауап.

Көрнекілігі:Карта,Интерактивті тақта,сөзжұмбақ

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі

А)Оқушыларды түгендеп,назарын сабаққа аудару

 

Кіріспе сөз:

 

Балалар, бүгін біз «Ежелгі Египет» тарауы бойынша қайталап өткенді еске түсіреміз.

Оқушылар өз қалаулары бойынша қызыл және көк жалаушаны таңдау арқылы екі топқа бөлінеді.

Алдымен сабақтың жоспарымен танысып алайық:

І.Картамен жұмыс

ІІ.Білім биржасы(деңгейлік тапсырмалар)

ІІІ.Басқатырғыштар базары.(сөзжұмбақтар)

ІV.»Тарихи домино» ойыны (қиылған сөздерден сөйлем құрау)

V.»Кім зерек?» (сандық таңбаларды,иероглифтерді жазу)

VI.Кубизм әдісі.

 

І. Картамен жұмыс.

ІІ.Білім биржасы.

Оқушыларға білім деңгейіне байланысты деңгейлік сұрақтар беріледі.

І-топқа:

1.Египетті ежелгі заманда қалай атаған?

2.Египеттіктер үшін Ніл тасқынының қандай маңызы бар ?

3.египетті ең алғаш біріктіруші патша кім?

4.Египеттің негізгі табиғат байлығы не болды?

5.Ежелгі Египетте тас құрылысының кең өріс алғанын немен  дәлелдейсің?

  1. Тас қалаушылар мен тау кен жұмысшыларының еңбегі қалай болды?

7.Мұғалімдік қызмет атқарғандар  кімдер?

8.Атырау мен аңғардың түйіскен жеріне салынған бекініс қалай аталды?

ІІ-топқа:

1.Біртұтас Египеттің патшалары қалай аталды?

2.Египеттіктер операцияға неден жасалған медициналық құралдарды пайдаланды?

3.Ежелгі Египеттегі медицинаның дамуы жөнінде не білесің?

4.Ең алғашқы діни сенімдер кімге сыйынудан басталған?

5.Египет әдебиетіндегі  саяхатты сапарлар мен әр түрлі шытырман оқиғаларға толы шығармалардың бірі?

6.Египет кедейлерінің ауыр тұрмысын бейнелейтін ән?

7.Египеттіктер аспан әлемі жөніндегі білімдері негізінде тұңғыш рет  не жасаған?

8.ІІІ  Тутмос перғауынның жорықтары жайлы не білесің?

 

 

ІІІ.Басқатырғыштар базары:(ребус,сөзжұмбақ шешу)

ІV.»Кім зерек?» Абыздар тобына :

Египеттік жазудың шығуы мен дамуына қысқаша тоқталып,Египет иероглифтерін жазып береді.

 

Перғауындар тобына:

Египеттегі математикалық білімдердің дамуына тоқталып,сандық таңбалардың таңбалауын бейнелейді.

V.Сабақты бекіту кезеңі.Кубизм әдісі арқылы сабақты  қорытындылаймыз.

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма:»Венн диаграммасы»

 


Тапқырлар тартысы

$
0
0

«ШҚО  Семей қаласының білім бөлімі »

мемлекеттік мекемесінің«Семей қаласының

№37 гимназиясының» КММ Бастауыш сынып

мұғалімі  Азаматова Асем Мукановна

 

Тақырыбы:       Тапқырлар тартысы                   

Мақсаты:

Оқушылардың Тәуелсіз еліміздің тарихын білуге деген  қызығушылықтарын арттыру, ой-өрісін іс-жүзінде шыңдау, есте сақтау, сөйлеу мәнерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәуелсіз еліміздің  шынайы патриоты болуға, өз Отандарын сүюге, құрмет  тұтуға тәрбиелеу.

Бір-бірімен достық, ынтымақтастықта болуға баулу.

Көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, компьютерлік презентация,кесте.

                                                  Сабақ барысы:

- Қадірлі  ұстаздар, әділқазылар және оқушылар!
3 «Г» сыныбы оқушылары арасында өткелі отырған «Тапқырлар тартысы» атты интеллектуалдық сайысқа қош келдіңіздер!     

    І жүргізуші:    Жер бетінде адам өмір өткізер,

                              Бар нәрсеге  біліммен қол жеткізер.

                               Бар ізгілік тек білімнен алынар,

                           Білімменен аспанға жол салынар. – деген Жүсіп Баласағұн.

Қазір біз,  балалар , осы уақытқа дейін алған білімімізді көрсетіп, өнерімізді,  білімімізді саралап, санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молайғанын көрсетейік.

2 жүргізуші

Сәлемдесу – игі дәстүр киелі,

Сөзбен  ќарап, кейде шешер шиені.

Жақсы сөзге жан семірер қашанда

Жолданады сайыскерлер сәлемі.

Сонымен, сайысқа қатысушылар өз сәлемдерін жолдайды:

      І топ: «Қыран»

Біздің топ:  «Қыран»

Қайтпас қайсар ерлігі,

Ұлан болғым келеді.

Самғап ұшар биікке ,

Қыран болғым келеді.

 

ІІ топ:

Топың ұраны: Біздің топ:       «Тұлпар»

Асау тұлпар желдей ескен арынды,

Оқу  менен еңбекке сал, барыңды.

«Болашақтың ұрпағымыз сенімді,

Көрсетпекпіз мектепте алған білімді.

 

1жүргізуші:        «Біреу озса сайыста, біреу артта қалады

                                          Ренжімей тараса, озбағандар жарады.

                                       Жарыс заңы ежелден – жеңімпазды анықтау,

                  Озат болу шарты сол – еңбектену, жалықпау.» - дей келе сайысымыздың кезеңдерін таныстырып өтейік.

2жүргізуші:

 І. Бәйге.

ІІ. Дода.

ІІІ. Тіл - өнер.

 ІV. Кім тапқыр?

V.Тәуелсіздікке тарту

 

Енді сайысымызды бағалау үшін құрылған әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.

1.Оқу ісінің меңгерушісі  Датбаева Н.С.

  1. Гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары- Досжанова Ғ.А.
  2. Бастауыш сынып бірлестік жетекшісі Чегебаева Ү.Қ.

 

 

 І жүргізуші:   :   «Бәйгеге  түсіп жарыспай,

           Жүйріктің бағы жанар ма?

           Білім мен өнер жарысып,

          Тәрбие білім табар мән.

           Бұл бәйге,ойдың бәйгесі,

                       Кім жүйрік ойға, сол алда» - 

         «Бәйге» кезеңінің шарты. Әр топ номерленген кубикті таңдайды,номер бойынша сұрақтар шығады.

«Тұлпар» тобына:

 

1.Еліміз қашан тәуелсіздік алды?   1991ж.16 желтоқсан

  1. Соңғы Президент сайлауы қай жылы өтті? 2011 жылдың 3 сәуірде.

 Сайлаушылардың 95, 5 процент дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып Н.Ә.Назарбаев қайта сайланды.
3.Мемлекеттік Әнұран қашан қабылданды?  2006 жылы 6-қаңтарда «Менің Қазақстаным» әні

4.Мемлекеттік тудың авторы кім?  Шәкен Ниязбеков
5.
Тұңғыш Президент күні қашан?  1 желтоқсан

  1. Жер көлемі бойынша Қазақстан әлемде нешінші орында- 9-шы орында

7.Бастауыш пен баяндауыш сөйлемнің қандай мүшелері?- Тұрлаулы

8.Тек тұрлаулы мүшеден тұратын сөйлем?- жалаң

 

9.Сөздің түбірге жалғанған бөлігі- қосымша

10.Дауысты дыбыс түрлері нешеу?-2

11.Шаршының қабырғасының  ұзындығы- 7см. Периметрі қанша ? 28см

12.8-дің квадраты нешеге тең?  64

  1. Заттың бағасы мен саны белгілі болса, құнын қалай табамыз? Б*С

 

«Қыран» тобына :

 1.Тұңғыш Президент сайлауы қашан өтті?  1991ж.1 желтоқсан

  1. Н.Ә.Назарбаевтың анасының аты кім? Әлжан

3.Мемлекеттік Рәміздер қашан бекітілді?  1992 жылы 4-маусымда  мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту бекітілді.

4.Елтаңбаның авторлары кімдер?  Елтаңба авторлары: Жандарбек Мәлібекұлы, Шотаман Уәлиханов.

5.Әнұранның авторлары кімдер?  Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев, Шәмші Қалдаяқов.

  1. Астана қаласының символы-Бәйтерек.

7.Заттың атын білдіретін сөздер?- Зат есім.

8.Тұрлаусыз мүшелерден басқа сөйлем мүшелері?- тұрлаулы.

9.Дауыссыз дыбыс түрлері нешеу?-3

10.6-ның квадраты нешеге тең? 36

11.100-35 мәні?  65

12.25-тің 5-тен 1 бөлігін тап. 5

13.16-ның жартысы қанша?  8

 2 жүргізуші:          «Білім деген биік шың

             Бақытқа сені  жеткізер.

             Білім деген ақылшың,

                         Қиындықтан өткізер.»   Келесі кезең- «Дода»

Бұл кезеңде тақырып  және соған сәйкес ұпай санын таңдайсыңдар. Ұпайларға сәйкес сұрақтар бар,  соған жауап бересіңдер.

 

 

ІІ кезең. Дода. Тақырып таңдау.

Әр топтың  4 ұяшық таңдау мүмкіндігі бар.

Тәуелсіз Қазақстан

20

30

40

50

Әдебиеттік оқу

20

30

40

50

Қазақ тілі

20

30

40

50

Қызықты математика

20

30

40

50

  1. Тәуелсіз Қазақстан

 

 

20 ұпай:  Желтоқсан оқиғасына байланысты қандай кинолар бар? 

“Аллажар” ,“Қызғыш құс” .

 

30 ұпай:Желтоқсан оқиғасының құрбандарын ата?  Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Сабира Мұхаметжанова, Ләззат Асанова.  

 

40 ұпай: Н.Ә.Назарбаев қандай кітаптардың авторы?  «Ғасырлар тоғысында» «Тарих толқынында», «Сындарлы он жыл» және тағы басқа.

 

50 ұпай: Еліміздің Тәуелсіздік алуына себеп болған оқиға қашан, қай қалада болды?  1986ж. Алматыда

Әдебиеттік оќу

 

20 ұпай: Халық кегінің күйшісі атанған кім?   Құрманғазы

 

30 ұпай: Жасында Төле бидің түйесін баққан хан кім?
 (Абылай хан).

  40 ұпай: : «Бала Тұрар» мәтініндегі Тұрар дәптеріне қандай сөздер жазды?  Аспара, Қызыл жебе, көке.

50 ұпай: «Алшағыр» деп шақырды,

                Хан болғалы Алшағыр,

                 Асып жүрген айласы

                 Мұсылманнан қанша ердің

                Басын жойған ер еді,- Қай батырлар жырынан алынған?  Қобыланды батыр жыры.

  1. 3. Қазақ  тілі

         20 ұпай: Қаратпа сөзді қатыстырып сөйлем құра.

30 ұпай:  Мереке тойланды.  Сөйлемді  жайылма сөйлемге айналдыр. 

    40 ұпай: «Саған»  сөзінің  түбірін тап.

50ұпай:  Торғай тоғайды ұнатады, ...

              Жаңылтпашты жалғастыр, Сөйлем мүшесіне талда.       Тоғай (Бастауыш) торғайды  (Тұрлаусыз мүше)  қуантады (Баяндауыш).                                                                                                                                                          

  1. 4. Қызықты математика

      20 ұпай: Ауданы 36 кв.см болатын шаршының периметрі қаншаға тең?  24см

     30 ұпай:  Төртбұрышты үстелдің бір бұрышын кесіп тастағанда неше бұрышы қалады? (5)

       40 ұпай: Екі қолда қанша саусақ бар, он қолда ше?(10, 50)

     50 ұпай:  өлең-есепті шеш:

Бір күні Қожаның үйіне ұрылар түспек болады.

Үй иесі мұны сезіп:

 

-Сапырып-сапырып Сарманға бер,
Құйып-құйып Құрманға бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер
Өзің іш те маған бер деген екен.
Мұны естіген ұрылар – «Қой мұнымыз болмас. Бұл үй толы кісі болды, әрі бізден екі есе артық екен, кетейік»- деп кетіп қалыпты. Үй иесі тапқырлығымен ұрылардан осылай аман қалыпты.
-Сонда  нешеу, ұры ќанша? (10 адам, 5ұры)

 

      ІІІ   кезең. 3 тілде                    Тіл-өнер.

Келді кезек жұмбақтарды шешуге,
Жауаптарын беру керек үш тілде.
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,
Жақсы баға, шәкірт саған несібе. 
Жүргізуші:  Ана тілің- арың бұл,

                      Ұятың боп тұр бетте

                      Өзге тілдің бәрін біл,

                      Өз тіліңді құрметте!-

келесі сайысымыз- «Тіл-өнер»   деп аталады.

Бұл кезеңде  берілген тапсырмадағы көп нүктенің орнындағы сөзді тауып, оны екі тілге аударамыз. Орысша, ағылшынша. Жауабын дұрыс тапса 10 ұпай, орыс тіліндегі аудармасы дұрыс болса 20 ұпай, ағылшын тіліндегі аудармасы дұрыс болса, 30 ұпай беріледі. Ұяшыќ  нөмірін таңдайсыңдар.

  1. Жұт  . . . ағайынды        / Жеті- семь- seven/

 

  1. Өзі сөйлей білмейді, салған ізі сөйлейді /қалам-ручка-pen/

 

  1. Екі қолға . . . күрек /бір-один -one/

 

  1. Кімнің   баласы  болма,  

                 Адамның баласы бол      /атаның – дедушка – grandfather/

 

  1. Өнер алды қандай тіл? /ќызыл – красный- red/

 

  1. Мысыққа  ойын керек,

                         . . .    өлім  керек                /тышқан – мышь – mоuse/

 

  1.    Тілі бар, үні жоќ,

                                Өзін адам түсінген

                     Жүрегі бар да, қаны жоқ,

                       

Сөйлеп тұрған ішінен       /кітап – книга - book/

 

  1. Жылт – жылт етеді

   Жылғадан µтеді              /су – вода – water/

 

  • .Батыр туса – ел ырысы,

. . .  жауса жер ырысы.             /жаңбыр – дождь – rain/

10 ... оттан да ыстыќ.                (Отан-родина-.country)....

 

11.Отансыз .........-.ормансыз  бұлбұл.    (Адам-.человек-.people.)..

 

12.Туған жердіњ ...... де ыстық, , түні де ыстыќ.   (Күн-солнце-..sun).......

        

            ІV кезең.    Кім тапқыр?          

ІІ жүргізуші:    

       «Көңілді, тапқырлар, білгіштер

       Бар өнерін алдарыңа салады.

       Кім  білімді, көп оқыған болса, егер

      Бүгінгі күн жеңімпазы болады. » - деп  келесі  кезеңді  бастаймыз.   

       Бұл  кезеңде топ жетекшілері сайысқа түседі.  .

Тәуелсіздік сөзінен жаңа сөздер жасау керек. 2 топтың жетекшілері кезекпен оқиды.Кім көп сөз құраса, сол оқушының тобына 10 ұпай қосылады.

     Топ жетекшілері тапсырмаларын орындағанша  әр топқа ертегі беріледі, соның мазмұнына сәйкес мақал-мәтел тауып айту керек.

І топ. Алты түлкі
Ертеде алты түлкі дос болыпты. Біреуінің құйрығы шолақ екен. Құйрығы ұзын бес түлкі:
-«Сенің құйрығың жоқ» - деп келеке қылып, күле беріпті. Сол уақытта шолақ түлкі «осы бес түлкінің де құйрығын шолақ қылып қояйын» деп ойлап, бес түлкіге айтыпты.
- «Біз бір жақсы ойын ойнайық» - деп түлкілерді алып келіп, қарағайға байлап қойып, өзі бір талдың басына шығып түлкілерге:
- «Мына жақта бүркіттер келе жатыр» дейді де, өзі қаша жөнеледі. Сонда бес түлкі қашамын деп құйрықтарын үзіп, бәрі де шолақ болып қалады. Бесеуі бірдей шолақ болғаннан кейін мазақ етіп, күлмейтін болыпты.
                                Күлме досқа, келер басқа.
ІІ топ. Атасы мен немересі
Ата қартайып, күші кеміді, нашар көретін, нашар еститін болды, ішкен тамағын алдына төгетін болды. Не үшін десеңіз, оның аяқ қолы кәріліктен

         қалтыраушы еді.Шалдың бұл ісі баласы мен келініне ұнамады. Олар шалға алдына жаман дастарқан жайып, тамақты жаман ыдысқа құйып, бөлек беретін болды.
Немересі өзінің әкесіне атамды бөлек отырғызба деуге бата алмайды. Бір күні ол ағаш жонып отырады. Әкесі көріп; «Шырағым не істеп жатырсың?» - дейді. Сонда баласы; «Аяқ істеп жатырмын, шешем мен екеуің атам кұсап қартайғанда, сендерге тамақты осы аяққа құйып беремін»- дейді.
Бұл сөзді естіп, шалдың баласы ұялып, әкесін бөлек отырғызып тамақ беруді қояды
(Әкеңе не қылсаң. Алдыңа сол келер)

ІІІ топ. Шибұт, Қылмойын, Қарынбас.

Қарынбас, Қылмойын, Шибұт үшеуі жолдас екен. Бір күні бұлар бір тоқты ұрлап сойыпты. Тоқтыны бұзып,етін қазанға салайын деп жатады.Қарынбасқа жынын төгіп кел деп қарынды беріпті.
Қарынбас қарынды тысқа алып шығады. Сол кезде қара шыбындар қарынға да, Қарынбастың басына да үймелепті. Басындағы шыбынды қағамын деп, Қарынбас басын ұрып алыпты. Жұмыртқадай жұқа бас жарылып, жан тапсырыпты.
Қарынбас қалайша кешікті деп, Шибұт далаға шығады. Өліп жатқан Қарынбасты көре салып;
Әй, Әттеген-ай!- деп екі қолымен санын салып қалады. Сол кезде ши бұты шырт етіп, ол да мүрдем кетіпті.Шибұттың даусын естіп,Қылмойын жүгіріп шығады. Өліп жатқан екі жолдасын көреді де;
- Ойбай! Бауырым-ай!- деп дауыстай бергенде қыл кеңірдегі үзіліп кетіпті
(Ұрлық-түбі қорлық)

 V кезең.  Тәуелсіздікке тарту

Әр топ өз өнерлерін көрсетеді.

 

Көрермендерге сұрақтар:

1.Астана Ақмолаға қай жылы көшірілді? 1997ж.

2.Конституция қашан қабылданды?  1995ж. 30 тамызда

  1. Н.Ә.Назарбаев қашан дүниеге келген?

Н.Ә.Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.

4.Еліміздің Тәуелсіздік алуына себеп болған қандай оқиѓа? 1986ж. Алматыдағы Желтоқсан оқиғасы.

5.Еліміз Тәуелсіздік күнін қай күні тойлайды?  16 желтоқсанда

6.1желтоқсан қандай мереке?  Тұңғыш Президент күні

7Желтоқсан оқиғасының құрбандарын ата? Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Сабира Мұхаметжанова, Ләззат Асанова.

8. Жер көлемі бойынша Қазақстан әлем

Жеңіс күні (Әдебиеттік оқу пәні )

$
0
0

 

Шығыс Қазақстан облысы

Семей қаласы,  №37 гимназияның

бастауыш сынып мұғалімі 

Азаматова Асем Мукановна

 

Сабақтың тақырыбы: «Жеңіс күні» Т.Молдағалиев
Сабақтың мақсаты:
Тұманбай Молдағалиев әлеміне шолу жасай отырып,ақын шығармашылығымен таныстыру.Өлеңнің мағынасын ашып түсіндіру.

Сабақтың  міндеті:

1.Өлеңнің авторы туралы мәлімет алады,өлең мағынасын түсіну арқылы Ұлы Отан соғысы туралы, жеңіс күні туралы мағұлмат алады.

2.Оқушылардың ой – өрісін дамиды, сөздік қорын молаяды, өз ойларын ашық айтуға үйренеді.

  1. Бейбітшілік үшін күрескен батырлардың ерлігін, еңбегін үлгі ете отырып, есімдерін құрметтеуге, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: Баяндау, ой қозғау, сұрақ – жауап.

Сабақтың көрнектілігі: Бауыржан Момышұлының портреті, бейнефильмдер,слайдтар, интербелсенді тақта.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа психологиялық дайындық

 

Қайырымды жүрекпен, 
Мейірімді тілекпен, 
Ізгілікті ниетпен 
Батыл  болып өсемін.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

-Балалар, үйге қандай тапсырма беріліп еді.

  1. Ә. Бөриевтің «Бауыржан» мәтінін түсініп оқу.

2.Б.Момышұлы туралы мәліметтер жинақтап әкелу.

  1. «Ер есімі – ел есінде» тақырыбына шығарма жазу.

- Бауыржан Момышұлы кім? Ол қай жылы қай жерде дүниеге келген?

- Қарақұл баласының атын Бауыржан деп қандай мақсатпен қойды?

- Б. Момышұлы соғыста қандай ерлік көрсетті?

- Соғыстан кейін немен айналысты?

  • Енді жазып келген әңгімесін кім оқып береді екен? (3 оқушыға оқыту)

Жарайсыңдар, балалар, өткен сбақты өте жақсы меңгерген екенсіңдер.

ІІ.Жаңа сабақ

Қызығушылығын ояту.  356    265   563   349   721

Балалар, сендер тақтадан көріп отырған сандарды өсу ретімен орналастырсаңдар, біз жасырынған сөзді оқитын боламыз.

 

265

349

356

563

721

Ж

Е

Ң

І

С

-«Жеңіс» сөзі шықты. Енді  «Жеңіс» деген сөзді естігенде біздің ойымызға не келеді, не елестейді сол сөздерді сызбаға топтастырайық. Ассосациялық карта  толтыру.

Біз бүгін сендермен Т.Молдағалиевтің «Жеңіс күні» өлеңімен танысамыз.

Тұманбай Молдағалиев 1935 жылы 20 наурызда Алматы облысы «Жарсу» ауылында дүниеге келген.Ол Қазақстанның халық жазушысы Т.Молдағалиевтің өлең,поэмалары 40-тан астам жинақ болып шықты.Ақынның шығармашылығының ең басты ерекшелігі – оның өлеңдері сезімге толы. «Қош көктем», «Жүрек ояу қашанда», «Жаңа дәптер», «Мен де жиырма жаста едім», «Жүрегім менің сапарда» және басқа да көптеген шығармалары бар.Жазушы өмірінің аяғына «Балдырған»балалар журналында бас редактор болып жұмыс істеді.2011 жылы 10 қазанда сырқаттанып қайтыс болды.

Оқулықпен жұмыс.Өлеңді мәнерлеп оқу.Оқушыларға оқыту.

-Ақын өлеңінде не туралы айтылған?

-Қуаныш, мереке, бақыт.

Бейнетаспадан қаламыздағы Жеңіс күнінің тойлануынан үзінді көрсету, «День Победы» әнін тыңдату.

-Жеңіс күні қай күн?

Оны қала халқы қалай тойлапты?

-Олар не үшін қуанышты деп ойлайсыңдар?

Ұлы Отан соғысы 1941 жылы 22 маусым күні таң алдында басталды. Фашистік Германия Совет үкіметінің жерін басып алу мақсатында соғыс жариялады. Сол кезде біздің қазақтың балалары үйлерінде бейқам ұйықтап жатқан болатын. Олар алдында не тұрғанын білмеді. Сол жылдары біздің халқымыз көп қиын күндерді бастарынан өткізді. Бұл соғысқа көптеген ұлттан адамдар қатысты. Барлық соғысқа жарамды ер азаматтар соғысқа аттанды. Ал әйел азаматтар соғысқа аттанған азаматтардың тамағы мен киімдерін жеткізіп тұрды, балаларға қарады, ерлердің істейтін ауыр жұмыстарын істеді .                     Слайд

Осы сұрапыл соғыс 1945 жылдың 9 мамырына дейін жалғасты. Елін, жерін, халқын қорғаған ержүрек батырлардың арқасында біз бейбітшілік заманға жеттік. Біздер олардың ерлігін ешқашан есімізден шығармаймыз.

Сергіту сәті.

-Сендер бақытты  ұрпақсыңдар. Батыр аталарыңның арқасында соғысты, қиыншылықты көрген жоқсыңдар.Қазір экранға назар аударайық, соғыс кезінен үзінді көресіңдер. Бейнетаспадан соғыс кезі туралы фильмнен үзінді көрсету.

- Бейбіт күн мен соғыс кезі туралы не ойлайсыңдар? Кестеге толтырыңдар. Тақтамен жұмыс.

Біздерге бейбіт өмір сыйлаған батырлар кімдер?

Бейбіт өмірде де батырлар болады.Еліміздегі 18 жасқа толған әр азамат Қарулы күштер қатарына шақырылып , Отан алдындағы борышын өтейді.Ел басына күн туса, елін қорғайды.  7-мамыр- Отан қорғаушылар күні.

 

  • Дәптермен жұмыс.
  • Мақалды оқып,мағынасын ашу,дәптерлеріне жатқа жаздыру.
  • «Батыл болмай,батыр болмайсың.»

-Бейбітшілік құсын ата? 

  • Көгершін. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде 250 мың көгершін ұрысқа атсалысады. Мысалы, ұшақтар апатқа ұшыраса, көгершіндері әуеге жіберіліп, олар штабқа қаралы хабарды жеткізіп отыратын болған.

 

Сұрақ-жауап (Слайд)

ІV. Бекіту

-Бүгінгі сабағымыз не туралы болды?

                  -Жеңіс күні қай күн?

-Бейбіт күн мен соғыс күнді қалай түсінесің?

-Біздерге бейбіт өмірді кімдер  сыйлады?

- Мамыр айында тағы қандай мерекелер бар?  (1-мамыр, 7-мамыр, 9-мамыр.)

V.Қорытынды

- Осы мерекелерге орай достарыңа қандай тілек айтқыларың келеді, алдыларыңдағы көгершіндер бейнесіне жазып, сыйлаңдар.

Үйге тапсырма.Өлеңді мәнерлеп оқу. «Мен бейбітшілікті қалаймын» тақырыбына әңгіме жазу, сурет салу.

Оқушыларды бағалау.

 

Аяулы ана, ару бүлдіршін» атты мерекелік сайыс

$
0
0

«Аяулы ана, ару бүлдіршін»

атты мерекелік сайыс

 

І кіші «ДАРЫН» топ бүлдіршіндері мен аналар сайысы.

Қатысушылар:

  1. М. Кәусар анасы Айнагүлмен бірге
  2. И. Кәусар анасы Жансаямен бірге
  3. Т. Айшагүл анасы Жадырамен бірге
  4. Т. Жасмин анасы Дәмегүлмен бірге.

Сайыс мақсаты:

«Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, сүйіспеншілікті арттыруға, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету. Бала бойына ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына, келініне тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру»

Сайыс 6 кезеңнен тұрады.

І кезең: «Өзін-өзі таныстыру»

ІІ кезең: «Шебер қолдар сайысы» (дайын қиылған ою үлгілерден ақ парақ бетіне сырмақ, кілем жапсыру) Шапшаңдылық пен әдемілік, ұқыптылық.

ІІІ кезең: «Сәнді киім, шаш үлгісі» Сән үлгі -2013.

IV кезең: «Өнер» сайысы. Анасы қызымен бірге, болмаса жеке дара. (көркем сөз оқу, би, өлең т.б.) Өз шеберліктерін көрсету.

V кезең: «Тапқыр, білгір, білімділер» (мақал-мәтел, жұмбақ шешуін табу, ситауциялық сұрақтарға жауап беру)

VI кезең:  «Ас қадірін білмеген аштан өлер,

Ат қадірін білмеген жаяу қалар»

«Қонақ жайлық –ата дәстүріміз» -деп аталады. Аналар мен әсем бүлдіршіндеріміздің алтын қолдарымен жасалған мерекелік дсатарханға салат даярлау. (салатқа ат қойып жасалуы туралы түсінік беру керек)

Бағалау, марапаттау, қорытындылау. Номинация бойынша марапаттар беріледі.  Қатысқандарыңыз үшін көп-көп рахмет!

 

Тәрбиеші: Бүгін Наурыздың сегізі

Сұлулықтың негізі

Әдемі сөз адамның

Аналарға айтар лебізі

Армысыңдар әжелерім, аналарым

Мейірбан аппақ көңіл даналарым

Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен

Құттықтайды сіздерді «ДАРЫН» топ балалары.

Әсем әуен ырғағымен әсем бүлдіршіндер ортаға келіп Аналарымызға әсем ән орындап береді. 

Ән: «Ән айтамын анама» хор. Барлық бала орындайды.

Тәрбиеші: Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман әлемінде әйел затын ерекше бағалайтын, қарындасты қатты тәрбиелейтін халықтың бірі де, бірегейі де біздің қазақ», -деп, аналарға деген құрметін білдіреді.

     Бүгінгі айтылатын ақ тілек, жылы сөз, күмбірлеген күй, шырқалатын ән сіздерге арналады. Құрметті аналар, балаларың сіздерге арнап әзірлеген гүлін, сыйлығын қабыл алыңыз.

    Аналар, әжелер, қадірлі қонақтар, қызлар, балабақша ұжымының апайлары сіздерді Халықаралық әйел-қызлар мерекесімен құттықтаймыз. Сіздерге отбасылақ бақыт, дендеріңізге саулық, жүздеріңізден шаттық пен қуаныш кетпесін. Бүгін сіздерге арналған «Аяулы ана, ару бүлдіршін»  атты сайысымызды тамашалаңыз.

Қазір осы сайыстың әділ қазылар алқасын сайлап алайық.

Мектеп-бақша директоры: Алмашева Сауле Араловна

Мектеп-бақша әдіскері: Муканова Айжан Айжарыковна

Мектеп –бақша тәрбиешісі: Конгратбаева Баян

Мектеп-бақша дене шынықтыру жеткішісі: Абдуллаева Умитай Идирисовна

Ата-ана:

Жүргізуші:

Уа, халайық, халайық,

Мұнда назар салайық.

Мерекесі халықтың,

Ана тойын бастайық,

Осы тойға арналған,

«Аяулы ана, ару бүлдіршін» сайысын бастайық.

 

Аналар мен әсем ару бүлдіршіндер ортаға шақырамыз.

Ал енді құрметті сайысқа қатысушылар мен қонақтар сіздерге сайыс ережесімен таныстырып өтейін.

Сайыс 6 кезеңнен тұрады.

І кезең: «Өзін-өзі таныстыру»

ІІ кезең: «Шебер қолдар сайысы» (дайын қиылған ою үлгілерден ақ парақ бетіне сырмақ, кілем жапсыру) Шапшаңдылық пен әдемілік, ұқыптылық.

ІІІ кезең: «Сәнді киім, шаш үлгісі» Сән үлгі -2013.

IV кезең: «Өнер» сайысы. Анасы қызымен бірге, болмаса жеке дара. (көркем сөз оқу, би, өлең т.б.) Өз шеберліктерін көрсету.

V кезең: «Тапқыр, білгір, білімділер» (мақал-мәтел, жұмбақ шешуін табу, ситауциялық сұрақтарға жауап беру)

VI кезең:  «Ас қадірін білмеген аштан өлер,

Ат қадірін білмеген жаяу қалар»

«Қонақ жайлық –ата дәстүріміз» -деп аталады. Аналар мен әсем бүлдіршіндеріміздің алтын қолдарымен жасалған мерекелік дсатарханға салат даярлау. (салатқа ат қойып жасалуы туралы түсінік беру керек)

Ал енді алдағы номерлерді алайық реттік номерді біліп алайық.

Әсем бүлдіршіндер сандықшадан номерлер алады.

Жаны-сырлы, жанары таң ару қыздар,

Сенімі – асқар, - Күндей сұлу ару қыздар,

Сәуле шашқан өмірге нұр ару,

Көрік болған көгімде жұлдыздар-ай,

Бай болсын қыздарым ізгілікке,

Қол соғып, қошеметпен қарсаламыз.

І кезең: «Өзін-өзі таныстыру» кезеңіне жол берейік.

Махатова Кәусар:

Таныстырсам өзімді сізге бүгін,

Азаматтың екі жасар бір гүлімін.

Абылғазы немересі ақ-Кәусәрмін!!!

Періштесі жеті рудың Табынымын.

Әділ қазы алқасы бағалайды.

ІІ кезең: «Шебер қолдар сайысы» (дайын қиылған ою үлгілерден ақ парақ бетіне сырмақ, кілем жапсыру) Шапшаңдылық пен әдемілік, ұқыптылық.

Қазақтың қол өнерімен жасалатын түс киізді жасап көрсетеді.  

      «Жетелі өнер сүйіп еңбектенер, өмір жолы өшпестей өрнектелер» деп ару қыздарымызға тапсырманы орындауға рұқсат береміз. Ал, кәне арулар, іске сәт!

Аналарға арналған жыр жолдарын топ ер балалары айтады.

Ержан, Нұрлыбек, Тілеухан, Сұлтан, Асылұлан.

 

3 –шартымыз: «Сәндік киімдер» үлгісі.

Ару қыздар – Ай көрік, қылығы – Күн.

Сезбейсіңдер өздерің мұны бүгін.

Сезбейсіңдер керемет, қыз тағдырдың сұлулығын,

Күн шекті ұлылығым.

Бүгін сендер құлпырған құндыз бәрің

Серпіп, алға жалғайтын тік тағдырың.

Ескеріңдер ертеңгі ел тағдыры

Сендердің қолдарыңда жер тағдыры – деп, арулар аты жөнімен ортаға шақырылады.

IV кезең: «Өнер» сайысы. Анасы қызымен бірге, болмаса жеке дара. (көркем сөз оқу, би, өлең т.б.) Өз шеберліктерін көрсету.

Ал кімнің өнері бар қаншалықты

Би билеп, ал біреуі ән салыпты

Бүгінгі мерекелік сайыста өнерін көрсетіп жан салыпты,- деп аналар мен әсем бүлдіршіндер өнерін тамашалайық.

Аналарға арналған «Менің анам алтын» Би

Ержан, Нұрлыбек, Бағдат би билеп береді.

5-шартымыз: «Тапқырлар, білгірлер, білімділер».

Тыңдаңыздар халайық!

Босқа қарап тұрмайық

Кезегі енді сайыстың

Сұраққа жауап табайық!

Аналар конверт таңдап, ішіндегі 2 сұраққа жауап береді және  бір мақалдың жалғасын табады.  айтады.

10 сұрақ:

  1. Көктемде алғаш ұшып келетін құс?
  2. Қазақтың тұңғыш күйші қызы кім?
  3. Қыз қандай болуы керек?
  4. Жеті атаны ата?
  5. Көктемнің алғашқы белгісін білдіретін гүл?
  6. Жеті қазынаны ата?
  7. Қазақ халқының оюлар түрін ата?
  8. Үш арсызды ата?
  9. Қазақтың ұлттық тағамының түрін ата?
  10. Сұлу әйелдің 3 түрін ата?

Мақал – мәтелдер:

  • Үкісіз қыз болмас- Тексіз гүл болмас.
  • Қызды сөкпе – Тұзды төкпе.
  • Астың дәмін түз келтірер – ауыл сәнін қыз келтірер.
  • Қыздың аңқаулығынан сақта –Жігіттің жалқаулығынан сақта.

 

 

Аналарға арналған жыр жолдарын топ ер балалары айтады.

Ернұр, Бейбарыс, Игілік, Бағдат, Сихат.

 

6 шартымыз:  Үй тапсырмасы

«Ас қадірін білмеген аштан өлер,

Ата қадірін білмеген жаяу қалар», демекші келесі сайысымыздың шарты «Қонақ жайлық – ата дәстүріміз» деп, аталады.

Аналар мен қыздардың алтын қолдарымен жасалған мерекелік дастарханға салат даярлау. (Салатқа ат қойып жасалуы туралы түсінік беру керек).

Аналарға арналған әсем бүлдіршіндердің мерекелік ән жолдаймыз.

«Апам, үшін күнде де»

Барлық бала бірге айтады.

Ойын: «Анамызға көмектесеміз»

 

Әділ қазы шешеді

Істің ақ пен қарасын

Бүгінгі міне сайыстың

Әділ берер бағасын – деп ал енді сөз кезегін төрешілерге береміз.

Мадақтау.

Сайыс осымен өз мәресіне жетті келіп қатысып тамашалағандарыңызға рахмет. Мереке құтты болсын! Құттықтау сөз кезегі өздеріңізде.

 

Білімді ұрпақ

$
0
0

Күні:       Сыныбы: 8Б – сыныбы. Тәрбие сағаты.

Сынып жетекшісі: Аметова А.Д.

Сабақ тақырыбы:  Білімді ұрпақ

Мақсаты:

Оқушылардың әр салада білімін кеңейту, шығармашылық ізденісін жетілдіру;

 топпен ұжымшылдықпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру;

Отан тарих-табиғатына құрметпен қарауға, еңбекқорлыққа, мақсат қоя білуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: интерактивті, ашық тәрбие сабағы, сыныпішілік сайыс

Көрнекілігі: Карта, интерактивті тақта, тапсырмалар

Әдіс-тәсілдері: СТО әдісі бойынша дайындалған тапсырмаларды топпен орындату

 

Сабақтың барысы

  1. «Серігіңді тап» топқа бөліну
  2. «Жұмбақтар әлемінде» жұмбақ шешу
  3. «1001 мақал» мақалдар айтысы
  4. «Шешендік сайыс»
  5. «Егерде мен ...» жағдаятты сұрақтар
  6. «Ғылымдар сыры»
  7. «Кім көп біледі?»
  8. қорытынды

1.«Серігіңді тап»  - оқушылар мозаикалардың жалғасын тауып құрастыру арқылы 4 топқа бөлінеді.

1 топ – суреті «Жылқы»

2-топ – суреті «әтеш»

3-топ – суреті «Қоян»

  • топ – суреті «Барыс»

2.«Жұмбақтар әлемінде» жұмбақтар  шешу

3.«1001 мақал» мақалдар айтысы

- ас, тағам туралы

- қонақ, қонақжайлылық туралы

- өтірік пен шындық туралы

- жаспен кәрілік туралы

4.«Шешендік сайыс»

Белгісі болса-жолдан жаңылмас,

Білімі болса- сөзден жаңылмас.

                                             Махмұд  Қашқари

Қыран құстың баласы

Ұшса келмес ұяға...

Асыл ердің баласы

Жауды көрсе шыдамай

Көзін салар қияға.

                                          Махамбет Өтемісұлы

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы.

Сонда да бар солардың таңдамасы.

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы.

Сонда да бар солардың таңдамасы.

Абай Құнанбаев

Қызығыңды көп көрдім

Қарабастау, Құлансаз.

Күндерімді өткердім

Сенде жүріп ұзақ жаз.

                                     Жамбыл Жабаев

5.«Егерде мен ...» жағдаятты сұрақтар

Егерде мен бестік баға алып келсем ...

Егерде мен сабаққа даярлықсыз келсем ...

Егерде мен досымның көңілін қалдырсам ...

Егерде мен сабаққа келмей қалсам ...

6.«Ғылымдар сыры»

 Математика

Отбасында 7 ұл бар. Әрқайсының қарындасы бар. Отбасында неше бала бар? 8

Қазақ тілі

-на,-не қай септікке жалғанады? Барыс

Қазақстан тарихы

1836-38 жылдары Батыс Қазақстанда әділетсіз байларға қарсы Исатай Тайманұлы бастаған шаруалар көтерілісі басталды. Көтеріліс көсемінің бірі, оның бас ұраншысы, ақын кім? М.Өтемісұлы

География

Кез келген нысандардың географиялық орнын қалай анықтауға болады? Жауабы:Карта
Биология

Ол біздің ағзамыздағы микробтармен күреседі. Сен дем алатын оттегіні бүкіл денеңе таратады. Пайдаланылған газды өкпеге жеткізеді, сен оны деммен шығарасын. Егер сен жарақаттанып қалсаң, ол жараның бетін жабатын жабысқақ ерекше затөндіреді. Ол не?(қан) 

Арнайы сұрақ

Жаңа сауылған жылы сүтті ұйытып, оны суы сарқылғанша қайнатады. Қайнауы жеткен соң, қызыл-сары түске айналады. Содан кейін оны дорбаға салып сүзеді, кептіреді. Бұл қандай ұлттық тағам? ірімшік

Логика

Түнгі сағат 11-де жауын жауып тұрса .24 сағаттан соң күн шығып тұруы мүмкін бе? Жауабы : Жоқ

7.«Кім көп біледі?»

  1. Бала туылғанда жасалатын той
  2. Қазіргі өмір талабына қойылатын үш тіл
  3. Наурыз мерекесінің басты асы
  4. Қазақтың ұлттық музыкалық аспабы домбыра
  5. Үш байлық деген не? Денсаулық, ақ жаулық, он саулық
  6. 61 жас нешінші мүшел? 5
  7. Үш арсызды ата? Ұйқы, күлкі, тамақ

 

  1. қорытынды

Осымен ойын сабағымыз өз мәресіне таяп қалды. Сайысымызды жинақ парағымен қорытындылайық.

Әр уақыттың әр кезеңінде халықтың біртуар данышпандары дүниеге келген. Ондай дана перзенттер біртұтас бір тарихи кезеңдегі халықтың мәдени өлшеміне, рухани биігіне айналып отырған. Сондай адамдардың бірі – ХІХ ғасырда өмір сүрген кейінгі ұрпаққа рухани-әлеуметтік мұра қалдырған, әлем мойындаған дана ғалым – Шоқан Уәлиханов. Ал, қазір Сіздердің назарларыңызға қазақтың жарық жұлдызына арналған өлең жолдарын ұсынамыз.

Оқушы:

 

Әлемді шолып ой көзбен,

Тереңге сүңгіп бойлаған,

Қайғыны жазып бойды езген,

Толғанған әр кез ойлы адам.

Тарихшы елді зерттеген,

Сапармен барып Қашғарға!

 

І. Тауларын кезіп Тянь-Шань,               

Манасын жазған қырғыздың.

Жете алмай кеткен сан қыран,

Нақ жұлдыз еді бұл біздің.

Жоңғардың батыс сілемін,

Мекендеп қалған мәңгілік.

Туған жер жауып кілемін,

«Алтынемел» тұр жаңғырып.

ІІ. Ғылым оқып білгенше,

Тыным, тыныштық таппаған.

Дүние кезіп көргенше,

Рахат іздеп жатпаған.

Құйрықты жұлдыз секілді,

Туды да көп тұрмады,

Көрген, білген өкінді,

Мін тағар жан болмады.

Оқушылар сендерге «Өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңгімізге сеніммен қарайтын азамат болыңыз» деген тілекпен «Білімді ұрпақ» атты тәрбие сабағымызды аяқтаймыз.

  

 

КІТАП

 

 

РУЧКА

 

КАРАНДАШ

 

ГЛОБУС

 

ӨШІРГІШ

 

ЦИРКУЛЬ

 

 

СЫЗҒЫШ

 

МАРКЕР

 

ТҮРЛІ ТҮСТІ КАРАНДАШ

 

ПАПКА

АЛЬБОМ

 

ПЕНАЛ

КҮНДЕЛІК

КОМПОС

АТЛАС

ЖҰМЫС ДӘПТЕРІ

 

КЕСКІН КАРТА

КӨБЕЙТУ КЕСТЕСІ

ХИМИЯЛЫҚ ЭЛЕМЕНТЕР

ФИЗИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕР

ЛОГИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕР

 

БОР

ӘДЕБИ КІТАП

РЮКЗАК

ПЛАСТЕЛИН

БОЯУ

 

МАГНИТ

КАЛЬКУЛЯТОР

КОМПЬЮТЕР

КІТАПХАНА

МАГНИТ

 

 

ДӘПТЕР

СЫНЫП ЖУРНАЛЫ

ФЛЕШКА

ФАЙЛ

Жинақ парағы

 

Баспасөз-өмір айнасы

$
0
0

ИСКАКОВА  БАҚТЫКҮЛ  ДҮЙСЕНҚЫЗЫ

Қарағанды облысы Жезқазған қаласы  № 4орыс 

орта мектебінің  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

 

Сабақтың тақырыбы: Баспасөз-өмір айнасы

Сабақтың мақсаты:

  1. Жаңа сөздерді меңгерте отырып, баспасөздің өмірдегі орнын

ұғындыру және мерзімдік басылым түрлерін үйрету.

  1. Жақсы оқырман болуға, жан-жақты білімді болуға, мәдениетті   сөйлеуге тәрбиелеу.
  2. Түсіну, қабылдау, меңгеру қабілеттерін арттыра отырып шығармашылыққа баулу.Қызығушылықтарын ояту,белсенділікке ынталандыру.

Түрі:      Жаңа сабақ

Әдісі:    сұрақ-жауап, жеке жұмыс, деңгейлеп оқыту әдісі, СТО

              технологиясының элементтерін қолдану.

Көрнекілігі:  Компьютер, интерактивті тақта, кеспе

                       парақтары,слайдтар

 

  • Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру

ІІ.  Жаңа сабаққа кіріспе

ІІІ. Жаңа сабақтың бөлімдері

  1. Ой шақыру
  2. Сөздікпен жұмыс
  3. Мәтінмен жұмыс
  4. Кубизм

ІҮ. Меңгерту

Ү.  Бекіту

ҮІ. Қорытынды

ҮІІ.Үйге тапсырма

ҮІІІ.Бағалау

  • ІІ. Жаңа сабаққа кіріспе

Ақпарат  құралдары-  мемлекет  тәуелсіздігінің  саяси  экономикалық

және  ғылыми-техникалық  дербестігімен пара-пар басты  белгілерінің  бірі.

Сол себепті олар  қоғам  мен  адам өмірінде зор  мағынаға  ие  және  үлкен

орын алады.  Олар  біздерге

А  -  тақты

Қ – айраткер

П – арасатты

А – ғартушы

Р – ухани бай

А – дамдарды

Т – анытушы  (танимыз)

        Баспасөз – өмір  айнасы.  Ол туралы  сендер  не  білесіңдер  және  білу  керек мәселелерді  сабағымызда  сөз  етеміз

  1. Ой шақыру:

1.Ақпарат көздеріне не жатады?

  1. Баспасөздер арқылы не білуге болады?
  2. Газет-журналдар дегенде алдымен қандай сөздер еске түседі?

 

2.Жаңа сөздермен жұмыс ( оқып танысады, сұрақ қояды, сөз табын анықтайды, сөз тіркестіреді)

Мерзімдік басылым –                     периодическое издание

Бұқаралық ақпарат құралдары -    средства массовой информации

Мақала  -                                          статья

Айдар -                                              рубрика  

Баспасөз  -                                        пресса

Басылып шығады -                          издается

Басылым -                                         издание

Көздері   -                                          источники (здесь)

Тілші   -                                             корреспондент

Сұхбат  -                                            Интервью,беседа

Мәлімет  -                                         сведение

 

  1. Мәтінмен жұмыс
  • Оқу, аудару
  • “Болжау” стратегиясы (мәтін бөлігін оқыған сайын сұрақтар қойылады)
  • “Топтастыру” стратегиясы
  • “Кубизм” стратегиясы бойынша тапсырмалар орындау

1.Толықтырыңыз:          Қандай газеттерді білесің? Атап айт.

  1. Зерттеңіз: Республикада ең танымал қандай газет деп ойлайсың?
  2. Ойыңызбен байланыстыр: Тілші деген кім?
  3. Суреттеңіз: а) Сен тұратын жерде қандай жергілікті газеттер

                                          басылып шығады? Олар туралы не білесің?

                                       ә) белгілі бір журнал туралы хабарлама дайында

  1. Қолданыңыз: Газеттерде қандай айдарларды білесің? Сол бойынша

                                        мақала бердің бе?

  1. Салыстырыңыз: Газеттер оқырманына нені  үйретеді? Адам өмірінде 

                                        қандай рөл атқарады?

ІҮ. Меңгерту

ІІІ деңгей

1.Сөздерді оқы, аудармасын тап, бағдар сызықпен көрсетіңдер.

     Баспасөз                                              местный

     Оқиға                                                    интересный

     Мәлімет                                                подросток

     Жергілікті                                            пресса

     Жасөспірім                                          массовый

     Сүйікті                                                   событие

     Қызықты                                               сведение

     Бұқаралық                                            любимый

  1. 2. №6.1.4. Оқулықта берілген сөйлемдердің дұрыс, бұрыстығын анықтаңдар.

 

ІІ деңгей

№6.1.3. Берілген сөздерді қазақшаға аударып, жайылма сөйлемдер  құраңдар,                        сөйлем мүшесіне талдаңдар.

             Пресса, резюме, корреспондент, программа.

 І  деңгей

№ 6.1.6. Досыңның ұсыныстарына келіспейтін жауаптар жаз.   

Жауаптарыңды толымды сөйлеммен беріңдер.

               1.Ертең редакцияға барайықшы.2.Тілшілерді сыныбымызға кездесуге  шақырайық.3. “Ана тілі” газетін сатып алшы. 4. Мына мақаланы оқып көрші.

Ү. Бекіту

Бес жол өлең  стратегиясымен жұмыс

ҮІ. Қорытынды

Сонымен қорыта келе, газет не үшін керек,баспасөз  деген не? дегендей сауалға  А. Байтұрсынов айтқан төрт қағиданы жауап етіп алса болады.

  1. Газет-халықтың көзі, құлағы, тілі;
  2. Газет-жұртқа қызмет ететін нәрсе;
  3. Газет-халыққа білім таратушы
  4. Газет-халықтың жоқтаушысы

 

ҮІІ.Үйге тапсырма          - №6.1.7. газеттке жарнама әзірлеу   ( І топ)

                                              - Спорт жаңалықтары туралы  мақала  ( ІІ топ)

                                              -эссе “Мен тілші болсам...”

ҮІІІ. Бағалау

Жалпылау есімдігі

$
0
0

ИСКАКОВА  БАҚТЫКҮЛ  ДҮЙСЕНҚЫЗЫ

 Қарағанды облысы Жезқазған қаласы  № 4орыс 

орта мектебінің  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

 

Сабақтың тақырыбы: Жалпылау есімдігі

Сабақтың мақсаты: 

  1. Жалпылау есімдігі туралы түсінік беру және оған жататын сөздерді үйрету, олардың жалғауларға түрлену жолдарын практикалық жолдармен меңгерту.
  2. Туған елге деген сүйіспеншілікке баулу, елін сүюге тәрбиелеу.
  3. Дұрыс сөйлеу дағдыларын қалыптастыру,есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөздік қорын молайту.

Сабақтың түрі:   біріктірілген, жаңа сабақ

Әдісі:                  түсіндіру, ойын түрін қолдану

Көрнекілігі:        каоточкалар,  кесте плакаттар, қоржын, сандық.

                                           

                                     Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру  1.Сәлемдесу   2.Оқушыларды түгелдеу  3.Тіл дамыту

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

     -қыс туралы әңгімелеу

    - «Қыс» өлеңін жатқа айту

ІІІ. Өткенді пысықтап, бекіту

  1. сөздіктерді жатқа айту
  2. сөздер бойынша сұрақ-жауап әдісімен сөйлету
  3. есімдіктің қандай түрлерін білеміз? Олардың септелуіне мысалдар айтайық

 

ІҮ.  Жаңа білімді қалыптастыру

Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау, оқушылардың зейінін аудару: Балалар, бүгінгі өтпекші болып тұрған келесі есімдігіміз «Жалпылауыш есімдігі» деп аталады.( определительное местоимение).

            Жалпылау есімдігі жалпылау, жинақтау мағыналарын білдіреді. Оған мынадай сөздер жатады:  барлық ,бүкіл, бәрі, түгел, күллі, барша, тегіс.

Мысалы: Сабаққа барлық оқушылар  белсенді қатысып отыр.Олардың бәрі жақсы бағалар алды.

           Жалпылау есімдіктеріне сөйлем ішінде кейде септік, тәуелдік, көптік жалғауы жалғанады, бірақ олар жіктелмейді. (Тақтадан плакат бойынша септелу, тәуелдену үлгілері  түсіндіріледі) мысалдар арқылы  меңгерту

Мысалы:                               Тәуелденуі

 І жақ .  Біз(дің) бәрі +міз,                           барлығ+ымыз

 ІІ жақ Сендердің бәрі+ң                             барлығ+ың

 ІІ жақ Сіздердің бәр (лер)+іңіз                  барлығ+ыңыз

 ІІІ жақ Олардың бәр(лер)+і                                   барлығ+ы

 

Септелуі (ІІІ жақта да)

 

А.  баршамыз                        бәрің                                      бүкілі

І.    Баршамыз+дың              бәрің+нің                               бүкілі+нің

Б.   Баршамыз+ға                              бәрің+е                                  бүкілі+не

Т.   Баршамыз+ды                бәрің+ді                                 бүкілі+ң

Ж.  Баршамыз+да                 бәрің+де                                бүкілі+нде

Ш.  Баршамыз+дан               бәрің+нен                              бүкілі+нен

К.   Баршамыз+бен               бәрің+мен                              бүкілі+мен

 

Жалпылау есімдігі сөйлемде сөйлем мүшесі қызметін атқарады.

Мысалы: Бар жұрттың көңілі көтеріңкі.

 

  1. V. а) Жаңа сабақты меңгерту.

Сынып 2 топқа бөлінген «Ғылым» және «Білім» тобы.

Меңгеру кезеңі «Сиқырлы сандық» және «Қожанасыр қоржыны» ойындары арқылы өтеді. Алдымен  оқушыларға хабарлама айтылады.

Сергіту:          Кел, балалар, келіңдер,

                        Тамашаны көріңдер,

                        Бізде қызық ойын  бар,

                        Барлығың ден қойыңдар.

 

Балалар алдымызда қандай мереке келе жатыр?

                        -Тәуелсіздік күні.

            Олай болса, осы мереке қарсаңында бізге «Балдырған» редакциясынан балдырғанның «Сиқырлы сандығы» және «Қожанасыр қоржыны» (Балд. қорж) келді. Бос келген жоқ, ішінде білім базарлығы бар, яғни тапсырмалары бар. Кімде – кім осы тапсырманы дұрыс, тез орындаса, сол оқушыға жеңімпаз атағы беріледі.  Жеңіске жету баға өлшемі бойынша белгілі болады.

            Мерекені қандай жетістікпен қарсы аламыз?

          Қане, балалар 4-5-пен қарсы алайық.

 

«Сиқырлы сандықты» ашу үшін жұмбық шешіп,мақал айту керек.

  «Туған елдей ел болмас,

   Туған жердей жер болмас».               (мақал)

Жұмбақ:      Қолы жоқ, сурет салады

                     Тісі жоқ, тістеп алады.                       (аяз)

 

Сандық ашу:  Ақ сандығым ашылды,

                         Ішінен білім шашылды.

 

Әр топтан бір-бір оқушы шығып өз тобына берілген тапсырмаларды алады.

«Сиқырлы сандығы» -    «Білім»  тобы.

«Балдырған қоржыны» - «Ғылым»  тобы.

Ойынның шарты:

            Оқушыларға карточкалар үлестіріліп беріледі. «Білім» тобы жұппен жұмыс істейді. «Ғылым» тобы әр оқушы жеке жұмыс. Бір-екі оқушы тақтада орындайды. «Ғылым тобы үшін» ауызша да жауап беруге болады.

Карточка тапсырмалары :

            Ұлттық ойын - «Ақ сүйек». Кім дұрыс жауап берсе, сол ақ сүйегін тапқан болып есептеледі.

 «Ғылым» тобы.

  1. Мәтінді оқы, сұрақтарға жауап бер, Ж. Есім-н ата 5 жол өлең құр.
  2. Мәнерлеп оқы.Жалпылау есімдігін тап.Сол сөзбен сөйлем құра.
  3. Нүктенің орнына тиісті сөздерді қой, аудар.
  4. Мақалды есіңде сақта,не туралы.Жалпылау есімдігін тап

«Білім»  тобы          

1)  сөздіктер бойынша сөйлемді аудар

2)  есімдікті тап, жалғауларын ата.

3)  нүктелердің орнына тиісті жалпылау есімдігін қой.

 

  1. ә) Жаңа сабақты меңгеру деңгейлерін тексеру кезеңі.

            -Оқушылардың карточкалар бойынша жауабы таңдалады.

            -Қосымша сұрақтар қойылады, түзетулер қажетіне қарай жүргізіледі.

 VІ. Бекіту

  1. Екі топтың бір-біріне сұрақ қойып, жауап беруі (немесе мұғалім тарапынан қойылады).
  2. Бір-екі оқушы ауызша септейді және мысалдар келтіреді.
  3. Мұғалім бір жол өлең оқып, соның ішінен жалпылау есімдігін  табу.

Мысалы:        Бақыт қайта қонды деп,

                        Қуанышты күллі елім!

                        Көк ту болып желбіреп,

                        Азаттығым тұр менің.

 VІІ. Үйге тапсырма:           - жалп.есімдігінің  септелуін есте сақтау.

                                               І топ:    5 сөйлем құрап жазу.

                                               ІІ топ:   «Қазақстан» туралы шағын әңгіме жазу

                                               (жалпылау есімдігін қолдану)

VІІІ. Бағалау.

ГИННЕС КІТАБЫНА КІРГЕН ҚАЗАҚ

$
0
0

Сабақ тақырыбы:   ГИННЕС КІТАБЫНА КІРГЕН ҚАЗАҚ

 

Сабақ мақсаты: Білімділік: Оқушылардың ғарышкерлер туралы мағлұмат

                                                  беру арқылы оқушылардың  білім,білік 

                                                   дағдыларын қалыптастыру. Оқу дағдысын  

                                                   қалыптастыра отырып, дауыс ырғағымен 

                                                    мәтінді мәнерлеп оқуға үйрету.

Дамытушылық: Т.Әубәкіров өмірі туралы ұғымдарын , сөздік қорларын,Тоқтардың ерен еңбегі туралы білімдерін  дамыту;

Тәрбиелік: Тоқтар сияқты ерен еңбегімен батырлық ержүректілік көрсетуге патриоттық тәрбиеде,  ғарышкерлер еңбегін бағалауға тәрбиелеу,

Көрнекілік: Зымыран  макеті, жер шары картасы, интерактивті тақта.флипчарттар,үлестірмелі жұлдызшалар,үнтаспа.

 

Қолданылатын технология: Акпараттық технология, дамыта оқыту

Барысы:    Ұйымдастыру бөлімі:

Бағдарлау-мотивацияық кезең

Оқушылардың зейіндерін шоғырландыру.

Үй тапсырмасын сұрау.

1.«Батылдық» әңгімесінен түсінік сұрау.

2.Талдау: а/Балуан Шолақтың шын есімі кім екен?

               ә/ Ол неліктен «Батыл бала», «балуан бала» атанған.

                б/Мәтіннен Нұрмағамбеттің күштілігін көрсететін тұстарды тауып,дауыстап оқыту.

  1. Біздер осы тарауда батырлар,ұлы адамдар туралы өттік. Қандай Ұлы адамдарды оқып білдік? (Абай, Мұхтар, Тұрар,Біржан)

Қандай батырлар аға-апаларымыз туралы өттік? (Әлия,Мәншүк,Қажымұқан,Бауыржан)

4.Осы батырлдарымыздың қандайерліктерін білеміз? (Қажымұқан өз ақшасына ұшақ жасатқан.Бауыржан тапқырлығымен жауынгерлерді алып қалған.

  1. Біздің арамызда мектебімізге,ауданымызға кішкентай болса да батырымз кім? Ол біздің сыныптан шыққан шахматшы Нұрлыбек.Осындай батыр аға-апаларымыздың ерлігі мәңгі жүрегімізде сақталу керек. Ендеше, бүгін біз тағы қазіргі замандағы батырымыз туралы өтпекпіз.

 

Операциялық-орындаушылық кезең:

Сабақ тақырыбы:Гиннес кітабына кірген қазақ

Дәптермен жұмыс.

Сөздік жұмысымен жұмыс: Гиннес кітабы- алғаш рекорд жасаған  адамдардың есімі кіретін кітап

Рекорд-еңбекте, спортта қол жеткен ең жоғары табыс.

 

Актив-студио бағдарламасымен жұмыс:

1-слайд: Сөзжұмбақ: Ерлік туралы мақал-мәтелді шешу арқылы  зымыран макетіне жазу.

Мұғалім: Ғарыш әлеміне ұшқан бірнеше ғарышкерлер бар. Қазақстандық Т.Әубәкіров,Т.Мұсабаев, В.Жәнібеков, В.Шаталов, Ю.Лончаков, В.Степанович, біздің Алғалық жерлесіміз В.Пацаев айтуға болады.

Қазақтың ұлы Тоқтар Әубәкіров ең алғаш ғарышқа ұшқан қазақ. Адам баласынан бұдан бұрын 1961 жылы Ю.А.Гагарин ұшты. Ол күннен бастап 12-сәуір Ғарышкерлер күні деп аталып келеді. Ғарышкерлердің ұшатын алаңы жер кіндігі- Қазақстанның Байқоңыр қаласы.  

  Ендеше, біз бүгін сабақта ғарышкермен бірге жер шарын аралап шығамыз. Бәріміз мына зымыранға мініп төркүл дүниені аралап шығамыз. Бірінші Тоқтардың туған жері Қарағанды облысы болғандықтан Шығыстан бастаймыз.  (Зымыранды картаның шығысына қою)

ШЫҒЫС:2-слайд:

 

СОЛТҮСТІК-3-слайд: КТК телеарнасынан жазылған «Жүрекжарды » атты Тоқтар туралы бейнебаяннан көрініс. (Видеоролик көрсету)

 

БАТЫС:-4-слайд: Н.Жүсіп туралы түсінік.

  • Нұртөре Байтілесұлы Жүсіп
  • 1961 жылы 29 сәуірде ҚызылОрда облысыШиелі ауданы Керделі ауылдық кеңшарында туған. Қазақ.
  • Әкесі - Жүсіпов Байтілес (1921-1985). Анасы - Байділдәқызы Рабиға (1925 жылы туған), зейнеткер, батыр ана, күрішесіруші болған.
  • С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистикафакультетін бітірген (1984), журналист. ҚР Журналистер академиясының академигі (1999 жылдан).
  • «Біз кімнен кембіз?» (2001), «Қазақтың қызы» (2004), «Елес пен белес» (2006) публицистикалықжинақтың; 500-ге жуық мақалалардың авторы.

5-слайд: Сергіту жаттығуын жасату.

ОҢТҮСТІК:-6-слайд: Кітаппен жұмыс.

Аспан әлеміне саяхат: Жаңа сабақты оқып,талдау:

1.«Тбилиси»ұшағымен жаңа әдіспен ұшақты көтеру оқиғасына бүкіл әлем қалай қабылдады? (көз тікті)

  1. Бұл ерлікті Тоқтар сынақшы-ұшқыш ретінде қандай ұшағымен жасады? (МИГ-29)
  2. Кеңес ұшағы қалай ұшады?Егер дұрыс ұша алмаса суға құлап түсетін болды. (лып етіп)
  3. Бұл сәт қанша уақытта орындалу керек? (секундтар)

5.Бұл әдісті ғаламат ерлікпен кім жасады?(Тоқтар)

6.Тоқтардың осы ерлігі қалай бағаланды? (Гиннес кітабына кірді)

  1. Тоқтар ғарышта қанша уақыт болды? (7 тәулік, 22 сағат,12 минут 40 секунд).
  2. Сынақшы-ұшқыш және ғарышкер-ұшқыш дегенді қалай түсінесің?

Шығармашылық тапсырма-ойындары:

 

Қорытынды бөлім:

 Рефлекциялық-бағалау:

Кітаптан мәтіннен ұнаған жері мен ұнамаған жерін сұрап, өз пікірлерін сұрау.

Бағалау.

Ғарышкер болғысы  келетіндерге:

Барлығы да армандаудан басталатынын ұмытпаңдар.

Армандаудан қорықпаңдар!

 Жалқаулыққа салынбаңдар!

Сәттілік тілеймін!

  

Үйге «Гиннес кітабына кірген қазақ» мәтінін оқып,әңгімелеуге дайындалып келу.

 


Ынтымағы жарасқан тәуелсіз елім Қазақстан

$
0
0

Ынтымағы жарасқан тәуелсіз елім Қазақстан

Мақсаты:  оқушыларды елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға, еліміздің тәуелсіздігінің паш ететін түрлі тарихи оқиғаларды зерделей отырып, егемен елімізге қамқор болу, мемлекетімізді одан әрі нығайту, еліміздің ертеңі жастардың қолында екенін ұғындыру.

Барысы:  ҚР мемлекеттік әнұраны орындалады.

І. Сәлеметсіздер ме құрметті, қонақтар, ұстаздар!

    Еңсесі биік егеменді, тамыры тереңге жайылған тәуелсіз  еліміз жасай берсін деп бүгінгі «Сыр сұхбат» ток шоуына хош келдіңіздер дейміз!!!

ІІ. Менің  елім Қазақстан деп  жүрегі лүпілдеп соққан әрбір  Қазақстандықтардың татулығы мен берік сенімінің арқасында біздің Отанымыз тәуелсіз, біздің Отанымыз егеменді, біздің Отанымызда бейбітшіліктің көк байрағы желбіреуде.

ІІІ. Бүгінгі бағдарламада біз елімізді мекен етіп жатқан әртүрлі ұлт өкілдерінің  біздің елімізге деген ыстық лебізі мен пікірлерін тыңдаймыз.

І. Сонымен қатар, бізге алып келген сәлемдемелерін де қабыл алайық!

ІІ. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол тәуелсіз Қазақстан,-  деп халқына жолдаған жолдауында айтқанын баршамыз білеміз.

ІІІ. Елбасыздың татулық пен бірлікті, бейбітшілік пен келісімді  қолдай отырып жүргізген саясатының арқасында қазіргі таңда қазақ мектептерінде бірнеше ұлт өкілдерінің балалары білім алуда.

І. Ендеше, бүгінгі бағдарламамыздың қонағы ретінде өзіміздің мектебімізде оқып жатқан өзге ұлт өкілдерін ду қол шапалақпен ортаға шақырайық.

ІІ. Ниязулина Зарина (татар ұлты)

ІІІ. Арсыланов Артем (ұйғыр ұлты)

І. Огай Лариса (кәріс ұлты)

ІІ.Когутенко Ислам (украйн ұлты)

І. Сәлеметсіздер ме, достар! Сіздер  біздің  мектебінде  білім алып жатырсыздар. Біздің мектебіміз жайында  сіздердің  пікірлеріңізді білсек. Ендігі сөз кезегі өздеріңізде.

(кезекпен балалар өздерін таныстырып, өздері жайла айтып, жақсы тілектер тілейді)

ІІ. Жақсы пікірлеріңіз бен тамаша ойларыңыз  үшін сіздерге көп көп рахмет!

ІІІ. Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев: Қазастанда тұратын  әрбір адам өзін осы елдің перзенті сезінбейінше, болашағына сенбейінше, біздің жұмысымыз ілгері баспайды,-  деген өз сөзінде.

І. Әрбір адам бала кезінен «Қазақстан менің Отаным, оның мен үшін  жауапты екені сияқты, менде ол үшін жауаптымын» деген қарапайым ойды бойына сіңіргені жөн.

ІІ. Қазақстанды менің Отаным деп санайтындардың ең басты мақсаты, ең қасиетті борышы тәуелсіздік туын  қолдарына берік ұстаулары тиіс.

ІІІ. Ендеше, бүгінгі бағдарламамызға арнайы келіп отырған бірнеше ұлт өкілдерін ортаға шақырайық.

(Айдина- испан ,Адема- орыс, Абзал- француз, Раш- ағылшын, Айгерим- монғол, Жүсіп- өзбек, Зарина- қытай, Рауан- неміс , Нұрай -кәріс,  Ислам- түрік, Диляра- әзірбайжан. )  Әр ұлт өкілдері өз тілдерінде сәлемдесіп, сөздерін айтып,  орындарына жайғасады. (Ең бірінші Айдина соңынан Диляра  би  билейді.)

(Ортаға Томирис, Диляра,Нұрсұлтан, Жанэля, Мағзия өз реттерімен шығады)

Жанел:  Еліміздің ұлан-байтақ жері, бейбітсүйгіш халқы бүкіл әлемге танымал. Бар әлем біздің жеріміздің кендігіне, жер қойнауының байлығына, мекен ететін көпұлтты халқымыздың бірлігіне, қонақжайлығына  қызығада қызғана қарайды. Жеріміздің әсем табиғаты, сылдырлаған мөлдір бұлақтары, тұп-тұнық таза көлдері, сарқыраған өзендері, көк тіреген алып таулары – барлығы мейірбан халқымыздың байлығы

Дилара Осындай бай халықтың ұлы жетістіктерге жетуі – біздің қолымызда! Қазақ халқы «Елдің даңқын ер шығарады, ердің даңқын ел шығарады» деп бекер айтпаған. Әлемдік бәсекеге төтеп берудің басты шарты-күшті рух мен білім . Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің  Қазақстан-2050»  стратегиясында «біздің балаларымыз бен немерелеріміз бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып,  қазіргі заманғы нарықтық экономика өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» деп айтқан болатын.

 Томирис: Ары үшін жанын садаға ететін қазақтай қасиетті халықтың, осы елдегі сан түр­лі ұлыстың баласының басын қосып, басшы­лы­ғында жүрудің өзі жаныңды тербейтін бақыт емес пе?!

Мағзия: (өз шығармашылығынан өлең оқиды) (барлығы ортаға шыға бастайды.)

Нұрсұлтан:  Елбасымыз  Қазақстан халқы Ассамблеясын «Бүкіл халықтық өкілдік!»  деп атады. Ұлт Көшбасшысының ұлы мақсатын сессияның аты да әйгілеп тұр: «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр»!

 «Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер,(барлығы хормен)

«Бір ел», бұл – барлығымыз үшін ортақ Отан. ,(барлығы хормен)

«Бір тағдыр», бұл – біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер! (барлығы хормен)

  Міне, қазақстандық қоғамдық келісімді шайқалтпай ұстап тұратын табаны  таудай үш таған.  Елбасымыз: «Қазақстандағы қоғамдық келісім, ең алдымен, қазақтың келісімі екендігін мықтап есте сақтаған абзал. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес». Ендеше, Ассамблея – барша қазақстандықтың мүддесі! – деген болатын.

І. Бүгінгі «Сыр сұхбат» ток шоуымызды осы жерден тоқтата тұрып, көрермендердің тілектері мен пікірлерін тыңдасақ.

ІІ. Сіздің  ойыңызша,  қазіргі өскелең жас ұрпақтың бойына патриоттық отын жағу үшін тағы да қандай іс шаралар жасалу  керек?

ІІІ. Сіз қазіргі таңда біздің елімізде мекен етіп жатқан өзге ұлт өкілдеріне қандай тілектер тілер едіңіз?

І. Көрермендердің осындай тамаша тілектері мен ыстық лебіздерінен соң  біз қайтадан  сөз кезегін  бағдарламамызға арнайы  келіп отырған қонақтарымызға береміз.

Адема- орыс:      Ресейден қай заман келгелі мен 
                             Туыстарым даланың белдерімен 
                             Кім тұрады мұнда?- деп сұрай қалсаң, 
                             Қазақстандықтар- дейді менің елімде кілең

Абзал- француз: Қазақ жері- достықтың гүлстаны 
                             Дархан өлкем-мерейлі ырыс бағы. 
                             Күрестерде, еңбекте, мерекеде, 
                             Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады. 

Раш- ағылшын: Отанға сүйіспеншілік жайында қызыл сөзді тоқтаусыз ұзақ айтуға болады, алайда, онымен Отаныңның гүлденуіне ешқандай көмек көрсете алмайсың

Айгерим- монғол: Туысқан ел 
                               Енді бүгін қарасам, 
                               Айналам бақыт кең жатыр. 
                               Бірімен-бірі туысқан, 
                                Қол ұстасқан ел жатыр. 
                                Қырғыз, қазақ, өзбектер, 
                                Монғол, ұйғыр, дүнгендер, 
                                Армян, тәжік, грузин, 
                                Орыс пенен украйн 
                                 Терезесі тең жатыр

Жүсіп- өзбек:          Қазақ жері маған да болған мекен 
                                  Дүниеде дәл мұндай ел бар ма екен? 
                                  Досқа-дарқан, дұшпанға – сонша қатал, 
                                  Сүйем оны, сағынып самғап жетем. 
Зарина- қытай: Бізді біріктіретін жеке бастың қамы емес, бізді ел туралы биік ұғымдар, ортақ мүдделер ғана біріктіре алады.

Рауан- неміс: Ұйғыр, қазақ тамыр болған ежелден, 
                        Кімдер қашсын қазақтардың ер елден.

                         Достығымыз ғасырларға жарасқан, 
                        Туған елім, шарықтай бер кемелден 

Нұрай –кәріс: Қасиетті сыры терең ел ме едің? 
                       Жүзген айдай көңілімді тербедің 
                       Кеңдігімен дархан қазақ даласы, 
                       Жүрегімді толғандырдың сен менің

Айдина- испан: Беймазассыз тіршілікке толы ағын 
                          Тағдырлардың беттестірсек боранын 
                           Көңілдерді-дарқан қазақ даласы, 
                            Көп орайлы кілеміңе орадың

Ислам- түрік: Далаң үшін, қызба қан халқым үшін, 
                           Жырың үшін кеңейткен жан тынысын 
                          Саған Қазақстаным ғашықпын мен 
                           Әншіл, сәншіл, бәйгешіл халқым үшін

Диляра- әзірбайжан: Мен – қазақстандықпын, өз елімде мен үшін барлық есік ашық!

І. «Отан оттанда ыстық», «Отан  үшін отқа түс күймейсің» деп халық даналығы бекерге айтпағаны баршамызға аян.

ІІ. Татулық пен тұрақтылық ел иесі ретінде ең алдымен қазаққа керек. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, елдің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес.Халқымыз «тар жерде табысқан, кең жерде келіседі» дейді Ең тар замандарда қазақ құшағына алған өзге ұлт өкілдері бүгінде өз бауырларымыз атанып, бізбен бір халыққа айналды.

ІІІ. Ендігі сөз кезегін бүгінгі  «Сыр сұхбат» теле ток шоуының жетекшісі Әбдікәрімова Шынар Әбдікәрімқызына береміз.

І.  Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,

    Көк туымды қалайша құлатармын.

   Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,

   Бәріміз баласындай бір атаның.

ІІ.Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,

    Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.

     Халқымның ахуалы дұрыс болсын.

   Барлығы хормен:  Отанымыз әрқашанда тыныш болсын!  «Тәуелсіздік тірегі» әні шырқалады. (хормен)

 

«Мен елімнің ертеңімін»

$
0
0

Жамбыл облысы Тараз қаласы

Н.Тілендиев атындағы

 облыстық мектеп-интернаты

тәрбиеші:Қансеитова А.Е.

«Мен елімнің ертеңімін»

 

Мақсаты: білім алуға деген ұмтылыстарын, алынған мәліметтерге сыни көзқараспен қарау қабілеттерін қалыптастыру.

Тәрбиелік міндеті: Өз бетімен білім алу қабілетін қалыптастыру;

                                   Оқу үлгерімдерін көтеру міндетін шешу және өз бетімен                  

                                   анықтау қабілеттерін қалыптастыру;

                                   Көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;

                                   Ұйымшылдыққа, бірлікке, іздемпаздыққа баулу, ұтқыр              

                                   ойға ұтымды жауап беру дағдыларын қалыптастыру;

Көрнекілігі: Мақал-мәтелдер, интерактивті тақта, сигналдық белгілер,

эмблема.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,  іздендіру.

Сабақтың түрі: танымдылық ойын сайыс сабақ.

   Қайырлы күн , құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер.

       Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз «Мен елімнің ертеңімін» атты ойын сайыс сабағы. Мақсаты оқушылардың алған білімдерін сынау, сараптау және озық ойлы оқушыларды анықтау.

Ойынымыздың шартымен таныстыра кетсем

Бәйге, Жорға, Дода, Тапқырлық кезеңдерден тұрады.

Осы сайыс сабағымызды сараптайтын әділ қазылармен таныстыра кетейін.

 

  1. Жүргізуші: Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,

                          Ренжімей тараса, озбағандар жарады.

                          Жарыс заңы ежелден-жеңімпазды анықтау

                          Озат болу шарты сол еңбектену

Ендеше сайысқа түсетін сынып оқушылары ұрандарымен таныстыра кетсе.

 

  1. Жүргізуші: Білім деген биік шың,

                          Бақытқа сені жеткізер.

                          Білім деген ақылшың,

                          Қиындықтан өткізер,-деп ойынымыздың алғашқы кезеңі «Бәйге». Кезеңінің шарты 30 сұрақ беріледі.

Дұрыс жауап 10  ұпаймен бағаланады:

 

Сұрақтар

  1. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі қашан жарияланды? (1991 жылы 16 желтоқсан)
  2. Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін және авторларын ата?
  3. Жаңа әнұран қай жылы шырқалды? (11 қаңтар 2006 жылы)
  4. Сәулелі жұлдыз іздеген адам. (Ы.Алтынсарин)
  5. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінің авторы?
  6. Қазақстанның жер көлемі? (2 млн 724 мың шақырым)
  7. Қазақстанға көршілес елдер?
  8. Басты байлық?
  9. Кімді? нені? деген сұрақтар қай септікте?
  10. –ға, -ге, - қа, -ке жалғауы қай септіктің жалғауы
  11. Күйді орындаушы адам?
  12. Екі ақынның өлең жарысы?
  13. Күндіз көрмейтін құс?
  14. Ұя салмайтын құс?
  15. Қазақша жыл басы?
  16. Өткен жыл қай жыл?
  17. Үш биді ата?
  18. Үш бәйтерек кімдер?
  19. Қазақстан валютасы теңге қай жылы айналымға енді?
  20. Қазақстан Республикасының ұлт аралық тілі?
  21. «Жеті қазынаға» нелер жатады?
  22. Жерге ең жақын жұлдыз?
  23. Бала құқықтары туралы халықаралық конвенция қай жылы қабылданды?

(1989 ж 20 қараша  БҰҰ)

  1. Қазақстан Республикасының Балалар құқығы қай жылы қабылданды?

(2002 ж 8 тамыз 3 бөлім 37 бап)

  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңы қай жылы қабылданды?»

Неше тарау және неше бап? (2007 ж27 шілде, 12 тарау, 68 бап)

  1. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы заңы қай жылы қабылданды?»

(1997 жылы 11 шілде)

  1. Мектеп – интернатымыз қай жылы ашылған?
  2. Н.Тілендиев кім? Қандай атақтарын білесіңдер?
  3. 2011 жылы қысқы Азия спорттық ойындары Қазақстанның қай екі

қаласында өтті.

  1. Әлемдегі ең әйгілі спорт түрі?

 

Жүргізуші:

Екінші кезеңіміз «Жорға» логикалық жұмбақ сұрақтар беріледі. Әр дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланды.

Қылығым болса сенен асырамын

Шеше алсаң жұмбағымның бар жауабын

Шаттанып күн секілді ашыламын дегендей

жұмбақтарды  мұқият тыңдап алыңыздар

1 Жанұяда бес ер  бала және олардың әрқайсының қарындасы бар. Жанұяда

қанша бала бар?

  1. Бір көйлек жылы ма, әлде бір көйлектің қалыңдығындай үш көйлек жылы ма?
  2. Төр бұрышта бір-бірден мысық отыр, бір-біріне көздерін қысып отыр, әр мысыққа қанша мысық қарсы отыр?
  3. Аспанда үш түйеқұс ұшып барады, оның біреуін аңшы атып алды, аспанда

неше түйеқұс қалды?

  1. Түнгі сағат 2300 –де жауын жауып тұрса 24 сағаттан соң күн шығып тұруы мүмкін

бе?

  1. Алманың жартысы неге ұқсайды?
  2. Түйеқұс 10 кг тартады бір аяғымыен тұрса, екі аяғымен тұрса неше

килограмм тартады?

  1. 1 жұмыртқа 3 минутта піседі, ал 4 жұмыртқа неше уақытта піседі?
  2. Сенің әке-шешең сенің көршіңе кім болады?
  3. Қайыңда 4 бұтақ бар. Әрбір бұтақта екі-екіден алма бар, қайыңда қанша

 алма бар?

  1. Сендердің аналарыңның, анасының күйеу баласы сендерге кім болады?

Жүргізуші: Келесі кезеңіміз «Дода»

Біреу озса сайыста, біреу артта қалады.

Ренжімей тараса, озбағандар жарады.

Жарыс заңы ежелден жеңімпазды анықтау.

Озат болу шарты сол-еңбектену жалықпау.

Ендеше ойынымыздың келесі кезеңіне көшсек

Мақал қайдан шығады ой болмаса.

Киіз қайдан шығады қой болмаса деп   ойынымызды жалғастырайық

Кезеңнің  шарты мақал мәтелді жалғастыру.

  1. Күшіңе сенбе,..............................................................................
  2. Жүк ауырын нар көтерер............................................................
  3. Балапан ұлда не көрсе,................................................................
  4. Жүз сомың болғанша..................................................................
  5. Әдепті бала арлы бала.................................................................
  6. Көз қорқақ ...................................................................................

7.Тәні саудың...............................................................................

8.Көп түкірсе ..............................................................................

9.Жұмыла көтерген ....................................................................

  1. Дұшпан күлдіртіп айтады........................................................

Ойыншыларды бағалап ұпай саны  2-і оқушыны шығарып салсақ

4-ші кезең «Тапқырлық»

4 кезең  «Тапқырлық» Ойын шарты тапсырманы орындау. Тапқырлығына,

ойлануына, жауабына 5, 10, 15 ұпайдан беріледі.

1 Тапсырма:

Бір аңшы тоғыз үйрек ұстап алады. Ол тоғыз үйректі бір қораға қамайды.

Олар бір қораға сыймай бір-бірімен шоғысып қауырсындарын жұлуға

дейін барады. Сонда аңшы тоғыз үйрекке жеке-жеке бөлме салып береді.

Енді мұқият тыңдаңыздар, тапсырма: аңшы екі төрт бұрыш салып, немесе

екі төрт қабырға салып үйректерді жекелеп қамайды. Аңшы қалай екі төрт

бұрыш салып үйректерді жекелеген?         

                                                                        

Сөзді әділқазыларға берейік.

Тәрбиеші:

Жұлдызы жанған озық ойлы оқушымызды қошеметтеп қол соғып қояйық.

«Білікке сенер заманда ешкімге есе бермедік, Бірлікке сенер заманда қапы қалып жүрмейік деп даналарымыз айтқандай» Келешек білімді ұрпақ

қолында екендігін  Елбасымыз жолдауында атап көрсеткен болатын. Еліміздің ертеңі, Тәуелсіз Қазақстанның кемел болашағын келешекке жеткізер осынау озық ойлы ұрпағы бар елдің жалауы ешқашанда еңкеймек

емес.Алдағы уақытта да тек биіктен көріне беріңіздер деген  ізгі ниетпен.

Біз ойынымызды тамамдаймыз. Біздің білімде жеткен биіктеріміз бен қуаныштарымызға ортақ болған барлығыңызға да тек сәттілік тілейміз.

 

 

Сәлем-сөздің анасы

$
0
0

Сабақтың тақырыбы: «Сәлем-сөздің анасы»
Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларды ізеттілікке,сыпайылыққа,әдептілікке,достыққа тәрбиелеу.
  • Оқушылардың сыйластық қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
  • Оқушыларды үлкендермен амандасуға,бір-бірімен сәлемдесуге,бір-біріне  ізет,сый-құрмет көрсете білуге үйрету

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, жүрекшелер, шарлар,   көңіл-күй топтамасы

Сабақтың әдістері: баяндау, топтау, көрнекілік, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы:

Марта:Сәлем-арабтың «тыныштық», «бейбітшілік» мағынасындағы «ассалам» сөзінен шыққан.Тегінде,әдеп,адамшылық амандасудан басталады.Сәлемдесудің мәні-ең алдымен бетпе-бет ұшырасқан  сәттегі үнсіздікті жою,өздерінің аман-есен дидарласып тұрғанына қуану,ниеттерінің ақ,адал,таза екенін білдіру.

Нармина:Мұсылмен халқында амандасу «Ассалаумағалейкум» деген сөзден басталады.Ол «Сізге Алланың нұры  жаусын» деген сөз екен.Жасы кіші адам жасы үлкен адамға қос қолын ұсынып,алдыменсәлем береді.Ал сәлем алушы «Уағалейкумассалам» деп оң қолын береді

Айнұр: Сәлемдесу –барлық халық да адамгершілік қарым-қатынастың алғашқы бастауы, кілті сияқты сезіледі. Қазақ халқында сәлемдесу рәсімдері күрделі. Әсіресе,  үлкенге сәлем беру реті-жауаптырақ. Соны әркім қатаң сақтауға керек.

 Ерсейіт:  Барып сәлемдесу реті кез келген уақытта, кім көрінгенге барып  сәлем бермеген, бұрында.Бір ауылдағы немесе бір туыстықтағы бір жасы үлкен, ел-жұртқа сыйлылығымен танылған адамдарға ғана  әдейі  уақытын арнап, сапар етіп сәлем беруге баратын болған. Немесе, ауыл адамдарының ішінен біреулер оқудан, әскерден, т.б. сапардан келіп  жатса, жасы үлкендерге сәлем беріп шығу борыштарлығын өтейтін  болған.

Ұлан:Қазақта ешқандай шаруасыз, арнап сәлем беру рәсімі-ертеден қалыптасқан ізеттілік.  Оны  көбіне бір туыстықтың адамдары, құдандалы, жекжат, дос-жарандар атқарып жататыны   халқымызда әлі жалғасып  келеді.  Міне, қарап отырсақ, сәлем беріп бару реті- баратын адамның жасы, немесе жолы үлкен болу  шарттылығына байланысты екен.

Ерұлан: Үлкендермен сәлемдесу

Егер  сәлем беретін  адамның ата жастағы, аға жастағы болса, қайда кездессең де, бұрылып қасына келіп сәлемдесу орынды.  Егер азамат жасы үлкен ер адамдарға- «Ассалаумағалейкум, ата», немесе «ассалаумағалейкум, аға!»-деп сәлем беріп, екі қолын бірдей ұсынады. Ал, сәлем алушы- «уағалейкумассалам»,-деп екі қолын немесе бір қолын берсе де айып емес.

Ерғалым: Жасы қатар  адамдармен сәлемдесуі.Жасы қатар адамдар кездесе қалса, қайсысы сәлемдесуге  бұрын ыңғайланса да артық емес. Егер, екеуі сәлемдесуге ыңғайланып жатса, өте дұрыстық болады.  Қатар адамдар бір-біріне  «сәлематсыз ба» деп амандасады да қояды.  Кейде жастардың айы-күніне дейін белгілі болып жатса «мен сәлемдік үлкенмін»- деп екіншісінен сәлем дәметіп жатады.

Дарын: Жасы кішілермен амандасу.Жасы кішілермен сәлемдеспейді, амандасады. Жасы кіші байқамай, сәлем бере алмай жататын жайлар кездеседі.  Ондай да «Ау, пәленшежан-ау, амансың ба, үлкен жігіт болдың ба?» деп, өзіне қаратып амандаса бастайды.  Сол кезде  ол да «байқамай қалыппын-ау, ассалаумағалейкум» деп сәлемін беру артық емес.

Шегебай:  Жүзі танысқа сәлемдесу.Түрлі жүріс-тұрыс ретінен (жұмысқа, шаштаразға, моншаға, киноға, т.б.) жүріс ыңғайластығына байланысты кездесіп тұратын адамдар болады. Олардың аты-жөнін білмесең де, кездескенде бас изесіп амандасып өте беруге болады.

Қуатқан:Бір үйге кіріп келгенде оның үй иелері жасы кіші адамдар болса да, сырттан кіруші «Ассалаумағалейкүм»- деп  үйге  сәлем беріп  кіруі керек. Мұны шаңыраққа сәлем беру деп те  атайды. Қазақта шаңырақ қашанда   үлкен саналған. Сосын барып, үй ішіндегі адамдар жасының ретіне  қарай, өздері сәлемдесе  бастайды.

Еркебұлан: Сондай-ақ,адамдар көлік үстінде  (ат, машина) кездесе қалса, тек көліктен түсіп  амандасулары қажет. Көлік үстінен амандасуды  қазақ әдепсіздік деп түсінеді. Сәлем беруші  жас адамның үлкен кісіге  екі қолын бірдей ұсынуы-ықыласыммен  сәлемімді беремін,  дегенге  мегзейді.   Сәлемін беріп, оң қолын кеудесіне басып, басын июі-ақ жүрегіммен сәлемімді беріп тұрмын,  басын июі-ілтипат етемін-дегенге мегзейді.

Жеткерген:Ең бастысы-кішінің үлкенді сыйлау борыштарлығы халқымызда сәлемдесу рәсімінде де  қарастырылған екен.  Кіші  үлкенге  сәлем  бермесе,  оны   әдепсіз деп  сөккен ғой.  Сонымен бірге, сәлемдесу әңгімелері- әрбір қозғалыстың өзіндік сипатына қарай өзгеріп отырады. Мысалы: бір жігіт әскерден келсе, біреу оқудан келсе,  біреу бір мақсатты сапардан келсе, біреу көшіп келсе, соның әрқайсысының тақырыбына сай аман есен әңгімелері айтылып жатады

1-оқушы: Әкем: «Үлкен кісіні көрсең, оны  танысаң да, танымасаң да алдымен сәлем бер» деп  отырады.

2-оқушы: Халқымыздың төбе биі Төле би «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал орнынан тұрып сәлем береді» деген сөзі бар.

3-оқушы: Ислам діні сәлем беруді,  рұқсат сұрауды шариғатқа кіргізген. «Сәлем –Алланың жердегі есімдерінің бірі» делінген. 347-хадисінде.

4-оқушы: 91- хадисінде «Біріңмен-бірің сәлемдесіп жүріңдер, сонда ғана араларыңда мейірім махаббаты оянады» делінген.

5-оқушы: «Егер сізге сәлем берілсе, сіз одан жақсырақ, болмаса тап өзіңдей етіп жауап қайтарыңыз»  (86-аяттан).

Мұғалім: Қандай  жағдайларда сәлем беруге тыйым салынады.

А қ ы л     ә л і п п е с і

1-оқушы:            Ата-ананың тілегі-

Адам болып  өскенің .

2-оқушы:           Адамдықтың белгісі-

Адал болып өскенің

3-оқушы:            Әдептілік дегенің-

Әрқашанда керегің.

4-оқушы:         Әсемпаздық дегенің-

Әуре-сарсаң әлегің.

5-оқушы:        Тәртіпті бала –сүйеніш,

Төбең көкке жетеді.

6-оқушы:        Тәртіпсіз бала-күйініш,

Төмендеп басың кетеді.

7-оқушы:         Кім үлкенді тыңдаса,

Кім үлкенді сыйласа,

8-оқушы:         Үлкен болған кезінде

Сыйлы болмақ өзі де.

9-оқушы:         Атам маған әманда

Кішіпейіл бол деген.

10-оқушы:       Ата сөзі санамда,

Мақтанбауды жөн көрем.

11-оқушы:      Алдын орап кісінің

Кесіп өтпей көлденең.

 12-оқушы:     Ізетімен кішінің

Сәлемдесіп қол берем.

13-оқушы:      Атам маған әманда

Әдепті жан бол деген.

14-оқушы:     Ата сөзі санамда,

Жасы үлкенге  жол берем.

15-оқушы:      Көршілерді көргенде,

Сыйлап сәлем беремін.

16-оқушы:       Әдепсіз деп сөкпесін,

Анама айтып өкпесін.

    Есіңде болсын:

  • Сыныпқа кіргенде әуелі мұғалімге,сонан соң жолдасыңа амандас
  • Сыныпқа үлкендер кіретін болса,орындарыңнан тұрып амандас
  • Көліктен түсіп амандас
  • Көршілеріңмен жылы амандас
  • Көп адам жиналған жерге сәлемдеспей өтпе

 

Еңсесі биік Ақорда

$
0
0

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы

М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің

даярлық сынып мұғалімі,

Өтегенова Әйгерім  Жаналықызы

 

Сабақтың тақырыбы: Еңсесі биік Ақорда

Сабақтың мақсаты:   Ұлан ғайыр еліміздің бас қаласы, әлем таныған жас қала – Астана туралы  мағлұмат беру, білімдерін толықтыру.

Астана туралы өлеңдерді мәнерлеп айта білуге, өз пікірлерін жеткізе білуге, өзгені тыңдай білуге  үйрету.

Елімізді сүюге, құрметпен қарауға, отанын қорғауға,қастерлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: ауызша, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Астана туралы суреттер, интеркативті тақта

Сабақтың жүрісі:

Кіріспе бөлім:

       АстанаҚазақ елі болашағының каласы. Мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Еліміздің көгілдір туы желбіреген тэуелсіздігіміздің ордасы. Жаңа Астанамыздың курылысы - жас мемлекетіміздің жасампаздықка ұмтылысының, бүкіл қоғамымыздың жаңаруыньң ерекше символына айналған кұбылыс. Ғасырлар бойғы бабалар арманын іске асырып, бас-аяғы төрт-бес жыл да Астана салған мемлекет тарихта болған емес. Адамзат тарихында астанасын жаңғыртқан мемлекеттер жетерлік.

       

Біз жаңа ғасырға, жаңа мыңжылдыкка өркениетті ұлт ретінде, тарих сахнасына егеменді ел ретінде ендік. Әлемдік қауымдастыктың көшіне жеке керуен болып қосылдық. Тәуелсіздігіміздің айғағындай, елдігіміздің белгісіндей, алтын күндей Елтаңбамызды, желбіреген көк байрағымызды көргенде, әуелеген Әнұранымызды естігенде бойынды ерекше бір асқақ азаматгық сезім билейді. Бұны көру, сезіну де бір бақыт, мандайға біткен бақ емеспе ?! Аз уақыттың ішінде көркейіп, түрленіп, тәуелсіздігіміздің түлегі, Отанымыздың жүрегі - Астанамыз да елдігіміздің жаңа беттерін ашқандай, тәуелсіздігімізді әйгілеп тұр. Жастарымызды болашаққа бастайтын бас қаламыз, арман кала - жас қаламыз -өнер, білім мен мәдениеттің, ғылымның ордасына айналуда.

 

Негізгі бөлім:

Астана-ұлан ғайыр еліміздің бас қаласы, әлем таныған жас қала. Демек, Елбасымыздың Астана орнын Арқа төсіне таңдауы кездейсоқтық емес, тарихты болжап, болашақты түйген көрегендік. 1996 жылы Ақмола қаласын астана жасаймыз дегенде қоғамның басым бөлігі күмәнмен қарады. Алайда 1998 жылдың 10 маусым күні тәуелсіз Қазақстан жаңа да жас қала-Астананың атын бүкіл әлемге паш етті.Етек-жеңін енді қымтап, есін жиған егемен елдің бірегей ұлдары Қазақ елінің болашағы үшін барын шаша еңбек етті. Халқымызда «Басы қатты болса, аяғы тәтті» деген дана сөз бар. Астана дамып, көркейе түсті. Айбынды Астанамыз жарық жұлдыздай жарқырады Астанамыз әр күні жылға татитын, әр жылы ғасырға тең қарқынмен дамудың даңғыл жолына түсті.
                      
1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Астана «Әлем қаласы» атағына ие болды.
Астана-сәулеті келіскен алып шаһар. Бас қаладағы ең ғажайып, әсем мұнара-Бәйтерек. Тіршілік иелеріне тірек, сүйеніш, қорған, пана деген ұғымды білдіретін алып мұнара еліміздің символына айналған. Гүлденген Астанамыз, түрленген жас қаламыз-елдік пен тұтастықтың ғажайып үлгісі.

Не деген махаббат сұрапыл,     
Тәңірден берілген нұр, ақыл.
Астана қазақты ғаламға,
Танытпай қоймайды, тұра тұр, - деп Қ.Әбілдақызы жырлағандай, Астана-Елбасының ғажайып ерлігі. Жас ұрпақтың келешегін ойлайтын кемеңгер адам Нұрсұлтан Әбішұлының ұлы дала төрінен асқақ та ғажап қала тұрғызуы-теңдессіз қайсарлық. Әр елді Астанасы-сол елдің төлқұжаты. «Астанасына қарап елін таниды» деген Елбасы сөзінде терең мән бар.

 

Тарихы

Астана 1830 ж. Есіл өзенінің жағасында қазақ-орыстар әскерлері негізін қалаған бекіністен бастау алады.

1862 ж. Ақмола қала мәртебесін алды.

1962 ж. қалаға Целиноград атауы берілді.


1997 ж. егемен Қазақстанның Президенті Н. Назарбаев Жарлығымен елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады.

1998 ж. 6 мамыр жаңа елорданың атау Астана болып өзгертілді.

1998 ж. 10 шілде Қазақстанның жаңа елордасы — Астананың халықаралық тұсауы кесілді.

Жағрапиясы

Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан.

Қала аймағының жер-бедері тегістелген. Қаланың климаты шұғыл континеттік. Астана қаласындағы негізгі әрі маңызды сулы артериясы Есіл өзені болып табылады, және оның екі арнасы Сарыбұлақ пен Ақбұлақ.

Астанадан 25-30 шақырым радиуста тұщы және ащы көлдер көп. Қала аумағы – 71 мың га.

Табиғаты               

Қоңыржай шұғыл континеттік. Жазы ыстық әрі құрғақ, қысы аязды әрі ұзақ. Жылдық орта температурасы 3,1 °C. Жылдық жауын-шашын көлемі 300 мм. Жаздың ыстығы 40 °C –тан асып кете алса, қыстың суығы – 50 °C-қа дейін төмендейді. Қысының суығы сібір аязына таяса, жаздыгүні Орта Азияның ыстық қапырығы байқалады.

   

Халқы. 2011 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша, қаланың халық саны 697,3 мың адамды құрайды. Ұлттық құрамы: қазақтар, орыстар, украиндар, татарлар, армяндар, әзірбайжандар, еврейлер, белорустар, грузиндер, молдавандар, тәжіктер, өзбектер және т.б.

Қаланың көрнекті жерлері

  • Ақ Орда–Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы
  • Хан Шатыр – ірі сауда, ойын-сауық орталығы
  • Бәйтерек монументі – Астананың символы және басты көрікті жері
  • Тәуелсіздік сарайы – дипломатиялық және басқа да халықаралық маңызды кездесулер өткізетін орын
  • Бейбітшілік және келісім сарайы – әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының конгрессі өтетін
  • “Думан” ойын-сауық кешені – күмбезді кеңістік, океанарум, кинозал.
  • “Астана-Опера” театры
  • «Қазақ елі» монументі – Қазақстан Тәуелсіздігінің символы

 

Поэзия минуты: Астана туралы өлеңдер

 

Рамадан:

Астана – арман қала

Сарыарқа төсінде,

Сән беріп Есілге.

Жас қала – Бас қала,

Астана өсуде.

 

Күн болып қарайды,

Шуақ боп тарайды.

Әлемге нұр шашқан,

Астанам арайлы.

 

Туғандай қиялдан,

Үйлері бір арман.

Аспандап барады,

Аяулы ұлы ордам.

 

Сағын: 

Ақ ордам менің Астанам,

Еңсесі биік басқадан,

Көркейеді күн санап,

Арқа төсі жас қалам.

Астанам – нұрлы Астанам

Гүл жайнаған жас қалам.

Егеменді елімді

 Жолдас:

 Республикам күндей күлген шығыстан       

Асыл елім, жан жүректі ұғысқан.

Ата – баба аңсап өткен бақытым

Алтын бесік – Қазақстан Гүлстан.

Жүр барайық ашайық, ән арнасын,

Жырау толғап, домбырасын қолға алсын.

Дастархандар көзді тартып жайнасын,

Қыпша белді қыздар билеп талмасын.

 

Нұрайым:

 Тауып тыңнан текті жол,

Сағат сайын өсті ол,

Әлемді жалт қаратып

Шуақ нұрын төкті мол..

Ел тілегі бұрынғы

Астана боп тірілді

Көне Отырар, Сауранның

Көзіндей ол бүгінгі…

 

Резуана:

Тасқа қашап текті өлең                                                 

Арпалысқан өртпенен

Күлтегіннің – Астана

Ақ арманы көксеген,

Еркін елдің – қызыры,

Қызығы да:

Қыз, ұлы.

Гүл жайнаған Астана –

Тәуелсіздік тұғыры!

Тұғырлы ел ғұмырлы!

 

Жансая Б:

 «Бәйтерек» құшақ жайған көшем жаңа

Астана қарқын алды, өсер дара.

Есілдің жағалауын жарқыратқан

Аққудың ұясындай әсем қала

Құлшынған күншығыста жас қалаға

Батасын берді Алатау бастап алға.

Егемен елге ерекше нұрын шашқан

Тілейміз құт, береке Астанаға!

 

Айкүнім:

Даламның кеңдігі

Тауымның ерлігі

Елордам тұр сенде

Елбасы ерлігі.

 

 

Сен білесің бе?

 

  1. Қазіргі кезде Астана қаласының тұрғындары саны шамамен қанша адамға жетті? (700мыңдай адам)
  2. Астана рәмізі Бәйтеректің ұзындығы не себептен 97 метр? (Бұл сан астананың Алматыдан Астанаға 1997жылы көшуіне байланысты)
  3. Жаңа көпірдің ұзындығы (214 метр)
  4. Жаңа көпірге қандай ат берілді? (Сарыарқа)
  5. Астанадағы ең басты қатынас жолы? (Республика даңғылы)
  6. Көпірдің оң жағалауында тұрған биік ғимарат? (Астана – Тауэр)
  7. Қазақстанның схемалық картасы іспетті парк қалай аталады? (Атамекен)
  8. «Думан» океанариумында теңіз суымен толтырылған қанша аквариум сыйып тұр? (13 үлкен аквариум)
  9. Астана қаласындағы газон қанша шаршы метр? (1млн. 200шаршы метр)

10.Қазақ елі» монументінің биіктігі қанша метр? Онда орналасқан құс мүсінінің салмағы қанша тонна? (биіктігі 91метр, құс мүсінінің салмағы 2,5тонна)

11.Астана дәл іргесінен табылған ежелгі қаланың аты? (Бозоқ қаласы)

«Елімнің жүрегі» әні . Орындайтын Берікбаева  Жансая

 

Қорытынды. Әңгіме сағатын бекіту.

Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ. Осынау еңсесі биік Ақордамыздың туған күні құтты болсын! Еліміз көркейе берсін!

 

Екі дос

$
0
0

 

Қазақ тілі                           3-сынып                       Мерзімі:

 

Сабақтың тақырыбы:  Екі дос

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тақырып бойынша жаңа сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын байыту. Жаңа тақырып туралы білім беру.  Жаңа сөздерді меңгерту, осы сөздер арқылы сөз тіркестері мен сөйлем құруға дағдыландыру.

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөйлесім  дағдыларын арттыру. Сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру,  танымдық  көзқарастарын дамыту.

Тәрбиелік: Достыққа адал болуға, досты құрметтей білуге  тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас   сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кітап, суреттер, грамматикалық кесте

Пәнаралық байланыс: Орыс тілі.

 

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу.
  2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себебебін сұрау,                                 

                                                 білу.

3.Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау

-Бір аптада неше күн бар?

- Оларды ата.

- Адам не істейді?

-Бүгін қай күн?

-Аптаның қай күні?

- Қазір қай жыл  мезгілі?

- Көктем айларын ата. Т.б.

 

  1. Өткен сабақты қайталау:  :    «Достық» туралы 2 мақал жатқа сұрау

 

ІІІ. Жаңа түсінікті қалыптастыру:1.Сабақтың  құпиялылығы

                    ΄ 

 

 

2.Сөздікпен танысу:  сыйлады-  подарил (-а.-и)

А) сөздерді дұрыс айту

Ә) сөздік дәптерге жазып алу

Б) сөз тіркестерін, сөйлемдер құрауц

  1. Сурет бойынша сұраққа жауап беру:

-Бұлар кімдер?

-Олар не істеп отыр?

- Достар  қай  мекутепте  оқиды?

- Олар қай көшеде  тұрады?

 

ІV. Жаңа сабақты бекіту: Оқылым

-Сәлеметсің бе, Лариса!

-Сәлеметсің бе, Даша!

-Лариса, сен не істеп  отырсың?

-Мен   кітап   оқып отырмын.

-Қандай  кітап  оқып отырсың?

-Балалар  энциклопедиясын оқып отырмын.

-Жақсы кітап па?

-Иә, жақсы кітап.

-Мен де бос уақытымда  кітап  оқимын.

-Кітап- менің де досым.

-Иә, кітап- жақсы дос.

 

 

  1. Сабақты қорыту: 1.Көп нүктенің орнына тиісті тәуелдік жалғауын жалғап жаз:

Оның әке... инженер.

Сенің ана...  кім?

 Менің әдемі дәптер... бар.

Оның  ауыл...  алыс па?

Сенің бөлме.. таза ма?

Алмастың  дос... – өте жақсы оқиды.

Сіздің немере... мектепке бара ма?

 

2.Ы.Алтынсаринның «Екі  дос»  әңгімесін оқу, аудару, түсіну

 

VІІ. Үй тапсырмасын беру:    186-бет 3-тапсырма жаттау

 

VIIІ . Рефлексия

 

Екі жұлдыз, бір тілек                                                                                          

 

Бағалау

 

ТОЛЫҚ ЖҮКТЕУ

Внимание! У Вас нет прав для просмотра скрытого текста.

Viewing all 337 articles
Browse latest View live


<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>