Quantcast
Channel: Тәрбие сағаты - Қазақстан ұстаздарына арналған - Әдістемелік-ақпараттық сайт sabaqtar.kz
Viewing all 337 articles
Browse latest View live

Аттанайық,балашақтан- болашаққа

$
0
0

Қызылорда облысы Арал ауданы Сазды ауылы

№60 Ж.Түменбаев атындағы орта мектеп

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:Оразова Бақыткүл

 

Тақырыбы: «Аттанайық,балашақтан- болашаққа!»

Мақсаты;А.Білімнің кең дүниеге есік ашатынын сезіндіру,білімге деген құштарлығын арттыру,оқуға,білімді болуға шақыру.

Ә.Мектепті,ұстаздарды,ата-ананы құрметтеуге,Отанының адал ұл-қызы болуға тәрбиелеу.

Б.Ақыл,ой-өрісін дамыту,бастауыш сыныбымен,білімнің алған есігін ашқан ұстаздарымен қоштасарда,жоғарғы сынып мұғалімдеріне әр баланы өз ерекшелігімен таныта отырып сәт-сапар тілеу.

Көрнекілігі:Слайд,суреттер,нақыл сөздер

                          Барысы.

1-жүргізуші:

Армысыздар мұғалімдер әз жандар,

Білім іздеп,инемен құдық қазғандар

Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан

Өмір деген ұзақ жолда тарландар.

Бүгінгі күн қоштасады бастауышпен балалар

Әні менен жырына,тарландарым,ссал құлақ

Кеше сәби,бүгін міне жас ұлан

Лаулап жансын болашағың шамшырақ.

2-жүргізуші:

Қош келіпсіздер,ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейірім нұр тамар

Алдарыңызда жауқазындай құлпырған

Біэ алаңсыз балғын шақты балалар

Қош келіпсіздер,ар тұлғалы әкелер

Қыран құстай болашағын мәпелер

Бүгінгі күн бастауышпен қоштасады

Азамат боп кеше сәби-еркелер.

Жүргізушілер:Қош келіпсіздер,құрметті қонақтар!

Білімділік тіршіліктің тірегі,

Раушан апай тереңнен түсіндіреді

Сөйлегенде мәдениетті тілменен

Барлық жанның елжіреген жүрегі.

Келесі кезекте ұстазымыз Раушан апай мен 4 сынып оқушыларын шақырамыз.

Хормен:Мектеп- кеме,Білім-теңіз,

                Барар жолға тез жетеміз.

                 Адаспаймыз ұлы жолда

                 Ұстаз берген білім қолда.

Ән: Ақылшы мұғалім  Рамазан

1-оқушы:Гүлім

Жазуларымды қаттаған,

Жақсы көріп мақтаған

Ардақты ұстаз-жақсы адам,

Айтқанын ұғып,жаттаған.

Жетелеп әрі сыныпта,

Жеткізген мені мұратқа

Ұлағат ісін сүйемін,

Ұстазға басымды иемін

2-оқушы:Азиза

Есімде ұстаз алғаш қарсы алғаны,

Мектебің-өз үйің!-деп жар салғаны.

Бір мереке думан боп осы маңда

Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны.

Сол күндер сағымдай боп өте шықты

4 жыл уақыт аз ба екен,кім біліпті?

Ұстаз ана жасады мына бізден

Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.

3-оқушы:Рамазан

Үйретіп бізге алғаш әліппені,

Ұстазым ғылымға жол салып берді.

Адамның ой-арманы,мақсаттары,

Оқудың сәулесімен жарық көрді.

4-оқушы:Қарашаш

Өмірге жол бір өзіңнен бастадым,

Алфавитті алғаш сенен жаттадым.

Ұстаз-ана естен кетпес мәңгілік,

Мейіріммен жаурынымнан қаққаның.

5-оқушы: А.Дильназ

Жүзің жылы,құшағың кең

Сенен түлеп ұшамын мен

Өзің берген біліміңмен

Биіктерге шығамын мен

6-оқушы:Ж.Дильназ

Сен менің әкемдейсің анамдайсың

Мен үшін армандайсың алаңдайсың

Ұстазым сенен асқан ақылшым жоқ

Адалдық пен парасаттан жаралғансың

 

7-оқушы:Әдемі

Байсалды мінезіңнен бір қалыпты,

Менің де көкейімде із қалыпты

«Қоссаңдар бірді екіге үш болады,»

Деуші едің «Біліммен күш толады»

Алғыр бол,әдепті бол,сабырлы бол,

Ақылмен іс істесең,іс болады.

Беруші ең бізге айтып өлең тақпақ,

Таласып алушы едік біздер жаттап,

Өзіңіз баға қойғен күнделікті,

Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.

8-оқушы: Алмажан

Мектебім,алтын ұям,нұрың жарқын

Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып

Сүйкімді сенің күміс қоңырауың

Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.

9-оқушы:Жауқазын

Өткіздім мұнда балғын жасымды мен

Жаныма сіңді сенің асыл киең

Сарқылмас бастауысың ұлылықтың

Мектебім саған мәңгі басымды ием.

10-оқушы: Ақбота

Мектеп үйім,ұстаздарым,ата-анам

Сенен өсіп сенен ғана нәр алам

Саяң ыстық,сен мәуелі бәйтерек

Тамырланып сан тарапқа тараған.

Ән: Ұстазым  Гүлім,Алмажан

1-жүргізуші:

Құттықтаймын, достарым,

Құтты болсын ұлы күн

«Білім-аққан сел»дейді

Бірақ оңай келмеді

Ала білсең білім көп

Ақыл ойға кен дейді

Менің терең пәндерім

Мерейінде пәндердің

Мерекеде сөйлесіп

Мектептегі пәндерім

2-жүргізуші:

Мәре болған білімге,

Мән боп «Ана тілінде»

Сөз беремін алдымен

Сөзшең қазақ тілінде

1-оқушы: Қазақ тілі-Әдемі

Сәлем,достар,аман ба?

Аман болғын әманда

Ана тілін ардақтар

Ата-бабаң,анаң да

Елдің атын сақтаған

Қазақ тілмін мақтанам,

Ұлы халық тілі деп

Ұрпақтарым жаттаған

Тілсіз ойың толмайды,

Ойсыз білім болмайды

Қазақ тілін білмесең

Ақыл миға қонбайды.

1-жүргізуші:

Өнегелі, өзекті

Өмір жайлы сөз етті,

«Ана тілі »пәніне

Берем енді кезекті.

2-оқушы:Ана тілі-Гүлім

Адамға мол тәлімім

Ақыл ойдың кәрімін

Әдеп,тәртіп үйреткен

Әдебиеттік оқу пәнімін

Естілердің арымын.

Естілер мұң-сарыным

Әңгіме,жыр,роман

Әсері мол бәрінің

Батырлық,жыр ертегі

Батыл жан ғып ертеді

Әр елдік бір шығарма

Әлемдік сыр шертеді

Мақал-мәтел,санамақ

Маңызын біл саралап

Оқысаң,көп білесің

Ойлы әлемді аралап.

2-жүргізуші:

Дүниенің жарық көзі анамыз

Дана болсақ  анамен данамыз,

Алдымен тыңдаңыздар ағайын,

Аналарға арнап бір ән саламыз.

Ән:Анашым Әдемі
1-жүргізуші:

Ендігі кезекті «Математика»пәніне берейік

3-оқушы:Математика-Ақбота

Сәлем,достарым!

Сабағы боп жоспардың

Еңбек мәнін есептеп

Еліме көп қосқаным

Асылымен білімнің

Амалымен біліндім

Төрт амалды қолданған,

Төресімін ғылымның

Есеп істің әр қилы

Есеппен ой артады.

2-жүргізуші:

Табиғаттың сәніне

Таңғалтып мол әніне

Жақсы лебіз айтайық

«Дүниетану»пәніне де

4-Оқушы:Дүниетану-Алмажан

Сәлем жасқа ,кәріге

Сән қостыңдар әріме!

Табиғаттың бөлшегі

Жамиғаттың бәрі де

Жарқырап күн нұрланып,

Жайнады тал бүр жарып.

Байқалып тұр бар даму

Жайқалып гүл ырғалып

Жасалмасын дұшпандық!

Бақ көп,тоғай  ормандар

Таңғажайып көгерсін

Табиғатты қорғаңдар.

Ән:Ақ көгершін Қарашаш,А.Дильназ

1-жүргізуші:

Ортаға орыс тілін шақырайық

5-оқушы:Азиза

«Здраствуйте!»деп бүгін

Амандасар бәріңмен

«Орыс тілі»мен болам

Достастырар өзге ұлтпен

Еңбек,достық,тыныштық,

Елге қосып ырыс-құт

Достасады халықтар

Достар сәні-туыстық!

Тақпақтар:Ж.Дильназ,Әдемі,Алмажан,Азиза.

2-жүргізуші:

Әр алуан салалы

Әлем сурет салады

«Бейнелеу өнері»сабағы,

Пәндік кезек алады

5-оқушы:Бейнелеу-Жауқазын

Сәлем шәкірт балалар,

Сурет ,сызу сала алар

Оқушылар дарынды

Ойлантамыз бәріңді

Бар дүние әсемдік,

Барлығын да әсем ғып,

Суретшімін жайнатар

Суретім нұр ойнатар,

Ақиқатты,өмірді

Аспан мен гүл өңірді

Сүйкімді етер,

Көр зерттеп.

1-жүргізуші:

Қызыққа жұрт кенелді

Қуанышқа бөленді

Шынығуды бастауыш

Шынықтырғыш келеді

7-оқушы:Дене тәрбиесі-Рамазан

Сәлем достар білімдер

Қане ,түзу тұрыңдар!

Мәнді қимыл жасаймыз

Маған назар бұрыңдар!

Демалыңдар бір,екі

Демалыңдар біркелкі,

«Үш,төрт,бес»деп біз енді

Бүгейік қос тізені

Көтер ал да қолға гир

Көтер оңға, солға бір

Терең дем ал,бір,екі,үш,

Терең дем ал жүре түс

Жаттығулар не түрлі

Денсаулықтың кепілі.

Би:Танец с шарфами

2-жүргізуші:

Ердің құты сәні де,

Елдің күй мен әнінде

Кезек бере  ән-күйге

«Музыка» дейтін пәніме

 8-оқушы:Музыка-А.Дильназ

Сәлем,әнші халайық!

Кәне,көпке лайық

Әуезді де көңілді

Әсем әнге салайық

Өмірдің мағынасы ән менен күй

Одан артық болмайды ешқандай сый

Көрініс: Шешендік сөз

1-жүргізуші:

Әкелерді құрметтеп,

Сүйеміз шын жүректен

Әке-асқар тауымыз,

Көңілдерге гүл еккен

Өсіреді сананы,

Тура жолға салады

Әкелерге мың алғыс

Әлпештнген баланы

2-жүргізуші:

Ойында мейірім ,ақ тілек

Бойында ақ сүт тәтті леп

Анадай пейіл қайда бар?

Бәріне тұрған ақ тілеп

Келесі әнімізді ата-аналарға арнаймыз.

Ән: Ақ мамам

Ойын:

1-жүргізуші:

Ерке өсіп,ел жайлаған ұл менен қыз

Жүрекке сәлем жолдап біздер тұрмыз

Асқақ ән,шын көңілмен әсем биді сіздерге,

Тарту етіп, біздер тұрмыз

Ән:Ұстаз-Ж.Дильназ

Би:Корей

Ән:Песинка крокадила

Би:Қазақ биі

Ән.Үкілі қыз-Азиза

Би:Индиский

Ән:Жау жаңбыр-Гүлім

2-жүргізуші:

Нұр жүзінен жылы шуақ төгілген,

Шәкірттерді сүйген таза көңілмен

Тағылым беріп жас ұрпаққа қашанда,

Өз соқпағын тапқан мына өмірден.

1-жүргізуші:Ендігі кезекті мектеп директорына сөз кезегін береміз.

Күндіз-түні ойладыңыз бала қамын,

Тынымсыз атып жатыр әрбір таңың

Басқарып директор боп осы ұжымда,

Баршаны аялаған алақаның.

(Мектеп басшысы Ақәбіл ағайды ортаға шақырамыз)

1-жүргізуші:

Тойымызға бүгінгі

Ақ тілегін арнап

Келді ата-анамыз

Кезек беріп соларға

Сөзіне құлақ саламыз

(Ата-аналар тілегі)

Оқушылар тілегі

Хор:Ұстаз деген ұлық атты сыйлымыз,

        Жақсы әдетті сол адамдардан жинаймыз

       Болашаққа ұмтыламыз үмітпен,

       Әйтсе әлі бастауышты қимаймыз.

Хор:Дос болайық бәріміз.

2-жүргізуші: «Аттанайық,бала шақтан-болашаққа»атты бастауыш мектеппен қоштасуға арналған ертеңгілігіміз аяқталды.Келіп тыңдағандарыңызға рахмет!


«Көркем сөздің шебері»(Б.Майлин-120ж

$
0
0

 Атырау қаласы Еркінқала орта мектебі

 

«Көркем сөздің шебері»2-4 сыныптар арасында мәнерлеп оқу сайысы

 

Бастауыш сынып мұғалімі: Жанғазиева.А.С

 

 

 

Мақсаты: оқушыларға  Б.Майлиннің «Күлпаш», «Түйебай», «Сексен сом»  әңгімелерінің  идеясын , тақырыбын ашқыза отырып, жазушының кейіпкер бейнесін ашудағы шеберлігін таныту. Шығармадағы үзінділерге ой түйін айта білуін, сын тұрғысынан ойлауын,тіл байлықтарын дамыту, адамгершілікке, бауырмалдыққа, достыққа, қайырымдылыққа, мейірімділікке, кейіпкер тағырына ортақтаса білуге тәрбиелеу, бірін-бірі тыңдауға уйрету.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, кітап көрмесі.

Кіріспе сөз: Оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерін, ұлттық мәдениет пен рухани құндылықтарын дамыту негізінде ана тілі арқылы жүзеге асады. Ана тілі пәнінің маңызы туралы Жүсіпбек Аймауытов былай дейді: «Оқытатын пәндердің  бәріне бірдей керекті, бәрін қаусырып, орап алатын пән ана тілі екені даусызАна тілін жақсы меңгеріп алмай, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес. Ана тілін үйрену-сөздерді жаттау,олардың жүйесін,өзгеру заңдарын білу ғана емес, тіл үйренумен қатар тілдің сансыз  көп ұғымдарын, ойларын,сезімдерін,сұлу үлгілерін,ойлау жүйесін, ой пәлсафасын да меңгеру». Біздің міндетіміз, яғни ұстаздардың, сендердің өн бойларыңда көрінбей тұрған мүмкіншіліктерді ашу,ана тілін оқыту арқылы өмірде өзін-өзі тануға жетелеу. Көркем шығарманы оқи отырып,халқымыздың өткен ғасырдағы тұрмыс-тіршілігін, тарихын,оқу-білімнің қандай дәрежеде болғандығын,қазақ балаларының өмірін түсінесің,ойына тоқысын,бұл тәуелсіздіктің оңай келмегенін түсінсек деген мақсат қойдық.Ана тілі сабағында ақындар өлеңін жаттап қана қоймай, қара сөзбен жазылған шығармаларды да жатқа оқу арқылы сендердің есте сақтау қабілеттерің артып, дауыс интонациясын дұрыс айта білу, тіл байлығын, сөздік қорларың молайып,артады,дамиды.

Бүгінгі күні өткізгелі отырған осы шарада осындай міндеттерді мақсат етіп қойдық. Ендігі сөзді мектеп кітапханашысы Майрагүл апайларыңа беремін.

Кітапханашы сөзі: Құрметті ұстаздар,оқушылар мектепішілік Б.Майлиннің 120 жылдығына арналған «Көркем сөздің шебері» атты 2-4 сыныптар арасында өткізіліп жатқан шарамызған қош келдіңіздер! Ана тілінің құдіреті туралы Аққайша апайымыз айтып өтті,мен қысқаша ғана    Б.Майлиннің  шығармаларына тоқталып өтсем деймін. Қазақ әдебиетінің көрнекті   өкілдерінің бірі ,суреткер жазушы, ақын, драматург Бейімбет Майлин 1894 жылы қазіргі Қостанай облысы, Тараз ауданы, казіргі Майлин атындағы кеңшарда туды. Әкеден ерте жетім қалған бала жалшылықта жүріп, ауыл молдасынан сауат ашып, хат таниды, кейін көрші ауылдағы медреседе екі жыл оқиды.  Жастайынан жетімдіктің тауқыметін көп көрген Бейімбет әңгімелерінің тақырыбын «Жырлағаным- кедейдің жыры, сырлағаным-кедейдің сыры»,-дейді ол. Б.Майлиннің  әдебиеттегі ең сүбелі шығармасы «Шұғаның белгісі» онда қоғамдағы әйелдің бас бостандығы, шығарманың басты кейіпкері Шұғаның ғашықтық қасіреті туралы айтылған. Ақын әңгімелері: «Күлпаш», «Түйебай», «Сексен сом», «Айт күндері», «Даудың басы Дайрабайдың көк сиыры», «Кедей теңдігі» т.б. Ақын қаламынан туындаған кітаптар: «Б.Майлин бес томдық шығармалар жинағы», «Шұғаның белгісі», «Қызыл жалау», «Қазақтың үш бәйтерегі» т.б. Енді бүгінгі шарамыз осы Бейімбеттің «Күлпаш», «Түйебай», «Сексен сом» әңгімелері бойынша өрбімек. Мәнерлеп оқуға қатысатын оқушыларға сәттілік тілеймін.

Ортаға мәнерлеп оқуға қатысатын оқушыларымызды шақырамыз.

«Күлпәш» әңгімесі бойынша мәнерлеп оқығандар:

  1. 2а сынып оқушысы-Жақсылық Дәурен
  2. 2ә сынып оқушысы-Жолдасқали Нұрдәулет
  3. 2б сынып оқушысы-Зайр Сағынбек
  4. 2в сынып оқушысы –Камал Фарида.

 

« Сексен сом» әңгімесі бойынша мәнерлеп оқығандар:

  1. 3а сынып оқушысы-Асқарұлы Әлішер
  2. 3бсынып оқушысы-Мүтәйіров Мерей
  3. 3ә сынып оқушысы-Сағынтай Мұхамбет

 

«Түйебай» әңгімесі бойынша мәнерлеп оқығандар:

  1. 4а сынып оқушысы-Аманқос Ислам
  2. 4ә сынып оқушысы-Жанпейіс Жігер
  3. 4 б сынып оқушысы-Жолдасқали Лунара
  4. 4в сынып оқушысы-Айтжанқызы Гүлбану

 

Жүргізуші: Міне, оқушылар біз бүгін  Б.Майлиннің әңгімелерімен кеңірек танысып оның мазмұнымен,оқушылардың мәнерлеп оқу шеберліктерін байқап көрдік. Ендігі сөз кезегін кеш қонақтарына береміз.

 

Мәнерлеп оқуға  қатысқан оқушылар дипломмен марапатталды. 

Мәңгілік өлмейтұғын ән қалдырған

$
0
0

                    Мәңгілік өлмейтұғын ән қалдырған

Жүргізуші:      

                           Өмірге шарықтатып ән қалдырған,

                                  Ел-жұртын бар әлемге тамсандырған.

                                  Бейнесін еске сақтап барлық ғасыр,

                           Шәмші деп ұрпақтарын қарсы алдырған

       Армысыздар, қадірлі қонақтар, ардақты ұстаздар, аяулы оқушылар! 2012-2013 оқу жылы барысында Сарыағаш қала әкімшілігі, Ардагерлер кеңесінің бастамасымен ұйымдастырылған «Мұхтар әлемі-мәңгілік өмір әлемі» тақырыбы аясында Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов өмірі мен шығармашылығын оқып таныдық, ал 2013-2014 оқу жылының І жартыжылдығында «Халқым деп соққан жүрегі, қазаққа туған ұл еді» тақырыбында Жүсіпбек Аймауытов өмірі мен еңбектері туралы мағлұматтарға қанық болдық. Аталмыш оқу жылының ІІ жартыжылдығында «Ұлы таулар аласармайды, ұлы есімдер ұмытылмайды» атты іс-шара барысында №71 жалпы орта мектебі, Ж.Аймауытов атындағы жалпы орта мектебі және М.Ломоносов атындағы жалпы орта мектебінің ұйымдастыруымен «Ғұламалар тағлымы» тақырыбында Шәкәрім Құдайбердіұлының заман жайлы толғаныстарына талдау жасап, оқушы жастардың танымдылығын арттырсақ, №123 «Самал» жалпы орта мектебі, №135 жалпы орта мектебі, Ю.Гагарин атындағы жалпы орта мектебінің ұйымдастыруымен «Тұғыры биік тұлға» тақырыбында халқымыздың кемеңгер ұлы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев ағамыздың қайраткерлік жолын танып білдік. Мамыр айында №141 жалпы орта мектебі, С.Исмайылов атындағы жалпы орта мектебі, «Дарын» мектебінің ұйымдастыруымен ақиық ақын Мұқағали Мақатевтың лирикалық шығармаларының тереңіне бойлаймыз. Ал бүгін Сарыағаш қала әкімшілігі мен Ардагерлер кеңесінің бастамасымен ұйымдастырылған «Ұлы таулар аласармайды, ұлы есімдер ұмытылмайды» атты іс-шара аясында  №1М.Әуезов атындағы мектеп-гимназия, Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-гимназия интернаты, А.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектептерінің бірігуімен «Мәңгілік өлмейтұғын ән қалдырған» атты әдеби сазды кешімізді өткізіп отырмыз.

  Жүргізуші:     Ән падишасы халық берген атағы,

                          Әндеріңмен күліп таңым атады.

                          Ғашықтардың жан сезімін тербетіп,

                          Әуеніңмен нұрланып күн батады.   

Ән патшасы Шәмші Қалдаяқов өмірі мен әндері жайлы ұстаздардың ізденуіне, оқушылардың зерттеп, тануына және жоғарыда аталып өткен барлық ғұламалар тарихы мен тағдырын, еңбектері мен шығармашылығын оқып үйренуімізге негізгі бағыт беріп, басшылық жасап жүрген Ы.Алтынсарин медалінің иегері, ардагер ұстаз, Сарыағаш қалалық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Оспанов Рахымберді ағай сыр шертеді.

Ән Падишасы Шәмші Қалдаяқовты Сарыағашта бетпе-бет көріп, үйінде қонақ еткен, өз қолымен шай берген кейіпкер Шәкенова Әдеп апайымыз да бүгін бізде қонақта.

Жүргізуші: Қашанда әр елдің мақтаныш тұтатын ұл-қыздары болады. Соның бірі, бірі емес бірегейі, әнімен әр жүректі әлдилеген, ән падишасы атанып алтын тәжін киген сазгер Шәмші Қалдаяқов: «Маған жақын нәрсе халқымның жүрегі. Менің әндерімнің болашағы – халқымның тағдырына байланысты. Халқым барда менің әндерім бар» - деген екен. Әні халқымен бірге жасай беретін жасампаз тұлға тағдырынан көрініс тамашалаңыздар.

  Әсем:   Арыс өзенінің Сырдарияға құятын жердегі қойнауында «Сарыкөл» деген шағын көл бар. Міне, осы көлдің жағасына 1927 жылы бір жағы қыстамшылық қуған Қалдаяқ деген кедей келіп, қамыстан күрке салып, осында мекендеп қалады. Қалдаяқтың шын аты Әнапия екен. Оның оң аяқ балтырындағы үлкен қалды көріп жүрген жеңгелері оны Қалдаяқ атап, содан оған осы ат сіңісіп кетіпті. Татарлардың гармонын, қазақтың қобызы мен домбырасын құйқылжыта тартатын сері Қалдаяқтың сол қамыс күркесінде 1930 жылы бір бала дүниеге келеді.

        Екінші көрініс баласына ананың Ақ құс туралы аңыз айтуы.

 (Көріністен соң оқылады):

      Әсем: Шәмшінің барлық әндерінің тарихы бар. «Арыс жағасында» әні де Ұлы сазгердің махаббат, туған жерге сүйіспеншілігінің шынайы сезіммен қалдырған мол мұрасының бір парасы ғана.

Шәмші мен Қалқожаның кездесуі ( Нұрбек, Ғасыр)

Сахнаға «Арыс жағасында» әнін орындап Шәмші шығады. Сол кезде сахна пердесі жабылып, Анасы ауырып жатады. Перде ашылады. Анасының Шәмшімен қоштасуы.(Анар, Нұрболат). ( Көріністің соңында сахна жабылады).

    Әсем:   Шәмші өзінің құдайдай сыйлап, жанындай жақсы көретін әкесіне ол өлген соң моласының басына үлкен кесене ғимарат салдырды. Ал өзін ақ сүтімен асыраған аяулы анасына арнап әннің ең асылын жазды. Ол – «Ана туралы жыр».

Бұл 1957 жылдың 4 қыркүйегі болатын. Шәмші анасына берген уағдасын 1961 жылы орындады. Осы жылы оның «Ана туралы жыр» деген әні дүниеге келді. Бұл ән - қазақ музыкасындағы Ана туралы жазылған тұңғыш ән еді. Бұл ән – Ана алдындағы ешқашан өтелмейтін борышын сезінген баланың егіле төгілген көз жасы еді... Бұл ән – есейген ер жүрек ұланның бұл өмірдің теңізін адал кешуге берген анты еді... Бұл Аналар туралы гимн еді.

   (Сахнаға Нұрлыбек Әсел «Ана туралы жырын» орындап шығады).

Жүргізуші:      Бәрін бердің еліңе дегендейін қанып іш,

                            Әруағымен халқыңды заңғар шыңға алып ұш.

                         Әндеріңді шырқасақ қанаттанып кетеміз,

                       

                         Тұла бойың ән аға, тұнып тұрған сағыныш.

 

       Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-гимназия интернаты дайындаған «Ән әлемінің падишасы – Шәмші аға» дөңгелек үстелін назарларыңызға ұсынамыз.

 

Жүргізуші:

       Сазгер Шәмшіге көрсетілген алғашқы да соңғы құрмет 1991 жылдың 29 желтоқсанында Алматы қалалық әкімшілігі атынан «Қазақстан халық әртісі» деген атақ берілді. Бұл күндері Шәмші ауруханада еді. 1992 жылы 29 ақпанда соңғы сапарға аттанды. Шәмші бұл атақты небәрі 60 күн ғана алып жүрді.

                 Артында өнер өшпес мұра қалды,

                 Әніне табындырып барша жанды.

                 Қазақтың сазгер ұлы, сал – серісі,

                 Ғасырдың ұлы едің маңдай алды.

А.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектептің Ұлы сазгер Шәмші ағамыз жайлы дайындаған «Әуелетіп ән-күйді аялайық Шәмшіні» тақырыбындағы көрмесін Бимурзаева Нұрила мен Мақсұд Айдананың дәріптегеніне назар аударайық.  

(А.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектептің көрмесін оқушысы шығып қорғайды).

 

Жүргізуші:  Шәмшінің досы Ескендір Хасанғалиев та Ұлы сазгердің сара жолымен Анаға арнап сазды әуен жазған болатын.

  А.Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебінің 5сынып оқушысы Түсіпхан Сезімнің орындауында «Анаға сәлем» әнін қабыл алыңыздар.

 

                           Мәңгілік өлмейтұғын ән қалдырған

                          Отырарда туып, өсіп, ер жетіп,

                          Жалауын әннің көтердің аға өрге тік.

                          Сіз де өттіңіз опасыз мына жалғаннан,

                          Ғашықтардың жүрегін әнмен тербетіп.

 

                          Кетті аға, әнің қазақ жерін шарықтап,

                          Көгершін болып көк аспанда қалықтап.

                          Байлық пен мансап бақытқа бастар жол емес,

                          Қоныпты сол кез басыңа аға, анық бақ.

 

                          Әніңе қосып Ақжайық, Каспий, Арқа елін

                          Ғашықтардың жүрегін аға өртедің.

                          Жалаң аяқ көбелек қуған сәбиін

                          Іздейді бүгін кіндік қан тамған Сарыкөлің.

 

                          Ол рас, аға, өмірден сыйды аз көрдің,

                          Қиындыққа сыр бермей өтті жаз көңілің.

                          Қайыққа мінген Сыр сұлу күтіп жүр ме екен

                          Бір соғар деп оралмай кеткен сазгерін.

 

                          Жабыла жоқтап, тұлпарды көзге ілмеген,

                          Санасыздар қызғаныш отын үрлеген.

                          Бүгінде жүр бармағын шайнап өкініп,

                          Уағында қадіріңізді білмеген.

 

                          Әніңе бөлеп бозторғай ұшқан қырқаңды,

                          Ән салдың, аға, таңға ұрып тағы бір таңды.

                          Әлемнің қазір төрінен биік дауыспен,

                          Әніңіз сіздің Әнұран болып шырқалды.

 

                          Күн де туды төріне өнер өрлейтін,

                          Ерлер де шықты, намысын ердің тербейтін.

                          Өлді деп сізді кім айта алар, жан аға,

                          Ән салдырған мәңгілік өлмейтін.

Ұлы сазгер туған жерін сүйіп өтті өмірден. Мәңгілік өлмейтін ән қалдырған Шәмші әндерімен сусындап өскен ұрпақ та ағаға еліктеп туған жерге ән арнайды.

 

Жүргізуші: Сұлу сазға бөленген өз өңірің,

                    Сырға орап жастардың мәз өмірін

                    Шәмші аға шығарған асыл әндер,

                    Жадыратқан талайдың пәк көңілін.

 

 

Шәмші Қалдаяқов өмірін бүгінгі ұрпаққа үлгі етуге арналған кеш соңында қорытынды сөз сөйлеу үшін сахнаға

1.

2.

3.

шақырамыз.

 

Жүргізуші: Шәмші ағаның әндері,

                     Жүректерді тербеді.

                     Көңілдегі жақсы үміт,

                     Әнмен бірге жаңғырып,

                     Болашаққа беттеді.

                     Жақсы әндердей мәңгілік,

                     Ұрпақтарды таң қылып,

                     Тозбасын тарих беттері. Халқының нәзік жүрегінен әндері ерекше орын алған, қазақ халқының өнер әлемінде өшпес із қалдырған сазгер Шәмші Қалдаяқовтың өнегесі ешқашан ұмытылмайды, сүйікті ағамыздың өнер жолын ары қарай жалғастырушы болашаққа жеткізер біздің ұрпағымыз, Сіздерсіздер, жас түлектер! Сахнада келесі мәдени іс-шарада қуанышпен кездескенше күн нұрлы болсын! Қош сау болыңыздар!

 

«Халқым деп соққан жүрегі, қазаққа туған ұл еді» атты Жүсіпбек Аймауытов

$
0
0

«Халқым деп соққан жүрегі, қазаққа туған ұл еді» атты

Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығына арналған танымдылық ғылыми конференцияның бағдарламасы

 

Конференцияның мақсаты: Оқушыларға Ж.Аймауытов  шығармаларының                      өміршеңдігін, жастар тәрбиесіндегі маңызын ұғындыру.

   Сахна мәдениетіне тәрбиелеу.

Өтілетін орны: думан залы

Конференцияның өтілу әдісі: топтық жұмыс, сұрақ-жауап

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері екі топқа бөлініп, оқушыларды дайындайды. Топтық жұмыс Ж.Аймауытов өмірі мен шығармашылығы жөнінде түзілген сұрақтар бойынша жүргізіледі. Баяндама, монолог оқу, сахналық қойылым, мәнерлеп оқу барлығы да осы сұрақ-жауап барысында қамтылады.

Конференцияның барысы:

Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар, қымбатты ұстаздар, оқушылар!

«Ана тілі – халықтың жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін мәңгі құламайтын бәйтерегі» деп тебіренген Алаштың айбынды тұлғасы Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Халқым деп соққан жүрегі, қазаққа туған ұл еді» атты ғылыми конференцияға қош келдіңіздер!

        Конференцияның ашылуына Рахымберді ағайға сөз береміз.

 

Жүргізуші: «Жүсіпбек Аймауытов – бүкіл табиғатымен, бар икем қабілетімен, алған мамандығымен, істеген қызметімен негізінен ұстаз адам». Бүгін екі топ мүшелерінің жинақтаған зерттеу еңбектерінен арыс азамат Жүсіпбек Аймауытов өмірі мен шығармашылығы және қызметі туралы мағлұмат тыңдайық.

І топқа сұрақ: Жүсіпбектің әкесі Аймауыт неше ағайынды болған? Жүсіпбектің балалары мен немерелерін атап беріңіз. Аймауытовтың жаламен жазалануы. Жазушының өмірге келген, өмірден озған жылдары.

ІІ топқа сұрақ:Жүсіпбек Аймауытов ең алғашқы өлеңін неше жасында және не жайында жазды? Жүсіпбек көркем сөз шебері екені белгілі. Оның жазудан басқа қандай өнері болған? 1917 жылы 17 желтоқсанда М.Әуезов пен Ж.Аймауытов қай пьесада, қандай кейіпкерлердің рөлін өздері ойнаған? Жүсіпбек кезінде қандай бүркеншік аттарды қолданған? Ж.Аймауытов қазақ орыс тілдерінен басқа қандай тілдерді жетік меңгерген? «Әңгімеде қарапайым халықтың ұлттық характері мен тұрмыс-тіршілігі, ел мен жердің табиғи суреті, ең бастысы Ж.Аймауытовтың қолтаңбасына тән әуезді тіл, сұлу ырғақ анық сезіледі»,- деген жылы лебіз кімнің пікірі?

Жүргізуші: Жазушының қызметіне де тоқталсаңыздар.

І топ: Ж.Аймауытовтың қазақ әдебиетіндегі орны, жеке ұстаздық қызметі мен қайраткерлігі, өмірінің соңына қарай қай жерде, қандай лауазымдық қызмет атқарғаны туралы не айтасыздар?

ІІ топ: Ж.Аймауытов М.Әуезовпен бірлесіп Семей қаласында қандай журнал шығарғаны, Оңтүстік өңірі, Шымкенттегі қызметі, қалдырған ізі, Кеңес өкіметі жылдарында қандай басылымдарда лауазымдық қызмет атқарғаны жөнінде не білесіздер?

Жүргізуші: Жүсіпбектің үлкен прозадағы тұңғышы – «Қартқожа» романы. Ол – жазушының ғана емес, қазақ әдебиетіндегі тұңғыш роман. Ал, «Ақбілек» романынан адам мінездерінің энциклопедиясын көруге болады,-деп көрнекті қаламгерлеріміз  бағалағанындай жазушы ағамыздың шығармашылығының шыңы болып табылатын қос романы жайындағы біздің топ мүшелірінің толғауларына тоқталайық.

І топ: «Қартқожа» романының басты кейіпкері прототипке қалай сомдық бейне жасаған, Қартқожадан қалған ұрпақ бар ма? Бұл роман қай қалада, қай жылы жеке кітап болып шықты?

ІІ топ: «Ақбілек» романындағы оқиға, анасы, кейіпкерлері, ағасы Төлеген, әсем өлкенің суреттелуі, 1928 жылы «Ақбілек» романының қай журналдың бірінші санында жарияланғаны жөнінде айтып өтіңіздер.

Жүргізуші: «Жүсіпбек Аймауытов – творчестволық интеллегенцияның жарқын өкілдерінің бірі, романист, драматург, аудармашы»,- деп Ғабит Мүсірепов жазушы еңбегіне жоғары баға берген. Ендеше топ мүшелірінің Ж.Аймауытов драматургиясынан қалай ізденгендеріне куә болайық.

І топ: «Шернияз» пьесасы қанша бөлімнен тұрады, пьесаның басты кейіпкері кімнің пртотипі? Ж.Аймауытовтың жастардың әдеби кештерінде қойылған тұңғыш пьесалары, Қазақстан автономиялық республикасының 5 жылдығына орай өз режиссурасымен Қызылорда қаласында сахнаға қойылған пьесасы туралы әңгімелеңіздер. Сонымен бірге «Әнші» әңгімесіндегі Әмірқанның прототипі кім, ол жайында не айтасыздар?

ІІ топ: «Ел қорғаны» деген пьесасын Жүсіпбек қай оқиғаға арнаған? 1915 жылы Аймауытовтың сахнада өзі бас кейіпкердің рөлін ойнаған тұңғыш спектаклі, оның тұңғыш баспа бетін көрген пьесасын атаңыз. Жүсіпбек Аймауытовтың 1926 жылы Қазақ мемлекет баспасының күншығыс бөлімі арқылы Мәскеуде 3000 таралыммен жеке кітапша болып басылып шыққан пьесасы қалай аталады? Сондай-ақ, шекпені тозып жүрген жалғыз ұлын еске алатын кемпірдің монологі түрінде жазылған өлеңін атаңыздар.

Жүргізуші: Мал да, адам да не бар жандық мәз болды,

                   Қатар түзеп, үйрек, аққу, қаз келді.

                   Жердің жүзін бейне ұжмаққа теңейтін

                  Алақай, алақай-ау жаз келді,- деп жаз мезгіліндегі табиғаттың тылсымын шебер тілмен суреттеген ақынның өлең жолдарынан алар өнегеміз орасан. Ендігі кезекте топ мүшелерінің Ж.Аймауытов өлеңдерінен мәнерлеп оқуына назар аударайық.

І топ:

ІІ топ:

Жүргізуші: «Жүсіпбек – көркем сөздің ерен жүйрік зергері. Ол әрі ақын, әрі жазушы, журналист, публицист, сыншы, асқан шебер аудармашы және педагог ағартушы» екендігін әдебиетші ғалымдар атап көрсеткеніндей Ж.Аймауытовтың мол мұраларының бір саласы аудармалары мен ғылыми еңбектері. Олай болса, зерттеуші топтардың Жүсіпбек аудармалары мен ғылыми еңбектері жөнінде жинаған мәліметтеріне құлақ түрейік.

І топ: Ж.Аймауытов сал-серілік салттың күйреуін суреттейтін «Сараң сері» аудармасының желісін қай ақыннан алды? А.С.Пушкиннің қай шығармасын аударды?

Жүсіпбек Аймауытовтың 1916 жылы Ресей патшасының қазақ жастарын майданның қара жұмысына алу туралы жарлығы кезіндегі аласапыран сәттегі ауыл адамдарының психологиясы көрініс тапқан шығармасын атаңыз.

ІІ топ: Жүсіпбек Аймауытов кімдердің шығармаларын аударды? «... Шөгіп жатқан түйедей, ортасы кезеттеніп, денесін қышқыл қара түн басып, қыр арқасы торақтай ирек-ирек болып, шудасы желкілдеп тұрған, мынау өзіміздің Баян тауы...» үзінді қай шығармадан алынған?

  Ж.Аймауытов мына сөзерінде кім туралы айтқан еді? «Ол жас ақындардың ішіндегі бір күшті ақын еді. Өнер білім сәулесін аңсап, құлаш ұрып, кедейлік, жоқшылық зарын шегіп, жауыз тұрмыспен жанталасып, алысып, жеңе алмай мерт болды. Тірі жүрсе, өзі айтқандай, қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болғандай, от жалындай зулаған болат қайрат, құрыш жігердің, кекті жүректің ақыны еді».

Концерттік бағдарлама.

Жүргізуші: Артында өшпес із, өлмес мұра, «Комплекспен оқыту жолдары», «Психология (жан жүйесі) мен өнер тану» сынды ғылыми еңбектерін қалдырған, жан-жақты өнер иесі, сегіз қырлы, бір сырлы дарын, романшы, драматург, ақын, аудармашы, зерттеуші Жүсіпбек Аймауытотың өмірі мен еңбектерін танып білу бүгінгі іс-шарамен шектелмек емес. Алдағы уақытта да көптеген жастарымыз айбынды азаматымыздың шығармалары өміршең екендігін зерттеп, зерделей берері сөзсіз.

Олай болса, бүгінгі кешті қорытындылау үшін сөз:

Келесі жолы тағлымы мол танымдылық кештерде кездескенше сау болыңыздар!

                                  Сұрақтарға жауаптар

                                   І.Шығармашылығы

1.«Қартқожа» романындағы басты кейіпкер прототипке қалай сомдаық бейнк жасаған?

Бас кейіпкер прототип өмірде болған адам, мұғалім болып қызмет жасаған. Ж.Аймауытов Қартқожаның балалық кезін суреттеуде бала молда ретінде өз өмірінің жастық шағындағы оқиғаларды пайдаланған.

2.Қартқожадан қалған ұрпақ бар ма?

Бар, Төлеш Қартқожаұлы Тоғанбаев, техника ғылымдарының кандидаты, қазақ ауылшаруашылық институтында қызмет атқарған.

  1. «Ақбілек» романындағы Ақбілектің туып өскен жері қайда орналасқан? «Ақбілек» романында қай кезеңдегі оқиға суреттеледі?

Алыстағы Алтай тауларыныда орналасқан кішігірім қазақ ауылы, Шығыс Қазақстан облысының Күршім мен Марқакөл ауданын жалғастыратын Қалғұты жері. Ақтар қашып, қызылджар қуып, аласапыран күрес жүріп жатқан азамат соғысы жылдарындағы оқиға суреттеледі.

4.Ж.Аймауытовтың қазақ драматургиясына қосқан үлесі қандай? Драматургиялық шығармалар қатарына қосқан үлесі ұшан-теңіз. Оның «Қанапия-Шәрбану» 1917 жыл, «Рабиға», «Мансапқорлар», «Ел қорғаны» 1925 жылы пьесалары азамат соғысы жылдарындағы кедей мен байлардың тартысын, ескілік пен жаңашылдықтың күресін суретттейді.

5.Ж.Аймауытовтың ғылыми еңбектерін атаңыз.

«Комплексті оқу жолдары», «Психология (жан жүйесі) және өнер тану», «Мағжанның ақындығы туралы, «Тәрбиеге жетекші».

6.Байман, Тұяқ, Құлтума, Шәмши, Шекер,Жұматай кімдер, қай шығарманың кейіпкерлері?

«Күнікейдің жазыға» шығармасы. Байман-Күнікей ғашық болған жігіт, Құлтума -әкесі, Шәмши-Күнікеймен қатар байдың қызы, Шекер - анасы, Жұматай-ағасы.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                           

7.Ақбілектің анасының қазасынан кейінгі ең жақын сырласы, жанашыры кім болды? Жеңгесі Ұрқия.

8.Ақбілек ағасы Төлегеннің арқасында қай жерлерде оқып келді?

Орынбордың рабфагында, Семейде, кейіннен тағы да Орынборда

9.Ақбілекке үйленем деп зыр жүгіріп, кейіннен қыздың басынан кешкенін есіп тастап кеткен жігіттің есімі кім? Ақбала.

  1. «Абайдан соңғы ақындар» (1918ж), «Мағжанның ақындығы туралы» 1923ж, «Аударма туралы» 1925ж, «Сұңқар жыры» 1925ж атты сын мақалаларды Жүсіпбек қай ақынмен бірігіп жазды? Заңғар жазушы Мұхтар Әуезовпен бірге.

11.Шекпені тозып жүрген жалғыз ұлын еске алатын кедей кемпірдің монологі түрінде жазылған өлеңі. «Ұршығым» өлеңі.

  1. «Жаңа өріс» газетінде 1920 жылы басылған, аяғына «Жүсіпбек Аймауытов» деп қол қойған, қазақ қызының теңсіздіктегі өмірін суреттеген өлеңі. «Жәмилә»
  2. «Ел қорғаны» деген пьесасын Жүсіпбек қай оқиғаға арнады? Қазақ Республикасының 5 жылдығына арнады.

14.Жүсіпбектің драматургия саласындағы алғашқы тәжірибесіне жататын дүниесі. «Қанапия мен Шәрбану» пьесасы.

  1. Сал-серілік салттың күйреуін суреттейтін «Сараң сері» аудармасының желісін қай ақыннан алды? А.С.Пушкиннің «Скупой рыцарь» деген пьесасының аудармасы.
  2. «Қартқожа» романы қай жылы, қай қалада жеке кітап болып шықты?

  Қазақ әдебиетінде роман жасауға ұмтылыс өткен ғасырдың 20 жылдардың орта тұсынан басталады. Оның алғашқы үлгісін Ж.Аймауытов жасады. «Қартқожа» романы тек жазушының бұл жанрдағы алғашқы туындысы емес, бүкіл қазақ романының төлбасы. Ол 1926 жылы Қызылорда қаласында жеке кітап болып басылып шықты.

  1. «Шернияз» пьесасы қанша бөлімнен тұрады? Қай жерде жарық көрді? Бес бөлімнен тұрады, семей қаласында, 1926 жылы жарық көрген.
  2. А.С.Пушкиннің қандай шығармасын қазақ тіліне аударған?

«Тас мейман»

19.Ж.Аймауытов қай қалада оқып жүріп, ойын-сауық кештерінде өнер көрсетіп, басты рөлдерде ойнаған? Семей қаласында

20.Ж.Аймауытовтың жастардың әдеби кештерінде тұңғыш пьесалары қай жылы, қай айда сахнаға қойылды? 1917 жылы 17 желтоқсанда

21.Ж.Аймауытов кімдердің аудармаларын аударды? А.С.Пушкин, Н.В.Гоголь, Дюманың. Дж.Лондон, Мопассаның шығармалары мен аудармаларын аударды.

22.1928 жылы «Ақбілек» романы қай журналдың бірінші санында жарияланды? «Әйел теңдігі»

23.Ж.Аймауытовтың жаңа дүниенің есігін айқара ашқан жастарға мамандықты дұрыс таңдай білуге жәрдемдесетін еңбегін атаңыз. «Жан жүйесі және өнер таңдау»

24.1925 жылы Ташкент қаласында жеке кітап болып басылып шыққан, Қазақстан автономиялық республикасының 5 жылдығына орай Жүсіпбектің өз режиссурасымен Қызылорда қаласында сахнаға қойылған пьесасының аты? «Ел қорғаны» пьесасы

  1. «Кім де кім өзіне біткен ыңғайына қарай өз жолымен жүріп, қызмет етсе, өз басына да, әлеуметке де пайда келтірмек. Өз орнында істеген адамның жұмысы да өнімді, береклі болмақ» деген сөздері Жүсіпбектің қай еңбегінде жазылған?

«Неге арналсаң, соны істе» атты мақаласында.

  1. Жүсіпбектің өзі «күйлі сөз» деп атаған шығармасының атын және жарық көрген жылы мен қаласын атаңыз.

1929 жылы Қызылорда қаласында жарық көрген «Нұр» күйі.

27.Жүсіпбек реализмінің сыры неде? Ел тірлігінің, халық тұрмысының жалпыға ортақ қиындығын жұмсартпай, оның ұнамды-ұнамсыз жақтарын кең суреттеуінде. Мысалы, «Қартқожа» романы мен «Күнікейдің жазығы» хикаятындағы ауыл өмірі мен «Әнш»і әңгімесіндегі қала кедейлерінің тұрмысы.

28.1915 жылы Жүсіпбектің сахнаға қойған, бас кейіпкердің рөлін өзі ойнаған тұңғыш спектаклін атаңыз. «Біржан – Сара» спектаклінде Біржанның рөлін өзі ойнаған.

29.Ж. Аймауытовтың тұңғыш баспа бетін көрген пьесасы қайсы және қашан жарық көрді?1922 жылы жарық көрген « Сылаң қыз» комедиясы.

30.Жүсіпбектің балаларға арналған ертегілерін атап беріңіз. «Үш қыз», «Көк өгіз», «Шал мен кемпір», «Жаман тымақ».

31.Жүсіпбектің 1926 жылы Қазақ мемлекет баспасының күншығыс бөлімі арқылы Мәскеуде 3000 таралыммен жеке кітапша болып басылып шыққан пьесасының аты. «Рабиға» пьесасы

32.Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы суреттелетін әсем өлкені атап беріңіз және аталған өлке жайлы өзіңіз не білесіз? Алтай, Марқакөл аймағы

33.Кеудеде әзір жүрек бар,

     Тілек бар, соған сенем мен.

     Артымда қыруар елім бар,

     Өлсе де денем мен өлмен!- деген жыр жолдарын жазуға Жүсіпбекті қандай жағдай итермелеген? 1930 жылғы әйгілі Бутырка түрмесіндегі ауыр азап.

34.Жүсіпбектің түлік төресі жылқы атымен байланысты әні қалай аталады? «Екі жирен»әні.

35.Жүсіпбектің қазақ тілінің сапалы оқытылуы мәселесін көтерген мақалаларының аты. «Ана тілін қалай оқыту керек?», «Емлені өзгертуге жоба»

  1. Қазағым, қақтықпа, қамалма,

     Ел болар қамыңды амалда! – деген өлең жолдары Ж.Аймауытовтың қай өлеңінен алынған? «Ұран» өлеңінен.

37.Ж.Аймауытовтың қай өлеңі 1918 жыл «Абай» журналында басылып шығады? «Ұран», «Әскер марсельезасы»

38.Қызылордада Жүсіпбектің қай шығармасы жеке кітап болып басылып шықты? «Нұр күйі» поэмасы 1929 жылы Қызылордада жеке кітап болып басылды. Онда адамның көңіл күйі, қуанышы мен мұңы жырланады. Поэма жастарды өмірді сүюге, қиындыққа қарсы тұра білуге шақырады.

39.Аймауытовтың 1916 жылы Ресей патшасының қазақ жастарын майданның қара жұмысына алу туралы жарлығы кезіндегі аласапыран, патшаның тақтан құлауы алдындағы қазақ ауылының көрінісі, адамдар психологиясы көркем бейнеленген шығармасы қайсы? ХХ ғасыр басындағы қазақ еңбекшілерінің, олардың аласапыран тұсындағы тағдырын бейнелеген алғашқы күрделі шығармалардың бірі болып саналатын «Қарқожа» романы 1926 жылы Қызылорда қаласында басылып шықты.

  1. Жазушының «Шернияз» пьесасындағы басты кейіпкер кімнің пртотипі? Аймауытов пьесаларының ішіндегі көркемі – «Шернияз»пьесасы. 1926 жылы Қазақстан Оқу комисарияты семей баспаханасынан жарық көрді. Пьеса ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровқа арналған.

41.Ақын «Көшу» өлеңінде нені суреттеген? Қазақ ауылындағы көш суреттері, көштің сән-салтанаты.

  1. «Нұр күйі» поэмасындағы ақынның айтпақ ойы? «Нұр күйі» поэмасында ақын адамның көңіл күйін, қуанышы мен мұңын жырлап, жастарды өмірді сүюге, қиындыққа қарсы тұра білуге шақырады.
  2. «Қартқожа» романындағы жазушының көтерген тақырыбы. Онда 1916 жылғы Ресей патшасының қазақ жастарын майданның қара жұмысына алу туралы жарлығы кезіндегі аласапыран, патшаның тақтан құлауы алдындағы қазақ ауылының көрінісі, адамдар психологиясы көркем бейнеленген. Жазушы осы тартыстар арқылы қазақ кедейінің қоғамдағы теңсіздіктің сырын ұғуы, әлеуметтік әділетсіздіктердің себептерін түсінуі секілді ояну процесін көрсетуге ұмтылады.
  3. «Ақбілек» романында не жайлы баяндалады? Романда ескі ортадағы жікшіл тартыстардан қорлық көрген қазақ қызының төңкерістен кейінгі жаңа сипатты заманның мүмкіндігіне сай өз құқығы үшін күресу жолы баяндалады.
  4. «Әнші» әңгімесіндегі негізгі кейіпкер Әмірқанның прототипі кім?Әйгілі Әміре Қашаубаев – қазақтың жезтаңдай әншісі.
  5. «Жол үстінде» әңгімесі қай жылы, қандай жинақта жарық көрді? 1925 жылы «Терме» жинағының бірінші санында.

47.Мамырбай, Бекболат, Балташ, Ақбілек, Ұрқия бұл кейіпкерлер жазушының қандай шығармасымен байланысты? «Ақбілек» романының кейіпкерлері.

48.Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романы қандай үлгіде жазылған? Әдебиет теориясының натурализм үлгісінде.

  1. «...Шөгіп жатқан түйедей, ортасы кезеттеніп, денесін қышқыл қара түн басып, қыр арқасы тарақтай ирек,-ирек болып, шудасы желкілдеп тұрған, мынау өзіміздің Баян тауы...» үзінді жазушының қай шығармасынан алынған? «Қартқожа» романынан.
  2. «Қартқожа» романындағы басты кейіпкер шынайы өмірде болған ба және өмірде қандай қызмет атқарған? Өмірде болған адам, педагогтік қызметатқарған. Қартқожадан қалған ұрпақ- Төлеш Қартқожаұлы Тоғанбаев –техника ғылымының кандидаты болған, қазақ ауылшаруашылық институтында қызмет атқарған

51.Ж.Аймауытов Мағжан Жұмабаев туралы қандай пікір білдірген?          Мағжан–сыршылдығымен, суретшілдігімен, сөзге еркіндігімен, тапқыштығымен күшті. Маржандай тізілген, торғындай үлбіреген нәзік үнді күйімен, шерлі мұңды зарымен күшті.

52.Ж.Аймауытов адам мінездерін неше түрге және қалай бөледі? 8-ге бөледі. 1-күйгелек, 2-аяныш жанды, 3-ыстық қанды, 4-салқын қанды, 5-қызбалы, 6-құмартпалы, 7-«ұйтқымалы»8-сарыуайымшыл.

53.12 бөлімнен тұратын, оқу құралы үлгісінде жазылған қазақ тіліндегі зерттеу жұмысы қалай аталады? «Психология» кітабы, осы бағыттағы алғашқы жемісті ізденістердің, олжалы табыстардың қатарына жатады.

54.Ж.Аймауытов мына сөздерінде кім туралы айтқан?  «Ол жас ақындардың ішіндегі бір күшті ақын еді. Өнер білім сәулесін аңсап, құлаш ұрып, кедейлік, жоқшылық зарын шегіп, жауыз тұрмыспен жанталасып, алысып, жеңе алмай мерт болды. Тірі жүрсе, өзі айтқандай, қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болғандай, от жалындай зулаған болат қайрат, құрыш жігердің, кекті жүректің ақыны еді». Сұлтанмахмұт Торайғыров туралы.

                                           ІІ.Өмірі

55.Ж.Аймауытов қай жылы толық ақталды? 1988 жылықазан айында толық ақталды.

56.1915 жылы «Қазақ» газетінде басылған Желкек (псевдоним) атымен алғашқы баспа жүзін көрген өлеңі? «Баяғы жұрт» өлеңі.

1929 жылы жазушы ұлтшыл деген айыппен ұсталған соң шығармаларын шығаруға мүмкіндік бермеген кездегі ақынның көп пайдаланған псевдоним есімдері? Желкек, Желкен, Жанақ.Қызылтаулық.

57.Бес томдық шығармалар жинағы қай жылы жарық көрді?1996-1999 жылдары.

58.Ж.Аймауытовтың актерлік қыры туралы қай жылы, қай журналда басылып шықты?

  1. «Ақбілек» романын «Чудесный нәрсе» деп қысқа да ұтымды бағалаған кім? Ғабит Мүсірепов.

60.1924-1925 жылдары Жүсіпбекті қазақ әдебиетінің биік шыңы деп жоғары бағалаған кім? М.Горький.

61.Жүсіпбектің әкесі Аймауыт неше ағайынды болған және ағайындарын атап беріңіз.Аймауыт бес ағайынды болған, атасы Дәндебайдың бәйбішесінен Аймауыт пен Иса, кіші әйелінен Оспан, Абайылда, Әбдіраман туған.

62.Жүсіпбек ең алғашқы өлеңін неше жаста және не жайында жазды? 13 жасында, тіленші шалға есік ашпаған кемпір мен көшкенде байталға мінбеймін деп әкесін ренжіткен қыз жайлы.

63.Жүсіпбек жазушылықтан басқа қандай қолөнер түрлерін меңгерген?Әәбзелдетіп ер-тоқым жасау, етік тігу, домбыра жасау.

64.Жүсіпбек Семей мұғалімдер семинариясында кімдермен бірге оқыды? М.Әуезов, Қ.Сәтбаев.

65.Жүсіпбектің балалары мен немерелерін атап беріңіз. Ұлдары-Бектұр, Жанақ, қызы- Муза, немерелері-Валентина, Надежда, Шурик.

66.1917 жылы 17 желтоқсанда М.Әуезов  пен Ж.Аймауытов қай пьесада, қандай кейіпкерлердің рөлін өздері ойнаған? «Рабиға» пьесасында, М.Әуезов Ысқақ рөлін, Ж.Аймауытов Ахмет рөлін ойнаған.

67.Жүсіпбек кезінде қандай бүркеншік аттарды қолданған? Желкен, Желкек, Жанақ, Қызылтаулық.

68.Аймауытов қандай жаламен өлім жазасына кесілді? Торғай уезінің ашыққан халқына жәрдем ұйымдастырып, жиналған малды өзі пайдаланып кетті деген жаламен жауапқа тартылып, артынан ақталады. Содан 1929 жылы Қазақстандағы ұлтшылдық  ұйыммен байланысы бар деген сылтаумен қайта тұтқынға алынады.

69.Қазақ әдебиетінің жаңа өріске шығуына мол үлес қосқан жазушының артында қалған тұяқ туралы не білесіңдер? Бірінші әйелі Вера Волковадан Бектұр (Виктор), Жанақ (Евгений), екінші әйелі Евгения Сермұхамедовадан Муза есімді қыз қалған.

70.Аймауытов қазақ, орыс тілдерінен басқа қандай тілдерді жетік меңгерген? Семинарияда оқып жүргенде неміс тілін үйрену үшін немістердің пәтерінде тұрған. Француз тілінің мұғалімімен жақын араласа жүріп, француз тілін меңгеріп алған және татар тілінде еркін сөйлей білген.

71.Жүсіпбектің көркем сөз шебері екендігі белгілі. Оның жазудан басқа қандай өнері болған? Оның ғажап етікшілігі болатын. Сонымен бірге түйін түйетін ұсталығы да болған. Музыкалық аспаптарда (домбыра, скрипка, рояль) еркін ойнаған.

  1. «Әңгімеде қарапайым халықтың ұлттық характері мен тұрмыс-тіршілігі, ел мен жердің табиғи суреті, ең бастысы Ж.Аймауытовтың қолтаңбасына тән әуезді тіл, сұлу ырғақ анық сезіледі»,- деген жылы лебіз кімнің пікірі? Ғалым Қ.Мұхаметханов.

73.Жазушы қай жылы дүниеден өтті? 1931 жылы.

                                    ІІІ. Атқарған қызметі

74.Ж.Аймауытовтың қазақ әдебиетіндегі орны? Ж.Аймауытов артына аса бағалы бай әдеби мұра қалдырды, ғылыми еңбектер аударды, педагогика, психология әдістемесіне тәрбие туралы зерттеулер жазды.

75.Жазушының жеке ұстаздық қызметі мен қайраткерлігі туралы не айтасың?

Ж.Аймауытовтың жаңа өмірді орнықтыру жолындағы күрес жолын өмір белестерін қарасақ, ол Қазақстан Кеңестерінің құрылтайына делегат, оқу комиссриятының коллегия мүшесі, «Ақжол» газетінде жұмыс істеумен қатар Шымкенттегі педагогика техникумының директоры қызметін атқарды. Мұғалімдік қызметін 1914 жылы мұғалімдер семинариясын Семей қаласында бітіргеннен кейін бала оқытудан бастаған.

76.Жүсіпбек өмірінің соңына қарай қай жерде және қандай лауазымдық қызмет атқарды? Шымкенттегі педагогикалық техникумда директорлық қызмет.

77.Ж.Аймауытов М.Әуезовпен бірлесіп Семей қаласында қандай журнал шығарды? «Абай» журналы 1918-1919 жылдары.

78.Ж.Аймауытовтың Оңтүстік өңірде, әсіресе, Шымкентте қызмет бабымен жүріп қандай із қалдырғанын білесіңдер? Жүсіпбек 1926-1929 жылдары Шымкенттегі педагогикалық техникумда директорлық қызмет атқарып, әр түрлі саяси жұмыстарға араласты.

79.Ж.Аймауытов Кеңес өкіметі жылдарында қандай басылымдарда және қандй лауазымда қызмет атқарды? «қазақ тілі», «Ақ жол» газеттерінде редактор болып қызмет еткен.

 

 

Туған өлкем қандай көркем!

$
0
0

Сабақтың  тақырыбы:  Туған өлкем қандай көркем!

Сабақтың  мақсаты:

а) оқушыларға туған өлке, оның байлығы,алуан түрлі  табиғаты туралы түсінік беру;

ә) туған  жерге деген сүйіспеншілігін арттыра отырып,мемлекетіміздегі табиғи ұлттық  қорықтар мен Асанқайғының жерге айтқан сындарымен таныстыру;

б) табиғатты қорғай білуге, аялауға үйрету.

Көрнекілігі: Қазақстанның табиғат көріністерінен слайдтар, күй табақ, буклеттер, сахнаны безендіру.

 

С а б а қ т ы ң   б а р ы с ы : 

1-жүргізуші:

 Құрметті ұстаздар,оқушылар! «Туған өлкем қандай көркем!»атты ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз.

2-жүргізуші:

Табиғат адамды әлдилеген ана ғой.Оның таң ала көлеңкедегі тамылжытатын  әнші құстарының үні,салқын соққан самалының қоңыр лебі ,жұпар аңқыған жусаны адамды ләззәтқа бөлейді.

1-жүргізуші:

Балалар, сендер ұйықтап оянғанда терезеден нені көресіңдер?

Окушылар:  Күнді,күннің жарқыраған нұрын көреміз.

2-жүргізуші:

Далаға шыққанда жоғарыдан нені ,төменнен нені көреміз?

Оқушылар: Жоғарыдан аспанды,күнді,бұлтты төменнен жерді,щөпті көреміз!

1-жүргізуші:

Ендеше біз аспанға,күнге,жерге және келген қонақтарымызға сәлем берейік                                 Оқушылар:                   Қуан,шаттан алақай,

                                      Қуанатын  күн келді.

                                      Келіп шықты күн бүгін.

                                      Қайырлы таң,қайырлы түн!

                                      Сәлеметсіз бе! Амансыз ба!

                                      Бәріміз күндей жарқырайық

                                      Бәріміз дос болайық.

                                      Бәріміз тату болайық!

ХОР:  «Атамекен»

1-жүр:Қайталанбас табиғатқа ие,пәк дала,момын тірлік,айна көлдер,мұз дәуірінен қалған қарағайлы орман,қайың,көк теректер,ақ  сорлар,сақа табаны түсіп көрмеген жондар, жер шарының еш жерінде кездеспейтін сирек құбылыстар. Бұл теңдесі жоқ таңғажайып көрініс.

2-жүр:Табиғат байлығына,таңғажайып сұлу көрінісіне  қалам тартпаған ақын-жазушыларымыз кемде-кем!

 Қамар: Сұлу дала!Менің сүйген еркемсің,

Жаны жайсаң жаратылған өлкемсің.

Қандай жақсы қазақ болып туғаным

О,туған жер,тамашасың,көркемсің.

Нұрбек: Табиғат,сен тіршілік,тұнып тұрған,

Сен күнсің көтерілген күліп қырдан.

Сен-көлің,сен ормансың,сен бұлақсың

Адамға сұлулықты шын ұқтырған.

Жанболат: Арқаның кербез сұлу Көкшетауы,

Дамылсыз сұлу бетін жауған жауын.

Жан-жақтан ертелі-кеш бұлттар келіп,

Жүреді біліп кетіп есен-сауын.

Сексен көл Көкшетаудың саясында,

Әрқайсы алтын кесе аясында,

Ауасы дертке дауа,жұпар иісі,

Көкірек қанша жұтса,тоясың ба?

Бибісара:О,табиғат қандайсың,

Тіл жете ме сыйыңа.

Қыр гүліндей жайнайсың

Ақыл беріп миыма.

Азаматтың керегін

өзің беріп тұрасың.

Жұтсаң ауа,ішсең су,

Табиғатым тумасың.

Анара:Бабалар табиғатты аялаған,

Малын бағып бауырын саялаған.

Табиғатты ана деп ардақ тұтып,

Қамқорлығын ешқашан аямаған.

Ей табиғат,шеберсің ау,шеберсің.

Көрмегенді көрсетерсің,берерсің.

Ұлан ғасыр байлығыңды місе ептей,

Ашкөздеген адамдарға не дерсің.

Айың анау,күшің мынау,жер мынау,

Ей адамдар,жетпей жатыр енді не?

Табиғатқа таласпаңдар,ағайын.

Асырайды ол сені де,мені,елді де.

Клара:

Табиғат егіз адаммен,

Ұқсастың табам содан мен.

Мәңгілік болсын егіздер,

Жер-Ана,көл,теңіздер.

Жансая:

Қазақстан-туған өлкем,

Жер көп пе сендей көркем.

Көрсін деп күллі әлемге,

Жалауыңды желге желпем.

Азат:

Көз алдымда көгілдір  тау  мұнартып,

Аспанымда аққудың әні қалқып,

Құшақтап бір өзіңді туған далам,

Жатамын көк шалғында жаным балқып.

Аяна:

Кең дала көремісің сонау жатқан,

Жібектей жасыл шөппен бетін жапқан,

Асқар тау, айдын шалқар көл мен өзен,

Әне, сол анам еді мені тапқан.

Оразғали:

Қасиетті, қайырымды Жер-ананың

Мейірінен өмірге нәр аламын,

Аялы алақанман аялауда,

Азаматтың борышы әр адамның!

Атамекен жанға жайлы сая, бау,

Ар алдында күнә болар табиғатты аямау,

Қанымызға сінген екен,

Ақ сүтімен ананың

Туған жердің табиғатын аялау!

Махсуда:

Ауылым, ырысым, мал құт мекенім,

Мәңгіге ақ бесігің тербетілген.

Құмыңда жалаң аяқ асыр салып,

Ер жетіп үмітіңді біз ақтармыз,

Жеріңді ұлтарақтай біз сақтармыз.

Қасиетті Жер-Ана, ауыл, елді,

Көркейтетін болашақ – біз жастармыз.

 

  • жүргізуші: 2-жүргізуші:

 Туған жерді сүю- парыз,                                Биге кезек береміз,

Сүю үшін білу- парыз,                                    Бишілер мың бұралсын,

Табиғатты ұғу парыз,                                      Дөңгеленіп билегенде

Күзетінде тұру парыз.                                     Сұлулықты, ұға алсын.

(слайдтан орман, тоғай, шал, теңіз көрсетіліп тұрады.)

Адина:  Туған жер, өскен ел, жүрекке жылы сөздердің бәрі де табиғат деген .

ұғыммен бірігіп жатады. Қазақстан- көз тартар аса көркем, бар сұлулықты өз бойына  жинап алған өлке.

Бибісара:Табиғат- адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Табиғат- адам денсаулығының сақшысы, жанға дауа, шипагер.

Анар: Табиғаттың басты байлығы- жер. Қазақстан 272 мың км²  гектар жерді алып жатыр. Табиғат байлығының бір тобы жер бетінің сәулеті, еліміздің дәулеті- жасыл әлем. Орман-тоғай, жасыл шөп, түкті кілемдей көмкерген даласы бар, жайлауы бар біздің ел.

Айгерім: Тіршілік атауының өмірлік өзегі, аңсар арманы- таза ауа

 Тіршілікте не ғой дейсің ең  қымбат,

Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат,

Ал адамға ауа қымбат бәрінен,

Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат. 

Махсуда: Туған өлкеміздің, тамаша табиғаттың бір байлығы – «Көгілдір қазына» деп аталатын өзендер мен көлдер. Олар адамның жүрегіне жыр,көңіліне нұр, сезіміне гүл сыйлаған бастауы болып саналады.

Азат: Табиғаттың туындыларының бірі- хайуанаттар. Халқымыз ежелден-ақ көптеген жануарларды қамқорлығына алған. Оларды жақсылықтың жаршысы, бақыттың бастамасы деп дәріптеген.

Нұрбек:

Табиғаттың көркін ажарландырып жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі- су.

Халқымыздың суға байланысты айтылған қаншама даналық нақыл сөздері бар десеңші ...

- Су бар жерде өмір бар.

 - Сусыз өмір, тұзсыз аспен тең.

 – Су-атасы, жер-анасы,

 - Өзен жағалағанның өзегі талмас,

 - Өрісіне қарай мал өсір,

     Өзеніне қарай тал өсір. 

 - Сулы жер – нулы жер.

 - Судың да, сұруы бар.

- Жеті күн жауған жаңбырдан, желіп өткен су артық.

 - Жылап жүріп арық тазаласаң,

    күліп жүріп су ішесің.   

   

1 жүргізуші: Табиғат! Осынау сөз біздің жүрегіміздегі шоқтай ыстық, мәңгілік алау. Ол Жер-Анаға, туып өскен өлкеңе деген сүйіспеншілік пен махаббат оты. Кең байтақ Қазақстанның тамаша табиғатын тілмен айтып жеткізу мүмкін емес.

 2 жүгізуші: Екінші Швецария атанған  Көкше мен Аспантау атанған Хан Тәңіріне аяқ жетпегенмен көз жетеді.Сөзіміздің дәлелі ретінде Қазақстанның інжу-маржаны саналатын  табиғи  ұлттық  қорықтарымызбен таныс болыңыздар.

( слайдтан 10 қорықтың суреті көрсетіліп тұрады)

  1. Жансая: Қорықтың атасы  Ақсу-Жабағылы,                                              қолдайтын ЮНЕСКО- да санап ірі

                     Қорғаштап жарты ғасыр келе жатыр,

                     Табиғат дейтін аса бағалыны.

                     Орта Азия мен Қазақстандағы ең байырғы қорық  Ақсу-Жабағылы 1927ж ашылған. Жер бетінен жоғалып бара жатқан немесе өте сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар дүниесі топтастырылған қорық.  Бүгінгі таңда 75043 гектар аймақты алып жатыр. Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас, Төле би аудандары жерінде орналасқан. Ақсу-Жабағылыны «Қызғалдақтар патшалығы деп те атайды.

  1. Қамарсұлу: Алматы мемлекеттік қорығы,

                    Көбейіп арқар, құлжа жетілді елік,

                          Шетелдік таңданады шетін көріп,

                          Қорық тұр іргесінде Алматының,

                                 Табиғи зоопаркі секілденіп.

       Ұлттық мақтанышымызға айналып отырған 13000 км² жерді алып жатқан қорықтың Талғар бойында ірге тепкен кезі 1931 жыл. Алматы қорығының өсімдіктер дүниесі мейлінше бай және олар алуан түрлі. Дәрі-дәрмек алатын өсімдіктер саны 70-тен асады. Қызыл кітапқа енген өсімдіктердің 28 түрі бар.

  1. Айнұр: Барсакелмес қорығы. Арал жоқ көп теңізде оған теңдес

                                                                Алуан гүл көз тартады адам сенбес.

                                                                Атының енді ұққандай шын мәнісін,

                                                                Аралай түскен сайын, қайтқың келмес.

Барсакелмес қорығы- Арал теңізінің Барсакелмес қорығында  1939 жылы ұйымдастырылған мемлекеттік қорық. Жерінің аумағы 20мың гектар. Қорықтың мақсаты  жануарлардың кейбір түрлерін сақтау және олардың өзін қоршаған ортаға бейімділігін зерттеп, саны азайып бара жатқан ақбөкен мен қарақұйрықты қорғау болды.

  1. Нұрбек: Наурызым- қорықтардың ормандысы,

                          Ішінде алуан аң мен толған құсы.

                          Халыққа атын жыр ғып айтып жүрер,

                          Бір рет ну төрінде болған кісі

                          Наурызым қарайлы орманы мұз дәуірінен қалған жұрнақ. Қостанай облысының оңтүстігінде орналасқан  Наурызым қорығы 1959 жылы ұйымдастырылған. Онда 687 өсімдік түрі, сүтқоректілердің 44, құстардың 262 түрі кездеседі.

  1. Динара: Қорғалжын мемлекеттік қорығы.

                         Құс базарын  қиыр шеттен іздеме,

                         Қорғай білсек жетіп жатыр бізде де,

                         Кей көлдердің өз құстарын еселеп.

                         Құс қонды көктемде де, күзде де.

                         Көлдер көп қой, көлінде құс аз әлі.

                         Мұнша жанды жадыратпас наз әні

                         Қояндының жәрмеңкесі секілді

                         Тарқамасын тамаша құс базары.                                                               Астана қаласынан 180 шақырым жердегі қорық 1868 жылы ұйымдастырылған. Көлді-батпақта жердегі қоқиқоздардың мекені, құстардың 39 түрі  Қызыл кітапқа енгізілген.

  1. Ділбар. Марқакөл қорығы

                         Асқар тау көтерген төбесіне,

                         Қайда жүрсем түседі көл есіме,

                         Күн мен айға  қол созып толқындары

                         Көл бетінің ұқсаған төресіне,

                         Шөбі- женьшень, ағашы- балқарағай

                         Бала да ұстап балығын алған оңай

                         Айдынында мамырлап аққу жүзіп

                        Күн батса да бетінде қалған арай.                                                          

Табиғаты көркем Марқакөл қорығы облыс орталығы Өскеменнен 500 шақырым қашықтықта жатыр. 1976 жылы құрылған қорықта дүние жүзінде  бес түрі бар. Қорық 75 мың гектар алқапта орналасқан.

  1. Әсемай. Үстірт қорығы Маңғыстау облысында 1984 жылы құрылды. Ауданы 223,3 мың га Республикадағы ең үлкен қорық. Қорықта сүтқоректінің 227, құстың 11 түрі,

өсімдіктің 261 түрі кездеседі.

            8.Мырзакәрім: Батыс алтай қорығы 1992 жылы құрылған. Ауданы 56 мың га. Қорық Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында орналасқан.

            9.Азат. Алакөл қорығы 1998 жылы құрылған. Ауданы 197,1 мың га. Қорық Алматы облысындағы Алакөл ауданында орналасқан.

  1. Оразғали: Қаратау қорығы 2004 жылы құрылған. Ауданы 34,3 мың га. Қорық шөлді ландшафты зонаның қоңыржай белдеуіндегі таулы жерде орналасқан.

 

Қобыздан күй орындалып тұрады:

1 жүргізуші: Асанқайғы бүкіл алты алаштың жер-суын, қонысын көріп, бұларға жағдай туғызамын деп, көп заман өмірін далада өткізіпті. Жүрген жеріне жақсы қонысқа да, жаман қонысқа да баға беріпті.

2 жүргізуші: Асанқайғы желмаяға мініп желдірдіп, Сарыарқаны аралап жүргенде, әр жерге айтқан сындары мынау екен:

-Қамар: - Ертіс

-Махсуда: -Түндік

-Анар: - Қызылтау

-Динара: - Баянауыл

-Әсемай: - А  Баянауыл

-Жанна: - Шідерті

-Анар: - Өлеңті

-Медет: - Сілеті

-Мырзакәрім: - Есіл, Терісаққан, Жетіқоңыр

-Мейіржан: -Сыр бойы, Келес

- Клара: -  Яссы

-Айгерім: - Нұра

-Ділбар: - Шыңғырлау

 

1 жүргізуші: Табиғатты сүю – Отанды сүю. Білімнің көзі, ата-бабаларымыздан айтып кеткен дана сөздер.

 Көрініс: «Нағашы мен жиеннің  шешендік жарыс сөзі»

                          ( Мейіржан, Айбек)

2 жүргізуші: Қыздардың орындауында би тамашалаңыздар.

1 жүргізуші: Мен үшін Сарыағашым , жер жәннәты

                      Жантақ басқан жері де, суы да оның.

                       Шөбі шүйгін, жері бай, әлемге аян.

                       Салыстыруға жетпейді бүкіл әлем.

      Бал құрағы сыбырлап,                        Шымыр бұлақ,шым бұлақ,

      Балбыраған жайлауыай!                     Мөлдірейсің  айнадай.         

      Шығып жатқан шымырлап,                Шыға берші бұрқырап,

       Сарыағаштың қайнарыай!                 Сарыағаштың қайнарыайІ

 

       Зәмзәм суға адамның                          Ардагердің білегі

       Зәрулігін ұқтың ба!                             Сыздағанын ұқтың ба!

       Мейірімін солардың                            Емдесін деп жүрегін

        Қандыруға шықтың ба!                      Еміреніп шықтың ба!

 

    Суыңды ішіп жастары

    Сұлулансын дедің бе!

    Дәру алған адамның

    Әні қалсын дедің бе!   

 

1 жүргізуші: Сарыағаш, әрине курортымен мақтанады. Осында дем алып, ем алып, курорт әсерлерінен туындаған ақын-жазушыларыңыздың жыр топтамасына кезек берміз.

  1. Бекболсын, Айбек: «Сарыағаш саздары» Тұманбай Молдағалиев
  2. С.Айгерім: «Тоғайында толқыдым Сарыағаштың» Күләш Ахметова
  3. Қ.Адина: «Сарыағаш- кәусәрлі мекен» Кәрім Айнабеков
  4. Аяна: А.Толмағамбетовтың «Аңыз ағаш» поэмасынан үзінді

 

1 жүргізуші: Ділбардың орындауында «Ауылым» әні.

 

---1---- Табиғаттың тамаша тартуы мынау гүлді біздің сыныптың атынан мұғалімдер бөлмесіне сыйлаймыз.

2 жүргізуші: Құрметті көрермендер! Осымен  ашық тәрбие сағатымызда аяқталды. Келіп тамашалағандарыңызға  рахмет. Сөз кезегін мектеп директоры Ләзиза апайға береміз.

Сұлулықтың сырын ұқ !

$
0
0

Ақтөбе облысы, Темір ауданы,

Алтықарасу мектеп-балабақшасының

бастауыш класс мұғалімі

Смагулова Жанаргүл Дихановна

Тақырыбы: Сұлулықтың сырын ұқ !

Мақсаты:Оқушыларға қоршаған орта, табиғат сұлулығы  жөнінде адамның сыртқы ортаға деген қатынасының үндестігі туралы түсінік беру. Оқушыларды сұлулықты сезіне білуге, аялап, қорғай білуге шақыру; оқушыларды жалпы сұлулықты дұрыс түсіне білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Слайдтар,

Барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

Топ аты:   Ғабит Мүсірепов

Топ ұраны: Ғылым сырын үйрендік,

 Біз талапты жас ұлан

Кіріспе:

  Мұғалім: Сұлулық –ең алдымен адам баласына тән сипат, әйтсе де сұлулықты айнала қоршаған ортадан, табиғат тынысынан да кездестіруге болады. Жазиралы кең дала келбетінің тамашасы тұтас бір сұлулықты көрсетіп, желегі жайқалған жасыл ағаштар мен құлпырған гүлдер сұлулығы жүрегіңді қуанышқа бөлейді. Кең даланы жосып жүрген киіктер керуені мен көздері жәудіреген ботаның сұлулығы табындырмай қоймайды. Айдын көлде жүзген сұлу аққудың сыңсып салған сазды әуені жүрек қылын шертеді. Ал ай мен күннің сұлулығында шек жоқ шығар. Тіпті еркелеп соққан самал жел де сұлу. Сол желмен ырғалған ақ қайыңдар да сұлу. Осындай сұлулықтың арасында жүрген әр адам сұлу. Сол себепті сұлулықты бағалап,  аялай білген жөн. Әсемдікке, әдемілікке, көрікті  де көркем нәрсеге ұмтылған адамның  ішкі әлемі де сұлу болады. Сыртқы ортаның  сұлулығына  табына білген адамның жан әлемінен әсем нұр тарайды. Халықта «жүзіне нұр тұнған, сөзінен бал тамған» деген сөз бар. Мұндай сөз ақылды, көрікті, инабатты, әдепті, яғни айналасын нұр шашып жүретін жаны да, тәні де сұлу адамға арналады.

-Балалар,  мен сендерге не  жайлы оқып бердім

-Жақсы, олай болса,  Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Сұлулықтың сырын ұқ» деп аталады

Мұғалім:    Адам өмірі табиғатпен байланысты.. Адам табиғатты аялап, қамқорлап, туған жерге сүйіспеншілікпен қарауы тиіс.

  Адам табиғат  сұлулығынан,  әсемдігінен бойына қуат, көңіліне  шуақ алып, аса зор сезімге бөленеді.                         

   Табиғат тылсымы    С.Хангелдин

 Дилназ:

Табиғат, сен-тіршілік, тұнып тұрған:

сен-Күнсің, көтерілген күліп қырдан,

сен-көлсің,

сен-ормансың,

сен-бұлбұлсың,

Адамға сұлулықты шын ұқтырған.

Сұлулық                                                                    Ш. Сариев.

Әлкей:

Жұлдыздардың жанарында-сұлулық,

Ақша бұлттың тамағында-сұлулық,

Түнерген тау қабағында-сұлулық,

Балбұлақты сылдырында-сұлулық,

Темірлан:

Айдын көлдің самалында-сұлулық,

Ұшар құстың баласында-сұлулық,

Гүл біткеннің арасында-сұлулық,

Елік-киік даласында-сұлулық,

Атар таңның шуағында сұлулық

Ай үздігіп қарасында-сұлулық,

Диас:

Кешкі ескен жібек жылы жел сұлу,

Хош иісті түрлі-түсті гүл сұлу,

Әдемі аспан-төбедегі көк шатыр,

Асқар тауы, дариясымен жер сұлу

Аяулым:

Жақсылық айтып басқаға,

Ортаға ойды салғайсың.

Тек мақтанба, жасқанба,

Сұлу жанды болғайсың.

Ақтан:

Күн сәулесі төгілгені әдемі,

Кемпірқосақ керілгені әдемі.

Көк шалғында асыр салып жүргенде,

Көк көбелек көрінеді әдемі.

Диляра:

Жас шыбықтың бүр ашқаны әдемі,

Алма ағаштың гүл ашқаны әдемі.

Қариялар жол үстінде кездесіп,

Амандықты сұрасқаны әдемі.

Ғани:

Бұлбұл құстың сайрағаны әдемі,

Қозы-лақтың ойнағаны әдемі.

Ақ боз атын ерттеп мініп атамның,

Қойды өріске айдағаны әдемі. 

Көрініс: Сұлулықпен сырласу

Кейіпкерлер: автор: Амангүл,Ақмоншақ, Диас, Нұржайнар, Ғани,Шұғыла

Автор: Амангүл

 Жазғы демалыста аталарының  үйіне келген Ақмоншақ, Диас, Нұржайнар, Шұғыла және  Ғани кештің қалай батқанын да байқамайды. Мал өрістен келген соң олар күнде бір ермек тауып алады.Кейде ертегі оқыса, кейде лото немесе дойбы ойнайды.Көбінесе теледидарды тамашалайды.

 Бірде «Балапан» арнасынан «Адам әлемі: Ақылыңа көркің сай болсын»

 деген тақырыпта сұхбат жүріп жатты. Сұхбатты қызықтай отырып, балалар өзара қызу әңгімеге кірісті.

 

Нұржайнар: Шұғыла менің де әдемі болғым келеді.

Шұғыла:  Сен өзің де өте сұлусың ғой.

Диас: Мен осы қыздарды түсінбеймін.Сұлулыққа неге қызығады екен.? Менің ойымша, ең бастысы адамның дені сау болуы керек деп ойлаймын.

 

Шұғыла: Әрине, денсаулық бәрімізге қажет.Дегенмен әдемі болуды кім жек көрсін.

Ғани: Біздің сыныпта сұлу қыздар көп.

Диас: Сол сұлу қыздардың мінезі қандай? Олар үлкендерді сыйлап, кішілерге қамқор жасай ала ма екен?

Нұржайнар: иә, олардың мінездері де жақсы. Сабақты да жақсы оқиды. Достықты да бағалайды.

Шұғыла: Мен де солай ойлаймын. Шынында, адамның сыртқы келбетіне ішкі жан дүниесіне сай болса, болды емес пе?

Ғани: Өзін-өзі күтіп, өзін-өзі жақсы көрген адамның сұлулығы ерекше болады, өйткені ондай адамның бойында өмірге деген құштарлық басым болады.

Ақмоншақ: Қыздар, олай болса, табиғат берген таза сұлулықты сақтап, айналаға жылы көзбен қараңдар. Барлық адамға жақсылық тілесеңдер, сендердің жүректерің де нұрға бөленеді. Ал жүректің нұрға бөленуі дегеніміз бақытқа жету деген сөз.

 

Автор: Амангүл: Балалардың таласа айтқан пікірлері олардың өздерінің де сыры мен сымбаты келіскен жандар екендігін көрсетеді. Олай болса, сұлулықты жыр етіп, адамдықты ардақтай білейік ,достар!

       «Ән сабағы» Бағдатова  Шұғыла

     Ән: Дилназ  «Жас дәуірдің түлегіміз»

Нақыл сөздер

 

1.     Сырты сұлуға көз қызығады, іші сұлуға жүрек қызығады.

Ғ.Мұстафин

2.     Сұлулық  адам  жанын марқайтатын, көзін қуантатын, тамсантып тәнті ететін, таңырқатып, сүйсіндіретін көрініс.

3.     Сұлулық адамның ізгі сезімдерін тербеп, көңілі мен жүрегін баурап алады.

4.Сұлулық адамның жүзінде емес, жүрегінде болады.

5. Адамдық ақылда- сұлулық жүректе

6. Денсаулық қайда болса,

     Сұлулық сонда

 

             Ойын: «Әдемі сөйлей білеміз бе?»

         Шығармашылық жұмыстар:

Ән:  «Сурет сабағы»

     Сұлулық сезімдері                                                   М.Жұмабаев

 Жаратылыстың сұлу заттары адам жанында сұлулық сезімдерін оятады.

 Үлбіреген гүл, күңіренген орман, сылдыраған су, былдырлаған бұлақ, шексіз-шетсіз қара көк теңіз, түрлі шөптермен  толқынданған дала, бұлтпен бел алысқан биік тау, күннің ойыншыл алтын сәулелері, ерке сұлу ай, жұлдызды түн, міне осылар адам жанында бір ләззат, бір сұлулық толқынын оятады.

   Сәулет, сұлу сурет, мүсіндеу сықылды әсерлер адамның көру сезімін оятып, сұлулық толқынын оятады. Ал енді өнердің тылсыды жанды билеп алып кететін ән, музыка, поэзия, күй сықылды әсерлері есту сезімін сиқырлап барып адам жанында сұлулық толқындарын туғызады.

   

Қорытынды:

-Әдемі болыңдар, әсем болыңдар, сонымен бірге ақылды болыңдар!

-Сұлу болыңдар, сымбатты болыңдар, сонымен бірге саналы болыңдар!

-Инабатты болыңдар, ілтипатты болыңдар, сонымен бірге ұйымшыл болыңдар!-дей келе балалар, біз бүгінгі сабақта  айналамыз толған сұлулық, әсемдік екеніне көз жеткіздік. Алдағы уақытта осы әсемдіктің сырына үңіле түсіп, ұғынуға тырыса берейік.

Олай болса, бүгінгі сабағымыз  «Сұлулықтың сырын ұқ!» тақырыбындағы  тәрбие сағаты аяқталды

Төрт түлік туралы жырлар

$
0
0

Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік туралы жырлар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Өлеңдерді түсініп, мәнерлетіп оқыту арқылы оқушыларға өлеңдер идеясын ұғындыру. Теңеу, сипаттау туралы білімдерін пысықтай отырып, ауыз әдебиетіндегі жылқының алатын орнына тоқталу. Өмірмен байланыста тақырыпты түсіндіру.

Дамытушылық : Деңгейлік тапсырмалар беру арқылы оқушылардың жеке қабілеттерін дамыту, танымдық ойындар арқылы дүниетанымын кеңейту.

Тәрбиелік: Төрт түлік туралы жырлар арқылы пайдасын ұғындыру. Төрт түлікті күтіп, баптау арқылы қадірлей білуге, төзімділікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі : Деңгейлік оқыту әдісі, түсіндіру, сұрақ жауап әдісі, Ой қозғау, Қызығушылықты ояту,  Мағынаны тану.

Сабақтың көрнекіліктері: Интерактивті тақта, буклет,көген, «Төрт түлігім қазынам» көрмесі

Сабақтың жүрісі:

І. Ұйымдастыру бөлімі

а) Психологиялық дайындық.

б) Деңгейлік тапсырмалар беру үшін оқушыларды топтау.

- Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз ерекше. Бізге бүгін қонақтар келіп отыр. Көктемнің шуақты күні күн сәулесі бізге нұрын шашты. Мен сендерді күнге теңеймін.

 

 

        Сұлу                       Табанды                   Еңбекқор

 

         Батыл                   Әдемі                   Білімді

 

 

Олай болса біз бүгінгі сабақта еңбекқорлығымызды, білімділігімізді, табандылығымызды көрсетуге тырысайық.

Күндей күліп,

Гүлдей жайнап өсейік.

ІІ. Үй тапсырмасы

4-5 оқушыдан сұраймын.

-Балалар бесік жыры халық шығармаларының қай түріне жатады?

-Жырға.

жыр

Ертегілер

Жұмбақтар

Мақал- мәтелдер

Халықтық шығарма

жаңылтпаш

аңыз

Шешендік сөздер

 

  • Біз бүгін бесік жырымен ғана емес, халқымыздың төрт түлік малдарға арнап та жырлаған жырларымен танысамыз.

ІІІ. Жаңа сабақ              

 - Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз 3 бөлімнен тұрады.

І- бөлім. Білім -өмір қазығы. Ой қозғау.

 

Торы құлын өлеңін мәнерлеп оқып беремін де, түсіндіремін.

І деңгей тапсыпмасы

Өлеңдерді мәнерлеп оқыту. ( Сиыр өлеңі)

 

ІІ деңгей тапсырмасы

Қой , Ешкі өлеңдерін оқып, ішіндегі түсініксіз сөздерді түртіп алу.

 

ІІІ деңгей тапсырмасы

Теңеу сөздерді тауып жазыңдар.

Мойны- садақтай

Жүні- құндыздай

Саны- білектей.

(оқушылар тақтаға орындайды.)

Сөздік жұмыс.

Сәйгел- Сиырдың омыртқа жотасына түсетін құрт атауы.

Оқыра- Күн ысыған кезде құрттының жыбырлауынан сиырдың құйрығын жоғары көтеріп жүгіруі. Бұлар тек салқын жер іздеп, бір бағытқа жөңкіледі.

Қой малының сипаттары қалай суреттелген.

Заттың белгілерін белгілі бір мақсатқа қарай ашып көрсетуді сипаттау дейміз.

Белгісіздеу нәрсені көрнектеп, ашығырақ көрсету үшін қолданылатын бейнелі сөз теңеу деп аталады.

Кубизм әдісі арқылы І бөлімді бекіту.

ІІ бөлім. Өнер алды- қызыл тіл. Қызығушылықты ояту.

Сергіту сәті.

Мал өсірсең қой өсір,

Өнімі , өнімі көл- көсір.

Ешкі қылы, түбіті де бағалы,

Қойды бастап отарға айдап барады.

 

 

Көшпелі емес отырықшы ел ұстайтын,

Қазақтың төрт түлігі сиыры.

Сиыр- қазына, сиыр- қанағат дегені,

Төрт түлікке әділ баға бергені.

 

 

Елімнің төрт түлігі- ырысы,

Мал өсіру тіршіліктің бір ісі.

Түйе өмірдің, қазынаның негізі,

Сүті, жүні, еті өнімі.

 

 

ІІІ бөлім. Еңбек- ер атандырады. Мағынаны тану.

І деңгей. Қой , ешкі малының пайдасы туралы айту. Тыйым сөздер.

 

ІІ деңгей. Сөзжұмбақ шешу.

 

ІІІ деңгей. Мағынаны ашу. Ер қанаты - ат.

 

ІҮ.Сабақты бекіту.

Жақсы балалар бүгінгі сабағымызда біз төлдер туралы таныстық. Енесі өрістен келгенде төлдері жамырап кетпеу үшін, қозы мен лақты көгендеп қояды. Сөйтіп олардың енелерін сауып алады. Қазір мына көгендеулі тұрған төлдердің артында сұрақтар жасырылған. Сол сұраққа жауап беру арқылы біз төлдерді жамыратамыз.

  1. Түйенің тоын қалай атайды? ( Тобыр)
  2. Қой, ешкінің тобы қалай аталады? (Отар)
  3. Сиырдың тобы қалай аталады? (Табын)

Олай болса балалар біз бүгінгі сабағымыздан көптеген мағлұматтар алдық. Олардың қасиеттерімен адамға берер пайдасымен, өнімдерімен таныстық. Мына тұрған шұбат, құрт- ірімшік, балғаймақ осы үй жануарларынан алынады. Олардың жүндерінен киіз, текемет басып, сүтін ішеміз. Олардың барлығы біздің алдымызға көп еңбек арқылы келеді. Сабағымыздың ІІІ бөлімінің Еңбек- ер атандырады деп аталуы да сондықтан. Олардан біз көп өнім алу үшін оларды баптауымыз керек.

К ө р м е г е    шолу.

 

Ү. Бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма. Ұнатқан өлеңді жаттап келу. Әр оқушы өз қалауы бойынша төрт- түлік байланысты шығарма жазу.

 

Мысалдар. А.Байтұрсынұлы. «Аққу, Шортан һәм Шаян».

$
0
0

          Сабақтың тақырыбы: Мысалдар. А.Байтұрсынұлы. «Аққу, Шортан һәм Шаян».

            Сабақтың мақсаты: 1. Қазақ халқының ұлы тұлғасы Ахмет Байтұрсынұлы шығармасының мазмұнымен таныстыру. Мысал жанры туралы түсінік қалыптастыру. 2. Оқушылардың ауызша сөйлеуін, мәнерлеп оқуын, түсініп оқуын, өз ойын жүйелі айта білуін, шығарманы талдай алу және шығармашылық қабілеттерін дамыту. 3. Ахмет Байтұрсынұлының тұлғасын үлгі ете отырып, мысалдың мазмұнын айқындай келе, ынтымақтастыққа, бірлікке тәрбиелеу.

          Сабақтың түрі: сайыс сабақ.

          Сабақтың типі: жаңа білімді игеру.

          Сабақтың жабдықтары:

          А) А.Байтұрсынұлы мен И.А.Крылов портреті.

          Б) Мысал бойынша салынған сюжеттік сурет.

          Сабаққа қолданылатын әдістер: аквариум әдісі (топтық жұмыс), түсіндіру әдісі, іздендіру, өздігінен білім алу әдісі.

          Сабақтың барысы:

         І  Ұйымдастыру кезең.

        ІІ.Сабақ мақсатымен таныстыру:

  • Балалар, бүгін біз сабақта қазақтың ұлы ақыны А.Байтұрсынұлының

шығармашылығымен танысамыз, әдебиеттің мысал жанры жөнінде сөз қозғап, мысал өлеңнің ерекшелігін айқындаймыз.

        ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру:

       Бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде өтеді. Балалар топқа бөлінеді.

       Топқа бөлу шарты: Төрт бұрыш қағазға салынған аққудың, шортанның, шаянның суреттері таратылады. Сол сурет бойынша аққулар бір топқа, шортандар бір топқа, шаяндар бір топқа бірігеді.

       Алдын ала әр топқа әр түрлі үй тапсырмалары берілген, олар өз сұрақтары төңірегінде жан-жақты ізденіс жүргізіп, оны тірек-үлгілер арқылы, яғни сызбалар салып, соған жазып түсіндіру қажет.

        І топ: А.Байтұрсынұлының өмірі.

        ІІ топ: А.Байтұрсынұлының мысалдары.

        ІІІ топ: А.Байтұрсынұлының өлеңдері.

        Қысқаша деректер. Ахмет Байтұрсынұлы – қазақтың ұлы ағартушыс, ірі ғалым-лингвист, ақын, аудармашы, оқулық авторы. Туған жері – қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Ақкөл ауылы. А.Байтұрсынұлы алғашқы «Әліпби» оқулығын жазған. Оның

«Қырық мысал», «Маса» деген шығармалар жинағы шыққан. Бар өмірін адал қызмет етуге арналған оған «халық жауы» деген жала жайып, жазықсыз құрбан болды.

        А.Байтұрсынұлының Крыловтың мысалдарын аударған. Сол аударған мысалдарын «Қырық мысал» деген атпен кітап етіп шығарады. Соның бірі – бүгінгі «Аққу, Шортан һәм Шаян» мысалы.

       А.Құнанбаев, А.Байтұрсынұлы – мысал жанрын қазақ әдебиетіне енгізуші аудармашы-ақындар. Ал сендердің 3-сыныпта оқыған «Бидай мен қанбақ» мысалының авторы Асқар Тоқмағамбетов – жаңашыл мысалшы. Осы, ақын-жазушылардың арқасына мысал жанры – қазақ әдебиетіне еніп, дамып келе жатқан жанр.

        Мұғалім мысалды мәнерлеп оқыған соң, балалардың  түсінігін тексеру, нақтылау мақсатында мынадай сұрақтар беруіне болады:

  • Балалар, олар қайда өмір сүреді?
  • Олар не істемек болды?
  • Олардың жүктері неге қозғалмад?
  • Ақын бұл кейіпкерлер арқылы қандай адамдарды бейнелеп отыр?

Мысалда автордың айтайын деген негізгі ойы болады дедік. Негізгі ой дегеніміз – ақынның айтар өсиеті.

1-тапсырма.Автордың түйінді, яғни негізгі ойын табу.

- А.Байтұрсынұлының түйінді ойы қай жерде жазылған?

- Мысал бізді неге шақырады?

Мысалдың тәрбиелік мәні – балаларды бірлікке, ынтымаққа шақыру.

Қорытынды: Мысалды негізгі ой шығарманың басында немесе аяғында

беріледі. Мысалдың міндетті түрде тәрбиелік мәні болады. Ол түйінде ой арқылы ашылып, айқындалады.

        2- тапсырма. Негізгі ойға қатысты ынтымақ, бірлік туралы білетін мақал жазу.Мысалы:1. Бірлік болмай, тірлік болмас.

  1. Алтау ала болса, ауыздағы кетеді.

            Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.

      Әрбір топ жазған мақалының мағынасын түсіндіреді.

3-тапсырма. Мысалды сахналық қойылым етіп дайындау. Бұл тапсырма бойынша балалар мысалдыалдын ала диалогке айналдырып алады. Автор сөзі болады. Мысалы, автор «Бір күні Аққу, Шаян, Шортан үшеуі кездесіп қалады. Олар үстіне жүк тиелген үлкен арба тауып алып, қатты қуанады.

     Аққу айтады: - Достар,келіңдер, мына арбаны әуеге тартып шығарайық, -дейді.

     Шортан айтады:

     - Мұны өлге апарайық, -дейді.

     Шаян айтады:

  • Жоқ, оданда мұны құмға апарайық.

     Автор:

  • Сөйтіп үшеуі үш жаққа тартып, арбаны орнынан қозғалта алмайды».

     Осылайша балалардың әрқайсысы  өз сөзін айтып мысалды әр түрлі  етіп импровизация жасауға болады.

    Сергіту жаттығуы

 

                           Ал, балалар, тұрайық,

                           Қане, қанат жазайық.

                           Аққу болып ұшайық,

                           Көлде жүзген балықтай,

                           Жүзіп,жүзіп алайық.

                           Қане, айналып, қарайық.

Қорытынды. Мақал-мәтелдер:

 

  1. Алтау ала болса, ауыздағы кетер.

    Төртеу түгел болса, төбедегі келер.

  1. Бірлік болмай, тірлік болмас.
  2. Жұмыла көтерген жүк жеңіл.

Туған тілім-өз тілім

$
0
0

Сабақтың тақырыбы: Туған тілім-өз тілім

Сабақтың мақсаты:

- Мемлекеттік тіл-қазақ тілі туралы ғұлама ойшылдардың пікірлерін меңгерте отырып, өмірде ана тілінің атқаратын рөлі маңызды екенін үйрету. Ана сүтімен енген ана тілінің қадір-қасиетін терең түсінуге және өмірде еркін қолдана алуға тәрбиелеу.

- Оқушылардың мәнерлеп оқу машығын жетілдіре отырып, өз ой-пікірлерін ашық еркін жеткізе білуге баулу.

         Қолданылатын көрнекіліктер:

«Ана тілі», «Тілімде менің байлығы жатыр ғаламның» т.б. ана тіліне арналған әр сыныптың қабырға газеттері, ана тілі туралы айтылған ақыл, нақыл сөздер.

Тәрбие сағатының барысы:

         1-жүргізуші:

- Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін сіздерді «Туған тілім-тірлігімнің айғағы» атты әдеби-сазды кешті көруге шақырамыз.

         Тіл қай ұлтта, қай елде болса да, қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен еніп, қалыптасады. Тіл байлығы-әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол-атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпсе мұра.

         2-жүргізуші:

         -Ана тілінің бүге-шегесіне, терең иірімдеріне бойлай білу, саналы азамат болғысы келетін жас адамның бірінші парызы. Ол-туған жерді, елді, Отанды, атамекенді сүйе білу деген сөз.

         1-жүргізуші:

         Туған тілім-тірлігімнің айғағы,

          Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

          Өссе тілім, мен де бірге өсемін.

          Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.

         Музыкалық үзіліс.

         1-жүргізуші:

         Таза мінсіз асыл тас,

          Су түбінде жатады.

         2-жүргізуші:

          Таза мінсіз асыл сөз,

          Ой түбінде жатады.

           1-жүргізуші:

          Су түбінде жатқан тас,

          Жел толқытса шығады.

          2-жүргізуші:

          Ой түбінде жатқан сөз,

          Шер толқытса шығады,- деп сонау ХV ғасырда өмір сүрген ұлы бабамыз Асан қайғы тілдің өмірдегі орны маңызды екенін осылай түсіндіреді. Енді одан бергі зиялы қауымның тіл туралы толғаған ой-толғамдарын, пікірлерін тыңдап көрсек.

         1-оқушы: Ғ.Мүсірепов: «Ана тілі-жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы жанның барлық толқындарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазына».

         2-оқушы: Б. Момышұлы: «Анамыздың ақ сүтінен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту-бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту».

         3-оқушы: А.Жұбанов: «Әр халықтың ана тілі- білімнің кілті. Біздің жастарымыз ана тіліне жетік білімді, мәдениетті болсын».

         4-оқушы: Ғ. Мұстафин: «Күн жылытпайтын суық көңілді сөз ғана жылыта алады».

         5-оқушы: М. Әуезов: «Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес».

         М.Шахановтың «Тіл мен рух» әні орындалады.

         1-жүргізуші:

         - Жүйелі сөз жүйесін табар,

            Жүйесіз сөз иесін табар-дегендей, ұлыларымыздың тіл туралы айтқандарын терең түсінген аға ұрпақ Кеңес дәуірі кезінде тіліміздегі алаңдаушылықты ақындарымыз былайша жырлаған екен.

         6-оқушы:

         Қайран тілім, тұзы сор, азабы нән,

          Талай қалған ажал мен әл аузынан.

          Әлі күнге мінберге шыға алмастан,

          Қипақтайсың қорқақтап лауазымнан.

         7-оқушы:

         Қайран тілім, жүректі ерітетұғын,

          Өн бойында ерекше ерке бітім.

          Өз еліңде ерекше мәртебе алмай,

          Босағада болдың-ау өтетұғын.

         8-оқушы:

         Қайран тілім, қаз тұрып шоқ басқан тіл,

          Мәңгүрттерден таяқ жеп соттасқан тіл.

          Мықтылардың меселін қайтара алмай.

          Қаулылардың ішінде тот басқан тіл.

         2-жүргізуші: Міне, осылайша ақын ағаларымыз қынжылып жырласа, бүгінгі таңда тіліміз мәртебе алып, жетістіктерге жетуде. 22 қыркүйек «Қазақстан Республикасы халықтарының тілі» күні деп жарияланды. Ендігі тілдің жайын тыңдап көрейік.

         9-оқушы:

         Қараңғыға, тілім сәуле шашасың,

          Жабықтарды жарқыратып ашасың.

          Ұмытқанды еске алып үнемі,

          Танытасың өмірдің бар тасасын.

         10-оқушы:

          Сенсің тілім, бойдағы күш-қуатым,

          Сақтаушыңмын қорғауға бел буатын.

          Ата мұра, сенсің берер еншім де,

          Ұл-қызыма, немереме туатын.

         1-жүргізуші: - Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады- дегендей, шешендік өнерді де тыңдап көрсек.

         Оқушылардың күшімен дайындалған сахналық көріністер:

  1. Ақтайлақ пен Қанай шешен.
  2. Үш арсыз, үш ғайып, үш жетім.
  3. Сырым мен Малайсары.

И. Нүсіпбаевтың «Ана тілі» әні хормен орындалады.

         2-жүргізуші:

         Тілімде менің бабамның батырлығы да,

          Махамбет пенен абайдың ақындығы да.

          Дүниеге келе айқайды салған іңгалап,

          Тілімде менің сәбидің батылдығы да.

         1-жүргізуші:  

          Тілімде менің сайрайды тынбай бұлбұл да,

          Тілімде менің шабады тынбай дүлдүл де.

          Биіктік те бар, тереңдік те бар тілімде,

          Байтақтық та бар, шалқарлық та бар тілімде.

         2-жүргізуші:

         Биязылық та бар, ибалық та бар тілімде,

          Мәрттім де бар, пәктігім де бар тілімде.

          Тұлпарлық та бар, іңкәрлік те бар тілімде,

          Шешендік те бар, көсемдік те бар тілімде.

         1-жүргізуші:

         Найзағайдың жарқылы да бар тілімде,

          Қаз біткеннің қаңқылы да бар тілімде.

          Аққулардың сұңқылы да бар тілімде,

          Қырандардың шаңқылы да бар тілімде.

         2-жүргізуші:

         Қадірлі көрермендер! Ана тіліміздің асыл қасиеттерін бойымызға сіңіріп, оның қадірі мен қасиетін терең ұғынып, еліміз бен жеріміздің гүлденуіне мол үлесімізді қоса білейік. Атадан балаға мұра болып келе жатқан ұлттық тіліміздің шұбарлануына жол бермей, таза да мөлдір күйінде ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыра берейік. 

Менің Отаным - Қазақстан

$
0
0

                                         Менің Отаным - Қазақстан

Білімділік: Халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасау.

 

Тәрбиелік: Туған еліне, жеріне деген сүйіспешілікке тәрбиелеу.

 

Дамытушылық: Сөйлеу мәдениетін дамыту.

 

Көрнекілігі: ҚР рәміздері, карта, нақыл сөздер, топтастыру.

 

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

  • Құрметті ұстаздар және қонақтар! Сіздердің назарларыңызға

«Менің Отаным - Қазақстан» атты тәрбие сағатын ұсынамыз.

 

Асыл: Отан деген не? Отан дегеніміз – адамның туып өскен жері, туысқандары мен жақындарымен бірге тұратын атамекені.

 

Сара: Әуелгі Отан – ана алды, оттың басы,

Ауыл алды, аунаған шөптің қасы.

Сағынғанда тым ыстық көрінеді

Жаста ойнаған үйшік қып сайдың тасы.

 

Нұрбек:   Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер, атамекен –

Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.

 

Арайлым:   Отан дейміз кең – байтақ астананы,

Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.

Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,

Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

 

Іңкар: Адамның жақсы, бақытты өмір сүруі көп жағдайда Отанға деген сүйіспеншілігіне байланысты. Отанын сүйе білген адамда бәрі: үй де, жұмыс та, атақ та болады.

 

Нұрсана:  Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

 

Тарбия:   Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған «Отан» деп сыбырлаған.

Жаным менің кеудемді жарып шық та,

Бозторғайы бол оның шырылдаған.

 

Арай:   Отан, Отан,

Бәрінен биік екен

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.

 

Нұрбақыт: Отан адамның отбасынан басталады. Туып өскен жері, ауылы, қыстағы, қаласы – оның кіші Отаны. Өйткені әрбір ауыл, қала, бүкіл Республикамен тығыз байланысты.

 

Малика:   Ең бірінші бақытым – Халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.

 

Мерей:   Ал екінші бақытым – Тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей – кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

 

Бекарыс:  Бақытым бар үшінші – Отан деген,

                    Кім мықты? – десе біреу, - Отан дер ем.

                   Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

                   Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.

 

ІІ бөлім. «Атамекен», «Жерұйық», «Атажұрт» топтары арасында сайыс түрінде жалғасады.

 

І сайыс: Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда

  1. ҚР Мемлекеттік туының авторы кім? (Ш.Ниязбеков)
  2. Ұлттық валюта – теңге қай жылы енгізілді? (1993ж. 5 қараша)
  3. ҚР тәуелсіздігін қашан жариялады? (1991ж. 16 желтоқсан)
  4. ҚР әнұранының сөзін жазғандар? (Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев)
  5. Қазақстан БҰҰ қашан мүше болып қабылданды? (1992ж. 2 наурыз)
  6. 1991ж2қазан –бұл дата нені білдіреді?(Т.Әубәкіров ғарышқа ұшты )
  7. ҚР Конституция күні? (30 тамыз)
  8. Қазыбек биге не қымбат?
  9. Қай жылы ел астанасы Алматыдан Ақмолаға көшірілді? (1997 ж)
  10. Маңғыстау облысының құрылғанына неше жыл?

 

ІІ сайыс: Атадан қалған асыл сөз. (Мәнерлеп оқу)

«Қазақ – сөз қадірін өз қадірім» деп білген халық. Кіндігін де, елдігін де, кемеңгерлігі мен көсемдігін сөзге сыйдырған.

 

Ел тағдырын ойлады олар көз ілмей,

Ерік беріп қажырлылық, төзімге.

Үн жеткізер Ұлылардың өзіндей,

Ден қоялық ұлылардың сөзіне.

І.   Арман –      «Төле бидің жауабы»

ІІ.  Диас-       «Қазыбек бидің елшілігі»

ІІІ. Бақыт –   «Әйтеке бидің сыншылдығы»

 

«Атамекен» әні  

Матаса байланысқан сөз тіркестері

$
0
0

Хаметова Ақмарал Тоқтасынқызы

Қызылорда облысы

Шиелі ауданы

№148 қазақ орта мектебі

 

Сабақтың тақырыбы: Матаса байланысқан сөз тіркестері

 Сабақтың  мақсаты:

  1. Білімділік:сөз тіркесінің матаса байланысу жолын түсіндіру
  2. 2. Дамытушылық: Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту,пән бойынша алған білімдерін жүйелі түрде қолдана білуге дағдыландыру
  3. Тәрбиелік:Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын ояту, әдеби тілде көркем сөйлеуге тәрбиелеу.

 Сабақтың түрі: Аралас сабақ

 Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап ,түсіндіру,ойқозғау, семантикалық карта,графикалық карта,талдау           

 Сабақтың көрнекілігі:  оқулық,интербелсенді тақта , электронды оқулық

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен амандасу

2.Сынып тазалығын тексеру

3.Оқушыларды түгендеу

4.Оқушылар назарын сабаққа аудару

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

  1. 245- жаттығу
  2. «Кітап-сырлас досымыз» /ойтолғау/
  3. Үй тапсырмасын бекіту /сұрақ-жауап/

       А/ Синтаксис нені зерттейді?

 Ә/ Сөз тіркесі дегеніміз не?

 Б/ Сөздердің байланысу тәсілдерін ата.

 В/ Есімді, етістікті тіркес дегеніміз не?

 Г/ Сөз тіркесінің байланысу түрлерін ата. 

 Ғ/ Қиысу дегеніміз не?

ІІІ Жаңа сабақ

1.Миға шабуыл

Жаңа тақырыпқа байланысты мысалдар келтіру,оқушылардың өздеріне ереже шығарту       

 

Кіршіксіз таза сақтаңдар,                  

Қазақтың тілі ғаламат.  

 Ананың тілі  - ардақты                

 Аманат, саған, аманат.                     

 

(Қазақтың тілі; ананың тілі )

Балалар,өлеңдегі қазақтың тілі, ананың тілі деген сөз тіркесі матасуға жатады.Осы мысалдарға қарап өздерің матасудың ережесін шығарып көріңдер.

  1. Электронды оқулық арқылы жаңа тақырыпты түсіндіру

Ия, сонымен,бірінші зат есім немесе заттанған сөз ілік септік жалғауында , екінші сөз тәуелдік жалғауында келу арқылы байланысқан сөз тіркесін матаса байланысқан сөз тіркесі немесе матасу деп атаймыз.

Матаса байланысқан сөздердің бірінші кейде екінші компоненттері түсіп қалып айтыла береді.

 

Ілік септік жалғауынсыз

Тәуелдік жалғаусыз 

Ақын(ның) өлеңдері

Ауыл(дың) тұрғандары

Көше (нің)  шамдары

Біздің сынып(ымыз)

Өзіміздің балалар(ымыз)

Сіздің үй(іңіз)

Матасу  - есімді сөз тіркес өйткені оның басыңқы сыңары зат есім немесе тәуелдік жалғау жалғанып заттанған сөз болады.

 оқушының кітабы,баланың жақсысы , атаның айтқаны  Жақсы – сын есім , айтқан – есімше екеуі де тәуелдік жалғауы жалғанып заттанып тұр.


ІV Сабақты бекіту

Оқулықпен жұмыс

І.1.247-жаттығу

2.248-жаттығу

ІІ.1.Семантикалық карта

  1. Графикалық карта

3.Сызба бойынша  матаса байланысқан сөз тіркесін құрау

Зат есім+ зат есім         

Сын есім+ зат есім

Сан есім + зат есім

V.Сабақты қорытындылау

І.Балалар,сөз тіркесінің байланысу түрлері бесеу болса,қазақ әдебиетінде де арыстарымыз бесеу екен.Яғни,арысымыздың бірі-М.Жұмабаев апталығы өтіп жатқанын білесіңдер.М.Әуезовтың Мағжан ақын жайлы пікірін оқу.Сөйлем ішінен матаса байланысқан сөз тіркесін табу.

«Қазақ жазушыларынан, әине,Абайды сүйемін.Менің бала күнімнен ішкен асым ,алған нәрімнің барлығы да-Абайдан.Бұдан соң Мағжанды сүйемін.---Мағжан мәдениеті зор ақын.Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілігіне қарағанда бұл  заманның шегінен асқандай---бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бойұрып,артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз-Мағжанның сөзі»

                                                                                                                              Мұхтар Әуезов

 

ІІ.Венн  диаграммасы

     Қиысу                                           Матасу

 

VІ Үйге тапсырма

249- жаттығу мәтіннен матаса байланысқан 5 сөз тіркесін жазып ,сөз құрамына талдап келу

VІІ Бағалау                           

Аққудың қанатымен жазылған жыр

$
0
0

Хаметова Ақмарал Тоқтасынқызы

Қызылорда облысы

Шиелі ауданы

№148 қазақ орта мектебі

 

Сабақтың тақырыбы: «Аққудың қанатымен жазылған жыр»

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларға ақын  жайлы мәлімет беру,поэманың мазмұнын ұғындыру

2.Дамытушылық: Актерлік шеберлігін шыңдау

  1. Тәрбиелік : Табиғатты қорғау, оны аялауға,,әсемдікке баулу

Сабақтың түрі: Сахналық қойылым

Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау,сахналық

Сабақтың көрнекілігі: сынып газеті, интербелсенді тақта,суреттер

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім сөзі

ІІ.1-жүргізуші: Қайырлы күн ,қадірменді жыр сүйер қауым!

 2-жүргізуші: Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан,жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Аққудың қанатымен жазылған жыр» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Жансая ақынның өмірі жайлы айтады.

Назым ақынның шығармашылығы жайлы айтады.

Айжан ақынның поэмаларына тоқталады.

Бағлан: Мұқағали поэмаларынан мәңіг өмір сұлулығына сұқтанып,сырлы саз,ойлы толғам үйіп,асқақ жырлап өткен ғашық ғұмырдың кең тыныс-тіршілігінің лебі еседі.Атамекен аспанында жырларын қырандай қалықтатаып,айдын көлінде аққудай сұңқылдатады.М.Мақатаев поэзиясының терең тамыры кешегіде бүгін мен ертеңде жатыр.

Бақытжан: Иә,Мұқағали талантының берік тұғыртасы-шаңдағына аунап,өзеніне шомылып,құстар қиқуын тыңдаған туған топырағында,ол соған тартып туған.Қайда болып,қайда жүрмесін Қарасаз ғұмыр бойы тепсінген ой,уылжыған сезімнің діңгегіне айналды.Ақын дала мен тау,атажұрт арқылы, Отанды,адамзаттың алтын бесігі-жұмыр жерді сүйеді.Кішкентай жүрекке кең дүниені сыйғызып,әлемдік кеңістікке құлаш ұрады.

Ұлжан: Поэмаларының ішінде «Жан азасын» айта кеткен жөн болар.

Ақын өзінің бейдауа дертін іште сезгендей,кейінгі кездерде мәңгі тақырыптар:өлім мен өмір,іршіліктің түзілуі мен ыдырауы,қартаю мен жасару,адам мен заман ,мезгіл мен мекен төңірегіне қайта-қайта қайырыла соғып,онсыз да беймаза жүрекке жүк артып,қағылез қаламын қалғытқан жоқ еді бір сәтке.

Сол ізденістің заңды жалғасы,жемісі болып «Жан азасы» дүниеге келгендей.

Ақерке: М.Мақатаевтың өгей өксік пен сарғайған сағынышы аптаған «Өмірдастаны» жоғары тақылеттес туындыларының ішінде шоқтығы биік тұр.Оның  жетінші бөлімі-«Дариға -жүрек» ғұмырға ғашық  жанның терең тебіренісі,талант кемелдігінен куә туынды.Онда уақыттың шамырқандыратын шындығы ,көкіректі күйдіретін ыстық табы жатыр.

1-жүргізуші: Бүгін біз сөз еткелі отырған  шығарма

“Аққулар ұйықтағанда» - ғажап поэма. Бір түнде, бір деммен, табиғат пен ақын сезімінің үндесуінен туған дүние.

Мұқағали:Қазақтың қара өлеңі - құдіретім,

Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген, - деген болатын. Бүгін сондай «Сұмдық сыры бар» жыры «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан ой толғаймыз.

2-жүргізуші: Осы поэма жөнінде Тұманбай Молдағалиев

былай дейді:Мұқағали Мақатаев-адамдар арасындағы ,өмірдегі,табиғаттағы жарастық пен келісімнің жыршысы. «Аққулар ұйықтағанда» шын тебіреністен,шын сағыныштан туған.

1-жүргізуші:Ақын күнделігінен

Өткен аптада Мүсiреповте (үйiнде) болдым. Бұл адаммен жақын келiп сұхбаттасқаным осы. Үйiнде өзi жалғыз екен. Жылы қарсы алды. Екi сағаттай әңгiмелестiк. Мен Ғабеңдi бойындағы дарынның барын берiп болған адам деп айта алмаймын. Ал, бойында жасырынып жатқан жанартауы бар екенiне күмәнiм жоқ. Уақыт-ай!.. Әдебиет, жалпы өнер жөнiнде болар-болмас шолу жасап, пiкiрлестiк. Қарт әрiден ойлайды. Қазiргi қазақ поэзиясы қатты толғандырып жүрген көрiнедi. Бiрдеме десем бе дейдi.

«Аққулар ұйықтағандаға» тебiренiп пiкiр айтты, сүйсiнiп қалды, мен ыңғайсыздандым, онымды түсiне қойды да, қоя қойды. Өлеңдер оқыдым. Кетерде маған алтын қалам сыйлады.

 

ІІІ. Поэмадан үзінді /сахналық қойылым/

1-жүргізуші:Тиме аққуға !!!

Мендейлердің атын ал,түйесін ал,

Тиме аққуға!

Аққудың киесі бар...

Тиме аққуға!

Кіршіксіз асыл ар ғой,

Тимеңдерші көңілімнің көркі болсын,

Жанарында мұңлықтың жасы бар ғой..

2-жүргізуші: «Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,Өлтіре алмас өлеңді енді ешкім»деп ақындық сыры да,өзі жырлағандай ақындық сыры да , өзі жырлаған таулардың асқарындай асқақ жыры да халқымыздың мәңгі есінде қалады.

1-жүргізуші: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

«Сөз мерген» интеллектуалдық тіл–танымдық сайысы

$
0
0

«Сөз мерген» интеллектуалдық тіл–танымдық сайысы

 

     «Сөзмерген» интеллектуалдық тіл – танымдық сайысының басты идеясы –           

«... Өткірдің жүзі. Кестенің бізі – Өрнегін сендей сала алмас» деп, қуаттылыы мен нәзіктігін Абай ақын жырлаған қазақ тілінің құдіреттілігін паш ету. Ұлттық рухани болмыстың алғышарты болып табылатын қазақ тілінің тереңде тұнып жатқан сөз маржандарын жарқырата көрсету арқылы білімгерлерлердің туған тілге деген сүйіспеншілігі мен құрметін, патриоттық сезімдерін өту.                                                  

 «Сөз мерген» интеллектуалдық тіл – танымдық сайысының түпкі мақсаты – қоғамызда аталып өткен түрлі тарихи ахуалдар негізінде белең алған кейінгі буын бойындағы ой және тіл ұстамдығын ескере отырып, олардың сөздік қорын байыту, сөз саптауын қалыптастыру, ұмыт алуға айналған мақал – мәтелдер мен көне сөздерді ұтымды пайдалана отырып, қолданысқа ендіру, тіл мәдениетін жетілдіріп, тіл тазалығы мен шұрайлылығына көңіл аударту, мемлекттік тіл мәртебесін асқақтату.

Сахнаның жабдықталуы:Сөз құдыреті, сөз мәдениеті туралы қанатты сөздер, т.б.

Ақпараттық – техникалық көрнекіліктер:интерактивті тақта, слайдтар, т.б.               

Сайыстың шарттары:                                                                                                              

 Сайыс 4 кезеңнен тұрады. 4кезеңге жетіп, сайыстың шарттарын толық орындаған, ұпайы жоғары топ «Сөз мергені» жеңімпазы танылады.      

 Сайыс кезеңдері:   І кезең. Мықты болсаң тауып көр...

Тапсырма:Тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын табу.   12  тапсырма

ІІ кезең.Жүйрік болсаң, шауып көр...

Тапсырма:Мақал – мәтелдер құрау.                                 

8 тапсырма

ІІІ кезең.Ойлы болсаң, озып көр...

Тапсырма:Көнерген сөздердәің мағынасын ашу.            

8 тапсырма

ІV кезең.Тапқыр болсаң құрап көр...

                           I кезең. Мықты болсаң тауып көр...

Тапсырма: Нақыл сөз тіркестерді  табу

I тапсырма:

1

 Ас

                      

                                Тоқ

                  

           Ас қадірін тоқ білмес                

2

Тағам

3

Сорпа

4

Тамақ

II тапсырма:

1

 Шекер

                            Бетке

              Ет етке , сорпа бетке

2

Тұздық

3

Нан

4

Ет

III тапсырма:

1

 Қой

                          

                     Сүті

    Сиырдың сүті тілінде

2

Жылқы

3

Сиыр

4

Түйе

IV тапсырма:

1

 Аш ішек

           

                      Құмалақ

Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді

2

Қарын

3

Бауыр

4

Бүйрек

V тапсырма:

1

 Әке

                             Еңбек

         Ердің атын еңбек шығарар

 

2

Ер

3

Ата

4

Ана

VI тапсырма:

1

 Есерсоқ

                            

                 Жақсысы

        Жаман қауымның жақсысы болғанша, жақсы қауымның жаманы бол

2

Жаман

3

Надан

4

Ақымақ

VII тапсырма:

1

Өтірік

  Тұтам

Өтіріктің құйрығы бір ақ тұтам

2

Ұрлық

3

Әдеп

4

Сұлулық

VIII тапсырма:

1

 Қасық

                               Төкпе

Қасықтап жиғанды , шөміштеп төкпе

2

Кесе

3

Май  

4

Айран

IX тапсырма:

1

 Құда  

                               Ұялады

        Келгенше қонақ ұялады, келген соң үй иесі ұялады           

2

Бала

3

Қонақ

4

Ата

X тапсырма:

1

 Ит

                            Ауыл

         Ит үрген жерде ауыл бар.

2

Төбет

3

Күшік

4

Мысық

 

 

 

XI тапсырма:

1

 Жақсы

                            Туса

Жақсыдан жаман туса ем табылмас,

Жаманнан жақсы туса тең табылмас.

2

Нашар

3

Керемет

4

Жаман

XII тапсырма:

1

 Қоян

                              Арба

  Асықпаған арбамен қоянға жетеді.

2

Қасқыр

3

Түлкі

4

Аю

XIII тапсырма:

1

 Адам

                             Ақыл

    Кісі ақылмен бай болғанша, өз

         Ақылыңнан жарлы бол.

2

Кісі

3

Тұлға

4

Пенде

II кезең. Жүйрік болсаң шауып көр..

Тапсырма: Тұрақты сөз тіркестерін құрастыру

I тапсырма:

1

 Әке

                            Таныту

                 Көкесін таныту

                    (Ұрып – соғу)

2

Көке

3

Тәте

4

Жезде

II тапсырма:

1

 Жүзік

                                  Өт

         Жүзіктің көзінен өткендей

(Сұлу, мүсінді.2. еті тірі, пысық деген мағынада)

2

Сырға

3

Сақина

4

Білезік

III тапсырма

1

 Омыртқа

                               Нан

              Көкірегіне нан пісті

    (Кеудесін керді, мақтанды деген мағынада)

2

Бел

3

Төс

4

Көкірек

IV тапсырма:

1

 Ақыл

                            Таразы

            Ақыл таразысына салды

                          (ойланды)

2

Насихат

3

Өсиет

4

Аманат

V тапсырма:

1

Аузымен

                    Атырды

Көрер көзді таңмен атырды

               (ұйықтамады )

2

Көзімен

3

Қолымен

4

Киіммен

VI тапсырма:

1

 Түйе

                        Шөп

  Қой аузынан шөп алмас 

       (Момын)

2

Сиыр

3

Жылқы

4

Қой

 

VII тапсырма:

1

 Шырайы

                            Шықты

Бетінен оты шықты

(ұялды )

2

Оты

3

Зілі

4

Ұяты

VIII тапсырма:

1

 Келін

                        Жыл

Күйеу жүз жылдық, құда мың жылдық.

2

Күйеу

3

Қайын

4

Құдағи

III  кезең. Ойлы болсаң, озып көр...

 Тапсырма: көнерген сөздердің мағынасын ашу.

I тапсырма:

1

Киім

                    Қызанақ

    Қызанақ  көкөніс атауы

2

Жеміс

3

Көкөніс

4

 

Пепсин

II тапсырма:

1

 Ас

                              Шидем

 

      Шидем жүннен тоқылған киім

2

Зат

3

киім

4

Сусын

III тапсырма:

1

 Ағаш

                     Шит

    Шит  мақтаның тұқымы

2

Өсімдік

3

Үй жиһазы

4

Гемоглобин

IV тапсырма:

1

 адам

                            елгезек

Тіл алғыш, жұмсағында лыпылдап тұратын, айтқанды екі қылмайтын адам.

2

сауат ашу

3

байлық

4

асыл бұйым

V тапсырма:

1

 әскер

                             Адырна

Садақтың оқ салып тартатын кермесі,атылатын оқты ұшыру үшін садақтың екі басын керіп байлаған баулық.

2

мал

3

әңгіме

4

Діни ұғым

VI тапсырма:

1

 бала

                              Бәтес

Орыс т тіліндегі батист деп аталатын жұқа, әдемі матаның түрі.

2

дәстүр

3

мата

4

адамгершілік

VII  тапсырма:

1

Көңіл айту

                          Сарап

Сынаушы, бағалаушы деген кең мағынаға ие болған,сарапқа салу тіркесі де іріктеу, бағалау деген ұғымды береді.

2

Баға беру

3

Сый – құрмет жасау

4

Өкініш білдіру

 

ІV кезең. Құпия қазына ...

    Тапсырма:

“ ...Алдында құйып қойған асты әлі күнге қасында кісі қадалып тұрса, жаламайды , жемейді. Жалғыз - ақ кісі көзі тайса болды, қазір жоқ қылады. Бірақ  егер тіпті  қарны  ашып  кетсе, өзіне бермеген  асты  да жеп қояды. Кейде  сондай  жерде ұсталып , таяқ та жейді......”

 Бұл үзінді кімнің  шығармасынан  алынған?    Авторы кім?

 

Сайыстың қорытындысын шығару. Жеңімпаз топты анықтау.

 

Жаңа сөздер

$
0
0

Сабақтың тақырыбы :  Жаңа сөздер

Сабақтың   мақсаты :

Білімділік:   Жаңа сөздерді игерту,көнерген сөздерден білімдерін тиянақтау.

Дамытушылық: Баланың шығармашылық қабілетін дамыту. Сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту

Тәрбиелік: Баланы халық ауыз әдебиетін білуге, тәрбиелеуге, сауатты жазуға үйрету

Типі : Жаңа материалды меңгерту

Әдісі : Сұрақ – жауап, түсіндіру

Көрнекілігі : Интертақта, үлестірмелі кеспелер

  1. Негізгі бөлім : Ұйымдастыру. Сәлемдесу.
  2. Оқушыларды түгелдеу.

       Оқушының сабаққа дайындығын тексеру.

        Оқушы назарын сабаққа аудару.

  1. Үй тапсырмасын тексеру, баға беру.

 

     Ассалаума ғалейкум , алдияр хан                                                  

           Молдалар хат жазатын сауыт қалам

           Кешегі ел ұстаған ханзаданың

          Сізді де ұрпағы деп бердім сәлем

          Шыдамай Шерің қозғап , шынын айтса

    Қылышпен алтын сапты басты аларсың.

     Екі тарлан бөрі едім

           Ерегіскен дұшпанға

    Қызыл сырлы жебе едім.

    Ереуіл атқа ер салмай

     Егеулі найза қолға алмай

     Тебінгі терге шірімей

     Терлігі майдай ерімей

           Ерлердің ісі бітер ме ?

 

     Историзм                        

     Архаизм

 

      

 

Уәзірлерім! Сендер қырқың да асып туған ақылды, данышпан едіңдер. Мен сендерді бір жұмысқа жұмсаймын.  Он бір ай уақыт беремін.

Кендебай қолына жүз батпан шоқпарын алып , Керқұла  аттың барлық шабысымен  дәуге қарсы шаба жөнеледі.

Хан разы болып ,зынданда жатқан  Мергенбай батырды, оның әйелін азат етеді .

Қаһан шың еткізіп  қынабынан қысқа, қайқы наркескенін суырып алды.Қаһанның қолындағы алмас қылыш алтын балдағы жарқ етіп кілемнің үстіне сылқ түсті.

 

Ұлыс күні кәрі -жас ,

Құшақтасып көріскен .

Жаңа ағытқан қозыдай,

Жамырасып өріскен .

Шалдар бата беріскен,

“Сақтай гөр ” деп терістен,

“Дәулет пен бақ кел” десіп,

“Кем тілек  бер ”десіп,

“Көш, қайрақан , көш ”десіп,

“Көз  көрместей  өш ” десіп,

Құл құтылар құрықтан ,

Күн тұтылар сырықтан.....

 

Тақырыбы:  Жаңа  сабақ

  «Жаңа сөздер»

  1. Оқушыларға жаңа сөздер туралы түсінік беру
  2. Олардың өмірдегі қолдану аясын түсіндіру

Кейбір сарапшылар  денсаулық , бой, салмақ туралы  мәліметтерді  жазудың қажеті жоқ деп есептейді.

Қазіргі заман талабы күнделікті болып жатқан өзгерістер, нарықтық экономика, әрбір минутты тиімді пайдалану - қызметкерлерді  жұмысқа қабылдауда да көптеген  өзгерістерді енгізуде. Сондай өзгерістердің  бірі – түйіндеме

Үнтаспа , жеделхат, саяжай, ермексаз ,кеден , нарық,  зейнеткер , кәсіпкер , жылыжай , желім , жолсерік , жер серік, несие , аудит, дизайнер, сәулет  т.б   осы секілді сөздерді  - жаңа сөздер дейміз

 Неологизм -  деген   “жаңа сөз”  деген ұғымды білдіреді .            

                   «  Кім   жылдам ?»   ойыны

Екі  қатардағы ойыншылар шығып өздерінің  білетін  жаңа сөздерді жазамыз .

   Сергіту  сәті

Логикалық сергіту сәті

А) “артық” сөзді тап

Шортан, сазан, жайын, кесіртке

Ә) жүн қайдан алынады?

а) Австралиядан   б) дүкеннен  в) қойдан

Б)омоним  бола  алатын  сөзді  тап

а)әркімнің    ә) өз       б)мал    в)қара

В) көнерген   сөзді   табыңдар

а) ауру, балгер            ә)емхана, сұлтан

б)келбет, көрік          в)көнек ,қауға

Г) синоним    сөзді   көрсет

а)көз,қас,бақ                              ә)ол,сіз, біз

Б)алыс, қашық, шалғай          в)он, бір , үш.

Түсіндірмелі сөздікпен жұмыс

  • Жасампаздық ,құжат, маркетинг ,
  • Саф, тілмаш , үлескі
  • Қаудан , баялды
  • Қожалық , салық 

ІІІ. Қорытынды

   Пысықтау          

  1. Жаңа сөздерді қатыстырып  сөйлем құрау

 Үй жұмысы.   168 - 169 жаттығу  . Ережені жатқа айту

Бағалау.     

Шоқан Уәлиханов

$
0
0

Сабақтың  тақырыбы : Шоқан Уәлиханов     

 

Сабақтың мақсаты : білімділік –  Шоқан  жайлы білетін мәліметтерді тыңдай отырып жаңа  мағлұматтар  алуына жағдай туғызу,    шығармаларының  тақырыбы мен идеясын ашу;

дамытушылық–оқушылардың ізденімпаздық, шығармашылық қабілеттерін дамыту,  өзіндік  пікір, көзқарастарын қалыптастыру;

тәрбиелік –  ғалымның қысқа ғұмыр ішінде қазақ үшін жасаған қызметіне , өз халқының мәдени жетістіктеріне деген құрмет пен сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу

Сабақтың түрі :             жаңа   сабақ

Сабақтың әдісі :      СТО - ның  әдіс тәсілдері , сұрақ-жауап,  шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі :     бүктемелер ,суреттер,электронды оқулық, интерактивтік тақта  

Пәнаралық байланыс :    тарих, география

Сабақтың барысы : 

   а)  Ұйымдастыру кезеңі .

  «Шаттық шеңбер» құру арқылы  көңіл - күйлерін бірқалыпқа келтіру 

   ә)  Үй тапсырмасын пысықтау.

   б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

   Қызығушылықты ояту «Құпия кілт»

  1. Ол Қашқарияға сапар шекті?
  2. «Құйрықты жұлдыз» атанған ғалым?
  3. Ол жайлы С.Бегалин  қандай повестін жазды ?

Жаңа сабақты слайд арқылы түсіндіру

              Ш.Уалиханов ( 1835 -1965 )

  Талантты ғалым, публицист, әдебиет зерттеушісі, саяхатшы-географ Шоқан (шын аты Мұхаммедханафия) Шыңғысұлы  Уәлиханов   XIX  ғасырдың  екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық. мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі. Оның қысқа да жарқын өмірі, жан-жақты зерттеушілік қызметі, философия, этнография,  тарих, экономика, құқық , география, ауыз әдебиеті, әдебиет теориясы, т.б. жайындағы ғылыми зерттеулері, пікірлері қай кезде болмасын өзінің құндылығымен жарқырай берері сөзсіз. Қазақ халқының рухани ізденістерінің жарқын көрінісі бола отырып, қоғамдық ой-сана, пікір-тұжырымдардың биіктей өркендеуіне ерекше ықпал етті .

Ол «Қырғыздар туралы жазбалар», «Қазақ халық поэзиясының  түрлері туралы », «Ыстықкөл сапарының күнделіктері » «Жоңғария очерктері», «Қытай империясының  батыс провинциясы және Құлжа қаласы » атты ғылыми- зерттеулері бар.

 

«Топтастыру » стратегиясы

    Ш. Уалиханов өмірінің елеулі кезеңдері мен еңбектері

 

Жылдар

Оқиғалар

Еңбектері

 1835жылы

Қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде туған

 

   1847-1853жж

Омбыдағы Кадет корпусында оқиды

 

 1852 жылы

Шығысты зерттеуші И.Н. Березинмен танысады

 

1853 жылы

Әскери қызметте қалдырылады

 

1855 жылы

Орталық Қазақстанды,Жетісу, Тарбағатай өлкелерін аралайды

«Тәңірі», « Қазақстандағы шамандықтың қалдығы»

1856- 1858жж

Қырғыз еліне, Шығыс Түркістанға(Қашқарияға) сапар шекті

 «Қырғыздар туралы»

«Ыстықкөл сапарының күнделіктері», «Жоңғария очерктері» «Қытай  империясының  батыс провинциясы және құлжа қаласы »

1863-1864жж

Омбы қаласы

«Сот реформасы туралы жазбалар»

1865 жылы

Шоқан  дүниеден өтті

 

 

Оқулықпен  жұмыс:  

«Шоқан  және оның орыс достары » тақырыбында топтық жұмыс жасау .

 І топ :   Шоқан мен П.П. Семенов –Тян- Шанский

ІІ топ :   Шоқан мен Потанин

ІІІ топ :  Шоқан мен Ильминский       

 «Ой толғаныс бөлімі»

  «Сыңарын тап» :

  1. Шоқан саяхатшы болуды, ғылыми зерттеу жұмыстарды  жүргізуді қашае мақсат тұтты?

2.«Тәңірі» «Қазақтардағы  шамандықтың  қалдығы» атты зерттеу еңбектері неге байланысты  жазылған ?

3.Қашқарияға сапар шеккен Шоқанның  басты мақсаты ?

4.«Сот реформасы туралы  жазбалар » қай жылы жазылған?

5.С.Мұқановтың  «Аққан жұлдыз » романының бас кейіпкері?

 

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. Шоқан Уалиханов туралы не білесің?
  2. Ш.Уалиханов өмір сүрген  шақтағы қоғам туралы,қазақ елі туралы не айтасың?
  3. Ш.Уалихановты не себепті «аққан жұлдыз» деді?
  4. Шоқан туралы жазған тағы қандай жазушыларды, шығармаларын білесіңдер?
  5. Қашқарияға сапарда жинаған материалдарын қай еңбегінде пайдаланды?

 

Білімді бағалау: 

«Сен  қалай ойлайсың?»

Шоқанның Кадет корпусын бітіргелі сылап сипап , шалқасынан  қайыра тастайтын  әсем қара шашын қырғызуына не себеп ?

   Үйге тапсырма: 

«Жалындап өткен жас ғұмыр» тақырыбына шығарма жазып келу.

 


Шоқан Уәлиханов

$
0
0

Сабақтың  тақырыбы : Шоқан Уәлиханов     

 

Сабақтың мақсаты : білімділік –  Шоқан  жайлы білетін мәліметтерді тыңдай отырып жаңа  мағлұматтар  алуына жағдай туғызу,    шығармаларының  тақырыбы мен идеясын ашу;

дамытушылық–оқушылардың ізденімпаздық, шығармашылық қабілеттерін дамыту,  өзіндік  пікір, көзқарастарын қалыптастыру;

тәрбиелік –  ғалымның қысқа ғұмыр ішінде қазақ үшін жасаған қызметіне , өз халқының мәдени жетістіктеріне деген құрмет пен сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу

Сабақтың түрі :             жаңа   сабақ

Сабақтың әдісі :      СТО - ның  әдіс тәсілдері , сұрақ-жауап,  шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі :     бүктемелер ,суреттер,электронды оқулық, интерактивтік тақта  

Пәнаралық байланыс :    тарих, география

Сабақтың барысы : 

   а)  Ұйымдастыру кезеңі .

  «Шаттық шеңбер» құру арқылы  көңіл - күйлерін бірқалыпқа келтіру 

   ә)  Үй тапсырмасын пысықтау.

   б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

   Қызығушылықты ояту «Құпия кілт»

  1. Ол Қашқарияға сапар шекті?
  2. «Құйрықты жұлдыз» атанған ғалым?
  3. Ол жайлы С.Бегалин  қандай повестін жазды ?

Жаңа сабақты слайд арқылы түсіндіру

              Ш.Уалиханов ( 1835 -1965 )

  Талантты ғалым, публицист, әдебиет зерттеушісі, саяхатшы-географ Шоқан (шын аты Мұхаммедханафия) Шыңғысұлы  Уәлиханов   XIX  ғасырдың  екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық. мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі. Оның қысқа да жарқын өмірі, жан-жақты зерттеушілік қызметі, философия, этнография,  тарих, экономика, құқық , география, ауыз әдебиеті, әдебиет теориясы, т.б. жайындағы ғылыми зерттеулері, пікірлері қай кезде болмасын өзінің құндылығымен жарқырай берері сөзсіз. Қазақ халқының рухани ізденістерінің жарқын көрінісі бола отырып, қоғамдық ой-сана, пікір-тұжырымдардың биіктей өркендеуіне ерекше ықпал етті .

Ол «Қырғыздар туралы жазбалар», «Қазақ халық поэзиясының  түрлері туралы », «Ыстықкөл сапарының күнделіктері » «Жоңғария очерктері», «Қытай империясының  батыс провинциясы және Құлжа қаласы » атты ғылыми- зерттеулері бар.

 

«Топтастыру » стратегиясы

    Ш. Уалиханов өмірінің елеулі кезеңдері мен еңбектері

 

Жылдар

Оқиғалар

Еңбектері

 1835жылы

Қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде туған

 

   1847-1853жж

Омбыдағы Кадет корпусында оқиды

 

 1852 жылы

Шығысты зерттеуші И.Н. Березинмен танысады

 

1853 жылы

Әскери қызметте қалдырылады

 

1855 жылы

Орталық Қазақстанды,Жетісу, Тарбағатай өлкелерін аралайды

«Тәңірі», « Қазақстандағы шамандықтың қалдығы»

1856- 1858жж

Қырғыз еліне, Шығыс Түркістанға(Қашқарияға) сапар шекті

 «Қырғыздар туралы»

«Ыстықкөл сапарының күнделіктері», «Жоңғария очерктері» «Қытай  империясының  батыс провинциясы және құлжа қаласы »

1863-1864жж

Омбы қаласы

«Сот реформасы туралы жазбалар»

1865 жылы

Шоқан  дүниеден өтті

 

 

Оқулықпен  жұмыс:  

«Шоқан  және оның орыс достары » тақырыбында топтық жұмыс жасау .

 І топ :   Шоқан мен П.П. Семенов –Тян- Шанский

ІІ топ :   Шоқан мен Потанин

ІІІ топ :  Шоқан мен Ильминский       

 «Ой толғаныс бөлімі»

  «Сыңарын тап» :

  1. Шоқан саяхатшы болуды, ғылыми зерттеу жұмыстарды  жүргізуді қашае мақсат тұтты?

2.«Тәңірі» «Қазақтардағы  шамандықтың  қалдығы» атты зерттеу еңбектері неге байланысты  жазылған ?

3.Қашқарияға сапар шеккен Шоқанның  басты мақсаты ?

4.«Сот реформасы туралы  жазбалар » қай жылы жазылған?

5.С.Мұқановтың  «Аққан жұлдыз » романының бас кейіпкері?

 

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. Шоқан Уалиханов туралы не білесің?
  2. Ш.Уалиханов өмір сүрген  шақтағы қоғам туралы,қазақ елі туралы не айтасың?
  3. Ш.Уалихановты не себепті «аққан жұлдыз» деді?
  4. Шоқан туралы жазған тағы қандай жазушыларды, шығармаларын білесіңдер?
  5. Қашқарияға сапарда жинаған материалдарын қай еңбегінде пайдаланды?

 

Білімді бағалау: 

«Сен  қалай ойлайсың?»

Шоқанның Кадет корпусын бітіргелі сылап сипап , шалқасынан  қайыра тастайтын  әсем қара шашын қырғызуына не себеп ?

   Үйге тапсырма: 

«Жалындап өткен жас ғұмыр» тақырыбына шығарма жазып келу.

 

Лалагүл тұқымдастар

$
0
0


Сабақтың тақырыбы: § 30. Лалагүл тұқымдастар
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: лалагүл тұқымдастарының өкілдерімен, құрылысымен, тіршілігімен таныстыру, олардың маңызы мен
ерекшеліктері.
Дамытушылық: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту, сөйлеуге, ойлау, ой- өрісін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды табиғатты сүюге, қорғауға баулу, адамгершілікке, жинақылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгіме
Сабақтың көрнекілігі: таблицалар, суреттер.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.
Оқушыларды түгелдеу, тренинг арқылы сабаққа дайындау.
Сабақтың барысы :
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: күрделігүлділер тұқымыдасы.
1. Күрделігүлділер тұқымдасының сипаттамасы, сан алуандығы.
2. Күрделігүлділер тұқымдастарына жататын өсімдіктердің ортақ белгілері


Шұқырақ тәрізді .Түтікшелі. Тілше .
ІІІ. Жаңа сабақ :
1. Даражарнақтылар класы
2. Лалагүлдер тұқымдасы
Дара жарнақтылар класы (лилиопсиды или однодольные – Liliopsida или Monocotyledones) - Дара жарнақтылар класына 80 тұқымдас, 73000-дай түр жатады. Бұлар бiр жылдық, екi жылдық, көп жылдық шөптесiн өсiмдiктер, сиректеу ағаштар, бұталар, лианалар. Дара жарнақтылардың қос жарақтылардан басты айырмасы бұлардың тұқым жарнағы бiреу болады.Тамыры шашақты немесе пиязшықты. Дара жарнақтылардың сабағының алғашқы құрылысы өсiмдiктiң тiршiлiгiнiң соңына дейiн сақталады. Сабақтың көлденең кесiндiсiнде өткiзгiш шоқтары ретсiз, шашыраңқы орналасады. Жапырақтары параллель немесе доға тәрiздi жүйкеленедi.
Лалагүлдер тұқымдасы (лилейные - Liliaceаe) - Лалагүлдер тұқымдасының (лилейные - Liliaceаe) жалпы сипаттамасы. Лалагүлдер тұқымдасының өкiлдерi дара жарнақтылар класына тән өсiмдiктер. Бұл тұкымдастың өкiлдерi бiржылдық, екiжылдык жөне көпжылдық шөптесiн өсiмдiктер. Бұл тұкымдаста 10 туыс, 470-тей түр бар. Олардың көпшiлiгi тамырсабақты немесе баданалы (пиязшықты) көп жылдық шөптесiн өсiмдiктер. Жапырақтары қандауырша тәрiздi, таспалы пiшiндi болып келедi. Жапырақтары әдетте отырмалы болып кезектесiп орналасады. Көптеген түрлерiнiң гүлдерi жиналып гүл шоғырын түзедi. Аздаған түрлерiнiң ғана гүлдерi жалғыздан болады. Гүл серiгi қарапайым, жай күлте жапырақшалар түрiнде берiлген, қос жынысты, дұрыс гүл. Аталығы екi шеңбер түзiп орналасады (А. 3+3). Аналығы 3, сиректеу 4 жемiс жапырақшаларынан тұрады. Жоғарғы жатынды, жемiсi қауашақ немесе жидек. Осы тұкымдастың бiрқатар түрлерiмен танысамыз. Қызғалдақ туысы (тюльпан - Tulipa). Туыста шамамен 100-дей түр бар. Қазақстанда 32 түрi кездеседi. Қызғалдақтар шөлдi, жартылай шөлдi және далалы аймактарда кең таралған өсiмдiктер. Кейбiр түрлерi сиректеу орманды жерлерде де кездеседi. Қызғалдақ гүлдерi жалғыздан болады. Гүл серiгi қарапайым, бос орналасады. Күлте жапырақшалары екi шеңбер түзiп орналасады. Сырткы шеңбердi 3 күлте, iшкi шеңбердi 3 күлте құрайды. Олардың барлығының мөлшерi бiрдей және қанық боялған. Аталықтарының саны 6, ол екi шеңбер түзiп орналасады. Гүлдiң ортасын үлкен аналық алып тұрады. Ол мойны қысқа, үш телiмдi аналықтың аузымен аяқталады.Қызғалдақ жемiстерi - құрғақ, көп тұкымды қауашақтар. Тұқымының эндоспермi ұрықты қоршап тұрады
1 2 3 4
1.Биберштейн қызғалдағы 2.Кауфман қызғалдағы 3.Сәндік қызғалдақ (жауқазын) 4..Ақ лапыз
Гүлiнiң формуласы: *♀♂ К3+3 А3+3 Ж(3)
ІҮ. Бекіту: Сөзжұмбақ «Лалагүл»

 

  1. Дәрілік лалагүл тұқымдас өсімдік түрі 
  2. Сәндік лалагүл тұқымдас өсімдік түрі
  3. Алқа тұқымдас өсімдік түрі
  4. Лапыздың жемісі
  5. Раушангүлділердің жабайы түрі
  6. Қарағай неше үйлі
  7. Раушангүлділердің ағаш түрінің өкілі

                          лапыз

                        жауқазын

                     баклажан

                       қауашақ

                  тікенгүл

                    бірүйлі

                     алмұрт

 

Ү.Қорытынды: 1 тапсырма. Даражарнақтыларға жататын өсімдіктердің қандай белгілерін білнсің?
................................................................... .......................................................... ...............................
2 тапсырма. Берілген тізіммен лалагүл тұқымдасына жататын өсімдіктерді іріктеп ал, астын сызып, кестеге маңызына қарай жіктеп орналастыр.
Сәндік Көкөністік Дәрілік техникалық


1. запран (шафран)
2. шырыш (эремурус)
3. баршынгүл (гладиолус)
4. лалагүл
5. лапыз
6. қызғалдақ
7. інхугүл
8. алоэ
9. еңлікгүл
10. сүмбілшаш (гианцинт)
11. қояншөп (спаржа)

3 тапсырма

ҮІ. Үйге тапсырма : §30

 

Тәрбие сағат: 1 Наурыз - Алғыс айту күні (Адал еңбек, алғысым ұстазыма!)

$
0
0

 

Тақырыбы: Адал еңбек, алғысым ұстазыма!

 

Мақсаты: Бүкіл адамзат баласы бас иер асыл тұлға ұстаздардың еңбегін, жас ұрпақты ұстазды құрметтеуге, адамгершілікке, сыйлап түсіне білуге үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашанда бағалай білуге үйрету.

Көрнекілігі: Ұлағатты сөздер, шарлар, гүлдер.

Жүрісі:

Тәрбие сағатын ашып, ұстаздарды төл мерекесімен құттықтау.

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар! «Адал еңбек, алғысым ұстазыма» атты ашық тәрбие сағатымызды ашық дей отырып қадірлі ұстаздар сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Сіздерді шәкірттерді тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатудағы, бағыт – бағдар беру жолындағы еңбектеріңіз жана берсін демекпіз. Дендеріңе саулық, қажымас қайрат, отбасыңызға береке мен шаттық тілейміз. Келесі сөз кезегі оқушыларда.

 

1 - оқушы: Армысыздар ардақты ұстаздар! Баршамыздың сауатымызды ашып, білім нәрімен сусындатып өмірге қанат қақтырған - ұлағатты ұстаздар. Мерекелеріңіз құтты болсын!

2 - оқушы: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, егін салып, мал бағып, терін төккен шаруа да, көкті шарлаған ғарышкер де ұстаздан білім үйреніп, тәлім алған. Ұлағатты ұстаздар, сіздерге бүкіл адам баласы бас иеді.

3 - оқушы: Мұғалімдік ең құрметті мамандық.

Жас ұрпақты өсіретін адам ғып.

Ұстаздардан адамзатқа таралған.

Мол мейірім ізгілік пен адалды.

 

4 - оқушы: Бар тәлімін беріп елдің жанына.

Бір кездері қырауланар шашы да

Ұстаз адам ұстаз болып қалады.

Қол соқтырып заман менен ғасыр

 

5 - оқушы: Айта берсек ұстазға тіл жетпеген.

Кімге ұстаз білім нәрін төкпеген

Айтыңдаршы адам бар ма өмірде.

Ұстаздарға қарыздар боп өтпеген

 

6 - оқушы: Ұстаз, ұстаз қасиетті есімің.

Құттықтайды барша халық осы күн

Өзің берген біліміңе қандырып.

Талай ұлан шәкірттерді өсірдің

 

7 - оқушы: Ұстаздар тыншымайтын еңбеккерлер

Жеңісті жерге екпеген, елге еккендер

Адамзат ұрпақтарын тәрбиелеп

Зердесін болашақтың зерлеткендер.

 

8 - оқушы: Ұстаздар қандай ғажап халықсыңдар

Шәкіртке шыңдай биік алыпсыңдар

Жан біткен жанарына нұр сыйлаған

Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

 

Ән: Анадай асыл мектебім.

 

Ендігі кезекті ұстаздарға арналған нақыл сөздерге берейік.

 

9 - оқушы: Ұстаз болу өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау.

10 - оқушы: Жақсы мұраттың артынан су ереді. Жақсы ұстаздың соңынан шәкірт ереді.

11 - оқушы: Ұстазға қарап шәкірт өседі. Шәкіртсіз ғалым – тұл.

12 - оқушы: Атпаз көрген ат таныр. Ұстаз көрген хат таныр.

13 - оқушы: Ұстаз талантты болса, Шәкірт талапты болады.

14 - оқушы: Ұстаз - ұрпақ мақтанышы. Ұстаз болу жүректің асылдығы.

15 - оқушы: Ұстаз шәкіртіне білім жолын үйретеді. Білімді жан тас камалды күйретеді.

16 - оқушы: Жарасады сыпайылық балаға. Ұстазыңа одырайып қарама.

 

Ән: Мұғалім – ол біздің.

Енді оқушылар жұмбақ шешейік.

 

  1. Білім дәнін тереді.

Балаға тілім береді. ( ұстаз )

 

  1. Білімнің жолбасшысы.

Шәкірттің қолбасшысы. (Ұстаз)

 

  1. Оқу – білім бағдары.

Заманның бағбаны. (ұстаз)

 

Олай болса жекелеген ұстаздарға арнау айтылады.

 

  1. Келешекті кезінде

Кесіп айтар өзіңе

Өнеге көп өзінде

Өсиет мол сөзінде

Көп шәкірттің досындай

Нұрсәуле апай осындай.

 

  1. Ақыл кеңес көп қой онда ұққанға

Ардың туын асқақ ұстап шықты алға

Ана тілін ардақтауды үйреткен

Мың рахмет Сағыныш апайға.

 

  1. Білім өнер бәріне бар талабы.

Әрқашанда ашық – жарқын қабағы.

Қапия апайдың жаутаңдаған жанары

Мәңгі есімізде қалады.

 

  1. Көңілің болсын ақ қардай.

Жарқырап көзді тартқандай

Ел – жұртың сізді ардақтап

Жүре беріңіз Нұрсұлу апай.

 

  1. Сүйікті біздің Клара апайымыз

Ақжарқын сіздің мінезіңіз Күлімдеген көздеріңіз

Нұрланады жүзіңіз.

 

  1. Білім берген, дәріс берген,

Жас ұрпаққа талмастан

Әрбір жастың Гүлсім апай

Көңіл сырын дәл басқан.

 

  1. Күнім деген күлімдеген

Қамқор болған ұстазым

Жаны жайсаң жайдары жан,

Ұғындырған сөз сазын

Ұмытпаймыз, ардақтаймыз,

Гүлзия апай сізді біз.

 

  1. Біздер әлі өтелмеген парызбыз.

Сары далада сайрап жатқан сан ізбіз

Аттары да аталмаған ұстаздар

Алдарыңда мәңгілікке қарызбыз.

 

Ән: Сәлем саған мектебім.

Мұғалім: Келешекке алтын бақ.

Қосар таудай үлесін.

Жасай берсін жарқырап

Ұстаз атты ұлы есім - дей отырып оқушылардың сіздерге арнаған сұрақтары бар екен, оған көңіл бөлейік.

 

  1. Сіздерді шын жүрегімізбен құттықтай отырып, бізді қызықтыратын мына сұрақтарға жауап алсақ па деп едік.

Нұрсәуле апайға: Мектептегі бар баланың мінезі, қылығы ерекше қасиеті сізді ренжітеді, қуантады, шаттандырады. Сіз үйде демалғанда шәкірттеріңіз қай қырынан көз алдыңызға елестейді. Ренжіткен сәті ме, қуантқан кезі ме?

 

Қапия апайға: Сіздің көп жылдық қызметіңізде қызықты оқиғасымен есіңізде сақталып қалған шәкірттеріңіз бар ма? Болса сол туралы әңгімелеп берсеңіз.

Сағыныш апайға: Сізде кішкене шәкірт болып мектеп табалдырығынан аттадыңыз. Шәкірттік шақтың қызықты кезінен әңгімелеп берсеңіз.

Сіздерге көп рахмет айта отырып мына әнді арнаймыз.

 

Ән: Жарқын жүзді ұстазым.

17 - оқушы: Мен алғаш мектеп есігін ашқанымда.

Күнім болып көріндің аспанымда.

Білім болып егілдің жас жаныма

Гүлің болып төгілдім асқарыңа

Біз дегенде ұмытып бас қамын да

Қас қағымға қасыңнан тастадың ба...

18 - оқушы: Ертіп кеттің елемей қиындықты.

Асқарына ғылымның бастадың да,

Қолым жетіп шын бақыт ұшпағына.

Аялы алақаныңнан ұшқанымда

Кім боп қайда жүрсем де қасымдасың.

Адал еңбек алғысым ұстазыма.

19 - оқушы: Сіздерге мықты денсаулық пен баянды бақыт, еңбектеріңе шығармашылық табыс тілейміз. Әрдайым ел игілігі үшін еңбек етіп, егемен еліміздің ертеңі болатын өрелі өрендерді өсіріп, тәрбиелеп, ұяларыңыздан ұшыра беріңіздер.

 

Мұғалім: Дария судың ағыны.

Құрметтеген шәкіртті,

Сыйымызға риза болыңыздар

Мұғалімдер қауымы.

 

Осымен «Адал енбек, алғысым ұстазыма» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Тәрбие сағаты: Жаныңда жүр, жақсы адам

$
0
0

ШҚО Семей қаласы Мұқыр ауылы

«Түрксіб жалпы орта білім беретін мектебі»КММ

бастауыш сынып мұғалімдері

Н.Ы.Касымова, Б.Қ. Қайырханова

«Жаныңда жүр, жақсы адам»

тәрбие сағаты

Мақсаты: 1.рахмет пен алғыс туралы түсінік беру; 2.үлкен – кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту;3.әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу;
Көрнекіліктер: слайд, жүрекшелер
1 жүргізуші: Жақсы сөз айту, жақсылық жасау – әрбір адамның міндеті. Әрине, жылдың әр күні сыпайы болуға тырысуымыз керек. Алайда, көп жағдайда алғыс айтуды ұмытып, немесе оған ерекше көңіл бөлмейміз.

2 жүргізуші: Алғыс сөздерінде бір сиқырлық бар - олар арқылы біздер бір-бірімізге ризашылығымызды көрсетеміз, көңілімізді білдіреміз, жақсы эмоциялар сыйлаймыз. 1жүргізуші: Ғалымдардың айтуы бойынша, рахмет сөзін айту - адамдар арасында жақсы қатынас орнатады. алғыс сөздері - адамды тыныштандыру, жүрегін жылытудың бірден-бір амалы. Бастысы, алғысыңыз жүректен шығуы шарт.

2 жүргізуші:  Бүгін қандай күн?   

Иә, көктемнің алғашқы күні. Ендеше көктемге алғыс айтуымен  бүгінгі күнді бастайық

            Ән  « Көкорай көктем.»
1жүргізуші: Көктеммен қатар қандай мереке келе жатыр?

Ендеше,Әлпештеген, аялаған ақ сүт берген , апатайым.Бізге өмір сыйлағаныңыз үшін, бізді шексіз сүйіспеншілікке баулығаныңыз үшін!» деп ән жолдаймыз. «Анашым»

«Ақ дидарлы, анашым!» Ержанұлы Нұрбол.
2 жүргізуші:  Ал сендер тағы кімге, не үшін рахмет айтар едіңдер?
(Оқушылар тағы кімнің рахметке лайықты екені туралы пікір алмасып талдау жасау) 
1 жүргізуші: Әрине, әрбір адам баласы Алланың жаратқаны үшін ішкі жан-дүниесі мен сүйіспеншілігін, ризашылығын айтып жүреді. Адамның парызы жан-жағына жақсылық сыйлау. Ал бүгінгі тақырып – алғыс айта білу.

2 жүргізуші:  Мектепте оқып, білім алып жатқанымыз үшін алғыс айтуымыз керек.
- Бізге әріптерді үйреткен әліппеге алғысымызды айтуымыз керек. Ән «Ұстазым менің»
1 жүргізуші: Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын есте сақтаңдар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңдер және Табиғат – Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.

2 жүргізуші:  Келесі алғысымызды табиғатымызға сыйлайық    Ән «Көбелек»

1 жүргізуші: Алғыс айтар аппағым деп, Еркелетер томпағым деп менің әжем осындай
Немерелеріңізге сөз берейік. Слайд.

Апалары сөйлейді:

-Немелеріңізді қаншалықты еркелетесіз?                  

-Бала ыстық па немере ыстық па?

- Немерелеріңіз қандай көмек жасайды сіздерге?     

  -Немерелеріңз тілалғыш па?

-Неше айтқанда өтінінішіңізді орындайды?           

  -Бос уақытыңызды немерелеріңізбен өткізесіз бе?                             

 -Қалай?                   

  «Менің әжем» ән.

2 жүргізуші:  Балалар, жылы сөз, қайрымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңдар, «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңде сақтаңдар.

Қорытынды  Алғыс ағашы. Оқушылар және қонақтар алғыс сөздерін жүрекшелерге жазып алғыс ағашының бұтақтарына иледі.

Аяқтаймыз бимен «Гүлдер вальсі»

ТОЛЫҚ ЖҮКТЕУ

Внимание! У Вас нет прав для просмотра скрытого текста.

Мен өз елімнің патриотымын!

$
0
0

Сынып: 6 "Ә"

Тәрбие сағатының тақырыбы: Мен өз елімнің патриотымын!

Мақсаты: Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу. Оқушылардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту. Оқушылардың патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: патриоттық сезімді оятатын әр түрлі суреттер, мемлекет рәміздерін көрсету.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.

Мұғалім сөзі:

         Құрметті оқушылар сіздерді бүгінгі 1 қыркүйек білім күнімен және 30 тамыз Конституция күнімен құттықтаймын. Биылғы 2016 жыл біз үшін ерекше жыл. Себебі Отанымыз Қазақстанның тәуелсіздігіне 16 желтоқсанда 25 жыл.      

         Еліміздің Тәуелсіздік күні мерекесі халқымыздың сан ғасырлар бойғы азаттық жолындағы күресінің, сол жолдағы көрген азаптары мен қиындықтарының жадымызда жаңғырып, 25 жылда жеткен жетістеріміздің айшықты көрінетін мейрамы.

         Бүгінгі сабағымыз Отанымыздың тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналмақ.

 

Негізгі бөлім.

"Мен өз елімнің патриотымын!" тақырыбында пікір алмасу.

         Патриот – Отанын, халқын, жері мен суын шынайы сүйетін, халық мүддесі үшін бар күш-жігерін, қабілетін аямайтын адам. Олар - өз Отанының жалынды патриоты, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығының озаттары. Өз Отанын, халқын шексіз сүюшілік – барша күш-жігерін Отан мүддесіне арнаған адамға т Б.Момышұлы: «Патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік.Жеке адамның аман-саулығы, қоғамдық, мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын,  өзіңнің  мемлекетке тәуелді екеніңді сезіну.қысқасын айтқанда патриотизм дегеніміз мемлекет деген ұғымды оны жеке адамның барлық жағынан өткені мен бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасын біріктіреді, - деп терең, жан-жақты анықтама берген.ән терең сезім.

Сұрақ-жауап әдісі: Патриот деген кім, патриоттық сезімді қалай түсінесің?

         Осы ХХІ ғасырда ерлік жасауға бола ма, оны қалай түсінесің?

         Қазіргі таңда жастардың бойында патриоттық сезімін оятатын әндер бар деп ойлайсыңдар ма?Бар болса қандай әндер?  

         Біз патриот деген кім, патриоттық сезім туралы ойларымызды айттық. Ал енді, «Мен өз елімнің патриотымын» дегенді қалай түсінеміз?"Әр адамның бойында қандай қасиеттер болуы қажет?

 

Рефлекция. "Жетістік ағашына" жапырақтарды  ілу, жапырақтардың ішіне бүгінгі сабақтан не түсінгендерін жазу.

 

Қорытынды.

Әрбір адам бала жасынан “Қазақстан – менің Отаным, ол мен үшін жауапты болғаны сияқты, мен де ол үшін жауаптымын ” деген қарапайым ойды меңгеруі керек.

Қорыта келгенде “ Өз Отанының патриоты болу – Қазақстанды өз жүрегінде ұялату ” деген сөз. Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев: Өткеніңді еске алсаң, Өскеніңнің белгісі. Өткеніңді ұмытсаң, Өшкеніңнің белгісі, - деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары!

 

 

Viewing all 337 articles
Browse latest View live


<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>